Бағдат (араб: بغداد — «құдайдың берген сыйы») — Ирактың астанасы, Бағдат мухафазының әкімшілік орталығы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай Дияла өзенінің сағасына дейінгі аралықта, Жерорта теңізі, орталық және Оңтүстік Азия елдерін жалғастыратын жолдар тоғысында орналасқан. Халқы 3 млн. (1996).
Қала | |
Бағдат | |
араб.: بغداد | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Астана |
Мухафаза |
|
Мэр | Зикра әл-Виш |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 33°21′ с. е. 44°25′ ш. б. / 33.350° с. е. 44.417° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 33°21′ с. е. 44°25′ ш. б. / 33.350° с. е. 44.417° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 762 |
Жер аумағы | 204,2 км² |
Орталығының биiктігі | 34 м |
Уақыт белдеуі | UTC+3, жазда |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 9 028 000 адам (2015) |
Тығыздығы | 25 751 адам/км² |
Агломерация | 8 000 000 |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 10001–10090 |
baghdadgov.com | |
Бағдат шекарасы | |
Ортаққордағы санаты: Бағдат |
Тарихы
Бағдатты 762 жылы Мадинатус Салам (Бейбіт қала) деген атпен халиф Мансұр салдырып, Аббас халифатының астанасына айналдырады. Бұрын оның орнында шағын елді мекен болған. IX ғасырда қала қолөнер кәсібі мен сауда-саттықтың, ортағасырлық араб мәдениетінің ірі орталығына айналған. Бағдат арқылы Үндістаннан, Арабиядан, Еуропа елдерінен тауарлар тасылды. Аббас әулетінің халифаты ыдырағаннан кейін өзінің саяси маңызын жоғалтқанымен, күллі шығыс жұрты табынған ғылым орталық болып қала берді.
XIII ғасырда Бағдатта 30-дан астам кітапхана болған. 945 жылы Буида әулетінің, 1055 жылы Селжүк әулетінің қол астына өткен. 1258 жылы Бағдатты Шыңғыс хан әулеті басып алып, қаланы қиратып, тонады. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында Әмір Темір бұл қаланы екі рет жаулап алды. XVI-XVII ғасырларда Бағдат біресе османлылардың, біресе парсылардың билігіне өтіп отырды. 1638-1917 жылдары қала Ұлы Османлы Мемлекетінің құрамында болды. 1917 жылы ағылшын әскерлері басып алды. 1920 жылдан бастап Ұлыбританияның мандатымен басқарылатын аймақтың әкімшілік орталығы, 1921-1958 жылдары Ирак әмірлігінің астанасы.
Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың (1948, 1949, 1952, 1954 жылғы ірі көтерілістердің) ошағы болды. 1958 жылдан Ирак Республикасының астанасы.
Экономикасы
Ирактағы барлық өндіріс орнының, әсіресе, тоқыма, тері өңдеу, тамақ өнеркәсібінің 25%-і Бағдатқа шоғырланған. Ірі электр техника зауыты бар. Қала жанында ірі мұнай зауыты орналасқан.
Мәдениеті
Бағдатта әлемге белгілі сәулет ескерткіштері: Аббас әулетінің сарайы (12-ғасырдың соңы — 13 ғасырдың басы), Зүбайда кесенесі (13 ғасырдың басы), (1279), керуен сарайы (1358/59), «Алтын мешіт» кесенесі (1515) және т. б. жақсы сақталған. Сондай-ақ мұнда университет, Ғылым Академиясы, 6 музей, кітапхана ғимараты бар.
Ежелгі Қазақ топырағынан шығып, бүкіл түркі жұртының мақтанышына айналған ойшыл ғалымдар — Әбу Наср әл-Фараби (870—950), Әлам әд-Дин әл-Жауһари (шамамен 1008 ж.ө.), Бурһан әд-Дин Ахмад әл-Фараби (шамамен 1174 ж.ө.), Махмұт Қашқари (11 ғасыр), Әбу Абдаллаһ әл-Баласағұни (1040/50 —1112), Абд әл-Ғафур әл-Кердери (шамамен 1166 ж.ө.) және т. б. білімдерін толықтыру үшін Бағдатқа барып, дәріс алған, ғылым еңбектер жазған.
Климаты
Қала мен оның төңірегіндегі жердің ауа райы субтропиктік жерортатеңіздік климаттың ықпалымен қалыптасады. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы шамамен +10°С-ты, шілдеде — шамамен +34°С-ты құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 160—180 мм аралығында болады.
Мамыр-маусым айларында солтүстік-батыстан жел соғып тұрады. Бұл кезеңде Бағдат пен оның айналасында шаңды және құмды дауылдар жиі болады.
Халқы
АҚШ-пен әскери қимылдар басталғанға дейін (2003 ж.) Бағдаттағы халық саны 5,1 млн-нан астам адамды құрады. Алайда қала тұрғындарының бір бөлігінің опат болуы, сондай-ақ Бағдаттықтардың елдің басқа қалалары мен шет елдерге саяси себептермен қоныс аударуының нәтижесінде қала халқы айтарлықтай кеміді.
Қала халқының ұлттық құрамы, негізінен, арабтардан (75%-ы), сондай-ақ күрдтерден, түріктерден, ассириялықтардан, армяндардан, еврейлерден, т.б. тұрады. Араб тілі мемлекеттік тіл болып табылады, ресми мәртебе алған күрд тілі де кең таралған. Бағдаттың дінге сенуші тұрғындарының арасында шииттік және сунниттік бағыттағы мұсылмандар (90%-дан жоғары) басым, шамалы бөлігі христиан және иудея дінін ұстанады.
Дереккөздер
- Baghdad’s Trailblazing Female Mayor Zekra Alwach Faces Tough Times Ahead, Glammonitor.com, 2015-7-8
- Страны мира, М., 1997.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
Сыртқы сілтемелер
- Map of Baghdad Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2009 жылы.
- Iraq Image — Baghdad Satellite Observation Мұрағатталған 11 қыркүйектің 2007 жылы.
- National Commission for Investment in Iraq
- Interactive map
- Iraq — Urban Society
- Envisioning Reconstruction In Iraq
- Description of the original layout of Baghdad Мұрағатталған 12 ақпанның 2006 жылы.
- Ethnic and sectarian map of Baghdad - Healingiraq
- UAE Investors Keen On Taking Part In Baghdad Renaissance Project
- Man With A Plan: Hisham Ashkouri
- Behind Baghdad's 9/11
- Iraq Inter-Agency Information & Analysis Unit Reports, maps and assessments of Iraq from the UN Inter-Agency Information & Analysis
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bagdat arab بغداد kudajdyn bergen syjy Iraktyn astanasy Bagdat muhafazynyn әkimshilik ortalygy Tigr ozeninin eki zhagasyn bojlaj Diyala ozeninin sagasyna dejingi aralykta Zherorta tenizi ortalyk zhәne Ontүstik Aziya elderin zhalgastyratyn zholdar togysynda ornalaskan Halky 3 mln 1996 ҚalaBagdatarab بغداد ӘkimshiligiEl Irak IrakStatusyAstanaMuhafazaMerZikra әl VishTarihy men geografiyasyKoordinattary33 21 s e 44 25 sh b 33 350 s e 44 417 sh b 33 350 44 417 G O Ya Koordinattar 33 21 s e 44 25 sh b 33 350 s e 44 417 sh b 33 350 44 417 G O Ya Қurylgan uakyty762Zher aumagy204 2 km Ortalygynyn biiktigi34 mUakyt beldeuiUTC 3 zhazdaTurgyndaryTurgyny9 028 000 adam 2015 Tygyzdygy25 751 adam km Aglomeraciya8 000 000Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi10001 10090baghdadgov comBagdatBagdat shekarasyOrtakkordagy sanaty BagdatTarihyBagdatty 762 zhyly Madinatus Salam Bejbit kala degen atpen halif Mansur saldyryp Abbas halifatynyn astanasyna ajnaldyrady Buryn onyn ornynda shagyn eldi meken bolgan IX gasyrda kala koloner kәsibi men sauda sattyktyn ortagasyrlyk arab mәdenietinin iri ortalygyna ajnalgan Bagdat arkyly Үndistannan Arabiyadan Europa elderinen tauarlar tasyldy Abbas әuletinin halifaty ydyragannan kejin ozinin sayasi manyzyn zhogaltkanymen kүlli shygys zhurty tabyngan gylym ortalyk bolyp kala berdi XIII gasyrda Bagdatta 30 dan astam kitaphana bolgan 945 zhyly Buida әuletinin 1055 zhyly Selzhүk әuletinin kol astyna otken 1258 zhyly Bagdatty Shyngys han әuleti basyp alyp kalany kiratyp tonady XIV gasyrdyn sony men XV gasyrdyn basynda Әmir Temir bul kalany eki ret zhaulap aldy XVI XVII gasyrlarda Bagdat birese osmanlylardyn birese parsylardyn biligine otip otyrdy 1638 1917 zhyldary kala Ұly Osmanly Memleketinin kuramynda boldy 1917 zhyly agylshyn әskerleri basyp aldy 1920 zhyldan bastap Ұlybritaniyanyn mandatymen baskarylatyn ajmaktyn әkimshilik ortalygy 1921 1958 zhyldary Irak әmirliginin astanasy Otarshyldykka karsy ult azattyk kozgalystyn 1948 1949 1952 1954 zhylgy iri koterilisterdin oshagy boldy 1958 zhyldan Irak Respublikasynyn astanasy EkonomikasyIraktagy barlyk ondiris ornynyn әsirese tokyma teri ondeu tamak onerkәsibinin 25 i Bagdatka shogyrlangan Iri elektr tehnika zauyty bar Қala zhanynda iri munaj zauyty ornalaskan MәdenietiBagdatta әlemge belgili sәulet eskertkishteri Abbas әuletinin sarajy 12 gasyrdyn sony 13 gasyrdyn basy Zүbajda kesenesi 13 gasyrdyn basy 1279 keruen sarajy 1358 59 Altyn meshit kesenesi 1515 zhәne t b zhaksy saktalgan Sondaj ak munda universitet Ғylym Akademiyasy 6 muzej kitaphana gimaraty bar Ezhelgi Қazak topyragynan shygyp bүkil tүrki zhurtynyn maktanyshyna ajnalgan ojshyl galymdar Әbu Nasr әl Farabi 870 950 Әlam әd Din әl Zhauһari shamamen 1008 zh o Burһan әd Din Ahmad әl Farabi shamamen 1174 zh o Mahmut Қashkari 11 gasyr Әbu Abdallaһ әl Balasaguni 1040 50 1112 Abd әl Ғafur әl Kerderi shamamen 1166 zh o zhәne t b bilimderin tolyktyru үshin Bagdatka baryp dәris algan gylym enbekter zhazgan KlimatyҚala men onyn toniregindegi zherdin aua rajy subtropiktik zherortatenizdik klimattyn ykpalymen kalyptasady Қantardagy auanyn ortasha temperaturasy shamamen 10 S ty shildede shamamen 34 S ty kurajdy Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 160 180 mm aralygynda bolady Mamyr mausym ajlarynda soltүstik batystan zhel sogyp turady Bul kezende Bagdat pen onyn ajnalasynda shandy zhәne kumdy dauyldar zhii bolady HalkyAҚSh pen әskeri kimyldar bastalganga dejin 2003 zh Bagdattagy halyk sany 5 1 mln nan astam adamdy kurady Alajda kala turgyndarynyn bir boliginin opat boluy sondaj ak Bagdattyktardyn eldin baska kalalary men shet elderge sayasi sebeptermen konys audaruynyn nәtizhesinde kala halky ajtarlyktaj kemidi Қala halkynyn ulttyk kuramy negizinen arabtardan 75 y sondaj ak kүrdterden tүrikterden assiriyalyktardan armyandardan evrejlerden t b turady Arab tili memlekettik til bolyp tabylady resmi mәrtebe algan kүrd tili de ken taralgan Bagdattyn dinge senushi turgyndarynyn arasynda shiittik zhәne sunnittik bagyttagy musylmandar 90 dan zhogary basym shamaly boligi hristian zhәne iudeya dinin ustanady DerekkozderBaghdad s Trailblazing Female Mayor Zekra Alwach Faces Tough Times Ahead Glammonitor com 2015 7 8 Strany mira M 1997 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 I tom Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazirgi dүnie geografiyasy Hrestomatiya Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 11 synybyna arnalgan oku kuraly Қ Ahmetov T Uvaliev G Tүsipbekova Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 36 216 5Syrtky siltemelerMap of Baghdad Muragattalgan 30 kyrkүjektin 2009 zhyly Iraq Image Baghdad Satellite Observation Muragattalgan 11 kyrkүjektin 2007 zhyly National Commission for Investment in Iraq Interactive map Iraq Urban Society Envisioning Reconstruction In Iraq Description of the original layout of Baghdad Muragattalgan 12 akpannyn 2006 zhyly Ethnic and sectarian map of Baghdad Healingiraq UAE Investors Keen On Taking Part In Baghdad Renaissance Project Man With A Plan Hisham Ashkouri Behind Baghdad s 9 11 Iraq Inter Agency Information amp Analysis Unit Reports maps and assessments of Iraq from the UN Inter Agency Information amp AnalysisBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet