Қопарғыш заттар – сыртқы импульс (соққы, жылу, т.б.) әсерінен газ тәрізді өнімдер мен жылу шығаратын химиялық реакцияларды өздігінен таратуға қабілетті дербес химиялық қосылыстар не қоспалар. Сыртқы әсердің сипатына қарай қопарғыш заттар химиялық өзгеріске: өздігінен оталу (жарық ету) температурасынан төмен қыздырғанда, жандырғанда, толқындық соққы әсер еткенде өтеді. Алғашқы қопарғыш заттар – (түтінді) мылтық дәрісі. Ол 13 ғасырда жасалынды. Қолданылуына қарай қопарғыш заттар қоздыратын, жаратын және лақтыратын болып үшке бөлінеді. Қоздыратын қопарғыш заттар соққы, ұшқын не электр әсерінен өте тез ыдырайды және басқа заттардың қопарылысын бастау үшін пайдаланылады. Олар: қорғасын азиді, күркіреуік сынап, , т.б. Жаратын қопарғыш заттар, қоздыратын қопарғыш заттар детонациясының әсерінен қопарылады және қопарылу жылдамдығы қоздыратын заттардан төмен болады. Мұндай қопарғыш заттар құрылыста (жол, туннель салу, бөгет жасау, т.б.), кен өндіру, т.б. жұмыстарында, ал соғыс мақсатында оқ-дәрілерін (снаряд, мина, граната, т.б.) жасауда пайдаланылады. Жаратын қопарғыш заттарға нитроқосылыстар, нитраттар, перхлораттар және сұйық оттек негізінде дайындалған қоспалар жатады. Лақтыратын қопарғыш заттар баяу ыдырайды, олар қоздыратын қопарғыш заттардың детонациясы әсерінен қопарылады және оқ, снаряд, ракеталарға жылдамдық беру үшін пайдаланылады.
Химиялық құрамы бойынша қопарғыш заттар дербес қосылыстарға және қопарғыш қоспаларға бөлінеді. Дербес қосылыстарға ароматты нитроқосылыс, нитроамин, азот қышқылының көп атомды спирті, азот қышқылының тұзы, азотты сутек қышқылының тұзы жатады. Қопарғыш қоспалар тотықтырғыштар (жанғыш заттар) және қоспалар деп екіге жіктеледі. Тотықтырғыштар ыдырау барысында жанғыш заттар немесе олардың ыдырау өнімдері тотығуы үшін бос оттек бөліп шығарады. Жанғыш заттар ретінде жанғыш газдар (сутек, метан) мен қатты заттар (күйе), қопарылыс барысында өнімі толық тотықпайтын (көміртек тотығы) табиғи немесе жасанды органикалық заттар қолданылады. Бірінші типті қопарғыш қоспаларға аммоний нитраты бар қопарғыш заттар кіреді. Олар жанғыш заттардың түрлеріне байланысты аммонит, аммотол және аммоналдарға бөлінеді. Қопарғыш қоспалардың екінші типіне қопарғыш заттардың дербес қоспалары (мыс, динамиттер), детонатор – шашкалар даярлауға қажетті тротильді гексоген немесе тэн (пентолит) қоспалары жатады. Қопарғыш заттарға қоздыратын құралдардың сезгіштігін жоғарылататын сенсибилизатор, сыртқы әсердің сезгіштігін төмендететін флегматизатор, суға төзімділігін арттыратын гидрофобты қосымша, сондай-ақ, сақтандырғыш қасиет беру үшін жалын сөндіргіш-тұз, пластификаттар енгізіледі. Қопарғыш заттардың қолдану сипаты оларды даярлау технологиясына және рецептуралық құрамына байланысты.
Пайдаланған әдебиетттер
- Қазақ энциклопедиясы
- О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қopargysh zattar syrtky impuls sokky zhylu t b әserinen gaz tәrizdi onimder men zhylu shygaratyn himiyalyk reakciyalardy ozdiginen taratuga kabiletti derbes himiyalyk kosylystar ne kospalar Syrtky әserdin sipatyna karaj kopargysh zattar himiyalyk ozgeriske ozdiginen otalu zharyk etu temperaturasynan tomen kyzdyrganda zhandyrganda tolkyndyk sokky әser etkende otedi Algashky kopargysh zattar tүtindi myltyk dәrisi Ol 13 gasyrda zhasalyndy Қoldanyluyna karaj kopargysh zattar kozdyratyn zharatyn zhәne laktyratyn bolyp үshke bolinedi Қozdyratyn kopargysh zattar sokky ushkyn ne elektr әserinen ote tez ydyrajdy zhәne baska zattardyn koparylysyn bastau үshin pajdalanylady Olar korgasyn azidi kүrkireuik synap t b Zharatyn kopargysh zattar kozdyratyn kopargysh zattar detonaciyasynyn әserinen koparylady zhәne koparylu zhyldamdygy kozdyratyn zattardan tomen bolady Mundaj kopargysh zattar kurylysta zhol tunnel salu boget zhasau t b ken ondiru t b zhumystarynda al sogys maksatynda ok dәrilerin snaryad mina granata t b zhasauda pajdalanylady Zharatyn kopargysh zattarga nitrokosylystar nitrattar perhlorattar zhәne sujyk ottek negizinde dajyndalgan kospalar zhatady Laktyratyn kopargysh zattar bayau ydyrajdy olar kozdyratyn kopargysh zattardyn detonaciyasy әserinen koparylady zhәne ok snaryad raketalarga zhyldamdyk beru үshin pajdalanylady Himiyalyk kuramy bojynsha kopargysh zattar derbes kosylystarga zhәne kopargysh kospalarga bolinedi Derbes kosylystarga aromatty nitrokosylys nitroamin azot kyshkylynyn kop atomdy spirti azot kyshkylynyn tuzy azotty sutek kyshkylynyn tuzy zhatady Қopargysh kospalar totyktyrgyshtar zhangysh zattar zhәne kospalar dep ekige zhikteledi Totyktyrgyshtar ydyrau barysynda zhangysh zattar nemese olardyn ydyrau onimderi totyguy үshin bos ottek bolip shygarady Zhangysh zattar retinde zhangysh gazdar sutek metan men katty zattar kүje koparylys barysynda onimi tolyk totykpajtyn komirtek totygy tabigi nemese zhasandy organikalyk zattar koldanylady Birinshi tipti kopargysh kospalarga ammonij nitraty bar kopargysh zattar kiredi Olar zhangysh zattardyn tүrlerine bajlanysty ammonit ammotol zhәne ammonaldarga bolinedi Қopargysh kospalardyn ekinshi tipine kopargysh zattardyn derbes kospalary mys dinamitter detonator shashkalar dayarlauga kazhetti trotildi geksogen nemese ten pentolit kospalary zhatady Қopargysh zattarga kozdyratyn kuraldardyn sezgishtigin zhogarylatatyn sensibilizator syrtky әserdin sezgishtigin tomendetetin flegmatizator suga tozimdiligin arttyratyn gidrofobty kosymsha sondaj ak saktandyrgysh kasiet beru үshin zhalyn sondirgish tuz plastifikattar engiziledi Қopargysh zattardyn koldanu sipaty olardy dayarlau tehnologiyasyna zhәne recepturalyk kuramyna bajlanysty Pajdalangan әdebiettterҚazak enciklopediyasy O D Dajyrbekov B E Altynbekov B K Torgauytov U I Kenesariev T S Hajdarova Aurudyn aldyn alu zhәne saktandyru bojynsha oryssha kazaksha terminologiyalyk sozdik Shymkent Ғasyr Sh 2005 zhyl ISBN 9965 752 06 0Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz