Ақуыз немесе нәруыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
Жалпы мәліметтер
Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Карл Маркстің пікірі бойынша: «Тіршілік — ақуыз заттарының өмір сүру формасы». Ақуыздар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі, организмнің тірек жүйесі, бұлшықет, жамылғы ұлпалары ақуыздардан құралған. Олар организмде әртүрлі маңызды қызмет атқарады: химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
Ақуыздардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.
Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.
Ақуыз – азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.
Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.
Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдан белгілі. 1745 ж. италияндық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген ақуызды бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында ақуызды заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер жасушасында болатын тірі материя – , негізінен, ақуыздан құралатыны анықталды.
Ақуыздардың барлығы екі топқа бөлінеді:
- қарапайым ақуыздар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар);
- күрделі ақуыздар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
Протеиндер біздің ағзамыздағы ең көп кездесетін негізгі заттардың классына жатады. Олар - қоректік (альбумин, казеин), каталиттік (ферменттер), қорғаныстық (иммуноглобулиндер), жиырылдырушы (миозин), құрылымдық (коллаген), тасымалдаушы (глобулин, гемоглобин), ақпарат тасымалдаушы (гормондар), әртүрлі ақпаратты қабылдаушы ( рецептор-протеиндер), асқорытуға қатысушы (пепсин, трипсин, липаза), термореттеуші және репродукция қызметі орындалуына (ұрпақ жалғастыру қызметі) және басқа да толып жатқан қызметтерді атқарады.
Құрылымы
Ақуыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организмде үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 – 16%, дақыл тұқымында 10 – 20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35%, бактерия жасушаларында 50 – 93% ақуыздық заттар бар. Ақуыз барлық организмге ортақ зат болғанымен, әртүрлі организм ақуыздарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, организм түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да ақуыз қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты.
Организмнің күнделікті тіршілігі оның жасушаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар – ақуыздар, , көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған жасушаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады. Бұл құбылыстарды метаболизм [[]]деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де ақуыз катализаторлық қызмет атқарады. Қан құрамындағы ерекше ақуыз – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады. Жасушалардағы тотығу ферменттері – цитохромдар тыныс алу процесін реттеп отырады. Сондай-ақ организм тіршілігіне аса қажетті заттар гормондар да ақуыздан құралған. Ерімтал ақуыздар – гидрофильді коллоидтар – суды бойына көп тартады. Олардың ерітінділері желім сияқты: осмостық қысымы төмен, қозғалу қабілеті нашар, өсімдік пен жануарлар мембранасынан өте алмайды. Ақуыздардың тағы бір қасиеті – олар амфотерлі электролиттер. Молекулаларында бос карбоксил және амин топтары болатындықтан, олар оң немесе теріс электр зарядты болады. Химиялық табиғаты жағынан ақуыз биополимерлер тобына жатады.
Ақуыздың құрамында жиырма түрлі аминқышқылдар болады. Әртүрлі ақуыздардың аминқышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта ақуыз түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Мысалы, үш аминқышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышқылдан жиырма төрт түрлі ақуыз изомерлері пайда болады. Ақуыз молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады.
- Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады.
- Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады.
Ақуыз молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген сутектік байланыстар, электрстатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар, т.б. жағдайлар арқылы қамтамасыз етіледі. Ақуыз ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті қышқылмен әсер етсе, ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты денатурация деп атайды. Ақуыз – адам тағамы мен жануарлар қорегінің, сондай-ақ тері, жүн, жібек сияқты табиғи талшық заттардың негізгі құраушысы болғандықтан, 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап оны қолдан өндірудің (микробиологиялық синтез) маңызы артып отыр.
Ақуыздың түзілуі - бұл өте күрделі жасушадағы ұсақ бөлшектер-рибосомаларда жүретін процесс. Қашан, қанша және қандай ақуыз түзілуі керектігі жайлы мәлімет жасуша ядросындағы ДНҚ, РНҚ арқылы жеткізіледі.
Ақыздардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Ақуыз молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әртүрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр ақуызда а-аминқышқылдары тек осы ақуызға ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа ақуызының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет ақуызының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал көптеген ақуыздардікі > 300000 шамасында. Олар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір ақуыздардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Ақуыздар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің өзіне тән ақуыздары бар. Барлық ақуыздар 20-дан астам әртүрлі а-аминқышқылынан құралады. А-аминқышқылдарының жалпы формуласы:
- R—CHNH2—COOH
Ақуыз түзілетін a-аминқышқылдарының радикалды құрамында ашық тізбек те, тұйық тізбекті әртүрлі сақиналар мен функционалдық топтар да кездеседі.
Полипептид тізбегінің құрылысы
Ақуыздардың құрылысы өте күрделі. Ақуыз молекуласы құрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп қарастырады.
Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірініші реттік құрылым анықтайды. Ақуызды құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған а-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс (— CO — NH —) арқылы жалғасады (49-сурет).
Полипептид тізбегіндегі аминқышқылының бір қалдығының басқасымен ауысуы немесе оның орнының алмасуы осы ақуыздың қызметін бұзады. Мысалы, адам гемоглобиніндегі 564 аминқышқылдары қалдықтарынан құралған полипептид тізбегіндегі бір қышқылдың қалдығы екіншісіне ауысса, адам ауыр сырқатқа ұшырайды.
Аминқышқылдары қалдықтарының инсулиннің кейбір бөлігінде орналасуын мынадай тізбек түрінде көрсетуге болады: глицин—изолейцин—валин—глутамин, т.с.с. 50-суретте 2-полипептидтік тізбектен тұратын инсулиннің бірінші реттік құрылымы келтірілген.
Табиғатта ақуыздардың кейбіреуі тек созылыңқы полипептидтік тізбекте болады. Мысалы, табиғи жібек талшығы — фибрионның құрылымы осындай.
Ақуыздардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан — CO...HN— арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады. Шиыршықтың бір орамында 3 және 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады. Оралымдардың арақашықтықтары 0,54 нм шамасында.
Ақуыздық оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, —S—S— дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, өте күрделі үшінші реттік құрылым түзіледі. Бұл кезде оралма құндақталып, шумаққа айналады (52-сурет). Үшінші реттік құрылым ақуыздың өзіне тән қасиеттері мен белсенділігіне жауап береді.
Ақуыз молекуласы тек қана бір полипептидік тізбектен тұрса, оның құрылымдары бірінші, екінші және үшінші реттік болады. Ал ақуыз молекуласы екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік құрылым түзіледі. Төртінші реттік құрылым — кейбір ақуыздарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар ақуызды емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады.
Нәруыздардың күрделілігіне қарай 4 реттік құрылымы болады: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік құрылымдар.
Нәруыздың бірінші реттік құрылымы
Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды. Көптеген полипептидтер тізбегі 300-ден 500-ге дейін аминқышқылы қалдығынан тұрады. Алғаш рет 1954 жылы Ф.Сенджеру нәруыз инсулин гормонының аминқышқылы қалдығының реттілігін анықтады. Инсулин гормоны 51 аминқышқылынан тұратыны белгілі болды.
Нәруыздың екінші реттік құрылымы
Нобель сыйлығының лауреаты, атақты ғалым Лайнус Полинг нәруыздың екінші реттік құрылымын ашқан. Полипептидті тізбектің кеңістіктегі оралма тәрізді болып келген пішінін нәруыздың екінші реттік құрылымы деп атайды. Бұған нәруыздың және тырнақтың нәруызы кератин жатады. Нәруыздың екінші реттік құрылымы мутектік байланыстар арқылы орындалады. Бір орамдығы NH-топтары мен көршілес орамдығы CO-топтары арасындығы түзілетін сутектік байланыс арқылы оралым ұсталынып тұрады. Сутектік байланыстар коваленттік байланыстардан анағұрлым әлсіз. Бірақ бірнеше рет қайталанғанда, олар берік байланысады. Көптеген сутектік байланыстар арқылы «тігілген» полипептидті оралым берік құрылым болып келеді. Нәруызда оралмалы бөліктерінің бар болуы, оған жылжымалылық, мықтылық, серпімділік қасиет береді.
Нәруызда цилиндр тәрізді оралым бөліктерінен басқа аминқышқылы пролиннен түзілетін, тізе тәрізді бүгілетін бөліктері де бар.
Нәруыздың үшінші реттік құрылымы
Үшінші реттік құрылымның түзілуіне дисульфидті байланыстар үлкен үлес қосады. Олар полипептидті тізбектің әртүрлі бөліктерін байланыстырып, өзіне тән ілмектер құрайлы. Бұл кезде құрамында S атомы бар аминқышқылы – цистеиннің радикалдарының арасында байланыс түзіледі. Бұл әлсіз байланыс, бірақ молекулалардың тағы да бүктеліп шумақталуының нәтижесінде беріктігі арта түседі. Мұны нәруыз молекуласының үшінші реттік құрылымы дейді.
Нәруыздың төртінші реттік құрылымы
Кейбір нәруыздардың ерекше құрылымы болады. Олар бір-бірімен байланысқан бірнеше пептидтерден құралады. Құрылысы жағынан жақын бірнеше нәруыздың үшінші реттік құрылымының шумақ түзіп орналасуын нәруыз молекуласының төртінші реттік құрылымы дейді. Төртінші реттік құрылым- бірнеше нәруыз молекулаларының қосындысы, мысалы, гемоглобин нәруызы төрт шумақтан тұрады. Олар иондық, сутектік байланыстарме, байланысады. Осы төотінші реттік құрылыммен жаңа қасиет нәруыз қызметінің реттелуі пайда болады. Төртінші реттік құрылыммен реттелу процестерінің құпиясын ашқан – француз ғалымы, Нобель сыйлағының лауреаты- Жак Моно (1961 ж). Төртінші реттік құрылымда субстратқа ұқсамайтын заттар – реттегіштер болады.
Ақуыздардың жіктелуі
Ақуыздардың мынадай белгілеріне қарап жіктейді:
- күрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына ақуызды заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді;
- молекула пішініне (шар тәрізді және жіп тәрізді);
- кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);
- атқаратын қызметтеріне қарай (мысалы, корға жиналатын ақуыздар, тірек қызметін атқаратын ақуыздар).
Ақуыздардың денатурациясы
Ақуыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т.б.) әлсіз болғандықтан, оңай үзіліп, ақуыздардың кеңістік құрылымдарының қайтымсыз бұзылуы ақуыздың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған ақуыз өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze — табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден ақуыз денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин ақуызының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де ақуыздардың денатурациялануы жатады.
Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, ақуыздардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір ақуыздар, мысалы, тауық жұмыртқасының ақуызы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді. Ақуыздар ерігенде, басқа да ЖМҚ сияқты коллоидты ерітінділер түзеді. Ақуыздарға спиртті немесе формалинді қосқанда, ақуыздар қайтымсыз ұйиды, сондықтан бұл заттарды биологиялық препараттарды сақтауға қолданады.
Химиялық қасиеттері
Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, ақуыздардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әртүрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтары бар.
- Ақуыздар — екідайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады. Бұл — ақуыздардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде ақуыздар электрбейтарап болып, суда еруі азаяды. Ақуыздардың осы қасиеті технологияда ақуызды өнімдер алуға қолданылады.
- Ақуыздардың гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді:
- Ақуыздардың түсті реакциялары. Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.
- а) Ксантопротеинреакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
- ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуыздарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция ақуызтардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
- б) Құрамында күкірті бар ақуыздарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара тұнбасы түзіледі.
Ақуыздардың организмдегі өзгерісі
Ақуыздар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқынщылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы — аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән ақуызын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі ақуыз емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады. Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.
Ақуыздың қызметі
Нәруыз жасуша тіршілігіне аса маңызды қызметтер атқарады.
Өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар
Өршіткі қызметін атқаратын нәруыздар организмдегі химиялық реакцияларды жүзеге асырады. Ферменттің катализдік белсенділігі өте жоғары болады. Олар реакцияның жүруін ондаған, жүздеген мың есе тездетеді. Мысалы, қарын сөлінен бөлінетін пепсин ферменті нәруыздарды протеидтерге дейін гидролиздейді.
Тасымалдау
Нәруыздардың келесі маңызды қызметі – тасымалдау. Нәруыздардың бұл тобы әртүрлі маңызды заттарды жасуша ішінде және бүкіл организм бойынша бір жерден екінші жерге тасымалдау қызметін жүзеге асырады.Мысалы, қан нәруызы гемоглобин оттекті қосып алып, оны дененің бүкіл ұлпалары мен мүшелеріне таратады. Ал Альбумин жасушаның энергетикалық шикізаты- май қышқылын тасымалдайды.
Қозғалыс қызметін атқаратын нәруыздар
Бұлшықеттің маңызды нәруыздары – актин және миозин. Нәруыздардың бұл тобы жасуша мен организмдегі түрлі қозғалыс процестерін жүзеге асырады. Мысалы, хромосоманың, талшықтардың қозғалуы.
Нәруыздардың жабынды тіректік және құрылыстық қызметі
Бұл топқа көптеген нәруыздар жатады.Мысалға, тасбақа сауыты, құс тұмсығы, тырнақ, шаш, тері, ішек пен қантамырларлың қабырғасы осы нәруыздардан құралған. Құрылымдық нәруыздар – микрофибрилдер де осы топқа жатады.
Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздар
Қорғаныштық қызмет атқаратын нәруыздарға, мысалы, денеге түскен бөгде заттарды зарарсыздандыратын антиденелер- Иммуноглобулиндер жатады. Фибриноген нәруызы қан ұюына қатысады. Бұл жарақаттанғанда қан кетуден сақтайды.
Қабылдағыш қызмет атқаратын нәруыздар
Қабылдағыш қызмет атқаратын нәруыздар әртүрлі сигналдарды қабылдап, оларды өңдеуде үлкен рөл атқарады. Мысалы, родопсин нәруызы жарық сигналдарын қабылдап алып таратады. Тілде болатын әртүрлі қабылдағыштар заттардың дәмін анықтайды.
Коректік заттармен қамтамасыз ететін нәруыздар
Организмді коректік заттармен қамтамасыз ететін нәруыздар, мысалы, сүт нәруызы – казеин жасушада аминқышқылына дейін ыдырайды. 1г нәруыз толық ыдырағанда 17,6 кДЖ энергия бөлінеді.
Ақуыз синтезінің проблемасы
Ақуызды синтездеу проблемасының теориялық және практикалық маңызы бар. Ақуыз молекуласының күрделі болуына байланысты қазіргі уақытқа дейін ақуыз синтезі толық іске аспай отыр. Ақуыз молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Ақуыз молекулаларын синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін. Ақуыз молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну — қазіргі ғылымның ең басты міндеттерінің бірі.
Жоғары деңгейлі организмдерде ақуыз биосинтезі таңғаларлықтай тез жүреді: 350 аминқышқылынан тұратын полипептид бар болғаны 10 секундта түзіледі! Ақуыз синтезінің құпия сырын ашу көптегек вирус ауруларын жеңуге мүмкіндік береді. Жаңа химиялық талшықтар мен пластмассалар жасауға, тамақ және химия өнеркәсібінде жаңа өндіріс процестерін ойлап табуға көмектеседі.
Алғаш рет қарапайым ақуызды заттар, гипофиздің гормондары вазопрессин мен окситоцин алынды. Одан басқа ақуыз синтездеудегі зор табыстарға инсулин мен интерферон алу жатады. Полипептидтік теория ашылғаннан бері ақуыздық қасиеттері бар полипептидтер синтезделіп, жемдік қоспа, дәрі-дәрмек ретінде қолданылып жүр.
Қазіргі замандағы маңызды міндеттердің бірі — синтездік тағам жасау проблемасы. Соның ішінде ақуыздық тағам түрлерін алу бірінші кезекте түр. Бұл салада академик A. Н. Несмеянов бастаған ғалымдар тобы жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетті. Мысалы, сапасы жөнінен табиғи түрінен кем соқпайтын қара уылдырық синтездеп алды.
Ғалымдар биосинтез бен жасушаларда жүретін процестердің заңдылықтарын толық меңгерген кезде жасанды жолмен ақуыздар алу мәселесі де толық шешілуі мүмкін.
Дереккөздер
- Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет. ISBN 9965-36-092-8
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
- Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Proteins |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Akuyz nemese nәruyz molekulalary ote kүrdeli bolatyn aminkyshkyldarynan kuralgan organikalyk zat tiri organizmderge tәn azotty kүrdeli organikalyk kosylys Aminkyshkyldary kaldyktarynan kuralgan zhogary molekularlyk organikalyk tүzilister Akuyz organizmder tirshiliginde olardyn kurylysy damuy men zat almasuyna katysuy arkyly әrtүrli zhәne ote manyzdy kyzmet atkarady Akuyzdy zat kuramynda mindetti tүrde azoty bar kүrdeli organikalyk kosylys Kogildir spiral Mioglobin akuyzynyn 3D kurylymy kyzyl tүspen ottegi molekulasy sur tүspen Gem toby belgilengen Zhalpy mәlimetterAkuyz tiri organizmnin negizin kurajdy onsyz omir zhok Karl Markstin pikiri bojynsha Tirshilik akuyz zattarynyn omir sүru formasy Akuyzdar organikalyk zattar damuynyn en zhogargy satysy zhәne zher betindegi tirshiliktin negizi organizmnin tirek zhүjesi bulshyket zhamylgy ulpalary akuyzdardan kuralgan Olar organizmde әrtүrli manyzdy kyzmet atkarady himiyalyk reakciyalardy zhүrgizedi dene mүshelerinin kyzmetterin ozara үjlestiredi aurularmen kүresedi t b Akuyzdardyn kuramy men kurylysy ote kүrdeli Molekulalyk massalary zhүzdegen mynnan millionga dejin zhetedi Olardyn kurylymy buzylsa denaturaciyaga ushyrap organizmdegi kyzmetin atkara almajdy Akuyzdar gidrolizdenip aminkyshkyldaryn tүzedi zhәne ozderine tәn tүsti reakciyalary bar Akuyz azyktyn kuramyna kiretin bүkil tiri organizmnin negizgi koregi Ol zhasusha protoplazmasyn kurumen katar organizmdegi koptegen tirshilik kubylystaryna tamaktanu osu kobeyu titirkenu kozgalu tynys alu procesterine tikelej katysady Adam tәuligine shamamen 100 g akuyz kabyldauy kerek Azykpen tүsken akuyz әueli askazanda sosyn ishektegi fermentterdin әserinen gidrolizdenip aminkyshkyldaryna dejin ydyrajdy Akuyz tek tiri organizmder kuramynda gana bolady Onyn kuramynda 50 6 54 5 komirtek 21 5 23 5 ottek 6 5 7 3 sutek 15 17 6 azot 0 3 2 5 kүkirt bar kejde fosfor kezdesedi Osy elementterden tүziletin amin kyshkyldarynyn bir birimen bajlanysyp kosyluy nәtizhesinde akuyz molekulasy tүziledi Akuyz molekulasynyn massasy ote үlken ol birneshe mynnan birneshe millionga dejin barady Akuyz turaly algashky mәlimetter XVIII gasyrdan belgili 1745 zh italiyandyk galym Bekkori bidaj unynan lejkovina degen akuyzdy bolip shygargan 19 gasyrdyn 30 zhyldarynda et zhumyrtka sүt osimdik tukymdarynda akuyzdy zattar bar ekeni anyktaldy Ғalymdardyn sodan bergi zertteuleri nәtizhesinde barlyk tiri organizmder zhasushasynda bolatyn tiri materiya negizinen akuyzdan kuralatyny anyktaldy Akuyzdardyn barlygy eki topka bolinedi karapajym akuyzdar proteinder albuminder globulinder gistondar glutelinder prolaminder protaminder protenoidtar kүrdeli akuyzdar proteidter glikoproteidter nukleoproteidter lipoproteidter fosfoproteidter Bulardyn kuramynda amin kyshkyldarynan baska zattar da bolady Proteinder bizdin agzamyzdagy en kop kezdesetin negizgi zattardyn klassyna zhatady Olar korektik albumin kazein katalittik fermentter korganystyk immunoglobulinder zhiyryldyrushy miozin kurylymdyk kollagen tasymaldaushy globulin gemoglobin akparat tasymaldaushy gormondar әrtүrli akparatty kabyldaushy receptor proteinder askorytuga katysushy pepsin tripsin lipaza termoretteushi zhәne reprodukciya kyzmeti oryndaluyna urpak zhalgastyru kyzmeti zhәne baska da tolyp zhatkan kyzmetterdi atkarady Akuyzdyn kurylymynyn dengejleri 1 birinshilik 2 ekinshilik 3 үshinshilik 4 tortinshilikBiik temperaturanyn әseriyen tauyk zhumyrtkasynyn akuyzynyn kajtymsyz denaturaciyasyҚurylymyAkuyz zhasusha kuramyna kiretin tiri kurylymdar yadro mitohondriya ribosoma citoplazma negizderin kurajdy Sondyktan ol organizmde үlken oryn alady Mysaly adam men zhanuarlar denesinin kurgak zattarynda 45 zhasyl osimdikterde 9 16 dakyl tukymynda 10 20 burshak tukymdastar dәninde 24 35 bakteriya zhasushalarynda 50 93 akuyzdyk zattar bar Akuyz barlyk organizmge ortak zat bolganymen әrtүrli organizm akuyzdarynyn kurylymy tүrlishe bolady Sondaj ak organizm tүrlerinin bir birine uksamauy olardyn evolyuciya zholymen үzdiksiz ozgerip damuy da akuyz kasietterinin үnemi ozgerip otyruyna bajlanysty Organizmnin kүndelikti tirshiligi onyn zhasushalarynda zhүrip zhatatyn koptegen biohimiyalyk reakciyalarga negizdelgen Osy reakciyalar nәtizhesinde osimdikterde bir zhagynan tirshilikke kazhetti himiyalyk kosylystar akuyzdar komirsular majlar vitaminder sintezdeletin bolsa ekinshi zhagynan onda fermentter arkyly kүrdeli zattar ydyrap osimdiktin korektenuine tozgan zhasushalaryn zhanartuyna organizmge kuat beruge zhumsalady Bul kubylystardy metabolizm dep atajdy Osy reakciyalardyn bәrinde de akuyz katalizatorlyk kyzmet atkarady Қan kuramyndagy erekshe akuyz gemoglobin bүkil denege ottek taratady Zhasushalardagy totygu fermentteri citohromdar tynys alu procesin rettep otyrady Sondaj ak organizm tirshiligine asa kazhetti zattar gormondar da akuyzdan kuralgan Erimtal akuyzdar gidrofildi kolloidtar sudy bojyna kop tartady Olardyn eritindileri zhelim siyakty osmostyk kysymy tomen kozgalu kabileti nashar osimdik pen zhanuarlar membranasynan ote almajdy Akuyzdardyn tagy bir kasieti olar amfoterli elektrolitter Molekulalarynda bos karboksil zhәne amin toptary bolatyndyktan olar on nemese teris elektr zaryadty bolady Himiyalyk tabigaty zhagynan akuyz biopolimerler tobyna zhatady Akuyzdyn kuramynda zhiyrma tүrli aminkyshkyldar bolady Әrtүrli akuyzdardyn aminkyshkyly kuramy zhagynan da olardyn tizbektegi ornalasu tәrtibi zhagynan da bir birinen ajyrmashylygy zor Tabigatta akuyz tүrlerinin kop boluy da osygan bajlanysty Mysaly үsh aminkyshkylynyn kosyluynan alty tүrli tort kyshkyldan zhiyrma tort tүrli akuyz izomerleri pajda bolady Akuyz molekulasy amin kyshkyldarynyn ozara monshaktaj tizile bajlanyskan polipeptidtik tizbeginen kuralady Akuyz molekulasynyn syrtky pishini eki tүrli bolady Shar tәrizdi domalak globulyarly akuyzdar Bularga albuminder globulinder gemoglobin pepsin zhәne osimdik zhasushasynyn akuyzdary zhatady Fibrillyarlyk talshyk tәrizdes akuyzdar Bularga bulshyk et akuyzy miozin aktin sinir akuyzy kollagen zhәne maldyn zhүni men pillә zhibegi akuyzdary zhatady Akuyz molekulasynyn ozine tәn erekshelikteri men kurylymdylyk dәrezheleri koptegen sutektik bajlanystar elektrstatikalyk kuattar kүkirtten kuralatyn disulfidtik bajlanystar t b zhagdajlar arkyly kamtamasyz etiledi Akuyz eritindisin kyzdyrsa nemese ogan kүshti kyshkylmen әser etse ol ozinin tabigi kasietterin fermenttik gormondyk zhoyady kejde ujyp ta kalady Mundaj kubylysty denaturaciya dep atajdy Akuyz adam tagamy men zhanuarlar koreginin sondaj ak teri zhүn zhibek siyakty tabigi talshyk zattardyn negizgi kuraushysy bolgandyktan 20 gasyrdyn ekinshi zhartysynan bastap ony koldan ondirudin mikrobiologiyalyk sintez manyzy artyp otyr Akuyzdyn tүzilui bul ote kүrdeli zhasushadagy usak bolshekter ribosomalarda zhүretin process Қashan kansha zhәne kandaj akuyz tүzilui kerektigi zhajly mәlimet zhasusha yadrosyndagy DNҚ RNҚ arkyly zhetkiziledi Akyzdardyn kasietterin olardyn kuramy men kurylymy anyktajdy Akuyz molekulasyndagy a aminkyshkyldary kaldyktarynyn sany әrtүrli bolady kejde birneshe mynga dejin zhetedi Әr akuyzda a aminkyshkyldary tek osy akuyzga gana tәn retimen ornalasady Olardyn molekulalyk massalary birneshe mynnan millionga dejin zhetedi Mysaly zhumyrtka akuyzynyn molekulalyk massasy 36000 bulshyk et akuyzynyn molekulalyk massasy 150000 adam gemoglobini 67000 al koptegen akuyzdardiki gt 300000 shamasynda Olar negizinen komirtek 50 55 ottek 20 24 azot 15 19 sutekten 6 7 turady Kejbir akuyzdardyn kuramyna bulardan baska kүkirt fosfor temir kiredi Akuyzdar gidrolizdengende a aminkyshkyldarynyn kospasy tүziledi Әrbir organizmnin ozine tәn akuyzdary bar Barlyk akuyzdar 20 dan astam әrtүrli a aminkyshkylynan kuralady A aminkyshkyldarynyn zhalpy formulasy R CHNH2 COOH Akuyz tүziletin a aminkyshkyldarynyn radikaldy kuramynda ashyk tizbek te tujyk tizbekti әrtүrli sakinalar men funkcionaldyk toptar da kezdesedi Polipeptid tizbeginin kurylysyAkuyzdardyn kurylysy ote kүrdeli Akuyz molekulasy kurylymyn birinshi rettik ekinshi rettik үshinshi rettik zhәne tortinshi rettik dep bolip karastyrady Polipeptidtik tizbektegi aminkyshkyldary kaldyktarynyn katan tәrtippen birinen kejin birinin ornalasuyn birinishi rettik kurylym anyktajdy Akuyzdy kurajtyn zhүzdegen myndagan milliondagan a aminkyshkyldarynyn kaldyktary ozara peptidtik bajlanys CO NH arkyly zhalgasady 49 suret Polipeptid tizbegindegi aminkyshkylynyn bir kaldygynyn baskasymen auysuy nemese onyn ornynyn almasuy osy akuyzdyn kyzmetin buzady Mysaly adam gemoglobinindegi 564 aminkyshkyldary kaldyktarynan kuralgan polipeptid tizbegindegi bir kyshkyldyn kaldygy ekinshisine auyssa adam auyr syrkatka ushyrajdy Aminkyshkyldary kaldyktarynyn insulinnin kejbir boliginde ornalasuyn mynadaj tizbek tүrinde korsetuge bolady glicin izolejcin valin glutamin t s s 50 surette 2 polipeptidtik tizbekten turatyn insulinnin birinshi rettik kurylymy keltirilgen Tabigatta akuyzdardyn kejbireui tek sozylynky polipeptidtik tizbekte bolady Mysaly tabigi zhibek talshygy fibrionnyn kurylymy osyndaj Akuyzdardyn kobinin kenistikte spiral tәrizdi oratyluy ekinshi rettik kurylym dep atalady Bul kurylym negizinen spiral oralymdarynda ornalaskan CO HN arasyndagy sutektik bajlanystar arkyly iske asady Shiyrshyktyn bir oramynda 3 zhәne 5 aminkyshkyldarynyn kaldyktary bolady Oralymdardyn arakashyktyktary 0 54 nm shamasynda Akuyzdyk oralma tektes molekulasy biologiyalyk procesterdin әserinen molekula arasyndagy sutektik bajlanys S S disulfid kopirshesi kүrdeli efirlik kopirshe zhәne bүjir tizbektegi anion men kationdar arasyndagy iondyk bajlanystar arkyly ozara bajlanysady da ote kүrdeli үshinshi rettik kurylym tүziledi Bul kezde oralma kundaktalyp shumakka ajnalady 52 suret Үshinshi rettik kurylym akuyzdyn ozine tәn kasietteri men belsendiligine zhauap beredi Akuyz molekulasy tek kana bir polipeptidik tizbekten tursa onyn kurylymdary birinshi ekinshi zhәne үshinshi rettik bolady Al akuyz molekulasy eki zhәne odan da kop polipepidik tizbekten kuralsa onda tortinshi rettik kurylym tүziledi Tortinshi rettik kurylym kejbir akuyzdarda birneshe polipeptidtik tizbekterdin bir birimen kүrdeli keshendi kompleksterge birigui Mysaly gemoglobin kuramyna 141 aminkyshkylynyn kaldygy kiretin tort polipetidtik tizbekten zhәne kuramynda temir atomy bar akuyzdy emes bolshek gemnen kompleks tүzedi Gemoglobin tek osy kurylymda gana ottekti tasymaldaj alady Nәruyzdardyn kүrdeliligine karaj 4 rettik kurylymy bolady birinshi rettik ekinshi rettik үshinshi rettik zhәne tortinshi rettik kurylymdar Nәruyzdyn birinshi rettik kurylymy Polipeptidtik tizbektegi әrtүrli aminkyshkyldar kaldyktarynyn bir birimen kezektesip peptidtik bajlanysu retin nәruyzdyn birinshi rettik kurylymy dep atajdy Koptegen polipeptidter tizbegi 300 den 500 ge dejin aminkyshkyly kaldygynan turady Algash ret 1954 zhyly F Sendzheru nәruyz insulin gormonynyn aminkyshkyly kaldygynyn rettiligin anyktady Insulin gormony 51 aminkyshkylynan turatyny belgili boldy Nәruyzdyn ekinshi rettik kurylymy Nobel syjlygynyn laureaty atakty galym Lajnus Poling nәruyzdyn ekinshi rettik kurylymyn ashkan Polipeptidti tizbektin kenistiktegi oralma tәrizdi bolyp kelgen pishinin nәruyzdyn ekinshi rettik kurylymy dep atajdy Bugan nәruyzdyn zhәne tyrnaktyn nәruyzy keratin zhatady Nәruyzdyn ekinshi rettik kurylymy mutektik bajlanystar arkyly oryndalady Bir oramdygy NH toptary men korshiles oramdygy CO toptary arasyndygy tүziletin sutektik bajlanys arkyly oralym ustalynyp turady Sutektik bajlanystar kovalenttik bajlanystardan anagurlym әlsiz Birak birneshe ret kajtalanganda olar berik bajlanysady Koptegen sutektik bajlanystar arkyly tigilgen polipeptidti oralym berik kurylym bolyp keledi Nәruyzda oralmaly bolikterinin bar boluy ogan zhylzhymalylyk myktylyk serpimdilik kasiet beredi Nәruyzda cilindr tәrizdi oralym bolikterinen baska aminkyshkyly prolinnen tүziletin tize tәrizdi bүgiletin bolikteri de bar Nәruyzdyn үshinshi rettik kurylymy Үshinshi rettik kurylymnyn tүziluine disulfidti bajlanystar үlken үles kosady Olar polipeptidti tizbektin әrtүrli bolikterin bajlanystyryp ozine tәn ilmekter kurajly Bul kezde kuramynda S atomy bar aminkyshkyly cisteinnin radikaldarynyn arasynda bajlanys tүziledi Bul әlsiz bajlanys birak molekulalardyn tagy da bүktelip shumaktaluynyn nәtizhesinde beriktigi arta tүsedi Muny nәruyz molekulasynyn үshinshi rettik kurylymy dejdi Nәruyzdyn tortinshi rettik kurylymy Kejbir nәruyzdardyn erekshe kurylymy bolady Olar bir birimen bajlanyskan birneshe peptidterden kuralady Қurylysy zhagynan zhakyn birneshe nәruyzdyn үshinshi rettik kurylymynyn shumak tүzip ornalasuyn nәruyz molekulasynyn tortinshi rettik kurylymy dejdi Tortinshi rettik kurylym birneshe nәruyz molekulalarynyn kosyndysy mysaly gemoglobin nәruyzy tort shumaktan turady Olar iondyk sutektik bajlanystarme bajlanysady Osy tootinshi rettik kurylymmen zhana kasiet nәruyz kyzmetinin rettelui pajda bolady Tortinshi rettik kurylymmen rettelu procesterinin kupiyasyn ashkan francuz galymy Nobel syjlagynyn laureaty Zhak Mono 1961 zh Tortinshi rettik kurylymda substratka uksamajtyn zattar rettegishter bolady Akuyzdardyn zhikteluiAkuyzdardyn mynadaj belgilerine karap zhiktejdi kүrdelilik dәrezhesine karapajym zhәne kүrdeli karapajym proteinder tek kana aminkyshkyldary kaldyktarynan turady kүrdeli proteidter kuramyna akuyzdy zattardan baska kosylystardyn kaldyktary kiredi molekula pishinine shar tәrizdi zhәne zhip tәrizdi kejbir eritkishterde eru kabiletine karaj suda eritinder әlsiz tүz eritindilerinde eritinder albuminder spirtte eritinder prolaminder sujytylgan kyshkyl zhәne silti eritindilerinde eritinder glutelinder atkaratyn kyzmetterine karaj mysaly korga zhinalatyn akuyzdar tirek kyzmetin atkaratyn akuyzdar Akuyzdardyn denaturaciyasyAkuyzdardyn ekinshi zhәne үshinshi rettik kurylymdaryna zhauapty bajlanystar sutektik disulfid kopirshesi t b әlsiz bolgandyktan onaj үzilip akuyzdardyn kenistik kurylymdarynyn kajtymsyz buzyluy akuyzdyn denaturaciyasy dep atalady Denaturaciyaga ushyragan akuyz ozinin biologiyalyk funkciyasyn atkara almajdy denatuze tabigi kasietinen ajyryluy Қyzdyru radiaciya ortanyn ozgerui kejbir himiyalyk әserlerden shajkap silkuden akuyz denaturaciyalanady Zhumyrtkany pisirgende albumin akuyzynyn sүt ashyganda kazeinnin uyuynan olardyn kenistik kurylymdary buzylady Shashty himiyalyk bujralaudyn terini ileudin negizinde de akuyzdardyn denaturaciyalanuy zhatady Қyzdyrganda denaturaciyalanatyn nemese ajyrylyp ketetin bolgandyktan akuyzdardyn nakty balku temperaturalary bolmajdy Kejbir akuyzdar mysaly tauyk zhumyrtkasynyn akuyzy suda eridi kejbireuleri suda erimejdi Akuyzdar erigende baska da ZhMҚ siyakty kolloidty eritindiler tүzedi Akuyzdarga spirtti nemese formalindi koskanda akuyzdar kajtymsyz ujidy sondyktan bul zattardy biologiyalyk preparattardy saktauga koldanady Himiyalyk kasietteriҚuramy men kurylysy kүrdeli bolgandyktan akuyzdardyn kasietteri de aluan tүrli Olardyn kuramynda әrtүrli himiyalyk reakciyalarga tүsetin funkcionaldyk toptary bar Akuyzdar ekidajly elektrolitter Ortanyn belgili bir rN mәninde olardyn molekulalaryndagy on zhәne teris zaryadtar birdej izoelektrlik nүkte dep atalady bolady Bul akuyzdardyn manyzdy kasietterinin biri Bul nүktede akuyzdar elektrbejtarap bolyp suda erui azayady Akuyzdardyn osy kasieti tehnologiyada akuyzdy onimder aluga koldanylady Akuyzdardyn gidrolizi Silti nemese kyshkyl eritindilerin kosyp kyzdyrganda akuyzdar gidrolizdenip aminkyshkyldaryn tүzedi Akuyzdardyn tүsti reakciyalary Beloktardy sapalyk anyktau үshin tүsti reakciyalar koldanylady a Ksantoproteinreakciyasymen grek ksanty sary kuramynda benzol yadrosy bar akuyzdar koncentrli azot kyshkylymen sary tүs beredi ә Biuret reakciyasy Mys II gidroksidinin siltidegi eritindisimen akuyzdarga әser etkende ashyk kүlgin tүs pajda bolady Bul reakciya akuyztardyn kuramyndagy peptidtik bajlanystardy anyktajdy b Қuramynda kүkirti bar akuyzdarga korgasyn acetatyn zhәne silti kosyp kyzdyrganda korgasyn sulfidinin kara tunbasy tүziledi dd Akuyzdardyn organizmdegi ozgerisiAkuyzdar asa manyzdy tagamdyk zattar et zhumyrtka sүt nan t b kuramynda bolgandyktan as korytu zholdarynda fermentter әserinen aminkyshkyldaryna dejin ydyrap gidrolizdenedi Aminkynshyldary ishek kabyrgalary arkyly kanga otedi Komirsular men majlardan ajyrmashylygy aminkyshkyldary organizmde kor bolyp zhinalmajdy Olardyn birazy adam nemese zhanuar organizminin ozine tәn akuyzyn tүzedi Al aminkyshkyldarynyn bir boligi akuyz emes azotty kosylystardyn nuklein kyshkyldarynyn sintezine zhumsalady Kejbireuleri totygyp en akyrgy onimderge S02 N20 t b dejin ydyrap energiya boledi Akuyzdyn kyzmetiNәruyz zhasusha tirshiligine asa manyzdy kyzmetter atkarady Өrshitki kyzmetin atkaratyn nәruyzdar Өrshitki kyzmetin atkaratyn nәruyzdar organizmdegi himiyalyk reakciyalardy zhүzege asyrady Fermenttin katalizdik belsendiligi ote zhogary bolady Olar reakciyanyn zhүruin ondagan zhүzdegen myn ese tezdetedi Mysaly karyn solinen bolinetin pepsin fermenti nәruyzdardy proteidterge dejin gidrolizdejdi Tasymaldau Nәruyzdardyn kelesi manyzdy kyzmeti tasymaldau Nәruyzdardyn bul toby әrtүrli manyzdy zattardy zhasusha ishinde zhәne bүkil organizm bojynsha bir zherden ekinshi zherge tasymaldau kyzmetin zhүzege asyrady Mysaly kan nәruyzy gemoglobin ottekti kosyp alyp ony denenin bүkil ulpalary men mүshelerine taratady Al Albumin zhasushanyn energetikalyk shikizaty maj kyshkylyn tasymaldajdy GemoglobinҚozgalys kyzmetin atkaratyn nәruyzdar Bulshykettin manyzdy nәruyzdary aktin zhәne miozin Nәruyzdardyn bul toby zhasusha men organizmdegi tүrli kozgalys procesterin zhүzege asyrady Mysaly hromosomanyn talshyktardyn kozgaluy Nәruyzdardyn zhabyndy tirektik zhәne kurylystyk kyzmeti Bul topka koptegen nәruyzdar zhatady Mysalga tasbaka sauyty kus tumsygy tyrnak shash teri ishek pen kantamyrlarlyn kabyrgasy osy nәruyzdardan kuralgan Қurylymdyk nәruyzdar mikrofibrilder de osy topka zhatady Қorganyshtyk kyzmet atkaratyn nәruyzdar Қorganyshtyk kyzmet atkaratyn nәruyzdarga mysaly denege tүsken bogde zattardy zararsyzdandyratyn antideneler Immunoglobulinder zhatady Fibrinogen nәruyzy kan uyuyna katysady Bul zharakattanganda kan ketuden saktajdy Қabyldagysh kyzmet atkaratyn nәruyzdar Қabyldagysh kyzmet atkaratyn nәruyzdar әrtүrli signaldardy kabyldap olardy ondeude үlken rol atkarady Mysaly rodopsin nәruyzy zharyk signaldaryn kabyldap alyp taratady Tilde bolatyn әrtүrli kabyldagyshtar zattardyn dәmin anyktajdy Korektik zattarmen kamtamasyz etetin nәruyzdar Organizmdi korektik zattarmen kamtamasyz etetin nәruyzdar mysaly sүt nәruyzy kazein zhasushada aminkyshkylyna dejin ydyrajdy 1g nәruyz tolyk ydyraganda 17 6 kDZh energiya bolinedi Akuyz sintezinin problemasyAkuyzdy sintezdeu problemasynyn teoriyalyk zhәne praktikalyk manyzy bar Akuyz molekulasynyn kүrdeli boluyna bajlanysty kazirgi uakytka dejin akuyz sintezi tolyk iske aspaj otyr Akuyz molekulalary үzdiksiz kozgalysta bolady Akuyz molekulalaryn sintezdeuge әreket zhasagan galymdardyn sәtsizdikterinin sebebi de osynda boluy mүmkin Akuyz molekulalarynyn үzdiksiz ozgeruin anyktajtyn zandylyktardy tүsinu kazirgi gylymnyn en basty mindetterinin biri Zhogary dengejli organizmderde akuyz biosintezi tangalarlyktaj tez zhүredi 350 aminkyshkylynan turatyn polipeptid bar bolgany 10 sekundta tүziledi Akuyz sintezinin kupiya syryn ashu koptegek virus aurularyn zhenuge mүmkindik beredi Zhana himiyalyk talshyktar men plastmassalar zhasauga tamak zhәne himiya onerkәsibinde zhana ondiris procesterin ojlap tabuga komektesedi Algash ret karapajym akuyzdy zattar gipofizdin gormondary vazopressin men oksitocin alyndy Odan baska akuyz sintezdeudegi zor tabystarga insulin men interferon alu zhatady Polipeptidtik teoriya ashylgannan beri akuyzdyk kasietteri bar polipeptidter sintezdelip zhemdik kospa dәri dәrmek retinde koldanylyp zhүr Қazirgi zamandagy manyzdy mindetterdin biri sintezdik tagam zhasau problemasy Sonyn ishinde akuyzdyk tagam tүrlerin alu birinshi kezekte tүr Bul salada akademik A N Nesmeyanov bastagan galymdar toby zhumys istep biraz zhetistikterge zhetti Mysaly sapasy zhoninen tabigi tүrinen kem sokpajtyn kara uyldyryk sintezdep aldy Ғalymdar biosintez ben zhasushalarda zhүretin procesterdin zandylyktaryn tolyk mengergen kezde zhasandy zholmen akuyzdar alu mәselesi de tolyk sheshilui mүmkin DerekkozderHimiya Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Ә Temirbolatova N Nurahmetov R Zhumadilova S Әlimzhanova Almaty Mektep baspasy 2007 352 bet ISBN 9965 36 092 8 O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0 T Musakulov ORYSShA ҚAZAҚShA TҮSINDIRMELI BIOLOGIYaLYҚ SӨZDIK I tom ҚAZAҚMEMLEKETBASPASY Almaty 1959 Redakciyasyn baskargan Biologiya gylymynyn doktory professor T DarkanbaevOrtakkorda bugan katysty media sanaty bar Proteins