Бетон, (фр. béton, лат. bitumen — тау шайыры), құйматас — жасанды тас материал; байластырғыш заттар (цемент, гипс, алебастр, әктас, т.б.), су (кейде сусыз) және толтырғыш материалдар (құм, малтатас, қиыршықтас, т.б.), кейде арнайы үстеме заттар қоспасының қатаюы нәтижесінде алынады; маңызды құрылыс материалы. Қоспа қалыпқа құйылғанға дейін бетон қоспасы деп аталады.
Бетон құрамындағы байластырғыш түріне қарай: органикалық емес байластырғыштармен алынған бетон (цементті бетон, гипсбетон, силикатты бетон, т.б. арнайы бетондар) және органикалық байластырғыш заттармен алынған бетон (асфальтбетон, полимербетон) болып жіктеледі. Орташа тығыздығына (көлемі бойынша) байланысты аса ауыр (2500 кг/м3-ден жоғары), ауыр (1800 — 2500 кг/м3), жеңіл (1800 — 500 кг/м3), өте жеңіл (500 кг/м3-ден төмен) болып бөлінеді.
Қолдану түріне қарай құралымдық, құралымдық-жылу оқшаулағыш, жылу оқшаулағыш және арнайы жасалған бетондар (отқа төзімді, қышқылға төзімді, жолға төсеуге арналған, т.б.) болып ажыратылады.
Бетонның ең басты қасиеті оның беріктілігінде. Беріктілігі негізінен байластырғыш материалдардың түрі мен сапасына, бетонның орташа тығыздығына байланысты. Сондай-ақ, ол бетон бұйымдарының маркасымен (сығымға беріктілік шегімен, осьтік созылуымен немесе иілу кезіндегі созылуымен) сипатталады.
Бетонды алғаш рет ертедегі римдіктер күмбез, арка сияқты әсемдік-сәндік құрылыстарда пайдаланған. Рим империясының күйреуімен бетонды пайдалану тоқтап, тек 18 ғасырда Батыс Еуропа елдерінде қайта қолданылды. 20 ғасырдың 40-жылдарынан бастап құрылыстың қарқынды дамуына байланысты Қазақстанда бетон кеңінен пайдаланыла басталды. Қазіргі уақытта Теміртау мен Павлодарда кеуек бетон, Астана, Алматы, Семей, Шымкент, Атбасар қалаларында керамзит бетон, ал Теміртау қаласында отқа төзімді бетон өндіріледі.
Бетон технологиясы бойынша зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстанның Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтында (1965 жылдан Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеулер және жобалау институты) басталды.
- Институтта бетонның суға төзімділігі зерттелді (А.И. Минас).
- Бетон қоспасының қатаюын тездету, үстеме қоспалар қосудың әдістері табылды (Ө.А. Аяпов).
- Жеңіл кеуек бетон түрлерін дала шпаты құмдарынан алу технологиясы жасалды (Қ.Қ. Қуатбаев, П.А. Ройзман).
- Бетон алу жұмыстарында бетон құрамына өндіріс қалдықтарын (шлак, күл, т.б.) қосу арқылы олардың сапасын арттыруға болатындығы анықталды (Ө.А. Аяпов, т.б.). Қазір бетон жасау технологиясын жетілдіру және оның сапасы мен тиімділігін арттыру жөнінен көптеген ғылыми зерттеулер (Алматы, Қарағанды, Өскемен, Шымкент, т.б.) жүргізілуде.
Бетон - гравийдің, қиыршықтастың, малтатастың, қиынды тастың цемент немесе басқадай тұткыр материал ертіндісімен араластырып жасаған, тез қатаятын қоспасы. Бетон түрлері:
- тез қататын бетон;
- су өткізбейтін бетон;
- ауа өткізбейтін бетон;
- беріктігі жоғары бетон;
- жеңіл бетон; ауыр бетон;
- кеуекті бетон.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007 жыл.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Beton fr beton lat bitumen tau shajyry kujmatas zhasandy tas material bajlastyrgysh zattar cement gips alebastr әktas t b su kejde susyz zhәne toltyrgysh materialdar kum maltatas kiyrshyktas t b kejde arnajy үsteme zattar kospasynyn katayuy nәtizhesinde alynady manyzdy kurylys materialy Қospa kalypka kujylganga dejin beton kospasy dep atalady Beton Beton kuramyndagy bajlastyrgysh tүrine karaj organikalyk emes bajlastyrgyshtarmen alyngan beton cementti beton gipsbeton silikatty beton t b arnajy betondar zhәne organikalyk bajlastyrgysh zattarmen alyngan beton asfaltbeton polimerbeton bolyp zhikteledi Ortasha tygyzdygyna kolemi bojynsha bajlanysty asa auyr 2500 kg m3 den zhogary auyr 1800 2500 kg m3 zhenil 1800 500 kg m3 ote zhenil 500 kg m3 den tomen bolyp bolinedi Қoldanu tүrine karaj kuralymdyk kuralymdyk zhylu okshaulagysh zhylu okshaulagysh zhәne arnajy zhasalgan betondar otka tozimdi kyshkylga tozimdi zholga toseuge arnalgan t b bolyp azhyratylady Betonnyn en basty kasieti onyn beriktiliginde Beriktiligi negizinen bajlastyrgysh materialdardyn tүri men sapasyna betonnyn ortasha tygyzdygyna bajlanysty Sondaj ak ol beton bujymdarynyn markasymen sygymga beriktilik shegimen ostik sozyluymen nemese iilu kezindegi sozyluymen sipattalady Cement zhәne kum Betondy algash ret ertedegi rimdikter kүmbez arka siyakty әsemdik sәndik kurylystarda pajdalangan Rim imperiyasynyn kүjreuimen betondy pajdalanu toktap tek 18 gasyrda Batys Europa elderinde kajta koldanyldy 20 gasyrdyn 40 zhyldarynan bastap kurylystyn karkyndy damuyna bajlanysty Қazakstanda beton keninen pajdalanyla bastaldy Қazirgi uakytta Temirtau men Pavlodarda keuek beton Astana Almaty Semej Shymkent Atbasar kalalarynda keramzit beton al Temirtau kalasynda otka tozimdi beton ondiriledi Beton tehnologiyasy bojynsha zertteuler 20 gasyrdyn 50 zhyldary Қazakstannyn Arhitektura kurylys zhәne kurylys materialdary institutynda 1965 zhyldan Almaty kurylys materialdary gylymi zertteuler zhәne zhobalau instituty bastaldy Institutta betonnyn suga tozimdiligi zertteldi A I Minas Beton kospasynyn katayuyn tezdetu үsteme kospalar kosudyn әdisteri tabyldy Ө A Ayapov Zhenil keuek beton tүrlerin dala shpaty kumdarynan alu tehnologiyasy zhasaldy Қ Қ Қuatbaev P A Rojzman Beton alu zhumystarynda beton kuramyna ondiris kaldyktaryn shlak kүl t b kosu arkyly olardyn sapasyn arttyruga bolatyndygy anyktaldy Ө A Ayapov t b Қazir beton zhasau tehnologiyasyn zhetildiru zhәne onyn sapasy men tiimdiligin arttyru zhoninen koptegen gylymi zertteuler Almaty Қaragandy Өskemen Shymkent t b zhүrgizilude Beton gravijdin kiyrshyktastyn maltatastyn kiyndy tastyn cement nemese baskadaj tutkyr material ertindisimen aralastyryp zhasagan tez katayatyn kospasy Beton tүrleri tez katatyn beton su otkizbejtin beton aua otkizbejtin beton beriktigi zhogary beton zhenil beton auyr beton keuekti beton DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Himiya N Nurahmetov A Niyazbaeva R Ryskalieva N Dalabaeva Almaty Mektep baspasy 2007 336 bet ISBN 9965 36 416 8 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Mehanika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 zhyl 29 1 b ISBN 9965 08 234 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet