«Серке» газеті - 1907 жылы Санкт-Петербургта татардың «Улфат» (қазақша мағынасы - бірлесу, келісім) атты газетіне қосымша шыққан газет. Ғылыми әдебиеттерде оның бір ғана саны шыққан делінеді. Сірә, ол «Улфаттың» 1907 жылғы №84 санының қосымшасы болса керек. Татар ғалымы И. Рәмидің зерттеуіне қарағанда, жалпы бұл газеттің 87 саны ғана шығып, патша цензурасының күшімен 1907 жылы 9 маусымда жабылып калған. 1906 жылдан бастап шыккан. Редакторы - Ғабдрашид Ибраһимов ныспылы татар қайраткері. Газет мақсаты - ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған. М.Сералин «Айкаптың» алғашқы санында «Серкені» «1907 жылы II Мемлекеттік Думаның мүшесі Шаймерден Қосшығұлдың ыждиһатымен шықты» деп көрсетеді. Зерттеуші М.Әбсемет «Серкенің» 2-саны да шыққан дей келе, осы 6 маусымда шыққан нөміріндегі М.Дулатұлының «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы үшін Антокольск баспаханасынан халыққа тарайын деп тұрған «Улфат» тәркіленген дегенді жазады. Осы тұста бір жайды айта кеткен орынды: Б.Кенжебаев 1958 жылы жарияланған зерттеуінде «Нажат» атты жинақтағы «Серке» 1906 жылы 28 наурызда шықты» деген фактіге сілтеме жасайды. Сірә, бұл деректің дұрыс-бұрыстығын ғалымдар анықтай жатар. Ал, газет атына келсек, серке - қазақ ұғымында жайылымдағы малды бастайтын түлік, Сексек атаның көшбасшы тұқымы. Біздің «көсем» сөзіміз де осымен мағыналас. Бүгінгіше ол - лидер, көшбасшы. Газетке осылай ат беру арқылы ұлт зиялылары саясатқа енді араласа бастаған елге мұрындық болуды көздесе керек.
Дереккөздер
- «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Serke gazeti 1907 zhyly Sankt Peterburgta tatardyn Ulfat kazaksha magynasy birlesu kelisim atty gazetine kosymsha shykkan gazet Ғylymi әdebietterde onyn bir gana sany shykkan delinedi Sirә ol Ulfattyn 1907 zhylgy 84 sanynyn kosymshasy bolsa kerek Tatar galymy I Rәmidin zertteuine karaganda zhalpy bul gazettin 87 sany gana shygyp patsha cenzurasynyn kүshimen 1907 zhyly 9 mausymda zhabylyp kalgan 1906 zhyldan bastap shykkan Redaktory Ғabdrashid Ibraһimov nyspyly tatar kajratkeri Gazet maksaty islam dүniesin biriktiru dini bilikti koteru oku bilimdi nasihattau ulttyk avtonomiyalar kurudyn negizin kalau bolgan M Seralin Ajkaptyn algashky sanynda Serkeni 1907 zhyly II Memlekettik Dumanyn mүshesi Shajmerden Қosshyguldyn yzhdiһatymen shykty dep korsetedi Zertteushi M Әbsemet Serkenin 2 sany da shykkan dej kele osy 6 mausymda shykkan nomirindegi M Dulatulynyn Bizdin maksatymyz atty makalasy үshin Antokolsk baspahanasynan halykka tarajyn dep turgan Ulfat tәrkilengen degendi zhazady Osy tusta bir zhajdy ajta ketken oryndy B Kenzhebaev 1958 zhyly zhariyalangan zertteuinde Nazhat atty zhinaktagy Serke 1906 zhyly 28 nauryzda shykty degen faktige silteme zhasajdy Sirә bul derektin durys burystygyn galymdar anyktaj zhatar Al gazet atyna kelsek serke kazak ugymynda zhajylymdagy maldy bastajtyn tүlik Seksek atanyn koshbasshy tukymy Bizdin kosem sozimiz de osymen magynalas Bүgingishe ol lider koshbasshy Gazetke osylaj at beru arkyly ult ziyalylary sayasatka endi aralasa bastagan elge muryndyk boludy kozdese kerek Derekkozder Alash kozgalysy Almaty 2008 ISBN 9965 32 715 7Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet