Шығыс Қарахан қағандығы – ортағасырлық мемлекет. Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағын (1041 – XIII ғасырдың басы) қамтыды. Жеке иеліктер жүйесіне негізделген Қарахан мемлекеті батыс және шығыс бөліктерден құралды. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс, Мауераннахр батыс иеліктердің құрамына енді. Шығыс иеліктердің саяси орталығы Баласағұнға таяу жердегі Орда (, ), кейіннен Қашқар қаласы, ал батыс иеліктердікі – Үзгент, кейінірек Самарқанд қаласы болды. Екі иелік те уақыт өте келе дербес мемлекеттер – Шығыс және Батыс Қарахан қағанаты болып бөлініп шықты. XI ғасырдың бас кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістанда Тұған хан билік жүргізді. Оның билік жолындағы бәсекелесі Харун боғраханның ұлы Қадыр хан Жүсіп болды. 1005 ж. Қадыр хан Жүсіп Тұған ханды Қашқардан қуып шығып, Шығыс Түркістанға өз билігін орнатты. 1017 – 1018 ж. Жетісуға шығыстан көшпелі тайпалар шабуылдар жасады. Басқыншылармен болған шайқастардың бірінде Тұған хан қаза тапты. Бұл уақытта Қадыр хан Жүсіп айтарлықтай күшейіп, Қарахан мемлекетіндегі бар билікті өз қолына алды. 1026 ж. Қадыр хан мен Ғазнауи сұлтандығының билеушісі Махмұд Ғазнауидың арасында батыс иеліктердің билеушісі Әли тегінге қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Олар Әли тегін иеліктерін басып алып, оны Қадыр ханның ұлы Инал тегінге бермек болды. Көп ұзамай Қадыр хан қайтыс болып, Шығыс Түркістан мен Жетісуды “арслан хан” деген жоғарғы атақ алған оның үлкен ұлы Сүлеймен Боғра тегін иемденді. Тараз бен Исфиджабтағы билік Қадыр ханның екінші ұлы Мұхаммад Жаған тегінге берілді. Олардың екеуі де Ғазнауи сұлтаны Махмұдтың ұлы Масудпен байланыста болды. Олар Мауераннахрды Әли тегіннен тартып алу әрекетіне қайта кіріскенімен, тағы да сәтсіздікке ұщырады. Мауераннахр билеушілері жеке бөлініп шығуға ұмтылып, шығыс бөліктегі бас қағанның билігін мойындағысы келмеді. XI ғасырдың 40-жылдарындағы саяси оқиғаларда Ибрахим ибн Наср көрнекті рөл атқарды. Ол әулет ішіндегі талас-тартыста Әли тегін ұлдарын жеңіп шығып, тамғаш боғра хан атағын алды да, Мауераннахрдың толық билікті қожасына айналды. Оның кезінде Қарахан мемлекеті түпкілікті екіге бөлініп болды. Ибрахим тамғаш Боғра хан Батыс қағандықтың астанасын Үзгенттен Самарқандқа көшіріп, өз иеліктеріне Ферғананы қосып алды. 1042 ж. Сүлеймен Арслан хан (Шараф әд-Даула) Шығыс қағандық әулеті мүшелеріне жер иеліктерін бөліп беріп, өзіне Қашқар мен Баласағұнды қалдырды. Сөйтіп, Қарахан мемлекетінің дербес және жартылай тәуелді иеліктерге ыдырауы құқықтық жағынан бекітілді. Алайда Шығыс Қарахан қағандығындағы өзара тақ таласы тоқтамады. 1056 ж. Мұхаммад Жаған тегін Боғра хан өз інісі Арслан хан мен оның иелігін талқандады. Таққа отырған Ибрахим Боғра хан соғыста қаза тапты. Бұдан кейін Шығыс Қарахан қағандығында 15 жыл бойы (1059 – 1074) Қадыр хан Жүсіптің балалары: мен билік жүргізді. Олардың тұсында Ферғана қосылып алынып, екі қағандық арасындағы шекара Сырдария өз. арқылы өтті. 1074 – 1102 ж. Шығыс Қарахан қағандығына Баласағұн, Қашқар, Хотанды иемденген Харун Боғра хан билік жүргізді. Оның кезінде Қарахан мемлекетіне өзінің ең жоғарғы саяси күш-қуатына ие болған салжұқтар мемлекетінің тарапынан қауіп төнді. 1089 ж. салжұқ сұлтаны Мәлік шах I (1072 – 1092) көп әскерімен батыс қағандықтың жеріне баса-көктеп кіріп, оның астанасы – Самарқандты басып алды. Салжұқ әскері Үзгентке дейін жеткен кезде Боғра хан өзінің Мәлік шахқа тәуелділігін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ салжұқтар Қарахан әулетінен шыққандардың ішінен өздеріне қолайлы хандарды тағайындаумен шектелді. Бұл кезде Тоғрұл тегіннің ұлы Қашқарды қоршауға алды. Харун Боғра хан тұтқындалды, алайда Атбашидің билеушісі Жақыптың араға түсуімен босатылды. Мәлік шах Жақыппен келісім жасасып, Үзгенттен кетті. 1102 ж. Харун Боғра хан қайтыс болғаннан кейін Тараз бен Баласағұнның билеушісі Қадыр хан Жәбірейіл салжұқтардың үстемдігіне қарсы шықты. Мауераннахрды басып алған ол салжұқтардың иеліктеріне қарай қозғалды. Бірақ Термез түбіндегі шайқаста жеңіліс тауып, өлтірілді. Бұл оқиғалардан кейін салжұқ сұлтаны Санжар Мауераннахрдың билеушісі етіп Ибрахим тамғаш ханның шөбересі Арслан ханды (1102 – 1130) тағайындады. Ол тәуелсіз саясат жүргізуге тырысты. Арслан ханның мемлекеттік өкімет билігін орталықтандыруға ұмтылуы діни, әскери, зайырлы ақсүйектердің қарсылығына ұшырады. Арслан хан Санжар сұлтанды көмекке шақырды, ол өз әскерлерімен Мауераннахрға шабуыл жасап, 1130 ж. Самарқандты алды. Ауыр науқасқа шалдыққан Арслан хан көп ұзамай Балхта қайтыс болды. Қарақытайлардың Жетісу мен Мауераннахрға баса-көктеп кіруі Шығыс Қарахан қағандығының құ-лауын жеделдете түсті. Өзара тақ таласынан әрі қарақытайлардың шабуылынан әбден әлсірген Шығыс Қарахан қағандығына 13 ғасырдың бас кезінде Хорезм мемлекеті қауіп төндірді. 1212 ж. Хорезм шахы Мұхаммедпен болған шайқаста соңғы билеушісінен айрылған Шығыс Қарахан қағандығы мемлекет ретінде біржолата жойылды.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы, 1-т., Алматы, 1998.
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shygys Қarahan kagandygy ortagasyrlyk memleket Zhetisu men Shygys Tүrkistan aumagyn 1041 XIII gasyrdyn basy kamtydy Zheke ielikter zhүjesine negizdelgen Қarahan memleketi batys zhәne shygys bolikterden kuraldy Zhetisu men Shygys Tүrkistan shygys Mauerannahr batys ielikterdin kuramyna endi Shygys ielikterdin sayasi ortalygy Balasagunga tayau zherdegi Orda kejinnen Қashkar kalasy al batys ielikterdiki Үzgent kejinirek Samarkand kalasy boldy Eki ielik te uakyt ote kele derbes memleketter Shygys zhәne Batys Қarahan kaganaty bolyp bolinip shykty XI gasyrdyn bas kezinde Zhetisu men Shygys Tүrkistanda Tugan han bilik zhүrgizdi Onyn bilik zholyndagy bәsekelesi Harun bograhannyn uly Қadyr han Zhүsip boldy 1005 zh Қadyr han Zhүsip Tugan handy Қashkardan kuyp shygyp Shygys Tүrkistanga oz biligin ornatty 1017 1018 zh Zhetisuga shygystan koshpeli tajpalar shabuyldar zhasady Baskynshylarmen bolgan shajkastardyn birinde Tugan han kaza tapty Bul uakytta Қadyr han Zhүsip ajtarlyktaj kүshejip Қarahan memleketindegi bar bilikti oz kolyna aldy 1026 zh Қadyr han men Ғaznaui sultandygynyn bileushisi Mahmud Ғaznauidyn arasynda batys ielikterdin bileushisi Әli teginge karsy bagyttalgan әskeri odak zhasaldy Olar Әli tegin ielikterin basyp alyp ony Қadyr hannyn uly Inal teginge bermek boldy Kop uzamaj Қadyr han kajtys bolyp Shygys Tүrkistan men Zhetisudy arslan han degen zhogargy atak algan onyn үlken uly Sүlejmen Bogra tegin iemdendi Taraz ben Isfidzhabtagy bilik Қadyr hannyn ekinshi uly Muhammad Zhagan teginge berildi Olardyn ekeui de Ғaznaui sultany Mahmudtyn uly Masudpen bajlanysta boldy Olar Mauerannahrdy Әli teginnen tartyp alu әreketine kajta kiriskenimen tagy da sәtsizdikke ushyrady Mauerannahr bileushileri zheke bolinip shyguga umtylyp shygys boliktegi bas kagannyn biligin mojyndagysy kelmedi XI gasyrdyn 40 zhyldaryndagy sayasi okigalarda Ibrahim ibn Nasr kornekti rol atkardy Ol әulet ishindegi talas tartysta Әli tegin uldaryn zhenip shygyp tamgash bogra han atagyn aldy da Mauerannahrdyn tolyk bilikti kozhasyna ajnaldy Onyn kezinde Қarahan memleketi tүpkilikti ekige bolinip boldy Ibrahim tamgash Bogra han Batys kagandyktyn astanasyn Үzgentten Samarkandka koshirip oz ielikterine Ferganany kosyp aldy 1042 zh Sүlejmen Arslan han Sharaf әd Daula Shygys kagandyk әuleti mүshelerine zher ielikterin bolip berip ozine Қashkar men Balasagundy kaldyrdy Sojtip Қarahan memleketinin derbes zhәne zhartylaj tәueldi ielikterge ydyrauy kukyktyk zhagynan bekitildi Alajda Shygys Қarahan kagandygyndagy ozara tak talasy toktamady 1056 zh Muhammad Zhagan tegin Bogra han oz inisi Arslan han men onyn ieligin talkandady Takka otyrgan Ibrahim Bogra han sogysta kaza tapty Budan kejin Shygys Қarahan kagandygynda 15 zhyl bojy 1059 1074 Қadyr han Zhүsiptin balalary men bilik zhүrgizdi Olardyn tusynda Fergana kosylyp alynyp eki kagandyk arasyndagy shekara Syrdariya oz arkyly otti 1074 1102 zh Shygys Қarahan kagandygyna Balasagun Қashkar Hotandy iemdengen Harun Bogra han bilik zhүrgizdi Onyn kezinde Қarahan memleketine ozinin en zhogargy sayasi kүsh kuatyna ie bolgan salzhuktar memleketinin tarapynan kauip tondi 1089 zh salzhuk sultany Mәlik shah I 1072 1092 kop әskerimen batys kagandyktyn zherine basa koktep kirip onyn astanasy Samarkandty basyp aldy Salzhuk әskeri Үzgentke dejin zhetken kezde Bogra han ozinin Mәlik shahka tәueldiligin mojyndauga mәzhbүr boldy Birak salzhuktar Қarahan әuletinen shykkandardyn ishinen ozderine kolajly handardy tagajyndaumen shekteldi Bul kezde Togrul teginnin uly Қashkardy korshauga aldy Harun Bogra han tutkyndaldy alajda Atbashidin bileushisi Zhakyptyn araga tүsuimen bosatyldy Mәlik shah Zhakyppen kelisim zhasasyp Үzgentten ketti 1102 zh Harun Bogra han kajtys bolgannan kejin Taraz ben Balasagunnyn bileushisi Қadyr han Zhәbirejil salzhuktardyn үstemdigine karsy shykty Mauerannahrdy basyp algan ol salzhuktardyn ielikterine karaj kozgaldy Birak Termez tүbindegi shajkasta zhenilis tauyp oltirildi Bul okigalardan kejin salzhuk sultany Sanzhar Mauerannahrdyn bileushisi etip Ibrahim tamgash hannyn shoberesi Arslan handy 1102 1130 tagajyndady Ol tәuelsiz sayasat zhүrgizuge tyrysty Arslan hannyn memlekettik okimet biligin ortalyktandyruga umtyluy dini әskeri zajyrly aksүjekterdin karsylygyna ushyrady Arslan han Sanzhar sultandy komekke shakyrdy ol oz әskerlerimen Mauerannahrga shabuyl zhasap 1130 zh Samarkandty aldy Auyr naukaska shaldykkan Arslan han kop uzamaj Balhta kajtys boldy Қarakytajlardyn Zhetisu men Mauerannahrga basa koktep kirui Shygys Қarahan kagandygynyn ku lauyn zhedeldete tүsti Өzara tak talasynan әri karakytajlardyn shabuylynan әbden әlsirgen Shygys Қarahan kagandygyna 13 gasyrdyn bas kezinde Horezm memleketi kauip tondirdi 1212 zh Horezm shahy Muhammedpen bolgan shajkasta songy bileushisinen ajrylgan Shygys Қarahan kagandygy memleket retinde birzholata zhojyldy DerekkozderҚazakstan tarihy 1 t Almaty 1998 Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet