Қара өлең – суырыпсалу өнерін онша қажет етпейтін, бұрыннан белгілі, үйреншікті сөздерді өлең етіп ұйқастырып қолданылатын поэтикалық туынды. Өлеңшінің жадында жатталып қалған басқы екі жолының көптеген үлгілері дайын тұрады. Негізгі айтар ойын үшінші, төртінші жолдарда баяндайтын болғандықтан, айтушы тек төртінші тармақтың ұйқасын ғана ойлап табуы қажет. Үшінші жолы ұйқассыз бос қалып отырады.
Сипаты
Туысқан өзбек, қырғыз, , , түрікмен, поэзияларында кездеседі.
Қара өлең 11 буын, 4 тармақ, а-а-б-а түрінде келеді. Қара өлең әнге салып айтуға ыңғайлы. Әннің ырғақ ерекшеліктеріне қарай өлең жолдарындағы бунақтар орнын ауыстырып отырады. Әр шумақта жеке ой жатады. Мұндай ой жеңіл әзіл-оспақтан бастап, өмірдің мәні мен сәнін, ел қамы мен халық тағдырын қамтиды. Өлеңнің алғашқы екі жолындағы ой соңғы жолдардағы негізгі ойға қызмет етеді. Қара өлең көне заманнан бастау алып, тереңге тамыр байлаған.
Сипаты жағынан орыстың частушкасына, тәжіктің ашуласын, латыштың дайнасын, шығыс халықтарының бәйіті мен ғазалына, өзбектің қошығына ұқсас. Қазіргі қазақ поэзиясында қара өлең үлгісі кең тараған.
Қара өлең қазақ фольклорында
Дәстүрлі ортада жанынан ән шығарып, суырып салмаса да ауыздан ауызға жалғасқан, жаттанды қара өлеңді айтпайтын кәрі мен жас болмаған.
Қара өлең қазақ фольклорының айрықша саласы екендігін жазған М. Әуезов бұл жанрдың төмендегідей екі үлгісі жөнінде былай деген еді: «бір ауыз өлеңі екі үлгіге бөлінеді. Оның біріншісі – бастауыш түрі, ең оңайы – қайым өлең, екінші үлгісі – қара өлең», – деп ажыратады.
Қара өлең мен қайым өлеңінің айтылу, орындалу формасында болмаса, өлеңнің жасалу жолдарында, өлең өлшемдерінде ешбір айырмашылық жоқ. Яғни, қыз бен жігіттің бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде орындалады. Екеуінің шығу тегі, үлгісі бір. Қара өлеңнің де, қайым өлеңінің де құрылысы – он бір буынды, төрт тармақты болып келеді. Қара өлең мен қайым өлең әдет-салт айтыстарының қатарында тұрған, бір кезеңде қатар шыққан аса ескілікті өлең түрлерінің бірі болса керек. Қара өлең мен қайым өлеңнің осы секілді ортақ қасиеттері қызықты отырыстарда ән салып, өлең айтатын қыз-жігіттердің арасында таралуынан кең байқалады. Ойын-тойда бір-бірін сүйемелдей отырып, жұптасып айтысу қара өлеңмен айтысудың көне түрі. Яғни, айтар ойын жеткізу барысында бірін-бірі толықтырып отыру мақсатында қолайлы болып келеді. Ал, қара өлең дәстүрімен әдеттегі үлкен айтыстарға, ас пен тойларға қатысып жүретін от ауызды, орақ тілді ақындар айтысқан емес. Қара өлеңнің басты ерекшелігі де осында.
Қара өлең үлгілері
Халық арасына тараған қара өлеңнің кейбір үлгілері:
– Айтайын айтагенің...
– Көзіңнен айналайын...
– Мінгенім дәйін менің...
– Қара таудың басында...
– Аулым көшіп барады...
– Үстімде бір мешпетім...
– Қолымда бір қамшым бар...
– Қалқатай сен дегенде...
– Өлеңді айт деген соң...
– Өлеңді айтқан қандай...
– Базардан алып келген...
– Ұшады көкала үйрек...
– Əуеде ұшып жүрген...
– Дүние ойлап тұрсам...
– Ақ үйдің ат байладым...
– Дүние дүниеден...
– Көрінер кісем сұлу...
Мұндай қосалқы жолдарда бірде қазақ халқының көші-қоны, кең даласы мен айдын көл, асқар таулары, енді бірде төрт түлік малының қадір-қасиеті, киім үлгісі, аңшылық, саятшылық өнерінің және т.б. тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктері бейнеленеді. Бұлай етпесе, қазақ өлеңінің бас-аяғы құралмайды, айтайын деген ойының түйіні табылмайды. Сол түйін – халық өмірі, ел тіршілігі, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан әдет-ғұрып, жора-жоралғысы. Бұлайша жеткізу қара өлеңнің, яғни қазақы өлеңнің мәйегі мен нәрі болып табылатындығы сөзсіз.
Қара өлең жанры
Тақырып аясы, қолданылу кеңістігі тұрғысынан қарастырғанда қара өлеңнің әмбебап жанр екендігі байқалады. Оған әлем сыры, тіршілік кейпі, заман тұрпаты хақындағы фәлсафалық пайымдауларынан тартып, күнделікті өмірдің мән-жайына дейінгі аралықтағы сан-салалы құбылыстар өзек болған.
Қара өлеңде дәстүрлі дүниетанымды айқындайтын наным-сенімдік маңызы бар нақыл, термелерге құрылған жолдар молынан қамтылған болып келеді.
Қара өлең қарым-қатынас құралы
Қара өлең тақырып, мазмұны жағынан бес түлік мал, хайуанат-жануарлар туралы, наным-сенім жайлы, махаббат-сүйіспеншілік жөніндегі және тұрмыс-салттық деп бөлінеді. Қара өлең қоғамдық ортада қауым мүшелерінің қарым-қатынас құралының бір түрі ретінде де қызмет етті. Сондықтан, дәстүрлі ортада қара өлең шығаруды жастарға бала кезінен баулып, бойына сіңіріп өсірудің түрлі жолдары болды. Солардың ең бастысы ұлттық ойындарды ойнау барысында атқарылды. Яғни, ойын талабына сай келмей жеңілген бала бір-екі ауыз өлең айтып, құтылады, әйтпесе жеңіл соққы алады немесе теке болып бақылдау, ойын басқарушыны арқалау сияқты т.б. жазаға кесілетін. Алтыбақан, ақсүйек ойнауға жиналған кезде өлең айту басты шарттардың бірі екендігі даусыз. Осындайда және қуанышты жайтқа байланысты бас қосулардың барлығында қара өлең айтушылардың әрқайсысы туып-өскен жерін, елін өлеңге қосады. Яғни, «Тау өлең», «Су өлең» (суретте), «Жер өлең» деген өлеңдерді айтады.
Жастар дастарқан басында бір-бірін дәм-тұзбен сыйлауды қалжыңмен өткереді. Әркім өз табағынан дәм татқызу үшін біріне-бірі сыбаға, сарқыт ұсынады. Оны алған адам еттің төлеуі деп өлең айтады. Бұл «Ет өлеңі» деп аталады.
Қара өлеңнің тек-тамыры
Орайлы сөз, ұтымды ойға құрылған қара өлеңнің осынша мол көркемдікке жетуінің тек-тамыры түркі халықтарына ортақ байырғы әдеби мұраларынан бастау алады. Оның негізгі айғағын Түркі қағанаты заманындағы тас-қашау жазбалардан (VI-VIII ғ.) бастап, одан бергі «Оғызнама» (IX ғ.), «Қорқыт ата кітабы» (IX ғ.), Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» (XI ғ.), Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі» (XI ғ.), Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» (XII ғ.) және «Кодекс куманикус» («Кумандар кітабы») сияқты еңбектерді зерделегенде айқын аңғаруға болады. Әсіресе, тілдік тектестікке, сөз тіркестерінің сәйкестігіне, образды теңеулердің ұқсастығына, этнографизмдердің сабақтастығына қатысты мысалдар мол ұшырасады.
Дереккөздер
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Əуезов М. Шығармалары. Алматы, 1969. Т.11;
- Сейдімбеков А.С. Мың бір маржан (қара өлең табиғаты). Алматы: Өнер, 1989. 256 б;
- Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Құраст.: З. Ахметов, Т. Шаңбаев. Алматы: Ана тілі, 1998. 207-б;
- Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. Қазақ фольклорының тарихы. Жалпы ред. басқарған: С. Қасқабасов. Алматы: ҚазАқпарат, 2008. 812 б;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қara olen suyrypsalu onerin onsha kazhet etpejtin burynnan belgili үjrenshikti sozderdi olen etip ujkastyryp koldanylatyn poetikalyk tuyndy Өlenshinin zhadynda zhattalyp kalgan basky eki zholynyn koptegen үlgileri dajyn turady Negizgi ajtar ojyn үshinshi tortinshi zholdarda bayandajtyn bolgandyktan ajtushy tek tortinshi tarmaktyn ujkasyn gana ojlap tabuy kazhet Үshinshi zholy ujkassyz bos kalyp otyrady Қara olen Su olen SipatyTuyskan ozbek kyrgyz tүrikmen poeziyalarynda kezdesedi Қara olen 11 buyn 4 tarmak a a b a tүrinde keledi Қara olen әnge salyp ajtuga yngajly Әnnin yrgak erekshelikterine karaj olen zholdaryndagy bunaktar ornyn auystyryp otyrady Әr shumakta zheke oj zhatady Mundaj oj zhenil әzil ospaktan bastap omirdin mәni men sәnin el kamy men halyk tagdyryn kamtidy Өlennin algashky eki zholyndagy oj songy zholdardagy negizgi ojga kyzmet etedi Қara olen kone zamannan bastau alyp terenge tamyr bajlagan Sipaty zhagynan orystyn chastushkasyna tәzhiktin ashulasyn latyshtyn dajnasyn shygys halyktarynyn bәjiti men gazalyna ozbektin koshygyna uksas Қazirgi kazak poeziyasynda kara olen үlgisi ken taragan Қara olen kazak folkloryndaDәstүrli ortada zhanynan әn shygaryp suyryp salmasa da auyzdan auyzga zhalgaskan zhattandy kara olendi ajtpajtyn kәri men zhas bolmagan Қara olen kazak folklorynyn ajryksha salasy ekendigin zhazgan M Әuezov bul zhanrdyn tomendegidej eki үlgisi zhoninde bylaj degen edi bir auyz oleni eki үlgige bolinedi Onyn birinshisi bastauysh tүri en onajy kajym olen ekinshi үlgisi kara olen dep azhyratady Қara olen men kajym oleninin ajtylu oryndalu formasynda bolmasa olennin zhasalu zholdarynda olen olshemderinde eshbir ajyrmashylyk zhok Yagni kyz ben zhigittin bir bir auyz olenmen zhauaptasu tүrinde oryndalady Ekeuinin shygu tegi үlgisi bir Қara olennin de kajym oleninin de kurylysy on bir buyndy tort tarmakty bolyp keledi Қara olen men kajym olen әdet salt ajtystarynyn katarynda turgan bir kezende katar shykkan asa eskilikti olen tүrlerinin biri bolsa kerek Қara olen men kajym olennin osy sekildi ortak kasietteri kyzykty otyrystarda әn salyp olen ajtatyn kyz zhigitterdin arasynda taraluynan ken bajkalady Ojyn tojda bir birin sүjemeldej otyryp zhuptasyp ajtysu kara olenmen ajtysudyn kone tүri Yagni ajtar ojyn zhetkizu barysynda birin biri tolyktyryp otyru maksatynda kolajly bolyp keledi Al kara olen dәstүrimen әdettegi үlken ajtystarga as pen tojlarga katysyp zhүretin ot auyzdy orak tildi akyndar ajtyskan emes Қara olennin basty ereksheligi de osynda Қara olen үlgileriHalyk arasyna taragan kara olennin kejbir үlgileri Ajtajyn ajtagenin Kozinnen ajnalajyn Mingenim dәjin menin Қara taudyn basynda Aulym koship barady Үstimde bir meshpetim Қolymda bir kamshym bar Қalkataj sen degende Өlendi ajt degen son Өlendi ajtkan kandaj Bazardan alyp kelgen Ұshady kokala үjrek Euede ushyp zhүrgen Dүnie ojlap tursam Ak үjdin at bajladym Dүnie dүnieden Koriner kisem sulu Mundaj kosalky zholdarda birde kazak halkynyn koshi kony ken dalasy men ajdyn kol askar taulary endi birde tort tүlik malynyn kadir kasieti kiim үlgisi anshylyk sayatshylyk onerinin zhәne t b turmys tirshiliginin erekshelikteri bejnelenedi Bulaj etpese kazak oleninin bas ayagy kuralmajdy ajtajyn degen ojynyn tүjini tabylmajdy Sol tүjin halyk omiri el tirshiligi atadan balaga urpaktan urpakka mura bolyp kele zhatkan әdet guryp zhora zhoralgysy Bulajsha zhetkizu kara olennin yagni kazaky olennin mәjegi men nәri bolyp tabylatyndygy sozsiz Қara olen zhanryTakyryp ayasy koldanylu kenistigi turgysynan karastyrganda kara olennin әmbebap zhanr ekendigi bajkalady Ogan әlem syry tirshilik kejpi zaman turpaty hakyndagy fәlsafalyk pajymdaularynan tartyp kүndelikti omirdin mәn zhajyna dejingi aralyktagy san salaly kubylystar ozek bolgan Қara olende dәstүrli dүnietanymdy ajkyndajtyn nanym senimdik manyzy bar nakyl termelerge kurylgan zholdar molynan kamtylgan bolyp keledi Қara olen karym katynas kuralyҚara olen takyryp mazmuny zhagynan bes tүlik mal hajuanat zhanuarlar turaly nanym senim zhajly mahabbat sүjispenshilik zhonindegi zhәne turmys salttyk dep bolinedi Қara olen kogamdyk ortada kauym mүshelerinin karym katynas kuralynyn bir tүri retinde de kyzmet etti Sondyktan dәstүrli ortada kara olen shygarudy zhastarga bala kezinen baulyp bojyna sinirip osirudin tүrli zholdary boldy Solardyn en bastysy ulttyk ojyndardy ojnau barysynda atkaryldy Yagni ojyn talabyna saj kelmej zhenilgen bala bir eki auyz olen ajtyp kutylady әjtpese zhenil sokky alady nemese teke bolyp bakyldau ojyn baskarushyny arkalau siyakty t b zhazaga kesiletin Altybakan aksүjek ojnauga zhinalgan kezde olen ajtu basty sharttardyn biri ekendigi dausyz Osyndajda zhәne kuanyshty zhajtka bajlanysty bas kosulardyn barlygynda kara olen ajtushylardyn әrkajsysy tuyp osken zherin elin olenge kosady Yagni Tau olen Su olen surette Zher olen degen olenderdi ajtady Zhastar dastarkan basynda bir birin dәm tuzben syjlaudy kalzhynmen otkeredi Әrkim oz tabagynan dәm tatkyzu үshin birine biri sybaga sarkyt usynady Ony algan adam ettin toleui dep olen ajtady Bul Et oleni dep atalady Қara olennin tek tamyryOrajly soz utymdy ojga kurylgan kara olennin osynsha mol korkemdikke zhetuinin tek tamyry tүrki halyktaryna ortak bajyrgy әdebi muralarynan bastau alady Onyn negizgi ajgagyn Tүrki kaganaty zamanyndagy tas kashau zhazbalardan VI VIII g bastap odan bergi Ogyznama IX g Қorkyt ata kitaby IX g Zhүsip Balasagunnyn Қutty biligi XI g Mahmud Қashgaridin Tүrki tilderinin sozdigi XI g Ahmed Iүginekidin Akikat syjy XII g zhәne Kodeks kumanikus Kumandar kitaby siyakty enbekterdi zerdelegende ajkyn angaruga bolady Әsirese tildik tektestikke soz tirkesterinin sәjkestigine obrazdy teneulerdin uksastygyna etnografizmderdin sabaktastygyna katysty mysaldar mol ushyrasady DerekkozderҚazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 ҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterEuezov M Shygarmalary Almaty 1969 T 11 Sejdimbekov A S Myn bir marzhan kara olen tabigaty Almaty Өner 1989 256 b Әdebiettanu Terminder sozdigi Қurast Z Ahmetov T Shanbaev Almaty Ana tili 1998 207 b Қazak әdebietinin tarihy 1 tom Қazak folklorynyn tarihy Zhalpy red baskargan S Қaskabasov Almaty ҚazAkparat 2008 812 b ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan