- Кәсіподақ, кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері.
Анықтамасы
Кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, тағы басқабайланысты туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады.
Тарихы
Кәсіподақтар Батыс Еуропа мен АҚШ-та өзара көмек қоғамдары ретінде 18 ғасырдың аяғында пайда болды. Францияда жұмысшы қоғамдары, АҚШ-та жұмысшы қауымдастықтары құрыла бастады. Германия мен Еуропаның басқа да елдерінде 19 ғасырдың 30 – 40-жылдары құрылған жұмысшы қауымдастықтары жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын, жалақысы, тұрмысы, мәдениеті, демалысы, тағы басқамұқтаждары салаларындағы мүдделерін қорғауды көздеді, олар нақты істерімен өздерінің дербес саяси күш екендігін көрсетті. Дамыған елдерде кәсіподақтар 19 ғ-да заңдастырылды. 1905 жылы кәсіподақтардың одақаралық органдары – Орталық бюролар құрылды. Аса ірі халықар. орталықтары: Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы, Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясы және Дүниежүзілік еңбек конфедерациясы. Ресейде кәсіподақтар 1905 – 07 жылғы төңкеріс кезінде қалыптаса бастады. Қазақстанда да кәсіподақтар осы кезеңде құрыла бастады. Қазақстан арқылы өтетін Орынбор – Ташкент темір жолының, Қарағанды, Орал кеніштері мен кәсіпорындары жұмысшыларының әкімшарушалығы алдына экономикалық талаптар қою үшін ұйымдасуы әсіподақтардың алғашқы үлгілері еді. Қазан төңкерісінен кейін кәсіподақтардың рөлі түбегейлі түрде өзгерді. Олар жартылай жария ұйымдардан жұмыскерлердің ірі бірлестіктеріне айналды. Кәсіподақтардың міндеттері мен қызметтеріне жаңа сапалық сипат берілді. КСРО кәсіподақтарының мақсаттары, ұйымдық құрылымы, күллі практикалық жұмысы “пролетариат диктатурасының орнауы” жағдайына бейімделіп белгіленді, оларға “коммунизм мектебі” болу, билік жүргізуші саяси ұйымға көмектесу міндеті жүктелді. Кәсіподақтар қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болды. 1921 жылы 25 – 28 қаңтарда Орынборда кәсіподақтардың Қазақ өлкелік 1-кеңесі болып өтті. Осы кеңесте Кәсіподақтардың бүкілодақтың орт. кеңесінің (-тің) Қазақ бюросы құрылды. Бюроның ұйымдастыру, экон. және нормалау бөлімдері болды. 1921 жылы 17 – 22 қазанда Орынборда Қазақстан kәсіподақтарының 1-конференциясы өтті. Оның жұмысына 47 делегат қатысты. Кәсіподақтар кеңестік қоғам тарихындағы барлық кезеңдерде сан-салалы жұмыс жүргізіп, Кеңестік жүйедегі алға қойылған нақты міндеттерді шешуге белсене ат салысты. 1957 жылы қаңтарда КСРО Жоғapы Кеңесі Төралқасы “Еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережені” бекітті. Бұл ереже бойынша, фабрика-зауыт жергілікті комитеттеріне (), бір жағынан, жұмысшылар мен қызметшілер, екінші жағынан, өндіріс әкімшіліктері арасындағы еңбек дауларын тікелей қарау құқығы берілді. 20 ғ-дың 60-жылдары мемлекет әлеуметтік сақтандыру және еңбек заңдарының сақталуын, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын мемл. қадағалау кәсіподақтарға жүктелді. Еңбек пен жалақы мәселелері жөніндегі мемл. шешімдер кәсіподақтардың қатысуымен қабылданды. Олар пен кәсіподақтардың республика кеңестері арқылы заң шығару бастамашылығы құқын пайдаланды. Мысалы, зейнетақы, жұмыс күнін қысқарту туралы заңдар, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережелер, жалақысы аз жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны көбейту туралы, жұмысшылар мен қызметшілердің ұжымдық бау-бақша шаруашылығы туралы қаулылар кәсіподақтардың бастамашылығымен немесе белсене қатысуымен қабылданды. Әкімшілік кәсіподақтардың фабрикалық, зауыттық, жергілікті комитетінің келісімінсіз, өз бастамасымен жұмысшылар мен қызметшілерді жұмыстан шығара алмайтын, тұрғын үйлерді бөлу, тағы басқатуралы шешім қабылдай алмайтын болды. Кәсіподақтар әкімшіліктің еңбек туралы заңдарды және еңбек қорғау жөніндегі нормаларды жүзеге асыруына бақылау жүргізді; олардың техникалық және құқықтық инспекциялары қызметін атқарды. Жұмысшылардың, қызметшілердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеум. сақтандырылуын басқару қызметі кәсіподақтарға жүктелді, шаруашылық есептегі санаторийлер мен үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Кеңестік дәуірде бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақтардың негізі болатын. Олар өндірістік принцип бойынша құрылды. Олардың әрқайсысы бір кәсіпорында, кеңшарда, ұжымшарда, мекемеде жұмыс істейтін немесе бір оқу орнында оқитын К. мүшелерінен тұрды. Әрбір кәсіподақ халық шаруышылығының бір немесе бірнеше саласының жұмысшылары мен қызметшілерін біріктірді. Әрбір салалық кәсіподақтың өзінің съезінде сайланатын жеке Орталық кәсіподақті болды. Салалық кәсіподақтардың көбісінде өздерінің республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық және ауданы комитеттері болды. Республикаларда, өлкелерде, облыстарда одақаралық органдар – кәсіподақ кеңестері жұмыс істеді. Кәсіподақтардың съездері олардың жоғары органы болып есептелді. КСРО-ның барлық кәсіподақтарының жұмысына ВЦСПС басшылық етті, ол КСРО кәсіподақтарының съезінде сайланды және соған есеп берді. КСРО кәсіподақтары Дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясының қызметіне қатысты, 128 елдің кәсіподақ орталықтарымен байланыс жасап тұрды. КСРО ыдырап, егеменді ТМД елдерінің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында кәсіподақтар тоталитарлық жүйенің құрамдас бөлігі болған ұйымдардан дербес қоғамдық құрылымдарға айналды. Жаңа кәсіподақтар, көбінесе, кәсіптік белгісіне қарай құрылуда
Қазақстандағы кәсіподақ
кәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен, кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. Кәсіподақтардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. Кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді сот шығарады. Қазақстанда, негізінен, федерацияға біріккен.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kәsipodak kәsibi odaktar ondiristegi zhәne ondiristen tys salalardagy kyzmetkerlerdi biriktiretin oz mүshelerinin әleumettik ekonomikalyk kuktary men mүddelerin korgau үshin kurylatyn erikti ujymdar kyzmetinin sipaty men kәsibi mүddelerinin ortaktygyna karaj ujymdaskan azamattardyn bukaralyk erikti kogamdyk birlestikteri AnyktamasyKәsipodak ujymdary azamattardyn enbek katynastarynda zhumyspen kamtyluga zhumyska kabyldauga zhәne zhumystan bosatuga zhumys uakyty men demalystyn uzaktygy men rezhimine zhalakynyn molsherine tagy baskabajlanysty tuyndagan mәselelerin sheshude eleuli rol atkarady TarihyKәsipodaktar Batys Europa men AҚSh ta ozara komek kogamdary retinde 18 gasyrdyn ayagynda pajda boldy Franciyada zhumysshy kogamdary AҚSh ta zhumysshy kauymdastyktary kuryla bastady Germaniya men Europanyn baska da elderinde 19 gasyrdyn 30 40 zhyldary kurylgan zhumysshy kauymdastyktary zhumyskerlerdin enbek etu zhagdajlaryn zhalakysy turmysy mәdenieti demalysy tagy baskamuktazhdary salalaryndagy mүddelerin korgaudy kozdedi olar nakty isterimen ozderinin derbes sayasi kүsh ekendigin korsetti Damygan elderde kәsipodaktar 19 g da zandastyryldy 1905 zhyly kәsipodaktardyn odakaralyk organdary Ortalyk byurolar kuryldy Asa iri halykar ortalyktary Kәsipodaktardyn dүniezhүzilik federaciyasy Erikti kәsipodaktardyn halykaralyk konfederaciyasy zhәne Dүniezhүzilik enbek konfederaciyasy Resejde kәsipodaktar 1905 07 zhylgy tonkeris kezinde kalyptasa bastady Қazakstanda da kәsipodaktar osy kezende kuryla bastady Қazakstan arkyly otetin Orynbor Tashkent temir zholynyn Қaragandy Oral kenishteri men kәsiporyndary zhumysshylarynyn әkimsharushalygy aldyna ekonomikalyk talaptar koyu үshin ujymdasuy әsipodaktardyn algashky үlgileri edi Қazan tonkerisinen kejin kәsipodaktardyn roli tүbegejli tүrde ozgerdi Olar zhartylaj zhariya ujymdardan zhumyskerlerdin iri birlestikterine ajnaldy Kәsipodaktardyn mindetteri men kyzmetterine zhana sapalyk sipat berildi KSRO kәsipodaktarynyn maksattary ujymdyk kurylymy kүlli praktikalyk zhumysy proletariat diktaturasynyn ornauy zhagdajyna bejimdelip belgilendi olarga kommunizm mektebi bolu bilik zhүrgizushi sayasi ujymga komektesu mindeti zhүkteldi Kәsipodaktar kozgalysy bukaralyk sipatka ie boldy 1921 zhyly 25 28 kantarda Orynborda kәsipodaktardyn Қazak olkelik 1 kenesi bolyp otti Osy keneste Kәsipodaktardyn bүkilodaktyn ort kenesinin tin Қazak byurosy kuryldy Byuronyn ujymdastyru ekon zhәne normalau bolimderi boldy 1921 zhyly 17 22 kazanda Orynborda Қazakstan kәsipodaktarynyn 1 konferenciyasy otti Onyn zhumysyna 47 delegat katysty Kәsipodaktar kenestik kogam tarihyndagy barlyk kezenderde san salaly zhumys zhүrgizip Kenestik zhүjedegi alga kojylgan nakty mindetterdi sheshuge belsene at salysty 1957 zhyly kantarda KSRO Zhogapy Kenesi Toralkasy Enbek daularyn karau tәrtibi turaly erezheni bekitti Bul erezhe bojynsha fabrika zauyt zhergilikti komitetterine bir zhagynan zhumysshylar men kyzmetshiler ekinshi zhagynan ondiris әkimshilikteri arasyndagy enbek daularyn tikelej karau kukygy berildi 20 g dyn 60 zhyldary memleket әleumettik saktandyru zhәne enbek zandarynyn saktaluyn enbek korgau men kauipsizdik tehnikasyn meml kadagalau kәsipodaktarga zhүkteldi Enbek pen zhalaky mәseleleri zhonindegi meml sheshimder kәsipodaktardyn katysuymen kabyldandy Olar pen kәsipodaktardyn respublika kenesteri arkyly zan shygaru bastamashylygy kukyn pajdalandy Mysaly zejnetaky zhumys kүnin kyskartu turaly zandar enbek daularyn karau tәrtibi turaly erezheler zhalakysy az zhumysshylar men kyzmetshilerge zhalakyny kobejtu turaly zhumysshylar men kyzmetshilerdin uzhymdyk bau baksha sharuashylygy turaly kaulylar kәsipodaktardyn bastamashylygymen nemese belsene katysuymen kabyldandy Әkimshilik kәsipodaktardyn fabrikalyk zauyttyk zhergilikti komitetinin kelisiminsiz oz bastamasymen zhumysshylar men kyzmetshilerdi zhumystan shygara almajtyn turgyn үjlerdi bolu tagy baskaturaly sheshim kabyldaj almajtyn boldy Kәsipodaktar әkimshiliktin enbek turaly zandardy zhәne enbek korgau zhonindegi normalardy zhүzege asyruyna bakylau zhүrgizdi olardyn tehnikalyk zhәne kukyktyk inspekciyalary kyzmetin atkardy Zhumysshylardyn kyzmetshilerdin uzhymshar enbekshilerinin әleum saktandyryluyn baskaru kyzmeti kәsipodaktarga zhүkteldi sharuashylyk eseptegi sanatorijler men үjlerinin bәri solardyn karauyna berildi Kenestik dәuirde bastauysh kәsipodak ujymdary kәsipodaktardyn negizi bolatyn Olar ondiristik princip bojynsha kuryldy Olardyn әrkajsysy bir kәsiporynda kensharda uzhymsharda mekemede zhumys istejtin nemese bir oku ornynda okityn K mүshelerinen turdy Әrbir kәsipodak halyk sharuyshylygynyn bir nemese birneshe salasynyn zhumysshylary men kyzmetshilerin biriktirdi Әrbir salalyk kәsipodaktyn ozinin sezinde sajlanatyn zheke Ortalyk kәsipodakti boldy Salalyk kәsipodaktardyn kobisinde ozderinin respublikalyk olkelik oblystyk kalalyk zhәne audany komitetteri boldy Respublikalarda olkelerde oblystarda odakaralyk organdar kәsipodak kenesteri zhumys istedi Kәsipodaktardyn sezderi olardyn zhogary organy bolyp esepteldi KSRO nyn barlyk kәsipodaktarynyn zhumysyna VCSPS basshylyk etti ol KSRO kәsipodaktarynyn sezinde sajlandy zhәne sogan esep berdi KSRO kәsipodaktary Dүniezhүzilik kәsipodaktar federaciyasynyn kyzmetine katysty 128 eldin kәsipodak ortalyktarymen bajlanys zhasap turdy KSRO ydyrap egemendi TMD elderinin naryktyk ekonomikaga koshui zhagdajynda kәsipodaktar totalitarlyk zhүjenin kuramdas boligi bolgan ujymdardan derbes kogamdyk kurylymdarga ajnaldy Zhana kәsipodaktar kobinese kәsiptik belgisine karaj kuryludaҚazakstandagy kәsipodakkәsipodaktardyn kukyktyk zhagdajy Konstituciyamen kodeksimen halyktyn zhumyspen kamtyluy turaly halyktyn zejnetakymen kamsyzdandyryluy turaly zandarmen baska da zandarmen ajkyndalady Kәsipodaktar ozinin kyzmetin Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasy men zannamasy zhәne halykaralyk aktiler men kelisimderde bekitilgen ozge de zan normalary shenberinde ozderi kabyldagan zhargylarga sәjkes memleket organdar men sayasi kogamdyk ujymdardan tәuelsiz zhagdajda zhүzege asyrady Olarmen ozara karym katynastaryn әriptestik pen kurmetteushilik suhbattastyk pen yntymaktastyk negizinde kurady Kәsipodaktardyn kukyktaryn shektejtin nemese olardyn zanda kozdelgen kukyktaryn zhүzege asyruyna kedergi zhasajtyn kandaj da bolsyn aralasushylykka tyjym salynady Kәsipodak oz mүshelerinin memleket zhәne sharuashylyk kurylymdarmen kogamdyk birlestiktermen kәsipkerlermen karym katynasyndagy kukyktary men mүddelerin bildirip kazhet bolgan zhagdajda bulardy korgauga zhәrdemdesedi Ұzhymdyk sharttar men tiisti dengejdegi tariftik kelisimder zhasasady olardyn arasyndagy zhekelej zhәne uzhymdyk enbek daularyn sheshuge komektesedi Kәsipodak pen zhumys berushi arasyndagy daular bojynsha tүpkilikti sheshimderdi sot shygarady Қazakstanda negizinen federaciyaga birikken Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz