Алтын тамыр немесе Қызғылт семізот (лат. Rhodiola rosea) — ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл - тек алтын тамырға ғана тән қасиет.
Қызғылт семізот немесе Алтын тамыр | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Берлин Ботаникалық бағындағы гүлдеп тұрған Қызғылт семізот | ||||||||
|
Таралуы
Алтайдан басқа Тарбағатай тауында және Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде кездеседі. Ылғалды, ірі қиыршық тасты беткейлерде , өзен аңғарлары мен жағалауларында, шалғындықтарда және бұта шіліктерінде орманның жоғарғы бөлімінен дейінгі аралықта өседі. Кейде үлкен, көңіл аударлық шіліктер құрайды.
Сипаты
- Тамырдан биіктігі 50 см-ге дейін жететін бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады, бірақ бұтақтары болмайды.
- Өте тығыз әрі кезектесіп қалың орналасқан етті, сопақша жапырақтары бар. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда әрі сирек тістері болады.
- Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып тұрады.
- Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Шілдеде тұқым бере бастайды.
- Тұқымынан және өсімді (вегатативті) жолмен көбейеді.
- Қазақстанда Жетісу Алатауының, Алтай тауының биік белдеулерінде, тасты беткейлерде, су жағасындағы шабындықтарда өседі.)
Химиялық құрамы
Тамырының құрамында көмірсулар , , иілік заттар, хош иіс беретін және де басқа да белсенді әсер ететін заттар бар.
Емдік қасиеті
- Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол әсіресе қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған.
- Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде 1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.
- Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды.
- Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, , қышқылдар, эфир майы бар.
Қолданылуы
- Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабылетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде пайдаланады.
- Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады.
- Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді.
- Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.
Жүргізілген зерттеу жұмыстары алтын тамырдың дәрілік қасиеттері маралшөп тамырының дәрілік қасиетінен анағұрлым күштірек екенін көрсетті. Алтын тамырдың табиғи ареалы жылдан-жылға азайып барады. Қазіргі кезде Алматы, Алтай ботаникалық бақтарында қолдан жерсіндірілуде. Алтын тамыр өте сирек кездесетін түр болғаңдықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Altyn tamyr nemese Қyzgylt semizot lat Rhodiola rosea iri әri zhuan tamyry bar zhasanshop tukymdasynyn semizot tuysyna zhatatyn kop zhyldyk shop tektes ote bagaly dәrilik osimdik Kejbir tamyrynyn salmagy 900 gramga dejin zhetedi Tamyrynyn syrt zhagy altyn tүstes sary da ishki zhagy ak tүsti kepken kezde tamyrynyn syngan zheri ashyk kyzyl tүsti bolady Tamyrynyn syrtky kabygyn pyshakpen eptep arshysa murynga ankygan hosh iis keledi al syrtky kabyktan kejingi kabyk limon siyakty sary tүsti bolady Bul tek altyn tamyrga gana tәn kasiet Қyzgylt semizot nemese Altyn tamyrBerlin Botanikalyk bagyndagy gүldep turgan Қyzgylt semizotDүniesi Өsimdikter unranked Қos zharnaktylarTukymdasy zhasanshop tukymdasyTegi Rhodiola roseaAltyn tamyrTaraluyAltajdan baska Tarbagataj tauynda zhәne Zhongar Alatauynyn soltүstik betkejinde kezdesedi Ylgaldy iri kiyrshyk tasty betkejlerde ozen angarlary men zhagalaularynda shalgyndyktarda zhәne buta shilikterinde ormannyn zhogargy boliminen dejingi aralykta osedi Kejde үlken konil audarlyk shilikter kurajdy SipatyTamyrdan biiktigi 50 sm ge dejin zhetetin birneshe tүzu sabaktar osip shygady birak butaktary bolmajdy Өte tygyz әri kezektesip kalyn ornalaskan etti sopaksha zhapyraktary bar Kejde zhapyraktarynyn shetterinde majda әri sirek tisteri bolady Sary tүsti gүlderi osimdiktin zhogargy zhagynda shogyrlanyp turady Mamyr mausym ajlarynda gүldejdi Shildede tukym bere bastajdy Tukymynan zhәne osimdi vegatativti zholmen kobejedi Қazakstanda Zhetisu Alatauynyn Altaj tauynyn biik beldeulerinde tasty betkejlerde su zhagasyndagy shabyndyktarda osedi Himiyalyk kuramyTamyrynyn kuramynda komirsular iilik zattar hosh iis beretin zhәne de baska da belsendi әser etetin zattar bar Emdik kasietiAltyn tamyr 400 zhyldan astam uakyttan beri halyk medicinasynda koldanylyp keledi Ol әsirese kytaj medicinasynda erteden belgili bolgan Onda bul osimdiktin tamyryn tauyp kelu үshin arnauly ekspediciyalar ujymdastyryp otyrgan Bizdin elimizdin galymdary 1930 zhyldan Altaj manyn mekendegen halyktarga belgili osy dәrilik osimdikti izdep tabu isimen shugyldana bastady Sonyn nәtizhesinde 1931 zhyly sovet galymy G V Krylov baskargan ekspediciya altyn tamyrdy Altaj taularynan tapty Altyn tamyr 1961 zhyldan beri gylymi medicinada koldanylyp az uakyttyn ishinde gana halyk arasyna keninen belgili boldy Қuramynda glyukozid ilik zattar flavonoidter krahmal kyshkyldar efir majy bar Қoldanyluy Halyk medicinasynda bul osimdiktin tamyrynan zhasalgan dәrilerdi adamnyn enbek etu kabyletin kүshejtetin sharshagandykty basatyn dәri retinde pajdalanady Askazan men zhүjke aurularyn emdeuge de zhatyrdan ketken kandy toktatu үshin de keninen koldanady Өsimdikti kajnatyp trahomany da emdejdi Farmakologiyalyk zertteuler bul osimdik tamyrynyn denege kuat beretin kasietin tolyk anyktady Әsirese oj enbegimen ajnalysyp sharshagan adamdardyn enbek etu kabiletin edәuir arttyratyny belgili boldy Zhүrgizilgen zertteu zhumystary altyn tamyrdyn dәrilik kasietteri maralshop tamyrynyn dәrilik kasietinen anagurlym kүshtirek ekenin korsetti Altyn tamyrdyn tabigi arealy zhyldan zhylga azajyp barady Қazirgi kezde Almaty Altaj botanikalyk baktarynda koldan zhersindirilude Altyn tamyr ote sirek kezdesetin tүr bolgandyktan Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen Tagy karanyzDәrilik osimdikter Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen osimdikterDerekkozderҚazakstannyn dәrilik osimdikteri Iskendirov Әbish Almaty Қazakstan 1982 188 bet Zhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3