Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдени типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік дихандар, еуроазиялық көшпелілер ж.т.б. Өзінің мағынасы жағынан ШМТ ұғымы мәдениеттанудағы хронотоп ұғымына жақын. Алайда хронотоп негізінен көркем әдебиеттен алынып, рухани мәдениеттің кеңістіктік және уақыттық бітімдерін білдірсе, шаруашылық-мәдени тип материалдық мәдениеттің көрінісін айқындайды. Әрине, ШМТ-тің руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-дәстүрлер, сенім-нышандар, фольклор, дүниетаным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді.
Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі ретінде қоғамдық-экономикалық формацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл ұғым тым дерексіздендірілген және әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы, еуроазиялық номадаларды осы бес формацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың негізі жоқ. Оларды «азиялық өндіріс тәсілінің» өкілдері деудің де реті аз. Бұл жерде Азия құрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализмі» сияқты атаудың ойдан құрастырылғаны тікелей көрініп түр. Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал(аймақ) ұғымы да жиі қолданылады. Бұл ұғымның шаруашылық-мәдени тип ұғымымен жақындығы бар. Бірақ мәдени аймақ негізінен белгілі бір этномәдениеттің жағрафиялық детерминанттық факторларына басты назар аударады. Біртұтас мәдени ареалда әртүрлі ШМТ-дің болуы мүмкін. Тікелей мағынасын алғанда, шаруашылық-мәдени тип ұғымы әлеуметтік-экономикалық дамудың бір деңгейінде тұрған топтастықтардың ұқсас табиғи ортадағы тарихи қалыптасқан біртектес шаруашылық пен мәдениет жүйесін бейнелейді. ШМТ этномәдениет өрісімен шектелмейді. Мысалы, афроазиялық көшпелілерге семиттік, берберлік, туарегтік, ирандық, түріктік этностардың мәдениеттері жатады. Ал еуразиялық номадалар (ШМТ) түріктерден, моңғолдардан, угорлардан ж.т.б. (этномәдениеттерден) тұрады. Яғни, арасын мындаған шақырымдар және дүниетанымдық жүйелер бөліп жатқан ареалда материалдық мәдениеттің ұқсас үлгілері пайда болуы мүмкін.
Шаруашылық-мәдени типтер уақыт пен кеңістіктің әрекет ету және даму заңдылықтарына тәуелді. Бұл процесті шаруашылық-мәдени конвергенция (тұтастану, жүйелену) деп атауға болады. Шаруашылық-мәдени типтің құрылымы неғұрлым күрделі болса, онда оның климат пен ландшафтан тәуелділігі соғұрлым аз болады. Мысалы, малшылар мен егіншілер ертедегі терімшілер мен аңшыларға қарағанда, кеңістікте еркінірек әрекет еткен. Тағы бір ескере кететін жайт: уақыт ағынына байланысты ШМТ-тердің оқшаулық аймағы азайып, олардағы қарымқатынастық белгілер көбейе түседі. Жалпы алғанда, Шығыстағы аграрлық өркениеттерді өндіріс тәсілдері бойынша номадалық және ирригациялық құрылыстарды пайдаланатын суармалы егіншілік мәдени ареалдарына белуге негіз бар. Ал олардың аралық аймақтарын маргиналдық ареал деп қарастыруға болады. XX ғасырдың басына дейін көшпелілік өмір салты қазақ халқында негізгі этноқұрастырушы белгі ретінде түсінілген. Яғни, «көшпелі» — «көшпелі емес» оппозициясы өте жақын түрік халықтарын бір-бірінен айырып тұрған және маргиналдық аймақтарда этностардың алмасуына себепкер болған. Мысалы, Ташкент облысындағы құрамалар осындай этноөзгерістерді бастарынан өткізген. Бұл процестің өзі Орталық Азиядағы екі ШМТ-дің бір-біріне ауыса алатындығын көрсетеді.
Тарихи деректерге сүйене отырып, еуроазиялық далада екі түрлі шаруашылық-мәдени типтер қалыптасты деген қорытындыға келуге болады. Оларға қуаң дала көшпелілері және оазистер дихандары мен қала тұрғындарын, тұтас көшпелілік мәдени ареалдағы отырықшылық ошақтарының баламасы ретінде қолданып отырмыз. Бұл негізгі екі ШМТ-дің тарихи даму барысындағы арақатынасынсыз қазіргі қазақ мәдениетінің менталитетін түсіну қиынға соғады. Біркелкілік пен бірыңғайлықтан қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның көпдеңгейлігі мәдениет үшін қолайлы. Егер оқшауланған қуаң дала шеңберімен шектелсек, онда түрік халықтарының тарихтағы ұлы жетістіктерін түсіндіре алмас едік. Шаруашылық-мәдени типтің жиынтық, қосынды ұғым емес екендігін, оның жүйе түрінде әрекет ететіндігін аңғару қойылған мәселе үшін маңызды. Жүйе деп философияда өзара байланысты құрылымдық элементтердің тұтастығын айтады. Сондықтан ғылыми зерттеудің келесі сатысы құрылымдық типологияны анықтаумен қатысты. Осы тұрғыдан алғанда Кіндік Азияның көшпелілік шаруашылық-мәдени типінің құрылымдық бітімдерін айқындау маңызды мәдениеттанулық мәселе болып табылады.
Көшпелі өмір
Қазақта көшіп-қонудың тарихта белгілі «Көлденең бағыттағы», «Тіке бағыттағы» екі түрі болған. Олар ең алдымен жылжымалы шаруашылықтағы малдың құрамымен, көшпелі қауым өмір сүрген табиғи-климаттық жағдайларға байланысты болған. Шаруашылық-мәдени типті динамикалық қимыл-қозғалысты, үнемі өзгерістер үстінде қарастыру керек. Яғни бұл типология тарихи типологияға жатады, шаруашылық-мәдени типтер уақыт ағынына тәуелді. Қоғамды «елдік» принцип бойынша ұйымдастыру жоғары деңгейде болған алғашқы түріктік мемлекеттерде оазистік ШМТ-тің үлесі қомақты еді. Кейін бұл өркениеттің ыдырау кезінен бастап, осы принцип күйзеліске ұшырайды, онымен бірге отырықшы мәдениеттің де өрісі кеміді. Көшпелілік шаруашылық-мәдени тип Қазақстан жеріндегі климаттық және ландшафтық ерекшеліктерді ұтымды пайдалана білген. Оны маусымдық жайылымдардың алмасуы деп атауға болады және ол Қазақстан территориясында номадалық типтің XX ғасырдың басына дейін басым болғандығын дәлелдейді. Жауын-шашьшы молырақ және мал азығы жеткілікті Солтүстік Қазақстанның орманды-далаларын, таулы альпілік шалғындарды, өзен-көл аңғарларын халық жайлау ретінде пайдаланған. Қыста қары аз, тебінге қолайлы оңтүстіктегі және орталықтағы аймақтар қыстау үшін таңдалып алынған. Көктеу мен күздеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптасқан дәстүр бойынша маусымдық жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен, мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Бұл көшпелілік ШМТ-тің тұтастығын және ынтымақтастығын арттырған. Осы жөнінде М. Әуезовтың «Абай жолы» трилогиясында шебер суреттелген көріністер көп. 1897 жылғы халық санағының деректері бойынша қазіргі Қазақстан территориясында қазақтардың тек 1,14% қалаларда тұрған. XX ғасырдың басында отырықшылардың жалпы саны 100-мың адамға ғана жеткен (қазақтардың сол кездегі жалпы саны шамамен 6 миллиондай адам). Аталған санақ қазақтардың 77% негізінен номадалар болғанын, ал 18% — диқаншылықпен айналысқанын көрсетті. Маргиналдану аймақтарында егіншілердің үлес салмағы жоғары болған. Мысалы, Ташкент уезінде қазақтардың 88% диқаншылықпен айналысқан. Негізгі шаруашылық-мәдени тип халық ментадитетінде нық орын алған. Хал-жағдайды сұрау «Мал-жан, аман ба?» дегеннен басталады. Бекерден-бекер «Шаруа көшсе — байыды» деп айтпаған. Яғни, көшпелілер мәдениеті көшпелілердің өзі үшін мұрат, үлгі болып есептелген. «Себебі, — дейді Ш. ЬӀбыраев, — көпшілік жаппай жақтырмайтын қоғам мындаған жылдар бойы өмір сүре алмайды, әйтеуір бір тарихи бұрылыста елдің бәрі одан үркіп шығатыны анық (әрине, күні кешегі жаппай қырғынмен зорлап отырықшы ету басқа мәселе)». (Эпос әлемі, 32-бет). Көшпелілік менталитетте шаруашылық тәсілін алмастыруға теріс баға берілген. Мысалы, «жатақ» деп өмірде табысқа жете алмаған аутсайдерді айтқан. Көшпелілік мәдени типтің күйзелісі қоғамда пауперлену тудырып, бұрынғы «ынтымақтастыққа негізделген адамдық тәртіпті» (Ф. Хайек) шайқалтқан. Табиғи биоценоздың тұтастығының бұзылуы адамдық қауымдасуға да кері әсерін тигізеді.
Көшпелі мәдени-шаруашылық тип мәңгі бола алмас
Алайда шаруашылық-мәдени типтердің күрделене түсуіне байланысты адамдық топтастық табиғи ортадан тәуелсіз бола бастайды. Еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандандырылу және өндіргіш күштердің өнімділігінің артуы материалды мәдениетті Жер бетіндегі геологиялық күштермен пара-пар, антропоценоздық жасампаз факторға айналдырды. Осының нәтижесінде дәстүрлі қоғам индустриалдық қоғамға көшеді. Бұл тұрғыдан алғанда көшпелі мәдени-шаруашылық тип мәңгі бола алмас еді. Сондықтан оған кері қарай шақыру тарихты кері бұрғанмен бірдей. Енді шаруашылық-мәдени типтің құрылымдық және функционалдық бөліктеріне назар аударайық. Материалдық мәдениетті әртүрлі негізде жүйелеуге болады. Бірақ бір нәрсе айқын. Шаруашылық-мәдени типтің таксономикалық дербес бөліктеріне шаруашылық ұжымдары, тұрғын үй типтері, тұрмыстық қажетті өтеу бітімдері, құрал-жабдықтар, бос уақытты өткізу дәстүрі, әдет-ғұрыптар ж.т.б. жататыны анық. Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлудің шартты екендігін ескерте кеткен жөн. Кезкелген рухани құбылыс пен оның заттандырылған түрі — адамдық тұтас әрекеттің екі жағы. Қоршаған ортаға адамның сәулесі түсіп тұр, ал оның сезімдері мен ақыл-ойы әлемнен нәр алады. Осы тұтас мәдениет әлемін түсіну мақсатында ғылыми дәстүр бойынша әрқайсысы жеке талданады. Қазақ халқының материалдық мәдениеті осы аймақты мекендеген ертедегі көшпелі тайпалар мәдениеті мен орта ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәдениеттің дәстүрлерін жалғастырды. Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар XV ғасырдан кейін Қазақстан жерінде қалалар құлдырап кетті деген пікірді өзгертуге мүмкіндік берді. Жергілікті құрылыс мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанына XV—XVIII ғасырлардағы Яссы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам тәрізді қалалар, Орталық Қазақстандағы Домбаул, Алашахан, Жошыхан ғибадатханалары, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә. Осы сәулет үлгілерін салуда халықтық мәдениеттің озық және тапқыр шеберлері жарасымдылықтың, үйлесімдік пен тұтастықтың шешімдерін таба білген. Ислам діні тірі жанды суретке түсіруге тыйым салғаны белгілі. Сонда да қыш құмыра әшекейлеріндегі түбі сонау сақтардың «аң» стилінен басталған қазақтың ою-өрнектері тіршілік иелерінің нобайын бейнелеген. Мысалы, Жошыхан ескерткіші тек өнер туындысы ғана емес, ол дәуір тынысын, дүние тылсымын жеткізіп тұрған ғимарат. Белгілі сәулетші Т. Бәсенов: «Өзін талдап түсінуге қуат болатын қазақ сәулет өнерінің ою-өрнек қазынасы жинақталған өзінше бір музей» (Памятники архитектуры в районе Сам. — Алматы, 1947. — С. 39), — деп жазады. Бұл жерде айта кететін тағы бір жай бар. Кейбір мәдениет зерттеушілері Қазақстан жеріндегі ғимараттар Орта Азия сәулет көшірмесі дегенге саятын пікір айтады. Егер біз ғимараттарға көрік беретін күмбезге назар аударсақ, байқайтын нәрсеміз, күмбездік шатыр жабын мен шаңырақтың құрылымдық бірлігі. Шығыстанушы А.Н. Бернштам күмбезді дарбазалы сәулеткерліктен кейін бүкіл Орта Азия сәулет өнерінің өзегі болған үш нәрсені — құрылыстың күмбезді қаңқасын, портал мен ойма қыштардан құрастырылатын декордты ерекше бөліп қарап, мұндағы күмбез идеясы мен оны тұтас жүзеге асыру көшпелі-малшы қауым мекендеген солтүстіктен алмасқан деп есептеген. Алайда қазақ хандығының қалалық мәдениетінің одан әрі өркендеуіне сыртқы жағдай онша қолайлы болмады. Жоңғар шапқыншылығы, Орта Азия хандықтарының толассыз шабуылы, ең бастысы — батысынан және шығысынан шыққан екі империяның — Ресей мен Қытайдың жаугершілік саясаты салдарынан қазақ халқы отырықшылықтан гөрі жылжымалы киіз үйге қайтадан көбірек қөңіл бөлді.
Киіз үй
Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салтдәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ — Шеңбер тәрізді шабағынан және күлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан төмен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уықкерегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады. Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек көкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхроңдығын көрсетеді. Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан өнер тамған» сияқты шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ертұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі». (Қазақ даласының тіршілік тынысы. — Әлем).
Киім
Киім киюдің де өзіндік рәсімі болған. Мысалы, жасөспірім қыздар аң терісінен жасалған, төбесіне үкі тағылған бөрік кисе, жаңа түскен келін әуелі сәукелемен жүрсе, кейін басына желек салады. Отыздан асқаннан соң әйелдер кестеленген кимешекпен жүреді. Әшекей тастарды қолданудың да өзіндік рәмізі бар. Халық інжу — көзді шел басудан, көз сүйелінен; құлпырма тас — көз тиюден, маржан — азғындыққа түсуден, дүр тасы — жемсау ісігінен сақтайды деп есептеген, әйелдің қолындағы жүзікті ас адалдығының кепілі деп білген.
Жоғарыда келтірілген деректерден көшпелілік шаруашылықмәдени типінің адамзаттың материалды және рухани қорына қосқан үлесінің қомақты екендігіне көзіміз жетеді. Кейде «варвар-көшпелілер» жер бетінде қиратудан басқа мұра болып қалатын құндылықтарды қалдырмады деген пікірді еуропалықтық мәдениеттанушылар жиі айтады. Оған дәлелді жауабымен тойтарыс берген ғұлама Л. Гумилев ойын былай түйіндейді: «Осынау ерекше сахара мәдениеті көне дәстүр мен тереңге меңзейтін тамырлардан нәр алғанымен, бізге отырықшы елдердің мәдениетіне қарағанда құптарлық дәрежеде белгілі емес. Мұның мәнісі түркілердің, басқа да көшпелі тайпалардың көршілеріне қарағанда дарындылығының төмендігінде емес, олардың заттық мәдениетінің қалдығы — киіздің, терінің, ағаш пен былғарының нашар сақталатындығыңда болып отыр...» Көшпелілерді кейбір зерттеушілер сияқты ертедегі феодализм өкілдері деп айдар таққанша, олардың кәсіптік ерекшеліктерін атап өткен жөн. Ғылыми әдебиетте көшпелілік өмір салтының мынадай типтік белгілері айқындалған:
- 1) мал бағу — шаруашылықтың басым түрі;
- 2) жыл бойы малды табиғи үстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі;
- 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қону;
- 4) қазіргі капиталистік ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы.
Қорытынды
Қазақ мәдениетінің негізгі архетипті — көшпеліліктегі тағы бір маңызды мәселе ондағы әлеуметтік құрылымға, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктеріне қатынасты. Мұндағы алдымен көзге түсетін нәрсе — қауымдық тұтастық. Егер еуропалық нарықтық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар ең құнды болып есептелінеді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әр жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзендер, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жатқан молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. Әрине, көшпелілік мәдениетті бүкіл адамзат үшін ең жоғары үлгі деп көтермелеудің қажеті жоқ. Номадалық өмір салты қалалық мәдениеттің қалыптасуына, оған байланысты жазу-сызудың, оқу орталықтарының, қолөнердің, техниканың дамуына жағдай туғызбады. «Мен кіммін, неге өмір сүремін, қалай өмір сүремін, ажалды қалай қарсы алу керек?» — тәрізді сұрақтар қауымдық қоғам мүшелерін тым көп ойландырмайды. Бәрі алдын ала шешіліп қойылған, аталардың белгілеп кеткен жолынан таймаса болды. Салт-дәстүр уақытқа бағынбады, ол мәңгілікпен теңесті. Бұрын жасалғаннан айырылу өліммен бірдей. Ал егер табиғи апаттар, әлеуметтік қақтығыстар, жаугершілік келсе, онда көп жағдайда көшпелілердің өзгерген ортаға бейімделуі қиын болды. Ескі құндылықтар жүйесі жоғалып кетіп, қауымдық адамдар жаңа игіліктерді өздеріне пір тұта алмады. Талай атағы жер жарған көшпелілер империялары тарих жолынан шығып қалып жүрді. Бұл жерде ғұндар мен моңғолдардың, түріктер мен арабтардың тарихи тағдырын еске алсақ жеткілікті. Экстенсивті малшылыққа негізделген көшпелілік шаруашылық-мәдени типінің қарқынды дамуы үшін жайылымдық кеңістіктің үлғаюы қажетті еді. Алайда XV—XVI ғасырлардан бастап Еуропадағы мемлекеттер күшейіп, әлемнің жаңа бөлісін бастады. Индустриалды қоғамға бет бұрған батыс елдері және олардан үлгі ала бастаған Ресей территориялық экспанция саясатына көшті. Көшпелілер заманның жаңа талабына жауап бере алатын ішкі күштерін таба алмады және оларды алауыздық пен өзара тартыс ауруы әбден меңдеп алған еді. Сонда да көшпелі шаруашылық-мәдени типі дүниежүзілік мәдениетте өзіне тиісті құнды орын алады. Номадалардың ғасырлар бойы жинақталған шаруашылық мәдениетін қазіргі кезде де ескеріп, дұрыс қолдану тарихи сабақтастықтың кепілі болып табылады. Сонымен, қазіргі қазақ халқының материалды мәдениетінің архетияінде екі шаруашылық-мәдени тип бар. Көшпелі шаруашылық-мәдени типі XX ғасырға дейін жетекші шаруашылық төсілі болып келді. Ол б.з.б. IX—VIII ғасырларда Қазақстан жерінде қалыптасып («Беғазы Дандыбаев» және «Қарасұқ» мәдениеттері). VI—XII ғасырларда оазистік-дихандық-қалалық мәдени-шаруашылық типімен синхронды өрістеп, XVIII ғасырдан бастап күйзеліске ұшырады. Көшпелілердің ұрпақтары бұл екі мәдени типтің бастамаларын өз бойында синкреттік түрде сақтады.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak mәdenietin karastyrganda tuatyn manyzdy mәsele sharuashylyk mәdeni tipterdin ShMT ozindik erekshelikterin anyktaumen bajlanysty Sharuashylyk mәdeni tip ugymy songy kezge dejin etnografiyalyk zhәne tarihi zertteulerde kobirek koldanylyp keldi Sharuashylyk mәdeni tipterdin naktyly mysaldary arktikalyk anshylar tropiktegi anshylar men terimshiler ozen angarlaryndagy eginshiler oazistik dihandar euroaziyalyk koshpeliler zh t b Өzinin magynasy zhagynan ShMT ugymy mәdeniettanudagy hronotop ugymyna zhakyn Alajda hronotop negizinen korkem әdebietten alynyp ruhani mәdeniettin kenistiktik zhәne uakyttyk bitimderin bildirse sharuashylyk mәdeni tip materialdyk mәdeniettin korinisin ajkyndajdy Әrine ShMT tin ruhanilykpen bajlanysy zhok dep synarzhakty ajtylgan pikir durys emes Onda salt dәstүrler senim nyshandar folklor dүnietanym sharuashylyk әdisterimen tygyz bajlanysty әreket etedi Sharuashylyk mәdeni tip ugymynyn tym abstraktyly alyngan tүri retinde kogamdyk ekonomikalyk formaciyany da korsetuge bolady Birak bul ugym tym dereksizdendirilgen zhәne әmbebaptyk sipaty zhetkiliksiz Mysaly euroaziyalyk nomadalardy osy bes formaciyanyn eshkajsysyna tirkep koyudyn negizi zhok Olardy aziyalyk ondiris tәsilinin okilderi deudin de reti az Bul zherde Aziya kurylygyndagy әrtүrli sharuashylyk tipterinin arasyndagy ajyrmashylyk zhogalyp ketedi Dala feodalizmi siyakty ataudyn ojdan kurastyrylgany tikelej korinip tүr Batystyk mәdeniettanuda mәdeni areal ajmak ugymy da zhii koldanylady Bul ugymnyn sharuashylyk mәdeni tip ugymymen zhakyndygy bar Birak mәdeni ajmak negizinen belgili bir etnomәdeniettin zhagrafiyalyk determinanttyk faktorlaryna basty nazar audarady Birtutas mәdeni arealda әrtүrli ShMT din boluy mүmkin Tikelej magynasyn alganda sharuashylyk mәdeni tip ugymy әleumettik ekonomikalyk damudyn bir dengejinde turgan toptastyktardyn uksas tabigi ortadagy tarihi kalyptaskan birtektes sharuashylyk pen mәdeniet zhүjesin bejnelejdi ShMT etnomәdeniet orisimen shektelmejdi Mysaly afroaziyalyk koshpelilerge semittik berberlik tuaregtik irandyk tүriktik etnostardyn mәdenietteri zhatady Al euraziyalyk nomadalar ShMT tүrikterden mongoldardan ugorlardan zh t b etnomәdenietterden turady Yagni arasyn myndagan shakyrymdar zhәne dүnietanymdyk zhүjeler bolip zhatkan arealda materialdyk mәdeniettin uksas үlgileri pajda boluy mүmkin Sharuashylyk mәdeni tipter uakyt pen kenistiktin әreket etu zhәne damu zandylyktaryna tәueldi Bul procesti sharuashylyk mәdeni konvergenciya tutastanu zhүjelenu dep atauga bolady Sharuashylyk mәdeni tiptin kurylymy negurlym kүrdeli bolsa onda onyn klimat pen landshaftan tәueldiligi sogurlym az bolady Mysaly malshylar men eginshiler ertedegi terimshiler men anshylarga karaganda kenistikte erkinirek әreket etken Tagy bir eskere ketetin zhajt uakyt agynyna bajlanysty ShMT terdin okshaulyk ajmagy azajyp olardagy karymkatynastyk belgiler kobeje tүsedi Zhalpy alganda Shygystagy agrarlyk orkenietterdi ondiris tәsilderi bojynsha nomadalyk zhәne irrigaciyalyk kurylystardy pajdalanatyn suarmaly eginshilik mәdeni arealdaryna beluge negiz bar Al olardyn aralyk ajmaktaryn marginaldyk areal dep karastyruga bolady XX gasyrdyn basyna dejin koshpelilik omir salty kazak halkynda negizgi etnokurastyrushy belgi retinde tүsinilgen Yagni koshpeli koshpeli emes oppoziciyasy ote zhakyn tүrik halyktaryn bir birinen ajyryp turgan zhәne marginaldyk ajmaktarda etnostardyn almasuyna sebepker bolgan Mysaly Tashkent oblysyndagy kuramalar osyndaj etnoozgeristerdi bastarynan otkizgen Bul procestin ozi Ortalyk Aziyadagy eki ShMT din bir birine auysa alatyndygyn korsetedi Tarihi derekterge sүjene otyryp euroaziyalyk dalada eki tүrli sharuashylyk mәdeni tipter kalyptasty degen korytyndyga keluge bolady Olarga kuan dala koshpelileri zhәne oazister dihandary men kala turgyndaryn tutas koshpelilik mәdeni arealdagy otyrykshylyk oshaktarynyn balamasy retinde koldanyp otyrmyz Bul negizgi eki ShMT din tarihi damu barysyndagy arakatynasynsyz kazirgi kazak mәdenietinin mentalitetin tүsinu kiynga sogady Birkelkilik pen biryngajlyktan korshagan tabigi zhәne әleumettik ortanyn kopdengejligi mәdeniet үshin kolajly Eger okshaulangan kuan dala shenberimen shektelsek onda tүrik halyktarynyn tarihtagy uly zhetistikterin tүsindire almas edik Sharuashylyk mәdeni tiptin zhiyntyk kosyndy ugym emes ekendigin onyn zhүje tүrinde әreket etetindigin angaru kojylgan mәsele үshin manyzdy Zhүje dep filosofiyada ozara bajlanysty kurylymdyk elementterdin tutastygyn ajtady Sondyktan gylymi zertteudin kelesi satysy kurylymdyk tipologiyany anyktaumen katysty Osy turgydan alganda Kindik Aziyanyn koshpelilik sharuashylyk mәdeni tipinin kurylymdyk bitimderin ajkyndau manyzdy mәdeniettanulyk mәsele bolyp tabylady Koshpeli omirҚazakta koship konudyn tarihta belgili Koldenen bagyttagy Tike bagyttagy eki tүri bolgan Olar en aldymen zhylzhymaly sharuashylyktagy maldyn kuramymen koshpeli kauym omir sүrgen tabigi klimattyk zhagdajlarga bajlanysty bolgan Sharuashylyk mәdeni tipti dinamikalyk kimyl kozgalysty үnemi ozgerister үstinde karastyru kerek Yagni bul tipologiya tarihi tipologiyaga zhatady sharuashylyk mәdeni tipter uakyt agynyna tәueldi Қogamdy eldik princip bojynsha ujymdastyru zhogary dengejde bolgan algashky tүriktik memleketterde oazistik ShMT tin үlesi komakty edi Kejin bul orkeniettin ydyrau kezinen bastap osy princip kүjzeliske ushyrajdy onymen birge otyrykshy mәdeniettin de orisi kemidi Koshpelilik sharuashylyk mәdeni tip Қazakstan zherindegi klimattyk zhәne landshaftyk erekshelikterdi utymdy pajdalana bilgen Ony mausymdyk zhajylymdardyn almasuy dep atauga bolady zhәne ol Қazakstan territoriyasynda nomadalyk tiptin XX gasyrdyn basyna dejin basym bolgandygyn dәleldejdi Zhauyn shashshy molyrak zhәne mal azygy zhetkilikti Soltүstik Қazakstannyn ormandy dalalaryn tauly alpilik shalgyndardy ozen kol angarlaryn halyk zhajlau retinde pajdalangan Қysta kary az tebinge kolajly ontүstiktegi zhәne ortalyktagy ajmaktar kystau үshin tandalyp alyngan Kokteu men kүzdeu mal kystajtyn zherlerge tikelej zhalgasyp zhatkan Қalyptaskan dәstүr bojynsha mausymdyk zhajylymdardyn rular arasynda boliske tүskenimen mal kystajtyn zherlerden baskasyn eldin bәri birdej pajdalangan Bul koshpelilik ShMT tin tutastygyn zhәne yntymaktastygyn arttyrgan Osy zhoninde M Әuezovtyn Abaj zholy trilogiyasynda sheber surettelgen korinister kop 1897 zhylgy halyk sanagynyn derekteri bojynsha kazirgi Қazakstan territoriyasynda kazaktardyn tek 1 14 kalalarda turgan XX gasyrdyn basynda otyrykshylardyn zhalpy sany 100 myn adamga gana zhetken kazaktardyn sol kezdegi zhalpy sany shamamen 6 milliondaj adam Atalgan sanak kazaktardyn 77 negizinen nomadalar bolganyn al 18 dikanshylykpen ajnalyskanyn korsetti Marginaldanu ajmaktarynda eginshilerdin үles salmagy zhogary bolgan Mysaly Tashkent uezinde kazaktardyn 88 dikanshylykpen ajnalyskan Negizgi sharuashylyk mәdeni tip halyk mentaditetinde nyk oryn algan Hal zhagdajdy surau Mal zhan aman ba degennen bastalady Bekerden beker Sharua koshse bajydy dep ajtpagan Yagni koshpeliler mәdenieti koshpelilerdin ozi үshin murat үlgi bolyp eseptelgen Sebebi dejdi Sh Ӏbyraev kopshilik zhappaj zhaktyrmajtyn kogam myndagan zhyldar bojy omir sүre almajdy әjteuir bir tarihi burylysta eldin bәri odan үrkip shygatyny anyk әrine kүni keshegi zhappaj kyrgynmen zorlap otyrykshy etu baska mәsele Epos әlemi 32 bet Koshpelilik mentalitette sharuashylyk tәsilin almastyruga teris baga berilgen Mysaly zhatak dep omirde tabyska zhete almagan autsajderdi ajtkan Koshpelilik mәdeni tiptin kүjzelisi kogamda pauperlenu tudyryp buryngy yntymaktastykka negizdelgen adamdyk tәrtipti F Hajek shajkaltkan Tabigi biocenozdyn tutastygynyn buzyluy adamdyk kauymdasuga da keri әserin tigizedi Koshpeli mәdeni sharuashylyk tip mәngi bola almasAlajda sharuashylyk mәdeni tipterdin kүrdelene tүsuine bajlanysty adamdyk toptastyk tabigi ortadan tәuelsiz bola bastajdy Enbek bolinisinin terendeui mamandandyrylu zhәne ondirgish kүshterdin onimdiliginin artuy materialdy mәdenietti Zher betindegi geologiyalyk kүshtermen para par antropocenozdyk zhasampaz faktorga ajnaldyrdy Osynyn nәtizhesinde dәstүrli kogam industrialdyk kogamga koshedi Bul turgydan alganda koshpeli mәdeni sharuashylyk tip mәngi bola almas edi Sondyktan ogan keri karaj shakyru tarihty keri burganmen birdej Endi sharuashylyk mәdeni tiptin kurylymdyk zhәne funkcionaldyk bolikterine nazar audarajyk Materialdyk mәdenietti әrtүrli negizde zhүjeleuge bolady Birak bir nәrse ajkyn Sharuashylyk mәdeni tiptin taksonomikalyk derbes bolikterine sharuashylyk uzhymdary turgyn үj tipteri turmystyk kazhetti oteu bitimderi kural zhabdyktar bos uakytty otkizu dәstүri әdet guryptar zh t b zhatatyny anyk Mәdenietti materialdyk zhәne ruhani dep boludin shartty ekendigin eskerte ketken zhon Kezkelgen ruhani kubylys pen onyn zattandyrylgan tүri adamdyk tutas әrekettin eki zhagy Қorshagan ortaga adamnyn sәulesi tүsip tur al onyn sezimderi men akyl ojy әlemnen nәr alady Osy tutas mәdeniet әlemin tүsinu maksatynda gylymi dәstүr bojynsha әrkajsysy zheke taldanady Қazak halkynyn materialdyk mәdenieti osy ajmakty mekendegen ertedegi koshpeli tajpalar mәdenieti men orta gasyrlarda orkendegen otyrykshy zhәne kalalyk mәdeniettin dәstүrlerin zhalgastyrdy Ғylymi zertteuler men arheologiyalyk kazbalar XV gasyrdan kejin Қazakstan zherinde kalalar kuldyrap ketti degen pikirdi ozgertuge mүmkindik berdi Zhergilikti kurylys mәdenietinin zhogary dәrezhede bolganyna XV XVIII gasyrlardagy Yassy Tүrkistan Sauran Otyrar Syganak Sajram tәrizdi kalalar Ortalyk Қazakstandagy Dombaul Alashahan Zhoshyhan gibadathanalary Ontүstik Қazakstan zhәne Mangystaudagy sәulet eskertkishteri kuә Osy sәulet үlgilerin saluda halyktyk mәdeniettin ozyk zhәne tapkyr sheberleri zharasymdylyktyn үjlesimdik pen tutastyktyn sheshimderin taba bilgen Islam dini tiri zhandy suretke tүsiruge tyjym salgany belgili Sonda da kysh kumyra әshekejlerindegi tүbi sonau saktardyn an stilinen bastalgan kazaktyn oyu ornekteri tirshilik ielerinin nobajyn bejnelegen Mysaly Zhoshyhan eskertkishi tek oner tuyndysy gana emes ol dәuir tynysyn dүnie tylsymyn zhetkizip turgan gimarat Belgili sәuletshi T Bәsenov Өzin taldap tүsinuge kuat bolatyn kazak sәulet onerinin oyu ornek kazynasy zhinaktalgan ozinshe bir muzej Pamyatniki arhitektury v rajone Sam Almaty 1947 S 39 dep zhazady Bul zherde ajta ketetin tagy bir zhaj bar Kejbir mәdeniet zertteushileri Қazakstan zherindegi gimarattar Orta Aziya sәulet koshirmesi degenge sayatyn pikir ajtady Eger biz gimarattarga korik beretin kүmbezge nazar audarsak bajkajtyn nәrsemiz kүmbezdik shatyr zhabyn men shanyraktyn kurylymdyk birligi Shygystanushy A N Bernshtam kүmbezdi darbazaly sәuletkerlikten kejin bүkil Orta Aziya sәulet onerinin ozegi bolgan үsh nәrseni kurylystyn kүmbezdi kankasyn portal men ojma kyshtardan kurastyrylatyn dekordty erekshe bolip karap mundagy kүmbez ideyasy men ony tutas zhүzege asyru koshpeli malshy kauym mekendegen soltүstikten almaskan dep eseptegen Alajda kazak handygynyn kalalyk mәdenietinin odan әri orkendeuine syrtky zhagdaj onsha kolajly bolmady Zhongar shapkynshylygy Orta Aziya handyktarynyn tolassyz shabuyly en bastysy batysynan zhәne shygysynan shykkan eki imperiyanyn Resej men Қytajdyn zhaugershilik sayasaty saldarynan kazak halky otyrykshylyktan gori zhylzhymaly kiiz үjge kajtadan kobirek konil boldi Kiiz үjKiiz үj tek baspana emes Ol halyktyn omirlik saltdәstүrinin tanbasy kyzmetin atkarady Sheksiz dalany kok tenizge tenejtin pikirdin zhany bar kokzhiekte kok aspannyn astyndagy sheksizdikte akshagala dongelek kiiz үjler araldar tәrizdi olardyn arasyn dala kemeleri tүjeler men ushkyr kajyk attar kosyp tur Қatal үskirik ayazdan shildenin aptap ystygynan korgajtyn tez zhinap turgyza koyatyn baspanaga kiiz үj ote saj keledi Dongelengen syrtky pishini katty zhelge ornykty bolsa tuyrlyktar zhauynnan kejin tez kebedi Shanyrak Shenber tәrizdi shabagynan zhәne kүldireuishten turady Onyn tobesin tүndiktin zhartylaj ashyk turuy bir zhagynan turmys kazhetterinen tusa zharyk tүsetin tereze tүtin shygatyn murzha taza aua ekinshi zhagynan shanyrak sheksiz aspannyn belgisi mәngilikke aparatyn zhol ispettes Eger kiiz үjge zhogarydan tomen karasak onda shanyrak kүnge al uykkeregeleri onyn sәulelerine uksas Halyk sanasyndagy fәni omirden nur zhauyp turgan aspanga umtylu ideyasy kiiz үj kurylysynan oz korinisin tabady Turgyn үj adamnyn omir saltymen onyn dүnietanymymen әlemdegi alatyn ornymen tikelej katysty Mysaly ormandy meken etetinder agashtardyn arasynan aspandy tortburyshty bitiminde koredi olardyn үjleri de tort kabyrgaly Kavkazdyn biik taularyndagy үj koshpeli sharuashylyk tipinde de әreket etedi Zhazyk dala tek kokzhiekpen shenber tәrizdi shektelgen Sondyktan koshpelilerdin turagy da dongelek Ortalyk Aziyadagy kүmbezdik arhitekturanyn bir bastauy koshpelilerdin kiiz үji Bul tagy da oazistik zhәne koshpeli sharuashylyk mәdeni tipterdin tүrik orkenietindegi sinhrondygyn korsetedi Naturaldyk sharuashylyk zhagdajynda kazak halky koloner sheberlerin zhogary bagalagan Agashtan tүjin tүjgen On sausagynan oner tamgan siyakty sheber ustalar tokymashylar t b isker adamdar halyktyn materialdyk mәdenietinin tamasha үlgilerin zhasagan Halyk oneri әsirese kiiz үj zhiһazdary men ulttyk kiimnen ajkyn korinis tapty Қazak zherinde XIX gasyrda ajdauda bolgan polyak Bronislav Zalesskij bylaj surettejdi Bul bir gazhajyp korinis olar kosh kezinde merekedegidej zhasana kiinedi en әdemi kiimderdi әsirese bajlardyn altyn zer togip tikken shapandaryn osy kezde koruge bolady Auyl aksakaly kosh bastasa er tokymyna kyzyl shugamen tystalgan kopshik nemese kilemshe zhapkan atka mingen zajyby onyn sonynan eredi Atty atka salt minip zhүrudi zhaksy koretin bul halyk en aldymen koliginin әbzeline kobirek konil boledi Erturman olar үshin barlyktyn bajlyktyn belgisindej bolyp bezendiriluge tiis Erdin aldyngy kasyn kobine kүmis kaptatyp ornektejdi tipti koly zhetkenderinin asyl tas ornatatyndary da bolady Zhүgen omildirik kujyskan bәri de sheber orilip Shygys үlgisindegi ornektermen bezendiriledi Қazak dalasynyn tirshilik tynysy Әlem KiimKiim kiyudin de ozindik rәsimi bolgan Mysaly zhasospirim kyzdar an terisinen zhasalgan tobesine үki tagylgan borik kise zhana tүsken kelin әueli sәukelemen zhүrse kejin basyna zhelek salady Otyzdan askannan son әjelder kestelengen kimeshekpen zhүredi Әshekej tastardy koldanudyn da ozindik rәmizi bar Halyk inzhu kozdi shel basudan koz sүjelinen kulpyrma tas koz tiyuden marzhan azgyndykka tүsuden dүr tasy zhemsau isiginen saktajdy dep eseptegen әjeldin kolyndagy zhүzikti as adaldygynyn kepili dep bilgen Zhogaryda keltirilgen derekterden koshpelilik sharuashylykmәdeni tipinin adamzattyn materialdy zhәne ruhani koryna koskan үlesinin komakty ekendigine kozimiz zhetedi Kejde varvar koshpeliler zher betinde kiratudan baska mura bolyp kalatyn kundylyktardy kaldyrmady degen pikirdi europalyktyk mәdeniettanushylar zhii ajtady Ogan dәleldi zhauabymen tojtarys bergen gulama L Gumilev ojyn bylaj tүjindejdi Osynau erekshe sahara mәdenieti kone dәstүr men terenge menzejtin tamyrlardan nәr alganymen bizge otyrykshy elderdin mәdenietine karaganda kuptarlyk dәrezhede belgili emes Munyn mәnisi tүrkilerdin baska da koshpeli tajpalardyn korshilerine karaganda daryndylygynyn tomendiginde emes olardyn zattyk mәdenietinin kaldygy kiizdin terinin agash pen bylgarynyn nashar saktalatyndygynda bolyp otyr Koshpelilerdi kejbir zertteushiler siyakty ertedegi feodalizm okilderi dep ajdar takkansha olardyn kәsiptik erekshelikterin atap otken zhon Ғylymi әdebiette koshpelilik omir saltynyn mynadaj tiptik belgileri ajkyndalgan 1 mal bagu sharuashylyktyn basym tүri 2 zhyl bojy maldy tabigi үstauga negizdelgen sharuashylyktyn ekstensivtik tәsili 3 zher zhagdajyna karaj mausymdyk koship konu 4 kazirgi kapitalistik rancholardan ozgeshe sharuashylyktyn naturaldyk әdisterinin basymdygy ҚorytyndyҚazak mәdenietinin negizgi arhetipti koshpeliliktegi tagy bir manyzdy mәsele ondagy әleumettik kurylymga kogamdyk uzhymdasu erekshelikterine katynasty Mundagy aldymen kozge tүsetin nәrse kauymdyk tutastyk Eger europalyk naryktyk kogamda zat ielenu men azamattyk katynastar sheshushi kyzmet atkarsa koshpelilerde tuyskandyk rulyk bajlanystar en kundy bolyp eseptelinedi Ata konys ugymy koshpeliler үshin kasietti ol oz zherinin tutastygynyn kepili zhәne korshiles zhatkan mekenderge de kol suguga bolmajtyndygyn mojyndau Қauymdyk katynas mekender egemendiginen tuady Ata konystyn әr zhagrafiyalyk belgileri halyk sanasynda kieli zherler dep eseptelinedi yagni korshagan orta kieli taulardan ozender kolderden angarlar men tobelerden aruaktar zhatkan molalardan t b turady Olardyn kasiettiligi anyz әpsanalarda zhyrlar men kosemsozderde bolashak urpaktarga mura retinde kaldyrylgan Әrine koshpelilik mәdenietti bүkil adamzat үshin en zhogary үlgi dep kotermeleudin kazheti zhok Nomadalyk omir salty kalalyk mәdeniettin kalyptasuyna ogan bajlanysty zhazu syzudyn oku ortalyktarynyn kolonerdin tehnikanyn damuyna zhagdaj tugyzbady Men kimmin nege omir sүremin kalaj omir sүremin azhaldy kalaj karsy alu kerek tәrizdi suraktar kauymdyk kogam mүshelerin tym kop ojlandyrmajdy Bәri aldyn ala sheshilip kojylgan atalardyn belgilep ketken zholynan tajmasa boldy Salt dәstүr uakytka bagynbady ol mәngilikpen tenesti Buryn zhasalgannan ajyrylu olimmen birdej Al eger tabigi apattar әleumettik kaktygystar zhaugershilik kelse onda kop zhagdajda koshpelilerdin ozgergen ortaga bejimdelui kiyn boldy Eski kundylyktar zhүjesi zhogalyp ketip kauymdyk adamdar zhana igilikterdi ozderine pir tuta almady Talaj atagy zher zhargan koshpeliler imperiyalary tarih zholynan shygyp kalyp zhүrdi Bul zherde gundar men mongoldardyn tүrikter men arabtardyn tarihi tagdyryn eske alsak zhetkilikti Ekstensivti malshylykka negizdelgen koshpelilik sharuashylyk mәdeni tipinin karkyndy damuy үshin zhajylymdyk kenistiktin үlgayuy kazhetti edi Alajda XV XVI gasyrlardan bastap Europadagy memleketter kүshejip әlemnin zhana bolisin bastady Industrialdy kogamga bet burgan batys elderi zhәne olardan үlgi ala bastagan Resej territoriyalyk ekspanciya sayasatyna koshti Koshpeliler zamannyn zhana talabyna zhauap bere alatyn ishki kүshterin taba almady zhәne olardy alauyzdyk pen ozara tartys auruy әbden mendep algan edi Sonda da koshpeli sharuashylyk mәdeni tipi dүniezhүzilik mәdeniette ozine tiisti kundy oryn alady Nomadalardyn gasyrlar bojy zhinaktalgan sharuashylyk mәdenietin kazirgi kezde de eskerip durys koldanu tarihi sabaktastyktyn kepili bolyp tabylady Sonymen kazirgi kazak halkynyn materialdy mәdenietinin arhetiyainde eki sharuashylyk mәdeni tip bar Koshpeli sharuashylyk mәdeni tipi XX gasyrga dejin zhetekshi sharuashylyk tosili bolyp keldi Ol b z b IX VIII gasyrlarda Қazakstan zherinde kalyptasyp Begazy Dandybaev zhәne Қarasuk mәdenietteri VI XII gasyrlarda oazistik dihandyk kalalyk mәdeni sharuashylyk tipimen sinhrondy oristep XVIII gasyrdan bastap kүjzeliske ushyrady Koshpelilerdin urpaktary bul eki mәdeni tiptin bastamalaryn oz bojynda sinkrettik tүrde saktady Tagy karanyzMusylman Renessansy zhәne tүrik halyktarynyn mәdenieti Dәstүr zhalgastygy zhәne zaman talaby Өzgerister uakyty zhәne otarlyk mәdeniet Қazaktyn XX gasyrdagy mәdenietiDerekkozderMәdeniettanu zhogargy oku ornyndary men kolledzh studentterine arnalgan okulyk Almaty Raritet 2005 416 bet ISBN 9965 663 71 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet