Ұшқан ата — қорым. XIV—XX ғасырлардың аралығында тұрғызылған кесенелер тобын құрайтын Ұшқан ата қорымы қазіргі Атырау облысы, Мұнайлы кентінің оңтүстік жағынан 20 км жерде орналасқан. Ел аузында қорым атауын өмірде болған әулие “Ұшқан ата” есімін, ағып жатқан үш бұлақты, яғни “үш аққан” және осы маңайда XVIII ғасырдағы қазақ пен қалмақ- арасында өткен қанды шайқасқа байланысты “үш қан” деген мағынаны білдіреді деген аңыз сақталған.
Ұшқан мекені орналасқан жер ағып жатқан бұлақ суымен ерекшеленеді, әсіресе, көктем мен күз айларында ертедегі өмір сүруіне, ортағасырлық сауда-саттық жасаумен айналысқан керуен-жүкшілердің тыныс алуына аса қолайлы орын — керуен сарайда болған. Ұшқан ата қорымында бірнеше ғасырлар бойы әр алуан пошымда діни жерлеу салттарымен тұрғызылған кесенелер тобы қалыптасты.
Қорымның оңтүстік-батыс жағындағы Ұшқан ата зираты ертедегі дәстүр бойынша үстіңгі жақ беті топырақпен үйіліп, басына ағаш белгі қойылған. Өткен заманда осыған таяу шағын мешіт бой көтергенімен, ол кейін бұзылып қалған. Үйінділер арасында қаланған сәулет құрылыстарының жұрнақтарын айқын байқауға болады: бұларда XVIII—XX ғасырлардағы қазақ сәулет өнеріне тән көптеген белгілер сақталған.
Әсіресе, олардың арасында шикі кірпіштен тұрғызылған сағаналар тобы — “үй там”, төрт бұрышты қоршаулар — “төртқұлақ” және тастан қашалып, ою-өрнекпен әсемделген құлпытас пен “қойтастар” ерекше көз тартады. Қорымдағы кесенелерге қойылған құлпытастарды үш топқа бөліп айқындауға болады: шағын қобдиша түрінде текше тастан қашалып, сәнді өрнектермен безендірілген төбесі жұмырланып бітетін құлпытас XVIII ғасырдың ортасы мен XIX ғасырдың басында жасалғанын аңғартса, ұзынша тақта бетіне оюлы әсем араб жазуларына толы (қайтыс болған адамның аты мен шығу тегі жазылған), басы дөңгелене бітетін құлпытастар XIX ғасырдың ортасына қарай қойылғанын білдіреді, ал XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында бой көтерген биіктігі 3—5 м-ге жететін алып бағана іспетті құлпытастар қомақтылығымен қоса аса көрнекілігімен де ерекшеленеді. Қорымның соңғы кезеңіндегі құлпытастарды қашап жасаушы — жергілікті халық тасшылары, ағайынды мен . Ұшқан ата қорымындағы кесене-ескерткіштер көптігімен әрі жинақылығымен Жем мен Сағыз өзендері тобына жатады.
Сілтемелер
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұshkan ata korym XIV XX gasyrlardyn aralygynda turgyzylgan keseneler tobyn kurajtyn Ұshkan ata korymy kazirgi Atyrau oblysy Munajly kentinin ontүstik zhagynan 20 km zherde ornalaskan El auzynda korym atauyn omirde bolgan әulie Ұshkan ata esimin agyp zhatkan үsh bulakty yagni үsh akkan zhәne osy manajda XVIII gasyrdagy kazak pen kalmak arasynda otken kandy shajkaska bajlanysty үsh kan degen magynany bildiredi degen anyz saktalgan Ұshkan mekeni ornalaskan zher agyp zhatkan bulak suymen erekshelenedi әsirese koktem men kүz ajlarynda ertedegi omir sүruine ortagasyrlyk sauda sattyk zhasaumen ajnalyskan keruen zhүkshilerdin tynys aluyna asa kolajly oryn keruen sarajda bolgan Ұshkan ata korymynda birneshe gasyrlar bojy әr aluan poshymda dini zherleu salttarymen turgyzylgan keseneler toby kalyptasty Kesene Қorymnyn ontүstik batys zhagyndagy Ұshkan ata ziraty ertedegi dәstүr bojynsha үstingi zhak beti topyrakpen үjilip basyna agash belgi kojylgan Өtken zamanda osygan tayau shagyn meshit boj kotergenimen ol kejin buzylyp kalgan Үjindiler arasynda kalangan sәulet kurylystarynyn zhurnaktaryn ajkyn bajkauga bolady bularda XVIII XX gasyrlardagy kazak sәulet onerine tәn koptegen belgiler saktalgan Әsirese olardyn arasynda shiki kirpishten turgyzylgan saganalar toby үj tam tort buryshty korshaular tortkulak zhәne tastan kashalyp oyu ornekpen әsemdelgen kulpytas pen kojtastar erekshe koz tartady Қorymdagy kesenelerge kojylgan kulpytastardy үsh topka bolip ajkyndauga bolady shagyn kobdisha tүrinde tekshe tastan kashalyp sәndi ornektermen bezendirilgen tobesi zhumyrlanyp bitetin kulpytas XVIII gasyrdyn ortasy men XIX gasyrdyn basynda zhasalganyn angartsa uzynsha takta betine oyuly әsem arab zhazularyna toly kajtys bolgan adamnyn aty men shygu tegi zhazylgan basy dongelene bitetin kulpytastar XIX gasyrdyn ortasyna karaj kojylganyn bildiredi al XIX gasyrdyn sony men XX gasyrdyn basynda boj kotergen biiktigi 3 5 m ge zhetetin alyp bagana ispetti kulpytastar komaktylygymen kosa asa kornekiligimen de erekshelenedi Қorymnyn songy kezenindegi kulpytastardy kashap zhasaushy zhergilikti halyk tasshylary agajyndy men Ұshkan ata korymyndagy kesene eskertkishter koptigimen әri zhinakylygymen Zhem men Sagyz ozenderi tobyna zhatady Siltemeler Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet