Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
Әлихан Бөкейханов
Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі — Алашорданың көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында танымал. Ол Абайдың шығармашылығы туралы түңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішіндегі құндысы — 1899 жылы «Түркістан ведомое тыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызындағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірілік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелері талқыланады. Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі — Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан жалпы Шығыс ғұламалары бойынша, адамның дүниедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің кепілі — Нұр. Оған адамның жай ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқанда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай болса бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». (Үш анық. — Әлем, 39-бет). Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіпқой философиясының алғашқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм және идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы — үшінші анықты ұсынады:
- Еңбекпенен, өрнекпенен
- Өнер ойға тоқылса,
- Жайнар көңіл, қайнар өмір
- Ар ілімі оқылса.
Яғни, басты мәселе — ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі — ұждан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ұждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, ұждан, совесть құр ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек. Ӏзін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай ұждан, совесть, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы — ұждан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы». (Үш анық. — Элем, 44— 45-бет). Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И. Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен астас. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.
Кеңес кезеңі
Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында (70 жыл — бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес өкіметі кезінде сан қырлы құбылыстарды өз басынан өткізді. 1916 жылдан басталған күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Өздерін «демократтар» санаған Уақытша үкімет өкілдері сөз жүзінде езілген халықтарға азаттық береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға» деген өз үндеуін жариялады. Жалпы алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды. Революцияның бастапқы кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді. Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік бағыттарының көсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.И. Ленин болсын, Ф. Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер оған қоса өздерінің атышулы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады. 1917 жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық ерекшеліктер). 1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші бүкіл-қазақтық құрылтай өтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш» партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бөліктерінен үзінді келтірейік:
- 1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
- 2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік Республикасының құрамды бөлігі болып табылады...
- 3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар еріктілігі болады.
- 4. Дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың өзіндік муфтийлігі болуы керек...
- 5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
- 6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім алу — тегін. Қазақтардың өз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары, университеттері де болуы керек.
Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда өткен Бүкілқазақтық екінші съезде құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық төл мәдениетті дамытуға мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш» қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі «контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. Алайда большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. XX ғасырдағы екі социалистік эксперимент (фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық көрінеді. Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей большевиктік тәжірибелерді атап өтейік:
- 1. Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан айрылған, яғни бүкіл халқының үштен екісін жоғалтқан. «Проценттік қатынаста, — дейді М. Тәтімов, — Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып түсті». (Демографиялық кескін — Қазақ, 66—67-бет).
- 2. Этномәдени экспанция. Патшалық Ресей империясы бастаған миграциялық саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде қаңырап бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды. XIX ғасырдың ортасында өз жерінде 92%-ін құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959 жылғы санақ бойынша 29%-ке дейін төмендеді. Мұның өзі 1916 жылғы қырғынның, азамат соғысының, Ф. Голощекин жүргізген «Кіші Октябрь» саясатының, 30-жылдардағы аштықтың, тың және тыңайған жерлерді игеруге сырттан жүз мыңдаған бөгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспанция: «феодализмнен социализмге бірден секіру» үшін аймақты индустрияландыру қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес, сондықтан орталық аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді желеу еткен. Мигранттардың көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтып, оның өрісін тарылтты. Әрине, этномәдени экспанцияның жағымды жақтары да болды (білімділік деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т.б.). Алайда таразының екі басы тең емес еді.
Кеңес мәдениеті
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.
Қорытынды
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем айырылған, тіпті өз анасын өлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов өз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес өкіметі жылдарында мәдени салада едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «көзі ашық», сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық республика өз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне, институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға сүйенгенімен «жергілікті ұлт өкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде көптеген ұлт өкілдерінің еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасөз, газет-журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», « сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Тағы қараңыз
- Мұсылман Ренессансы және түрік халықтарының мәдениеті
- Дәстүр жалғастығы және заман талабы
- Өзгерістер уақыты және отарлық мәдениет
- Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтер
Дереккөздер
- Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazaktyn XX gasyrdagy mәdenieti Abajdan bastalgan kazak mәdenietindegi tyn saryn XX gasyrdyn bas kezinde ary karaj zhalgasty Қazak mәdenieti XX gasyrdy әri үmitpen әri tүnilumen karsy aldy Dүniezhүzilik tehnikalyk zhәne demokratiyalyk progress Aziya ortalygyna da zhete bastady Ұlttyk ideya temir tordagy halykty tolgandyryp ony azattyk үshin kүresuge umtyldyrdy Әrine ult azattyk kүreske bүkil Resej imperiyasyn kamtygan revolyuciyalyk zhәne reformalyk kozgalystar da әserin tigizdi Alajda Қazakstandagy tolkular tek orys revolyucionerlerinin ykpalymen boldy deu zhansak pikir Birde bir resejlik sayasi ujym men belgili kajratkerler imperiyany taratyp baska ulttarga azattyk әperu turaly mәsele kotermedi Social demokrattardyn ozderi Shygys halyktarynyn oyanuyna panislamizm pantyurkizm ajdaryn tagyp kүdiktene karady Mәsele sonymen birge Resejdin halyktary әr tүrli orkenietterge zhatatyndygynda Batys hristiandaryna zhakyn estondar men arab parsy әlemine tүbirles ozbek kazaktardyn arasynda ortak mәdeni negiz tym az edi Өzine tuyskan halyktardagy siyakty Қazakstandagy mәdeni kajtadan zhangyru orys ekspansiyasyna karsy shygudan bastaldy XX gasyrdyn basynda kazaktan shykkan algashky sayasi kajratkerlerdin biri Mirzhakyp Dulatov kazak halkynyn manifesi Oyan kazak olenin zhariyalady Ol tүngysh ret halykty ashyk kүreske shakyrgan uran tastady Қazakstannan bolgan social demokrattarga bir auyz soz ajtamyn Europanyn proletariyasy үshin kandy zhas toguiniz pajdaly birak oz halkynyz kazakka artyk nazar salynyz orystyn kara halkynyn kүneltui auyr sonda da aldy ashyk Қazak halky alty milliondyk bir uly tajpa bola turyp baska halykka karaganda zhәrdemsiz azyp tozyp keter Oyan kazak 10 bet Mirzhakyp sayasi mәselelermen kosa oz shygarmasynda kazak mәdenietin tujyktan shygaratyn zholdar izdejdi En aldymen mәdeni tokyraudyn sebebin M Dulatov bodandyktan koredi Eki gasyrdyn arasynda kazak mәdenietinde pajda bolgan bir kubylys kejin oris algan marginaldyktyn kobeyui Bul zherde әngime ulttyk mәdenietten alystap үstemdik etip otyrgan zhat orkenietke kyzmet etkender turaly bolyp tur Bolystar men tilmashtar әkimshiliktin manajyndagy neshe tүrli pysyktar koptegen zhagdajlarda mәngүrttik kasietterge ie bolyp ulttyk mәdenietten kol үze bastady Әlihan BokejhanovӘlihan Bokejhanov Eki gasyr arasynda kazaktyn ulttyk sanasynyn oyanuyna үlken әser etken tulganyn biri Әlihan Bokejhanov Ol kazak handarynyn tikelej urpagy ult azattyk kozgalystyn zhetekshisi kazaktyn algashky sayasi partiyasynyn basshysy kazaktyn birinshi ulttyk үkimeti Alashordanyn kosemi edi Әlihan Bokejhanov san kyrly kogamdyk kyzmetterimen birge kazaktyn ruhani mәdenietin algashky zertteushilerdin katarynda tanymal Ol Abajdyn shygarmashylygy turaly tүngysh makalany zhariyalady kazak eposy men folklory zhoninde әli kүnge dejin galymdardy ozinin oj terendigimen tan kaldyratyn enbekter zhazdy Solardyn ishindegi kundysy 1899 zhyly Tүrkistan vedomoe tylarynda zhariyalangan Қyrgyzdyn Қobylandy anyzyndagy әjel atty enbegi edi Әlihannyn bul zherde koterip otyrgan mәselesi buryngy kazaktyn ruhani mәdenietinin baj muralaryna bajlanysty Atalgan anyzda musylmandyk din men ezhelgi tәnirilik tүsinikterdin karym katynasy koshpeliler mәdenietine tәn ana men әjeldi kasterleu el namysyn pendeshilikten zhogary koyu t b mәseleleri talkylanady Sheksiz sahara kazak mәdenietin koptegen zhyldar bojy syrtky zhaulardan korgashtap ozindik erekshelikterin saktauga sebebin tigizdi Dүlej dalada tek zhүz ben ruga bolingen tutas kauym gana omir sүre alatyn edi Қyskasha ajtkanda Әlihan men Mirzhakyp Ahmet Bajtursynov pen Magzhan Zhumabaev Zhүsipbek Ajmauytov pen Sultanmahmut Torajgyrov sekildi alashtyn arystary oz kүresinde halkynyn gasyrlyk murasynan kashanda kүsh kuat alyp otyrdy Shәkәrim ҚudajberdiulyҚazaktyn ruhani mәdenieti men mentalitetinde oshpes iz kaldyrgan alyp tulganyn biri Shәkәrim Қudajberdiuly Onyn shygarmashylygynyn negizgi takyryby moral filosofiyasy men mәdeniet ilimin kamtidy Shәkәrim Abajdyn nemere inisi zhәne uly akynnyn murasyna sүjengen Ol arnajy oku ornynda okymasa da arab parsy orys shagataj tilderin oz betimen үjrenip sol tilderdegi shygarmalardan dala ojshyly turgysynan oj korytkan Abaj siyakty Shәkәrim de kazak elin kalaj orkenietti mәdenietti elder kataryna kosamyn dep talpynady Onyn ojynsha bul azamattyk oteudin basty sharty tugan eldin bүkil tarihi mәdeni kundylyktaryn zhogaltpaj olardy zaman talabyna sәjkes koldanu Shәkәrimnin ruhani izdenisinde ezhelgi sak tүrik zamanynan kalyptaskan garyshtyk dүnietanym erekshe oryn alady Tәniri Nur Kүn Tabigat ol үshin kasietti kieli ugymdar Қazak mәdenietinde burynnan kele zhatkan ideya zhannyn mәngiligi Әl Farabi men Қozha Ahmet Iassaui Abaj men Magzhan zhalpy Shygys gulamalary bojynsha adamnyn dүniedegi tirshilik etu magynasy zhannyn mәngiligimen ajkyndalady Әjtpese omir mazmuny zhanuarlyk kүn koruden alys ketpek emes Әlem men adamga bagyt beretin zhol korsetushi mәngilik pen sheksizdiktin kepili Nur Ogan adamnyn zhaj akyly zhetpejdi ony angaru tүsinu zhan dүnienmen kabyldau kazhet Өtpeli omirden mәngilikke fәniden bakiga koshu baska sozben ajtkanda bul dүnieden ketu degenimiz adam zhanynyn Nurga kosyluy Zhan dejdi Shәkәrim menin ajtkanymdaj basta bar bolsa turgan denesi oryn boluga zharamagan son deneden shykkanda birzhola zhogalyp ketpejdi Қur gana ozgeretin bolsa burynnan bar zhannyn zhogaluyna tүk dәlel zhok Olaj bolsa bir tүrge tүsip barlyktyn ishinde bar bolyp zhүredi Үsh anyk Әlem 39 bet Osy negizgi shygarmasyn Shәkәrim uzak dajyndyktan son zhazgan zhәne ol Zhana zamandagy kazak kәsipkoj filosofiyasynyn algashky tuyndysy bolyp tabylady Bul shygarmada ajtylgan ojlardyn syry men astarly katparlary mol Batystagy materializm zhәne idealizm tәrizdi eki anykpen Shәkәrim shektelmej oz zholy үshinshi anykty usynady Enbekpenen ornekpenen Өner ojga tokylsa Zhajnar konil kajnar omir Ar ilimi okylsa Yagni basty mәsele ar ilimi moraldyn tonireginde Kәdimgi etikany Shәkәrimnin ar ilimi dep atauynda da үlken mәn bar Sebebi onyn negizgi kategoriyasy mәdeniettiliktin tiregi uzhdan Bul kategoriyany tүsinu үshin Shәkәrimnen үzindi keltirejik Әrine zhanyn olgen son tazaryp zhogarylajtynyna nangan kisi kuanyshta bolyp zhogaluyna nangan kisi okinishte bolyp birzhola zhogalmady au dep olse kerek Zhәne uzhdan sovest zhannyn tilegi ekenine nangan kisi kiyanat kylganyna katty kejip zhaksylyk kylganyna zhete kuansa kerek Olaj bolsa nanbaj uzhdan sovest kur gana korinis үshin adamdykka lajyk degen kisige zhaksylyk kiyanattyn kop ajyrmasy zhok bolsa kerek Ӏzin bildirmeudin ajlasyn tapsa bolgany sebebi olgen songy zhan omirine nana almaj uzhdan sovest zhan eki omirge birdej kerek tayanysh ekenine nana almagan kisinin zhүregin eshbir gylym oner eshbir zhol zan tazarta almajdy Eger bir adam zhannyn olgen songy omiri men uzhdan sonyn azygy ekenine әbden nansa onyn zhүregin esh nәrse karajta almajdy Adam ataulyny bir bauyrdaj kylyp eki omirdi de zhaksylykpen omir sүrgizetin zhalgyz zhol osy musylman zholy siyakty Kejbir dinshilderdi korlykka tүsirip zhүrgen shatak din zhalkaulyk әjtpese Zharatushyda bilim bar olgen son da bir tүrli zhan tirshiligi bar Zhan eki omirde de azygy uzhdan sovest deumen esh nәrseden kemdik kormejdi Tipti bul zhogarylaudyn en zor zhardamy үsh anyk degenim osy Үsh anyk Elem 44 45 bet Shәkәrimnin uzhdany biz zhogaryda ajtkan ezhelgi grektegi kallokagatiya I Kanttyn kesimdi imperativ ugymdarymen astas Ұzhdan degenimiz ynsap әdilet mejirim Kenes kezeniTarih aumagynan karaganda tym kyska uakyt aralygynda 70 zhyl bir adamnyn gumyry kazaktyn ulttyk mәdenieti Kenes okimeti kezinde san kyrly kubylystardy oz basynan otkizdi 1916 zhyldan bastalgan kүres kelesi zhyly maksattaryna zhetkendej boldy Өzderin demokrattar sanagan Uakytsha үkimet okilderi soz zhүzinde ezilgen halyktarga azattyk beremiz dedi Қazak gulamasy Ә Bokejhanov revolyuciya zhasala sala Zhanargan Resejdin erikti azamattary kazaktarga degen oz үndeuin zhariyalady Zhalpy alganda kazaktyn ulttyk mәdenietin XX gasyr talaptaryna sәjkes kajta kuruda Alash partiyasynyn roli erekshe boldy Revolyuciyanyn bastapky kezindegi manyzdy mәselenin biri ulttyk mәdeni avtonomiyaga katysty edi Resej revolyuciyalyk kozgalysynyn kadettik socialistik zhәne kommunistik bagyttarynyn kosemderi bul ideyaga karsy shykty V I Lenin bolsyn F Kerenskij bolsyn territoriyalyk federaciyany zheleu etip birortalykka bagyngan Resejdin imperiyalyk mәnin saktap kaluga tyrysty Bolshevikter ogan kosa ozderinin atyshuly Barlyk elderdin proletarlary biriginder uranyn basshylykka alyp ulttyk mүddeni shetke shygaryp tastady 1917 zhylgy mausym ajyndagy basylymynda Қazak gazeti osy mәseleni tikelej kojdy Avtonomiyanyn kazaktarga auadaj kazhet ekendigin ajtyp onyn үsh negizi bar ekendigine okyrman nazary audaryldy territoriya mәdeniet zhәne ulttyk erekshelikter 1917 zhyldyn 21 26 shildesinde Orynbor kalasynda Birinshi bүkil kazaktyk kuryltaj otti Onyn sheshimderi bojynsha Alash partiyasynyn bagdarlamasy zhariyalandy Bagdarlamanyn kejbir bolikterinen үzindi keltirejik 1 Resej demokratiyalyk Federativtik Respublika boluy kerek onyn kuramyndagy әrbir memleket tәuelsiz әreket etedi 2 Қazaktar turatyn ajmaktardan kuralgan avtonomiya Resej Federativtik Respublikasynyn kuramdy boligi bolyp tabylady 3 Resej Respublikasynda ten pravolylyk tulga soz baspa uzhymdar eriktiligi bolady 4 Din memleketten bolinedi Barlyk dinder ten pravoly kazaktardyn ozindik muftijligi boluy kerek 5 Bilik pen sot әr halyktyn erekshelikterine sәjkes kuryluy kazhetti bi men sot zhergilikti halyktyn tilin bilui mindetti 6 Bilim alu barlygynyn ortak igiligi Bүkil oku oryndarynda bilim alu tegin Қazaktardyn oz tilindegi orta zhәne zhogary oku oryndary universitetteri de boluy kerek Bul bagdarlama 5 12 zheltoksanda otken Bүkilkazaktyk ekinshi sezde kuptalynyp osy kuryltajda ujymdastyrylgan Alashorda үkimetinin negizgi zanyna ajnaldy Sonymen 1917 zhyldyn ayagyna taman Қazakstan progress zholynda talaj zhetistikterge zhetti zhәne ulttyk tol mәdenietti damytuga mүmkindik aldy Қazak ruhani mәdenietinin sol tustagy dengejinde Alash kajratkerleri aldyngy katarda turdy Kejin totalitarlyk zhүje olarga әdeji kontrrevolyuciyashyl ultshyldar dep zhala zhapkan Alajda bolshevikter ornatkan totalitarlyk zhүje kazak halkynyn Resejdin baska halyktarynyn da azattyk alu mәdeni orkendeu mүmkindikterin kuldyratyp zhiberdi XX gasyrdagy en sumdyk kylmystardyn biri Kenes Odagynda zhasaldy Totalitarlyk zhүje oz halkyna kyrgyn salyp genocid onyn etnomәdeni tutastanuyna orasan ziyan keltirdi Adamzattyn bүkil tarihynda eshbir sayasi ozgeris nak osyndaj sүrginge әkelgen zhok XX gasyrdagy eki socialistik eksperiment fashistik ulttyk socializm zhәne kommunizm 100 millionnan astam adamdy kyrdy Etnobirigu zhәne mәdeni evolyuciyany bekerge shygaratyn bolsheviktik ideologiya men praktika buryngy Resej imperiyasy topyragyndagy halyktardyn gasyrlar bojy zhinaktalgan mәdeni kundylyktaryn talan tarazhga saldy Bul әsirese kazak tagdyrynan anyk korinedi Ұlttyk mәdeni tutastanuga keselin tigizgen tomendegidej bolsheviktik tәzhiribelerdi atap otejik 1 Demografiyalyk genocid Belgili demograf Makash Tәtimovtyn esepteui bojynsha totalitarlyk zhүje kezinde kazaktar shetelderge birzholata koship ketkenderin kosa sanaganda 4 5 million adamynan ajrylgan yagni bүkil halkynyn үshten ekisin zhogaltkan Procenttik katynasta dejdi M Tәtimov Қazakstan kasireti Batys Armeniya kasiretinen Europadagy fashizmnin evrejlerdi zhoyuynan Kambodzhadagy zulmattan da asyp tүsti Demografiyalyk keskin Қazak 66 67 bet 2 Etnomәdeni ekspanciya Patshalyk Resej imperiyasy bastagan migraciyalyk sayasatty Kenes okimeti de dәjekti zhүrgizdi Genocid nәtizhesinde kanyrap bos kalgan ken dala kelimsektermen toltyryldy XIX gasyrdyn ortasynda oz zherinde 92 in kuragan zhergilikti ult okilderi 1959 zhylgy sanak bojynsha 29 ke dejin tomendedi Munyn ozi 1916 zhylgy kyrgynnyn azamat sogysynyn F Goloshekin zhүrgizgen Kishi Oktyabr sayasatynyn 30 zhyldardagy ashtyktyn tyn zhәne tynajgan zherlerdi igeruge syrttan zhүz myndagan bogdelerdin keluinin saldary ekeni belgili Etnomәdeni ekspanciya feodalizmnen socializmge birden sekiru үshin ajmakty industriyalandyru kazhet al buryngy koshpeliler tehnikaga zhetik emes sondyktan ortalyk audandardan kәsibilerdi shakyru kerek degendi zheleu etken Migranttardyn koptep koship kelui kazaktardyn dәstүrli mәdenietin shajkaltyp onyn orisin taryltty Әrine etnomәdeni ekspanciyanyn zhagymdy zhaktary da boldy bilimdilik dengejinin koterilui ekonomikalyk damu mәdeni dialog t b Alajda tarazynyn eki basy ten emes edi Kenes mәdenieti Қazak kenes mәdenieti turaly әngime etkende onyn tarihi erekshelikteri men ozindik belgilerine toktalyp otken zhon Eger buryngy kazak mәdenietin dәstүrlik orkeniet dep bagalasak onda totalitarlyk zhүjede ulttyk negizderdi zhojyp zhiberuge bagyttalgan bolysheviktik sharalardy eskeru kerek Tagdyry ortak zhana kauym tarihta buryn bolmagan adamdardyn zhogary birlestigi kenes halky sondaj ak mazmuny proletarlyk zhәne tүri ulttyk socialistik mәdeniet urandaryn basshylykka algan ideologtar men sayasatshylar ruhani mәdeniettin tamyryna balta shapty Erte zamannyn ozinde atakty Aristotel mazmun men formanyn birligin dәleldese revolyucioner marksister mәdeniettegi ulttyk mazmundy bekerge shygardy Shyn mәninde en aldymen mәdeni tuyndynyn mazmuny ulttyk bolyp tabylady Өjtkeni mәdeni kajratkerler oz shygarmashylygynda naktyly ulttyk kokejkesti mәselelerdi koteredi kandaj abstraktyly shygarma bolganymen onyn tamyry etnostyk folklordan halyktyk pedagogika etika dүnietanymnan nәr alady Zhogarydagy socialistik mazmundy komkergen ulttyk formany Stalin tek tilge әkep tiregen Olaj bolsa oz ultynyn tarih talgamyn orys tilinde zhazgan Sh Ajtmatov pen O Sүlejmenovty kalajsha ulttyk mәdenietten alastajmyz Әdebi tilden baska әr etnostyn ozindik rәmizderi tanbalary muzyka teatr korkemoner tili bar Әr etnostyn toltuma mәdenietine үlken nuksan keltirgen bolsheviktik tәzhiribelerdin biri ultaralyk nekelesudi dәripteu Әrine tabigi tarihi zhagdajlarda bul progressivti process dүniezhүzilik mәdeni suhbattasu agynynyn bir bulagy Әr tүrli etnostardyn tipti nәsilderdin aralasuy nәtizhesinde kazirgi әlemde kornekti rol atkaratyn amerikandar braziliyalyktar meksikandar үndiler siyakty halyktar kalyptasty Etnobiologiyalyk zhәne etnointegraciyalyk tutastanudy okshaulanu dep tүsinudin auyly akikattan alys Alajda Kenes Odagynda bul process oktemdilikpen zhүrgizilip imperiyadagy baska halyktardy orystandyru sayasatynda otti Sayasi ideologiyalyk urandardyn zheleuimen 200 den astam etnostar aralastyrylyp zhiberildi Nәtizhesinde zhүzge tarta toltuma mәdeniet mәngilik zhok bolyp zhumyr zherdin mәdeni ruhani bolmysy solgyn tartty Osynau zhojkyn da zhojdasyz kasirettin ornynda myndagan zhyldar bojy kalyptaskan toltuma mәdenietin әbden taptap himeralyk kүjge zhetken 300 million tobyr kaldy baska ultpen nekelesken 60 million dүbara kaldy 60 myn tiri zhetim balalar kaldy tirkeuge alyngany gana abaktynyn turakty turgyndarynyn sany 20 millionga zhetti Tarakty A Auyzsha tarihnama Қazak 36 bet Shyn mәninde Kenes Odagy marginaldar kogamyna ajnaldy Әr ulttyn mәdeni arhetipterin shajkaltu Kenes Odagynda memlekettik sayasat dәrezhesinde nysanaly tүrde zhүrgizildi Mysaly 1951 zhyly Ortalyk musylman halyktarynyn Dede Қorkyt Alpamys Manas Er Sajyn Shora Batyr Қobylandy siyakty epostaryn dinshil zhәne aksүjektik dep zhariyalap olarga tyjym saldy Halyktyk mәdenietti kudalaudyn soraky bir korinisi dombyrany feodalizmge aparyp tirkeu Totalitarlyk zhүjenin mәdeniet salasynda zhүrgizgen sayasaty tek kenestik ulttardy tazalaumen shektelgen zhok Zhana kommunistik mәdenietti kalyptastyru degendi basshylykka algan partokratiya dүniezhүzilik ozyk mәdeniet үlgilerine toskauyl zhasady Belgili temir perdemen korshalyp kojylgan KSRO da taza proletarlyk mәdeniet dәripteldi bүkil Batys burzhuaziyalyk al Shygys eskishil feodaldyk dep zhariyalandy Munyn bir dәleli Otan sogysynan kejin stalinizmnin zhүrgizgen sharalary Kosmopolittik mәdeniet imperializm ykpaldaryna tүsken gylymdar kataryna kibernetika genetika tiltanu t b kojyldy ҚorytyndyҚorytyp ajtkanda bolsheviktik mәdeni revolyuciya Zher sharynyn 76 boliginde kenestik adam atty buryn sondy bolmagan adamdardyn ajryksha tүrin kalyptastyruga bagyttaldy Bul turaly Shyngys Ajtmatov sheberlikpen surettegen mәngүrt bejnesin eske alajyk Tarihi dәstүrden mүldem ajyrylgan tipti oz anasyn oltiruge dajyn mәngүrtter kaptap ketti Zhas zhetkinshekterge үlgi retinde usynylgan Pavlik Morozov oz әkesin satkan adam Әrine shirek gasyrga sozylgan bүkil osy kezendi tek kara boyaumen suretteuden aulakpyz Қazakstanda kenes okimeti zhyldarynda mәdeni salada edәuir zhetistikter de boldy Partiya sayasatyn tүsinu үshin elge kozi ashyk sauatty azamattar kerek edi Resej siyakty buryn negizinen sauatsyz imperiyada halykka bilim beru zhүjesi birtalaj tabystarga zhetti Әrbir odaktyk respublika oz Ғylym Akademiyalaryna memlekettik universitetterine instituttaryna ie boldy Zhogary baskaru zhүjeleri negizinen orystarga sүjengenimen zhergilikti ult okilderine muktazh edi Olardy dayarlau Resejdin ortalyk audandarynda zhүrgizildi Munyn nәtizhesinde koptegen ult okilderinin europalyk mәdeniet zhәne bilimge koldary zhetti Baspasoz gazet zhurnaldar shygaru radio habarlaryn taratu teledidar kezinde otarba sikyrly mashina dep zhүretin auyl turgyndaryna zhete bastady Қazakstannyn mәdeni omirinde ulttyk opera balet drama simfoniyalar pajda bolyp aukymy keni tүsti Қazak bulbuly Kүlәsh Bajsejitova sheber bishi Shara kәsipkoj sahna zhүldyzdary Serke Қozhamkulov Қalibek Қuanyshbaev Shәken Ajmanov t b oz onerlerimen halyk dәstүrin zhana zamanga lajykty zhalgastyra bildi XIX gasyrdyn ortasynan kejin kalyptasa bastagan zhazba әdebieti de kenes Өkimeti zhyldarynda birshama tabystarga zhetti Sәken Sejfullin Muhtar Әuezov Sәbit Mukanov Bejimbet Majlin Mukagali Makataev siyakty koptegen akyn zhazushylar socialistik realizm men tap kүresi ideologiyasynyn shenberinen shygyp oz shygarmalarynda halyktyn konil kүjin arman tilegin tynys tirshiligin sheber surettej bildi Osy zhyldary kazak halkynyn mәdeni tarihyn zerttep biluge bagyttalgan birshama әreketter zhasaldy Bul rette kazak eposynyn negizinde korermenderge usynylgan Қyz Zhibek Ajman Sholpan Қozy Korpesh Bayan sulu Er Targyn siyakty opera korkem film baletterdi atap otuge bolady Tarihi eskertkishterdi korgau saktau Қazakstan tarihyn korsetu maksattarynda respublikada koptegen murazhajlar ujymdastyryldy 80 zhyldarda respublikada 47 murazhaj onyn ishinde 29 olketanu 5 tarihi memorialdyk 4 әdebi memorialdyk 4 onertanu 1 etnografiyalyk muzej zhumys istedi Alajda totalitarlyk zhүje Қazakstan halyktarynyn mәdeni tolysuyna yntaly emes edi Muny әsirese mәdeniettin ozegi til men dinge bajlanysty zhүrgizilgen sayasattan koruge bolady Feodalizm men algashky kauymdyk kurylys kaldyktarymen kүresudi zheleu etken Ortalyk 20 zhyldardan bastap meshit pen medrese mүlkin tәrkilep dini okilderdi kugynga ushyratty Ondagan tүrik halyktary aldymen latyn kejin slavyan alfavitine koshirildi 1927 1928 zhyldary biler soty zhojylyp dәstүrlik zandar zharamsyz dep zhariyalandy Mәdeniettin taza partiyalylygyn zhogarydan bakylaushy ujymdar katty kadagalap otyrdy Baslit cenzura men Basrepertkom baspasoz ben teatrlarda socializm ideyalaryna sәjkes kelmejtin shygarmalarga tyjym saldy 1991 zhyldan bastap Қazakstan tәuelsiz memleket Ata zan bojynsha ol kazak halkynyn ozin ozi bilejtin eli zhәne baska etnikalyk toptarga ten kukyktykty kamtamasyz etedi Eki gasyrdan artyk kily zaman Bugalygyn basynan otkizgen el endi gana ozine tәn mәdeniet pen orkenietti kalyptastyruga mүmkindik aldy Tagy karanyzMusylman Renessansy zhәne tүrik halyktarynyn mәdenieti Dәstүr zhalgastygy zhәne zaman talaby Өzgerister uakyty zhәne otarlyk mәdeniet Қazakstan zherindegi dәstүrli sharuashylyk mәdeni tipterDerekkozderMәdeniettanu negizderi Okulyk Almaty Dәneker 2000 ISBN 9965 485 34 8 Mәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnalgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet