Қазақ балеті- ұлттық бір түрі.
Мазмұны музыкалық хореографиялық образдар арқылы ашылады. Қазақстандағы кәсіби балет өнері 20 ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. 1933 жылы Қазақ академиялық драма театры жанында музыкалық студия құрылды. Осы студия классикалық би өнерін игеру мақсатында М.Арцибашеваның жетекшілігімен балет труппасы қалыптастырылды (1934). Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін ("Қара жорға", "Келіншек", "Бүркіт - қоян") көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің пьесесын негізге алып, Әли Ардобус қойған "Айман - Шолпан" музыкалық спектаклінде тамашалады. Осы жылы студия негізінде (қазіргі академия опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935) ашылды. Театрдың "Шұға", "Қыз Жібек" спектакльдеріне аралаған балетмейстер А.Александров балет студиясының оқу бағдарламасына классикалық би сабақтарын енгізіл, ұлттык қазақ хореографиялық өнерінің алғашқы кәсіби мамандарын тәрбиеледі (Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, Қ.Қарабалинова, Х.Байзақов, т.б.).
30-жылдардың аяғында Қазақ балеті жеке жанр болып қалыптасты. Тұңғыш ұлттық туынды "Қалқаман - Мамыр" балетінің (24.6.1938) тұсау-кесер қойылымы Қазақ балеті үшін тарихи күн болды (либреттосын жазған М.Әуезов, комп. В.Великанов, балетмейстері Л.Жуков, суретшісі О.Таңсықбаев). 1937 жылы 17 қаңтарда музыкалық театр негізінде Қазақ опера және балет театры құралды.
40-жылдардан бастап Қазақстанның жас хореографиясы балет классикаларын игере бастады ("Аққу көлі", "Коппеллня", "Шопениано", "Жизель"). Республика балет өнерінің дамуына Куйбышев көшпелі опера және балет театры 2-дүниежүз. соғыс жылдары Алматыға КСРО-ның еуропа бөлігіндегі қалаларынан көшіп келген хореографиялық өнерінің артистері игі ықпал етті. Балет мектебінің жаңа жетекшісі А.Селезневтің ұсынысымен оқу бағдарламасына Ленинград хореографиялық училищесінің 9 жылдық оқу мерзімі негіз етіп алынды. 1950 жылы балет труппасының жетекшісі М.Моисеев В.Великановпен бірге "Қамбар - Назым" балетін сахнаға шығарды.
50- жылдардың соңында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстері Д.Әбіровтің келуімен Қазақ балетін дамытудың жаңа кезеңі басталды. Ол классикалық орыс балеті дәстүрлерін сактай отырып, "Қамбар - Назым", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" секілді эпостық, фольклор мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне үлкен театр сахнасында "Достық жолымен" балеті (балетмейстер Әбіров, Р.Захаров) қойылып, астана өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онжылдықта Қазақ биі сахнасында Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, т.б. бишілер өз өнерлерімен көзге түсті.
60-жылдары "Шопениана", "Болеро", "Франческа да Римини" бір актілі балеттерін қойған Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті. 1974 жылы .Хачатурянның "Спартак" балетінің қойылуы Қазақ балеті өнерінің дамуында үлкен белес еді. Спартак партиясын орындаушы Р.Бапов және қоюшы Райбаев Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алды. 70 - 80-жылдары балет сахнасы балетмейстер мен композиторлардың жаңа көркемдік ізденістерінің алаңына айналды. Т.Мыңбаевтың Райбаев қойған "Фрески" балеті (1981) Қазақстан музыкалық-хореографиялық өнері жетістігі болды. Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрарасын соны көзқараспен игеру үлгісі комп. М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың "Ақсақ құлан" балетінде (1975) көрінді. 1978 ж. Ж.Байдаралин қойған М.Сағатовтың "Әлия" балетінде Ә.Молдағұлованың ерлігін бейнелеумен қатар, қазақ қызының бейнесін, тұлға ретінде қалыптасу жолын көркем айшықтауға назар аударды.
80 - 90-жылдары Қазақ балеті үшін тың ізденістерімен сипатталды. Тілеубаев ритм-опера-балет түрінде мүлдем жаңа жанрды игерді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдары ішінде жақын алыс шет елдерден шақырумен келген балетмейстерлер ұлттық сахнада бірқатар балеттер қойды ("Мадам Баттерфляй", 1996, балетмейстерлері Асами Маки мен Киози Меиани; "Корсар", "Ұйқыдағы ару", 1991, В.Владимиров).
1991 - 2000 жылдары аралығында Д.Адамова, Д.Фадеева-Нақыпова, Г.Саитова, апалы-сіңілілі Ғаббасовалар, т.б. Қазақ балетінің дарынды мамандары шықты. Елімізде Д.Нақыпов ұйымдастырған хореографтар одағының дәстүрлі халықар. "Дәстүр сыйлығы" балет фестивалі, 'Талша Уланова сыйлығы", "Қазақстандықтар - әлем балетінің жұлдыздары" атты байқау дар өтті.
21 ғасырдағыдың басы модерн балет және неоклассицизм бағытындағы ізденістерімен белгілі.Б.Аюханов жетекшілік ететін Классик, би ансамблі республикалары балет өміріне 60- жылдары "Алматының жас балеті" би ансамблі атауымен енді. Ұлттық эпос пен фольклорды игеру мақсатында құрылды. Ұжым - камералық, аспаптық және симфониялық музыканы пайдаланады. Көрермендер назарына классикалық әдеби мұраларға негізделген бірнеше қойылым ұсынылды ("Гамлет", музыкалық А.Исакова, "Қылмыс пен жаза", музыкалық Д.Шостакович, т.б.). Аюханов ұлттық жаңа спектакльдерді сахналауға көп үлес қосты.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak baleti ulttyk bir tүri Mazmuny muzykalyk horeografiyalyk obrazdar arkyly ashylady Қazakstandagy kәsibi balet oneri 20 gasyrdyn 30 zhyldary kalyptasa bastady 1933 zhyly Қazak akademiyalyk drama teatry zhanynda muzykalyk studiya kuryldy Osy studiya klassikalyk bi onerin igeru maksatynda M Arcibashevanyn zhetekshiligimen balet truppasy kalyptastyryldy 1934 Bi tilinde korkem bejnelengen kazak omirinin kusbegiliktin korinisterin Қara zhorga Kelinshek Bүrkit koyan korermender tungysh ret M Әuezovtin pesesyn negizge alyp Әli Ardobus kojgan Ajman Sholpan muzykalyk spektaklinde tamashalady Osy zhyly studiya negizinde kazirgi akademiya opera zhәne balet teatry kajta kurylyp onyn zhanynan balet bolimshesi 1935 ashyldy Teatrdyn Shuga Қyz Zhibek spektaklderine aralagan baletmejster A Aleksandrov balet studiyasynyn oku bagdarlamasyna klassikalyk bi sabaktaryn engizil ulttyk kazak horeografiyalyk onerinin algashky kәsibi mamandaryn tәrbieledi Sh Zhienkulova N Tapalova Қ Қarabalinova H Bajzakov t b 30 zhyldardyn ayagynda Қazak baleti zheke zhanr bolyp kalyptasty Tungysh ulttyk tuyndy Қalkaman Mamyr baletinin 24 6 1938 tusau keser kojylymy Қazak baleti үshin tarihi kүn boldy librettosyn zhazgan M Әuezov komp V Velikanov baletmejsteri L Zhukov suretshisi O Tansykbaev 1937 zhyly 17 kantarda muzykalyk teatr negizinde Қazak opera zhәne balet teatry kuraldy 40 zhyldardan bastap Қazakstannyn zhas horeografiyasy balet klassikalaryn igere bastady Akku koli Koppellnya Shopeniano Zhizel Respublika balet onerinin damuyna Kujbyshev koshpeli opera zhәne balet teatry 2 dүniezhүz sogys zhyldary Almatyga KSRO nyn europa boligindegi kalalarynan koship kelgen horeografiyalyk onerinin artisteri igi ykpal etti Balet mektebinin zhana zhetekshisi A Seleznevtin usynysymen oku bagdarlamasyna Leningrad horeografiyalyk uchilishesinin 9 zhyldyk oku merzimi negiz etip alyndy 1950 zhyly balet truppasynyn zhetekshisi M Moiseev V Velikanovpen birge Қambar Nazym baletin sahnaga shygardy 50 zhyldardyn sonynda tungysh kәsibi kazak baletmejsteri D Әbirovtin keluimen Қazak baletin damytudyn zhana kezeni bastaldy Ol klassikalyk orys baleti dәstүrlerin saktaj otyryp Қambar Nazym Қozy Korpesh Bayan sulu sekildi epostyk folklor muralardan bastau alatyn ulttyk takyryptardyn sahnalyk sheshimin tabudyn zhana әdisterin igerdi 1958 zhyly Mәskeude otken kazak әdebieti men onerinin on kүndigine үlken teatr sahnasynda Dostyk zholymen baleti baletmejster Әbirov R Zaharov kojylyp astana oner kajratkerlerinin zhogary bagasyn aldy Bul onzhyldykta Қazak bii sahnasynda R Tәzhieva A Bekbosynov L Taganov I Manskaya Z Rajbaev S Kosherbaeva A Asylmuratov t b bishiler oz onerlerimen kozge tүsti 60 zhyldary Shopeniana Bolero Francheska da Rimini bir aktili baletterin kojgan Rajbaev baletmejster retinde zhemisti enbek etti 1974 zhyly Hachaturyannyn Spartak baletinin kojyluy Қazak baleti onerinin damuynda үlken beles edi Spartak partiyasyn oryndaushy R Bapov zhәne koyushy Rajbaev Қazakstan memlekettik syjlygyn aldy 70 80 zhyldary balet sahnasy baletmejster men kompozitorlardyn zhana korkemdik izdenisterinin alanyna ajnaldy T Mynbaevtyn Rajbaev kojgan Freski baleti 1981 Қazakstan muzykalyk horeografiyalyk oneri zhetistigi boldy Қazak bi onerinin baj dәstүrlerin kajta zhangyrtu halyktyn folklorlyk murarasyn sony kozkaraspen igeru үlgisi komp M Tileubaev kojgan A Serkebaevtyn Aksak kulan baletinde 1975 korindi 1978 zh Zh Bajdaralin kojgan M Sagatovtyn Әliya baletinde Ә Moldagulovanyn erligin bejneleumen katar kazak kyzynyn bejnesin tulga retinde kalyptasu zholyn korkem ajshyktauga nazar audardy 80 90 zhyldary Қazak baleti үshin tyn izdenisterimen sipattaldy Tileubaev ritm opera balet tүrinde mүldem zhana zhanrdy igerdi Elimiz tәuelsizdik algan zhyldary ishinde zhakyn alys shet elderden shakyrumen kelgen baletmejsterler ulttyk sahnada birkatar baletter kojdy Madam Batterflyaj 1996 baletmejsterleri Asami Maki men Kiozi Meiani Korsar Ұjkydagy aru 1991 V Vladimirov 1991 2000 zhyldary aralygynda D Adamova D Fadeeva Nakypova G Saitova apaly sinilili Ғabbasovalar t b Қazak baletinin daryndy mamandary shykty Elimizde D Nakypov ujymdastyrgan horeograftar odagynyn dәstүrli halykar Dәstүr syjlygy balet festivali Talsha Ulanova syjlygy Қazakstandyktar әlem baletinin zhuldyzdary atty bajkau dar otti 21 gasyrdagydyn basy modern balet zhәne neoklassicizm bagytyndagy izdenisterimen belgili B Ayuhanov zhetekshilik etetin Klassik bi ansambli respublikalary balet omirine 60 zhyldary Almatynyn zhas baleti bi ansambli atauymen endi Ұlttyk epos pen folklordy igeru maksatynda kuryldy Ұzhym kameralyk aspaptyk zhәne simfoniyalyk muzykany pajdalanady Korermender nazaryna klassikalyk әdebi muralarga negizdelgen birneshe kojylym usynyldy Gamlet muzykalyk A Isakova Қylmys pen zhaza muzykalyk D Shostakovich t b Ayuhanov ulttyk zhana spektaklderdi sahnalauga kop үles kosty DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz