Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді. Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоник. жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 — 12 км-ге дейін өзгереді. Жер қыртысы төмен қарай тығыздығы арта беретін жанартаутекті-шөгінді (тығызд. 1,8 — 2,5 г/см3), гранит — метаморфты (2,5 — 2,7 г/см3) және базальтты (2,7 — 3,0 г/см3) қабаттарға бөлінеді. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және төм. сатыда метаморфталған шөгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан құралған. Қалыңдығы платформаларда 1 — 2 км, терең ойыстарда 10 — 20 км жетеді. Шөгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шөгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат орналасқан. Гранит қабатының қалыңд. жазықтар астында 15 — 20 км, тау жүйелері табанында 15 — 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде граниттік қабат өте жұқа, не мүлде болмайды. Граниттік қабат Конрад бетімен шектеледі. Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде базальт, габбро және күшті метаморфтануға (метаморфизмге) ұшыраған шөгінді жыныстардан құралған базальт қабаты орналасқан. Жер қыртысының аралық типтері: субмұхиттық жер қыртысында шөгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады; жер қыртысы жұқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тұран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 — 45 км, Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 — 50 км, Орт. Қазақстанда 50 — 55 км. Жер қыртысының үнемі дамып өзгеруі нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер қыртысының дамуының басты себептері — Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында өтетін процестер.
Тағы қараңыз
Сыртқы сілтемелер
Жер қыртысы
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы,3 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zher kyrtysy litosferanyn betki boligin kurajtyn tomengi zhapsary Mohorovichich dengejimen shektelgen Zherdin en үstingi kabygy Zher kyrtysy kalyndygyna kuramyna kurylysyna karaj kurlyktyk zhәne muhittyk bolyp negizgi 2 tipke bolinedi Қurlyktyk zher kyrtysynyn kalyndygy tektonik zhagdajyna bajlanysty 25 45 km den platformalarda 45 75 km ge dejin tau tүzilu ajmaktarynda al muhittyk zher kyrtysynyn kalyndygy 5 km den Soltүstik Muzdy muhit 10 12 km ge dejin ozgeredi Zher kyrtysy tomen karaj tygyzdygy arta beretin zhanartautekti shogindi tygyzd 1 8 2 5 g sm3 granit metamorfty 2 5 2 7 g sm3 zhәne bazaltty 2 7 3 0 g sm3 kabattarga bolinedi Zher kyrtysynyn zhogargy boligi katparlarga zhiyrylyp zharylymdarmen kiylgan zhәne tom satyda metamorftalgan shogindi terrigendi zhәne magmalyk tau zhynystarynan kuralgan Қalyndygy platformalarda 1 2 km teren ojystarda 10 20 km zhetedi Shogindi kabattyn astynda salmagy zhenil granit pen gnejsterden tүzilgen shogindi kabattyn zhynystarymen almasyp otyratyn granit metamorfty kabat ornalaskan Granit kabatynyn kalynd zhazyktar astynda 15 20 km tau zhүjeleri tabanynda 15 50 km ge dejin Muhittar tүbinde granittik kabat ote zhuka ne mүlde bolmajdy Granittik kabat Konrad betimen shekteledi Zher kyrtysynyn en tomengi boliginde bazalt gabbro zhәne kүshti metamorftanuga metamorfizmge ushyragan shogindi zhynystardan kuralgan bazalt kabaty ornalaskan Zher kyrtysynyn aralyk tipteri submuhittyk zher kyrtysynda shogindi zhynystar muhittyk zher kyrtysyndagydan kalyn bolady zher kyrtysy zhuka bolady әri granittik kabat anyk bajkalmajdy Geofizikalyk derekter bojynsha Қazakstandagy zher kyrtysynyn kalyndygy Turan taktasy Kaspij many ojysynda 35 45 km Tyan Shan Tauly Altajda 45 50 km Ort Қazakstanda 50 55 km Zher kyrtysynyn үnemi damyp ozgerui nәtizhesinde geosinklinaldar siyakty kozgalmaly ajmaktar platformalarga ajnalady Zher kyrtysynyn damuynyn basty sebepteri Zherdin asa teren kabattary men zhogargy mantiyasy arasynda otetin procester Zher planetasynyn kurylysy Zemnaya kora Zher kyrtysyTagy karanyzZher galamshar Syrtky siltemelerZher kyrtysyDerekkozderҚazak enciklopediyasy 3 tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet