Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларына дәнді дақылдар, техникалық және сергітпе дақылдар өсіру, бау-бақша шаруашылығы жатады.
Дәнді дақылдар
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр. Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай, күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал 18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.
Бидай
Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған.
Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу орталықтары (Н. И. Вавилов пен В. В. Вольский бойынша)
Орталықтар | Басты мәдени дақылдар | Үй жануарлары мен құстары |
---|---|---|
Жерорта теңізі | Арпа, зығыр, жүзім, апельсин, зәйтүн, құрма | Ешкі, қой, ірі қара |
Оңтүстік-Батыс Азия | Бидай, карабидай, арпа, сұлы, кендір, бұршақ, қызылша, жүзім | Ірі қара, жылқы, ешкі, бактриан (екі өркешті түйе), қой, үйрек |
Оңтүстік Азия | Күріш, бидай, қант құрамы, мақта, жұт, шай, кокос пальмасы | Ірі қара (буйвол, зебу), үйрек, қаз |
Шығыс Азия | Күріш, қытайбұршақ, қытайтары (гаолян), арпа, тары, шабдалы, өрік | Қодас, шошқа, түт жібек көбелегі |
Оңтүстік-Шығыс Азия | Күріш, ямс, тары, саго, банан, қант құрағы | Шошқа, тауық |
Эфиопия | Бидай, арпа, сорго, тары, кофе, мақта, банан | Дромедар (бір өркешті түйе), |
Батыс Африка | Күріш, тары, ямс, май пальмасы, қарбыз, қауын | Шошқа |
Орталық Америка | Жүгері, маниок, батат, жержаңғақ, какао, сизаль, макта, темекі | Күркетауық, үй қояндары |
Анд тауы | Жүгері, картоп, асбұршақ, мақта, күнбағыс | Лама, альпака |
Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ, Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері, арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған.
- Дәнді дақылдар жинаудан жетекші елдер. 2006 ж.
Рет саны | Елдер | Өнім мөлшері, млн т | Елдің дәнді дақылдар жинаудағы үлесі, % |
---|---|---|---|
1 | Қытай | 480,0 | 21,6 |
2 | АҚШ | 306,0 | 16,4 |
3 | Үндістан | 230,0 | 10,6 |
4 | Ресей | 85,0 | 3,2 |
5 | Франция | 60,0 | 3,1 |
6 | Канада | 50,0 | 2,8 |
7 | Индонезия | 50,0 | 2,6 |
8 | Бразилия | 50,0 | 2,2 |
9 | Украина | 50,0 | 2,1 |
10 | Аргентина | 33,6 | 1,6 |
Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған материктерде қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі, Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі, Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып саналатын жер — АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары сапалы нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай астанасы деп атайды.
Күріш
Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония, Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді. Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.
Жүгері
Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.
Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі. ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде бірінші орынға шықты.
Техникалық дақылдар
Өсімдік шаруашылығының маңызды саласының бірі — техникалық дақылдар. Олар әр түрлі өндіріс салаларына шикізат ретінде өсіріледі. Аса маңызды техникалық дақылдарға майлы дақылдар, қант өндірілетін дақылдар, талшықты, крахмалды, сергітпе және дәм-татымдық дақылдар жатады. Олардың өзі азық-түліктік маңызы бар және азық-түлікке жатпайтын деп ажыратылады.
Майлы дақылдар
Майлы дақылдар Жер шары халқының тамақ құрамында дәнді дақылдардан кейін 2-орын алады. Маңызды түрлері: қытайбұршақ, жержаңғақ, зәйтүн, күнбағыс. Бүкіл пайдаланылатын майдың 2/3-сі осы өсімдіктерден алынады. Қытайбұршак өндіруден АҚШ 1-орында, одан кейін Бразилия мен Аргентина. Жержаңғақ өсіруден Үндістан, зәйтүннен Италия, ал күнбағыс өсіруден Ресей алдыңғы орында. Азия, Латын Америкасы елдерінде пальмалардан, мақта өсіретін елдерде мақта майын алу жолға қойылған.
Қантты дақылдар
Қантты дақылдардың да азық-түліктік маңызы зор. Олардан жыл сайын 100 млн т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрағынан, ал 40%-ы қант қызылшасынан алынады. Екеуі де еңбекті өте көп қажет ететін дақылдар, бірақ таралу аймағы мүлде бөлек. Қант құрағы — шөптесін, көпжылдық өсімдік. Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққанымен қазір Латын Америкасы елдерінде және басқа материктердің тропиктік, субтропиктік белдеулерінде көбірек өсіріледі. Негізгі өндірушілері — Бразилия, Үндістан, Қытай. Қант қызылшасы коңыржай белдеудің дақылы, оның басты өндірушілері — Франция, АҚШ, Ресей, Украина және т.б., яғни коңыржай белдеу елдері.
Талшықты дақылдар
Талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Ол жылу мен ылғалды аса көп қажет етеді. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн т-ны құрайды. Мақта егісінің алқабы мен мақта жинау жөнінен 1-орынды ежелден мақта өсірушілер — Азия елдері, 2-орынды — Америка, 3-орынды Африка елдері иеленеді. Олардың ішінен Қытай, АҚШ, Үндістан елдері ерекшеленеді. Көпшілік елдер қысқа талшықты мақта егеді, өте бағалы ұзын талшықты мақта өсіруден Египет ежелден-ақ танымал. Басқа талшықты дақылдар — зығыр мен джуттың таралу аймағы анағұрлым шектеулі. Дүниежүзілік зығыр өндірудің 3 4 бөлігі Ресей мен Беларусь Республикасына, ал джут өндіру Үндіста мен Бангладештің үлесіне тиеді. Табиғи каучук беретін гевея ағашының плантациялары алғаш XIX ғасырда Оңтүстік Америкада қолға алынған болатын. Кейіннен ол Азияға ауысып, қазір Азия елдері табиғи каучук өндірісінің басты ауданына айналып отыр. Әсіресе Таиланд, Индонезия мен Малайзия ерекше көзге түседі.
Крахмалды дақылдар
Крахмалды дақылдардың ішіндегі маңыздысы да, көп таралғаны да — картоп. Картоптың отаны Оңтүстік Америка, бірақ, қазір коңыржай белдеу дақылына айналып отыр. Картоп жинаудан 1-орынды Ресей, 2-орынды Польша, 3-орынды Қытай алады.
Сергітпе дақылдар
Сергітпе дақылдарға шай, кофе және какао жатады. Олар, әдетте, тропиктік (шай субтропикте де) белдеулерде өсіріледі және таралу аймағы айтарлықтай шектеулі. Шайдың отаны — Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Үндістан, Қытай және Шри-Ланка өндіреді. Ал субтропиктерде шай Грузия жерінде өсіріледі. Кофенің отаны — Африка, қазір оның түсімінін; 2/3-сін Латын Америкасы елдері, әсіресе Бразилия мен Колумбия береді. Какао, керісінше Америкадан шыққан, қазір оның негізгі өндірушілері Африканық Гвинея жағалауындағы елдер. Жетекші елдер қатарына Кот-д’Ивуар, одан кейін Бразилия, Гана, Индонезия мен Нигерия жатады.
Дәм-татымдық дақылдар
Дәм-татымдық дақылдар (қалампыр, бүрыштар, тмин, лавр, күнжіт, корица, ваниль, кардамон, түрлі жаңғақтар) субтропиктік, тропиктік аймақтарда жаппай өсіріледі. Жоғарыда аталған дақылдардың барлығы дерлік халықаралық сауданың маңызды тауарлары болып табылады.
Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығының маңызды салаларының бірі — бақша шаруашылығы, дүниежүзі елдерінің барлығына дерлік тән. Жылдық өнімділігі 600 млн т, оның 70%-дан астамын Азия шаруалары өсіреді. Жоғары маманданған бақша шаруашылықтары ірі қала маңдарында шоғырланған. Ал жеміс-жидек шаруашылығы табиғат жағдайлары колайлы және көлік түрлерімен жақсы қамтамасыз етілген жоғары маманданған арнаулы аудандар құрайды. Бақша сияқты бұл да көп еңбекті қажет етеді. Субтропиктік (жерортатеңіздік) және тропиктік белдеулерде көбірек таралған. Жылдық өнімділігі 430 млн т, оның 2/5-сін Азия елдері жинайды. Жеміс-жидекті көп өндіретін елдер қатарына Қытай, Үндістан, Бразилия, АҚШ, Италия жатады. Жүзім өсіру Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде ерекше дамыған. Жүзім жинаудан Италия, Франция, Испания және АҚШ көзге түседі. Цитрус өсіру де АҚШ, Бразилия, Испания, Италия, Қытай мен Жапония сияқты субтропиктерде орналасқан елдерге тән. Банан — азиялық жеміс, бірақ қазір тек Азияда ғана емес, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка елдерінде де көптеп өсіріледі. Жетекші елдерге Үндістан, Эквадор, Бразилия, Филиппин және Мексика жатады. Соңғы жылдары гүл өсіруге маманданған шаруашылықтар жаппай белең алуда.
Дереккөздер
- География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — география бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өsimdik sharuashylygynyn manyzdy salalaryna dәndi dakyldar tehnikalyk zhәne sergitpe dakyldar osiru bau baksha sharuashylygy zhatady Dәndi dakyldarEzhelden ak osimdik sharuashylygynyn negizin dәndi dakyldar kurajdy Dәndi dakyldar dүniezhүzindegi ondeletin zher korynyn 1 2 inen astamyn alyp zhatyr Olardyn egistikteri is zhүzinde adamdardyn konystanu ajmagyna sәjkes keledi Songy 50 zhyl ishinde dәndi dakyldar onimdiligi үsh esege artkan zhylyna ondiriletin molsheri 2 mlrd t dan asyp otyr Dәndi dakyldar onimdiligi egis kolemin ulgajtu esebinen emes әrbir gektardan alynatyn tүsimdi koteru esebinen kobeyude Dәndi dakyldardyn shygymdylygy damushy elderde 15 20 c ga bolsa damygan elderde ol korsetkish 35 40 p ga Dүniezhүzi bojynsha zhylyna dәndi dakyldardan alynatyn onimnin zhartysyna zhuygy Aznya elderinde 1 4 i Soltүstik Amerika al kalgan boligi Europa elderi men baska elder үlesine keledi Elder arasyndagy 1 orynda songy kezde AҚSh ty basyn ozgan Қytaj 3 orynda Үndistan 4 orynda Resej bolsa 5 oryndy Franciya ielenedi Dәndi dakyldar tamak kurama zhem spirt zhәne t b ondiris salalaryna shikizat bolyp tabylady Dәndi dakyldardyn negizin basty үsh dakyl bidaj kүrish zhәne zhүgeri kurajdy Dәndi dakyldar egistiginin 32 yn bidaj 20 yn kүrish al 18 yn zhүgeri egistigi alyp zhatyr Bidaj Bidaj en basty dakyl Onyn negizgi shykkan oshagy Aldyngy Aziya men Zherorta tenizi ajmagy Ony akademik N I Vavilov anyktagan Mәdeni osimdikter men үj zhanuarlarynyn shygu ortalyktary N I Vavilov pen V V Volskij bojynsha Ortalyktar Basty mәdeni dakyldar Үj zhanuarlary men kustaryZherorta tenizi Arpa zygyr zhүzim apelsin zәjtүn kurma Eshki koj iri karaOntүstik Batys Aziya Bidaj karabidaj arpa suly kendir burshak kyzylsha zhүzim Iri kara zhylky eshki baktrian eki orkeshti tүje koj үjrekOntүstik Aziya Kүrish bidaj kant kuramy makta zhut shaj kokos palmasy Iri kara bujvol zebu үjrek kazShygys Aziya Kүrish kytajburshak kytajtary gaolyan arpa tary shabdaly orik Қodas shoshka tүt zhibek kobelegiOntүstik Shygys Aziya Kүrish yams tary sago banan kant kuragy Shoshka tauykEfiopiya Bidaj arpa sorgo tary kofe makta banan Dromedar bir orkeshti tүje Batys Afrika Kүrish tary yams maj palmasy karbyz kauyn ShoshkaOrtalyk Amerika Zhүgeri maniok batat zherzhangak kakao sizal makta temeki Kүrketauyk үj koyandaryAnd tauy Zhүgeri kartop asburshak makta kүnbagys Lama alpaka Қazir bidaj adam turakty mekendejtin barlyk materikterde osedi Bidaj soltүstik zharty sharda kop osiriledi Dүniezhүzinde 70 ten astam el bidaj osirumen ajnalysady birak onyn zhalpy oniminin basym boligi tek birneshe elge tiesili Aldyngy үshtikti Қytaj AҚSh Үndistan kurajdy Keste mәlimetteri negizgi bes dakyldy kүrish bidaj karabidaj zhүgeri arpa zhinau korsetkishteri negizinde kurastyrylgan Dәndi dakyldar zhinaudan zhetekshi elder 2006 zh dd Ret sany Elder Өnim molsheri mln t Eldin dәndi dakyldar zhinaudagy үlesi 1 Қytaj 480 0 21 62 AҚSh 306 0 16 43 Үndistan 230 0 10 64 Resej 85 0 3 25 Franciya 60 0 3 16 Kanada 50 0 2 87 Indoneziya 50 0 2 68 Braziliya 50 0 2 29 Ukraina 50 0 2 110 Argentina 33 6 1 6 Bidajdyn tauarlyk ondirisi XIX gasyrdan bastap dala zonasy taralgan materikterde kalyptasa bastagan Қazir olar zhogary mamandangan iri sharuashylyktarga ajnalgan Ondaj audandarga AҚSh pen Kanadadagy Ұly zhazyktar Resejdin Europalyk boliginin ontүstigi Ukraina Қazakstan Ұly Қytaj zhazygy Afrikanyn ontүstigi Australiyanyn ontүstigi Argentina Pampasy siyakty basty astykty onirler zhatady Astykty olkelerdin biri bolyp sanalatyn zher AҚSh pen Kanadanyn Ortalyk zhazyktary Munda kobinese zhogary sapaly nan pisiruge arnalgan katty bidaj osiriledi Vinnipeg kalasyn bidaj astanasy dep atajdy Kүrish Kүrish tropiktik dәndi dakyl Onyn negizgi shykkan zheri Қytaj Bidaj siyakty baska zherlerge konys audargan Mussondyk klimat sipaty tәn subtropiktik tropiktik zhәne subekvatorlyk beldeulerde kosymsha koldan suaru arkyly osiriledi Egistik aumagy bidajmen salystyrganda eki ese az bolganyna karamastan onim molsheri birdej Onyn basty sebebi klimattyk zhagdajga bajlanysty koptegen elderde Қytaj Үndistan Zhaponiya Indoneziya Egipet zhәne t b kүrishten zhylyna eki ret onim zhinalady Kүrish zhylu men ylgaldy kүtimdi kop kazhet etetin dakyl Sondyktan halyk ote tygyz ornalaskan ajmaktarda basym osiriledi Қazirgi kezde kүrish osirumen 100 ge zhuyk el ajnalyskanymen onyn dүniezhүzilik zhalpy oniminin 9 10 y Aziyanyn kүrish osirushi elderine keledi Dүniezhүzindegi suarmaly zherdin 2 3 sin kүrish alyp zhatyr Zhүgeri Zhүgeri mais Amerikadan Kolumb sayahatynan kejin dүniezhүzinin baska audandaryna da taraldy Onyn egistikteri kobinese bidaj egistigi men katar ornalasady Tek dәn үshin gana emes mal bordakylauga asa kazhet kok balausa alu үshin osiru songy kezde onyn taralu ajmagyn kenejtti Basty ondirushi elder AҚSh odan kejin Қytaj Latyn Amerikasynan Braziliya men Meksika zhәne Batys Europanyn ontүstigindegi elder Dүniezhүzindegi zhүgeri osiretin basty audan AҚSh tyn Ұly kolderinen ontүstikke karaj ornalaskan zhүgeri beldeui Bul zher osy dakyldy osiruge en kolajly zher bolyp tabylady Zhүgeri ondiruden әsirese Ajova shtatynyn danky shykkan Damygan elderde zhүgeri mal azygy retinde al damushy elderde azyk tүlik dakyly retinde osiriledi Өndiriletin astyktyn dүniezhүzilik narykka 10 15 y shygarylady Astykty syrtka shygarushy elder kataryna astyk sharuashylygy halykaralyk mamandanu salasy bolyp tabylatyn AҚSh Kanada Franciya Australiya Argentina zhatady Azyk tүliktik astyk oz astygy zhetpejtin Egipet Қytaj Iran Resej siyakty elderge mal azyktyk dakyldar Zhaponiya Batys Europanyn birkatar elderine zhәne Resejge zhiberiledi TMD elderinin kopshiligi osimdik sharuashylygynyn artta kaluyna bajlanysty dәndi dakyldardy syrttan aluda zhyl sajyn 30 40 mln t astyk satyp aluga mәzhbүr Bul turgydan alganda Қazakstanda ilgerileu bajkalady Songy zhyldary Қazakstan astykty syrtka shygaratyn elder kataryna kosyldy Mysaly 2009 zhyly un satudan TMD elderinde birinshi orynga shykty Tehnikalyk dakyldarӨsimdik sharuashylygynyn manyzdy salasynyn biri tehnikalyk dakyldar Olar әr tүrli ondiris salalaryna shikizat retinde osiriledi Asa manyzdy tehnikalyk dakyldarga majly dakyldar kant ondiriletin dakyldar talshykty krahmaldy sergitpe zhәne dәm tatymdyk dakyldar zhatady Olardyn ozi azyk tүliktik manyzy bar zhәne azyk tүlikke zhatpajtyn dep azhyratylady Majly dakyldar Majly dakyldar Zher shary halkynyn tamak kuramynda dәndi dakyldardan kejin 2 oryn alady Manyzdy tүrleri kytajburshak zherzhangak zәjtүn kүnbagys Bүkil pajdalanylatyn majdyn 2 3 si osy osimdikterden alynady Қytajburshak ondiruden AҚSh 1 orynda odan kejin Braziliya men Argentina Zherzhangak osiruden Үndistan zәjtүnnen Italiya al kүnbagys osiruden Resej aldyngy orynda Aziya Latyn Amerikasy elderinde palmalardan makta osiretin elderde makta majyn alu zholga kojylgan Қantty dakyldar Қantty dakyldardyn da azyk tүliktik manyzy zor Olardan zhyl sajyn 100 mln t dan astam kant ondiriledi Onyn 60 y kant kuragynan al 40 y kant kyzylshasynan alynady Ekeui de enbekti ote kop kazhet etetin dakyldar birak taralu ajmagy mүlde bolek Қant kuragy shoptesin kopzhyldyk osimdik Ontүstik Shygys Aziyadan shykkanymen kazir Latyn Amerikasy elderinde zhәne baska materikterdin tropiktik subtropiktik beldeulerinde kobirek osiriledi Negizgi ondirushileri Braziliya Үndistan Қytaj Қant kyzylshasy konyrzhaj beldeudin dakyly onyn basty ondirushileri Franciya AҚSh Resej Ukraina zhәne t b yagni konyrzhaj beldeu elderi Talshykty dakyldar Talshykty dakyldardyn en manyzdysy makta Ol zhylu men ylgaldy asa kop kazhet etedi Makta talshygynyn dүniezhүzilik ondirisi 20 mln t ny kurajdy Makta egisinin alkaby men makta zhinau zhoninen 1 oryndy ezhelden makta osirushiler Aziya elderi 2 oryndy Amerika 3 oryndy Afrika elderi ielenedi Olardyn ishinen Қytaj AҚSh Үndistan elderi erekshelenedi Kopshilik elder kyska talshykty makta egedi ote bagaly uzyn talshykty makta osiruden Egipet ezhelden ak tanymal Baska talshykty dakyldar zygyr men dzhuttyn taralu ajmagy anagurlym shekteuli Dүniezhүzilik zygyr ondirudin 3 4 boligi Resej men Belarus Respublikasyna al dzhut ondiru Үndista men Bangladeshtin үlesine tiedi Tabigi kauchuk beretin geveya agashynyn plantaciyalary algash XIX gasyrda Ontүstik Amerikada kolga alyngan bolatyn Kejinnen ol Aziyaga auysyp kazir Aziya elderi tabigi kauchuk ondirisinin basty audanyna ajnalyp otyr Әsirese Tailand Indoneziya men Malajziya erekshe kozge tүsedi Krahmaldy dakyldar Krahmaldy dakyldardyn ishindegi manyzdysy da kop taralgany da kartop Kartoptyn otany Ontүstik Amerika birak kazir konyrzhaj beldeu dakylyna ajnalyp otyr Kartop zhinaudan 1 oryndy Resej 2 oryndy Polsha 3 oryndy Қytaj alady Sergitpe dakyldar Sergitpe dakyldarga shaj kofe zhәne kakao zhatady Olar әdette tropiktik shaj subtropikte de beldeulerde osiriledi zhәne taralu ajmagy ajtarlyktaj shekteuli Shajdyn otany Қytaj Dүniezhүzinde zhinalatyn shajdyn 4 5 in Үndistan Қytaj zhәne Shri Lanka ondiredi Al subtropikterde shaj Gruziya zherinde osiriledi Kofenin otany Afrika kazir onyn tүsiminin 2 3 sin Latyn Amerikasy elderi әsirese Braziliya men Kolumbiya beredi Kakao kerisinshe Amerikadan shykkan kazir onyn negizgi ondirushileri Afrikanyk Gvineya zhagalauyndagy elder Zhetekshi elder kataryna Kot d Ivuar odan kejin Braziliya Gana Indoneziya men Nigeriya zhatady Dәm tatymdyk dakyldar Dәm tatymdyk dakyldar kalampyr bүryshtar tmin lavr kүnzhit korica vanil kardamon tүrli zhangaktar subtropiktik tropiktik ajmaktarda zhappaj osiriledi Zhogaryda atalgan dakyldardyn barlygy derlik halykaralyk saudanyn manyzdy tauarlary bolyp tabylady Baksha zhәne zhemis zhidek sharuashylygyӨsimdik sharuashylygynyn manyzdy salalarynyn biri baksha sharuashylygy dүniezhүzi elderinin barlygyna derlik tәn Zhyldyk onimdiligi 600 mln t onyn 70 dan astamyn Aziya sharualary osiredi Zhogary mamandangan baksha sharuashylyktary iri kala mandarynda shogyrlangan Al zhemis zhidek sharuashylygy tabigat zhagdajlary kolajly zhәne kolik tүrlerimen zhaksy kamtamasyz etilgen zhogary mamandangan arnauly audandar kurajdy Baksha siyakty bul da kop enbekti kazhet etedi Subtropiktik zherortatenizdik zhәne tropiktik beldeulerde kobirek taralgan Zhyldyk onimdiligi 430 mln t onyn 2 5 sin Aziya elderi zhinajdy Zhemis zhidekti kop ondiretin elder kataryna Қytaj Үndistan Braziliya AҚSh Italiya zhatady Zhүzim osiru Zherorta tenizi zhagalauyndagy elderde erekshe damygan Zhүzim zhinaudan Italiya Franciya Ispaniya zhәne AҚSh kozge tүsedi Citrus osiru de AҚSh Braziliya Ispaniya Italiya Қytaj men Zhaponiya siyakty subtropikterde ornalaskan elderge tәn Banan aziyalyk zhemis birak kazir tek Aziyada gana emes Ortalyk zhәne Ontүstik Amerika Afrika elderinde de koptep osiriledi Zhetekshi elderge Үndistan Ekvador Braziliya Filippin zhәne Meksika zhatady Songy zhyldary gүl osiruge mamandangan sharuashylyktar zhappaj belen aluda DerekkozderGeografiya Dүniezhүzine zhalpy sholu TMD elderi Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ө Bejsenova K Kajmuldinova S Әbilmәzhinova t b Almaty Mektep 2010 304 b ISBN 978 601 293 170 9Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul geografiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet