Авиация (лат. avis - құс) – Жер маңындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған , ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.
Авиация тарихы
Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Авиация — Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (мысалы, ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Ол француздың avіatіon сөзінен шыққан, ал оның түп тамыры латынша avіs – құс дегенді білдіреді. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді. Авиация азаматтық және әскери болып екіге бөлінеді: Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-жаттығулық, арнайы мақсатқа арналған (мысалы, ауыл шаруашылығында, аэрофототүсірім, байланыс, геологиялық барлау, балық аулау кәсібін барлау үшін, т.б.) ұшу аппараттары, ал әскери авиацияға әскери әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады. Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. «Ұшар ханның баласы» атты қазақ ертегісіндегі аспанға ұшу өнері, кілеммен ұшу соның айғағы. Италияның ұлы кескіндемешісі Леонардо да Винчи еңбектерінде ұшу аппараттарының жобалық эскиздері (нобайы) кездеседі. 1754 ж. орыс ғалымы Михаил Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс жүзінде дәлелдеді. 19 ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891 – 96 ж. неміс ғалымы Отто Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19 ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері Александр Можайский өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 ж. жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 ж. Англияда конструктор Хайрем Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп, қирады. Францияда жасалған жарқанаттың қанатын көзге елестететін «Авьон» аппараты да бірнеше ондаған метр қашықтықты ұшып (1897) өтіп барып құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштарының аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты. 19 ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер Уилбер мен Орвилл Райт пайдаланды. 1903 ж. 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 ж. сенімді басқара отырып, бір жарым сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 1909 ж. 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Луи Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1910 ж. Борис Юрьев Ресейдегі алғашқы тік ұшақтың жобасын жасады. Дегенмен де, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті. 1914 ж. басталған 1-дүниежүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Coпвuч», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90 – 120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200 – 220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20 ғасырдың 20 – 30 ж. Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 ж. американ ұшқышы Чарлз Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 ж. орыс ұшқыштары Валерий Чкалов, Георгий Байдуков және штурман Александр Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км қашықтықты қонбай ұшып өтті. 1930-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. 1950-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 ұшағы, 1960 жылдардың 2-жартысында Американың «Фантом» F-4 жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшып, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының пішінін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ұшақтары жасалды. 20 ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын (ұшу жылдамдығы сағатына 2500 – 3000 км, ұшу қашықтығы 6 – 8 мың км) жолаушы таситын ұшақтар (Англия мен Францияда «Конкорд», КСРО-да ТУ-144) жасалды. 1990 жылдардың басында сериялы ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, биіктігі 30 мың м, ұшу қашықтығы 15 000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары қолға алынды. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 ж. ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 ж. әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 ж. 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды.
Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарылды. Қазіргі заманғы Ил-86, Ту-154, «Боинг-737», «А-320», т. б. ұшақтар
1990-жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы қалаларын дүние жүзінің көптеген қалаларымен байланыстырады. Астанадан тәулігіне 150, Алматыда 200-ден аса әуе кемелері ұшады.
Авиация өнеркәсібі
Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын саласы. 20 ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. Әсіресе 1-дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өндірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде жаңа авиация зауыттары салынды. Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муромец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтеретіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақтармен қатар француздардың «, «, « ұшақтары, ағылшынның «, немістің « ұшақтарының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 жылы Франция 540 ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 жылы Ресейде шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қытай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 1930-жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Англияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл бөлінді. 1937 жылы турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 жылы неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтардың жылдамдығы сағатына 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі 30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған қиырына бара алатын болды. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде (1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншылық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға алды. Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болмады. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыштарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан металы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құралдары мен азаматтық авиация ұшақтарын негізінен Ресейден алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолаушылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып алды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда жақсы дамып отыр.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Қосымша мәліметтер
- [1](қолжетпейтін сілтеме) — Қазақстан авиациясы жаңалықтары
- [2](қолжетпейтін сілтеме) — Қазақстан авиациясы жаңалықтары
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aviaciya lat avis kus Zher manyndagy әue kenistiginde auadan auyr apparattarmen ushak tikushak t b ushudy bildiretin ugym Osy apparattardyn ushuyn kamtamasyz etetin kyzmetter zhүjesi de aviaciya kuramyna enedi Aviaciya azamattyk aviaciya zhәne әskeri aviaciya bolyp ekige bolinedi Azamattyk aviaciyaga koliktik sanitarlyk oku sporttyk arnajy maksatka arnalgan al әskeri aviaciyaga әue kүshteri tenizdik armiyalyk әue shabuylynan korganuga arnalgan ushu apparattary zhatady Aviaciya tarihyAdamnyn aspanga ushu zhonindegi armany erte zamannan bastalgan Aviaciya Zher manajyndagy әue kenistiginde auadan auyr apparattarmen mysaly ushak tikushak t b ushudy bildiretin ugym Ol francuzdyn aviation sozinen shykkan al onyn tүp tamyry latynsha avis kus degendi bildiredi Osy apparattardyn ushuyn kamtamasyz etetin kyzmetter zhүjesi de aviaciya kuramyna enedi Aviaciya azamattyk zhәne әskeri bolyp ekige bolinedi Azamattyk aviaciyaga koliktik sanitarlyk oku zhattygulyk arnajy maksatka arnalgan mysaly auyl sharuashylygynda aerofototүsirim bajlanys geologiyalyk barlau balyk aulau kәsibin barlau үshin t b ushu apparattary al әskeri aviaciyaga әskeri әue kүshteri tenizdik armiyalyk әue shabuylynan korganuga arnalgan ushu apparattary zhatady Adamnyn aspanga ushu zhonindegi armany erte zamannan bastalgan Taska salyngan kanatty adamdardyn suretteri sonyn dәleli bolyp tabylady Dүnie zhүzindegi koptegen halyktardyn ertegileri men anyzdarynda aspanga ushu zhonindegi adam armany ajtylady Ұshar hannyn balasy atty kazak ertegisindegi aspanga ushu oneri kilemmen ushu sonyn ajgagy Italiyanyn uly keskindemeshisi Leonardo da Vinchi enbekterinde ushu apparattarynyn zhobalyk eskizderi nobajy kezdesedi 1754 zh orys galymy Mihail Lomonosov serippe kүshimen kozgalyska keletin tikushak modelin zhasap ondaj apparattyn usha alatynyn is zhүzinde dәleldedi 19 gasyrdyn ayagynda motorsyz ushatyn apparattar kalkyma ushaktar zhasala bastady 1891 96 zh nemis galymy Otto Liliental birkatar kalkyma ushak zhasap birnesheuimen ushyp ta kordi 19 gasyrdagy bu mashinasyn zhasaudyn karkyndy damuy bu kozgaltkyshy bar ushak zhasau isine alyp keldi Resejde teniz oficeri Aleksandr Mozhajskij ozi әuede ushatyn ok dep atagan osyndaj ushatyn apparatka patent aldy Қalkyma ushak 1885 zh zhasaldy birak ushu kezinde apatka ushyrady 1894 zh Angliyada konstruktor Hajrem Maksim bu mashinaly alapat ushak zhasady ol da ushar mezette zherge kulap tүsip kirady Franciyada zhasalgan zharkanattyn kanatyn kozge elestetetin Avon apparaty da birneshe ondagan metr kashyktykty ushyp 1897 otip baryp kulady Bul sәtsizdikterdin bәri de negizinen bu kozgaltkyshtarynyn asa auyrlygy men ushu talabyna saj kelmejtininen bolyp zhatty 19 gasyrdyn ayagynda avtomobilderde keninen koldanylgan ishten zhanatyn kozgaltkyshtardyn zhetildirilui zhenil әri kuatty aviaciyalyk kozgaltkyshty zhasauga zhol ashty Ony ushakka algash bolyp amerikalyk agajyndy mehanikter Uilber men Orvill Rajt pajdalandy 1903 zh 17 zheltoksanda olardyn kerosinmen zhumys istejtin kozgaltkyshy bar ushagy sәtti ushty Agajyndy Rajttar zhasagan ushaktaryn zhetildire tүsip 1908 zh senimdi baskara otyryp bir zharym sagatka dejin usha alatyn kүjge zhetkizdi 1909 zh 25 shildede francuz konstruktor ushkyshy Lui Blerio ozinin monoplandyk sulbada zhasagan Blerio 11 ushagymen Franciyadan Angliyaga La Mansh bugazy үstimen ushyp otti 1910 zh Boris Yurev Resejdegi algashky tik ushaktyn zhobasyn zhasady Degenmen de bul kezendegi ushaktardyn sapasy asa zhaksy bolgan zhok Sonyn saldarynan koptegen ushaktar apatka ushyrap otyrdy Ilgeri damygan koptegen elderdin galymdary aviaciya salasynda teoriyalyk zhәne tәzhiribelik izdenisterge kiristi 1914 zh bastalgan 1 dүniezhүzilik sogys aviaciyanyn shugyl orkendeuine sebepker boldy Ol kezendegi belgili ushaktardyn kataryna Resejdin Ilya Muromec Franciyanyn Farman Vuazen zhәne Nyupor agylshynnyn Copvuch nemistin Fokker ushaktaryn zhatkyzuga bolady Olar sagatyna 90 120 km zhyldamdykpen ushty Kejinirek ushaktardyn ushu zhyldamdyktary sagatyna 200 220 km biikteui 7 km ge zhetti 20 gasyrdyn 20 30 zh Angliyada Franciyada AҚSh ta Germaniyada zhәne baska elderde әskeri zhәne azamattyk ushaktardyn birneshe zhүzdegen tipteri zhasalyp olardyn kopshiligi kop seriyamen shygaryldy Angliyada zhasalyngan Supermarin S 6V ushagy ajryksha boldy Onymen 1927 zh amerikan ushkyshy Charlz Lindberg algash ret AҚSh tan Europaga Atlant muhity үstimen ushyp otti On zhyldan kejin 1937 zh orys ushkyshtary Valerij Chkalov Georgij Bajdukov zhәne shturman Aleksandr Belyakov ANT 25 ushagymen Mәskeu Soltүstik polyus Vankuver AҚSh marshruty bojynsha 8504 km kashyktykty konbaj ushyp otti 1930 zhyldardyn 2 zhartysynda KSRO da Angliyada Germaniyada Italiyada AҚSh ta Franciyada reaktivti kozgaltkyshtardyn shyguymen aviaciya tehnikasy sapa zhagynan zhana satyga koterildi 1950 zhyldardyn basynda algash ret Kenes Odagynda dybystan zhyldam ushatyn sagatyna 1450 km bir oryndyk MiG 19 ushagy 1960 zhyldardyn 2 zhartysynda Amerikanyn Fantom F 4 zhojgysh bombalaushysy sondaj ak kop maksatka koldanylatyn birden tik koterile ushyp tik kona alatyn ushkan kezde kanatynyn pishinin kazhetke karaj ozgertuge bolatyn F 111 ushaktary zhasaldy 20 gasyrdyn 60 zhyldarynyn sonyna karaj birkatar elderde dybystan zhyldam ushatyn ushu zhyldamdygy sagatyna 2500 3000 km ushu kashyktygy 6 8 myn km zholaushy tasityn ushaktar Angliya men Franciyada Konkord KSRO da TU 144 zhasaldy 1990 zhyldardyn basynda seriyaly ushaktardyn ushu zhyldamdygy sagatyna 3000 3500 km biiktigi 30 myn m ushu kashyktygy 15 000 km den asty tipti әuede zhanarmaj kujyp alatyn dәrezhege zhetti Birkatar elderde orbitalyk zhәne әue garyshtyk ushaktar zhasau zhumystary kolga alyndy Aviaciya men raketalyk tehnikalardyn damuy garyshtyk kemelerdin zhәne kuatty kopsatyly tasygysh raketalardy shygaruga negiz kalady Қazakstandagy aviaciyanyn damuy 1926 zhyldan bastalady Osy zhyly Қyzylorda aeroportynyn kumdauyt alanynan algash bolyp aspanga PO 2 ushagy koterildi 1929 zh Қyzylorda Mәskeu әue zholy ornykty Almaty Mәskeu turakty әue katynasy 1940 zh PS 84 ushagy arkyly zhalgasty 1970 zh әue zholynyn uzyndygy 75 myn km ge zhuyktady Әue zholy ol kezde Қazakstan astanasy Almatyny odaktas respublikalar astanalary zhәne iri onerkәsipti kalalarmen bajlanystyrdy 1977 zhyldan dybystan zhyldam ushatyn TU 144 zholaushy alyp ushagy KSRO da tungysh ret Almaty men Mәskeudi zhalgastyrdy Respublikamyzdyn audan oblys ortalyktarynyn ozara әue zholymen bajlanysy ornady Respublika әue zholdarynyn uzyndygy 1975 zh 80 0 myn km boldy Bul sol kezdegi zhalpy odaktyn әue zholdary uzyndygynyn 11 y edi Onan kejingi zhyldary ushak parki sapa zhagynan zhanartylyp san zhagynan ose tүsti Respublikanyn әue zholdarynda An 24 Il 18 Il 62 Tu 134 Tu 154 Yak 134 Yak 40 ushaktary zholaushylarga kyzmet ete bastady Zhana tehnikalardyn koldanyluyna bajlanysty aeroporttar zhүjesi edәuir ulgajdy Ұshaktardy kondyru әri kozgalysyn baskarudyn radio radiolokaciyalyk pen zharykka negizdelgen tehnikalyk kuraldaryn kajta kuru zhәne zhanartu zhoninde kop zhumystar atkaryldy Қazirgi zamangy Il 86 Tu 154 Boing 737 A 320 t b ushaktar 1990 zhyldardan bastap tәuelsiz Қazakstan Respublikasy kalalaryn dүnie zhүzinin koptegen kalalarymen bajlanystyrady Astanadan tәuligine 150 Almatyda 200 den asa әue kemeleri ushady Aviaciya onerkәsibiAviaciya onerkәsibi onerkәsiptin arnauly konstruktorlyk zhәne ondiristik tәsildermen aviaciya tehnikasyn zhasajtyn salasy 20 gasyrdyn basynda aviaciya tehnikasyn igerudegi eleuli zhetistikter ushu kuraldaryn koptep shygarudy talap etti Әsirese 1 dүniezhүzilik sogys ushu kuraldaryn әskeri maksatta keninen pajdalanudyn mol mүmkindikterin ashyp berdi Sogysta aerostattarmen katar ishinde zenbirekter ornatylgan bomba salyngan shagyn ushu apparattarynyn koldanyluy aviaciya ondirisin oristetuge ken zhol ashty Europanyn koptegen elderinde zhana aviaciya zauyttary salyndy Auyr ushaktar zhasaudan Resej 1 oryn aldy zhasagan 1913 tort motorly Ilya Muromec auyr ushagy 800 kg bomba 5 6 zenbirek 8 adam koteretindikten ote tiimdi bolyp shykty Su betine kona alatyn ushaktarmen katar francuzdardyn ushaktary agylshynnyn nemistin ushaktarynyn osy kezende koptep shygaryluy aviaciya onerkәsibinin orkendeuine pәrmendi ykpal zhasady 1914 zhyly Franciya 540 ushak 1100 aviaciya kozgaltkyshyn shygardy 1917 zhyly Resejde shagyn 15 aviazauyt zhumys istedi Chehoslovakiya Polsha Қytaj AҚSh Angliya men Franciya zhappaj ushak zhasaj bastady 1930 zhyldardan bergi zherde AҚSh ta Resejde Germaniyada Angliyada Italiyada reaktivti kozgaltkysh zhasauga basty konil bolindi 1937 zhyly turboreaktivti kozgaltkysh zhasaldy 1939 zhyly nemis firmalary shygargan sujyk otyndy reaktivti kozgaltkysh shygardy Mundaj kozgaltkysh ornatylgan ushaktardyn zhyldamdygy sagatyna 3000 3500 km ushu biiktigi 30000 m kashyktygy 10000 km den asty Әuede zhanarmaj kujyp alatyn alys saparga ushatyn apparattar zher sharynyn kalagan kiyryna bara alatyn boldy 2 dүniezhүzilik sogys kezinde 1939 1945 aviaciya onerkәsibi erekshe kyzu karkyn aldy Әskeri aviaciya Germaniya men Zhaponiya siyakty baskynshylyk sayasatyn ustangan elderdin kolyndagy asa kuatty karuga ajnaldy Olar aviaciya onerkәsibin damytudy myktap kolga aldy Kenes okimeti kezinde ekonomikalyk tujyktykta ustalgan Қazakstanda aviaciya onerkәsibin orkendetuge mүmkindik bolmady Әjtse de ushaktardyn korpusyn motoryn kozgaltkyshtaryn zhәne baska da manyzdy tetikterin zhasauga Қazakstan metaly pajdalanyldy Ondaj tetikterdin kobisi Almaty Қaragandy Shymkent Petropavl Arkalyk Өskemen kalalaryndagy zauyttarda zhasalady Қazir Қazakstan әskeri aviaciya kuraldary men azamattyk aviaciya ushaktaryn negizinen Resejden alady Қazakstan azamattyk aviaciyasy songy zhyldary zholaushylar tasityn birneshe Boing ushagyn Amerikadan satyp aldy Қazir aviaciya onerkәsibi AҚSh Kanada Angliya Franciyada zhaksy damyp otyr DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Әskeri is Almaty Mektep AAҚ 2001 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Mehanika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 zhyl 29 1 b ISBN 9965 08 234 0Қosymsha mәlimetter 1 kolzhetpejtin silteme Қazakstan aviaciyasy zhanalyktary 2 kolzhetpejtin silteme Қazakstan aviaciyasy zhanalyktaryBul әskeri is turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet