Керуен – сауда жасау немесе өзге де мақсатпен көлік малына (түйе, жылқы, есек, қашыр) жүк артып жолға шыққан адамдар тобы.
Керуен маңызы
Керуенмен жүру Еуразия құрлығының шөлейтті және далалық аймағына тән. Керуен жолының ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы белгілі желісі Ұлы Жібек жолы деп аталады. Б.д.д. І ғасырдың ортасынан бастап Шығыс пен Батысты сауда және елшілік мақсатта тұрақты жалғастыра бастаған осы керуен жолының басты тармақтарының бірі қазіргі қазақ жерінің үстімен жүрді. Керуеннің жүруі ел мен елдің арасында сауда жасауды жолға қойып, екі елдің мәдениеті мен өркениетінің дамуына оң әсер етті. Жолдың ұзақтығы мен өңірдің табиғи жағдайларына орай керуенмен жолға шығу өте үлкен дайындықты талап етті. Керуен жолының ұзақ немесе қысқа болуына байланысты оның құрамындағы адамдар мен жүк алып жүретін көліктердің саны да әр кезде әрқалай болды. Мысалы, 922 жылы қазақ жерін (қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының аумағы) басып өткен арабтың дін таратушысы Ибн Фадлан бастаған миссионерлік елшілік құрамындағы керуенде 5 мыңдай адам болған.
Керуен арқылы тек қана сауда жасалып қоймай, бір елдің ілім-білімі екінші жерге таралып отырған. Керуенмен жүріп өткен елшілердің, саяхатшылардың, саудагерлердің жол-жөнекей көрген-білгендерін жазған естелік пен күнделіктері қазіргі Қазақстанның ортағасырлық және кейінгі кезеңдердегі тарихын толықтыруда маңызды деректердің бірінен саналады.
Керуен сарайлар мен жолы
Моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде (ХІІІ-XIV ғғ.) қазақ даласымен өтетін керуендердің жүруі тұрақты жолға қойылып, жол бойына керуен сарайлар тұрғызыла бастады. Керуен жолы, негізінен, өзен, көл, бұлақ, құдық т.б. су көздерінің үстімен жүрді. Жол жағдайларына байланысты керуен күніне шамамен 25-35 шақырым жол жүріп отырса, тұрғызылған керуен сарайлардың аралығы да орташа есеппен 30 шақырымды құраған. Ал, керуен сарайлар салынбаған шөлді және елсіз далада керуендер өздеріне ыңғайлы жерден аялдама жасап отырған. Белгілі бір межеленген жерге адаспай және елсіз далада шөлге ұрынбай жету үшін керуенді жол жағдайын жақсы білетін адам – керуенбасы басқарған.
Керуен қауіпсіздігі
Керуенмен жүру әр кезде де қауіпті болып саналды, табиғаттың қаталдығын (ыстық, суық т.б.) айтпағанда, оңай олжаға кенелу үшін керуенді жол бойы тонайтын қарақшылар да көп болды. Осыған орай, кей кездері керуен құрамында оны жол бойы қорғап жүретін қаруланған күзетшілер де болған. ХІХ ғасырдың бас кезінде Ресейден Орта Азияға қарай шығатын керуен құрамында саудагерлер есебінен атты әскерден құралған күзетшілер жүрген, дегенмен, бұл жағдай сауда жасаушылар үшін тиімсіз болғандықтан 1814 жылдан бастап бұл үрдіс жойылған. Күзетшілік қызметті кейінгі кезеңде керуен көліктерін жол бойы күтіп-баптаушылар алмастырған.
Қазан төңкерісінен кейінгі керуен қызметі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ жерінен Ресейге, Қытайға және Орта Азия елдеріне керуенмен жүк тасымалдау ісі тұрақты жолға қойыла бастады. Қазақ даласы арқылы жүрген үлкен керуен бағыттары Орынбордан, Тройцкіден – Хиуа, Бұхара және солтүстік бөлігінде Петропавловск мен Ташкент қалалары арасындағы сауда керуендері болды. Осыған сәйкес, қазан төңкерісіне дейінгі уақытта қазақ қоғамында керуенге қызмет көрсету, яғни, бірінші кезекте оған қажетті көлікпен қамтамасыз ету және белгілі бір жерге жеткізу немесе алып жүру қызметі пайда болды. Мұндай қызметпен Ресеймен шектесетін аймақтардағы үлкен қалаларға жақын маңда көшіп-қонып жүрген қазақтар айналысып, тауар иелеріне заттарын белгілі бір жерге түйемен жеткізіп беру қызметін ұсынды. Келісім барысында жүк керуені үшін қанша түйе, қанша көмекші адамның керектігін де анықтаған. Бұл қызметпен, негізінен, белгілі үлкен рулардың өкілдері, атап айтқанда, Орынбор мен Тройцкіден Бұхараға баратын керуенді жеткізумен, негізінен, Кіші Жүздің ішіндегі Жетіру мен Байұлы және Орта Жүздің Қыпшақ руының өкілдері айналысқан. Екі қаланың ортасында жүретін керуендер жылына көп дегенде 2-3 реттен аспаған. Мысалы, Бұхарадан Орынборға алғашқы керуен ақпан айының екінші жартысынан бастап аттанып, Орынборға мамыр айында жеткен. Бұхарада затын сатып үлгермегендер мамыр айында аттанатын екінші керуенмен жүрген. Сол сияқты, Орынбордан кейін қарай шығатын керуендер тамыз айында аттанса, кейінгі топ қазан мен қарашадан қалмай шығатын болған.
Керуеннің көлік малы
Керуен жүгін тасуда, негізінен, қос өркешті түйе малын және оның бір өркешті «нар» аталатын түрін көбірек жалдаған, себебі, соңғысы алдыңғысына қарағанда жүкті көп көтереді. Осыған сәйкес олардың жалдау ақысы да әртүрлі болып келеді. Мәселен, Орынбордан Бұхараға дейін жүк артып апаратын әрбір түйенің жалдау құны 10-12 күміс рубльді құраған. Түйеге салмағы 10-нан 24 пұтқа (1 пұт – 16 кг) дейінгі жүк тиелген, көбіне орташа есеппен 16 пұт жүк артылған. Кейбір жақсы нарлар 20-25 күндік жолда 32 пұтқа дейін жүк алып жүре алған. Ал, оларды арбаға жеккенде 50 пұтқа дейінгі жүкті сүйрейтін. Сауда жасау мақсатымен шыққан керуендердегі жүк артылған түйелердің саны 500-ден 1000-ға жеткен. Керуенде жылқыға қарағанда көп жағдайда түйенің пайдаланылуы бірінші кезекте Орта Азия мен Қазақстанның шөлді, құмды, таулы, қыратты даласының табиғи-климаттық жағдайларына тікелей байланысты болды. Түйе жылқыға қарағанда бірнеше күндік шөлге төзімді, жері сорлы, тұзды, шөп пен су көзі аз жерлермен жүре алады. Бұхара жақтан келе жатқан жүктерді Сыр бойынан бастап жазда арбамен, қыста шанамен тасымалдауда да көбінесе түйелер пайдаланылған..
Керуен ақысы
Керуен ақысы – түйеге, атқа артылған жүк үшін төленетін ақшалай немесе тауар, зат түріндегі төлем. Керуен ақысының XIX ғасырдағы мөлшеріне байланысты бірсыпыра деректер сақталған. Мәселен, кей жерде түйеге, атқа артылған жүк үшін 1 теңге немесе 20 тиын күміс ақша алған. Жүк тасушылар мен керуеншілердің қызметі мен еңбек ақысы жайлы осындай мәліметтер П.И. Пашино жазбаларында кездеседі: «1865 жылы Қазалы фортынан Орынборға дейінгі керуенге 1500 түйе жалға алынып, әрқайсына 7 сомнан төленген. Сырдариядан Бұхара және Хиуаға дейін қазалылық керуенші бір түйеге артқан жүкке 10-12 сомға дейін алған. Кері қарай керуенбасылыққа жалданған адам Бұхарадан Орскіге немесе Орынборға дейін керуенді жеткізуге бір түйенің теңіне 18 сом күміс ақша алған, мойнына алған жүкті жарты жолда басқа біреуге тапсырмаған. Хиуа, Бұхарадан Қазалыға дейін апарылатын керуен Сырдарияның сол жақ бетіндегі Қаратепе, Мортық өткелдеріне келіп тоқтап, жүкті түсірген, әрі қарай жүк тасушыларды жалдап, жүкті өзеннен өткізген. Олар алғашында жүк тасуға қамыстан жасалған салды қолданатын еді, кейіннен хиуалық кемелер алып, қазір олардың саны 200-ге жетеді. Жүк тасушылар бір түйенің теңін өзеннен өткізуге 1-2 кесе ұн, ал түйенің өзін өткізуге 10-15 тиын ақы алған. Ал, жылқы, өгізді өткізу үшін әрқайсысынан 10 тиыннан, қойдан 1 тиыннан, жүз қойдан бір қозы, киіз үйді жиһаздарымен бірге өткізу үшін 20 тиын ақы алған. 1865 жылдан бастап Бұхар керуенінің Ресейде ұсталуына байланысты Бұхар саудасы күйрей бастаған. Бұрын Қазалы үстінен Ресейге қарай 14000 бас жүк түйесі өтсе, қазір олардың саны 7-8 мыңға қысқарған».
Бұхарадан Орск бекінісіне дейін бір түйеге артылған жүкті жеткізіп беру үшін кірекештер 23 сом 50 тиын ақы алған. Тасымалдау жұмысымен арбакештер де айналысқан. Арбакештің табысы күніне 40-50 тиын, кейде 20-70 тиынды құраған. Кіші және Орта жүз қазақтары қыстауларының Орынбор және Сібір керуен жолдарының бойында орналасуы осы кірекеш кәсібінің дамуына себеп болып, Орта Азиялық теміржол транспорттарының салынуына дейін кеңінен дамыды. Теміржолдар іске қосылғаннан кейін бұл кәсіптің аясы тарыла бастады. Қазалы арқылы Бұхарадан Орынборға дейін 1885 жылы әрі және кейін қарай 39000 бас жүк түйесі өтсе, 1886 жылы 36660 бас жүк түйесі өткен, яғни саудалық жүк түйесінің саны 2340 басқа азайған. Жүк тасушылықты қосалқы кәсіп еткен қазақтар арасында Закаспий теміржолының іске қосылуы да кәсіп аясының тарыла түсуіне әсер етті. Орынбор-Қазалы-Ташкент керуен жолының саудасы қызып тұрған бір кездері кең тараған бұл кәсіп 1889 жылдары Тройцк және Верныйға жүк таситын қазақтар арасында сақталды. Жүк тасуға төлейтін ақы да төмендеді. Қазақтың әдеттік құқығының сауда керуендеріне қатысты қалыптасқан дәстүрі болды. Керуеншілер қыстың қатты суығында бір үй иесіне келіп тоқтап, керуенді үй иесі артық жері болып тұрып қабылдамағандықтан, керуеншілер мен малдар үсіп өлсе, біріншісінің құнын, екіншісінің ақысын төлеген. Н. Гродеков сауда-саттық кезінде қулық, алдау да кездеседі, егер қулығы ашылып қалса, сатушы заттың құнын қайтаруы тиіс болған дейді.
Жергілікті сауда-саттық заттары мал, балық, түйе жүні, қамыс т.б. болды. Саудагерлер заттарын өзінің немесе жалдап алған түйесімен тасыған. Көшпелілер ең алдымен астыққа, мақта маталарына, қаланың қолөнер бұйымдарына, сәндік бұйымдарға мұқтаж болды. Бұларды тері, жүн, текемет, алаша, мүйізден жасалған бұйымдарға айырбастап отырды. Қазақтар арасында қала базарынан көтерме бағамен заттарды алып, ауыл-ауылды аралап сататын алыпсатар қазақтар да болды. Мал сатумен айналысатын саудагерлер ауылдардан малдарды көтерме бағамен алып, базарға сатуға айдап әкеткен. Ал, алыпсатарлар қала базарларынан көтерме бағамен заттарды алып, ауыл-ауылды аралап сатқан. Қазақтар арасында алыпсатар, саудагер, керуенбасы, жүк тасушы сияқты кәсіптермен тек ер адамдар айналысқан.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Спасский Г. Киргиз-кайсаки Большой, Средней и Малой Орды. Сибирский вестник. Ч.9. СПб., 1820. С. 350-351;
- Бларамберг И.Ф. Земли киргиз-кайсаков Внутренней (Букеевской) и Зауральской (Малой) Орды, Оренбургского ведомства (военно-статистическое обозрение). Т.14. Ч.2-3. СПб., 1848;
- Небольсин П.И. Очерки торговли России и Средней Азий. ЗИРГО. Кн.Х. СПб., 1855. С.1-337;
- Рычков П.И. Топография Оренбургской губернии. 2-ое издание. Оренбург, 1887. С.101;
- Сазонова М.В. Традиционное хозяйство Южного Хорезма. Ленинград: Наука, 1978;
- Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом шелковом пути. Алматы: Ғылым, 1998;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Keruen sauda zhasau nemese ozge de maksatpen kolik malyna tүje zhylky esek kashyr zhүk artyp zholga shykkan adamdar toby Keruen Turkestanskij albom po rasporyazheniyu Turkestanskogo general gubernatora K P fon Kaufmana 1 go 1871 1872 gg Tashkent 1871 atty enbektenKeruen manyzyKeruenmen zhүru Euraziya kurlygynyn sholejtti zhәne dalalyk ajmagyna tәn Keruen zholynyn ezhelgi dәuir men orta gasyrlardagy belgili zhelisi Ұly Zhibek zholy dep atalady B d d I gasyrdyn ortasynan bastap Shygys pen Batysty sauda zhәne elshilik maksatta turakty zhalgastyra bastagan osy keruen zholynyn basty tarmaktarynyn biri kazirgi kazak zherinin үstimen zhүrdi Keruennin zhүrui el men eldin arasynda sauda zhasaudy zholga kojyp eki eldin mәdenieti men orkenietinin damuyna on әser etti Zholdyn uzaktygy men onirdin tabigi zhagdajlaryna oraj keruenmen zholga shygu ote үlken dajyndykty talap etti Keruen zholynyn uzak nemese kyska boluyna bajlanysty onyn kuramyndagy adamdar men zhүk alyp zhүretin kolikterdin sany da әr kezde әrkalaj boldy Mysaly 922 zhyly kazak zherin kazirgi Mangystau Atyrau Batys Қazakstan oblystarynyn aumagy basyp otken arabtyn din taratushysy Ibn Fadlan bastagan missionerlik elshilik kuramyndagy keruende 5 myndaj adam bolgan Keruen arkyly tek kana sauda zhasalyp kojmaj bir eldin ilim bilimi ekinshi zherge taralyp otyrgan Keruenmen zhүrip otken elshilerdin sayahatshylardyn saudagerlerdin zhol zhonekej korgen bilgenderin zhazgan estelik pen kүndelikteri kazirgi Қazakstannyn ortagasyrlyk zhәne kejingi kezenderdegi tarihyn tolyktyruda manyzdy derekterdin birinen sanalady Keruen sarajlar men zholyKeruen zhүgin ozennen otkizu Turkestanskij albom po rasporyazheniyu Turkestanskogo general gubernatora K P fon Kaufmana 1 go 1871 1872 gg Tashkent 1871 atty enbekten Mongol shapkynshylygynan kejingi kezende HIII XIV gg kazak dalasymen otetin keruenderdin zhүrui turakty zholga kojylyp zhol bojyna keruen sarajlar turgyzyla bastady Keruen zholy negizinen ozen kol bulak kudyk t b su kozderinin үstimen zhүrdi Zhol zhagdajlaryna bajlanysty keruen kүnine shamamen 25 35 shakyrym zhol zhүrip otyrsa turgyzylgan keruen sarajlardyn aralygy da ortasha eseppen 30 shakyrymdy kuragan Al keruen sarajlar salynbagan sholdi zhәne elsiz dalada keruender ozderine yngajly zherden ayaldama zhasap otyrgan Belgili bir mezhelengen zherge adaspaj zhәne elsiz dalada sholge urynbaj zhetu үshin keruendi zhol zhagdajyn zhaksy biletin adam keruenbasy baskargan Tolyk makalasy Keruen Saraj Tolyk makalasy Keruen zholdaryKeruen kauipsizdigiKeruenmen zhүru әr kezde de kauipti bolyp sanaldy tabigattyn kataldygyn ystyk suyk t b ajtpaganda onaj olzhaga kenelu үshin keruendi zhol bojy tonajtyn karakshylar da kop boldy Osygan oraj kej kezderi keruen kuramynda ony zhol bojy korgap zhүretin karulangan kүzetshiler de bolgan HIH gasyrdyn bas kezinde Resejden Orta Aziyaga karaj shygatyn keruen kuramynda saudagerler esebinen atty әskerden kuralgan kүzetshiler zhүrgen degenmen bul zhagdaj sauda zhasaushylar үshin tiimsiz bolgandyktan 1814 zhyldan bastap bul үrdis zhojylgan Kүzetshilik kyzmetti kejingi kezende keruen kolikterin zhol bojy kүtip baptaushylar almastyrgan Қazan tonkerisinen kejingi keruen kyzmetiHIH gasyrdyn birinshi zhartysynan bastap kazak zherinen Resejge Қytajga zhәne Orta Aziya elderine keruenmen zhүk tasymaldau isi turakty zholga kojyla bastady Қazak dalasy arkyly zhүrgen үlken keruen bagyttary Orynbordan Trojckiden Hiua Buhara zhәne soltүstik boliginde Petropavlovsk men Tashkent kalalary arasyndagy sauda keruenderi boldy Osygan sәjkes kazan tonkerisine dejingi uakytta kazak kogamynda keruenge kyzmet korsetu yagni birinshi kezekte ogan kazhetti kolikpen kamtamasyz etu zhәne belgili bir zherge zhetkizu nemese alyp zhүru kyzmeti pajda boldy Mundaj kyzmetpen Resejmen shektesetin ajmaktardagy үlken kalalarga zhakyn manda koship konyp zhүrgen kazaktar ajnalysyp tauar ielerine zattaryn belgili bir zherge tүjemen zhetkizip beru kyzmetin usyndy Kelisim barysynda zhүk kerueni үshin kansha tүje kansha komekshi adamnyn kerektigin de anyktagan Bul kyzmetpen negizinen belgili үlken rulardyn okilderi atap ajtkanda Orynbor men Trojckiden Buharaga baratyn keruendi zhetkizumen negizinen Kishi Zhүzdin ishindegi Zhetiru men Bajuly zhәne Orta Zhүzdin Қypshak ruynyn okilderi ajnalyskan Eki kalanyn ortasynda zhүretin keruender zhylyna kop degende 2 3 retten aspagan Mysaly Buharadan Orynborga algashky keruen akpan ajynyn ekinshi zhartysynan bastap attanyp Orynborga mamyr ajynda zhetken Buharada zatyn satyp үlgermegender mamyr ajynda attanatyn ekinshi keruenmen zhүrgen Sol siyakty Orynbordan kejin karaj shygatyn keruender tamyz ajynda attansa kejingi top kazan men karashadan kalmaj shygatyn bolgan Keruennin kolik malyKeruen OGҚ arhivi Keruen zhүgin tasuda negizinen kos orkeshti tүje malyn zhәne onyn bir orkeshti nar atalatyn tүrin kobirek zhaldagan sebebi songysy aldyngysyna karaganda zhүkti kop koteredi Osygan sәjkes olardyn zhaldau akysy da әrtүrli bolyp keledi Mәselen Orynbordan Buharaga dejin zhүk artyp aparatyn әrbir tүjenin zhaldau kuny 10 12 kүmis rubldi kuragan Tүjege salmagy 10 nan 24 putka 1 put 16 kg dejingi zhүk tielgen kobine ortasha eseppen 16 put zhүk artylgan Kejbir zhaksy narlar 20 25 kүndik zholda 32 putka dejin zhүk alyp zhүre algan Al olardy arbaga zhekkende 50 putka dejingi zhүkti sүjrejtin Sauda zhasau maksatymen shykkan keruenderdegi zhүk artylgan tүjelerdin sany 500 den 1000 ga zhetken Keruende zhylkyga karaganda kop zhagdajda tүjenin pajdalanyluy birinshi kezekte Orta Aziya men Қazakstannyn sholdi kumdy tauly kyratty dalasynyn tabigi klimattyk zhagdajlaryna tikelej bajlanysty boldy Tүje zhylkyga karaganda birneshe kүndik sholge tozimdi zheri sorly tuzdy shop pen su kozi az zherlermen zhүre alady Buhara zhaktan kele zhatkan zhүkterdi Syr bojynan bastap zhazda arbamen kysta shanamen tasymaldauda da kobinese tүjeler pajdalanylgan Keruen akysyKeruen zhүgi Turkestanskij albom po rasporyazheniyu Turkestanskogo general gubernatora K P fon Kaufmana 1 go 1871 1872 gg Tashkent 1871 atty enbekten Keruen akysy tүjege atka artylgan zhүk үshin tolenetin akshalaj nemese tauar zat tүrindegi tolem Keruen akysynyn XIX gasyrdagy molsherine bajlanysty birsypyra derekter saktalgan Mәselen kej zherde tүjege atka artylgan zhүk үshin 1 tenge nemese 20 tiyn kүmis aksha algan Zhүk tasushylar men keruenshilerdin kyzmeti men enbek akysy zhajly osyndaj mәlimetter P I Pashino zhazbalarynda kezdesedi 1865 zhyly Қazaly fortynan Orynborga dejingi keruenge 1500 tүje zhalga alynyp әrkajsyna 7 somnan tolengen Syrdariyadan Buhara zhәne Hiuaga dejin kazalylyk keruenshi bir tүjege artkan zhүkke 10 12 somga dejin algan Keri karaj keruenbasylykka zhaldangan adam Buharadan Orskige nemese Orynborga dejin keruendi zhetkizuge bir tүjenin tenine 18 som kүmis aksha algan mojnyna algan zhүkti zharty zholda baska bireuge tapsyrmagan Hiua Buharadan Қazalyga dejin aparylatyn keruen Syrdariyanyn sol zhak betindegi Қaratepe Mortyk otkelderine kelip toktap zhүkti tүsirgen әri karaj zhүk tasushylardy zhaldap zhүkti ozennen otkizgen Olar algashynda zhүk tasuga kamystan zhasalgan saldy koldanatyn edi kejinnen hiualyk kemeler alyp kazir olardyn sany 200 ge zhetedi Zhүk tasushylar bir tүjenin tenin ozennen otkizuge 1 2 kese un al tүjenin ozin otkizuge 10 15 tiyn aky algan Al zhylky ogizdi otkizu үshin әrkajsysynan 10 tiynnan kojdan 1 tiynnan zhүz kojdan bir kozy kiiz үjdi zhiһazdarymen birge otkizu үshin 20 tiyn aky algan 1865 zhyldan bastap Buhar kerueninin Resejde ustaluyna bajlanysty Buhar saudasy kүjrej bastagan Buryn Қazaly үstinen Resejge karaj 14000 bas zhүk tүjesi otse kazir olardyn sany 7 8 mynga kyskargan Buharadan Orsk bekinisine dejin bir tүjege artylgan zhүkti zhetkizip beru үshin kirekeshter 23 som 50 tiyn aky algan Tasymaldau zhumysymen arbakeshter de ajnalyskan Arbakeshtin tabysy kүnine 40 50 tiyn kejde 20 70 tiyndy kuragan Kishi zhәne Orta zhүz kazaktary kystaularynyn Orynbor zhәne Sibir keruen zholdarynyn bojynda ornalasuy osy kirekesh kәsibinin damuyna sebep bolyp Orta Aziyalyk temirzhol transporttarynyn salynuyna dejin keninen damydy Temirzholdar iske kosylgannan kejin bul kәsiptin ayasy taryla bastady Қazaly arkyly Buharadan Orynborga dejin 1885 zhyly әri zhәne kejin karaj 39000 bas zhүk tүjesi otse 1886 zhyly 36660 bas zhүk tүjesi otken yagni saudalyk zhүk tүjesinin sany 2340 baska azajgan Zhүk tasushylykty kosalky kәsip etken kazaktar arasynda Zakaspij temirzholynyn iske kosyluy da kәsip ayasynyn taryla tүsuine әser etti Orynbor Қazaly Tashkent keruen zholynyn saudasy kyzyp turgan bir kezderi ken taragan bul kәsip 1889 zhyldary Trojck zhәne Vernyjga zhүk tasityn kazaktar arasynda saktaldy Zhүk tasuga tolejtin aky da tomendedi Қazaktyn әdettik kukygynyn sauda keruenderine katysty kalyptaskan dәstүri boldy Keruenshiler kystyn katty suygynda bir үj iesine kelip toktap keruendi үj iesi artyk zheri bolyp turyp kabyldamagandyktan keruenshiler men maldar үsip olse birinshisinin kunyn ekinshisinin akysyn tolegen N Grodekov sauda sattyk kezinde kulyk aldau da kezdesedi eger kulygy ashylyp kalsa satushy zattyn kunyn kajtaruy tiis bolgan dejdi Zhergilikti sauda sattyk zattary mal balyk tүje zhүni kamys t b boldy Saudagerler zattaryn ozinin nemese zhaldap algan tүjesimen tasygan Koshpeliler en aldymen astykka makta matalaryna kalanyn koloner bujymdaryna sәndik bujymdarga muktazh boldy Bulardy teri zhүn tekemet alasha mүjizden zhasalgan bujymdarga ajyrbastap otyrdy Қazaktar arasynda kala bazarynan koterme bagamen zattardy alyp auyl auyldy aralap satatyn alypsatar kazaktar da boldy Mal satumen ajnalysatyn saudagerler auyldardan maldardy koterme bagamen alyp bazarga satuga ajdap әketken Al alypsatarlar kala bazarlarynan koterme bagamen zattardy alyp auyl auyldy aralap satkan Қazaktar arasynda alypsatar saudager keruenbasy zhүk tasushy siyakty kәsiptermen tek er adamdar ajnalyskan DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterSpasskij G Kirgiz kajsaki Bolshoj Srednej i Maloj Ordy Sibirskij vestnik Ch 9 SPb 1820 S 350 351 Blaramberg I F Zemli kirgiz kajsakov Vnutrennej Bukeevskoj i Zauralskoj Maloj Ordy Orenburgskogo vedomstva voenno statisticheskoe obozrenie T 14 Ch 2 3 SPb 1848 Nebolsin P I Ocherki torgovli Rossii i Srednej Azij ZIRGO Kn H SPb 1855 S 1 337 Rychkov P I Topografiya Orenburgskoj gubernii 2 oe izdanie Orenburg 1887 S 101 Sazonova M V Tradicionnoe hozyajstvo Yuzhnogo Horezma Leningrad Nauka 1978 Bajpakov K M Srednevekovye goroda Kazahstana na Velikom shelkovom puti Almaty Ғylym 1998