Ұшақ (ағылш. airplane, plane, орыс. самолёт) — күштік қондырғы (қозғалтқыш) көмегімен атмосферада ұша алатын, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты болып саналады. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.
Тарихы
Ежелгі үнді әдебиетінде вимана атты ұшу аппараттарының сипаттамалары кездеседі. Ұшу аппараттары туралы ақпарат сонымен қатар түрлі халықтардың фольклорында да кездеседі (сиқырлы ұшатын кілем, Мыстан кемпірдің келісі).
XVIII-XIX ғғ. аралығында ағылшын табиғат зерттеуші Джордж Кейли қозғалмайтын қанаты және одан бөлек қозғаушысы бар ұшу аппаратының концепциясын ұсынған болатын. 1843 жылы ағылшын өнертапқышы Уильям Хенсон ұшақ жобасына патент алды. 1864 жылы Николай Афанасьевич Телешов Ресейдегі алғашқы ұшақ жобасын ұсынды. 1874 жылы француз теңіз офицері Жан Мари Феликс де Ла Круа Дю Тампль бу машинасы орнатылған толық өлшемді ұшақты жасады. Алайда қозғалтқыштың қуаты жетіспегені салдарынан оған ұшуға мүмкіндік бермеді. 1882 жылы Ресей Империясы әскери мекемесі мен Орыс техникалық қоғамының қатысуымен орыс теңіз офицері Александр Федорович Можайский жобасы бойынша жасалынған бу қозғалтқышы орнатылған ұшақты ұшыруға талпыныс жасалынған болатын. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары еді. XX ғ-да КСРО-да жасалынған зерттеулер сол кезде қолданылған қозғалтқыштың қуаты ұшақтың ұшуы үшін жеткіліксіз болғанын көрсетеді, алайда бұл ұшақты өз көзімен көрген адамдардың айтуынша ұшақтың жерден қысқа қашықтыққа бірнеше рет көтерілуі болған. Клеман Адер (Франция) және Хайрем (Гирам) Максимнің (США) бу қозғалтқышы бар ұшақтары да бірнеше рет жерден қысқа көтерілімдер жасаған болатын, алайда тұрақты басқарылатын ұшулар жасай алмады. Мұның басты себептері: ұшу мен басқару теориясының, беріктік теориясы мен аэродинамикалық есептеулердің болмауы. Соның нәтижесінде ұшақтар жорамалданып құрастырылған болатын, алайда авиация пионерлерінің көбісінде мол инженерлік тәжірибесі бар болатын.
Конструкция
Ұшақтардың негізгі элементтері (агрегаттары):
- Қанат — ұшақтың ілгерілемелі қозғалысы кезінде ұшу үшін көтергіш күшті тудыратын аэродинамикалық бет. Көтеріші күш қанаттың астыңғы және үстіңгі беттеріндегі ауа қысымының нәтижесіне пайда болды: ұшақ ілгері қозғалған кезде қанаттың астыңғы бетіндегі ауа қысымы үстіңгіге қарағанда артық болады. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Қанатта аэродинамикалық басқару құралдары (элерондар, элевондар және т.б.), қанаттың көтергіш күші мен ұшақтың аэродинмикалық кедергісін басқаруға арналған қанат механизациясы (алғықанатша, жалғасқанатша және т.б.) орнатылады және көп жағдайларда онда қозғалтқыштар, шассидің негізгі тіректері бекітіледі, әрі оның қуысына жанармай құйылады. Жалғыз қанатты ұшақ — моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ — биплан деп аталады.
- Фюзеляж — экипаж, жолаушылар, жүктер және құрылғыларды орналастыруға, қанатты, қауырсынды, шассиді, қозғалтқыштарды және т.б. ұшақ бөліктерін тұтастырып бекітуге арналған. Фюзеляжы жоқ ұшақтар да бар (мысалы, «ұшатын қанаттар»). Гидроұшақтарда фюзеляж рөлін қайық атқарады.
- Қауырсын — ұшу кезіндегі тұрақтылықты, басқаруды және ұшақтың баланстауын қамтамасыз ететін аэродинамикалық беттер. Ұшақты басқару үшін қауырсында ауытқитын беттер — аэродинамикалық рөлдер (бағыт рөлі, биіктік рөлі) орнатылады немесе қауырсын беттері ауытқитын болып жасалынады.
- Шасси — ұшаққа жерден ұшуды, қонуды, жер бетінде басқаруды және тұрақтауды қамтамасыз ететін тіректер, доңғалақтар және т.б. құрылғылардан тұратын жүйе. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Гидроұшақтарда шасси ретінде арнайы қалтқылар қолданылады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады.
- Күштік қондырғы — ұшақтың ұшуына қажетті, оның аэродинамикалық қарсылыс күшін теңестіретін тарту күшін туғызушы қозғалтқыштар мен қозғаушылардың (винттердің) жиынтығы. Тарту күшін поршенді қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса қозғалтқыштан шығатын газдардың реактивті ағыны, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газдардың реактивті ағыны, яғни реактивтік күш тудырады.
- Борттық жабдықтар жүйелері — кез келген жағдайда ұшуды қамтамасыз ететін түрлі құрылғылардың жиынтығы.
Классификация
Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады; (қараңыз Авиация, Авиация өнеркәсібі)
Қолдану мақсатына қарай
- Жойғыш
- Тосқауылшы
- Жойығыш-бомбылаушы
- Бомбылаушы
- Майдандық бомбылаушы
- Стратегиялық бомбылаушы
- Зымырантасушы
- Шабуылдаушы ұшақ
- Жанармай құюшы ұшақ
- Дәлдеп-түзетуші
- Патрульдік ұшақ
- Барлаушы ұшақ
- Кемеге қарсы ұшақ
- Әуелік әуе тасымалдаушы
- Әскери көліктік
- Көпнысанды және арнайы.
Әскери ұшақтар қазақ жерінде 1940 -1945 жж. кеңінен қолданылған. Соғыс жылдарында өте жақсы дамымағанымен, қолдануға жарарлық болған. Алайда уақыт өте келе қолданылатын ұшақтың бұл әскери түрлері ҚР-да құрастырылмайды. Өзге елден келетін ұшақтың қазіргі түрлері өте көп.
- Азаматтық
- Жолаушы тасымалдаушы ұшақ
- Көлік ұшағы — жүк тасымалдаушылар
- Пошталық — Авиапошта тасымалдауға арналған.
- Курьерлік
- Ауылшарушылық
- Санитарлық — медециналық көмек беруші ұшақтар
- Өрт сөндіруші — өрт сөндіру үшін (негізіен орман өрттерін)
- Геологиялық барлау — Әуеден геологиялық барлау өткізу
- Эксперименталды — ұшу эксперименттерін жасауға арналған ұшатын лабаратория
- Спорттық — авиациялық спортпен айналасуға арналған ұшақтар
- оқу-жаттығу ұшақтары — ұшқыштарды даярлауға арналған ұшақ
- әскери оқу-жаттығу ұшақтары — әскери ұшқыштарды даярлауға арналған ұшақ. Ең кеңінен пайдаланылатын ұшақтардың бір түрі болып саналатын Азаматтық әуе көліктері ең кең тараған авиация.
Ұшу массасына қарай
- 1 санатты (75 т және одан да көп)
- 2 санатты (30-тен 75 тоннаға дейін)
- 3 санатты (10-нан 30 тоннаға дейін)
- 4 санатты (10 тоннаға дейін)
- жеңілмоторлы
- өте жеңіл (495 кг-ға дейін)
Ұшақ санаты осы ұшақты қабылдай алатын аэродромның санатымен байланысты.
Қозғалтқыштар бойынша
- Күш қондырғысының типіне байланысты:
- поршеньді (ПҚ) (Ан-2)
- турбовинтті (ТВҚ) (Ан-24)
- турбореактивті(ТРҚ) (Ту-154)
- Зымырандық қозғалтқышпен
- Комбинацияланған күш қондырғысымен (ККҚ)
- Қозғалтқыш саны бойынша :
- бір қозғалтқышты (Ан-2)
- екі қозғалтқышты (Ан-24)
- үш қозғалтқышты (Ту-154)
- төрт қозғалтқышты (Ан-124 «Руслан»)
- бес қозғалтқышты (He-111Z)
- алты қозғалтқышты (Ан-225 Мрия)
- жеті қозғалтқышты (К-7)
- сегіз қозғалтқышты (АНТ-20, Boeing B-52)
- он қозғалтқышты (Convair B-36J)
- он екі қозғалтқышты (Dornier Do X)
Құрылымдық сызбасы бойынша
Бұл нышан бойынша классификациялау көпнұсқалы. Төменде ең негізгілері берілген.
Қанат саны бойынша:
Монопландардағы қанаттың орналысуы бойынша:
- Жоғарыплан
- Ортаплан
- Төменплан
- Парасоль
Қауырсынның орналасуы бойынша:
- Стандартты сызба (қауырсын ұшақ артында)
- Ұшатын қанат (құйрықсыз)
- Құйрықсыз
- «үйрек» (қауырсын ұшақ алдында);
Фюзеляждың типі, өлшемі және қабат саны бойынша:
- Бірфюзеляжды:
- Тарфюзеляжды;
- Кеңфюзеляжды;
- Екібалкалы сызба («рама»);
- Фюзеляжсыз («ұшатын қанат»).
- Екіпалубалы ұшақ
Шасси түрі бойынша:
- Құрлықтық;
- дөңгелекті шасси:
- құрық тірегімен;
- алдыңғы тірекпен;
- велосипред типтес тірекпен;
- шыңғылы шасси;
- табан шынжырлы шасси;
- ауа жастығындағы (ЭКИП және т.б. экперименталды типтерінде);
- дөңгелекті шасси:
- Гидроұшақтар;
- амфибиялар;
- қалтқылы;
- «ұшатын қайық».
Ұшу жылдамдығына қарай
- дыбыс жылдамдығына дейінгі (Махтың максимал ұшу саны 0,7-0,8-ден кем)
- дыбыс жылдамдығымен шамалас (Махтың максимал ұшу саны 0,7-0,8 - 1,2 аралығында)
- дыбыстан жоғары (Махтың максимал ұшу саны 1,2 - 5 аралығында)
- гипердыбыстық (Махтың максимал ұшу саны 5-тен аса)
Қону мүшелері бойынша
- құрлықтық
- қайықтық
- гидроұшақтар
- ұшатын сүңгуір қайығы
Ұшу және қону түрі бойынша
- вертикалді (қиғаш) (ҚҰҚ)
- қысқа (ҚҚҰҚ)
- көлденең (басқаша қарапайым) ұшып қонатын
Модельді жобалау және меңгеру деңгейі бойынша
- экспериментальді
- тәжірибелі
- сериялы
Басқару түріне байланысты
- ұшқыш басқаратын
- ұшқышсыз (робо-ұшақтар)
Дереккөздер
- Соболев Д. А. История самолётов. Начальный период. — М.: РОССПЭН, 1995. — Б. 343.
- Энциклопедия "Авиация" — М.: Научное издательство "Большая Российская Энциклопедия", 1994. — Б. 736.
Қолданылған әдебиеттер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Б.Ш. Абдульдина, М.Б. Маданова, Г.С. Кулджина Русско-казахский авиационный словарь (Орысша-қазақша авиациялық сөздік) — Азаматтық авиация академиясы, 2007. — ISBN 978-601-7086-01-5.
- Житомирский Г. И Конструкция самолётов — 3-ші. — М.: "Машиностроение", 2005. — Б. 406. — ISBN 5-217-03299-5.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұshak agylsh airplane plane orys samolyot kүshtik kondyrgy kozgaltkysh komegimen atmosferada usha alatyn kozgalmajtyn kanaty bar auadan auyr ushu apparaty bolyp sanalady Bul apparat oz kozgaltkyshynyn tartu kүshimen belgili bir zhyldamdykpen kozgalgan kezde kanatynda pajda bolatyn kotergish kүsh әserinen aspanga koteriledi Yak 42 ushagyTarihyTolyk makalasy Aviaciya tarihy Ezhelgi үndi әdebietinde vimana atty ushu apparattarynyn sipattamalary kezdesedi Ұshu apparattary turaly akparat sonymen katar tүrli halyktardyn folklorynda da kezdesedi sikyrly ushatyn kilem Mystan kempirdin kelisi XVIII XIX gg aralygynda agylshyn tabigat zertteushi Dzhordzh Kejli kozgalmajtyn kanaty zhәne odan bolek kozgaushysy bar ushu apparatynyn koncepciyasyn usyngan bolatyn 1843 zhyly agylshyn onertapkyshy Uilyam Henson ushak zhobasyna patent aldy 1864 zhyly Nikolaj Afanasevich Teleshov Resejdegi algashky ushak zhobasyn usyndy 1874 zhyly francuz teniz oficeri Zhan Mari Feliks de La Krua Dyu Tampl bu mashinasy ornatylgan tolyk olshemdi ushakty zhasady Alajda kozgaltkyshtyn kuaty zhetispegeni saldarynan ogan ushuga mүmkindik bermedi 1882 zhyly Resej Imperiyasy әskeri mekemesi men Orys tehnikalyk kogamynyn katysuymen orys teniz oficeri Aleksandr Fedorovich Mozhajskij zhobasy bojynsha zhasalyngan bu kozgaltkyshy ornatylgan ushakty ushyruga talpynys zhasalyngan bolatyn Sol kezenge dejin zhasalyp synalyp zhүrgen apparattardyn bәri motorsyz ushu apparattary edi XX g da KSRO da zhasalyngan zertteuler sol kezde koldanylgan kozgaltkyshtyn kuaty ushaktyn ushuy үshin zhetkiliksiz bolganyn korsetedi alajda bul ushakty oz kozimen korgen adamdardyn ajtuynsha ushaktyn zherden kyska kashyktykka birneshe ret koterilui bolgan Kleman Ader Franciya zhәne Hajrem Giram Maksimnin SShA bu kozgaltkyshy bar ushaktary da birneshe ret zherden kyska koterilimder zhasagan bolatyn alajda turakty baskarylatyn ushular zhasaj almady Munyn basty sebepteri ushu men baskaru teoriyasynyn beriktik teoriyasy men aerodinamikalyk esepteulerdin bolmauy Sonyn nәtizhesinde ushaktar zhoramaldanyp kurastyrylgan bolatyn alajda aviaciya pionerlerinin kobisinde mol inzhenerlik tәzhiribesi bar bolatyn KonstrukciyaTolyk makalasy Ұshak konstrukciyasy Ұshaktardyn negizgi elementteri agregattary Қanat ushaktyn ilgerilemeli kozgalysy kezinde ushu үshin kotergish kүshti tudyratyn aerodinamikalyk bet Koterishi kүsh kanattyn astyngy zhәne үstingi betterindegi aua kysymynyn nәtizhesine pajda boldy ushak ilgeri kozgalgan kezde kanattyn astyngy betindegi aua kysymy үstingige karaganda artyk bolady Қanat kotergish kүsh tudyrumen birge koldenen bagyttagy ornyktylykty kamtamasyz etedi Қanatta aerodinamikalyk baskaru kuraldary elerondar elevondar zhәne t b kanattyn kotergish kүshi men ushaktyn aerodinmikalyk kedergisin baskaruga arnalgan kanat mehanizaciyasy algykanatsha zhalgaskanatsha zhәne t b ornatylady zhәne kop zhagdajlarda onda kozgaltkyshtar shassidin negizgi tirekteri bekitiledi әri onyn kuysyna zhanarmaj kujylady Zhalgyz kanatty ushak monoplan al kanattary eki kabat ornalaskan ushak biplan dep atalady Fyuzelyazh ekipazh zholaushylar zhүkter zhәne kurylgylardy ornalastyruga kanatty kauyrsyndy shassidi kozgaltkyshtardy zhәne t b ushak bolikterin tutastyryp bekituge arnalgan Fyuzelyazhy zhok ushaktar da bar mysaly ushatyn kanattar Gidroushaktarda fyuzelyazh rolin kajyk atkarady Қauyrsyn ushu kezindegi turaktylykty baskarudy zhәne ushaktyn balanstauyn kamtamasyz etetin aerodinamikalyk better Ұshakty baskaru үshin kauyrsynda auytkityn better aerodinamikalyk rolder bagyt roli biiktik roli ornatylady nemese kauyrsyn betteri auytkityn bolyp zhasalynady Shassi ushakka zherden ushudy konudy zher betinde baskarudy zhәne turaktaudy kamtamasyz etetin tirekter dongalaktar zhәne t b kurylgylardan turatyn zhүje Kopshilik zhagdajlarda shassi zhinalmaly bolyp zhasalady Gidroushaktarda shassi retinde arnajy kaltkylar koldanylady Ұsharda zhәne konarda zhol talgamajtyn ushaktyn tүri amfibiya dep atalady Bul ushaktyn dongalakty shassii zhәne kajyk tәrizdi korpusy bolady Kүshtik kondyrgy ushaktyn ushuyna kazhetti onyn aerodinamikalyk karsylys kүshin tenestiretin tartu kүshin tugyzushy kozgaltkyshtar men kozgaushylardyn vintterdin zhiyntygy Tartu kүshin porshendi kozgaltkyshtarda aua vintteri trubovintti kozgaltkyshtarda aua vintterine kosa kozgaltkyshtan shygatyn gazdardyn reaktivti agyny al reaktivti kozgaltkyshtarda tek gazdardyn reaktivti agyny yagni reaktivtik kүsh tudyrady Borttyk zhabdyktar zhүjeleri kez kelgen zhagdajda ushudy kamtamasyz etetin tүrli kurylgylardyn zhiyntygy KlassifikaciyaҚoldanu maksatyna sәjkes ushaktar azamattyk zhәne әskeri ushak bolyp azhyratylady Azamattyk ushaktarga koliktik zholaushylar tasityn zhүk tasityn t b sporttyk turistik a sh zhumystaryna arnalgan t b arnajy maksattyk ushaktar zhatkyzylady Koliktik ushaktar ushu zholynyn uzyndygyna oraj kurlykaralyk magistraldyk zhergilikti zheli ushaktaryna toptalady Әskeri ushaktar koliktik bajlanystyk sanitarlyk t b bolyp bolinedi Ұshaktardyn ushu zhyldamdygynyn artuy onyn ushu konu zholyn uzartady Қazirgi kezde tik koterilip ushatyn әri tik tomendep konatyn ushaktar keninen koldanylady karanyz Aviaciya Aviaciya onerkәsibi Қoldanu maksatyna karaj Әskeri ushak Әskeri Zhojgysh Toskauylshy Zhojygysh bombylaushy Bombylaushy Majdandyk bombylaushy Strategiyalyk bombylaushy Zymyrantasushy Shabuyldaushy ushak Zhanarmaj kuyushy ushak Dәldep tүzetushi Patruldik ushak Barlaushy ushak Kemege karsy ushak Әuelik әue tasymaldaushy Әskeri koliktik Kopnysandy zhәne arnajy Әskeri ushaktar kazak zherinde 1940 1945 zhzh keninen koldanylgan Sogys zhyldarynda ote zhaksy damymaganymen koldanuga zhararlyk bolgan Alajda uakyt ote kele koldanylatyn ushaktyn bul әskeri tүrleri ҚR da kurastyrylmajdy Өzge elden keletin ushaktyn kazirgi tүrleri ote kop Zholaushylar ushagyAzamattykZholaushy tasymaldaushy ushak Kolik ushagy zhүk tasymaldaushylar Poshtalyk Aviaposhta tasymaldauga arnalgan Kurerlik Auylsharushylyk Sanitarlyk medecinalyk komek berushi ushaktar Өrt sondirushi ort sondiru үshin negizien orman ortterin Geologiyalyk barlau Әueden geologiyalyk barlau otkizu Eksperimentaldy ushu eksperimentterin zhasauga arnalgan ushatyn labaratoriya Sporttyk aviaciyalyk sportpen ajnalasuga arnalgan ushaktar oku zhattygu ushaktary ushkyshtardy dayarlauga arnalgan ushak әskeri oku zhattygu ushaktary әskeri ushkyshtardy dayarlauga arnalgan ushak En keninen pajdalanylatyn ushaktardyn bir tүri bolyp sanalatyn Azamattyk әue kolikteri en ken taragan aviaciya Ұshu massasyna karaj 1 sanatty 75 t zhәne odan da kop 2 sanatty 30 ten 75 tonnaga dejin 3 sanatty 10 nan 30 tonnaga dejin 4 sanatty 10 tonnaga dejin zhenilmotorly ote zhenil 495 kg ga dejin Ұshak sanaty osy ushakty kabyldaj alatyn aerodromnyn sanatymen bajlanysty Қozgaltkyshtar bojynsha Kүsh kondyrgysynyn tipine bajlanysty porshendi PҚ An 2 turbovintti TVҚ An 24 turboreaktivti TRҚ Tu 154 Zymyrandyk kozgaltkyshpen Kombinaciyalangan kүsh kondyrgysymen KKҚ Қozgaltkysh sany bojynsha bir kozgaltkyshty An 2 eki kozgaltkyshty An 24 үsh kozgaltkyshty Tu 154 tort kozgaltkyshty An 124 Ruslan bes kozgaltkyshty He 111Z alty kozgaltkyshty An 225 Mriya zheti kozgaltkyshty K 7 segiz kozgaltkyshty ANT 20 Boeing B 52 on kozgaltkyshty Convair B 36J on eki kozgaltkyshty Dornier Do X Қurylymdyk syzbasy bojynsha Bul nyshan bojynsha klassifikaciyalau kopnuskaly Tomende en negizgileri berilgen Қanat sany bojynsha Monoplan Polutoraplan Biplan Triplan Poliplan Monoplandardagy kanattyn ornalysuy bojynsha Zhogaryplan Ortaplan Tomenplan Parasol Қauyrsynnyn ornalasuy bojynsha Standartty syzba kauyrsyn ushak artynda Ұshatyn kanat kujryksyz Қujryksyz үjrek kauyrsyn ushak aldynda Fyuzelyazhdyn tipi olshemi zhәne kabat sany bojynsha Birfyuzelyazhdy Tarfyuzelyazhdy Kenfyuzelyazhdy Ekibalkaly syzba rama Fyuzelyazhsyz ushatyn kanat Ekipalubaly ushak Shassi tүri bojynsha Қurlyktyk dongelekti shassi kuryk tiregimen aldyngy tirekpen velosipred tiptes tirekpen shyngyly shassi taban shynzhyrly shassi aua zhastygyndagy EKIP zhәne t b ekperimentaldy tipterinde Gidroushaktar amfibiyalar kaltkyly ushatyn kajyk Ұshu zhyldamdygyna karaj dybys zhyldamdygyna dejingi Mahtyn maksimal ushu sany 0 7 0 8 den kem dybys zhyldamdygymen shamalas Mahtyn maksimal ushu sany 0 7 0 8 1 2 aralygynda dybystan zhogary Mahtyn maksimal ushu sany 1 2 5 aralygynda giperdybystyk Mahtyn maksimal ushu sany 5 ten asa Қonu mүsheleri bojynsha kurlyktyk kajyktyk gidroushaktar ushatyn sүnguir kajygyҰshu zhәne konu tүri bojynsha vertikaldi kigash ҚҰҚ kyska ҚҚҰҚ koldenen baskasha karapajym ushyp konatynModeldi zhobalau zhәne mengeru dengeji bojynsha eksperimentaldi tәzhiribeli seriyalyBaskaru tүrine bajlanysty ushkysh baskaratyn ushkyshsyz robo ushaktar DerekkozderSobolev D A Istoriya samolyotov Nachalnyj period M ROSSPEN 1995 B 343 Enciklopediya Aviaciya M Nauchnoe izdatelstvo Bolshaya Rossijskaya Enciklopediya 1994 B 736 Қoldanylgan әdebietter Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 B Sh Abduldina M B Madanova G S Kuldzhina Russko kazahskij aviacionnyj slovar Oryssha kazaksha aviaciyalyk sozdik Azamattyk aviaciya akademiyasy 2007 ISBN 978 601 7086 01 5 Zhitomirskij G I Konstrukciya samolyotov 3 shi M Mashinostroenie 2005 B 406 ISBN 5 217 03299 5