Шәймерден Қосшығұлұлы (Көкшетау оязы, Қотыркөл болысы, 1874–1932) - Көкшетау мешіті жанындағы интернаттың мұғалімі. 19 ғасырдың 90-жылдары - 20 ғасырдың бас кезінде патша үкіметі қазақ өлкесін уысында берік ұстау үшін оны басқарудың дін мекемелері мен мектептерді де қамтитын жаңа тәртіптерін енгізді. 1901 жылы патша әкімшілігінің жарлығы бойынша Петропавл, Көкшетау, Павлодар өңірінде мешіттер жабылып, молдалардың мұсылман дінінің заңы - шариғат жолымен қызмет атқаруына тыйым салынды. Мұндай әрекеттер халық арасында наразылық тудырып, ел ішінде дүмпулер туғызды. Патшалық Ресейдің қазақ даласындағы бұл отарлық саясатына қарсы Көкшетау молдасы Наурызбай Тала сұлы және оның көмекшісі Шәймерден қауым арасында белең ала бастаған демократиялық озық ой-пікірді, азаттық қозғалысты біріктіріп өлкені тұтас қамтитын мүфтиге бағынатын, дербес діни панисламдық ұйым құруды көздеді. Өз қимыл-әрекеттерінің пәрменділігін, ықпалын арттыру үшін қазақ жұртына құрметті де беделді адамдарға иек арту мақсатымен ол Абайға екі рет хат жолдаған. Ол хатында Абайды: «Баяғы дәурен етті де, өлетін заман жетті де... Барлық жай-жапсарды айтып, ақылдасуға... қазақтың мүддесін шағып ойласуға...» (Абай тағылымы. - А., 1986, 424-6.) шақырып, ақынды ел қамын ойлайтын, қалың елге мұратты жол нұсқайтын кемеңгер ақылшы, ақ ниет қамқоршысы ретінде таныған. Бұл хаттар патша әкімшілігінің қолына түсіп, Шәймерден 1903 жылы тұтқындалып, 5 жылға түрмеге қамалады.
Көрнекті Алаш қайраткері, діндар Шаймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы, Көкшетау оязы, Қотыркөл болысында туған.
Керей руының Ақсары бөлімінен шыққан. Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Мұнан соң осы қалада 1886 жылы жұртшылық қаржысымен салынған, Мезгіл болысының азаматы Наурызбай (Науан хазірет) Таласұлы ұстаған мешіт жанындағы интернаттың мұғалімі болады. Бұл кезде ол ұстазымен бірігіп, Ресейдің шоқындыру саясатына ашық қарсы тұрады. 1903 жылы Абай Құнанбайұлы сынды қазақтың білікті, сыйлы азаматтарына патшалық режимнің оспадар әрекеті туралы және осыған байланысты бас қосу жөнінде екі мәрте хат жазады. Осы күресі үшін имам Н.Таласұлы екеуі абақтыға жабылады. Жандармерия тексергенде, Көкшетау мешітінен «цензура» өткізбеген 164 кітап және күмәнді қолжазбалар шығады. Ақыры патша өкіметі 1903 жылы шілдеде Шаймерденге - 5 жыл, Науанға - 3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жіберіледі. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады. Осы заңсыздықты Ә.Бөкейхан мен М.Сералин жауапты орындарға, орыс зиялыларына дәлелдеп айта жүріп, бірнеше министрдің қабылдауында болып, оларды 1905 жылы наурызда босатып алады. Осы жылы М.Тынышбайұлы, С.Шипабекұлы секілді қайраткерлермен бірге Петерборға барып, патша өкіметіне қарсы шеруге қатынасады. Сонан соң Нижний Новгородта ашылған жалпыресейлік мұсылмандар сиезіне қатысады. Елге келген соң күрескер азаматты халық 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға депутат етіп сайлайды. Бірақ ол бұл жолы «орыс тілін білмейді» деген желеумен депутаттыққа тіркелмеген. Ресми өкімет, халықты сатып жүрген тілмаштар қайраткер туралы неше түрлі алыпқашпа сөз таратқан. Бұл шақта қайраткер Балықты көлдегі алты бөлмелі ағаштан қиып салған үйін мектепке айналдырып, орыс мұғалімін жалдап, балалардың оқу шығынын өзі көтерген. I Мемлекеттік Дума таратылған соң, патша II Думаға сайлау жарлығын шығарғанда қайраткерді халық тағы да парламентке ұсынады. Ол Петерборға аттанады. Дума мүшесі болады. Бұл Дума да таратылғанда қайраткер өз қаржысымен астанада татардың «Улфат» (Бірлесу) газетіне қосымша ретінде «Серке» газетін шығарады. Қазақтан кісі сайланбаған III Думаға «Жер туралы» Заң жөнінде сұрау (запрос) салады. 1907 жылы Алаш көсемі Ә.Бөкейханның тапсырмасымен Түркияға барып, үкімет, парламент басшыларымен кездеседі. Түріктің бір газеті арқылы II Николайға мәлімдеме жасайды. Діндар 1917–1919 жылдардағы Алаш қозғалысынан да шет қалмайды. Кеңес өкіметі оны 1931 жылы Петропавл түрмесіне жабады. Әбден қиналған, саясаттан теперіш көрген қайраткер 1932 жылы Омбы жерінде қайтыс болады.
Дереккөздер
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
- Ер есімі ескерусіз қалмаса… – Мінбер (en-US).
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shәjmerden Қosshygululy Kokshetau oyazy Қotyrkol bolysy 1874 1932 Kokshetau meshiti zhanyndagy internattyn mugalimi 19 gasyrdyn 90 zhyldary 20 gasyrdyn bas kezinde patsha үkimeti kazak olkesin uysynda berik ustau үshin ony baskarudyn din mekemeleri men mektepterdi de kamtityn zhana tәrtipterin engizdi 1901 zhyly patsha әkimshiliginin zharlygy bojynsha Petropavl Kokshetau Pavlodar onirinde meshitter zhabylyp moldalardyn musylman dininin zany sharigat zholymen kyzmet atkaruyna tyjym salyndy Mundaj әreketter halyk arasynda narazylyk tudyryp el ishinde dүmpuler tugyzdy Patshalyk Resejdin kazak dalasyndagy bul otarlyk sayasatyna karsy Kokshetau moldasy Nauryzbaj Tala suly zhәne onyn komekshisi Shәjmerden kauym arasynda belen ala bastagan demokratiyalyk ozyk oj pikirdi azattyk kozgalysty biriktirip olkeni tutas kamtityn mүftige bagynatyn derbes dini panislamdyk ujym kurudy kozdedi Өz kimyl әreketterinin pәrmendiligin ykpalyn arttyru үshin kazak zhurtyna kurmetti de bedeldi adamdarga iek artu maksatymen ol Abajga eki ret hat zholdagan Ol hatynda Abajdy Bayagy dәuren etti de oletin zaman zhetti de Barlyk zhaj zhapsardy ajtyp akyldasuga kazaktyn mүddesin shagyp ojlasuga Abaj tagylymy A 1986 424 6 shakyryp akyndy el kamyn ojlajtyn kalyn elge muratty zhol nuskajtyn kemenger akylshy ak niet kamkorshysy retinde tanygan Bul hattar patsha әkimshiliginin kolyna tүsip Shәjmerden 1903 zhyly tutkyndalyp 5 zhylga tүrmege kamalady Kornekti Alash kajratkeri dindar Shajmerden Қosshygululy 1874 zhyly Akmola oblysy Kokshetau oyazy Қotyrkol bolysynda tugan Kerej ruynyn Aksary boliminen shykkan Zhas shagynda auyl moldasynan hat tanidy kejin Kokshetaudagy Nauan haziret medresesinde zhәne Buharada okidy Munan son osy kalada 1886 zhyly zhurtshylyk karzhysymen salyngan Mezgil bolysynyn azamaty Nauryzbaj Nauan haziret Talasuly ustagan meshit zhanyndagy internattyn mugalimi bolady Bul kezde ol ustazymen birigip Resejdin shokyndyru sayasatyna ashyk karsy turady 1903 zhyly Abaj Қunanbajuly syndy kazaktyn bilikti syjly azamattaryna patshalyk rezhimnin ospadar әreketi turaly zhәne osygan bajlanysty bas kosu zhoninde eki mәrte hat zhazady Osy kүresi үshin imam N Talasuly ekeui abaktyga zhabylady Zhandarmeriya teksergende Kokshetau meshitinen cenzura otkizbegen 164 kitap zhәne kүmәndi kolzhazbalar shygady Akyry patsha okimeti 1903 zhyly shildede Shajmerdenge 5 zhyl Nauanga 3 zhyl kesip Үrkit general gubernatorynyn bakylauyna Batys Sibirge zhiberiledi Bul zherden olardy Yakutiyaga zher audarady Osy zansyzdykty Ә Bokejhan men M Seralin zhauapty oryndarga orys ziyalylaryna dәleldep ajta zhүrip birneshe ministrdin kabyldauynda bolyp olardy 1905 zhyly nauryzda bosatyp alady Osy zhyly M Tynyshbajuly S Shipabekuly sekildi kajratkerlermen birge Peterborga baryp patsha okimetine karsy sheruge katynasady Sonan son Nizhnij Novgorodta ashylgan zhalpyresejlik musylmandar siezine katysady Elge kelgen son kүresker azamatty halyk 1906 zhylgy I Memlekettik Dumaga deputat etip sajlajdy Birak ol bul zholy orys tilin bilmejdi degen zheleumen deputattykka tirkelmegen Resmi okimet halykty satyp zhүrgen tilmashtar kajratker turaly neshe tүrli alypkashpa soz taratkan Bul shakta kajratker Balykty koldegi alty bolmeli agashtan kiyp salgan үjin mektepke ajnaldyryp orys mugalimin zhaldap balalardyn oku shygynyn ozi kotergen I Memlekettik Duma taratylgan son patsha II Dumaga sajlau zharlygyn shygarganda kajratkerdi halyk tagy da parlamentke usynady Ol Peterborga attanady Duma mүshesi bolady Bul Duma da taratylganda kajratker oz karzhysymen astanada tatardyn Ulfat Birlesu gazetine kosymsha retinde Serke gazetin shygarady Қazaktan kisi sajlanbagan III Dumaga Zher turaly Zan zhoninde surau zapros salady 1907 zhyly Alash kosemi Ә Bokejhannyn tapsyrmasymen Tүrkiyaga baryp үkimet parlament basshylarymen kezdesedi Tүriktin bir gazeti arkyly II Nikolajga mәlimdeme zhasajdy Dindar 1917 1919 zhyldardagy Alash kozgalysynan da shet kalmajdy Kenes okimeti ony 1931 zhyly Petropavl tүrmesine zhabady Әbden kinalgan sayasattan teperish korgen kajratker 1932 zhyly Omby zherinde kajtys bolady DerekkozderAbaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9 Er esimi eskerusiz kalmasa Minber en US Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet