Дала өркениеті - түркі тектес халықгардың, соның ішінде қазақтардың материалдык жəне рухани құндылықтарының даму сатысы; этномəдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпат. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне əр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка тарихшысы Л.Морган (1818-1881) мен Ф.Энгельс оны адамзат дамуындағы жоғары, жазусызуды енгізу кезеңі ("тағылық — жабайылық — "өркениеттілік" ұштағаны арқылы) ретінде сипаттады. Кейінгі кездері бұл термин адамзат дамуының аймақтық, салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз жетілген пішімдерін бейнелеу үшін қолданылып жүр. Еуропаға əсіре табынушы кейбір ойшылдар өздігінше жетілген мәдени-тарихи аймақтардың санын түгендеп, кейде — 8 (О.Шпенглер), кейде 36 өркениет ошағына (А.Тойнби) жеткізіп қойды. Әйтсе де, осы тұжырымдаманы жақтаушылар Алтайдан Карпат тауларына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікте көшпелі-отырықшы тұрмыс кешкен түркі тектес халықтардың өткеніне астамшылдықпен қарап, "тарихи дамудан тысқары қалған қауым" ретінде көрсетуге тырысты. Соған қарамастан, өркендеп-өрбу негізі, географиялық- табиғи аясы әлі далалық тұрпат саналатын көшпелі шығыс жұртының өзіндік өркениеті хақында дəйекті пікір түйген ғалымдар аз емес. Белгілі орыс археологы, акад. А.П.Окладников (1908—1981) зерттеу еңбектерінде далалықтардың этномәдени жүйесін "Батыс Сібір өркениеті" деп атап, "ежелгі түркі Сібірі шығысқа Караганда батыспен тығыз байланыста болған сияқты. Оның мәдениеті бүрын болжағанымыздан әлдеқайда бай" екендігін жазды. Ә.Марғұлан, К.Ақышев, К.Байпақов, т.б. ғалымдар "көшпелілер өркениеті" атауын жиі колданса, Л.Н.Гумилев, О.Сүлейменов оның өрлеу дәуірінде, б.з.б. 9 ғ-дан б.з. 11 ғ-ы аралығында, Жерорта теңізі жағалауы және Қиыр Шығыс елдерімен салыстырғанда жасампаздық эволюцияны бастан өткергенін дәлелдеді. Соның нәтижесінде еур. астамшылық пен таптык Дала уағыздамаға негізделген кеңестік тарихнама мансұқ еткен Еуразия кеңістігіндегі тарихи-мәдени ерекше құбылыс ғылымға " Дала өркениеті " деген атпен ене бастады. Оның əлемдік өркениетке қосқан үлесіне үндінің саяси қайраткері Д.Неру "Әлемдік тарихқа көзқарас" атты еңбегінде əділ баға беріп, "Атлас картаны ашсаң, алып Азия құрлығының койнына кіріп жатқан кішкентай Еуропаны көресің. Ол өз алдына дербес құрлық емес, Азияның жалғасы сиякты. Ал тарихты окитын болсаң — ұзақ уақыт бойы, белгілі бір кезенде Азияның үстемдік құрғанына көзің жетеді...
Еуропаны жермен-жексен еткен де, өркениетке жеткізген де солар. Азияның әлде-бір өңірінен шыққан арийлер, сақтар, ғұндар, моңғолдар, түркілер Азия мен Еуропаға қанат жайып, жаппай қоныстанды. Еуропа ұзак уақыт Азияның отары сияқты болды...
Еуропаның ұлылығын мойындамау əбестік болар еді. Сол сияқты Азияның ұлылығын ұмыту да — қателік. Азия адамзаттың ұлы рухани көсемдерін бергенін ешқашан естен шығармау керек. Оның ұлы ойшылдарын айтпағанның өзінде, əлемдегі ең басты екі діннің негізін қалаушылар — Ғайса мен Мухаммед пайғамбарларды берген Азия ғой" дейді. Шын мəнінде, көшпелілер қоғамын тұрпайы деңгейі, тарихи дамудан сырт айналған орта санаған Тойнбидің өзі өркениет үрдісін табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, өркениетін құрлықтық-қоғамдық тұтасстық ретінде қарастырған. Ендеше, Азия мен Еуропа арасындағы алып кеңістік — ежелгі Дешті Қыпшақ төсінде эволюция жолмен калыптасқан мәдени-экономикалық, рухани тұтастықты, жартылай көшпелі, жартылай отырықшы тұрмыс кешкен дала тұрғындарының Дала өркениеті деп атауға толық негіз бар. Климат құбылмалылығына жаппай әрі тікелей тәуелді күйдегі көшпелі мал шаруашылығы далалықтардың геоэкономикалық, геосаяси, геомәдени икемділігін белгілі бір дәрежеде шектегенімен, тұйыққа қамай алмады; керісінше, бұл солтүстік- еуразиялық кеңістік тұрғындарының өзіндік ерекшелікке толы əлеуметтану процесі мен нәсілдік-генетик. бірігуіне жол ашты. Жабайы жылқылар мен түйелерді қолға үйретіп, осыған орай арба мен әбзел ойлап табуы көшпелілерді өркениет даңқына жетелеген алғашқы, тың қадам болды. Металл өндеу, қыш ыдыс жасау, мата тоқу, зергерлік кәсіп қарқынды дамып, "жұлдыз барлап, жол табу" арқылы алғашқы астрономия, ғарыштық түсініктері орныға бастады. Қандық-туыстық байланыстар мен әлеуметтік ұжымдасудың жан-жақты, қатаң түрде сатыланған жүйесі қалыптасты.
Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шы- ғыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі процесстерін өткерді. Әсіресе, мындаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық комбинаңиялардың, геосаяси жəне әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтасстырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені көне қытай жазбаларында мазмұндалған. Тоталитарлық режим тұсында тарихшылар түркі жұртының даңқсы да өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап,Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезендерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық ұшырасқан емес. Көне түркілер дəуірлеген кезеңде көшпелі түрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды. Ғасырлар ағымында бірінің орнын бірі басып, үздіксіз алмасып отырған көшпелі империялар шектес елдер мен шендес құрлық халықтарының этникалық шығу тегіне, күрделі Далада алуан текті мәдени кешен- деріне орасан ықпалын тигізді. Тұракты дипломат, және сауда-саттық карым-қатынастарының желісі ретінде Ұлы жібек жолы әр текті, алуан бітімді мәдениеттер мен халықтардың арасын тұтасстырып, тек материалдык айырбастың ғана емес, сондай-ақ, ілкі санадағы ізгілікті идеялардың, ілім-білімнің, ғылыми танымның, яғни мəдени құндылыктардың бастапқы негіздері алмасуының тиімді факторына айналды. Осындай ауқымды да тығыз байланыстар нәти-жесінде Көк түркілердің өзіндік ерекшелігі бар "өркениеттік деңгейдің басты шарты" — төл сына жазуы калыптасты. Алтай өңірінен, Шығыс Түркістан мен Жетісу жерінен, Хакасия жəне Тува өңірлерінен табылған 200- ден аса ежелгі түркі жазуының ескерткіштері б.з. 1-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдыктың бас кезіндегі (5-6 ғ-лардағы) түркі тектестердің аса куатты мәдени-тарихи даму үрдісіне дөлел боларлықтай. 20 ғ-дың басына шейін өзіндік өрнегі мен этник. бітімін жоғалтпаған осынау ерекше мәдени-тарихи тип — Дала өркениеті екендігі белгілі қазақ зерттеуші-ғалымдары м.Қозыбаевтың, Ә.Кекілбаевтың, Т.Ғабитовтың, А.Сейдімбековтің, М.Барманқұловтың, т.б. еңбектерінде негізделген. Дала өркениеті шын мəнінде, уақыт пен кеңістік өрісінде географиялық-ландшафттық бөгесіндерге (өткелсіз су айдындарына, ну жынысты ормандарға, асусыз тау сілемдеріне) қамалып, томаға-тұйық күй кешкен реликтілік күбылыс емес, динамикалық, футуристік мұн-мазмұны қанық жүйе ретінде ерекшеленді.
Ұлы Дала төсі айрықша жауынгерлік рух пен ізгілікті дүниетанымды калыптастырып, ұрпақтардың тарихи жадындай эпостык шығармалар аркылы кеңістік пен уақыт өрісіндегі кат-қабат окиғалар тізбегін жоғалтпай, жіпке тізіп отырды. Кез келген көшпелі, қарапайым дала тұрғыны өз халкының бүкіл тарихи-мәдени, адамгершілік тəжірибесі жинакталған ауыз өдебиеті нұсқаларын — жыр-толғауларды, аңыз əпсаналарды, т.б. жатқа білді. Сол арқылы Әлемдік өркениеттің тарихи ауқымымен біте қайнасып, өзіндік бітім-тұрпатқа ие деңгейде өмір сүріп жатты. Трансқұрлыктық байланыстар желісі, сондай-ақ әрісі Африка, берісі Еуропа құрлықтарының саяси-этникалық картасына дүркін- дүркін өзгерістер енгізген жеңімпаз жорықтары арқылы көшпелілер өзара өрекеттескен өзге халықтарды рухани байытып, жалпақ әлем, жарык дүниенің кендігі мен сан алуандылығын көрсетті; экономикалық дамудың, әлеуметтік, ұйымдасудың әр қилы сатысында тұрған, рухани, ділдік, нәсілдік, этномәдени, т.б. сипаттары сөйкес келе бермейтін, бір-бірінен оқшау орналасқан аймақтардағы адамзат қоғамдастығының арасына донекер болды.Ислам ренессансын бастан өткеріп, олемдік ғылымдар мен ғылыми-танымдык ізденістердің бастауына (әл-Хорезмидің "әл-Жебрасы", Ұлыкбектің астрономия зерттеулері, Омар Хайямның аспан денелерінің картасы, Әбу Әли Ибн Синаның дәрігерлік канондары, т.б.) айналған түркі өлемінің ішкі тұтасуының саяси-экономикалық, мəдени жене этногенетикикалық үрдістері Шыңғысхан империясының шапкыншылығы кезінде күрт тоқырауға үшырады. Түркілердің бірсыпыра бөлігі байырғы территория шегінен тысқары кетуге мәжбүр болды. Сөйте тұра, олардың бір бөлігі Шыңғысхан империясының саяси құрылымын, әлеуметтік- құкықтық негіздерін жетілдіруге атсалысып, ұлан-ғайыр кеңістікке канат жаюына тікелей жәрдемдесті. Шыңғысхан Түркі қағанаты кезінде қалыптасқан әскери-әкімшілік жүйені бұлжытпай басшылықка алды. 15 ғ-дың 60-жылдары құрылған Қазақ хандығының тағдыры ұлы Түркі қағанаты жөне Шыңғысхан империяларының тарихымен тамырласып, шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен Түркістан территориясындағы сан ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, этносаяси үрдістердің занды жалғасы ретінде өрбіді. Аралас, яки көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы егін шаруашылығы катар дамыған, дөстүрлі кала мәдениеті бар өлкенің табиғи топтасуы негізінде 14—15 ғ-лардг. біртұтасс экономикалық аймақ құру үрдісі бүкіл казак жерін бірегей саяси кұрылымға біріктіруге жағдай жасады. Үш жарым ғасырдай Орталық Азияда елеулі рөл атқарған Қазақ хандығы мемлекетттік нышандарын жетілдіріп қана қойған жоқ, қазақ ұлтын тұтастырып, оның этникалық жер аумағын нығайтып, рухани жөне материалдық мәдениетін дамытты. Әлемдік шаруашылық жүргізу тенденцияларының өзгеруі Еуразия ендігіндегі геосаяси ахуалға қаяу түсірді. Елдің солтүстігінде өз тауарларын өткізу рыногын əрі арзан шикізат көзін иемдену, әділетсіз экономикалық айырбаска жол ашу мүддесі көкейін тескен Ресей империясы ентелеп түрды.
Адамзат дамуындағы ерекше тарихи-мәдени бітім — Дала өркениетінің бесігі болған Орталық Азия елдері сияқты Қазақстан да осы кезеңнен бастап сол империяның ғеосаяси мүдделерінің орбитасына айналды. Әскери-əкімш. шаралардың ғана емес, сондай-ақ адуынды идеология аппараттың көмегімен отаршылдар этномәдени тұтасстыкты бүзып, үлттық нигилизмге, тарихи жадсыздыққа дем берді. Көшпелілер коғамын "басқаруға келмейтін, жабайы, қиратушылық қарымнан аспайтын, прогрессивті дамудың алғышарттарына қарсы жөңкілетін күш" ретінде сипаттайтын пікір орнықты. Патша генералдары мен жазалаушы отряд басшыларының өзі қазақ даласындағы озбырлық өрекетгерін, отарлау саясатын "өркениетті әлемді тағыльқтан құтқару" деп түсінген. Тіпті, Батыс Еуропа ғалымдарының өзі (Тойнби, Р.Киплинг, М.Вебер, Э.Трельч, т.б.) еуропа өркениет қана бар, ал өзге кеңістік "тағыларды мәдениетгі адамға айналдырудың алаңы" деп есептеді. мұның астарыңда жымысқы империялық саясатпен астасқан нәсілдік астамшылык жатканы белгілі; əлемге ықпал ету аяларын бөліске салып, алуан кұрлық игіліктерін иемдену барысында еуропалыктарды өзгелерге өркениет ұрығын себуші, мәдени ұлағат миссиясын атқарушы етіп көрсететін түжырымдамаларда ғылыми шындықтан гөрі отаршылдық-идеология мүдденің басымдығы ашық айтыла бастады. Кез келген ұлттың өркениеттілігі, мәдени бітімі сол елдің тәуелсіздігі аясында өрбиді. Егемен ел — тәуелсіз Қазақстан жағдайында жалпы адамзаттық құндьшықтарға қол жеткізіп, біртұтасс мәдени жүйе қалыптастыру үшін өткен жолды, шыққан биікті бағалай білу шарт. Өткенін бағалай білмеген келешегін де қадірлей алмайды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Дереккөздер
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dala orkenieti tүrki tektes halykgardyn sonyn ishinde kazaktardyn materialdyk zhene ruhani kundylyktarynyn damu satysy etnomedeni zhүjenin kalyptasuyndagy tabigi tarihi turpat Adamzat tarihyn zertteu barysynda orkeniet atauynyn ozine er tүrli kejde bir birine karama kajshy anyktamalar kalyptasty Amerika tarihshysy L Morgan 1818 1881 men F Engels ony adamzat damuyndagy zhogary zhazusyzudy engizu kezeni tagylyk zhabajylyk orkeniettilik ushtagany arkyly retinde sipattady Kejingi kezderi bul termin adamzat damuynyn ajmaktyk salystyrmaly tүrde bir birine tәuelsiz zhetilgen pishimderin bejneleu үshin koldanylyp zhүr Europaga esire tabynushy kejbir ojshyldar ozdiginshe zhetilgen mәdeni tarihi ajmaktardyn sanyn tүgendep kejde 8 O Shpengler kejde 36 orkeniet oshagyna A Tojnbi zhetkizip kojdy Әjtse de osy tuzhyrymdamany zhaktaushylar Altajdan Karpat taularyna dejingi ulan bajtak kenistikte koshpeli otyrykshy turmys keshken tүrki tektes halyktardyn otkenine astamshyldykpen karap tarihi damudan tyskary kalgan kauym retinde korsetuge tyrysty Sogan karamastan orkendep orbu negizi geografiyalyk tabigi ayasy әli dalalyk turpat sanalatyn koshpeli shygys zhurtynyn ozindik orkenieti hakynda dejekti pikir tүjgen galymdar az emes Belgili orys arheology akad A P Okladnikov 1908 1981 zertteu enbekterinde dalalyktardyn etnomәdeni zhүjesin Batys Sibir orkenieti dep atap ezhelgi tүrki Sibiri shygyska Karaganda batyspen tygyz bajlanysta bolgan siyakty Onyn mәdenieti bүryn bolzhaganymyzdan әldekajda baj ekendigin zhazdy Ә Margulan K Akyshev K Bajpakov t b galymdar koshpeliler orkenieti atauyn zhii koldansa L N Gumilev O Sүlejmenov onyn orleu dәuirinde b z b 9 g dan b z 11 g y aralygynda Zherorta tenizi zhagalauy zhәne Қiyr Shygys elderimen salystyrganda zhasampazdyk evolyuciyany bastan otkergenin dәleldedi Sonyn nәtizhesinde eur astamshylyk pen taptyk Dala uagyzdamaga negizdelgen kenestik tarihnama mansuk etken Euraziya kenistigindegi tarihi mәdeni erekshe kubylys gylymga Dala orkenieti degen atpen ene bastady Onyn elemdik orkenietke koskan үlesine үndinin sayasi kajratkeri D Neru Әlemdik tarihka kozkaras atty enbeginde edil baga berip Atlas kartany ashsan alyp Aziya kurlygynyn kojnyna kirip zhatkan kishkentaj Europany koresin Ol oz aldyna derbes kurlyk emes Aziyanyn zhalgasy siyakty Al tarihty okityn bolsan uzak uakyt bojy belgili bir kezende Aziyanyn үstemdik kurganyna kozin zhetedi Europany zhermen zheksen etken de orkenietke zhetkizgen de solar Aziyanyn әlde bir onirinen shykkan arijler saktar gundar mongoldar tүrkiler Aziya men Europaga kanat zhajyp zhappaj konystandy Europa uzak uakyt Aziyanyn otary siyakty boldy Europanyn ulylygyn mojyndamau ebestik bolar edi Sol siyakty Aziyanyn ulylygyn umytu da katelik Aziya adamzattyn uly ruhani kosemderin bergenin eshkashan esten shygarmau kerek Onyn uly ojshyldaryn ajtpagannyn ozinde elemdegi en basty eki dinnin negizin kalaushylar Ғajsa men Muhammed pajgambarlardy bergen Aziya goj dejdi Shyn meninde koshpeliler kogamyn turpajy dengeji tarihi damudan syrt ajnalgan orta sanagan Tojnbidin ozi orkeniet үrdisin tabigi ortamen bajlanystyryp Қytaj orkenietin kurlyktyk kogamdyk tutasstyk retinde karastyrgan Endeshe Aziya men Europa arasyndagy alyp kenistik ezhelgi Deshti Қypshak tosinde evolyuciya zholmen kalyptaskan mәdeni ekonomikalyk ruhani tutastykty zhartylaj koshpeli zhartylaj otyrykshy turmys keshken dala turgyndarynyn Dala orkenieti dep atauga tolyk negiz bar Klimat kubylmalylygyna zhappaj әri tikelej tәueldi kүjdegi koshpeli mal sharuashylygy dalalyktardyn geoekonomikalyk geosayasi geomәdeni ikemdiligin belgili bir dәrezhede shektegenimen tujykka kamaj almady kerisinshe bul soltүstik euraziyalyk kenistik turgyndarynyn ozindik erekshelikke toly eleumettanu procesi men nәsildik genetik biriguine zhol ashty Zhabajy zhylkylar men tүjelerdi kolga үjretip osygan oraj arba men әbzel ojlap tabuy koshpelilerdi orkeniet dankyna zhetelegen algashky tyn kadam boldy Metall ondeu kysh ydys zhasau mata toku zergerlik kәsip karkyndy damyp zhuldyz barlap zhol tabu arkyly algashky astronomiya garyshtyk tүsinikteri ornyga bastady Қandyk tuystyk bajlanystar men әleumettik uzhymdasudyn zhan zhakty katan tүrde satylangan zhүjesi kalyptasty Zhinaky turgyn үj kurylymy sogan sәjkesti үj mүlikteri men kiim keshek үlgileri tipti europalyktar turmysyna da dendep endi Euraziya zhazygynyn shy gystan batyska karaj kosilgen endiginde olar ru tajpalyk birlestikten bastap ozara konfederativti karym katynaska negizdelgen koshpeli imperiyalar kuruga dejingi sayasi integraciyanyn kүrdeli processterin otkerdi Әsirese myndagan zhyldarga sozylgan nәsildik genetikalyk kombinaniyalardyn geosayasi zhene әleumettik mәdeni bajlanystardyn mekeni bolgan apajtos kenistiktin batysy men shygysyn tutasstyrgan Turan zhazygynyn turgyndary protokazaktardyn ote erte kezenderden koshpelilikti otyrykshylyk turmyska mal bagudy eginshilikke үjlestire zhүrgizgeni kone kytaj zhazbalarynda mazmundalgan Totalitarlyk rezhim tusynda tarihshylar tүrki zhurtynyn danksy da oreli otkeni turaly derekterdi ajnalyp otuge tyrysty Erte gasyrlardagy zhetistikterin ajtpagannyn ozinde ajkyn derekti adamzat tarihynda eleuli rol atkaryp oz kezeninin batystyk shygystyk avtorlarynyn zhazbalaryna arkau bolgan Tүrki kaganatyn elemej keldi Al bul memlekettin oz kezinde Vizantiya Iran Қytaj siyakty eldermen sayasi zhәne ekonomikalyk karym katynas zhasap Manchzhuriyadan Kerchen tүbegine Enisejdin zhogargy sagasynan Әmudariya zhagalauyna dejingi kenistikte saltanat kurgany belgili Kone tarihta adamzat damuynyn bastapky kezenderinde osynsha aukymdy masshtabty iemdenip bilep tostegen birde bir otyrykshy halyk ushyraskan emes Kone tүrkiler deuirlegen kezende koshpeli tүrmys Ortalyk Aziyadan Vizantiya shekaralaryna zhol tartkan erekshe mәdeni әleumettik kopir boldy Ғasyrlar agymynda birinin ornyn biri basyp үzdiksiz almasyp otyrgan koshpeli imperiyalar shektes elder men shendes kurlyk halyktarynyn etnikalyk shygu tegine kүrdeli Dalada aluan tekti mәdeni keshen derine orasan ykpalyn tigizdi Turakty diplomat zhәne sauda sattyk karym katynastarynyn zhelisi retinde Ұly zhibek zholy әr tekti aluan bitimdi mәdenietter men halyktardyn arasyn tutasstyryp tek materialdyk ajyrbastyn gana emes sondaj ak ilki sanadagy izgilikti ideyalardyn ilim bilimnin gylymi tanymnyn yagni medeni kundylyktardyn bastapky negizderi almasuynyn tiimdi faktoryna ajnaldy Osyndaj aukymdy da tygyz bajlanystar nәti zhesinde Kok tүrkilerdin ozindik ereksheligi bar orkeniettik dengejdin basty sharty tol syna zhazuy kalyptasty Altaj onirinen Shygys Tүrkistan men Zhetisu zherinen Hakasiya zhene Tuva onirlerinen tabylgan 200 den asa ezhelgi tүrki zhazuynyn eskertkishteri b z 1 mynzhyldyktyn sony men 2 mynzhyldyktyn bas kezindegi 5 6 g lardagy tүrki tektesterdin asa kuatty mәdeni tarihi damu үrdisine dolel bolarlyktaj 20 g dyn basyna shejin ozindik ornegi men etnik bitimin zhogaltpagan osynau erekshe mәdeni tarihi tip Dala orkenieti ekendigi belgili kazak zertteushi galymdary m Қozybaevtyn Ә Kekilbaevtyn T Ғabitovtyn A Sejdimbekovtin M Barmankulovtyn t b enbekterinde negizdelgen Dala orkenieti shyn meninde uakyt pen kenistik orisinde geografiyalyk landshafttyk bogesinderge otkelsiz su ajdyndaryna nu zhynysty ormandarga asusyz tau silemderine kamalyp tomaga tujyk kүj keshken reliktilik kүbylys emes dinamikalyk futuristik mun mazmuny kanyk zhүje retinde erekshelendi Ұly Dala tosi ajryksha zhauyngerlik ruh pen izgilikti dүnietanymdy kalyptastyryp urpaktardyn tarihi zhadyndaj epostyk shygarmalar arkyly kenistik pen uakyt orisindegi kat kabat okigalar tizbegin zhogaltpaj zhipke tizip otyrdy Kez kelgen koshpeli karapajym dala turgyny oz halkynyn bүkil tarihi mәdeni adamgershilik tezhiribesi zhinaktalgan auyz odebieti nuskalaryn zhyr tolgaulardy anyz epsanalardy t b zhatka bildi Sol arkyly Әlemdik orkeniettin tarihi aukymymen bite kajnasyp ozindik bitim turpatka ie dengejde omir sүrip zhatty Transkurlyktyk bajlanystar zhelisi sondaj ak әrisi Afrika berisi Europa kurlyktarynyn sayasi etnikalyk kartasyna dүrkin dүrkin ozgerister engizgen zhenimpaz zhoryktary arkyly koshpeliler ozara orekettesken ozge halyktardy ruhani bajytyp zhalpak әlem zharyk dүnienin kendigi men san aluandylygyn korsetti ekonomikalyk damudyn әleumettik ujymdasudyn әr kily satysynda turgan ruhani dildik nәsildik etnomәdeni t b sipattary sojkes kele bermejtin bir birinen okshau ornalaskan ajmaktardagy adamzat kogamdastygynyn arasyna doneker boldy Islam renessansyn bastan otkerip olemdik gylymdar men gylymi tanymdyk izdenisterdin bastauyna әl Horezmidin әl Zhebrasy Ұlykbektin astronomiya zertteuleri Omar Hajyamnyn aspan denelerinin kartasy Әbu Әli Ibn Sinanyn dәrigerlik kanondary t b ajnalgan tүrki oleminin ishki tutasuynyn sayasi ekonomikalyk medeni zhene etnogenetikikalyk үrdisteri Shyngyshan imperiyasynyn shapkynshylygy kezinde kүrt tokyrauga үshyrady Tүrkilerdin birsypyra boligi bajyrgy territoriya sheginen tyskary ketuge mәzhbүr boldy Sojte tura olardyn bir boligi Shyngyshan imperiyasynyn sayasi kurylymyn әleumettik kukyktyk negizderin zhetildiruge atsalysyp ulan gajyr kenistikke kanat zhayuyna tikelej zhәrdemdesti Shyngyshan Tүrki kaganaty kezinde kalyptaskan әskeri әkimshilik zhүjeni bulzhytpaj basshylykka aldy 15 g dyn 60 zhyldary kurylgan Қazak handygynyn tagdyry uly Tүrki kaganaty zhone Shyngyshan imperiyalarynyn tarihymen tamyrlasyp shygys Deshti Қypshak Zhetisu men Tүrkistan territoriyasyndagy san gasyrlyk әleumettik ekonomikalyk etnosayasi үrdisterdin zandy zhalgasy retinde orbidi Aralas yaki koshpeli mal sharuashylygy men otyrykshy egin sharuashylygy katar damygan dostүrli kala mәdenieti bar olkenin tabigi toptasuy negizinde 14 15 g lardg birtutass ekonomikalyk ajmak kuru үrdisi bүkil kazak zherin biregej sayasi kurylymga biriktiruge zhagdaj zhasady Үsh zharym gasyrdaj Ortalyk Aziyada eleuli rol atkargan Қazak handygy memleketttik nyshandaryn zhetildirip kana kojgan zhok kazak ultyn tutastyryp onyn etnikalyk zher aumagyn nygajtyp ruhani zhone materialdyk mәdenietin damytty Әlemdik sharuashylyk zhүrgizu tendenciyalarynyn ozgerui Euraziya endigindegi geosayasi ahualga kayau tүsirdi Eldin soltүstiginde oz tauarlaryn otkizu rynogyn eri arzan shikizat kozin iemdenu әdiletsiz ekonomikalyk ajyrbaska zhol ashu mүddesi kokejin tesken Resej imperiyasy entelep tүrdy Adamzat damuyndagy erekshe tarihi mәdeni bitim Dala orkenietinin besigi bolgan Ortalyk Aziya elderi siyakty Қazakstan da osy kezennen bastap sol imperiyanyn geosayasi mүddelerinin orbitasyna ajnaldy Әskeri ekimsh sharalardyn gana emes sondaj ak aduyndy ideologiya apparattyn komegimen otarshyldar etnomәdeni tutasstykty bүzyp үlttyk nigilizmge tarihi zhadsyzdykka dem berdi Koshpeliler kogamyn baskaruga kelmejtin zhabajy kiratushylyk karymnan aspajtyn progressivti damudyn algysharttaryna karsy zhonkiletin kүsh retinde sipattajtyn pikir ornykty Patsha generaldary men zhazalaushy otryad basshylarynyn ozi kazak dalasyndagy ozbyrlyk oreketgerin otarlau sayasatyn orkenietti әlemdi tagylktan kutkaru dep tүsingen Tipti Batys Europa galymdarynyn ozi Tojnbi R Kipling M Veber E Trelch t b europa orkeniet kana bar al ozge kenistik tagylardy mәdenietgi adamga ajnaldyrudyn alany dep eseptedi munyn astarynda zhymysky imperiyalyk sayasatpen astaskan nәsildik astamshylyk zhatkany belgili elemge ykpal etu ayalaryn boliske salyp aluan kurlyk igilikterin iemdenu barysynda europalyktardy ozgelerge orkeniet urygyn sebushi mәdeni ulagat missiyasyn atkarushy etip korsetetin tүzhyrymdamalarda gylymi shyndyktan gori otarshyldyk ideologiya mүddenin basymdygy ashyk ajtyla bastady Kez kelgen ulttyn orkeniettiligi mәdeni bitimi sol eldin tәuelsizdigi ayasynda orbidi Egemen el tәuelsiz Қazakstan zhagdajynda zhalpy adamzattyk kundshyktarga kol zhetkizip birtutass mәdeni zhүje kalyptastyru үshin otken zholdy shykkan biikti bagalaj bilu shart Өtkenin bagalaj bilmegen keleshegin de kadirlej almajdy Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet DerekkozderOtyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8