Маңғыстау облысының мәдениет тарихы 1928 жылдан бастау алады.
Тарихы
Маңғыстау ауданы 1928 ж. ірге көтерген. Ауданның алғашқы орталығы Форт-Александровск, кейін Таушық а., ал 1965 ж. Шетпе кенті болды. Осы ауданнан 1973 ж. Бейнеу мен Қарақия аудандары, 1992 ж. Түпқараған ауданы бөлініп шықты. Бөлініп шыққан аудан, қалаларда клуб үйлері мен мәдениет үйлері құрылды.
2-дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңде Маңғыстау өлкесіндегі 32 ауылда жұмыс істеді.
Алғашқы кезде Маңғыстау ауданының мәдениет бөлімінде М.Ниязов, Т.Меңдібаев, С.Ыбраев, С.Алдабергенов, одан кейінгі кезеңде (1972 жылдан кейін) С.Еділханов, Ш.Ерғазиев, К.Үйсінбаев, А.Арашев, т.б. мәдениет саласына басшылық жасап, еңбек етті.
1946 жылдан қызыл мүйіс атауы клубқа өзгертіліп, содан бері мен клубтар тұрғын халыққа мәдени қызмет көрсете бастады.
1950 жылдан клуб жанынан ұлт-аспаптар оркестрі мен үйірмелер, ал 1954 жылдан бастап драма үйірмелері қолға алынды. Бұл салаларда С.Ордабаев, М.Жолдасбаев, Ө.Алшынбаев, О.Құлсариев, К.Махмұтов, Ғ.Әбілтаев, Қ.Әмірханов, Меңдібаев, т.б. өз үлестерін қосты.
1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне маңғыстаулық О.Құлсариев, Б.Рзаханов, А.Қомытов, т.б. ұлт-аспаптар оркестрі құрамында қатысқан.
1960 ж. Ақтау қаласындағы Абай демалыс кешенінде «Республика» атты әншілер ансамблі (алғашқы ұйымдастырушысы Л.Н. Санамян, кейін бұл ұжымға В.А. Миронов жетекшілік еткен) құрылды; 1974 ж. оған «халық хоры» атағы берілді.
1963 ж. Маңғыстау аудандық мәдениет үйінің драма үйірмесі М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы бойынша спектакль дайындап, 1965 ж. «халық театры» атағына ие болды. Маңғыстау аудандық мәдениет үйі жанындағы халық театрының алғашқы режиссер Қ.Сатқанов пен Әмірханов және Н.Мұхамеджанов болған.
Ақтау қаласында 1963 ж. «Достық» кинозалы пайдалануға берілсе, Форт-Шевченко қаласында қалалық мәдениет үйі, кейін Ақтау қаласында мәдениет сарайы ашылып, оған Абай есімі берілді. Құрық және Жетібай кенттерінде «Геолог» клубтары жұмыс істеді; Ескіөзенде клуб ашылып, 1965 ж. Жаңаөзен қаласында алғаш рет қалалық мәдениет үйі ірге көтерді. Жер-жерде көркемөнерпаздар үйірмелері өркен жайып, олар ұжымдық топтарға айналды. Уақыт өте келе ауданда «Жастар» вокалдық-аспаптар ансамблі құрылып, өзге жерлердегі мәдениет мекемелеріне көшбасшылық рөлін атқарды. Жер-жерде көркемөнерпаздар ұжымдары ұйымдастырылып, олар «халықтық» деген атақ алу үшін зор шабытпен жұмыс істеді. Қазіргі кезеңде облыс көлемінде 19 «халықтық» атағына ие болған өнерпаздар ұжымы бар. Кезінде олардың ішінен «Маңғыстау маржандары» (Қарақия ауданы), «Ақ желкен» (Түпқараған ауданы), «Кең жайлау» (Маңғыстау ауданы) мәдени-үгіт бригадалары, «Алтыбақан» ойын-сауық отауы (Бейнеу ауданы) алыс-жақын шет елдерде өнер көрсеткен; Жаңаөзеннен «Гүлдәурен», Абай кентінен «Альтаир», «Фламинго» би ансамбльдері, жеке әншілер халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Облыс мәдениетін көтеруде көптеген өнерпаздар (аға буын өкілдері: О.Құлсариев, С.Шакрат, Н.Құрықбаев, Қ.Тасболатов, Ә.Жұмағалиев, Н.Мұханов; одан кейінгі буын өкілдері: Р.Айдарбаева, Р.Батыршева, Б.Қондыбай, А.Сүндетов, Қ.Сақтаған, А.Көмеков, М.Аяпов, Ж.Кеңесов, С.Нұрғожаев, т.б.) көп еңбек еткен.
1975 ж. Маңғыстау облыстық филармониясы құрылды; ал 1980 жылдан облыстық қуыршақ театры жұмыс істеп, жас жеткіншектерге арнап әр алуан қойылымдарымен мәдени қызмет көрсетіп келеді. Бейнеу кентінде кітапханашы болып істеген С.Ырзаева жасаған киіз үй 1981 ж. Жапонияның Токио және қаласында өткен қолданбалы өнер көрмелерінде тігіліп, кезінде жоғары бағаға ие болған; ал Үштаған ауылында тұратын ісмер, қолөнер шебері А.Тәкенов жасаған киіз үй Алматыда Ұлттық мұражайда, Б.Бозжігітовтың киіз үйі Президент резиденциясында, ал А.Әбиеваның киіз үйі Астана қаласындағы Президенттік Ұлттық мәдени орталығында тігулі.
1996 – 2000 ж. облыс аумағында айта қаларлықтай клуб мекемелері қысқартылмаса да, осы мезгіл мәдениет ошақтарына өз салқынын тигізбей қалған жоқ.
2000 ж. облыс көлемінде 27 мәдениет үйлері мен клубтар халыққа мәдени қызмет көрсетті.
2002 ж. облыс бойынша 33 мәдени ошақтар жұмыс жасады.
2003 ж. осы мәдениет мекемелерінде 126 үйірме болса, 2004 ж. оның саны 166-ға жетті. 2005 ж. бұл көрсеткіш 201-ге жетіп, 3107 көркемөнерпаздар мүшелерін қамтыды.
Облыс экономикасы мен шаруашылығының және әлеуметтік өмір-тұрмысының өсуіне байланысты мәдени саланы да жақсартып көтеру мақсатында ҚР Президенті мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын енгізді. Осыған орай жергілікті авторлар С.Қондыбай, Ә.Спан, О.Көшбай, М.Ақмырзаев, Ж.Дүйсенбаева, Қ.Шыртанов, т.б. еңбектерімен қатар «Қырымның қырық батыры» жыры жарық көрді.
2003 ж. Маңғыстау облыстық музыкалы драма театры ашылды. Театр репертуарынан ұлттық және аударма драматургиялық шығармалар кеңінен орын алды.
2006 жылдан бастап облыс әкімі жас таланттардың жоғары білім алулары үшін арнайы тапсырыс грантын бөлді. Облыста «Маңғыстау жұлдыздары» өнер күндері, халықаралық «Каспий – достық теңізі» атты фестиваль жылма-жыл, сонымен қатар аудан, қала көлеміндегі өнер байқауларын өткізу де жақсы дәстүрге айналды. Республикалық, халықаралық өнер жарыстарына қатысу үшін үздік өнерпаздарды үнемі іріктеу байқауларын өткізу, өлкеде өмір сүрген өнер иелеріне, ақын, жыршы-күйшілерге арналған атаулы өнер жарыстарын өткізіп отыру да жолға қойылған.
2004 ж. Алматы қаласында облыстық филармонияның Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің қатысуымен «Маңғыстау мақамдары» атты концерттік бағдарлама, ал 2006 ж. Астана қаласында «Сәлем, саған Астана!» деген атпен Маңғыстау облысының мәдениет күндері өтті. Облыстық мәдениет басқармасына қарасты ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталық облыс, аудан аумағындағы клуб мекемелеріне басшылық жасау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында 1973 жылдан бастап жұмыс жасауды жалғастырып келеді.
Статистикасы мен белгілі мәдениет қайраткерлері
Осы уақыт ішінде 1973 ж. 66 клуб пен мәдениет үйі, 138 көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеді; 43 автоклуб малшы-механизаторларға кино, лекция, концерт өткізу ісімен айналысқан. Кеңес өкіметі кезінде сападан санға көбірек назар аударғаны белгілі. Қазіргі кезде қала, аудан аумағында 34 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар қызмет жасайды. Мәдениет үйлері мен клубтарда 198 құрылым жұмыс істеп, оның 2923 мүшесі өткізілетін әр түрлі мәдени шараларға белсенді түрде қатысып келеді.
Маңғыстау облысында ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткерлері Г.Б.Мерғалиева, Р.Батыршева, С.Назарбеков (әрі «Құрмет» орденінің иегері) ; ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Р.Айдарбаева (әрі «Құрмет» орденінің иегері), Ғ.Садықова; Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкерлері К.Тасболатов, С.Ы. Шакрат, Ы.Ізімов; ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкерлері Қ.Аманиязов, Д.Әріпов, Г.Бубнов, О.Құлсариев, Н.Мұхамеджанов, Н.Мұханов, Ж.Оспанов, Е.Өмірбаев; ҚР Мәдениет және ақпарат мин-нің мәдениет қайраткерлері Б.Әзірханов, Б.Дәріғұлов, С., М.Жолдыбаев, Ә.Жұмағалиев, Кеңесов, О.Д. Колодий, Қ.Көбегенов, А.Құдабаева, Р.Б. Мадреев, С.Нұрғожаев, Ф.Қ. Таимова, А.Үмбетова, М.Б. Чоманова, Ғ.Шантимирова, М.Шырақбай; «Құрмет» орденінің иегері Н.Насырова; «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Т.Жұмалиева, О.Көшбайұлы, М.Нұрқабаев мәдени өмірдің әр саласында жемісті еңбек етті.
Дереккөздер
- «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007
- Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mangystau oblysynyn mәdeniet tarihy 1928 zhyldan bastau alady TarihyMangystau audany 1928 zh irge kotergen Audannyn algashky ortalygy Fort Aleksandrovsk kejin Taushyk a al 1965 zh Shetpe kenti boldy Osy audannan 1973 zh Bejneu men Қarakiya audandary 1992 zh Tүpkaragan audany bolinip shykty Bolinip shykkan audan kalalarda klub үjleri men mәdeniet үjleri kuryldy 2 dүniezhүzilik sogyska dejingi kezende Mangystau olkesindegi 32 auylda zhumys istedi Algashky kezde Mangystau audanynyn mәdeniet boliminde M Niyazov T Mendibaev S Ybraev S Aldabergenov odan kejingi kezende 1972 zhyldan kejin S Edilhanov Sh Ergaziev K Үjsinbaev A Arashev t b mәdeniet salasyna basshylyk zhasap enbek etti 1946 zhyldan kyzyl mүjis atauy klubka ozgertilip sodan beri men klubtar turgyn halykka mәdeni kyzmet korsete bastady 1950 zhyldan klub zhanynan ult aspaptar orkestri men үjirmeler al 1954 zhyldan bastap drama үjirmeleri kolga alyndy Bul salalarda S Ordabaev M Zholdasbaev Ө Alshynbaev O Қulsariev K Mahmutov Ғ Әbiltaev Қ Әmirhanov Mendibaev t b oz үlesterin kosty 1958 zh Mәskeu kalasynda otken kazak әdebieti men onerinin onkүndigine mangystaulyk O Қulsariev B Rzahanov A Қomytov t b ult aspaptar orkestri kuramynda katyskan 1960 zh Aktau kalasyndagy Abaj demalys kesheninde Respublika atty әnshiler ansambli algashky ujymdastyrushysy L N Sanamyan kejin bul uzhymga V A Mironov zhetekshilik etken kuryldy 1974 zh ogan halyk hory atagy berildi 1963 zh Mangystau audandyk mәdeniet үjinin drama үjirmesi M Әuezovtin Қaragoz tragediyasy bojynsha spektakl dajyndap 1965 zh halyk teatry atagyna ie boldy Mangystau audandyk mәdeniet үji zhanyndagy halyk teatrynyn algashky rezhisser Қ Satkanov pen Әmirhanov zhәne N Muhamedzhanov bolgan Aktau kalasynda 1963 zh Dostyk kinozaly pajdalanuga berilse Fort Shevchenko kalasynda kalalyk mәdeniet үji kejin Aktau kalasynda mәdeniet sarajy ashylyp ogan Abaj esimi berildi Қuryk zhәne Zhetibaj kentterinde Geolog klubtary zhumys istedi Eskiozende klub ashylyp 1965 zh Zhanaozen kalasynda algash ret kalalyk mәdeniet үji irge koterdi Zher zherde korkemonerpazdar үjirmeleri orken zhajyp olar uzhymdyk toptarga ajnaldy Uakyt ote kele audanda Zhastar vokaldyk aspaptar ansambli kurylyp ozge zherlerdegi mәdeniet mekemelerine koshbasshylyk rolin atkardy Zher zherde korkemonerpazdar uzhymdary ujymdastyrylyp olar halyktyk degen atak alu үshin zor shabytpen zhumys istedi Қazirgi kezende oblys koleminde 19 halyktyk atagyna ie bolgan onerpazdar uzhymy bar Kezinde olardyn ishinen Mangystau marzhandary Қarakiya audany Ak zhelken Tүpkaragan audany Ken zhajlau Mangystau audany mәdeni үgit brigadalary Altybakan ojyn sauyk otauy Bejneu audany alys zhakyn shet elderde oner korsetken Zhanaozennen Gүldәuren Abaj kentinen Altair Flamingo bi ansamblderi zheke әnshiler halykaralyk bajkaularda zhүldeli oryndarga ie boldy Oblys mәdenietin koterude koptegen onerpazdar aga buyn okilderi O Қulsariev S Shakrat N Қurykbaev Қ Tasbolatov Ә Zhumagaliev N Muhanov odan kejingi buyn okilderi R Ajdarbaeva R Batyrsheva B Қondybaj A Sүndetov Қ Saktagan A Komekov M Ayapov Zh Kenesov S Nurgozhaev t b kop enbek etken 1975 zh Mangystau oblystyk filarmoniyasy kuryldy al 1980 zhyldan oblystyk kuyrshak teatry zhumys istep zhas zhetkinshekterge arnap әr aluan kojylymdarymen mәdeni kyzmet korsetip keledi Bejneu kentinde kitaphanashy bolyp istegen S Yrzaeva zhasagan kiiz үj 1981 zh Zhaponiyanyn Tokio zhәne kalasynda otken koldanbaly oner kormelerinde tigilip kezinde zhogary bagaga ie bolgan al Үshtagan auylynda turatyn ismer koloner sheberi A Tәkenov zhasagan kiiz үj Almatyda Ұlttyk murazhajda B Bozzhigitovtyn kiiz үji Prezident rezidenciyasynda al A Әbievanyn kiiz үji Astana kalasyndagy Prezidenttik Ұlttyk mәdeni ortalygynda tiguli 1996 2000 zh oblys aumagynda ajta kalarlyktaj klub mekemeleri kyskartylmasa da osy mezgil mәdeniet oshaktaryna oz salkynyn tigizbej kalgan zhok 2000 zh oblys koleminde 27 mәdeniet үjleri men klubtar halykka mәdeni kyzmet korsetti 2002 zh oblys bojynsha 33 mәdeni oshaktar zhumys zhasady 2003 zh osy mәdeniet mekemelerinde 126 үjirme bolsa 2004 zh onyn sany 166 ga zhetti 2005 zh bul korsetkish 201 ge zhetip 3107 korkemonerpazdar mүshelerin kamtydy Oblys ekonomikasy men sharuashylygynyn zhәne әleumettik omir turmysynyn osuine bajlanysty mәdeni salany da zhaksartyp koteru maksatynda ҚR Prezidenti memlekettik Mәdeni mura bagdarlamasyn engizdi Osygan oraj zhergilikti avtorlar S Қondybaj Ә Span O Koshbaj M Akmyrzaev Zh Dүjsenbaeva Қ Shyrtanov t b enbekterimen katar Қyrymnyn kyryk batyry zhyry zharyk kordi 2003 zh Mangystau oblystyk muzykaly drama teatry ashyldy Teatr repertuarynan ulttyk zhәne audarma dramaturgiyalyk shygarmalar keninen oryn aldy 2006 zhyldan bastap oblys әkimi zhas talanttardyn zhogary bilim alulary үshin arnajy tapsyrys grantyn boldi Oblysta Mangystau zhuldyzdary oner kүnderi halykaralyk Kaspij dostyk tenizi atty festival zhylma zhyl sonymen katar audan kala kolemindegi oner bajkaularyn otkizu de zhaksy dәstүrge ajnaldy Respublikalyk halykaralyk oner zharystaryna katysu үshin үzdik onerpazdardy үnemi irikteu bajkaularyn otkizu olkede omir sүrgen oner ielerine akyn zhyrshy kүjshilerge arnalgan atauly oner zharystaryn otkizip otyru da zholga kojylgan 2004 zh Almaty kalasynda oblystyk filarmoniyanyn Abyl Tarakuly atyndagy ult aspaptar orkestrinin katysuymen Mangystau makamdary atty koncerttik bagdarlama al 2006 zh Astana kalasynda Sәlem sagan Astana degen atpen Mangystau oblysynyn mәdeniet kүnderi otti Oblystyk mәdeniet baskarmasyna karasty gylymi әdistemelik zhәne mәdeni kyzmet korsetu ortalyk oblys audan aumagyndagy klub mekemelerine basshylyk zhasau әdistemelik komek korsetu maksatynda 1973 zhyldan bastap zhumys zhasaudy zhalgastyryp keledi Statistikasy men belgili mәdeniet kajratkerleriOsy uakyt ishinde 1973 zh 66 klub pen mәdeniet үji 138 korkemonerpazdar үjirmeleri zhumys istedi 43 avtoklub malshy mehanizatorlarga kino lekciya koncert otkizu isimen ajnalyskan Kenes okimeti kezinde sapadan sanga kobirek nazar audargany belgili Қazirgi kezde kala audan aumagynda 34 kalalyk audandyk auyldyk mәdeniet үjleri men klubtar kyzmet zhasajdy Mәdeniet үjleri men klubtarda 198 kurylym zhumys istep onyn 2923 mүshesi otkiziletin әr tүrli mәdeni sharalarga belsendi tүrde katysyp keledi Mangystau oblysynda ҚR nyn enbek sinirgen kajratkerleri G B Mergalieva R Batyrsheva S Nazarbekov әri Қurmet ordeninin iegeri ҚR nyn enbek sinirgen artisi R Ajdarbaeva әri Қurmet ordeninin iegeri Ғ Sadykova Қazakstannyn enbek sinirgen kyzmetkerleri K Tasbolatov S Y Shakrat Y Izimov ҚR nyn enbek sinirgen mәdeniet kyzmetkerleri Қ Amaniyazov D Әripov G Bubnov O Қulsariev N Muhamedzhanov N Muhanov Zh Ospanov E Өmirbaev ҚR Mәdeniet zhәne akparat min nin mәdeniet kajratkerleri B Әzirhanov B Dәrigulov S M Zholdybaev Ә Zhumagaliev Kenesov O D Kolodij Қ Kobegenov A Қudabaeva R B Madreev S Nurgozhaev F Қ Taimova A Үmbetova M B Chomanova Ғ Shantimirova M Shyrakbaj Қurmet ordeninin iegeri N Nasyrova Eren enbegi үshin medalinin iegerleri T Zhumalieva O Koshbajuly M Nurkabaev mәdeni omirdin әr salasynda zhemisti enbek etti Derekkozder Қazakstan ulttyk enciklopediyasy 10 tomdyk Almaty 1998 2007 Mangystau enciklopediyasy Almaty 1997