Ұйғыр ауданы — Алматы облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1935 жылы құрылған. Аудан орталығы — Шонжы ауылы.
Қазақстан ауданы | |
Ұйғыр ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 14 |
Ауыл саны | 25 |
Әкімі | Бота Серікқызы Елеусізова |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Шонжы ауылы, Раджибаев көшесі, №73 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 43°27′06″ с. е. 79°24′09″ ш. б. / 43.45167° с. е. 79.40250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°27′06″ с. е. 79°24′09″ ш. б. / 43.45167° с. е. 79.40250° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1935 |
Жер аумағы | 8,7 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 63 533 адам (2023) |
Ұлттық құрамы | ұйғырлар (59,08%), қазақтар (38,97%), орыстар (1,5%), өзбектер (0,19%), басқалары (0,26%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 041800-041817 |
Автомобиль коды | 05 |
Ұйғыр ауданының әкімдігі | |
|
Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Жетісу облысының Панфилов ауданымен, шығысында Қытаймен, батысында Еңбекшіқазақ ауданымен, оңтүстігінде Кеген, Райымбек аудандарымен шектеседі.
Жер бедері
Ауданның көпшілік бөлігі көтеріңкі жазық. Батысының Еңбекшіқазақ ауданымен шектесетін тұсында аласа келген Бұғыты татары, Сөгеті жазығы, оңтүстік-батысы Торайғыр тауларымен шектелген. Көтеріңкі келген оңтүстік бөлігін батыстан шығысқа қарай созылған Кетпен (Ұзынқара) жотасы алып жатыр. Ауданның ең биік жері де осында (Аспантау, 3652 м). Оның солтүстік беткейіңде шырша, қайың, тал өскен орман қалыптасқан. Жер қойнауында Көлжат (Қалжат) тас көмір кені, радиоактивті кені, Шонжы әк тас кені барланып, өндірілуде. Сонымен бірге жер асты ыстық су көздері де (Албан-Арасан) бар.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Ауданның климаты тым континенттік, кысы суық, аязды, жазы ыстық. Қаңтар айындағы жылдық орташа температурасы -6-8°С, шілдеде 22-24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250- 300 мм, таулы бөлігінде 400-500 мм. Аудан жерімен Іле, Шарын өзендері және Кетпен жотасынан бастау алатын Шошанайсай, Ақсу, т.б. шагын өзеңдер ағады. Олардың кейбірі Ілеге жетсе, кейбірі құмға, жерге сіңіп кетеді. Ағаш, Тұзкөл көлдері Шарын өзенінің сағасында орналасқан. Жерінің басым бөлігінің топырағы сұр, қиыршықты сұр, Іле аңғарында шалғынды сұр, сортаң топырақ дамыған. Тауалды жазығында бозғылт қоңыр, қоңыр, карбонатты қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау баурайында таудың шымды қоңыр топырағы, шалғынды-қошқыл топырақ орын алған. Өсімдік жамылғысында жусан, көкпек, ши, жыңғыл, қамыс, құрақ, сексеуіл, арша, шырша, Шарын өзенінің аңғарында табиғат ескерткіштері саналатын аумағы 5014 га реликті шетен тоғайы өседі. Согдиан ерені, емен, тораңғы, Іле итмұрыны, Іле қарақаты, Михельсон кермегі сияқты өсімдіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Жануарлардан: Тянь Шань қоңыр аюы, таутеке, шошқа (доңыз), елік, борсық, суыр, қасқыр, түлкі, қоян, ақтиін, ондатра; құстардан: ұлар, кекілік, қырғауыл, бұлдырық, көгершін, бүркіт, сұңқар, қырғи, т.б. мекендейді.
Шаруашылығы
Ауданда 1997 жылыға дейін биязы жүнді қой, оған қосымша етті-сүтті мал, жылқы, астық, бау-бақша, көкөніс, картоп, құс өсіруге маманданған 3 кеңшар, 18 ұжымшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Олардың негізінде 2 акционерлік қоғам, 13 ЖШС, 1,5 мыңға жуық шаруа қожалығы құрылды. Республика, облысы бағыныстағы Үйғыр аудданының салық к-ті, Шонжы мемлекеттік қазыналық көсіпорыны, № 2534- әскери бөлімше, ішкі істер бөлімі, прокуратура, халықтық сот, аудандық электр энергия жүйесі, телекоммуникация, "Су торабы" кәсіпорны, т.б. мекемелер орналасқан. Аудандағы ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 546,2 мың га, оның ішінде 24,6 мың га егістік, 492,1 мың га жайылым, 29,5 мың га шабындық. Ауданда 139,7 мың қой мен ешкі, 21,3 мың ірі қара мал, 11,9 мыңжылқы, 416 шошқа, 94,2 мың құс бар (2002).
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
18242 | ▲25812 | ▲47276 | ▲53435 | ▲58411 | ▲62981 | ▼60792 | ▲63598 |
Аудан халқының саны 63 288 адам (2019), ұлттық құрамы: ұйғырлар (57,91%), қазақтар (40,06%), орыстар (1,58%), өзбектер (0,17%), басқалары (0,45%).
Әкімшілік бөлінісі
25 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ават ауылдық округі | 2324 | ▼1886 | 81,2 | 1196 | ▼1020 | 85,3 | 1128 | ▼866 | 76,8 |
Ақсу ауылдық округі | 5346 | ▼5083 | 95,1 | 2687 | ▼2599 | 96,7 | 2659 | ▼2484 | 93,4 |
Ақтам ауылдық округі | 1846 | ▲2023 | 109,6 | 925 | ▲1045 | 113 | 921 | ▲978 | 106,2 |
Бахар ауылдық округі | 2989 | ▲3087 | 103,3 | 1493 | ▲1569 | 105,1 | 1496 | ▲1518 | 101,5 |
Дардамты ауылдық округі | 4134 | ▼3858 | 93,3 | 2128 | ▼2050 | 96,3 | 2006 | ▼1808 | 90,1 |
Кетпен ауылдық округі | 3268 | ▼3039 | 93 | 1643 | ▼1567 | 95,4 | 1625 | ▼1472 | 90,6 |
Кіші Диқан ауылдық округі | 2944 | ▼2640 | 89,7 | 1529 | ▼1347 | 88,1 | 1415 | ▼1293 | 91,4 |
Қалжат ауылдық округі | 2280 | ▼2244 | 98,4 | 1152 | ▼1148 | 99,7 | 1128 | ▼1096 | 97,2 |
Қырғызсай ауылдық округі | 2368 | ▲2434 | 102,8 | 1164 | ▲1242 | 106,7 | 1204 | ▼1192 | 99 |
Сүмбе ауылдық округі | 4277 | ▼3736 | 87,4 | 2206 | ▼1979 | 89,7 | 2071 | ▼1757 | 84,8 |
Тасқарасу ауылдық округі | 2820 | ▲2981 | 105,7 | 1399 | ▲1544 | 110,4 | 1421 | ▲1437 | 101,1 |
Тегермен ауылдық округі | 2616 | ▼2283 | 87,3 | 1318 | ▼1206 | 91,5 | 1298 | ▼1077 | 83 |
Шарын ауылдық округі | 5572 | ▲6236 | 111,9 | 2833 | ▲3240 | 114,4 | 2739 | ▲2996 | 109,4 |
Шонжы ауылдық округі | 18008 | ▲22068 | 122,5 | 8805 | ▲10965 | 124,5 | 9203 | ▲11103 | 120,6 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 60792 | ▲63598 | 104,6 | 30478 | ▲32521 | 106,7 | 30314 | ▲31077 | 102,5 |
Инфрақұрылымы
Білім беру, мәдениет саласында 32 жалпы білім беретін және 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 3 кітапхана, 6 мәдениет үйі, т.б. жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінен: аудандық аурухана, емхана, туб-диспансер, 3 аудандық аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдш.-акушерлік пункт, 7 610 фельдш. пункт бар. Сонымен бірге аудан аумағында "Ара-сан", "Таугүл" атты сауықтыру орындары елге қызмет көрсетеді. Ауданнан елге танымал Хангелді, Еспер, Қарақұл батыр, т.б. тарихи тұлғалар шыққан. Ұйғыр аудан аумағынан Алматы-Шонжы-Жаркент-Қорғас және Алматы-Шонжы-Қолжат- Қытай автомобиль жолы өтеді.
Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан Шонжы ауданына дейінгі қашықтық 355 км, Алматыдан Шонжыға дейін 214 км.
Дереккөздер
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұjgyr audany Almaty oblysynyn ontүstik shygysynda ornalaskan әkimshilik bolik 1935 zhyly kurylgan Audan ortalygy Shonzhy auyly Қazakstan audanyҰjgyr audanyӘkimshiligiOblysyAlmaty oblysyAudan ortalygyShonzhyAuyldyk okrugter sany14Auyl sany25ӘkimiBota Serikkyzy EleusizovaAudan әkimdiginin mekenzhajyShonzhy auyly Radzhibaev koshesi 73Tarihy men geografiyasyKoordinattary43 27 06 s e 79 24 09 sh b 43 45167 s e 79 40250 sh b 43 45167 79 40250 G O Ya Koordinattar 43 27 06 s e 79 24 09 sh b 43 45167 s e 79 40250 sh b 43 45167 79 40250 G O Ya Қurylgan uakyty1935Zher aumagy8 7 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny63 533 adam 2023 Ұlttyk kuramyujgyrlar 59 08 kazaktar 38 97 orystar 1 5 ozbekter 0 19 baskalary 0 26 Sandyk identifikatorlaryPoshta indeksi041800 041817Avtomobil kody05Ұjgyr audanynyn әkimdigiGeografiyalyk ornyAudan soltүstiginde Zhetisu oblysynyn Panfilov audanymen shygysynda Қytajmen batysynda Enbekshikazak audanymen ontүstiginde Kegen Rajymbek audandarymen shektesedi Zher bederiAudannyn kopshilik boligi koterinki zhazyk Batysynyn Enbekshikazak audanymen shektesetin tusynda alasa kelgen Bugyty tatary Sogeti zhazygy ontүstik batysy Torajgyr taularymen shektelgen Koterinki kelgen ontүstik boligin batystan shygyska karaj sozylgan Ketpen Ұzynkara zhotasy alyp zhatyr Audannyn en biik zheri de osynda Aspantau 3652 m Onyn soltүstik betkejinde shyrsha kajyn tal osken orman kalyptaskan Zher kojnauynda Kolzhat Қalzhat tas komir keni radioaktivti keni Shonzhy әk tas keni barlanyp ondirilude Sonymen birge zher asty ystyk su kozderi de Alban Arasan bar Klimaty osimdigi men zhanuarlar dүniesiAudannyn klimaty tym kontinenttik kysy suyk ayazdy zhazy ystyk Қantar ajyndagy zhyldyk ortasha temperaturasy 6 8 S shildede 22 24 S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 250 300 mm tauly boliginde 400 500 mm Audan zherimen Ile Sharyn ozenderi zhәne Ketpen zhotasynan bastau alatyn Shoshanajsaj Aksu t b shagyn ozender agady Olardyn kejbiri Ilege zhetse kejbiri kumga zherge sinip ketedi Agash Tuzkol kolderi Sharyn ozeninin sagasynda ornalaskan Zherinin basym boliginin topyragy sur kiyrshykty sur Ile angarynda shalgyndy sur sortan topyrak damygan Taualdy zhazygynda bozgylt konyr konyr karbonatty konyr topyrak kalyptaskan Tau baurajynda taudyn shymdy konyr topyragy shalgyndy koshkyl topyrak oryn algan Өsimdik zhamylgysynda zhusan kokpek shi zhyngyl kamys kurak sekseuil arsha shyrsha Sharyn ozeninin angarynda tabigat eskertkishteri sanalatyn aumagy 5014 ga relikti sheten togajy osedi Sogdian ereni emen torangy Ile itmuryny Ile karakaty Mihelson kermegi siyakty osimdikter Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engizilgen Zhanuarlardan Tyan Shan konyr ayuy tauteke shoshka donyz elik borsyk suyr kaskyr tүlki koyan aktiin ondatra kustardan ular kekilik kyrgauyl buldyryk kogershin bүrkit sunkar kyrgi t b mekendejdi SharuashylygyAudanda 1997 zhylyga dejin biyazy zhүndi koj ogan kosymsha etti sүtti mal zhylky astyk bau baksha kokonis kartop kus osiruge mamandangan 3 kenshar 18 uzhymshar 1 mal bordakylau birlestigi bolgan Olardyn negizinde 2 akcionerlik kogam 13 ZhShS 1 5 mynga zhuyk sharua kozhalygy kuryldy Respublika oblysy bagynystagy Үjgyr auddanynyn salyk k ti Shonzhy memlekettik kazynalyk kosiporyny 2534 әskeri bolimshe ishki ister bolimi prokuratura halyktyk sot audandyk elektr energiya zhүjesi telekommunikaciya Su toraby kәsiporny t b mekemeler ornalaskan Audandagy auyl sharuashylygyna zharamdy zherdin aumagy 546 2 myn ga onyn ishinde 24 6 myn ga egistik 492 1 myn ga zhajylym 29 5 myn ga shabyndyk Audanda 139 7 myn koj men eshki 21 3 myn iri kara mal 11 9 mynzhylky 416 shoshka 94 2 myn kus bar 2002 Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 18242 25812 47276 53435 58411 62981 60792 63598 Audan halkynyn sany 63 288 adam 2019 ulttyk kuramy ujgyrlar 57 91 kazaktar 40 06 orystar 1 58 ozbekter 0 17 baskalary 0 45 Әkimshilik bolinisi25 eldi meken 14 auyldyk okrugke biriktirilgen Halkynyn sany 2009 2021 Auyldyk okrugteri 2009 2021 2021 2009 ga pajyzben Erler 2009 Erler 2021 2021 2009 ga pajyzben Әjelder 2009 Әjelder 2021 2021 2009 ga pajyzbenAvat auyldyk okrugi 2324 1886 81 2 1196 1020 85 3 1128 866 76 8Aksu auyldyk okrugi 5346 5083 95 1 2687 2599 96 7 2659 2484 93 4Aktam auyldyk okrugi 1846 2023 109 6 925 1045 113 921 978 106 2Bahar auyldyk okrugi 2989 3087 103 3 1493 1569 105 1 1496 1518 101 5Dardamty auyldyk okrugi 4134 3858 93 3 2128 2050 96 3 2006 1808 90 1Ketpen auyldyk okrugi 3268 3039 93 1643 1567 95 4 1625 1472 90 6Kishi Dikan auyldyk okrugi 2944 2640 89 7 1529 1347 88 1 1415 1293 91 4Қalzhat auyldyk okrugi 2280 2244 98 4 1152 1148 99 7 1128 1096 97 2Қyrgyzsaj auyldyk okrugi 2368 2434 102 8 1164 1242 106 7 1204 1192 99Sүmbe auyldyk okrugi 4277 3736 87 4 2206 1979 89 7 2071 1757 84 8Taskarasu auyldyk okrugi 2820 2981 105 7 1399 1544 110 4 1421 1437 101 1Tegermen auyldyk okrugi 2616 2283 87 3 1318 1206 91 5 1298 1077 83Sharyn auyldyk okrugi 5572 6236 111 9 2833 3240 114 4 2739 2996 109 4Shonzhy auyldyk okrugi 18008 22068 122 5 8805 10965 124 5 9203 11103 120 6ZhALPY SANY 60792 63598 104 6 30478 32521 106 7 30314 31077 102 5InfrakurylymyBilim beru mәdeniet salasynda 32 zhalpy bilim beretin zhәne 1 kәsiptik tehnikalyk mektep 3 kitaphana 6 mәdeniet үji t b zhumys istejdi Emdeu mekemelerinen audandyk auruhana emhana tub dispanser 3 audandyk auruhana 6 dәrigerlik ambulatoriya 8 feldsh akusherlik punkt 7 610 feldsh punkt bar Sonymen birge audan aumagynda Ara san Taugүl atty sauyktyru oryndary elge kyzmet korsetedi Audannan elge tanymal Hangeldi Esper Қarakul batyr t b tarihi tulgalar shykkan Ұjgyr audan aumagynan Almaty Shonzhy Zharkent Қorgas zhәne Almaty Shonzhy Қolzhat Қytaj avtomobil zholy otedi Oblys ortalygy Taldykorgan kalasynan Shonzhy audanyna dejingi kashyktyk 355 km Almatydan Shonzhyga dejin 214 km DerekkozderҚazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Zhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3