Деректану – тарихи деректер, олардың ашылуы, зерттелуі және қолданылуының теориясы мен практикасы туралы ғылым.
Деректану тарихшылардың теориялық, методологиялық және арнаулы даярлығын қамтамасыз ететін іргелі ғылымға жатады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының аса маңызды ерекшелігімен байланысты. Тарихтың нысаны – қоғамның өткені тарихшыға тек тарихи деректер арқылы ғана танылады. Ал тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып табылады. Деректану әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процестерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Деректану арнаулы ғылым ретінде тарихи зерттеулер тәжірибесі барысында тарихи құжаттардың түпнұсқасын анықтау тәртібін жасау негізінде пайда болды. Деректерді талдаудан өткізу ежелгі дәуір тарихшылары заманынан (Лукиан, ), Қайта өрлеу кезеңінен (Л.Валла, У.фон Гуттен, т.б.) белгілі. XVII ғасырда дипломатияның дамуына байланысты құжаттарды ғылым тұрғыдан зерттеу әдістемесі, ал XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың 1-жартысында неміс ғалымдары А.Л.Шлецер, Б.Г.Нибур, Л.Ранкенің еңбектерінде құжаттарды сын елегінен өткізу әдісі қалыптаса бастады. Алғаш жазба деректер тек нақты-тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылым айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның деректерде қарама-қайшы бейнеленетіні байқала бастады. Сондықтан ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды.
Деректанудың өзіндік зерттеу нысаны, арнайы әдістемесі бар пән ретінде XIX ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. Деректану ғылымы теориялық және қолданбалы болып 2 түрге бөлінеді. Теориялық деректану тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын, олардың нақты тарихи процесті бейнелеуін, ондағы мағлұматтардың мазмұнын зерттейді, деректерді жүйелеу принциптерін анықтайды. Теориялық деректану жазба деректер негізінде зерттеледі. Қолданбалы деректану тарихтың жеке салаларына, тарауларына, кезеңдеріне байланысты қалыптасты. Деректанулық тәжірибе архивтер, мұражайлар мен кітапханалардың деректерді жинақтау, сақтау, баяндау, жариялау қызметін, тарихшының зерттеу жұмысы кезінде деректермен жұмыс істеуін қамтиды.
Деректану деректерді объективті өмір шындығын бейнелейтін, күрделі қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады. Дерек объективтілік пен субъективтіліктің диалектикалық бірлігі негізінде пайда болады, сондықтан олар жан-жақты талдауды қажет етеді. Деректі талдау екі кезеңнен тұрады: деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау және алынған мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу. Деректердің әр алуан түрлеріне талдау жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, құжаттық деректерді талдау мен баяндаушы деректерді талдауға әр түрлі тәсілдер қолданылады. Деректердің түпнұсқамен дәлдігін анықтау мәтінді айқындауды, деректі түсіндіруді және оның пайда болуын зерттеуді қажет етеді. Мәтінді айқындау жұмыстарына мәтінді дұрыс оқу және түсіну, кейіннен енгізілген толықтырулар мен қосымшаларды анықтау, олардың түпнұсқаға қатынасын ашу, егер түпнұсқа болмаса, онда мәтіннің тарихын және бастапқы авторлық нұсқасын қалпына келтіру, т.б. жатады.
Деректі түсіндіру баяндалатын нақты оқиға, фактілерді анықтау, мәтіндегі тура немесе астарлы сөздерге, метафораларға түсіндірме жасаудан тұрады. Деректердің пайда болуын зерттеу үшін оның авторын, уақытын, деректің шыққан жерін, пайда болуының тарихи жағдайын анықтау қажет. Деректердің пайда болған жерін, уақытын палеография, метрология, т.б. қосымша белгілер арқылы шамамен анықтауға болады. Ал дерек авторын қосымша белгілер (мазмұны, тілі, стилі, қолтаңбасына қарап) арқылы анықтау көп жағдайда құжат арқылы дәлелденгенге дейін болжам ретінде танылады. Тарихшы зерттеу жұмысының осы бірінші бөлімі арқылы дерек көзінің дәлдігіне көз жеткізе алады. Әрі қарай талдау жүргізу әдісі деректе берілген мағлұматтарға байланысты болады. Баяндаушы деректердің (жылнамалар, мемуарлар, публицистика, т.б.) дәлдігін анықтау мағлұматтардың пайда болу жағдайын, нақты мәліметтерді тексеруді, автордың саяси көзқарасын ашуды қажет етеді. Бұл деректанулық талдау жасаудың екінші бөлімі. Егер дерек баяндалып отырған оқиғаға қатысушы куәгердің мәліметі болса, онда оның сол оқиғаға қандай жағдайда қатысқаны, тарихи шындықты суреттей алатын мүмкіндіктері анықталуы шарт. Оқиғаға автордың өзі тікелей қатыспаған жағдайда оның мәлімет алған дерек көздері анықталып, мағлұматтардың толықтығы мен дәлдігі тексеріледі. Автордың жеке саяси көзқарасы берілген мәліметтердің объективтілігіне әсер етеді. Деректегі нақты мәліметтерді логикалық талдау және салыстыру арқылы тексеруге болады. Әр алуан деректерде берілген мәліметтердің бір-бірімен сәйкес келуі олардың нақтылығын дәлелдейді. Отандық деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуына Ш.Ш.Уәлиханов, Ә.Н.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Х.Марғұлан, т.б. зор үлес қосты. Қазіргі деректанудың теориялық-әдістемелік проблемаларына, деректерді зерттеуде Математикалық тәсілдер мен компьютерлер пайдалануға ерекше көңіл бөлінген.
Сыртқы сілтемелер
http://www.arhiv.pavlodar.gov.kz/index.php?show=33&lang=1&artID=43
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Derektanu tarihi derekter olardyn ashyluy zerttelui zhәne koldanyluynyn teoriyasy men praktikasy turaly gylym Derektanu tarihshylardyn teoriyalyk metodologiyalyk zhәne arnauly dayarlygyn kamtamasyz etetin irgeli gylymga zhatady Derektanudyn irgeliligi en aldymen tarih gylymynyn asa manyzdy ereksheligimen bajlanysty Tarihtyn nysany kogamnyn otkeni tarihshyga tek tarihi derekter arkyly gana tanylady Al tarihi derekter tarihi derektanu gylymynyn tikelej zertteu nysany bolyp tabylady Derektanu әr tүrli nakty tarihi problemalardy zhәne tutas tarihi procesterdi teren de tiimdi zertteuge komektesedi Derektanu arnauly gylym retinde tarihi zertteuler tәzhiribesi barysynda tarihi kuzhattardyn tүpnuskasyn anyktau tәrtibin zhasau negizinde pajda boldy Derekterdi taldaudan otkizu ezhelgi dәuir tarihshylary zamanynan Lukian Қajta orleu kezeninen L Valla U fon Gutten t b belgili XVII gasyrda diplomatiyanyn damuyna bajlanysty kuzhattardy gylym turgydan zertteu әdistemesi al XVIII gasyrdyn sony men XIX gasyrdyn 1 zhartysynda nemis galymdary A L Shlecer B G Nibur L Rankenin enbekterinde kuzhattardy syn eleginen otkizu әdisi kalyptasa bastady Algash zhazba derekter tek nakty tarihi faktilerdi tanuga komektesetin kural retinde zertteldi Tarihi derekter korynyn keneyui men gylym ajnalymga zhana derekterdin birtindep enuine bajlanysty bir tarihi okiganyn derekterde karama kajshy bejnelenetini bajkala bastady Sondyktan ol derekterdi zertteu bir birimen salystyru sol arkyly shyndykty izdeu kazhettiligi pajda boldy Derektanudyn ozindik zertteu nysany arnajy әdistemesi bar pәn retinde XIX g dyn 2 zhartysynda kalyptasty Derektanu gylymy teoriyalyk zhәne koldanbaly bolyp 2 tүrge bolinedi Teoriyalyk derektanu tarihi derekterdin pajda bolu zandylyktaryn olardyn nakty tarihi procesti bejneleuin ondagy maglumattardyn mazmunyn zerttejdi derekterdi zhүjeleu principterin anyktajdy Teoriyalyk derektanu zhazba derekter negizinde zertteledi Қoldanbaly derektanu tarihtyn zheke salalaryna taraularyna kezenderine bajlanysty kalyptasty Derektanulyk tәzhiribe arhivter murazhajlar men kitaphanalardyn derekterdi zhinaktau saktau bayandau zhariyalau kyzmetin tarihshynyn zertteu zhumysy kezinde derektermen zhumys isteuin kamtidy Derektanu derekterdi obektivti omir shyndygyn bejnelejtin kүrdeli kogamdyk kubylys retinde karastyrady Derek obektivtilik pen subektivtiliktin dialektikalyk birligi negizinde pajda bolady sondyktan olar zhan zhakty taldaudy kazhet etedi Derekti taldau eki kezennen turady derektin tүpnuskamen dәldigin anyktau zhәne alyngan mәlimetterdin anyk kanygyna koz zhetkizu Derekterdin әr aluan tүrlerine taldau zhasaudyn ozindik erekshelikteri bar Mysaly kuzhattyk derekterdi taldau men bayandaushy derekterdi taldauga әr tүrli tәsilder koldanylady Derekterdin tүpnuskamen dәldigin anyktau mәtindi ajkyndaudy derekti tүsindirudi zhәne onyn pajda boluyn zertteudi kazhet etedi Mәtindi ajkyndau zhumystaryna mәtindi durys oku zhәne tүsinu kejinnen engizilgen tolyktyrular men kosymshalardy anyktau olardyn tүpnuskaga katynasyn ashu eger tүpnuska bolmasa onda mәtinnin tarihyn zhәne bastapky avtorlyk nuskasyn kalpyna keltiru t b zhatady Derekti tүsindiru bayandalatyn nakty okiga faktilerdi anyktau mәtindegi tura nemese astarly sozderge metaforalarga tүsindirme zhasaudan turady Derekterdin pajda boluyn zertteu үshin onyn avtoryn uakytyn derektin shykkan zherin pajda boluynyn tarihi zhagdajyn anyktau kazhet Derekterdin pajda bolgan zherin uakytyn paleografiya metrologiya t b kosymsha belgiler arkyly shamamen anyktauga bolady Al derek avtoryn kosymsha belgiler mazmuny tili stili koltanbasyna karap arkyly anyktau kop zhagdajda kuzhat arkyly dәleldengenge dejin bolzham retinde tanylady Tarihshy zertteu zhumysynyn osy birinshi bolimi arkyly derek kozinin dәldigine koz zhetkize alady Әri karaj taldau zhүrgizu әdisi derekte berilgen maglumattarga bajlanysty bolady Bayandaushy derekterdin zhylnamalar memuarlar publicistika t b dәldigin anyktau maglumattardyn pajda bolu zhagdajyn nakty mәlimetterdi tekserudi avtordyn sayasi kozkarasyn ashudy kazhet etedi Bul derektanulyk taldau zhasaudyn ekinshi bolimi Eger derek bayandalyp otyrgan okigaga katysushy kuәgerdin mәlimeti bolsa onda onyn sol okigaga kandaj zhagdajda katyskany tarihi shyndykty surettej alatyn mүmkindikteri anyktaluy shart Okigaga avtordyn ozi tikelej katyspagan zhagdajda onyn mәlimet algan derek kozderi anyktalyp maglumattardyn tolyktygy men dәldigi tekseriledi Avtordyn zheke sayasi kozkarasy berilgen mәlimetterdin obektivtiligine әser etedi Derektegi nakty mәlimetterdi logikalyk taldau zhәne salystyru arkyly tekseruge bolady Әr aluan derekterde berilgen mәlimetterdin bir birimen sәjkes kelui olardyn naktylygyn dәleldejdi Otandyk derektanu gylymynyn kalyptasuy men damuyna Sh Sh Uәlihanov Ә N Bokejhanov A Bajtursynov E Bekmahanov Ә H Margulan t b zor үles kosty Қazirgi derektanudyn teoriyalyk әdistemelik problemalaryna derekterdi zertteude Matematikalyk tәsilder men kompyuterler pajdalanuga erekshe konil bolingen Syrtky siltemelerhttp www arhiv pavlodar gov kz index php show 33 amp lang 1 amp artID 43DerekkozderҚazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet