Әлеуметтік немесе қоғамдық психология (гр. psyche — жан және logos — сөз, түсінік, ілім) — әлеуметтік топтарға қосылуымен байланысты адамдардың қызметі мен пәнінің заңдылықтарын, сонымен қоса ол топтардың өздерінің рухани ерекшеліктерін зерттейтін жантану ғылымдарының саласы.
Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып, қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға, бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші орындарға шығады деп есептейді.
Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне мыналар жатады:
- әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі;
- тұлға психологиясы;
- ақпарат алмасу заңдылықтары және бірлескен қызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі;
- түрлі қауымдастықтарда қалыптасатын тұлғааралық өзара қатынастар.
Әлеуметтік психология өзге ғылымдармен — социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен, мәдениеттанумен тығыз байланыста болады.
Социология қоғамның, топтың және жеке адамның құндылықтары мен нормаларының сипатын қарастырса, әлеуметтік психология сол адамдар өмір сүретін микро және макроортаның әсерін ескере отырып, олардың қалыптасуының нақты механизмдерін және тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді. Егер социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің түпкілікті қайнарларын ашатын болса, онда әлеуметтік психология олардың пайда болу жолдары мен заңдылықтарын қарастырады, белсенділікті мейлінше толық іске асырудың жағдайларын жасауға көмектеседі. Социология түрлі адамдар топтары мен қауымдастықтарының ішіндегі тұлғааралық байланыстардың әлеуметтік мәнін ашады. Ал әлеуметтік психологияны жеке адамның немесе жеке топтың қызметінен ол мәннің калай және қандай формаларда көрініс беруі, тұлғалық сапалықтардың қалыптасуына қалай әсер ететіні қызықтырады.
Әлеуметтік психологияның философия құрамында ұзаққа созылған даму тарихы бар; Батыста XVIII ғасырдағы ағартушылық кезеңде оған көбірек көңіл бөліне бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әлеуметтік психология жеке ғылым саласы ретінде орнықты.
XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлеуметтік психология АҚШ, Англия, Германия, Франция, Жапония сияқты дамыған елдердегі психология ғылымының жетекші бағытына айналды.
Әлеуметтік психология бұрынғы Кеңес Одағында да көп көңіл бөлінген. Кеңес билігі тұсында бұл ғылым жетекші салаға айналды. Кеңестік әлеуметтік психологтардың зерттеулерінде тұлға және ұжым мәселелері Батыстағыдай топ динамикасы заңдылықтарынан өзгеше бағдарда алынып, ерекше теориялық құрылғыда қарастырылды. Ұлттардың және өзге ірі әлеуметтік топтардың психологиясы зерттелді. Олардың арасында Қазақстандық ғалымдардың да үлесі болды.
Әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі
Ғылым саласы ретіндегі әлеуметтік психологияның зерттеу объектісіне мыналар жатады:
- адамдар арасындағы ақпарат алмасу және өзара әрекеттесу заңдылықтары, атап айтқанда, қоғамдық және тұлғааралық қатынастар құрылымындағы жүздесудің рөлі, оның құрылымы, атқаратын қызметі, жүздесу үдерісінде әсер ету амалдары;
- таптар мен ұлттар сияқты ірі және еңбек ұжымы мен отбасы сияқты шағын әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемелері, бұған қоса ұжымшылдық, басқару және жетекшілік, топ болып шешім қабылдау, топ қызметінің тиімділігі сияқты үдерістерді зерттеу;
- тұлғаның әлеуметтік психологиясы, оның коммуникативтік сапалықтарына талдау жасау, әлеуметтену мәселелері, әлеуметтік мақсаттардың қалыптасуы және ауысуы, т.б.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Social psychology (psychology) |
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әleumettik nemese kogamdyk psihologiya gr psyche zhan zhәne logos soz tүsinik ilim әleumettik toptarga kosyluymen bajlanysty adamdardyn kyzmeti men pәninin zandylyktaryn sonymen kosa ol toptardyn ozderinin ruhani erekshelikterin zerttejtin zhantanu gylymdarynyn salasy Әleumettik psihologiya otbasynyn uzhymnyn taptyn ulttyn tagy da baska adamdardyn turgan zherine kәsibine kogamdagy alatyn ornyna karaj zhikteletin toptarynyn psihologiyasyn zerttejdi Әleumettik psihologiya kogamda bolyp zhatkan sayasi әleumettik kubylystardyn syryn tүsinuge olardan korytyndy shygaryp kogamnyn damu bagytyn ajkyndauga iri toptardy zhәne tutas kogamdy baskaruga bagyttardy sharalardy ajkyndaj otyryp ony strategiyaly durys zholga salyp otyruga komektesedi Sondyktan galymdar bul gylymnyn bolashagy zor XXI gasyrda zhetekshi oryndarga shygady dep eseptejdi Әleumettik psihologiyanyn negizgi bolimderine mynalar zhatady әleumettik toptardyn psihologiyalyk minezdemesi tulga psihologiyasy akparat almasu zandylyktary zhәne birlesken kyzmet үstindegi adamdardyn ozara әrekettesui tүrli kauymdastyktarda kalyptasatyn tulgaaralyk ozara katynastar Әleumettik psihologiya ozge gylymdarmen sociologiyamen pedagogikamen filosofiyamen sayasattanumen mәdeniettanumen tygyz bajlanysta bolady Sociologiya kogamnyn toptyn zhәne zheke adamnyn kundylyktary men normalarynyn sipatyn karastyrsa әleumettik psihologiya sol adamdar omir sүretin mikro zhәne makroortanyn әserin eskere otyryp olardyn kalyptasuynyn nakty mehanizmderin zhәne tulganyn dara erekshelikterin zerttejdi Eger sociologiya tulganyn әleumettik belsendiliginin tүpkilikti kajnarlaryn ashatyn bolsa onda әleumettik psihologiya olardyn pajda bolu zholdary men zandylyktaryn karastyrady belsendilikti mejlinshe tolyk iske asyrudyn zhagdajlaryn zhasauga komektesedi Sociologiya tүrli adamdar toptary men kauymdastyktarynyn ishindegi tulgaaralyk bajlanystardyn әleumettik mәnin ashady Al әleumettik psihologiyany zheke adamnyn nemese zheke toptyn kyzmetinen ol mәnnin kalaj zhәne kandaj formalarda korinis berui tulgalyk sapalyktardyn kalyptasuyna kalaj әser etetini kyzyktyrady Әleumettik psihologiyanyn filosofiya kuramynda uzakka sozylgan damu tarihy bar Batysta XVIII gasyrdagy agartushylyk kezende ogan kobirek konil boline bastady XIX gasyrdyn ayagy men XX gasyrdyn basynda әleumettik psihologiya zheke gylym salasy retinde ornykty XX gasyrdyn 20 zhyldarynan bastap әleumettik psihologiya AҚSh Angliya Germaniya Franciya Zhaponiya siyakty damygan elderdegi psihologiya gylymynyn zhetekshi bagytyna ajnaldy Әleumettik psihologiya buryngy Kenes Odagynda da kop konil bolingen Kenes biligi tusynda bul gylym zhetekshi salaga ajnaldy Kenestik әleumettik psihologtardyn zertteulerinde tulga zhәne uzhym mәseleleri Batystagydaj top dinamikasy zandylyktarynan ozgeshe bagdarda alynyp erekshe teoriyalyk kurylgyda karastyryldy Ұlttardyn zhәne ozge iri әleumettik toptardyn psihologiyasy zertteldi Olardyn arasynda Қazakstandyk galymdardyn da үlesi boldy Әleumettik psihologiyanyn zertteu obektisiҒylym salasy retindegi әleumettik psihologiyanyn zertteu obektisine mynalar zhatady adamdar arasyndagy akparat almasu zhәne ozara әrekettesu zandylyktary atap ajtkanda kogamdyk zhәne tulgaaralyk katynastar kurylymyndagy zhүzdesudin roli onyn kurylymy atkaratyn kyzmeti zhүzdesu үderisinde әser etu amaldary taptar men ulttar siyakty iri zhәne enbek uzhymy men otbasy siyakty shagyn әleumettik toptardyn psihologiyalyk minezdemeleri bugan kosa uzhymshyldyk baskaru zhәne zhetekshilik top bolyp sheshim kabyldau top kyzmetinin tiimdiligi siyakty үderisterdi zertteu tulganyn әleumettik psihologiyasy onyn kommunikativtik sapalyktaryna taldau zhasau әleumettenu mәseleleri әleumettik maksattardyn kalyptasuy zhәne auysuy t b Ortakkorda bugan katysty media sanaty bar Social psychology psychology DerekkozderҚogamdyk bilim negizderi Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Nysanbaev Ғ Esim M Izotov K Zhүkeshev t b Almaty Mektep baspasy 2006 ISBN 9965 33 570 2