Қаратөбе ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Қаратөбе ауылы. Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық – 260 км.
Қазақстан ауданы | |
Қаратөбе ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 8 |
Ауыл саны | 22 |
Әкімі | Қадыржан Орынбасарұлы Сүйеуғалиев |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, №12 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 49°44′24″ с. е. 53°32′24″ ш. б. / 49.74000° с. е. 53.54000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°44′24″ с. е. 53°32′24″ ш. б. / 49.74000° с. е. 53.54000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1928 |
Жер аумағы | 10,0 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 13 616 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | қазақтар (99,68%), орыстар (0,06%), беларустар (0,06%), татарлар (0,05%), басқалары (0,15%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 090800- 090811 |
Автомобиль коды | 07 |
Қаратөбе ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиялық орны, жер бедері
Аудан солтүстігінде облыстың Шыңғырлау, батысында Сырым, Ақжайық аудандарымен шектессе, оңтүстік-шығысында Атырау облысының Қызылқоға, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл, Қобда аудандарымен ортақ шекарасы бар. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс жағында орналасқан, оның негізін Нарынқұм-Аққұм шағылдары құрайды. Орталық және оңтүстік бөлігі жалпы тегістік жерлер, солтүстік те тегіс, бірақ жекелеген ойпатты жерлер кездеседі. Аудан аумағында Қалдығайты өзені ағып жатыр (жалпы ұзындығы 242 км, аудан шегінде – 130 км). Көлдердің жалпы ауданы 36,5 шаршы км құрайды, содан тұщы көлдер – 6,8 км.
Климаты
Ауданның климаты тым континенттік, солтүстігі қоңыржай континентті ылғалы тапшы зонада орналасқан. Қысы суық, ұзақ, жазы ыстық. Қаңтарда орташа температура – 14,40°С, шілдеде +24,30°С. Жауын орташа (30мм) жылдық 214 мм. Оңтүстігі қоңыржай континентті, жазы жылы, құрғақ климатты зонада орналасқан. Жері қара топырақты, ашық-сортаң топырақты. Аудан аумағы өсімдік жамылғысына қарай құмды-далалық аймаққа жатады. Солтүстік-шығыс бөлігінде әртүрлі-дәнді шөптер өседі, батыс бөлігінде – бидайық-дәнді шөптер өседі.
Тарихы
1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару комитетінің алтыншы шақырылған екінші сессиясында жаңа әкімшілік-аумақтық бөлініс бекітіледі. Сол кезде құрамында 15 ауданы бар Орал округі ұйымдасты. Оның ішінде Қаратөбе ауданы да болды. 1931 жылы қазіргі аудан орталығы №30 ауыл болды. Осы орыннан «Қаратөбе», «Қаракөл» өңірінен «Тұщықара» және «Аққозы» совхоздары құрылған. КСРО совхоздар Министрлігі, Батыс Қазақстан ет тресі, № 441 Аққозы, Тұщықара мен Қаратөбені біріктіріп «Қаратөбе ет совхозы» деп атаған. 1932 жылы Қаратөбе ауданы территориясынан 3 совхоз, 8 колхоз, 16 серіктестік ұйымдасқан. Ауданда 17 мектеп, бір аурухана (Қаратөбе ауылында 10 керуеттік), екі фельдшерлік пункт, бір мал дәрігерлік участогі, бір агроучасток, 4 тұтыну қоғамы болған. Қаратөбе поселкесі Орал қаласымен ылаумен (Жымпиты арқылы Ойылға,оның үстінен Қаратөбеден Гурьев облысының Қызылқоға поселкесіне) жол қатынасы; аудан орталығында Оралмен байланыс жасайтын почта-телеграф бөлімшесі, телефон және екі шеңберде (Қаратөбе) хат тасушы байланысы болған.
1935 жылы 31 қаңтарда Қаратөбе ауданы қайта құрылды. 1938-1952 жылдары аудан көлемінде 28 ұжымшар, 2 кеңшар болған. 1957 жылы Қалдығайты, Қоскөл кеңшарлары құрылып, сөйтіп ауданда 4 кеңшар Аққозы, Қаратөбе, Қалдығайты, Қоскөл кеңшарлары болған. 1961 жылы жаңадан Шөптікөл, Саралжын кеңшарлары құрылған.
1962-1965 жылдар арасында аудандар ірілендіріліп аймақтық басқаруға сәйкес Жымпиты ауданына қосылған, ал 1966 жылдың ақпан айынан үшінші рет қайтадан бөлек аудан болып құрылды. Аудан қайта құрылғанда 6 кеңшар мен 6 ауылдық кеңес болса, 1967 жылдың шілдесінде Қоскөл кеңшарының негізінде жаңадан Егіндікөл кеңшары, 1967 жылы 14 қыркүйекте облыстық атқару комитетінің қарарымен Шөптікөл және Қоскөл ауылдық кеңестері құрылды. Шөптікөл кеңшарының №3 бөлімшесі негізінде Жусандыой мал бордақылау бірлестігі ұйымдастырылған. Орал облыстық атқару комитетінің 1983 жылғы 20 сәуірдегі №277 шешімімен Жусандыой мал бордақылау бірлестігі негізінде Қазақ КСР 60 жылдығы атындағы кеңшар ашылып, Жусандыой ауылдық кеңесі құрылған. Сол кезден бастап аудан аумағы 9 ауылдық кеңеске бөлінген.
Қазіргі таңда аудан аумағы 8 ауылдық округке бөлінген.
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
16053 | ▼12884 | ▲18213 | ▲20356 | ▲22087 | ▼21115 | ▼16879 | ▼15384 |
Халқының саны 2019 жылы 15 467 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 99,79%, басқалары — 0,21%.
Әкімшілік бөлінісі
22 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Аққозы ауылдық округі | Қоржын ауылы | 4 | ▼740 |
Егіндікөл ауылдық округі | Егіндікөл ауылы | 1 | ▼755 |
Жусандыой ауылдық округі | Жусандыой ауылы | 2 | ▼1049 |
Қаракөл ауылдық округі | Ақтай ауылы | 3 | ▼787 |
Қаратөбе ауылдық округі | Қаратөбе ауылы | 4 | ▲6002 |
Қоскөл ауылдық округі | Қоскөл ауылы | 2 | ▼946 |
Саралжын ауылдық округі | Қарақамыс ауылы | 2 | ▼1473 |
Сулыкөл ауылдық округі | Сулыкөл ауылы | 4 | ▼1877 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Қаратөбе | ауыл | ▲ 4106 |
Қарақамыс | ауыл | ▼ 1190 |
Сулыкөл | ауыл | ▼ 1108 |
Шөптікөл | ауыл | ▼ 991 |
Егіндікөл | ауыл | ▼ 755 |
Қоскөл | ауыл | ▼ 753 |
Жусандыой | ауыл | ▼ 615 |
Қоржын | ауыл | ▼ 605 |
Ақтай | ауыл | ▼ 509 |
Үшана | ауыл | ▼ 500 |
Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылымы
Аудан етті – сүтті мал, биязы жүнді және қаракөл қойын өсіруге және егін егуге бағытталған.А.ш-на жарамды жері 964,0 мың га, оның ішінде жыртылатын жері 44,7 мың га, шабындығы 92,7 мың га, жайылымы 826,0 мың га-ға жуық, дәнді дақылы 63,4 мың га, көкөніс, қаратоп 0,1 мың га жерді құрайды. Аудандағы бұрынғы 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан 145 шаруа қожалығына, 14 өндірістік кооператив пен 9 серіктестікке біріктірілген. Оқу орындарынан 27 мектеп, оның ішінде 12 орта, 8 орталау, 7 бастауыш мектеп, 1 спорт мектебі, 2 саз мектебі; 1 мұражай, 15 клуб, 8 мәдениет үйі, 24 кітапхана; емдеу мекемелерінен: орталық ауырухана мен емхана, 2 дәрігерлік емхана, кеңес беруші диагностикалық орталық, 17 фельдш.-акушерлік пункт бар. Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Орал - Қаратөбе автомобиль жолы өтеді. 1936 жылдан “Колхозшылар үні”; 1957 жылдан «Еңбек туы»; 2006 жылдан “Қаратөбе өңірі” атты аудандық газеті шығады. Қаратөбе топырағында қазақтың халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлы; қазақтың алғашқы юрисі, демократ Бақытжан Қаратаев, ғалым академиктер Қажым Жұмалиев, , Рахымжан Елешев, әнші-композиторлар Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев, ақын-жазушылар Берқайыр Аманшин, Құрманғазы Қараманұлы туып өскен.
Қазба байлығы: Ең мол байлығы –тұщы суы. Жер қойнауынан бор кені және құрылыс материалдары барланған. Ақбалшық, цемент, қиыршық құм, сланец (пісіп жетілмеген көмір), қиыршық және қатты тас. Шыңғыс, Бекет, Құбасай алқабынан мұнай мен газ орындары зерттелуде.
Аудан жерінде 101 археологиялық ескерткіштер бар. Қоғамдық саяси мәні бар 11 ескерткіш. Олар: М.Мерәліұлы, Б.Қаратаев, Ғ.Құрманғалиев, «Даңқ Мемориалы» және округ орталықтарындағы соғыстан оралмаған боздақтарға арналған стелла – ескерткіш белгілер.
Тарихи тұлғалары
'Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов 15 желтоқсан 1927 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1982), профессор, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”. 1946 жылы Қаратөбе орта мектебін, 1950 жылы Орал педагогикалық институтын үздік бітірген. 1953-1957 жылдары Қазақстан ҒА аспирантурасында оқыған. 1962-1975 жылдары Орал педагогикалық институтының филология факультетінің деканы, 1978-1982 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті. Негізгі ғылыми еңбектері қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмордың көркемдік ерекшеліктерін зерттеуге арналды. Бірнеше монографияның және 250-ден аса ғылыми проблемалық мақалалардың авторы. Ол Батыс Қазақстан аумағынан ауыз әдебиеті нұсқаларын ұзақ жыл бойы жинап, ғылым академиясының қорына тапсырды. Сондай-ақ республикада тұңғыш рет «Этнопедагогика және фольклор» кабинетін ұйымдастырып, ел ішіндегі қолөнер туындыларын жинады. Шығармалары: Астарлы әзіл, А., 1978; Махамбет өмірі туралы жаңа материалдар, методикалық нұсқау, Орал, 1985; Қазақ әдебиетіндегі юмор мен сатираны оқыту ,Орал, 1987; Шахматшы Шамшиден, А., 1996.
Бөкеев Шәңгерей Сейіткерейұлы 1847 жылы Орда ауданы Жасқұс ауылында дүниеге келген - классик ақын, шығыс әдебиетінен, еуропа, орыс әдебиетінен сусындап, қазақтың суырып салма поэзиясы дәстүрін жазба әдебиетке ұластырған аса білімдар ақын. Бес жасында ата-анасынан жетім қалады. Бірақ ағаларының қамқорлығымен Орынбор кадет корпусында, Астрахан гимназиясында оқыған. Орыс тілін үйреніп, әдебиет пен мәдениетке ден қояды. Сарытау (Саратов) мен Самара аралығындағы ата қонысы - Көлборсыда өмір кешеді. Аңшылық-саятшылықты, табиғат сұлулығын, ән-күйді, көркем сөз өнерін ұнатады, өзін-өзі үнемі рухани жетілдіріп отырады, өлеңдер жазады. 1917 ж Көлборсыдан көшіп, қазіргі Ақжайық ауданы жеріне келеді. Шығармалары 1911-12ж. «Шайыр», «Көксілдер», 1926 ж. «23 жоқтау» жинақтары жарық көрген. 1934жылы жеке жинағы, кейінгі жылдарда шығармалары оқулықтар мен жинақтарда жарияланып отырды. Уақыт, заман, табиғат, ғылым, өнер туралы толғанады. «Өмірдің өтуі», «Ғылым», «Эдисон»,т.б.өлеңдері өзгермелі,өтпелі өмірдің заңдылығын ежелгі қазақ поэзиясының ең құнарлы сөздерімен,әсерлі суреттерімен бейнелейді. Поэзиясында парасатты, ойлы, дала қазағының ой-қиялы, ақын өмір сүрген дәуірдің алуан сырлары кәсіпқой шеберлікпен өрнектелген. Халық өмірімен біте қайнасып, араласып отырған ол, Ғұмар Қарашты ауыл балаларына оқытушы етіп ұстайды. Оған орыс тілін үйретіп, орыс роман, повестерін мазмұндап береді. Ғұмар оны малшы шаруаларға әңгімелеп отырады. Шәңгерей бірқатар орыс ақын-жазушыларының шығармаларын М.Ю. Лермонтовтың «Қашқын» поэмасы, т.б. қазақ тіліне аударған. Бөкеев ел ауызындағы әдеби мұраларды жинақтап, оны бастырып шығаруға қамқорлық жасайды. Жазықсыз жапа шеккен Қубала ақын сияқты бұқара халық өкілдеріне қол ұшын беріп отырады. Оралда «Қазақстан» газетін шығаруға атсалысады. Бөкеев қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі айқын, сыншыл лирик әрі философ ақын. «Үш ғасыр жырлайды» және «Бес ғасыр жырлайды» топтамаларына өлеңдері енген. Ақбақайдағы мәйтіне қорған және мәрмәр тақта 2006 жылы қойылды.
Қаратаев Бақытжан Бейсәліұлы 1860 жылы 10 мамырда Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Қазақстанның ірі тарихи тұлғаларының бірі, алғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы – демократ. Сұлтан тұқымы әулетінен тарайды. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр Бақытжанның арғы атасы болып келеді. Білімге деген ынтасын байқаған әкесі оны Орынбор қаласының гимназиясына оқуға береді, ол оны “өте жақсы” деген дәрежемен бітіріп шығады Орынбор гимназиясын бітіргеннан кейін Санкт – Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, оны да 1890 ж. оны үздік бітіреді. Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болады. 1907 жылы екінші Мемлекеттік Думаға Орал өңірінен депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907 – 1916 жылдары ағартушылық жұмыстарымен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі. 1917 жылы большевиктер партиясының қатарына өтеді. 1918 ж. облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облысы кеңес мүшелерін, (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алады. 1919 ж. 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облыстық ревкомның құрамында ұлттар коллегиясын басқарады. 1919 ж. 24 шілдеде ол Қазәскер ревкомның мүшелігіне тағайындалады. 1920ж. 4 -12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болып, Қазақ республикасы еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АКСР – інің заң комиссары болды. Кеңестерінің 2 – Бүкіл қазақстандық съезіне де делегат болып қатысты. Б.Қаратаев Кеңес өкіметін қазақ сахарасында орнатуға екі-ақ жыл араласады да большевиктердің Кеңес өкіметін орнатуда қазақ халқына қарсы зорлық-зомбылығы, қырып-жоюға бағытталған саясаты, социализм идеясын күшпен енгізіп, дінінен, әдет-ғұрпынан, тілінен бездіретін және мәңгүрттікке айналдыратын ілімінің астарын дер кезінде түсініп, 1927 жылы партия қатарынан шығады. 1921-24 жылдары ол Ақтөбе қаласында адвокаттардың губерниялық коллегиясының төрағасы қызметін атқарады. Езілген халықтың құқын қорғауда көп еңбек сіңірген заңгер. Бақытжан Қаратаев большевиктердің қазақ халқына қарсы ұйымдастырған нәубетіне, аштан қырылуына қарсы батыл үн көтерген қайраткер.
Әдеби орта
[Аманшин Берқайыр Сәлімұлы 11 қараша 1924 жылы Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылында дүниеге келген - ақын, жазушы, драматург, аудармашы, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы». ҚазПИ-ді 1953 жылы бітірген. Атырау облысындағы қаржы мекемелерінде (1942-47); оның Қызылқоға ауданында, Алматы облысы Жамбыл ауданында, Алматы облыстық атқару комитетінде (1948-52), Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы (1952-53),Қазақ мемл.көркем әдебиет баспасында (1953-54), «Қазақ әдебиеті» газетінде (1954-59), Қазақстан Жазушылар одағының БҚО бөлімшесінде (1959-65), «Жұлдыз» журналында (1965-71), Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінде (1971-73), «Мәдениет және тұрмыс» журналында, Қазақстан Жазушылар одағында (1973-79) әр түрлі қызметте болды. Алғашқы жинағы «Өлеңдер» (1954ж.), «Жылқылы ауылда» (1955), «Жетісу-Жайық» (1965), «Маңғыстауым» (1972), «Жайық желі» (1987), «Құтты мекен» (1984), өлеңдер мен поэмалар жинақтары, «Жар мұңы» (1968), «Көкжар» (1973), «Ақжүректер» (1975), «Гүл көтерген»(1982) әңгімелер мен повестер жинағы, «Махамбеттің тағдыры» романы (1987) жарық көрсе, «Исатайдың семсері»(1966), «Таныстық керек» (1968), «Жақия»(1968), «Жылама,Дәмеш» (1972, М.Гершпен бірге), «Маңғыстау оқиғасы»(1983) пьесалары республика, облыс сахналарында қойылды. Махамбет, Ы.Шөреков шығармаларын жинастыруға үлес қосты. Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, С.Неплюев, т.б. шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші «Игорь жорығы туралы жырды» (1951,1985) қазақ тіліне аударған. 1989 жылы Батпақкөл ауылындағы орта мектепке Берқайыр Аманшиннің есімі берілді. Жұмалиев Қажым (Қажығали), 1907 жылы Қаратөбе ауданы Саралжын ауылындадүниеге келген - жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1947), профессор (1950), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1967). 1923-25 жылдары Орынбордағы ересектер мектебін, Шымкент ауыл шаруашылығы техникумында, 1932 жылы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет бөлімінде оқыған. 1932-37 жылы Орал педагогикалық интитутында оқытушы, кафедра меңгерушісі.Тұңғыш жазған өлеңі «Батырақ Ғалиасқар»(1928). «Ерғожа мен Егізбай»(1929), «Шабуыл»(1929), өлеңдер жинағы; «Өмір жыры»(1938), «Исатай-Махамбет» көтерілісін бейнелейтін «Айқас» прозасы (1934), «Қанды асу» (1957) кітаптары, қазақ орта мектебінің 8-9 кластарына арналған «Әдебиет теориясы» оқулығы шыққан. Махамбет шығармаларын жинап бастырып, Махамбет өлең-жырлары туралы (1948), «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» туралы монографиялар шығарады. 1958-60 жылдары 2 томдық «Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері», 2 томдық «Әдебиет тарихы», 2 томдық «Әдебиет тарихы» кітаптарын, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған 18-19 ғасырлардағы «Қазақ әдебиеті»оқулығын жазды. Сондай – ақ қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін зерттеген «Стиль - өнер ерекшелігі» (1966) кітабын жарыққа шығарған. 1958 жылы Қаратөбе еліне келіп Мұхиттың зиратын тауып, ескерткіш белгі қойылуына, оның мәртебесін көтеру мақсатында жұмыстар жүргізген ғалым. Сағынғали Сейітов 20 қараша 1917 жылы Тайпақ ауданы Қурайлысай ауылында дүниеге келген – ақын, әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947 жылы КазПИ-ды бітірген. Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институтында (1947-49); Қазақстан КП ОК насихат және үгіт, көркем әдебиет бөлімінде (1949-51); Қазақстан Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасында (1951-52), 1952 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер болып жасады. Бірнеше өлең, очерк, әңгімелер және әдеби зерттеу жинақтары мен мектеп оқулықтарының авторы. “Отан соғысы” және “Қызыл Жұлдыз” ордендерімен марапатталған. Ертілесов Жұрғали 25 сәуірде 1928 жылы Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылында дүниеге келген. Белгілі журналист, жазушы, “КСРО баспасөз ісінің үздігі” (1975). 1944 жылы Қаратөбе орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық «Колхозшылар үні» газетінде тілші, жауапты хатшы боп бастаған. 1950-53 жылдар Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп, 1953-1956ж.ж. Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болған. 1956-68 жлдары «Орал өңірі» облыстық газетінде жауапты хатшы, 1968-74 жылдары Талдықорған облысы «Октябрь туы» газетінің бас редакторы, 1973-74 ж. Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында меңгерушісі қызметін атқарған. «Жастық жалыны» повесі, «Туған жер түлектері» очерктері жинағының (А.,1970) авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Ертілесовтың сөзіне жазылған “Қаратөбем” әні қаратөбеліктердің тұрақты репертуарында. Хасанов Қайыржан - өлкетанушы, ақын, прозаик жазушы, журналист, “Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”. 1942 жылдың 2 желтоқсан күні Қаратөбе ауданының Сәуле ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Орал пединститутының филология факультетін бітіріп, Қаратөбе ауданының мектептерінде мұғалім, аудандық газет редакциясында, аудандық партия комитетінде жауапты қызметтерде істеген. Ұзақ жылдар аудандық “Еңбек туы” газетінің редакторы бола жүріп, ауданның тарихын, оның белгілі адамдарының өмірлері мен шығармашылықтарын зерттеп, аудандық, облыстық, республикалық басылымдарға жазып, жарыққа шығаруда қажырлы еңбек етіп келе жатқан ел тарихын зертеуші, өлкетанушы, фольклор жинаушы. Өлеңдері ең алғаш «Жыр бесік» (А.,1983) жинағына енгізілген. Әр жылдары Қ.Хасановтың қаламынан туған жер мен өлке тарихына қатысты бірнеше кітаптары жарық көрген. Олар: «Дала бұлбұлы»(1991ж) эссе кітабы; “Айтыс – аталық дәстүр”(Орал-1991); “Ақбақай әуендері”(1991), “Қаратөбе құт мекен” (2002) жыр жинақтары, ”Қаратөбе-өренді, өнерлі өлке” ұжымдық жинақ (1995), “Ақтаңдақта атылған азаматтар”(1996), “Қос батырдың хиқаясы””2000), “Қаратөбе-ән мен күйдің ордасы”(2000), “Қаратау би” (2002), “Дарабоз домбырашы”(2003),”Байғұтты-Шолаққамыс батырлары”(2003),“Әнші Мұхит”(2004), “Соналы оқиғасы” (2006) “Қаратөбе қазынасы” (2006),“Өмірімнің өрнектері” (2007), “№2368 іс немесе Төлеген Иманғазиев тағдыры туралы” (2007) кітаптарының авторы. Қ.Хасанов бірнеше медальдармен марапатталған, бірнеше рет аудандық совет депутаты, 1995-99 жылдары аудандық мәслихат депутаты болып сайланған. Қазіргі уақытта зейнеткер, Орал қаласында тұрады. Құрманғазы Қараманұлы 5 желтоқсан 1943 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1987), Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Егіндікөл ауылындағы жеті жылдық мектепті (1960) бітірген. 1962 – 69 ж. ҚазМУ – дің журналистика факультетін оқыған. 1969 ж. «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа қабылданды. 1976 – 93 ж. «Жалын» баспасында редактор, редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болды, 1993 – 96 ж. «Балауса» баспасында істеді. Қазір дайжест жанырындағы республикалық тұңғыш басылым – «Көк аспан – Қара жер» газетінің редакторы. Қ. Қараманұлының алғашқы туындысы – «Шайтантөбедегі от» әңгімесі 1960 ж. облысы «Октябрь туы» (қаз. «Орал өңірі») газетінде жарияланады. Тұңғыш кітабы – «Қайраң өткел» миниатюралық әңгімелер топтамасы (1978). Сондай – ақ «Қызғыш құс» (А., 1980), «Алтын іздеушілер» (1987), «Жалғыз атты жолаушы» (1996) повестер жинағы, «Тәңірге тағзым» (1996) зерттеу еңбегі шықты. Сондай-ақ ол әлемдік әдебет классиктері Эрнест Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» (1983), Грэм Гриннің «Комедианттар» (1984) романдарын аударды. Ағылшын тілін өз бетінше оқып – үйренген жазушы соңғы екі романды аудару барысында шығарма авторларымен хат арқылы хабарласып, әріптестік байланыс орнатты. Соның нәтежесінде Струн (Калифорния, АҚШ) өз романының қазақша нұсқасына алғы сөз, Грин (Антиб, Франция) соңғы сөз жазып берді. 2002 жылдан бері қарай әр оқу жылының басында Егіндікөл орта мектебінің жақсы оқитын, үлгілі, тәрбиелі 10 оқушысына “Ақ Орынша” атты стипендия тағайындап, тоқсан қорытындысымен беріп тұрылады.]
Экологиясы
Аққұм қорығы - Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылынан 10км. жерде орналасқан құмды алқап. Аққұм солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 18, батыстан шығысқа қарай 8 шақырым ендікке созылған құстың сопақша жұмыртқасы тәріздес құмды жоталар.
Аққұм-тарихи жер
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп (А.М.Панченко, Ғ.В.Кушаев), алтын бұйымдар, әскери құралдар, тұрмыстық құрал-жабдықтар,т.б. нәрселер табылған. Қаратөбедегі өлкетану музейінде Аққұмнан табылған экспонаттар қойылған. Осы жер ХII-ХIV ғасырларда ежелгі қаланың орны болған деген жорамал бар. Халық арасындағы аңызға сәйкес Аққұм шағылы - Алшағыр ханның шаһары, ірі сауда орталығы болғанға саяды. Аққұм шаһарын Алшағырдан өшін алған Қобыланды қиратқан деген аңыз бар. Оған “Қобыланды батыр” жырындағы: “Аққұм деген бар шағыл, Ол жайлы аңыз еседі. Қобыланды шапқан Алшағыр, Хан ордасы деседі” - деген өлең жолдары дәлел. Аққұм өңірін “Қобыланды батыр” жырымен байланыстыратын деректер аз емес. Аққұммен қатар орналасқан Хан орны, Шәр, Оқ атқан, Шымылдық, Едіге тоғайы. Аққұмнан 60-70 шақырым жердегі Қобыланды мазары, Қобыланды ауылы дейтін жерлер де бар. 22 желтоқсан 1988 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясының шешімімен өткен Бразилия-92 құрылтайында Аққұм қорық болып белгіленді. Аудандағы балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастыруымен тарих-география-биология мұғалімдерінің “Аққұм –2006 тарихи - өлкетану экспедициясы” өтті.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
Сыртқы сілтемелер
- Қаратөбе ауданы әкімдігінің ресми сайты Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2016 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қaratobe audany Batys Қazakstan oblysynyn ontүstik shygysynda ornalaskan әkimshilik bolinis Audan ortalygy Қaratobe auyly Audan ortalygynan Oral kalasyna dejingi kashyktyk 260 km Қazakstan audanyҚaratobe audanyӘkimshiligiOblysyBatys Қazakstan oblysyAudan ortalygyҚaratobeAuyldyk okrugter sany8Auyl sany22ӘkimiҚadyrzhan Orynbasaruly SүjeugalievAudan әkimdiginin mekenzhajyҚaratobe auyly Қurmangaliev koshesi 12Tarihy men geografiyasyKoordinattary49 44 24 s e 53 32 24 sh b 49 74000 s e 53 54000 sh b 49 74000 53 54000 G O Ya Koordinattar 49 44 24 s e 53 32 24 sh b 49 74000 s e 53 54000 sh b 49 74000 53 54000 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy10 0 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny13 616 adam 2023 Ұlttyk kuramykazaktar 99 68 orystar 0 06 belarustar 0 06 tatarlar 0 05 baskalary 0 15 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi090800 090811Avtomobil kody07Қaratobe audanynyn әkimdigiGeografiyalyk orny zher bederiAudan soltүstiginde oblystyn Shyngyrlau batysynda Syrym Akzhajyk audandarymen shektesse ontүstik shygysynda Atyrau oblysynyn Қyzylkoga shygysynda Aktobe oblysynyn Ojyl Қobda audandarymen ortak shekarasy bar Audan 1928 zhyly kurylgan Audan aumagy Kaspij many ojpatynyn soltүstik shygys zhagynda ornalaskan onyn negizin Narynkum Akkum shagyldary kurajdy Ortalyk zhәne ontүstik boligi zhalpy tegistik zherler soltүstik te tegis birak zhekelegen ojpatty zherler kezdesedi Audan aumagynda Қaldygajty ozeni agyp zhatyr zhalpy uzyndygy 242 km audan sheginde 130 km Kolderdin zhalpy audany 36 5 sharshy km kurajdy sodan tushy kolder 6 8 km KlimatyAudannyn klimaty tym kontinenttik soltүstigi konyrzhaj kontinentti ylgaly tapshy zonada ornalaskan Қysy suyk uzak zhazy ystyk Қantarda ortasha temperatura 14 40 S shildede 24 30 S Zhauyn ortasha 30mm zhyldyk 214 mm Ontүstigi konyrzhaj kontinentti zhazy zhyly kurgak klimatty zonada ornalaskan Zheri kara topyrakty ashyk sortan topyrakty Audan aumagy osimdik zhamylgysyna karaj kumdy dalalyk ajmakka zhatady Soltүstik shygys boliginde әrtүrli dәndi shopter osedi batys boliginde bidajyk dәndi shopter osedi Tarihy1928 zhyly 17 kantarda Қazak AKSR nin Ortalyk Atkaru komitetinin altynshy shakyrylgan ekinshi sessiyasynda zhana әkimshilik aumaktyk bolinis bekitiledi Sol kezde kuramynda 15 audany bar Oral okrugi ujymdasty Onyn ishinde Қaratobe audany da boldy 1931 zhyly kazirgi audan ortalygy 30 auyl boldy Osy orynnan Қaratobe Қarakol onirinen Tushykara zhәne Akkozy sovhozdary kurylgan KSRO sovhozdar Ministrligi Batys Қazakstan et tresi 441 Akkozy Tushykara men Қaratobeni biriktirip Қaratobe et sovhozy dep atagan 1932 zhyly Қaratobe audany territoriyasynan 3 sovhoz 8 kolhoz 16 seriktestik ujymdaskan Audanda 17 mektep bir auruhana Қaratobe auylynda 10 keruettik eki feldsherlik punkt bir mal dәrigerlik uchastogi bir agrouchastok 4 tutynu kogamy bolgan Қaratobe poselkesi Oral kalasymen ylaumen Zhympity arkyly Ojylga onyn үstinen Қaratobeden Gurev oblysynyn Қyzylkoga poselkesine zhol katynasy audan ortalygynda Oralmen bajlanys zhasajtyn pochta telegraf bolimshesi telefon zhәne eki shenberde Қaratobe hat tasushy bajlanysy bolgan 1935 zhyly 31 kantarda Қaratobe audany kajta kuryldy 1938 1952 zhyldary audan koleminde 28 uzhymshar 2 kenshar bolgan 1957 zhyly Қaldygajty Қoskol kensharlary kurylyp sojtip audanda 4 kenshar Akkozy Қaratobe Қaldygajty Қoskol kensharlary bolgan 1961 zhyly zhanadan Shoptikol Saralzhyn kensharlary kurylgan 1962 1965 zhyldar arasynda audandar irilendirilip ajmaktyk baskaruga sәjkes Zhympity audanyna kosylgan al 1966 zhyldyn akpan ajynan үshinshi ret kajtadan bolek audan bolyp kuryldy Audan kajta kurylganda 6 kenshar men 6 auyldyk kenes bolsa 1967 zhyldyn shildesinde Қoskol kensharynyn negizinde zhanadan Egindikol kenshary 1967 zhyly 14 kyrkүjekte oblystyk atkaru komitetinin kararymen Shoptikol zhәne Қoskol auyldyk kenesteri kuryldy Shoptikol kensharynyn 3 bolimshesi negizinde Zhusandyoj mal bordakylau birlestigi ujymdastyrylgan Oral oblystyk atkaru komitetinin 1983 zhylgy 20 sәuirdegi 277 sheshimimen Zhusandyoj mal bordakylau birlestigi negizinde Қazak KSR 60 zhyldygy atyndagy kenshar ashylyp Zhusandyoj auyldyk kenesi kurylgan Sol kezden bastap audan aumagy 9 auyldyk keneske bolingen Қazirgi tanda audan aumagy 8 auyldyk okrugke bolingen Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 202116053 12884 18213 20356 22087 21115 16879 15384 Halkynyn sany 2019 zhyly 15 467 adamdy kurady Ұlttyk kuramy kazaktar 99 79 baskalary 0 21 Әkimshilik bolinisi22 eldi meken 8 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Akkozy auyldyk okrugi Қorzhyn auyly 4 740Egindikol auyldyk okrugi Egindikol auyly 1 755Zhusandyoj auyldyk okrugi Zhusandyoj auyly 2 1049Қarakol auyldyk okrugi Aktaj auyly 3 787Қaratobe auyldyk okrugi Қaratobe auyly 4 6002Қoskol auyldyk okrugi Қoskol auyly 2 946Saralzhyn auyldyk okrugi Қarakamys auyly 2 1473Sulykol auyldyk okrugi Sulykol auyly 4 1877Iri eldi mekenderiAtauy Statusy Halky 2021 Қaratobe auyl 4106Қarakamys auyl 1190Sulykol auyl 1108Shoptikol auyl 991Egindikol auyl 755Қoskol auyl 753Zhusandyoj auyl 615Қorzhyn auyl 605Aktaj auyl 509Үshana auyl 500Auyl sharuashylygy infrakurylymyAudan etti sүtti mal biyazy zhүndi zhәne karakol kojyn osiruge zhәne egin eguge bagyttalgan A sh na zharamdy zheri 964 0 myn ga onyn ishinde zhyrtylatyn zheri 44 7 myn ga shabyndygy 92 7 myn ga zhajylymy 826 0 myn ga ga zhuyk dәndi dakyly 63 4 myn ga kokonis karatop 0 1 myn ga zherdi kurajdy Audandagy buryngy 7 kenshar 1 mal bordakylau birlestigi 1997 zhyldan 145 sharua kozhalygyna 14 ondiristik kooperativ pen 9 seriktestikke biriktirilgen Oku oryndarynan 27 mektep onyn ishinde 12 orta 8 ortalau 7 bastauysh mektep 1 sport mektebi 2 saz mektebi 1 murazhaj 15 klub 8 mәdeniet үji 24 kitaphana emdeu mekemelerinen ortalyk auyruhana men emhana 2 dәrigerlik emhana kenes berushi diagnostikalyk ortalyk 17 feldsh akusherlik punkt bar Audan zherimen Oral Aktobe Oral Қaratobe avtomobil zholy otedi 1936 zhyldan Kolhozshylar үni 1957 zhyldan Enbek tuy 2006 zhyldan Қaratobe oniri atty audandyk gazeti shygady Қaratobe topyragynda kazaktyn halyk kompozitory әnshi akyn kүjshi dombyrashy Muhit Merәliuly kazaktyn algashky yurisi demokrat Bakytzhan Қarataev galym akademikter Қazhym Zhumaliev Rahymzhan Eleshev әnshi kompozitorlar Ғarifolla Қurmangaliev Eskendir Hasangaliev akyn zhazushylar Berkajyr Amanshin Қurmangazy Қaramanuly tuyp osken Қazba bajlygy En mol bajlygy tushy suy Zher kojnauynan bor keni zhәne kurylys materialdary barlangan Akbalshyk cement kiyrshyk kum slanec pisip zhetilmegen komir kiyrshyk zhәne katty tas Shyngys Beket Қubasaj alkabynan munaj men gaz oryndary zerttelude Audan zherinde 101 arheologiyalyk eskertkishter bar Қogamdyk sayasi mәni bar 11 eskertkish Olar M Merәliuly B Қarataev Ғ Қurmangaliev Dank Memorialy zhәne okrug ortalyktaryndagy sogystan oralmagan bozdaktarga arnalgan stella eskertkish belgiler Tarihi tulgalary Mәtzhan Maksymuly Tileuzhanov 15 zheltoksan 1927 zhyly Aktobe oblysy Ojyl audanynda dүniege kelgen galym filologiya gylymdarynyn doktory 1982 professor Қaratobe audanynyn kurmetti azamaty 1946 zhyly Қaratobe orta mektebin 1950 zhyly Oral pedagogikalyk institutyn үzdik bitirgen 1953 1957 zhyldary Қazakstan ҒA aspiranturasynda okygan 1962 1975 zhyldary Oral pedagogikalyk institutynyn filologiya fakultetinin dekany 1978 1982 zhyldary kazak tili men әdebieti kafedrasynyn docenti Negizgi gylymi enbekteri kazak әdebietindegi satira men yumordyn korkemdik erekshelikterin zertteuge arnaldy Birneshe monografiyanyn zhәne 250 den asa gylymi problemalyk makalalardyn avtory Ol Batys Қazakstan aumagynan auyz әdebieti nuskalaryn uzak zhyl bojy zhinap gylym akademiyasynyn koryna tapsyrdy Sondaj ak respublikada tungysh ret Etnopedagogika zhәne folklor kabinetin ujymdastyryp el ishindegi koloner tuyndylaryn zhinady Shygarmalary Astarly әzil A 1978 Mahambet omiri turaly zhana materialdar metodikalyk nuskau Oral 1985 Қazak әdebietindegi yumor men satirany okytu Oral 1987 Shahmatshy Shamshiden A 1996 Bokeev Shәngerej Sejitkerejuly 1847 zhyly Orda audany Zhaskus auylynda dүniege kelgen klassik akyn shygys әdebietinen europa orys әdebietinen susyndap kazaktyn suyryp salma poeziyasy dәstүrin zhazba әdebietke ulastyrgan asa bilimdar akyn Bes zhasynda ata anasynan zhetim kalady Birak agalarynyn kamkorlygymen Orynbor kadet korpusynda Astrahan gimnaziyasynda okygan Orys tilin үjrenip әdebiet pen mәdenietke den koyady Sarytau Saratov men Samara aralygyndagy ata konysy Kolborsyda omir keshedi Anshylyk sayatshylykty tabigat sululygyn әn kүjdi korkem soz onerin unatady ozin ozi үnemi ruhani zhetildirip otyrady olender zhazady 1917 zh Kolborsydan koship kazirgi Akzhajyk audany zherine keledi Shygarmalary 1911 12zh Shajyr Koksilder 1926 zh 23 zhoktau zhinaktary zharyk korgen 1934zhyly zheke zhinagy kejingi zhyldarda shygarmalary okulyktar men zhinaktarda zhariyalanyp otyrdy Uakyt zaman tabigat gylym oner turaly tolganady Өmirdin otui Ғylym Edison t b olenderi ozgermeli otpeli omirdin zandylygyn ezhelgi kazak poeziyasynyn en kunarly sozderimen әserli suretterimen bejnelejdi Poeziyasynda parasatty ojly dala kazagynyn oj kiyaly akyn omir sүrgen dәuirdin aluan syrlary kәsipkoj sheberlikpen ornektelgen Halyk omirimen bite kajnasyp aralasyp otyrgan ol Ғumar Қarashty auyl balalaryna okytushy etip ustajdy Ogan orys tilin үjretip orys roman povesterin mazmundap beredi Ғumar ony malshy sharualarga әngimelep otyrady Shәngerej birkatar orys akyn zhazushylarynyn shygarmalaryn M Yu Lermontovtyn Қashkyn poemasy t b kazak tiline audargan Bokeev el auyzyndagy әdebi muralardy zhinaktap ony bastyryp shygaruga kamkorlyk zhasajdy Zhazyksyz zhapa shekken Қubala akyn siyakty bukara halyk okilderine kol ushyn berip otyrady Oralda Қazakstan gazetin shygaruga atsalysady Bokeev kazak poeziyasynda ozindik ornegi ajkyn synshyl lirik әri filosof akyn Үsh gasyr zhyrlajdy zhәne Bes gasyr zhyrlajdy toptamalaryna olenderi engen Akbakajdagy mәjtine korgan zhәne mәrmәr takta 2006 zhyly kojyldy Қarataev Bakytzhan Bejsәliuly 1860 zhyly 10 mamyrda Қaratobe audany Akbakaj auylynda dүniege kelgen Қazakstannyn iri tarihi tulgalarynyn biri algashky kazak zangeri kornekti kogam kajratkeri agartushy demokrat Sultan tukymy әuletinen tarajdy Kishi zhүzdin hany Әbilhajyr Bakytzhannyn argy atasy bolyp keledi Bilimge degen yntasyn bajkagan әkesi ony Orynbor kalasynyn gimnaziyasyna okuga beredi ol ony ote zhaksy degen dәrezhemen bitirip shygady Orynbor gimnaziyasyn bitirgennan kejin Sankt Peterburg universitetinin zan fakultetine tүsip ony da 1890 zh ony үzdik bitiredi Peterburgta Kutaisida Orynborda tergeushi bolyp istejdi 1897 zhyldan Oralda Қaratobede Zhympityda advokat bolady 1907 zhyly ekinshi Memlekettik Dumaga Oral onirinen deputat bolyp katysyp zher su mәselesi bojynsha kazak halkynyn mүddesin korgap soz sojlegen 1907 1916 zhyldary agartushylyk zhumystarymen ajnalysyp Қazakstan gazetin Ajkap zhurnalyn shygaruga komektesedi 1917 zhyly bolshevikter partiyasynyn kataryna otedi 1918 zh oblystyk atkaru komitetinin mүsheligine sajlandy 1918 zh nauryzda әskeri үkimet bүlik ujymdastyryp oblysy kenes mүshelerin ishinde Қarataev ta bar tutkynga alady 1919 zh 24 kantarda Chapaev diviziyasy bosatyp kejin ol Oral oblystyk revkomnyn kuramynda ulttar kollegiyasyn baskarady 1919 zh 24 shildede ol Қazәsker revkomnyn mүsheligine tagajyndalady 1920zh 4 12 kazanda Orynborda otken Kenesterdin Bүkilkazakstandyk 1 sezine delegat bolyp Қazak respublikasy enbekshilerinin kukygy turaly deklaraciyanyn zhobasyn dajyndauga katyskan Қazak AKSR inin zan komissary boldy Kenesterinin 2 Bүkil kazakstandyk sezine de delegat bolyp katysty B Қarataev Kenes okimetin kazak saharasynda ornatuga eki ak zhyl aralasady da bolshevikterdin Kenes okimetin ornatuda kazak halkyna karsy zorlyk zombylygy kyryp zhoyuga bagyttalgan sayasaty socializm ideyasyn kүshpen engizip dininen әdet gurpynan tilinen bezdiretin zhәne mәngүrttikke ajnaldyratyn iliminin astaryn der kezinde tүsinip 1927 zhyly partiya katarynan shygady 1921 24 zhyldary ol Aktobe kalasynda advokattardyn guberniyalyk kollegiyasynyn toragasy kyzmetin atkarady Ezilgen halyktyn kukyn korgauda kop enbek sinirgen zanger Bakytzhan Қarataev bolshevikterdin kazak halkyna karsy ujymdastyrgan nәubetine ashtan kyryluyna karsy batyl үn kotergen kajratker Әdebi orta Amanshin Berkajyr Sәlimuly 11 karasha 1924 zhyly Қaratobe audany Batpakkol auylynda dүniege kelgen akyn zhazushy dramaturg audarmashy Қaratobe audanynyn kurmetti azamaty ҚazPI di 1953 zhyly bitirgen Atyrau oblysyndagy karzhy mekemelerinde 1942 47 onyn Қyzylkoga audanynda Almaty oblysy Zhambyl audanynda Almaty oblystyk atkaru komitetinde 1948 52 Қazakstan KP OK nin nuskaushysy 1952 53 Қazak meml korkem әdebiet baspasynda 1953 54 Қazak әdebieti gazetinde 1954 59 Қazakstan Zhazushylar odagynyn BҚO bolimshesinde 1959 65 Zhuldyz zhurnalynda 1965 71 Қazak KSR Mәdeniet Ministrliginde 1971 73 Mәdeniet zhәne turmys zhurnalynda Қazakstan Zhazushylar odagynda 1973 79 әr tүrli kyzmette boldy Algashky zhinagy Өlender 1954zh Zhylkyly auylda 1955 Zhetisu Zhajyk 1965 Mangystauym 1972 Zhajyk zheli 1987 Қutty meken 1984 olender men poemalar zhinaktary Zhar muny 1968 Kokzhar 1973 Akzhүrekter 1975 Gүl kotergen 1982 әngimeler men povester zhinagy Mahambettin tagdyry romany 1987 zharyk korse Isatajdyn semseri 1966 Tanystyk kerek 1968 Zhakiya 1968 Zhylama Dәmesh 1972 M Gershpen birge Mangystau okigasy 1983 pesalary respublika oblys sahnalarynda kojyldy Mahambet Y Shorekov shygarmalaryn zhinastyruga үles kosty L N Tolstoj A S Pushkin S Neplyuev t b shygarmalaryn kone orys әdebieti eskertkishi Igor zhorygy turaly zhyrdy 1951 1985 kazak tiline audargan 1989 zhyly Batpakkol auylyndagy orta mektepke Berkajyr Amanshinnin esimi berildi Zhumaliev Қazhym Қazhygali 1907 zhyly Қaratobe audany Saralzhyn auylyndadүniege kelgen zhazushy galym filologiya gylymdarynyn doktory 1947 professor 1950 Қazakstan gylym akademiyasynyn akademigi 1967 1923 25 zhyldary Orynbordagy eresekter mektebin Shymkent auyl sharuashylygy tehnikumynda 1932 zhyly ҚazPI din til әdebiet boliminde okygan 1932 37 zhyly Oral pedagogikalyk intitutynda okytushy kafedra mengerushisi Tungysh zhazgan oleni Batyrak Ғaliaskar 1928 Ergozha men Egizbaj 1929 Shabuyl 1929 olender zhinagy Өmir zhyry 1938 Isataj Mahambet koterilisin bejnelejtin Ajkas prozasy 1934 Қandy asu 1957 kitaptary kazak orta mektebinin 8 9 klastaryna arnalgan Әdebiet teoriyasy okulygy shykkan Mahambet shygarmalaryn zhinap bastyryp Mahambet olen zhyrlary turaly 1948 Abajga dejingi kazak poeziyasy zhәne Abaj poeziyasynyn tili turaly monografiyalar shygarady 1958 60 zhyldary 2 tomdyk Қazak eposy men әdebieti tarihynyn mәseleleri 2 tomdyk Әdebiet tarihy 2 tomdyk Әdebiet tarihy kitaptaryn zhogargy oku oryndarynyn studentterine arnalgan 18 19 gasyrlardagy Қazak әdebieti okulygyn zhazdy Sondaj ak kazak әdebietinin teoriyalyk mәselelerin zerttegen Stil oner ereksheligi 1966 kitabyn zharykka shygargan 1958 zhyly Қaratobe eline kelip Muhittyn ziratyn tauyp eskertkish belgi kojyluyna onyn mәrtebesin koteru maksatynda zhumystar zhүrgizgen galym Sagyngali Sejitov 20 karasha 1917 zhyly Tajpak audany Қurajlysaj auylynda dүniege kelgen akyn әdebietshi filologiya gylymdarynyn kandidaty Қaratobe audanynyn kurmetti azamaty Ұly Otan sogysyna katyskan 1947 zhyly KazPI dy bitirgen Қazakstan ҒA Til zhәne әdebiet institutynda 1947 49 Қazakstan KP OK nasihat zhәne үgit korkem әdebiet boliminde 1949 51 Қazakstan Memlekettik Korkem әdebiet baspasynda 1951 52 1952 zhyldan Қazakstan Ғylym Akademiyasynyn Әdebiet zhәne oner institutynda bolim mengerushisi aga gylymi kyzmetker bolyp zhasady Birneshe olen ocherk әngimeler zhәne әdebi zertteu zhinaktary men mektep okulyktarynyn avtory Otan sogysy zhәne Қyzyl Zhuldyz ordenderimen marapattalgan Ertilesov Zhurgali 25 sәuirde 1928 zhyly Қaratobe audany Hankol auylynda dүniege kelgen Belgili zhurnalist zhazushy KSRO baspasoz isinin үzdigi 1975 1944 zhyly Қaratobe orta mektebin bitirgen Enbek zholyn Қaratobe audandyk Kolhozshylar үni gazetinde tilshi zhauapty hatshy bop bastagan 1950 53 zhyldar Kenes armiyasy katarynda әskeri boryshyn otep 1953 1956zh zh Almaty zhogargy partiya mektebinin tyndaushysy bolgan 1956 68 zhldary Oral oniri oblystyk gazetinde zhauapty hatshy 1968 74 zhyldary Taldykorgan oblysy Oktyabr tuy gazetinin bas redaktory 1973 74 zh Қazak Sovet enciklopediyasy bas redakciyasynda mengerushisi kyzmetin atkargan Zhastyk zhalyny povesi Tugan zher tүlekteri ocherkteri zhinagynyn A 1970 avtory Birneshe medaldarmen marapattalgan Ertilesovtyn sozine zhazylgan Қaratobem әni karatobelikterdin turakty repertuarynda Hasanov Қajyrzhan olketanushy akyn prozaik zhazushy zhurnalist Қazakstan Zhurnalister Odagynyn mүshesi Қaratobe audanynyn kurmetti azamaty 1942 zhyldyn 2 zheltoksan kүni Қaratobe audanynyn Sәule auylynda dүniege kelgen 1969 zhyly Oral pedinstitutynyn filologiya fakultetin bitirip Қaratobe audanynyn mektepterinde mugalim audandyk gazet redakciyasynda audandyk partiya komitetinde zhauapty kyzmetterde istegen Ұzak zhyldar audandyk Enbek tuy gazetinin redaktory bola zhүrip audannyn tarihyn onyn belgili adamdarynyn omirleri men shygarmashylyktaryn zerttep audandyk oblystyk respublikalyk basylymdarga zhazyp zharykka shygaruda kazhyrly enbek etip kele zhatkan el tarihyn zerteushi olketanushy folklor zhinaushy Өlenderi en algash Zhyr besik A 1983 zhinagyna engizilgen Әr zhyldary Қ Hasanovtyn kalamynan tugan zher men olke tarihyna katysty birneshe kitaptary zharyk korgen Olar Dala bulbuly 1991zh esse kitaby Ajtys atalyk dәstүr Oral 1991 Akbakaj әuenderi 1991 Қaratobe kut meken 2002 zhyr zhinaktary Қaratobe orendi onerli olke uzhymdyk zhinak 1995 Aktandakta atylgan azamattar 1996 Қos batyrdyn hikayasy 2000 Қaratobe әn men kүjdin ordasy 2000 Қaratau bi 2002 Daraboz dombyrashy 2003 Bajgutty Sholakkamys batyrlary 2003 Әnshi Muhit 2004 Sonaly okigasy 2006 Қaratobe kazynasy 2006 Өmirimnin ornekteri 2007 2368 is nemese Tolegen Imangaziev tagdyry turaly 2007 kitaptarynyn avtory Қ Hasanov birneshe medaldarmen marapattalgan birneshe ret audandyk sovet deputaty 1995 99 zhyldary audandyk mәslihat deputaty bolyp sajlangan Қazirgi uakytta zejnetker Oral kalasynda turady Қurmangazy Қaramanuly 5 zheltoksan 1943 zhyly Қaratobe audany Egindikol auylynda dүniege kelgen Zhazushy zhurnalist Қazakstannyn enbek sinirgen mәdeniet kyzmetkeri 1987 Қazakstan Zhazushylar zhәne Zhurnalister odagynyn mүshesi Egindikol auylyndagy zheti zhyldyk mektepti 1960 bitirgen 1962 69 zh ҚazMU din zhurnalistika fakultetin okygan 1969 zh Leninshil zhas gazetine zhumyska kabyldandy 1976 93 zh Zhalyn baspasynda redaktor redakciya mengerushisi bas redaktordyn orynbasary boldy 1993 96 zh Balausa baspasynda istedi Қazir dajzhest zhanyryndagy respublikalyk tungysh basylym Kok aspan Қara zher gazetinin redaktory Қ Қaramanulynyn algashky tuyndysy Shajtantobedegi ot әngimesi 1960 zh oblysy Oktyabr tuy kaz Oral oniri gazetinde zhariyalanady Tungysh kitaby Қajran otkel miniatyuralyk әngimeler toptamasy 1978 Sondaj ak Қyzgysh kus A 1980 Altyn izdeushiler 1987 Zhalgyz atty zholaushy 1996 povester zhinagy Tәnirge tagzym 1996 zertteu enbegi shykty Sondaj ak ol әlemdik әdebet klassikteri Ernest Heminguejdin Қosh bol majdan 1983 Grem Grinnin Komedianttar 1984 romandaryn audardy Agylshyn tilin oz betinshe okyp үjrengen zhazushy songy eki romandy audaru barysynda shygarma avtorlarymen hat arkyly habarlasyp әriptestik bajlanys ornatty Sonyn nәtezhesinde Strun Kaliforniya AҚSh oz romanynyn kazaksha nuskasyna algy soz Grin Antib Franciya songy soz zhazyp berdi 2002 zhyldan beri karaj әr oku zhylynyn basynda Egindikol orta mektebinin zhaksy okityn үlgili tәrbieli 10 okushysyna Ak Orynsha atty stipendiya tagajyndap toksan korytyndysymen berip turylady EkologiyasyAkkum korygy Қaratobe audanynyn Egindikol auylynan 10km zherde ornalaskan kumdy alkap Akkum soltүstikten ontүstikke karaj uzyndygy 18 batystan shygyska karaj 8 shakyrym endikke sozylgan kustyn sopaksha zhumyrtkasy tәrizdes kumdy zhotalar Akkum tarihi zherArheologiyalyk kazba zhumystary zhүrgizilip A M Panchenko Ғ V Kushaev altyn bujymdar әskeri kuraldar turmystyk kural zhabdyktar t b nәrseler tabylgan Қaratobedegi olketanu muzejinde Akkumnan tabylgan eksponattar kojylgan Osy zher HII HIV gasyrlarda ezhelgi kalanyn orny bolgan degen zhoramal bar Halyk arasyndagy anyzga sәjkes Akkum shagyly Alshagyr hannyn shaһary iri sauda ortalygy bolganga sayady Akkum shaһaryn Alshagyrdan oshin algan Қobylandy kiratkan degen anyz bar Ogan Қobylandy batyr zhyryndagy Akkum degen bar shagyl Ol zhajly anyz esedi Қobylandy shapkan Alshagyr Han ordasy desedi degen olen zholdary dәlel Akkum onirin Қobylandy batyr zhyrymen bajlanystyratyn derekter az emes Akkummen katar ornalaskan Han orny Shәr Ok atkan Shymyldyk Edige togajy Akkumnan 60 70 shakyrym zherdegi Қobylandy mazary Қobylandy auyly dejtin zherler de bar 22 zheltoksan 1988 zhylgy Birikken Ұlttar Ұjymynyn Assambleyasynyn sheshimimen otken Braziliya 92 kuryltajynda Akkum koryk bolyp belgilendi Audandagy balalar men zhasospirimder sayahaty zhәne ekologiya ortalygynyn ujymdastyruymen tarih geografiya biologiya mugalimderinin Akkum 2006 tarihi olketanu ekspediciyasy otti DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktarySyrtky siltemelerҚaratobe audany әkimdiginin resmi sajty Muragattalgan 15 zheltoksannyn 2016 zhyly