Алдыңғы бапта қазіргі кезде де өз ықпалын сақтаған және әлемдік процестерге терең әсер тигізген исламдық өркениеттің белгілі бір «ренессанстық» уақытын Қазақстанға байланысты қарастырып өттік. Шарықтап өрлеген бұл өркениеттің түркістандық тармағының шамамен XIII ғасырдан бастап күйзеліске ұшырағаны тарихтан белгілі. Этникалық тұтастанудың немесе жаугершіліктің нәтижесінде қалыптасқан Кіндік Азиялық империялар ұзақ уақыт мәдени өрісте өзінің қалпын сақтай алмады. Әртүрлі түріктік алғашқы дала империялары мен мемлекеттері, араб халифаты, Шыңғысхан империясы, Алтын Орда мен Ақсақ Темір мемлекеттері уақыт сынағынан өтпеді. Олардың құрамындағы халықтардың рухы күшпен енгізілген бірлік белдеуін үзіп тастады. Бұл процесті әртүрлі бағалауға болады. Қалыптасып келе жатқан этностар (қазақтар, өзбектер, түрікпендер ж.т.б.) тұрғысынан көшпелік империялардың ыдырауын қолайлы құбылыс деп те тануға негіз бар... Бірақ бұл ыдырау уақыты номадаларды қоршап тұрған отырықшы империялардың есін жинап, қарсы шабуылға көшуіне мүмкіндік берді. Ол Еуразияда жаңа геосаяси жағдайды тудырды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлік уақыты оның ұлт болып қалыптасуымен және өзіндік төл мәдениеттің пісіп-жетілуімен байланысты. Бұл кездегі мәдениет туралы түсініктер архетиптік уақыттың негізгі ерекшеліктерін жаңа мәдени хронотопқа байланысты жалғастырды. Осыған қатысты тағы бір пікір әдебиетте жиі келтіріледі: бұрынғы архетиптік түрік мәдениетінің басты құндылықтарын бойына толық сақтаған түріктік этностарға қазақтар, қырғыздар, ноғайлар, қарақалпақтар, қашқайлар, башқұрттар ж.т.б. жатады. Өйткені олар XX ғасырға дейін бұрынғы көшпелілік өмір салтын жалғастырған. Бұл тұрғыдан алғанда, қазақ халқының мәдениет туралы дәстүрлі түсініктерінің негіздері өзгерістерге көбірек ұшыраған басқа халықтар үшін архетиптік қызметі бар. Сонымен, Орталық Азияның және жапсарлас жатқан аймақтардың номадалары X—XIII ғасырларда өркениеттілік уақыт өрісіне тартылғанымен, кейін ыдырау және этностық қалыптасу кезінде уақыттың дәстүрлі түсініктерін қайтадан жандандырды. Яғни, дәстүрлік уақыт халықтық дүниетанымда фольклорлық уақыт арқылы бейнеленді.
Қазақтың дүниетанымы
Қазақтың мәдениет туралы дәстүрлік түсініктерінде көне негіздермен қоса мұсылмандық қағидалар қатарлана келеді. Дәстүрлі дүниетанымда қиял-ғажайып кейіпкерлерді, алғашқы тотемдік бейнелерді ислам өркениетіне жалпы тән Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Жеті кәміл пірлер, Арыстанбаб, Қыдыр, мұсылмандырылған Түкті Баба Шашты Азиз тәрізді қуатты әулиелер ауыстырған. Бұл мәселені А. Байтұрсынов өзінің «Қобыланды жырындағы әйел бейнесі» атты мақаласыңда жақсы көрсеткен. Қалмақтармен күрескен қазақтардың салт-дәстүрлері әлі де ескі сенім-нанымдардан исламға өту дәуірін бейнелейді. Мысалы, Қобыландының әйелі Құртқа бойына мұсылмандық әдет-ғұрып жүйесін жинақтаса, оның шешесі Көктен кемпір мифологиялық жан. Исламдық өркениеттің қазақ еліне тигізген әсерінің күшеюі нәтижесінде уақыттың хиджралық өлшемі де (Мұхаммедтің Меккеден Мәдинеге қоныс аударуынан, 622 ж.) қазақтың дәстүрлік мәдениетінде кең қолданыла бастады. Бұл есептеу жүйесі, әсіресе, еуразиялық Далада қалыптасқан жазба шежірелерде жиі қолданылған. Жалпы алғанда, шежірешілдік қазақтың және оның ата-тектерінің мәдениетінің маңызды көрінісі. Эпостық уақыт дәстүрлік уақыттың, маңызды болса да, бір бөлігі ғана. Шежірелер көшпелілердің бәрі сауатсыз еді деген штамптың жалғандығын дәлелдейді. Шежірелер бір жағынан алғанда Ислам Ренессансымен тұтасып жатса, келесі қырымен ол далалық ауызша тарихнаманың (ДАТ) арнасымен қатысты. Оның ықпалымен Кіндік Азияда тарихи-шежірелік мектеп қалыптасты. Концептуалды уақыт болашақ туралы әртүрлі болжамдар жасауды өзіндік мақсат деп есептейді. Уақыттың сәттік тар шеңберінен шығып, болашаққа қарай ой жүгіртіп, оны сараптау қазақтың дәстүрлі төл мәдениетінде де кең орын алған талпыныс. Бұл туралы С. Қасқабасов былай деп жазады: «...халық жақсы өмірді армандап, «алтын дәурен», «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман», не болмаса елді қиыншылықтан құтқаратын бір қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарады. Ол әңгіме, аңыздардың басты кейіпкерлері — өмірде болған. Бара-бара мұндай аңыздар әпсана-хикаятқа айналады. Осыдан барып мессиандық рөл атқаратын адам, елге ырыс-дәулет беретін қоныс жайында әпсана-хикаят қалыптасады. Мұндай әпсана-хикаяттың тарихи аңыздан айырмашылығы оның тек көркемдік дәрежесінде емес. Оның басты ерекшелігі сол — тарихи аңызда өткен тарихтан гөрі қиялдан, арманнан туған оқиғалар мен кейіпкерлер дәріптеледі, мұнда заман, адам, жер-су, мекен халықтың қалауы бойынша суреттеледі, олар осындай болса екен деген тұрғыда көрсетіледі». (Қазақтың халық прозасы. — Алматы, 1984. — 175-бет).
Жерұйық - Асан қайғы
Осындай аты аңызға айналған тұлғалардың бірі, XV-ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын және философ Асан қайғы атанып кеткен — Хасен Сәбитұлы. Шоқан Уәлиханов оны «көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп айтады. Қорқыт ата сияқты Асан қайғы үлгі тұтарлық Гүлстанды — идеалды қоғамдық құрылысты арман етті. Бұл қазақ мәдениетінің жаңа ғана қалыптаса бастаған кезі еді. Ол қазақ хандарына тым ерте қуанбаңдар, табысқа масаттанып кетпеңдер деп ескерту жасады. Ол халықтың болашағын ойлап, Еуропадағы Томас Мордың «Утопия» аралына, Томаззо Кампанелланың «Күн қаласына» ұқсас «Жерұйықты» іздейді. Жерұйық — қой үстіне боз торғай жүмыртқалайтын, ру-тайпа таласы жоқ, жұт пен қайғы-қасіреттен аулақ, шөбі шүйгін, суы сүт, топырағы май, тасы алтын, ағашы жеміс-жидекке толы құтты қоныс. Сол жерді табу үшін ол желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын шарлап кетеді. Алайда таба алмайды, қайғыланып, өмірден өтеді. М. Әуезов халықтың нағыз ертегісі болып, тек сол қалыпта ғана ой-жадында сақталған адамның бірі — «Асан қайғы» дейді. Әрине, Асан қайғы пессимистік тұлға емес. Оның шығармашылығынан туатын негізгі қағида: «Жерұйыққа», бақытқа жететін жолдың оңай еместігі; оған қажымас қайратты, дәйекті, ел қамын ойлаған жетеді. Асан қайғы уақыт пен кеңістіктің салыстырмалығы, олардың ішкі ырғақтары және тіршілік тылсымдары туралы терең де әсерлі бейнелер келтірген. Дәстүрлік уақытты талдағанда Асан қайғының заман мен болашақ, жақсылық пен жамандық, мұрат пен шындық, мәңгілік пен ғаріптік туралы айтқан пікірлерінің амбиваленттік (ішкі қайшылық) сипатында болатындығын еске сақтаған жөн. Жалпы алғанда, уақыт ұғымының өзі екіұшты. Ол әрі бар, әрі жоқ. Әрі жасампаздықты, әрі өткіншілікті бейнелейді. Асан қайғы уақыт ағынына байсалды сеніммен қарайды. Оның қайғысы тіршілікті қастерлеуден туған. Асан қайғы кеңістіктен таба алмаған жер жаннаты «жерұйықты» үйлесімдік деп (гармония) пайымдайды. Бұл тек Хаос пен Реттідіктің (мифологиялық сана), Табиғат пен Адамның (архетиптік дүниетаным) арасындағы үйлесімдік емес. Ол — адамның өзінің өзімен үйлесімдігі. Бұл жағдайда заман мен адам теңесе алады. Әрине, бұл идея қазақтың төл мәдениеті қалыптасып келе жатқан уақытта қажеттіліктен ықтималдыққа жақын еді. Кейін Қазақ хандығының жау қыспағынан әлсіреп, Ресейдің отары бола бастаған кезде заман бейнесі «Жерұйық» кейпінен «Зарзаманға» айналады. «Зарзаман» түсінігі қазақтың төл мәдениетінде қалыптасқан уақыт туралы әсерлі бейнелердің бірі болды. Бұл бейненің өзіндік ерекшелектерінің типологиялық мазмұны терең болғандықтан, оған арнайы тоқталып өтелік.
Зарзаман
Халық ауыз әдебиетіндегі «Зарзаман» мәдени ағымының өкілдері бұрынғы төл мәдениет үлгілерін дәріптеді. Отаршылық әрекеттің күшейе беруі халықты дініне айыру қаупін туғызды. «Сыртқы өмірдің, — дейді М. Әуезов, — осы сияқты себептерінен қазақтың ойына уайым араласқан, көңілі жабығып, сөзінен, өлеңінен, әнінен, бұрынғы билік, еркелік, еркіндіктің бәрі де арыла бастап, оның орнын арман, зар-шер, қайғы басқан». (Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі. Әлем, 260 201-бет). «Зарзаман» идеясы — қазақ мәдениетінің өзінің болашағы туралы қам жеуінің уақыттық таңбалық белгісі. Тікелей болмыс пайымдаушы адамды қанағаттандыра алмайды, батырлық ғасырлардың ұзаққа созылуы мүмкін емес еді: оның белгілі бір тұрақты межеге жете алмауы, бір ата жаудың (мысалы, жоңғардың) орнына, одан да қатерлі күштердің төніп келуі (Қытай мен Ресей) дәстүрлі уақыттың мәңгі еместігі жөнінде ой желістерін туғызды. Жерұйық пен Жиделі Байсынды Ақырзаман алмастырды. Мұны тек діни эсхатология деп қарастырмау керек. «Зарзаман» бейнесін күйзеліске түсе бастаған мәдениет міндетті түрде туғызады. Сондықтан нақтылы болмыстағы табыстарға масаттана бермей, тарихтың алдағы қисындарын көре білу қажет. Мұны жауларымен батыл арпалысқан қазақ хандарының ақылшы-сәуегейлері Асан қайғы мен Бұқар жырау да көре білген. «Зарзаман» бейнесі дүниежүзілік мәдениеттегі уақыттық бағдардағы оптимизм немесе пессимизмнің басымдылығы туралы ілімдермен сабақтас. Ф. Вольтердің атақты «Кандидінде» осы мәселе көркем әсірелеу және философиялық топшылау тұрғысынан терең талқыланған. Егер еуропалық мәдени-ағартушылық бағытының өкілдері білім мен ғылымға сүйенген адамның құдіреттілігін дәріптесе, онда кейін қалыптасқан Романтизм өкілдері оған шек қойып, өрлемелі уақыт барысы дегенге күмән келтіреді. Біз бұл жерде «Зарзаман» ақындары осы Романтизмнің бір тармағы деп отырғанымыз жоқ. Еуропалық мәдениетке тән типологияны басқа аймақтарда сын көзбен қолданған жөн. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіне уақытты оптимистік, не пессимистік тұрғыдан түсінудің қайсысы сәйкес келеді деген сұрақ туады. Жалпы алғанда, мәдениеттанушылар Батысқа белсенділік, мақсаткерлік, рационалды болжау көбірек тән болса, онда Шығыс енжарлықтың, мұң-зардың, мистиканың аймағы деген пікірді жиі айтады. Әрине, бұл пікірдің жанды жақтары да бар. Әсіресе музыкалық өнердің стиліне байланысты (мысалы, грек гимндерін, Рим марштарын, еуропалық сауықтық (карнавалдық) мәдениетті қобыз сарындарымен, парсы рубаиларымен, үндінің діни текстеріндегі ырғақтармен салыстырыңыз). Алайда, бұл тым дерексіздендірілген жалпылама тенденция болып табылады. Шығыстың өзі көпқұрылымды (мозаикалы). Бұл аймақтағы исламдық, үнділік, конфуцийлік тармақтардың оптимизм және пессимизм туралы түсініктері де әртүрлі. Мысалы, зороастриз бойынша, адам саналы түрде бір нәрсеге — жауыздықты жеңуге ұмтылуы керек, ал ол үшін игі мақсатқа сәйкес өмір сүруге тиіс. «Шындық — ең жақсы игілік» деген принцип — ұлы принцип. Болашақты зороастризмдегідей Әділеттік бастамасы — Ахура-Мазда жеңген күндей бейнелеу үшін табиғи және тарихи жағдай қолайлы болуы қажет. Бірақ «Зарзаман» ақындары өмір сүрген уақыт басқаша еді. Олардың зары кертартпа феодализм жаңғырығы да емес, қоғамды артқа тарту да емес, еуропалықтарға деген жеккөрушілік те емес еді. Бұл дәстүрлі мәдениет түйыққа тіреліп; одан шығатын жол іздейін десе, қол-аяғы кісенделіп, бодаңдыққа түсе бастаған елдің тағдыры мен болашағы туралы толғаулары еді. Осы ағымның басты өкілі Шортанбайға сөз берейік:
- Заман қайтып оңалсын?
- Адам қайтып қуансын?
- Жандарал болды ұлығың,
- Майыр қалды сыйлығың
- Айырылмастай дерт болды.
- Нашарға қылған зорлығың,
- Кінәзді көрдің жырыңдай,
- Тілмашты көрдің биіңдей,
- Дуалды көрдің үйіңдей,
- Абақты түр көріңдей.
- Байлар ұрлық қылады,
- Көзіне малы көрінбей.
- Билер пара жейді екен
- Сақтап қойған сүріңдей.
- Заманның түрі бұзылды
- Текеметтің түріндей.
- (Зар заман – Әлем, 307-бет)
Зарзаман ақындары халық тағдырының этномәдени кеңістіктің тұтастығымен тығыз байланысты екендігін жақсы түсінді. Зарзаман ақындарының уақыт тығырығын дұрыс түсінгені және оған әділ баға бергені тарихи маңызды іске жатады. Дәстүрлі мәдениеттің басты құндылықтарын қызғыштай қорғау сол кездегі уақыт талабына сәйкес еді. Олардың заманға берген бағасы уақыт сынынан өтіп, кейінгі тығырықта да өз актуалдығын жоғалтқан жоқ. Алайда, «Зарзаман» өкілдері рухани мәдениеті тарылып, суала бастаған арнадан әлемдік өркениеттің шексіз мүхитына апаратын ағын бағдарын көрсете алмады. Бұл бұрынғы әдетке айналған маркстік сынды қайта жаңғырту емес. Уақыт философиясының маңызды қағидасы оның кері жүрмейтіндігін дәлелдейді. Екіншіден, уақыт әлем мен тіршілік ырғақтарынан тыс шексіз ұзақтық та емес. Яғни, ол адам үшін жатсыздандырылған болмыс бітімі де емес. Оны уақыт керуені, мәдениеттер көші деген бейнелік таңбамен түсінген дұрыс. Керуен басын адам бұра алады; яғни, адам уақытқа тек тәуелді пенде емес. Ол — тарихи-мәдени процестің (уақыт ағынының) субъектісі (иесі). Сергелдеңге түскен мәдени көштің басын өткен белестерге бүру, мұраттар мен құндылықтарды ескіден іздеу антиутопияның бір түрі болып табылады. Техникалық жетістіктер мен батыстық өркениеттің Қазақстан жеріне жете бастаған кейбір құндылықтарына тосқауыл қою арқылы дәстүрлік мәдениет өзін өзі сақтай алмайтын заман туды. Бұл заман талабына дәл және сәйкес жауап беру керек. Еуразиялық және афразиялық далалардың тұрғындары көне заманда табиғаттың қатал сыны қуаңшылыққа өздерінің бұрынғы шаруашылық-мәдени типін өзгертіп, көшпелілерге айналған болатын. Жаңа Заманда одан да қатал сынды сол көшпелілердің ұрпақтары бастарынан өткізді. Бірақ талапты қойып отырған табиғи күштер емес, тарих пен заман еді. Ал заман қысымы табиғаттың дүлей күштерінен де адуынды болды. Мәселе тікелей қойылды: не өзінің мәденишаруашылық типін өзертіп, кеңістіктің төрінен мығым орын алу, не америкалық үндістердің тағдырын қайталау. Бұл тарихи сыннан орны толмайтын құрбандары болғанымен, қазақ мәдениеті абыройлы шыға білді.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aldyngy bapta kazirgi kezde de oz ykpalyn saktagan zhәne әlemdik procesterge teren әser tigizgen islamdyk orkeniettin belgili bir renessanstyk uakytyn Қazakstanga bajlanysty karastyryp ottik Sharyktap orlegen bul orkeniettin tүrkistandyk tarmagynyn shamamen XIII gasyrdan bastap kүjzeliske ushyragany tarihtan belgili Etnikalyk tutastanudyn nemese zhaugershiliktin nәtizhesinde kalyptaskan Kindik Aziyalyk imperiyalar uzak uakyt mәdeni oriste ozinin kalpyn saktaj almady Әrtүrli tүriktik algashky dala imperiyalary men memleketteri arab halifaty Shyngyshan imperiyasy Altyn Orda men Aksak Temir memleketteri uakyt synagynan otpedi Olardyn kuramyndagy halyktardyn ruhy kүshpen engizilgen birlik beldeuin үzip tastady Bul procesti әrtүrli bagalauga bolady Қalyptasyp kele zhatkan etnostar kazaktar ozbekter tүrikpender zh t b turgysynan koshpelik imperiyalardyn ydyrauyn kolajly kubylys dep te tanuga negiz bar Birak bul ydyrau uakyty nomadalardy korshap turgan otyrykshy imperiyalardyn esin zhinap karsy shabuylga koshuine mүmkindik berdi Ol Euraziyada zhana geosayasi zhagdajdy tudyrdy Қazak mәdenietinin dәstүrlik uakyty onyn ult bolyp kalyptasuymen zhәne ozindik tol mәdeniettin pisip zhetiluimen bajlanysty Bul kezdegi mәdeniet turaly tүsinikter arhetiptik uakyttyn negizgi erekshelikterin zhana mәdeni hronotopka bajlanysty zhalgastyrdy Osygan katysty tagy bir pikir әdebiette zhii keltiriledi buryngy arhetiptik tүrik mәdenietinin basty kundylyktaryn bojyna tolyk saktagan tүriktik etnostarga kazaktar kyrgyzdar nogajlar karakalpaktar kashkajlar bashkurttar zh t b zhatady Өjtkeni olar XX gasyrga dejin buryngy koshpelilik omir saltyn zhalgastyrgan Bul turgydan alganda kazak halkynyn mәdeniet turaly dәstүrli tүsinikterinin negizderi ozgeristerge kobirek ushyragan baska halyktar үshin arhetiptik kyzmeti bar Sonymen Ortalyk Aziyanyn zhәne zhapsarlas zhatkan ajmaktardyn nomadalary X XIII gasyrlarda orkeniettilik uakyt orisine tartylganymen kejin ydyrau zhәne etnostyk kalyptasu kezinde uakyttyn dәstүrli tүsinikterin kajtadan zhandandyrdy Yagni dәstүrlik uakyt halyktyk dүnietanymda folklorlyk uakyt arkyly bejnelendi Қazaktyn dүnietanymyҚazaktyn mәdeniet turaly dәstүrlik tүsinikterinde kone negizdermen kosa musylmandyk kagidalar katarlana keledi Dәstүrli dүnietanymda kiyal gazhajyp kejipkerlerdi algashky totemdik bejnelerdi islam orkenietine zhalpy tәn Ғajyp Eren Қyryk Shilten Zheti kәmil pirler Arystanbab Қydyr musylmandyrylgan Tүkti Baba Shashty Aziz tәrizdi kuatty әulieler auystyrgan Bul mәseleni A Bajtursynov ozinin Қobylandy zhyryndagy әjel bejnesi atty makalasynda zhaksy korsetken Қalmaktarmen kүresken kazaktardyn salt dәstүrleri әli de eski senim nanymdardan islamga otu dәuirin bejnelejdi Mysaly Қobylandynyn әjeli Қurtka bojyna musylmandyk әdet guryp zhүjesin zhinaktasa onyn sheshesi Kokten kempir mifologiyalyk zhan Islamdyk orkeniettin kazak eline tigizgen әserinin kүsheyui nәtizhesinde uakyttyn hidzhralyk olshemi de Muhammedtin Mekkeden Mәdinege konys audaruynan 622 zh kazaktyn dәstүrlik mәdenietinde ken koldanyla bastady Bul esepteu zhүjesi әsirese euraziyalyk Dalada kalyptaskan zhazba shezhirelerde zhii koldanylgan Zhalpy alganda shezhireshildik kazaktyn zhәne onyn ata tekterinin mәdenietinin manyzdy korinisi Epostyk uakyt dәstүrlik uakyttyn manyzdy bolsa da bir boligi gana Shezhireler koshpelilerdin bәri sauatsyz edi degen shtamptyn zhalgandygyn dәleldejdi Shezhireler bir zhagynan alganda Islam Renessansymen tutasyp zhatsa kelesi kyrymen ol dalalyk auyzsha tarihnamanyn DAT arnasymen katysty Onyn ykpalymen Kindik Aziyada tarihi shezhirelik mektep kalyptasty Konceptualdy uakyt bolashak turaly әrtүrli bolzhamdar zhasaudy ozindik maksat dep eseptejdi Uakyttyn sәttik tar shenberinen shygyp bolashakka karaj oj zhүgirtip ony saraptau kazaktyn dәstүrli tol mәdenietinde de ken oryn algan talpynys Bul turaly S Қaskabasov bylaj dep zhazady halyk zhaksy omirdi armandap altyn dәuren koj үstinde boztorgaj zhumyrtkalagan zaman ne bolmasa eldi kiynshylyktan kutkaratyn bir kajratker turaly utopiyaly әngime anyz shygarady Ol әngime anyzdardyn basty kejipkerleri omirde bolgan Bara bara mundaj anyzdar әpsana hikayatka ajnalady Osydan baryp messiandyk rol atkaratyn adam elge yrys dәulet beretin konys zhajynda әpsana hikayat kalyptasady Mundaj әpsana hikayattyn tarihi anyzdan ajyrmashylygy onyn tek korkemdik dәrezhesinde emes Onyn basty ereksheligi sol tarihi anyzda otken tarihtan gori kiyaldan armannan tugan okigalar men kejipkerler dәripteledi munda zaman adam zher su meken halyktyn kalauy bojynsha suretteledi olar osyndaj bolsa eken degen turgyda korsetiledi Қazaktyn halyk prozasy Almaty 1984 175 bet Zherujyk Asan kajgyOsyndaj aty anyzga ajnalgan tulgalardyn biri XV gasyrdagy algashky kazak handary Zhәnibek pen Kerejdin akylshysy bolgan akyn zhәne filosof Asan kajgy atanyp ketken Hasen Sәbituly Shokan Uәlihanov ony koshpeli nogaj kazak ulysynyn filosofy dep ajtady Қorkyt ata siyakty Asan kajgy үlgi tutarlyk Gүlstandy idealdy kogamdyk kurylysty arman etti Bul kazak mәdenietinin zhana gana kalyptasa bastagan kezi edi Ol kazak handaryna tym erte kuanbandar tabyska masattanyp ketpender dep eskertu zhasady Ol halyktyn bolashagyn ojlap Europadagy Tomas Mordyn Utopiya aralyna Tomazzo Kampanellanyn Kүn kalasyna uksas Zherujykty izdejdi Zherujyk koj үstine boz torgaj zhүmyrtkalajtyn ru tajpa talasy zhok zhut pen kajgy kasiretten aulak shobi shүjgin suy sүt topyragy maj tasy altyn agashy zhemis zhidekke toly kutty konys Sol zherdi tabu үshin ol zhelmayaga minip tonirektin tort buryshyn sharlap ketedi Alajda taba almajdy kajgylanyp omirden otedi M Әuezov halyktyn nagyz ertegisi bolyp tek sol kalypta gana oj zhadynda saktalgan adamnyn biri Asan kajgy dejdi Әrine Asan kajgy pessimistik tulga emes Onyn shygarmashylygynan tuatyn negizgi kagida Zherujykka bakytka zhetetin zholdyn onaj emestigi ogan kazhymas kajratty dәjekti el kamyn ojlagan zhetedi Asan kajgy uakyt pen kenistiktin salystyrmalygy olardyn ishki yrgaktary zhәne tirshilik tylsymdary turaly teren de әserli bejneler keltirgen Dәstүrlik uakytty taldaganda Asan kajgynyn zaman men bolashak zhaksylyk pen zhamandyk murat pen shyndyk mәngilik pen gariptik turaly ajtkan pikirlerinin ambivalenttik ishki kajshylyk sipatynda bolatyndygyn eske saktagan zhon Zhalpy alganda uakyt ugymynyn ozi ekiushty Ol әri bar әri zhok Әri zhasampazdykty әri otkinshilikti bejnelejdi Asan kajgy uakyt agynyna bajsaldy senimmen karajdy Onyn kajgysy tirshilikti kasterleuden tugan Asan kajgy kenistikten taba almagan zher zhannaty zherujykty үjlesimdik dep garmoniya pajymdajdy Bul tek Haos pen Rettidiktin mifologiyalyk sana Tabigat pen Adamnyn arhetiptik dүnietanym arasyndagy үjlesimdik emes Ol adamnyn ozinin ozimen үjlesimdigi Bul zhagdajda zaman men adam tenese alady Әrine bul ideya kazaktyn tol mәdenieti kalyptasyp kele zhatkan uakytta kazhettilikten yktimaldykka zhakyn edi Kejin Қazak handygynyn zhau kyspagynan әlsirep Resejdin otary bola bastagan kezde zaman bejnesi Zherujyk kejpinen Zarzamanga ajnalady Zarzaman tүsinigi kazaktyn tol mәdenietinde kalyptaskan uakyt turaly әserli bejnelerdin biri boldy Bul bejnenin ozindik erekshelekterinin tipologiyalyk mazmuny teren bolgandyktan ogan arnajy toktalyp otelik ZarzamanHalyk auyz әdebietindegi Zarzaman mәdeni agymynyn okilderi buryngy tol mәdeniet үlgilerin dәriptedi Otarshylyk әrekettin kүsheje berui halykty dinine ajyru kaupin tugyzdy Syrtky omirdin dejdi M Әuezov osy siyakty sebepterinen kazaktyn ojyna uajym aralaskan konili zhabygyp sozinen oleninen әninen buryngy bilik erkelik erkindiktin bәri de aryla bastap onyn ornyn arman zar sher kajgy baskan Қazak әdebietinin kazirgi dәuiri Әlem 260 201 bet Zarzaman ideyasy kazak mәdenietinin ozinin bolashagy turaly kam zheuinin uakyttyk tanbalyk belgisi Tikelej bolmys pajymdaushy adamdy kanagattandyra almajdy batyrlyk gasyrlardyn uzakka sozyluy mүmkin emes edi onyn belgili bir turakty mezhege zhete almauy bir ata zhaudyn mysaly zhongardyn ornyna odan da katerli kүshterdin tonip kelui Қytaj men Resej dәstүrli uakyttyn mәngi emestigi zhoninde oj zhelisterin tugyzdy Zherujyk pen Zhideli Bajsyndy Akyrzaman almastyrdy Muny tek dini eshatologiya dep karastyrmau kerek Zarzaman bejnesin kүjzeliske tүse bastagan mәdeniet mindetti tүrde tugyzady Sondyktan naktyly bolmystagy tabystarga masattana bermej tarihtyn aldagy kisyndaryn kore bilu kazhet Muny zhaularymen batyl arpalyskan kazak handarynyn akylshy sәuegejleri Asan kajgy men Bukar zhyrau da kore bilgen Zarzaman bejnesi dүniezhүzilik mәdeniettegi uakyttyk bagdardagy optimizm nemese pessimizmnin basymdylygy turaly ilimdermen sabaktas F Volterdin atakty Kandidinde osy mәsele korkem әsireleu zhәne filosofiyalyk topshylau turgysynan teren talkylangan Eger europalyk mәdeni agartushylyk bagytynyn okilderi bilim men gylymga sүjengen adamnyn kudirettiligin dәriptese onda kejin kalyptaskan Romantizm okilderi ogan shek kojyp orlemeli uakyt barysy degenge kүmәn keltiredi Biz bul zherde Zarzaman akyndary osy Romantizmnin bir tarmagy dep otyrganymyz zhok Europalyk mәdenietke tәn tipologiyany baska ajmaktarda syn kozben koldangan zhon Қazaktyn dәstүrli mәdenietine uakytty optimistik ne pessimistik turgydan tүsinudin kajsysy sәjkes keledi degen surak tuady Zhalpy alganda mәdeniettanushylar Batyska belsendilik maksatkerlik racionaldy bolzhau kobirek tәn bolsa onda Shygys enzharlyktyn mun zardyn mistikanyn ajmagy degen pikirdi zhii ajtady Әrine bul pikirdin zhandy zhaktary da bar Әsirese muzykalyk onerdin stiline bajlanysty mysaly grek gimnderin Rim marshtaryn europalyk sauyktyk karnavaldyk mәdenietti kobyz saryndarymen parsy rubailarymen үndinin dini teksterindegi yrgaktarmen salystyrynyz Alajda bul tym dereksizdendirilgen zhalpylama tendenciya bolyp tabylady Shygystyn ozi kopkurylymdy mozaikaly Bul ajmaktagy islamdyk үndilik konfucijlik tarmaktardyn optimizm zhәne pessimizm turaly tүsinikteri de әrtүrli Mysaly zoroastriz bojynsha adam sanaly tүrde bir nәrsege zhauyzdykty zhenuge umtyluy kerek al ol үshin igi maksatka sәjkes omir sүruge tiis Shyndyk en zhaksy igilik degen princip uly princip Bolashakty zoroastrizmdegidej Әdilettik bastamasy Ahura Mazda zhengen kүndej bejneleu үshin tabigi zhәne tarihi zhagdaj kolajly boluy kazhet Birak Zarzaman akyndary omir sүrgen uakyt baskasha edi Olardyn zary kertartpa feodalizm zhangyrygy da emes kogamdy artka tartu da emes europalyktarga degen zhekkorushilik te emes edi Bul dәstүrli mәdeniet tүjykka tirelip odan shygatyn zhol izdejin dese kol ayagy kisendelip bodandykka tүse bastagan eldin tagdyry men bolashagy turaly tolgaulary edi Osy agymnyn basty okili Shortanbajga soz berejik Zaman kajtyp onalsyn Adam kajtyp kuansyn Zhandaral boldy ulygyn Majyr kaldy syjlygyn Ajyrylmastaj dert boldy Nasharga kylgan zorlygyn Kinәzdi kordin zhyryndaj Tilmashty kordin biindej Dualdy kordin үjindej Abakty tүr korindej Bajlar urlyk kylady Kozine maly korinbej Biler para zhejdi eken Saktap kojgan sүrindej Zamannyn tүri buzyldy Tekemettin tүrindej Zar zaman Әlem 307 bet dd dd Zarzaman akyndary halyk tagdyrynyn etnomәdeni kenistiktin tutastygymen tygyz bajlanysty ekendigin zhaksy tүsindi Zarzaman akyndarynyn uakyt tygyrygyn durys tүsingeni zhәne ogan әdil baga bergeni tarihi manyzdy iske zhatady Dәstүrli mәdeniettin basty kundylyktaryn kyzgyshtaj korgau sol kezdegi uakyt talabyna sәjkes edi Olardyn zamanga bergen bagasy uakyt synynan otip kejingi tygyrykta da oz aktualdygyn zhogaltkan zhok Alajda Zarzaman okilderi ruhani mәdenieti tarylyp suala bastagan arnadan әlemdik orkeniettin sheksiz mүhityna aparatyn agyn bagdaryn korsete almady Bul buryngy әdetke ajnalgan markstik syndy kajta zhangyrtu emes Uakyt filosofiyasynyn manyzdy kagidasy onyn keri zhүrmejtindigin dәleldejdi Ekinshiden uakyt әlem men tirshilik yrgaktarynan tys sheksiz uzaktyk ta emes Yagni ol adam үshin zhatsyzdandyrylgan bolmys bitimi de emes Ony uakyt kerueni mәdenietter koshi degen bejnelik tanbamen tүsingen durys Keruen basyn adam bura alady yagni adam uakytka tek tәueldi pende emes Ol tarihi mәdeni procestin uakyt agynynyn subektisi iesi Sergeldenge tүsken mәdeni koshtin basyn otken belesterge bүru murattar men kundylyktardy eskiden izdeu antiutopiyanyn bir tүri bolyp tabylady Tehnikalyk zhetistikter men batystyk orkeniettin Қazakstan zherine zhete bastagan kejbir kundylyktaryna toskauyl koyu arkyly dәstүrlik mәdeniet ozin ozi saktaj almajtyn zaman tudy Bul zaman talabyna dәl zhәne sәjkes zhauap beru kerek Euraziyalyk zhәne afraziyalyk dalalardyn turgyndary kone zamanda tabigattyn katal syny kuanshylykka ozderinin buryngy sharuashylyk mәdeni tipin ozgertip koshpelilerge ajnalgan bolatyn Zhana Zamanda odan da katal syndy sol koshpelilerdin urpaktary bastarynan otkizdi Birak talapty kojyp otyrgan tabigi kүshter emes tarih pen zaman edi Al zaman kysymy tabigattyn dүlej kүshterinen de aduyndy boldy Mәsele tikelej kojyldy ne ozinin mәdenisharuashylyk tipin ozertip kenistiktin torinen mygym oryn alu ne amerikalyk үndisterdin tagdyryn kajtalau Bul tarihi synnan orny tolmajtyn kurbandary bolganymen kazak mәdenieti abyrojly shyga bildi Tagy karanyzMusylman Renessansy zhәne tүrik halyktarynyn mәdenieti Өzgerister uakyty zhәne otarlyk mәdeniet Қazaktyn XX gasyrdagy mәdenieti Қazakstan zherindegi dәstүrli sharuashylyk mәdeni tipterDerekkozderMәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnalgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet