Өзбекәлі Жәнібекұлы Жәнібек (28 тамыз 1931, Түркістан облысы Отырар ауданы Сарықамыс ауылы — 24 ақпан 1998, Алматы) — мемлекет қайраткері, Қазақ ССР Мәдениет министрі, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты (1990).
Өзбекәлі Жәнібекұлы Жәнібек | ||||
Өзбекәлі Жәнібекұлы | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
| ||||
1988 — 1991 | ||||
| ||||
1987 — 1988 | ||||
| ||||
1977 — 1984 | ||||
| ||||
1975 — 1977 | ||||
| ||||
1970 — 1975 | ||||
| ||||
1963 — 1967 | ||||
| ||||
1961 — 1970 | ||||
| ||||
1955 — 1961 | ||||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі | |||
Білімі | Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) (1952) | |||
Ғылыми дәрежесі | Тарих ғылымдарының кандидаты (1990) | |||
Азаматтығы | КСРО | |||
Дүниеге келуі | 28 тамыз 1931 Сарықамыс ауылы; Отырар ауданы; Түркістан облысы; Қазақ АКСР; РКФСР; КСРО | |||
Қайтыс болуы | 24 ақпан 1998 (66 жас) Алматы; Қазақстан | |||
Жерленді | Өзбекәлі Жәнібек кесенесі | |||
Әкесі | Жәнібек Қудиярұлы | |||
Анасы | Қаныша Томашқызы | |||
Балалары | ұлдары Бауыржан Ниетжан қызы Жұлдыз | |||
Марапаттары | ||||
өңдеу |
Өмірбаяны
Балалық шағы
Ауылдағы дәстүрге сай ең құрметті қариялардың бірі Өзбек ақсақалдың құрметіне есімін иеленген. Әкесі Жәнібек Құдиярұлы мен анасы Қаныша Томашқызы шаруа адамы ретінде қарапайым тұрмыста өмір сүрген. Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келген соң көп ұзамай әкесі қайтыс болып, анасын әмеңгерлік салтқа сай Серім Сейітбекұлына қосады. Балалық шағындағы қиындықтарға қарамастан, ол білімге құштарлығын жоғалтпай, мектепке барып, білім жолына түсті.
Өзбекәлінің алғашқы білім алуына оның әпкесі Мәдиненің әсері мол болды. Ол Өзбекәліге кітап оқуды үйретіп, танымын кеңейтуге көмектесетін. Алайда Мәдине ерте қайтыс болады. Жетім қалған Өзбекәлі 1939 жылы Отырар маңындағы туысқандарының қолында өмір сүре бастайды. Тоғыз жасында анасы ауыр науқастан қайтыс болып, оны Серім Сейітбекұлының үлкен ұлы Қожанның отбасына орналастыру шешімі қабылданады. Соғыс жылдарында көптеген ауыл балалары оқуын тастап, еңбекке араласуға мәжбүр болса, Өзбекәлі оқуын үздіксіз жалғастырды. 1945 жылы жетіжылдық мектепті аяқтап, аудан орталығындағы Жамбыл атындағы орта мектепке оқуға түседі. Оқуы қиын жағдайда өтті, интернатта күнделікті азық-түлік тапшылығы болғанымен, ол білімге ұмтылысын тоқтатпайды.
Білімі
1948 жылы орта мектепті бітіріп, Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түседі. Қабылдау емтихандарынан сүрінбей өтіп, тарих, география, әдебиет пәндерінен жоғары бағалар алады. Орыс тілі мен әдебиетінен емтихан тапсыруда кейбір қиындықтарға тап болса да, өз табандылығымен оқуын жалғастырады. Оқу кезінде қаржылық қиындықтарға тап болған Өзбекәлі жатақхана болмағандықтан, үй жалдап тұрды, сол кезде оған жақын таныстары мен қайырымды жандар көмектеседі.
Студенттік кездерінде Өзбекәлі білімге ерекше ынта қойып, уақытының көп бөлігін кітапханада өткізді. Оның табандылығы, жан-жақтылығы мен ізденімпаздығы кейіннен достары мен курстастары арасында үлкен құрметке ие болады. Өзбекәлі Жәнібековтің болашақ зерттеу және ғылыми қызметтерінде бұл кезеңдегі тәжірибесі маңызды рөл атқарды.
1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
Қызметі
Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысының Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952 — 1955);
Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1955 — 1956);
Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы (1956 — 1961);
Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961 — 1970),
Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970 — 1975);
Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975 — 1977);
Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1977 — 1988); мәдениет министрі (1987 — 1988);
Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988 — 1991) қызметтерін атқарды.
Мұрасы
Торғай кезеңі
Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, Торғай облысы құрылып, оған Қазақстан Коммунистік партиясы Торғай облыстық комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметіне тағайындалған. Осы қызметте жүріп, өңірдің рухани дамуына айрықша үлес қосты. Жастар арасында оның есімі «жастардың қорғаны» ретінде кең танылды. Торғай облысына келген соң комсомол комитеттерінің жұмысын қайта ұйымдастырып, ұлттық мәдениеттің өркендеуіне ерекше көңіл бөлді.
Жәнібековтің қызметі ұлттық мәдениетті дамытуға, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталды. Ол мәдениеттің адамның рухани дамуы мен қоғамның ішкі үйлесімділігіне әсер ететінін жоғары бағалап, мәдени бастамаларды қолдады. Торғай өңірінің мәдени әлеуетін арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырды. Оның күш-жігерінің арқасында Арқалық қаласы ұлттық мәдениет орталығы ретінде танылып, сол кездегі стандартты кеңестік номенклатуралық құрылымға сай келмейтін ерекше жаңашылдық көзқарасқа ие болды.
Өзбекәлі Жәнібеков Торғайда алғашқы кәсіби қазақ театрын ұйымдастырып, Мәскеудегі М.С. Щепкин атындағы театр училищесінің түлектерінен актерлік құрам жасақтады. Бұл өнер ұжымының мүшелері оның шынайы қамқорлығын сезініп, облыстық партия комитетінің қолдауымен баспана және қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, Жәнібековтің бастамасымен «Шертер» ансамблі құрылып, қазақтың ұлттық музыкалық мұрасын жаңғырту бағытында жұмыстар атқарылды. Өзбекәлі Жәнібеков ансамбльдің репертуары, киімдері және музыкалық аспаптарына ерекше көңіл бөліп, ұлттық өнерді қазіргі заманға сай жаңғыртуға ықпал етті. 1981 жылы Алматыда Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайын ашып, қазақтың ұлттық аспаптарының сақталуы мен дамуына жағдай жасады. Сондай-ақ, «Сазген сазы», «Адырна», «Алтынай» сияқты ансамбльдердің құрылуына ықпал етіп, қазақ мәдениетінің насихатталуына елеулі үлес қосты.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жаңғырту
Өзбекәлі Жәнібеков мәдениет министрлігінде қызмет еткен жылдары көптеген тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, оның ішінде атақты Тайқазанды елге қайтару жұмыстарын ұйымдастырып, тарихи және мәдени мұраларды қорғауға айрықша үлес қосты. Ол Арыстан баб кесенесіндегі мешітті қалпына келтірген кезде де Мәскеудің қарсылығына қарамастан, түрлі айламен осы мақсатқа жетті. Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мақсатында «Арқас» қоғамы құрылды.
Өзбекәлі Жәнібеков қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеу және насихаттау ісіне де елеулі үлес қосты. Оның бастамасымен «Шертер», «Адырна», «Алтынай» сынды фольклорлық ансамбльдер құрылып, ұлттық музыкалық аспаптар қолданысқа енгізілді. Ол әрбір ансамбль мүшесінің киіміне ерекше мән беріп, сахналық мәдениетке талап қойды. Өзекеңнің арқасында Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайы ашылып, ұлттық өнер кең көлемде насихатталды. Ол тек қана өз ісіне адал адам ғана емес, өз халқының мәдениетіне және ұлттық мұрасына терең сүйіспеншілікпен қараған жан болды.
Ұлт ұландарын ақтап алу
- М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабай, Ш.Құдайбердіұлы ақтап алу ісін ұйымдастырып, еңбектерінің насихатталуына еңбек сіңірді.
- Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.
Наурыз мейрамын оралту
1920 жылы наурыз айының 20-сында Түркістан республикасының атқару комитеті төрағасы Тұрар Рысқұлов қол қойған бұйрық бойынша Наурыз алғаш рет ресми түрде мереке ретінде аталып өтті. Рысқұлов бұл мейрамның діни мазмұнынан ажыратып, халықтық көктем мерекесі ретінде қабылданып, кеңінен тойлануын қолдады.
1924 жылы Түркістан республикасы таратылып, аймақ жаңа саяси құрылымдарға бөлінді. 1930-жылдары большевиктік билік бұл мерекені «ескіліктің сарқыншағы» ретінде санап, халық арасында діни және ұлттық ерекшеліктерді насихаттауды шектеуді қолға алды.
1980-жылдардың аяғында КСРО-дағы «қайта құру» кезеңі басталып, қоғамдық бастамаларға еркіндік берілді. Осы уақыттан бастап Қазақстанда Наурызды қайта жаңғыртуға байланысты ұсыныстар айтыла бастады. Әдебиет зерттеушісі Рахманқұл Бердібайдың айтуынша, бұл бастаманы қолдаған тұлғалардың бірі — Өзбекәлі Жәнібеков болды. 1988 жылы компартияның басшылығында болған Жәнібеков бұл мейрамның ресми түрде қайта тойлануына ықпал етті. Наурыз мерекесі сол жылы Алматы қаласы мен Алматы облысының Жамбыл ауданында халықтық мейрам ретінде аталып өтті. Келесі жылдан бастап Наурыз мерекесі бүкіл Қазақстан бойынша кеңінен тойлана бастады.
1991 жылы Қазақ ССР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 22 наурыз – «Наурыз мейрамы» деп жарияланды.
Ұлттық музейлер құру ісі
- Ө. Жәнібек бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық және өлкетану мұражайлары ашылды;
- Алматыда Ұлттық аспаптар музейін құрды.
- Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды.
- “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.
- 1988 жылы Наурыз мейрамын Алматы және республика көлемінде ресми тойлануын жаңғыртты.
Еңбектері
- “Қазақтың ұлттық қол өнері” (1982),
- “Жаңғырық” (1991),
- “Уақыт керуені” (1992),
- “Жолайрықта” (1996),
- “Қазақ киімі” (1996),
- “Ежелгі Отырар” (1997),
- “Тағдыр тағылымы” (1996, 1-кітап, 1997, 2-кітап) еңбектері жарық көрген.
Марапаттары
2-3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.
Өзбекәлі Жәнібеков туралы
- Мәдени майдан, Санжар Керімбаев, Отбасы кітапханасы баспасы, 2024 жыл
- «Ұлттың ұйытқысы»
- Түркістан облысында Арыстанбаб кесенесінің жанында орналасқан Өзбекәлі Жәнібековтің кесенесі Отырар музей-қорығының қарамағына беріледі
Дереккөздер
- Тайқазанды қайтарды: мәдениет министрі болған Өзбекәлі Жәнібеков туралы не білеміз.
- Халқын сүйген Өзбекәлі Жәнібеков.
- Наурыз: Рысқұловтың бұйрығы мен Назарбаевтың жарлығы.
- Тәуелсіздіктен соң биліктен шеттетілген Өзбекәлі Жәнібеков.
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өzbekәli Zhәnibekuly Zhәnibek 28 tamyz 1931 Tүrkistan oblysy Otyrar audany Sarykamys auyly 24 akpan 1998 Almaty memleket kajratkeri Қazak SSR Mәdeniet ministri etnograf tarih gylymdarynyn kandidaty 1990 Өzbekәli Zhәnibekuly ZhәnibekӨzbekәli ZhәnibekulyLauazymyTu Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk Komitetinin hatshysyIdeologiyalyk zhәne mәdeniet salasynyn zhetekshisi1988 1991Tu Қazak KSR Mәdeniet ministri Tu1987 1988Tu Қazak KSR Mәdeniet ministrinin orynbasary Tu1977 1984Tu Қazakstan Kompartiyasy Ortalyk Komitetinin shet eldermen bajlanys boliminin mengerushisi1975 1977Қazakstan KP Torgaj oblystyk komitetinin hatshysy1970 1975Tu Қazak KSR Zhogargy Kenesinin 6 shakyrylym deputaty1963 1967Қazakstan komsomol ujymynyn basshysy1961 1970Қazakstan komsomolynyn Shymkent oblystyk komitetinin hatshysy1955 1961ӨmirbayanyPartiyasyҚazak KSR Zhogargy KenesiBilimiAbaj atyndagy Қazak Ұlttyk pedagogikalyk universiteti ҚazҰPU 1952 Ғylymi dәrezhesiTarih gylymdarynyn kandidaty 1990 Azamattygy KSRODүniege kelui 28 tamyz 1931 1931 08 28 Sarykamys auyly Otyrar audany Tүrkistan oblysy Қazak AKSR RKFSR KSROҚajtys boluy 24 akpan 1998 1998 02 24 66 zhas Almaty ҚazakstanZherlendi Өzbekәli Zhәnibek kesenesiӘkesi Zhәnibek ҚudiyarulyAnasy Қanysha TomashkyzyBalalary uldary Bauyrzhan Nietzhan kyzy ZhuldyzMarapattaryondeu BLKZhO OK 50 zhyldygyna orajgy saltanatty zhinalys Ө Zhәnibek songy katardagy on zhakta shette tur 1968 zhyl Mәskeu Kreml sezder sarajy N Tilendi Ө Zhәnibek Қ Sultan N Nazarbaj O Қajmolda on zhakta en shette turgan kozildirikti kisi respublikalyk halyk muzykalyk aspaptary muzeji kyzmetkerlerimen birge 1982 zhyl Otyrar ruhaniyaty muzej kitaphanasy korynanӨmirbayanyBalalyk shagy Auyldagy dәstүrge saj en kurmetti kariyalardyn biri Өzbek aksakaldyn kurmetine esimin ielengen Әkesi Zhәnibek Қudiyaruly men anasy Қanysha Tomashkyzy sharua adamy retinde karapajym turmysta omir sүrgen Өzbekәli Zhәnibekov dүniege kelgen son kop uzamaj әkesi kajtys bolyp anasyn әmengerlik saltka saj Serim Sejitbekulyna kosady Balalyk shagyndagy kiyndyktarga karamastan ol bilimge kushtarlygyn zhogaltpaj mektepke baryp bilim zholyna tүsti Өzbekәlinin algashky bilim aluyna onyn әpkesi Mәdinenin әseri mol boldy Ol Өzbekәlige kitap okudy үjretip tanymyn kenejtuge komektesetin Alajda Mәdine erte kajtys bolady Zhetim kalgan Өzbekәli 1939 zhyly Otyrar manyndagy tuyskandarynyn kolynda omir sүre bastajdy Togyz zhasynda anasy auyr naukastan kajtys bolyp ony Serim Sejitbekulynyn үlken uly Қozhannyn otbasyna ornalastyru sheshimi kabyldanady Sogys zhyldarynda koptegen auyl balalary okuyn tastap enbekke aralasuga mәzhbүr bolsa Өzbekәli okuyn үzdiksiz zhalgastyrdy 1945 zhyly zhetizhyldyk mektepti ayaktap audan ortalygyndagy Zhambyl atyndagy orta mektepke okuga tүsedi Okuy kiyn zhagdajda otti internatta kүndelikti azyk tүlik tapshylygy bolganymen ol bilimge umtylysyn toktatpajdy Bilimi 1948 zhyly orta mektepti bitirip Almatyga kelip Abaj atyndagy Қazak pedagogikalyk institutynyn tarih fakultetine okuga tүsedi Қabyldau emtihandarynan sүrinbej otip tarih geografiya әdebiet pәnderinen zhogary bagalar alady Orys tili men әdebietinen emtihan tapsyruda kejbir kiyndyktarga tap bolsa da oz tabandylygymen okuyn zhalgastyrady Oku kezinde karzhylyk kiyndyktarga tap bolgan Өzbekәli zhatakhana bolmagandyktan үj zhaldap turdy sol kezde ogan zhakyn tanystary men kajyrymdy zhandar komektesedi Studenttik kezderinde Өzbekәli bilimge erekshe ynta kojyp uakytynyn kop boligin kitaphanada otkizdi Onyn tabandylygy zhan zhaktylygy men izdenimpazdygy kejinnen dostary men kurstastary arasynda үlken kurmetke ie bolady Өzbekәli Zhәnibekovtin bolashak zertteu zhәne gylymi kyzmetterinde bul kezendegi tәzhiribesi manyzdy rol atkardy 1952 zhyly Abaj atyndagy Қazak pedagogikalyk institutyn bitirgen Қyzmeti Shymkent kazirgi Ontүstik Қazakstan oblysynyn Keles audanynda mektep mugalimi oku isinin mengerushisi 1952 1955 Keles audany komsomol komitetinin 1 hatshysy 1955 1956 Shymkent oblysynyn komsomol komitetinin hatshysy 1956 1961 Қazakstan LKZhO OK nin 1 hatshysy hatshysy 1961 1970 Қazakstan kompartiyasy Torgaj oblysy komitetinin hatshysy 1970 1975 Қazakstan kompartiyasy OK nin shet eldermen bajlanys boliminin mengerushisi 1975 1977 Қazakstan mәdeniet ministrinin orynbasary 1977 1988 mәdeniet ministri 1987 1988 Қazakstan kompartiyasy OK nin hatshysy 1988 1991 kyzmetterin atkardy Murasy Torgaj kezeni Қazakstan LKZhO Ortalyk Komitetinin birinshi hatshysy kyzmetin atkaryp Torgaj oblysy kurylyp ogan Қazakstan Kommunistik partiyasy Torgaj oblystyk komitetinin ideologiya zhonindegi hatshysy kyzmetine tagajyndalgan Osy kyzmette zhүrip onirdin ruhani damuyna ajryksha үles kosty Zhastar arasynda onyn esimi zhastardyn korgany retinde ken tanyldy Torgaj oblysyna kelgen son komsomol komitetterinin zhumysyn kajta ujymdastyryp ulttyk mәdeniettin orkendeuine erekshe konil boldi Zhәnibekovtin kyzmeti ulttyk mәdenietti damytuga ulttyk salt dәstүrlerdi zhangyrtuga bagyttaldy Ol mәdeniettin adamnyn ruhani damuy men kogamnyn ishki үjlesimdiligine әser etetinin zhogary bagalap mәdeni bastamalardy koldady Torgaj onirinin mәdeni әleuetin arttyru maksatynda koptegen is sharalar ujymdastyrdy Onyn kүsh zhigerinin arkasynda Arkalyk kalasy ulttyk mәdeniet ortalygy retinde tanylyp sol kezdegi standartty kenestik nomenklaturalyk kurylymga saj kelmejtin erekshe zhanashyldyk kozkaraska ie boldy Өzbekәli Zhәnibekov Torgajda algashky kәsibi kazak teatryn ujymdastyryp Mәskeudegi M S Shepkin atyndagy teatr uchilishesinin tүlekterinen akterlik kuram zhasaktady Bul oner uzhymynyn mүsheleri onyn shynajy kamkorlygyn sezinip oblystyk partiya komitetinin koldauymen baspana zhәne kazhetti turmystyk zhagdajlarmen kamtamasyz etildi Sondaj ak Zhәnibekovtin bastamasymen Sherter ansambli kurylyp kazaktyn ulttyk muzykalyk murasyn zhangyrtu bagytynda zhumystar atkaryldy Өzbekәli Zhәnibekov ansambldin repertuary kiimderi zhәne muzykalyk aspaptaryna erekshe konil bolip ulttyk onerdi kazirgi zamanga saj zhangyrtuga ykpal etti 1981 zhyly Almatyda Ykylas atyndagy muzykalyk aspaptar murazhajyn ashyp kazaktyn ulttyk aspaptarynyn saktaluy men damuyna zhagdaj zhasady Sondaj ak Sazgen sazy Adyrna Altynaj siyakty ansamblderdin kuryluyna ykpal etip kazak mәdenietinin nasihattaluyna eleuli үles kosty Қozha Ahmet Yassaui kesenesin zhangyrtu Өzbekәli Zhәnibekov mәdeniet ministrliginde kyzmet etken zhyldary koptegen tarihi eskertkishterdi kalpyna keltiru zhumystaryn bastady Қozha Ahmet Yasaui kesenesin onyn ishinde atakty Tajkazandy elge kajtaru zhumystaryn ujymdastyryp tarihi zhәne mәdeni muralardy korgauga ajryksha үles kosty Ol Arystan bab kesenesindegi meshitti kalpyna keltirgen kezde de Mәskeudin karsylygyna karamastan tүrli ajlamen osy maksatka zhetti Zhәnibekovtin bastamasymen Қazakstannyn tarihi zhәne mәdeni eskertkishterin saktau maksatynda Arkas kogamy kuryldy Өzbekәli Zhәnibekov kazaktyn muzykalyk aspaptaryn zertteu zhәne nasihattau isine de eleuli үles kosty Onyn bastamasymen Sherter Adyrna Altynaj syndy folklorlyk ansamblder kurylyp ulttyk muzykalyk aspaptar koldanyska engizildi Ol әrbir ansambl mүshesinin kiimine erekshe mәn berip sahnalyk mәdenietke talap kojdy Өzekennin arkasynda Ykylas atyndagy muzykalyk aspaptar murazhajy ashylyp ulttyk oner ken kolemde nasihattaldy Ol tek kana oz isine adal adam gana emes oz halkynyn mәdenietine zhәne ulttyk murasyna teren sүjispenshilikpen karagan zhan boldy Ұlt ulandaryn aktap alu M Dulatuly Zh Ajmauytuly M Zhumabaj Sh Қudajberdiuly aktap alu isin ujymdastyryp enbekterinin nasihattaluyna enbek sinirdi Ana tilin damytu bagdarlamasynyn memlekettik tuzhyrymdamasyn zhasauga katysty Nauryz mejramyn oraltu 1920 zhyly nauryz ajynyn 20 synda Tүrkistan respublikasynyn atkaru komiteti toragasy Turar Ryskulov kol kojgan bujryk bojynsha Nauryz algash ret resmi tүrde mereke retinde atalyp otti Ryskulov bul mejramnyn dini mazmunynan azhyratyp halyktyk koktem merekesi retinde kabyldanyp keninen tojlanuyn koldady 1924 zhyly Tүrkistan respublikasy taratylyp ajmak zhana sayasi kurylymdarga bolindi 1930 zhyldary bolsheviktik bilik bul merekeni eskiliktin sarkynshagy retinde sanap halyk arasynda dini zhәne ulttyk erekshelikterdi nasihattaudy shekteudi kolga aldy 1980 zhyldardyn ayagynda KSRO dagy kajta kuru kezeni bastalyp kogamdyk bastamalarga erkindik berildi Osy uakyttan bastap Қazakstanda Nauryzdy kajta zhangyrtuga bajlanysty usynystar ajtyla bastady Әdebiet zertteushisi Rahmankul Berdibajdyn ajtuynsha bul bastamany koldagan tulgalardyn biri Өzbekәli Zhәnibekov boldy 1988 zhyly kompartiyanyn basshylygynda bolgan Zhәnibekov bul mejramnyn resmi tүrde kajta tojlanuyna ykpal etti Nauryz merekesi sol zhyly Almaty kalasy men Almaty oblysynyn Zhambyl audanynda halyktyk mejram retinde atalyp otti Kelesi zhyldan bastap Nauryz merekesi bүkil Қazakstan bojynsha keninen tojlana bastady 1991 zhyly Қazak SSR prezidenti Nursultan Nazarbaevtyn zharlygymen 22 nauryz Nauryz mejramy dep zhariyalandy Ұlttyk muzejler kuru isi Ө Zhәnibek bastamasymen Қazakstannyn koptegen kalalarynda etnografiyalyk zhәne olketanu murazhajlary ashyldy Almatyda Ұlttyk aspaptar muzejin kurdy Қazakstannyn tarihi zhәne mәdeni eskertkishterin saktau men kalpyna keltiru maksatyn kozdegen Arkas kogamy kuryldy Sherter Adyrna Altynaj t b folklorlyk oner ansamblderin ujymdastyrdy 1988 zhyly Nauryz mejramyn Almaty zhәne respublika koleminde resmi tojlanuyn zhangyrtty Enbekteri Қazaktyn ulttyk kol oneri 1982 Zhangyryk 1991 Uakyt kerueni 1992 Zholajrykta 1996 Қazak kiimi 1996 Ezhelgi Otyrar 1997 Tagdyr tagylymy 1996 1 kitap 1997 2 kitap enbekteri zharyk korgen Marapattary 2 3 mәrte Enbek Қyzyl Tu ordenimen medaldermen marapattalgan Өzbekәli Zhәnibekov turalyMәdeni majdan Sanzhar Kerimbaev Otbasy kitaphanasy baspasy 2024 zhyl Ұlttyn ujytkysy Tүrkistan oblysynda Arystanbab kesenesinin zhanynda ornalaskan Өzbekәli Zhәnibekovtin kesenesi Otyrar muzej korygynyn karamagyna berilediDerekkozderTajkazandy kajtardy mәdeniet ministri bolgan Өzbekәli Zhәnibekov turaly ne bilemiz Halkyn sүjgen Өzbekәli Zhәnibekov Nauryz Ryskulovtyn bujrygy men Nazarbaevtyn zharlygy Tәuelsizdikten son bilikten shettetilgen Өzbekәli Zhәnibekov Қazak enciklopediyasy