Гранит – Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы,толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтан, калийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микротия), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2,5 – 2,7 г/см3.
- Граниттің құрылымы орта, ірі түйірлі, порфирлі.
- Граниттердің , аляскит, плагиогранит, , сияқты түрлері бар. Гранит архейден бастап кайнозойға дейінгі шөгінділерде түрлі пішінді , батолит, шток, лакколит, желі, дайка, түрінде кездеседі. Граниттердің пневматолиттік-гидротермальдық, гидротермальдық өзгерістеріне мусковиттену, турмалиндену, альбиттену грейзендену, хлориттену процестері жатады.
- Сарыарқа мен Алтайдың көптеген металл кендері Граниттердегі осы процестердің нәтижесінде түзілген. Граниттер құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады. Олардан қаптау плиталары, ірі құрылыстардың іргетасы, ескерткіштер жасалады. Сондай-ақ Граниттерде алтынның, күмістің, вольфрамның, молибденнің, радиоактивті элементтердің,тағы басқа кен орындары кездеседі. Қазақстанда Гранит өндірілетін Талғар, Күрті (Алматы облысы), Спасск, Жарық, Дария (Қарағанды облысы), Гранитогорск (Жамбыл облысы), Лосевка (Ақмола облысы), Аягөз (Шығыс Қазақстан облысы),тағы басқа кен орындары бар.
Mинералдық құрамы
Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мөлшерінен тұрады. Граниттердің түрлері көп.Олар дала шпаттарының құрамы мен олардың бір-біріне мөлшерлік қатынастарына орай және түсті минералдардың қандай түрі жетекші рөл атқаратындығына орай жүйеленеді.
- Бірінші жүйелеу қағидасына сәйкес дараланған граниттер түрлері:
- байырғы немесе әкті-сілтілі граниттер (калийлі дала шпаты 30-40%, қышқыл плагиоклаздар 10-20%, кварц 25-30%);
- адамелиттер (калийлі дала шпатгары мен плагиоклаздар мөлшері бір-бірімен шамалас);
- плагиограниттер немесе плагиоклазды граниттер (тек қана плагиоклаздардан, кварцтан және түсті минералдардан тұрады, яғни бұлардың құрамында калийлі дала шпаттары мүлдем болмайды немесе өте мардымсыз мөлшерде кездеседі);
- сілтілі граниттер (сілтілі дала шпаггарын және сілтілі пироксендер мен амфиболдарды кіріктіреді).
Өз құрамындағы әр түрлі түсті минералдардың жетекші рөліне қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді және тағы басқа граниттер түрін даралауға болады. Гранит құрамында түсті минерал мүлдем болмағанда немесе олар өте аз мөлшерде үшырасқан жағдайда (5%- дан аз) олар аляскитгер деп аталады
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Granit Zher kyrtysynda en kop taragan kristaldyk magmalyk tau zhynysy tolyk kristally zhappaj tүjirli nemese seppeli kyshkyl kuramdy SiO2 gt 65 intruziyalyk tauzhynystardyn zhiyntyk atauy Granit kvarctan kalijli dala shpattarynan ortoklaz mikrotiya kyshkyl plagioklazdardan slyudadan biotit muskovit turady Tүsi ashyk kobinese kyzgylt sur kyzyl kejde zhasyl sur mensh salm 2 5 2 7 g sm3 Granittin kurylymy orta iri tүjirli porfirli Granitterdin alyaskit plagiogranit siyakty tүrleri bar Granit arhejden bastap kajnozojga dejingi shogindilerde tүrli pishindi batolit shtok lakkolit zheli dajka tүrinde kezdesedi Granitterdin pnevmatolittik gidrotermaldyk gidrotermaldyk ozgeristerine muskovittenu turmalindenu albittenu grejzendenu hlorittenu procesteri zhatady Saryarka men Altajdyn koptegen metall kenderi Granitterdegi osy procesterdin nәtizhesinde tүzilgen Granitter kurylys materialy retinde keninen koldanylady Olardan kaptau plitalary iri kurylystardyn irgetasy eskertkishter zhasalady Sondaj ak Granitterde altynnyn kүmistin volframnyn molibdennin radioaktivti elementterdin tagy baska ken oryndary kezdesedi Қazakstanda Granit ondiriletin Talgar Kүrti Almaty oblysy Spassk Zharyk Dariya Қaragandy oblysy Granitogorsk Zhambyl oblysy Losevka Akmola oblysy Ayagoz Shygys Қazakstan oblysy tagy baska ken oryndary bar Granit Mineraldyk kuramyGranitterdin mineraldyk kuramy negizinen alganda kvarc pen dala shpattarynan zhәne tүsti mineraldardyn biotit muskovit mүjiz aldamshy siregirek piroksen azyn aulak molsherinen turady Granitterdin tүrleri kop Olar dala shpattarynyn kuramy men olardyn bir birine molsherlik katynastaryna oraj zhәne tүsti mineraldardyn kandaj tүri zhetekshi rol atkaratyndygyna oraj zhүjelenedi Birinshi zhүjeleu kagidasyna sәjkes daralangan granitter tүrleri bajyrgy nemese әkti siltili granitter kalijli dala shpaty 30 40 kyshkyl plagioklazdar 10 20 kvarc 25 30 adamelitter kalijli dala shpatgary men plagioklazdar molsheri bir birimen shamalas plagiogranitter nemese plagioklazdy granitter tek kana plagioklazdardan kvarctan zhәne tүsti mineraldardan turady yagni bulardyn kuramynda kalijli dala shpattary mүldem bolmajdy nemese ote mardymsyz molsherde kezdesedi siltili granitter siltili dala shpaggaryn zhәne siltili piroksender men amfiboldardy kiriktiredi Өz kuramyndagy әr tүrli tүsti mineraldardyn zhetekshi roline karaj biotitgi kosslyudaly mүjizaldamshyly ribekitgi egirindi zhәne tagy baska granitter tүrin daralauga bolady Granit kuramynda tүsti mineral mүldem bolmaganda nemese olar ote az molsherde үshyraskan zhagdajda 5 dan az olar alyaskitger dep ataladyDerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geologiya Almaty Mektep baspasy 2003 ӀSVN 5 7667 8188 1 ӀSVN 9965 16 512 2 Қazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz