С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры – Жезқазған қаласындағы мәдени-сахналық орталықтардың бірі.
С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры | |
---|---|
Орналасуы | Қазақстан Жезқазған |
Негізделгені | 1972 |
Тарихы
Театр 1972 жылы сол кездегі Торғай облысының орталығы Арқалық қаласында белгілі қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің жетекшілігімен ашылды. Мәскеудегі М.С. Щепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген 17 түлек театрдың алғашқы әртістері болды. Театр шымылдығы М. Әуезовтің “Айман — Шолпан” комедиясымен ашылды. Театр труппасына режиссер Ж. Есенбеков жетекшілік етті. 1974 жылы театр труппасына Қазақстанның халық артісі З. Сүлейменов , актер Ә. Теңелбаев келіп қосылды. Театр құрамында Ш. Есенғұлова мен М. Манапов, т.б. жемісті еңбек етті.
Театр жетістіктері
1978 жылы театр Н. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» спектаклін қойғаны үшін Қазақстан Жастар одағының сыйлығымен марапатталды. 1981 жылы театрға белгілі театр қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұловтың есімі берілді. 1985 жылы Тбилиси қаласында өткен, Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған ІІ Бүкілодақтық жастар фестиваліне театр Әкім Таразидің «Қыз махаббаты» спектаклімен қатысты.
1988 жылы Торғай облысының таратылуына байланысты театр Жезқазған қаласына ауыстырылды. 1992 жылы Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығына арнап Алматыда өткізілген республикалық театр фестивалінде Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуын» қойып, Гран-приді жеңіп алды (режиссер ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиев). Осы жеңістің арқасында 1993 жылы театр Мысырдың Каир қаласында өткен халықаралық фестивальге қатысты. 1994, 1996 жылдары республикалық фестивальдерде ІІ орын алса, 1995 жылы Гран-Приді жеңіп алды.
1998 жылы Жезқазған облысының тарауына байланысты драмалық труппа құрамына бұрынғы облыстық қуыршақ труппасы қосылды.
Театр аз жылда Ф. Эрвенің “Түлкі бикеш”, Б. Майлиннің “Шұға”, У. Гаджибековтің “Аршын мал алан”, М. Кәрімнің “Тастама отты, Прометей!”, Н. Островскийдің “Құрыш қалай шынықты?” (Қазақстан комсомолы сыйлығы, 1978; режисер Тәпенов), О. Бөкеевтің “Құлыным менің”, т.б. секілді күрделі шығармаларын сахналап, көрермендер ықыласына бөленді. Бүгінгі күнге дейін театр сахнасында дүние жүзі мен ТМД елдерінің, сондай-ақ, ұлттық драматургиямыздың 200-ден астам таңдаулы туындылары қойылды. Олардың арасында Ж.Б. Мольердің “Әлін білмеген әлек”, У. Шекспирдің “Ромео — Джульетта”, М. Әуезовтің “Таңғы жаңғырық”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, “Қарагөз”, Ғ. Мүсіреповтің “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, Ш. Хұсайыновтың “Алдаркөсе”, Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен тер”, Ш. Мұртазаның “Сталинге хат”, Т. Ахтановтың “Күшік күйеу”, Қ. Мұхаметжановтың “Жат елде”, Д. Исабековтің “Әпке”, Ә. Тәжібаевтың “Көтерілген күмбез”, Ш. Айтматовтың “Арманым, Әселім”, М. Байджиевтің “Жекпе-жек”, С. Асылбековтің “Желтоқсан жаңғырығы”, т.б. көрермендер тарапынан жоғары бағасын алған, өзгеше өрнек, көркемдік шешімін тапқан шығармалар болды.
2000 жылы Павлодар қаласында Иса Байзақовтың туғанына 100 жыл толу құрметіне арнап өткізілген VІІІ республикалық театр фестиваліне Ә. Тәжібаевтың "Көтерілген күмбез" спекаклін қойып, үшінші мәрте Гран-приге ие болды. 2001–2012 жылдары республикалық театр фестивалдерінде (Қызылжар, Қызылорда, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Қостанай қалаларына) шығармашылық ұжым түрлі номинацияларды бірнеше рет жеңіп алып, талантты әртістері лайықты бағаланды. Театр ұжымы Қарағанды қаласында жыл сайын өтетін аймақтық балалар театрының фестиваліне де қатысып, 2002, 2005, 2009 жылдары І орын алса, 2007 жылы Р. Ибраеваның «Алпамыс батыр» ертегісі Гран-приге лайықты деп саналды.
Актерлер жетістіктері
- Режисер Жанат Хаджиев сахналаған қойылымдар театр ұжымының ғана емес, отандық театр өнерінің табысы ретінде бағаланды. Олардың ішінде “Қыз Жібектегі” Бекежанды бұрынғы қойылымдардан өзгеше бейнелеген А. Исмағұловқа 1989 жылы Бішкекте өткен Орталық Азия республикалары театрларының аймақтық фестивалінде бас жүлде берілді.
- Абайдың 150 жылдығына орай өткен республикалық театрлар фестиваліндегі “Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым” қойылымындағы рөлі үшін актер С. Бұлғақбаев бас жүлдеге ие болды.
- Халық артісі Д. Жанботаев (Жиренше) “ерлер образын” үздік сомдағаны үшін арнаулы жүлде алды.
- Бішкекте өткен “Ш. Айтматов және театр” халықаралық театрлар фестивалінде Хаджиев қойған “Арманым, Әселім” спектаклінде басты рөлде ойнаған Қ. Бегайдаровқа “ерлер образын үздік сомдағаны үшін”, қойылымның музыкасын жазған театрдың музыка бөлімінің меңгерушісі, композитор М. Түсіпбековке “ең үздік музыкасы үшін” арнайы жүлделері берілді. Театр ұжымы Алматы қаласында төрт рет (1974, 1987, 1992, 1995) шығармашылық есеп берді.
- 2002 жылы өткен театрлар фестивалінде Райхан Ибраева "Сиқырлы кітап" ертегісі үшін "Үздік драмалық шығарма", Серік Бұлғақбаев "Ең үздік ер рөлі" номинациясын жеңіп алды.
- 2009 жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласындағы XYII республикалық фестивальде ҚР халық әртісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Досжан Жанботаев "Қанда бар ғой, қанда!" қойылымындағы рөлі үшін "Ең үздік ер рөлі" номинациясын иеленді. Сондай-ақ, ол аталған рөлі үшін "Жыл әртісі" номинациясы бойынша облыс әкімінің "Алтын қобыз" жүлдесін алды.
- 2010 жылы Тараз қаласындағы XVIII республикалық театрлар фестивалінде қойылған Сәкен Жүнісовтің "Жаралы гүлдер" спектакліндегі Бақыт рөлі үшін жас актер Кенжетай Әбілдин "Ең үздік ер рөлі" номинациясын иеленді.
Театрдың кәсіби тұрғыдан өсіп, дамуына белгілі режиссер Қ. Жетпісбаев (1974 — 75), Е. Тәпенов (1976 — 79), Ж. Есенбеков (1972 — 82), Жанат Хаджиев (1982 — 88), А. Дүйсебаев, Е. Дүйсенбинов, М. Бекхожин, С. Қарабалин, М. Ахманов елеулі үлес қосты.
Галерея
Дереккөздер
- Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
- "Қазақ Энциклопедиясы"
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
S Қozhamkulov atyndagy Zhezkazgan kazak muzykalyk drama teatry Zhezkazgan kalasyndagy mәdeni sahnalyk ortalyktardyn biri S Қozhamkulov atyndagy Zhezkazgan kazak muzykalyk drama teatryOrnalasuy Қazakstan ZhezkazganNegizdelgeni 1972TarihyTeatr 1972 zhyly sol kezdegi Torgaj oblysynyn ortalygy Arkalyk kalasynda belgili kogam kajratkeri Өzbekәli Zhәnibekovtin zhetekshiligimen ashyldy Mәskeudegi M S Shepkin atyndagy zhogary teatr uchilishesin bitirgen 17 tүlek teatrdyn algashky әrtisteri boldy Teatr shymyldygy M Әuezovtin Ajman Sholpan komediyasymen ashyldy Teatr truppasyna rezhisser Zh Esenbekov zhetekshilik etti 1974 zhyly teatr truppasyna Қazakstannyn halyk artisi Z Sүlejmenov akter Ә Tenelbaev kelip kosyldy Teatr kuramynda Sh Esengulova men M Manapov t b zhemisti enbek etti Teatr zhetistikteri1978 zhyly teatr N Ostrovskijdin Қurysh kalaj shynykty spektaklin kojgany үshin Қazakstan Zhastar odagynyn syjlygymen marapattaldy 1981 zhyly teatrga belgili teatr kajratkeri Socialistik Enbek Eri Serke Қozhamkulovtyn esimi berildi 1985 zhyly Tbilisi kalasynda otken Ұly Zhenistin 40 zhyldygyna arnalgan II Bүkilodaktyk zhastar festivaline teatr Әkim Tarazidin Қyz mahabbaty spektaklimen katysty 1988 zhyly Torgaj oblysynyn taratyluyna bajlanysty teatr Zhezkazgan kalasyna auystyryldy 1992 zhyly Ғabit Mүsirepovtin 90 zhyldygyna arnap Almatyda otkizilgen respublikalyk teatr festivalinde Ғ Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan Suluyn kojyp Gran pridi zhenip aldy rezhisser ҚR enbek sinirgen kajratkeri Zhanat Hadzhiev Osy zhenistin arkasynda 1993 zhyly teatr Mysyrdyn Kair kalasynda otken halykaralyk festivalge katysty 1994 1996 zhyldary respublikalyk festivalderde II oryn alsa 1995 zhyly Gran Pridi zhenip aldy 1998 zhyly Zhezkazgan oblysynyn tarauyna bajlanysty dramalyk truppa kuramyna buryngy oblystyk kuyrshak truppasy kosyldy Teatr az zhylda F Ervenin Tүlki bikesh B Majlinnin Shuga U Gadzhibekovtin Arshyn mal alan M Kәrimnin Tastama otty Prometej N Ostrovskijdin Қurysh kalaj shynykty Қazakstan komsomoly syjlygy 1978 rezhiser Tәpenov O Bokeevtin Қulynym menin t b sekildi kүrdeli shygarmalaryn sahnalap korermender ykylasyna bolendi Bүgingi kүnge dejin teatr sahnasynda dүnie zhүzi men TMD elderinin sondaj ak ulttyk dramaturgiyamyzdyn 200 den astam tandauly tuyndylary kojyldy Olardyn arasynda Zh B Molerdin Әlin bilmegen әlek U Shekspirdin Romeo Dzhuletta M Әuezovtin Tangy zhangyryk Қara kypshak Қobylandy Қaragoz Ғ Mүsirepovtin Қyz Zhibek Қozy Korpesh Bayan sulu Sh Husajynovtyn Aldarkose Ә Nurpejisovtin Қan men ter Sh Murtazanyn Stalinge hat T Ahtanovtyn Kүshik kүjeu Қ Muhametzhanovtyn Zhat elde D Isabekovtin Әpke Ә Tәzhibaevtyn Koterilgen kүmbez Sh Ajtmatovtyn Armanym Әselim M Bajdzhievtin Zhekpe zhek S Asylbekovtin Zheltoksan zhangyrygy t b korermender tarapynan zhogary bagasyn algan ozgeshe ornek korkemdik sheshimin tapkan shygarmalar boldy 2000 zhyly Pavlodar kalasynda Isa Bajzakovtyn tuganyna 100 zhyl tolu kurmetine arnap otkizilgen VIII respublikalyk teatr festivaline Ә Tәzhibaevtyn Koterilgen kүmbez spekaklin kojyp үshinshi mәrte Gran prige ie boldy 2001 2012 zhyldary respublikalyk teatr festivalderinde Қyzylzhar Қyzylorda Kokshetau Қaragandy Taraz Қostanaj kalalaryna shygarmashylyk uzhym tүrli nominaciyalardy birneshe ret zhenip alyp talantty әrtisteri lajykty bagalandy Teatr uzhymy Қaragandy kalasynda zhyl sajyn otetin ajmaktyk balalar teatrynyn festivaline de katysyp 2002 2005 2009 zhyldary I oryn alsa 2007 zhyly R Ibraevanyn Alpamys batyr ertegisi Gran prige lajykty dep sanaldy Akterler zhetistikteriRezhiser Zhanat Hadzhiev sahnalagan kojylymdar teatr uzhymynyn gana emes otandyk teatr onerinin tabysy retinde bagalandy Olardyn ishinde Қyz Zhibektegi Bekezhandy buryngy kojylymdardan ozgeshe bejnelegen A Ismagulovka 1989 zhyly Bishkekte otken Ortalyk Aziya respublikalary teatrlarynyn ajmaktyk festivalinde bas zhүlde berildi Abajdyn 150 zhyldygyna oraj otken respublikalyk teatrlar festivalindegi Erte oyandym ojlandym zhete almadym kojylymyndagy roli үshin akter S Bulgakbaev bas zhүldege ie boldy Halyk artisi D Zhanbotaev Zhirenshe erler obrazyn үzdik somdagany үshin arnauly zhүlde aldy Bishkekte otken Sh Ajtmatov zhәne teatr halykaralyk teatrlar festivalinde Hadzhiev kojgan Armanym Әselim spektaklinde basty rolde ojnagan Қ Begajdarovka erler obrazyn үzdik somdagany үshin kojylymnyn muzykasyn zhazgan teatrdyn muzyka boliminin mengerushisi kompozitor M Tүsipbekovke en үzdik muzykasy үshin arnajy zhүldeleri berildi Teatr uzhymy Almaty kalasynda tort ret 1974 1987 1992 1995 shygarmashylyk esep berdi 2002 zhyly otken teatrlar festivalinde Rajhan Ibraeva Sikyrly kitap ertegisi үshin Үzdik dramalyk shygarma Serik Bulgakbaev En үzdik er roli nominaciyasyn zhenip aldy 2009 zhyldyn kyrkүjek ajynda Қaragandy kalasyndagy XYII respublikalyk festivalde ҚR halyk әrtisi Қazakstan Respublikasynyn enbek sinirgen kajratkeri Doszhan Zhanbotaev Қanda bar goj kanda kojylymyndagy roli үshin En үzdik er roli nominaciyasyn ielendi Sondaj ak ol atalgan roli үshin Zhyl әrtisi nominaciyasy bojynsha oblys әkiminin Altyn kobyz zhүldesin aldy 2010 zhyly Taraz kalasyndagy XVIII respublikalyk teatrlar festivalinde kojylgan Sәken Zhүnisovtin Zharaly gүlder spektaklindegi Bakyt roli үshin zhas akter Kenzhetaj Әbildin En үzdik er roli nominaciyasyn ielendi Teatrdyn kәsibi turgydan osip damuyna belgili rezhisser Қ Zhetpisbaev 1974 75 E Tәpenov 1976 79 Zh Esenbekov 1972 82 Zhanat Hadzhiev 1982 88 A Dүjsebaev E Dүjsenbinov M Bekhozhin S Қarabalin M Ahmanov eleuli үles kosty GalereyaDerekkozderҚazakstannyn mәdeni oshaktary Kulturnye centry Kazahstana Fotoalbom Almaty ASA Baspa үji ZhShS 2012 288 b kazak orys tilderinde ISBN 978 601 80325 0 9 Қazak Enciklopediyasy