Героним Иосифович Пацевич (1893, Беларусь Республикасы, Витебск облысы ауылы – 4 қазан 1970, Қазақстан, Алматы қаласы) – археолог ғалым.
Өмірбаяны
Мәскеу археологиялық институтын (1914) бітірген. 1934 – 38 жылы Қазақстан Орталық музейінің ғылыми хатшысы. Осы кезде ол А.Н. Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясының жұмысына белсене қатысты. Соғысқа дейінгі оның зерттеу жұмыстары Талас өңірі ескерткіштерін сипаттауға арналды. Пацевич 1938 жылы Жамбыл қаласында ортағасырлық Тараз аудан-аймағындағы ескерткіштерді сақтау және бақылау жөніндегі археологиялық пункттің ұйымдастырылуына байланысты Жамбыл қаласына ауысты, алдымен мұнда ғылыми қызметкер, 1940 жылдан Республикалық қорықтар басқармасының жанындағы Жамбыл археологиялық пунктінің директоры болып істейді. Пацевич Талас және Шу өңірлеріндегі ежелгі сауда жолдарын археологиялық зерттеу мақсатымен 10-нан астам дербес іс-сапарлар мен жаяу маршруттарға шығып осы өңірдегі ортағасырлық қалалардың топограф. ерекшеліктеріне назар аударды, ондаған қорған-бейіттерді тауып зерттеді. 1945 жылдың маусым айынан археологиялық пункт Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының қарауына берілді. Осыған байланысты Пацевич Алматыға ауысып, 1955 жылға дейін институтта істейді, барлық археологиялық экспедициялар зерттеулеріне қатысады. Оңүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының құрамында жұмыс істеп, Пацевич «Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен қоныстарындағы қирандылар» деген тақырыпта 1954 жылы Мәскеуде кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. Пацевич сондай-ақ, Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан археологиялық экспедициялардың жұмыстарына белсене қатысты. 1956 жылы тың жерлер экспедициясын (Қостанай облысы) басқарды. Пацевич «Қазақстанның археологиялық картасын» баспаға әзірлеуге қатысты. Пацевич Қазақстанның ежелгі тұрғындарының шаруашылығы мен тұрмысын, архитектурасын, топографиясын, құрылыс ісін қамтыған 50-ге тарта еңбек жазды. жылдарында Айша бибі мен Бабажы Қатын кесенелерін (мавзолей) бұзып, кірпішінен монша салуға әрекеттенген әскери қызметкерлерге тойтарыс беріп, Пацевич көне сәулет өнері ескерткіштерін аман алып қалуда азаматтық ерлік жасады. Ескерткіштерді талқандап, жойып жібермек болғандардың – кірпішті бұзып алуға рұқсат еткен жергілікті басшылардың және әскерилердің қылмысты әрекеттері жөнінде Жамбыл облысы партия комитетінің 1-хатшысына, басқа да жоғары құзырлы органдарға дер кезінде хабарлап, олардың назарын аударды.
Кесенелер
Пацевичтің өз кәсібіне шындап берілгендігінің, оның азаматтық ерлігінің арқасында Тараз өңіріндегі тарихи сәулет өнерінің 11 – 12 ғасырлардағы тамаша ескерткіштері – Айша бибі мен кесенелері біздің заманымызға осылай аман-есен жетіп отыр. Пацевич Тектұрмас кесенесі қирамай тұрғандағы бейнесін қалпына келтіруде, сондай-ақ Тараздағы тарихын зерттеуде көп еңбек сіңірді.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Тараз энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Geronim Iosifovich Pacevich 1893 Belarus Respublikasy Vitebsk oblysy auyly 4 kazan 1970 Қazakstan Almaty kalasy arheolog galym ӨmirbayanyMәskeu arheologiyalyk institutyn 1914 bitirgen 1934 38 zhyly Қazakstan Ortalyk muzejinin gylymi hatshysy Osy kezde ol A N Bernshtam baskargan Zhetisu arheologiyalyk ekspediciyasynyn zhumysyna belsene katysty Sogyska dejingi onyn zertteu zhumystary Talas oniri eskertkishterin sipattauga arnaldy Pacevich 1938 zhyly Zhambyl kalasynda ortagasyrlyk Taraz audan ajmagyndagy eskertkishterdi saktau zhәne bakylau zhonindegi arheologiyalyk punkttin ujymdastyryluyna bajlanysty Zhambyl kalasyna auysty aldymen munda gylymi kyzmetker 1940 zhyldan Respublikalyk koryktar baskarmasynyn zhanyndagy Zhambyl arheologiyalyk punktinin direktory bolyp istejdi Pacevich Talas zhәne Shu onirlerindegi ezhelgi sauda zholdaryn arheologiyalyk zertteu maksatymen 10 nan astam derbes is saparlar men zhayau marshruttarga shygyp osy onirdegi ortagasyrlyk kalalardyn topograf erekshelikterine nazar audardy ondagan korgan bejitterdi tauyp zerttedi 1945 zhyldyn mausym ajynan arheologiyalyk punkt Қazakstan gylym akademiyasynyn Tarih arheologiya zhәne etnografiya institutynyn karauyna berildi Osygan bajlanysty Pacevich Almatyga auysyp 1955 zhylga dejin institutta istejdi barlyk arheologiyalyk ekspediciyalar zertteulerine katysady Onүstik Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyasynyn kuramynda zhumys istep Pacevich Ontүstik Қazakstannyn kalalary men konystaryndagy kirandylar degen takyrypta 1954 zhyly Mәskeude kandidattyk dissertaciyany korgap shykty Pacevich sondaj ak Ortalyk Қazakstan zhәne Batys Қazakstan arheologiyalyk ekspediciyalardyn zhumystaryna belsene katysty 1956 zhyly tyn zherler ekspediciyasyn Қostanaj oblysy baskardy Pacevich Қazakstannyn arheologiyalyk kartasyn baspaga әzirleuge katysty Pacevich Қazakstannyn ezhelgi turgyndarynyn sharuashylygy men turmysyn arhitekturasyn topografiyasyn kurylys isin kamtygan 50 ge tarta enbek zhazdy zhyldarynda Ajsha bibi men Babazhy Қatyn kesenelerin mavzolej buzyp kirpishinen monsha saluga әrekettengen әskeri kyzmetkerlerge tojtarys berip Pacevich kone sәulet oneri eskertkishterin aman alyp kaluda azamattyk erlik zhasady Eskertkishterdi talkandap zhojyp zhibermek bolgandardyn kirpishti buzyp aluga ruksat etken zhergilikti basshylardyn zhәne әskerilerdin kylmysty әreketteri zhoninde Zhambyl oblysy partiya komitetinin 1 hatshysyna baska da zhogary kuzyrly organdarga der kezinde habarlap olardyn nazaryn audardy KesenelerAjsha bibi kesenesi Pacevichtin oz kәsibine shyndap berilgendiginin onyn azamattyk erliginin arkasynda Taraz onirindegi tarihi sәulet onerinin 11 12 gasyrlardagy tamasha eskertkishteri Ajsha bibi men keseneleri bizdin zamanymyzga osylaj aman esen zhetip otyr Pacevich Tekturmas kesenesi kiramaj turgandagy bejnesin kalpyna keltirude sondaj ak Tarazdagy tarihyn zertteude kop enbek sinirdi SiltemelerArheologiya Kesene ArhitekturaDerekkozderTaraz enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet