Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші ; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдар, биржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.
Аралас кәсіпорын
Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, , өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.
Бірлескен кәсіпорын
Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.
Венчурлық кәсіпорын
Венчурлық кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік]]. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді. Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында қызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. Концессиялық кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын. Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны – жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.
Муниципалдық кәсіпорын – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын – бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезидент-корпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бөлімшелері.
Унитарлық кәсіпорын
Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады. Кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Ұжымдық кәсіпорын
Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерлік кәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын – сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
Дереккөздер:
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- , 4-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kәsiporyn kogamdagy enbek bolinisi zhүjesindegi okshaulangan derbes ondiristik sharuashylyk birlik yaki zandy tulga kukygy berilgen sharuashylyk zhүrgizushi ondiristik sharuashylyk kyzmetti ujymdastyrudyn negizgi nysany Ol әleumettik kazhettilikterdi kanagattandyru zhәne pajda alu maksatymen enbek uzhymyn pajdalana otyryp onim tauar ondiredi zhumystardy oryndajdy kyzmetter korsetedi zhәne ondiris kural zhabdygy men baska da mүlikke menshik nysandaryna karamastan zandy tulga retinde zhәne sharuashylyk esep principine sүjenip әreket etedi Kәsiporyn zannamada tyjym salynbagan zhәne kәsiporynnyn zhargysynda kozdelgen maksattarga saj keletin kez kelgen sharuashylyk kyzmetpen ajnalysa alady Kәsiporyn ozinin kyzmetin derbes zhүzege asyrady shygarylatyn onimin salyktar men byudzhetke baska da mindetti tolemderdi tolegennen kejin kalgan pajdany ielenedi Kәsiporyn memlekettik tirkeuden otken kүnnen bastap kuryldy dep sanalyp zandy tulga kukygyn ielenedi Tirkeu үshin kuryltajshy ony kuru turaly sheshimdi nemese kuryltajshylardyn shartyn kәsiporynnyn zhargysyn zhәne baska kuzhattardy usynady Kәsiporynnyn derbes balansy bankterde esep ajyrysu shoty men ozge de shottary ozinin atauy zhazylgan mori bolady Mүliktik keshen retinde kәsiporynnyn kuramyna onyn kyzmeti үshin kerekti mүliktin barlyk tүrleri bugan kosa zher telimderi gimarattar zhabdyktar shikizat onimder talap kukyktary sondaj ak kәsiporyndy onyn onimin zhumystary men korsetetin kyzmetterin daralandyratyn tanbalarga kukyktar firmalyk ataular tauar belgileri kyzmet korsetu belgileri zhәne zan men shartta ozgedej kozdelmegen zhagdajda baska da ajryksha kukyktar kiredi Menshik iesinin nemese ol uәkildik bergen organnyn kelisuimen kәsiporyn zandy tulga kukyktary berilgen enshiles sharuashylyk zhүrgizushi subektiler sondaj ak filialdar bolimsheler bankide shot ashu kukygy bar baska da okshaulandyrylgan bolimsheler kura alady Tiisti organ arkyly memleket enbek uzhymdary zheke zhәne zandy tulgalar sonyn ishinde sheteldik tulgalar da kәsiporynnyn kuryltajshylary bola alady Menshik nysandaryna karaj kәsiporyn zheke memlekettik uzhymdyk nemese aralas menshiktegi sondaj ak kogamdyk ujym menshigindegi kәsiporyn nysanynda kuryluy mүmkin Olar zhekeshe kәsiporyn seriktes zharnapulga negizdelgen seriktestik akcionerlik kogam memlekettik kәsiporyn kommunaldyk kәsiporyn tүrlerine zhikteledi Naryktyk ekonomikaga koshu zhagdajynda zhumys istep turgan kәsiporyndardyn derbestigin kenejtumen birge ekonomikalyk birigudin zhana nysandaryn seriktestikter kauymdastyktar birlesken kәsiporyndar shagyn kәsiporyndar konsorciumdar birzhalar kommerciyalyk bankter kurudyn tiimdiligi ajkyndala bastady Kәsiporyn Aralas kәsiporyn Aralas kәsiporyn menshik nysandary aluan tүrli kәsiporyn onyn kyzmeti birlesken kyzmetti zhүzege asyrushy seriktesterdin үlespuldyk zharnalaryna negizdelgen Auyl sharuashylygy kәsiporyny menshiginde nemese sharuashylyktyn karamagynda zher sondaj ak baska da mүlik bar zhәne osimdik sharuashylygy mal sharuashylygy onimin ondirushi auyl sharuashylygy ondirisine kyzmet korsetushi zandy tulga Auyl sharuashylygynda sharuashylykty zhүrgizu nysandary akcionerlik kogamdar tүrli turpattagy seriktestikter kooperativteri uzhymdyk sharuashylyktar onerkәsiptin kolik baska da kәsiporyndar men ujymdardyn sharuashylykaralyk kosalky sharuashylyktary gylymi zertteu mekemeleri men ujymdary t b Birlesken kәsiporyn Birlesken kәsiporyn eki ne odan kop eldin zandy tulga kukyktary bar kuryltajshylarynyn firmalarynyn kompaniyalarynyn t b mүlkin biriktiru negizinde kurylgan kәsiporyn Olardyn nakty nysandary ondiristik kәsiporyndar sauda firmalary engizbelik servistik zhәne baska ujymdar Yntymaktastyktyn mundaj nysandary el ekonomikasyna shet el kapitalyn tartuga kolda bar rezervterdi tezirek pajdalanuga kazhetti onimdi shygarudy ulgajtuga mүmkindik beredi bilimdi enbek pen ondiristi ujymdastyru tәzhiribesin baskaru stili men әdisterin almasuga naryktyk katynastar men syrtky rynokty igeruge zhәrdemdesedi Onyn zhargylyk kory seriktesterdin salymy esebinen kuralyp sharuashylyk kyzmetten alyngan pajda esebinen kazhet bolgan zhagdajda kosymsha salym nemese karyz esebinen tolyktyryluy mүmkin Birlesken kәsiporynnyn bas direktory baskarma toragasy kuryltajshy memlekettin azamaty ne shet el azamaty boluy mүmkin Қyzmetkerlerdi zhaldau zhumyska alu zhumystan shygaru enbek aky toleu mәselelerin kәsiporynnyn ozi sheshedi Onyn әkimshilik kәsipodakpen uzhymdyk shart zhasasuga mindetti Venchurlyk kәsiporyn Venchurlyk kәsiporyn gylymi zertteulermen inzhenerlik taldamalarmen zhanalyktar ashumen zhәne engizumen sonyn ishinde iri firmalardyn tapsyrystary zhәne memlekettik kosalky kelisim sharttar bojynsha zhana engizilimder zhasaumen ajnalysatyn shagyn kәsiporyn Enshiles kәsiporyn zandy tulga kukygy bar birak akciyalarynyn paketi ne zhargylyk kory baska kәsiporynnyn kolynda bolatyn kәsiporyn Zhalgerlik kәsiporyn kәsipkerlik kyzmetti zhalga alyngan mүliktik keshen negizinde zhүzege asyratyn sharuashylyk birlik Zhalgerlik kәsiporyn tirkelgen sәtten bastap zandy ujym kukygyna ie bolady Ol zhalga berushige zhalga alyngan mүliktin kunynan esepteletin pajyz nemese turakty soma tүrinde zhalgerlik tolem tolejdi Salyktar men byudzhetke baska da tolemder tolengennen kejin sharuashylyk kyzmetten alyngan pajdany derbes iemdenedi Zhekeshe kәsiporyn azamat sonyn ishinde shet el azamaty nemese azamattygy zhok tulga kurgan kәsiporyn Onyn zheke kәsipkerlikten ajyrmashylygy sol munda zandy tulga belgileri bolady Ony menshik iesi baskarady ne ol uәkildik bergen organdar baskarady Menshik iesi zhekeshe kәsiporynnyn baskarushysy boluga kukyly nemese baskaru үshin baska bireudi tagajyndauy ony kelisim shart bojynsha zhaldauy mүmkin Zhargylyk kordy kura otyryp menshik iesi mүlikti nemese karazhatty kәsiporynga beredi zhәne ony baskaru organdarynyn okilettikterin shekteu zholymen bakylauga kukyly Ol taza pajdadan oz pajdasyna audarym dividend molsherin derbes belgilej alady Kommerciyalyk kәsiporyn zandy tulga kukygy berilgen ozin ozi karzhylandyru zhagdajynda kyzmetpen ajnalysatyn zhәne barynsha kop pajda aludy kozdejtin okshaulandyrylgan derbes sharuashylyk birligi Koncessiyalyk kәsiporyn memleketke nemese municipalitetke tiesili tabigat bajlyktaryn kәsiporyndar men baska sharuashylyk subektilerin zhekeshe kәsipkerlerge nemese sheteldik firmalarga belgili bir merzimge pajdalanuga beru turaly shart negizinde kurylgan kәsiporyn Korporativtik kәsiporyn menshigi үlespuldarga bolingen tәuelsiz zandy subektiler retinde omir sүretin kәsiporyn Kәsipkerlik kyzmettin nysany basym nysan bolyp tabylady zhәne iri birlestikter kurudyn halykaralyk saudany damytudyn kazirgi betalysyna saj keledi Negizgi artykshylyktary shekteuli zhauapkershilik zhәne kosymsha kapital tartuga үlken mүmkindiginin barlygy Kolik kәsiporyny zheke zhәne zandy tulgalarga negizgi kyzmet tүri retinde kolik kyzmetin korsetetin zandy tulga Municipaldyk kәsiporyn mүlki zhergilikti byudzhet karazhaty esebinen kuralatyn kәsiporyn Zhergilikti ozin ozi baskaru organdarynyn menshiginde bolady Tikelej shet elden karzhylandyrylatyn kәsiporyn bejrezident birlikterdin bakylauyndagy kәsiporyn bejrezident korporaciyalardyn filialdary shet memleketterdin nemese bejrezident birlikter toptarynyn bakylauyndagy korporaciyalar belgili bir ekonomikalyk aumakta uzak merzimde zhumys istejtin bejrezident kәsiporyndardyn bolimsheleri Unitarlyk kәsiporyn Unitarlyk kәsiporyn ozine bekitilgen mүlikti menshiktenuge kukygy zhok kommerciyalyk ujym Ol memlekettik zhәne municipaldyk zhergilikti kәsiporyn boluy mүmkin osygan oraj onyn mүlki memlekettik nemese municipaldyk menshikte bolady bul mүlik ogan sharuashylykty zhүrgizu nemese oralymdy baskaru kukyktary negizinde tiesili bolady Sharuashylykty zhүrgizu kukyktary negizinde kurylgan unitarlyk kәsiporyndy nemese zhergilikti ozin ozi baskaru organy kurady Onyn zhargysyn osy organ bekitedi zhargylyk korynyn sharuashylyk seriktestikterdegidej nemese akcionerlik kogamdardagydaj zhargylyk kapital emes molsherin ajkyndap zhasaktajdy Unitarlyk kәsiporynnyn basshysyn memlekettik nemese municipaldyk organ tagajyndajdy zhәne ol osy organga esep berip turady Kәsiporyn ozinin mindettemeleri bojynsha ozine tiesili barlyk mүlikpen zhauap beredi Eger unitarlyk kәsiporyn mүlki oralymdy baskaru kukygy negizinde kuralsa onda ol kazynalyk kәsiporyn bolyp tabylady Unitarlyk kәsiporyn ozinin karamagyndagy mүlikti derbes ielenedi pajdalanady bilejdi birak bul orajda mүlikti menshiktenushi kәsiporynga tiesili mүliktin saktaluyn bakylajdy Ol mүlikti menshiktenushinin mindettemeleri bojynsha zhauap bermejdi Ұzhymdyk kәsiporyn Ұzhymdyk kәsiporyn memlekettik kәsiporyndy kunyn tolep algan zhagdajda nemese mүlikti enbek uzhymy zandy zholmen satyp algan zhagdajda kurylatyn sharuashylyk birlik Munda menshik uzhymdyk sipatta bolady zhәne mүlik kyzmetkerlerdin salymdaryna bolinedi Қyzmetker salymynyn kuramyna onyn memlekettik nemese zhalgerlik kәsiporynnyn mүlkine salgan somasy men onyn uzhymdyk kәsiporyn kurylyp zhumysyn bastagannan kejingi mүliktin kobeyuine koskan kiredi Salymga enbek uzhymy men kәsiporyn bagynatyn organ arasyndagy kelisimde zhumys nәtizhelerin basshylykka ala otyryp ajkyndalatyn molsherde pajyz eseptelip tolenedi Kәsiporyn taratylgan zhagdajda byudzhetpen banktermen zhәne baska nesiegerlermen esep ajyryskannan kejin kalgan mүlikten kyzmetkerge onyn үlesi salymnyn kuny men tabystyn boligi tolenedi Shagyn kәsiporyn zhumysshylar sany men sharuashylyk ajnalymy onerkәsipte onim kolemi saudada tauar ajnalymynyn kolemi belgili bir molsherlik olshemmen shekteletin zhanadan kurylgan nemese burynnan zhumys istep turgan kәsiporyn Olarga onerkәsip pen kurylysta zhumysshylardyn sany kop degende 200 adamga gylymda 100 adamga baska ondiristik salalarda 25 adamga bolshek saudada 15 adamga dejin zhetetin kәsiporyndar zhatady Sheteldik kәsiporyn zhargylyk kory tүgelimen sheteldik karzhylardan kuralgan kәsiporyn ujym Iri kәsiporyn sala ondirisinin zhalpy koleminin kop үlesin ondiretin ne zhumysshylardyn nemese akciyalardy ielenushilerdin sany zhoninen otkizu kolemi aktivterdin nemese pajdanyn molsheri zhoninen iri dep sanalatyn ne osy eki belgige de ie kәsiporyn Derekkozder Oryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6 4 tom