Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.
Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты биржалар тауар биржасы, қор биржасы, , еңбек биржасы, т.б. болып бөлінеді.
Биржа түрлері
Тауар биржасы
Тауар биржасы сапасы жағынан қалыптасқан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар биржаларына: (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металдар биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), (алюминий, алтын, т.б.), (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.
Қор биржасы
Қор биржасында жергілікті өкімет органдары мен мемлекеттік емес компаниялар шығаратын құнды қағаздар жөнінде мәмілелер жүргізіледі. Қор биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
Валюта биржасы
Валюта биржасы — валюталық операцияларды шоғырландыратын, валюта нарықтарын қалыптастырып, оның өзара байланысы мен динамикасын қамтамасыз ететін халықаралық валюталық-қаржылық қарым-қатынастардың құрамдас бөлігі. Биржалық сауда конъюнктурасы мен қор және валюта Биржаның жағдайы әлемдік экономикаға, тауарлық және валюта пиасасының (рыногының) дүниежүзілік ахуалына және әлемдік баға деңгейіне тікелей қатысты. Лондонда, Нью-Йоркте, Токиода, Цюрихте орналасқан.
Еңбек биржасы
Еңбек биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді. Еңбек биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:
- саудагерлер еркін сауда жасайтын пиаса түріндегі ашық биржа, ол көбіне мемлекет бақылауында болады;
- өз мүшелері ғана сауда жасайтын томаға-тұйық корпорация ретіндегі биржалар, олардың ісіне мемлекет көп араласа бермейді.
- Биржаға мүше болу үшін мүліктік цензды қанағаттандырып, байырғы мүшелердің ұсынысы бойынша дауысқа түседі, жарнасы төленеді. Биржа мүшелері биржа және дилерлер болып бөлінеді. Көпшілік қауым биржа операцияларына делдалдар арқылы қатысады. Биржа комитеттерінің бағалау комиссиялары сатылған құнды қағаздар саны мен нарқы жөніндегі мәліметтерді күн сайын биржа бюллетендерінде жариялап отырады. Қазақстанда биржа 1991 жылдан пайда бола бастады, әсіресе, тауар және қор биржалары шапшаң дамыды.
Биржа айналымы
Биржа айналымы — белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері биржа айналымының көрсеткіші болып табылады. Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды. Бүгінде халықаралық биржа айналымы, әсіресе, биржалық тауар айналымы сан және сапа жағынан өсуде.
Биржа бағасы
Биржа бағасы— биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. Бұл — биржада болып жатқан өзгерістердің бір көрсеткіші бола отырып, құнды қағаздар мен биржа тауарларына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын белгілейді. Кейде мұнда әдейі жасалатын сұраныс пен ұсыныстың немесе жалған келісімдердің салдарынан үлкен шатасушылық, алданушылық та болады. Құнды қағаздардың бағасын белгілегенде, кейде биржада жасалған келісімдер ғана емес, одан тыс жасалған келісімдер де есепке алынады. Кейбір биржалардың бюллетендерінде құнды қағаздар мен биржа тауарлары айналымының сомасы да көрсетіледі. Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.
Биржа дағдарысы
Биржа дағдарысы — экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы. Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцианың қоғамдардың пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады. Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды, мұның өзі оларды мүлде құнсыздандырып жібереді, ал өнеркәсіп өндірісі мен сауданың кемуі күрделі қаржы жұмсауды азайтады, тіпті тоқтап та қалады, нәтижесінде кәсіпорындардың облигация шығаруы кемиді. Экономикалық дағдарысқа байланыссыз да (мысалы, соғыс кезінде) құнды қағаздардың курсі құлдырауы мүмкін.
Биржа делдалдары
Биржа делдалдары — қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т.б. жөніндегі деректерге қанық болады. Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша Биржа делдалдары өз есебінен келісім жасасуға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды. Қор биржасындағы Биржа делдалдары, негізінен, делдалдық конторлар немесе фирмалар түрінде болады. Олардың биржада жасалып жатқан келісімдерді көрсетіп тұратын экранмен жабдықталған залы және клиенттердің пайдалануына берілетін телефон қондырғылары орнатылған бөлмелері мен өз бухгалтериясы бар. Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын Биржа делдалдары міндетін де атқарады. Биржа мүшесі болып саналатын биржа делдалдарынан басқа ресми түрде тіркелмеген маклерлер де болады. Биржа делдалдары өзінің делдалдық қызметі мен берген кеңесі үшін ақы алады. Оны жасасқан келісімнің сомасына қарай белгілі бір мөлшерде биржа комитеттері белгілейді.
Биржалық алым
Биржалық алым — биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.
Биржалық үрей
Құнды қағаздар бағамының (ең алдымен ақциялардың) күрт, апатты түрде түсіп кетуімен сипатталатын биржалық күйзелістің барынша ең бір өткір кезеңі. Биржаны үрей кеулеген кезде, құнды қағаздар ұсынысы күрт күшейіп, оларға деген сұраныс та бірден төмен құлдырайды. Биржалық үрей, әдетте, басталып келе жатқан экономиқалық дағдарыстың немесе бұған дейінгі биржалық дүрлігудің заңды нәтижелері болып табылады.
Биржалық баж
Биржа комитетінің биржа мәмілелерін жасау құқы үшін биржа мүшелері мен оған қатысушылардан алынатын төлемі.
Биржа дүрлікпесі
Өз болмысы бойынша объективті экономиқалық негізі жоқ, құнды қағаздар бағамы мен қор биржасындағы жалпы айналымды жасанды түрде қолдан көтеру. Биржа дүрлікпесі құнды қағаздарға дүрліге сұраныс жасаумен сипатталып, алыпсатарлық, операциялардың мөлшері бірден ұлғаяды, жалған капиталды жасанды жолмен «ұлғайту» орын алады. Егер биржалық операциялардың қатысушылары экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін недәуір асыра бағалайтын болса, биржа дүрлікпесінің заңды нәтижесі міндетті түрде биржалық үрей мен күйреуге апарып соқтырады. Бұл өз кезегінде қор құндылықтарының рыногын қайтадан белгілеуге әкеліп соғады.
Биржалық мәмілелер
Нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының зандары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық, жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер.
Биржалық мәмілелер осы мәмілелердің жасалғандығын растау үшін биржа беретін құжаттармен рәсімделеді.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- “Қазақ Энциклопедиясы”, IIтом
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Stock exchanges |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Birzha lat bursa әmiyan suranys pen usynystyn arakatynasy negizinde tauarlardy kundy kagazdardy sondaj ak zhumys kүshin koterme bagamen satudy ujymdastyru tүri karzhy sauda mәmilelerin zhasau үshin satyp alushylar men satushylardyn zhinalatyn orny Chikago tauar birzhasy Birzhalar 15 16 gasyrlarda pajda bola bastady Algashky birzhalar әmbebap sipatta boldy Mysaly 1608 zhyly kurylgan osy sipatyn kazirge dejin saktap keledi Ұsynylatyn tauar ne kyzmet tүrlerine bajlanysty birzhalar tauar birzhasy kor birzhasy enbek birzhasy t b bolyp bolinedi Birzha tүrleri Tauar birzhasy Tauar birzhasy sapasy zhagynan kalyptaskan standartka tolyktaj saj keletin belgili bir tauarlardy satyp alu men satu үshin ujymdaskan piasany rynokty kamtamasyz etushi saudagerler associaciyasy bolyp tabylady Munda negizinen bir tekti onimder astyk makta metall t b saudalanady Bul tauarlardyn әlemdik bagasy dүnie zhүzinin zhetekshi tauar Birzhalarynda kalyptaskan baga arkyly anyktalady Dүnie zhүzindegi iri tauar birzhalaryna munaj onimderi mazut t b asyl metaldar altyn kүmis platina t b London metaldar birzhasy alyuminij mys korgasyn t b alyuminij altyn t b astyk onimderi bidaj zhүgeri t b zhatady Қor birzhasy Қor birzhasynda zhergilikti okimet organdary men memlekettik emes kompaniyalar shygaratyn kundy kagazdar zhoninde mәmileler zhүrgiziledi Қor birzhasynda zhasalatyn mәmileler kassalyk satyp alyngan kundy kagazdar akysy 2 3 kүn ishinde tolenedi zhәne merzimdik akciyalardyn akshasy 1 aj ishinde tolenedi bolyp bolinedi Қundy kagazdardyn narky suranys әserine dividend kolemine zhәne procent molsherine karaj ozgerip turady Valyuta birzhasy Valyuta birzhasy valyutalyk operaciyalardy shogyrlandyratyn valyuta naryktaryn kalyptastyryp onyn ozara bajlanysy men dinamikasyn kamtamasyz etetin halykaralyk valyutalyk karzhylyk karym katynastardyn kuramdas boligi Birzhalyk sauda konyunkturasy men kor zhәne valyuta Birzhanyn zhagdajy әlemdik ekonomikaga tauarlyk zhәne valyuta piasasynyn rynogynyn dүniezhүzilik ahualyna zhәne әlemdik baga dengejine tikelej katysty Londonda Nyu Jorkte Tokioda Cyurihte ornalaskan Enbek birzhasy Enbek birzhasy zhumys kүshin zhaldau kezinde kәsipkerler men kyzmetkerler arasynda deldaldyk zhasajtyn memleket mekeme Memleket enbek birzhalary arkyly enbek piasasyna ykpal etedi Enbek birzhasynyn negizgi kyzmeti zhumyssyzdardy zhumyspen kamtu zhumys ornyn auystyruga komektesu zhumysshy kүshinin naryktyk konyunkturasyn zerttep olar turaly akparat beru zhumyssyzdardy esepke alyp olarga zhәrdemaky toleu zhәne t b Birzhany ujymdastyrudyn aluan tүrleri bolganymen negizinen eki turpatka bolinedi saudagerler erkin sauda zhasajtyn piasa tүrindegi ashyk birzha ol kobine memleket bakylauynda bolady oz mүsheleri gana sauda zhasajtyn tomaga tujyk korporaciya retindegi birzhalar olardyn isine memleket kop aralasa bermejdi Birzhaga mүshe bolu үshin mүliktik cenzdy kanagattandyryp bajyrgy mүshelerdin usynysy bojynsha dauyska tүsedi zharnasy tolenedi Birzha mүsheleri birzha zhәne dilerler bolyp bolinedi Kopshilik kauym birzha operaciyalaryna deldaldar arkyly katysady Birzha komitetterinin bagalau komissiyalary satylgan kundy kagazdar sany men narky zhonindegi mәlimetterdi kүn sajyn birzha byulletenderinde zhariyalap otyrady Қazakstanda birzha 1991 zhyldan pajda bola bastady әsirese tauar zhәne kor birzhalary shapshan damydy Birzha ajnalymy Birzha ajnalymy belgili bir kezende birzhada zhasalgan mәmileler kolemi Ol satylgan tauarlar men kundy kagazdar bagasynyn somasymen ajkyndalady Satylgan tauarlar men kundy kagazdardyn molsheri birzha ajnalymynyn korsetkishi bolyp tabylady Birzha ajnalymy bәseke kyzyp kүshejgen kezderi ulgayady da ol dagdaryska ushyrap bәsensigen kezderi kүrt kuldyrajdy Bүginde halykaralyk birzha ajnalymy әsirese birzhalyk tauar ajnalymy san zhәne sapa zhagynan osude Birzha bagasy Birzha bagasy birzha mekemeleri zhasalgan kelisimderdi eskere otyryp belgilegen kundy kagazdar akciyalar men obligaciyalar men tauarlar bagasy Bul birzhada bolyp zhatkan ozgeristerdin bir korsetkishi bola otyryp kundy kagazdar men birzha tauarlaryna degen suranys pen usynystyn arakatynasyn belgilejdi Kejde munda әdeji zhasalatyn suranys pen usynystyn nemese zhalgan kelisimderdin saldarynan үlken shatasushylyk aldanushylyk ta bolady Қundy kagazdardyn bagasyn belgilegende kejde birzhada zhasalgan kelisimder gana emes odan tys zhasalgan kelisimder de esepke alynady Kejbir birzhalardyn byulletenderinde kundy kagazdar men birzha tauarlary ajnalymynyn somasy da korsetiledi Birzha bagasy ote kubylmaly tipti bir kүn ishinde san ret ozgerip otyrady Ol turaly akparattar arnajy birzha byulletenderinde zhariyalanady displej arkyly da beriledi Birzha dagdarysy Birzha dagdarysy ekonomikalyk dagdarystyn nemese erekshe bir sayasi zhagdajlardyn saldarynan kundy kagazdar akciya obligaciya birzhasynda dagdarystyn oryn aluy Munda kundy kagazdardyn kursy shugyl tomendejdi zhәne olardy shygaru azayady Ekonomikalyk dagdarystar kezinde akcianyn kogamdardyn pajdasy kemidi zhәne dividend tomendejdi ol akciyalardyn kunsyzdanuyna әkelip sogady Dagdarys kezinde nakty akshaga muktazh bolatyndyktan kundy kagazdardy birzhada koptep sata bastajdy munyn ozi olardy mүlde kunsyzdandyryp zhiberedi al onerkәsip ondirisi men saudanyn kemui kүrdeli karzhy zhumsaudy azajtady tipti toktap ta kalady nәtizhesinde kәsiporyndardyn obligaciya shygaruy kemidi Ekonomikalyk dagdaryska bajlanyssyz da mysaly sogys kezinde kundy kagazdardyn kursi kuldyrauy mүmkin Birzha deldaldary Birzha deldaldary kor valyuta birzhalarynda deldaldyk kyzmet atkaratyn adamdar nemese firmalar Birzha deldaldary belgili bir salaga mamandanady zhәne olar zhasasatyn kelisim akciya kursi t b zhonindegi derekterge kanyk bolady Birzhalardyn kopshiliginin zhargysy bojynsha Birzha deldaldary oz esebinen kelisim zhasasuga zhәne menshigindegi bagaly zattardy satuga kukygy zhok Birak olar bul erezheni is zhүzinde ustana bermejdi birzha deldaldaryn әdette birzha komitetteri tagajyndajdy al kejbir elderde mysaly Franciyanyn kor birzhasynda үkimettin arnajy kojylgan kyzmetkerleri oryndajdy Қor birzhasyndagy Birzha deldaldary negizinen deldaldyk kontorlar nemese firmalar tүrinde bolady Olardyn birzhada zhasalyp zhatkan kelisimderdi korsetip turatyn ekranmen zhabdyktalgan zaly zhәne klientterdin pajdalanuyna beriletin telefon kondyrgylary ornatylgan bolmeleri men oz buhgalteriyasy bar Birzha deldaldarynyn arasynda karzhy kapitalynyn kontorlary basty rol atkarady AҚSh ta zhana kundy kagaz shygaruda basty rol atkaratyn Morgan Stenli end kompani emissiyalyk bankir үji ozinin negizgi kyzmetinen baska kundy kagazdarmen kelisim zhasasatyn Birzha deldaldary mindetin de atkarady Birzha mүshesi bolyp sanalatyn birzha deldaldarynan baska resmi tүrde tirkelmegen maklerler de bolady Birzha deldaldary ozinin deldaldyk kyzmeti men bergen kenesi үshin aky alady Ony zhasaskan kelisimnin somasyna karaj belgili bir molsherde birzha komitetteri belgilejdi Birzhalyk alym Birzhalyk alym birzha komitetinin kundy kagazdardy satyp alushydan birzha kelisimin zhasauyna berilgen kukyk үshin zhinajtyn akshalaj alymy Әdette satu bagasynyn 2 i koleminde alynady Birzhalyk үrejҚundy kagazdar bagamynyn en aldymen akciyalardyn kүrt apatty tүrde tүsip ketuimen sipattalatyn birzhalyk kүjzelistin barynsha en bir otkir kezeni Birzhany үrej keulegen kezde kundy kagazdar usynysy kүrt kүshejip olarga degen suranys ta birden tomen kuldyrajdy Birzhalyk үrej әdette bastalyp kele zhatkan ekonomikalyk dagdarystyn nemese bugan dejingi birzhalyk dүrligudin zandy nәtizheleri bolyp tabylady Birzhalyk bazhBirzha komitetinin birzha mәmilelerin zhasau kuky үshin birzha mүsheleri men ogan katysushylardan alynatyn tolemi Birzha dүrlikpesiӨz bolmysy bojynsha obektivti ekonomikalyk negizi zhok kundy kagazdar bagamy men kor birzhasyndagy zhalpy ajnalymdy zhasandy tүrde koldan koteru Birzha dүrlikpesi kundy kagazdarga dүrlige suranys zhasaumen sipattalyp alypsatarlyk operaciyalardyn molsheri birden ulgayady zhalgan kapitaldy zhasandy zholmen ulgajtu oryn alady Eger birzhalyk operaciyalardyn katysushylary ekonomikalyk osimnin mүmkindikterin nedәuir asyra bagalajtyn bolsa birzha dүrlikpesinin zandy nәtizhesi mindetti tүrde birzhalyk үrej men kүjreuge aparyp soktyrady Bul oz kezeginde kor kundylyktarynyn rynogyn kajtadan belgileuge әkelip sogady Birzhalyk mәmilelerNysany birzhadagy ajnalyska zhiberilgen mүlik bolyp tabylatyn zhәne tiisti birzhalar tauar kor zhәne baska turaly Қazakstan Respublikasynyn zandary men birzhalyk sauda erezhelerine sәjkes onymen sauda sattyk zhүrgizuge katysatyndarmen zhasalatyn mәmileler Birzhalyk mәmileler osy mәmilelerdin zhasalgandygyn rastau үshin birzha beretin kuzhattarmen rәsimdeledi DerekkozderOryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6 Қazak Enciklopediyasy IItom Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Stock exchangesBul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz