Хореография (грек. choreіa — би, grapho — жазамын) — 1) шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден (ежелгі мысырлықтар, римдіктер, т.б.) басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар (мысалы, Францияда балетмейстер П.Бошан) жасалды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе (“Хореография немесе би жазу өнері...” атты кітаптың авторы, 1700) енгізді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды. Ресейде 19 ғасырдың аяғында би жазудың екі түрлі жүйесі (А.Я. Цорн және В.И. Степановтың) қалыптасты. Мысалы, би жазу жүйесі Санкт-Петербург пен Мәскеу театр училищесінде оқу пәні ретінде жүргізілді. Мария (Санкт-Петербург) театры репертуарынан осы жүйе бойынша 27 балет жазылып алынды; 2) би және би спектакльдерін (балет) қою өнері. Осы өнер саласы бойынша дүниежүзі елдерінде атақты хореографтар жемісті еңбек етті. Олардың қатарында Ж.Доберваль, Ж.Ж. Перро (Франция), Г.Анджолини (Италия), Ш.Дидло, А.А. Горский, М.И. Петипа, М.М. Фокин, Ю.Н. Григорович, Р.В. Захаров, Л.М. Лавровский (Ресей), В.М. Чабукиани (Грузия), т.б. сынды хореографтар бар. Қазақстанда Х. термині 20 ғасырдың 30-жылдары қолданыла бастады. Қазақтың халық билері тұңғыш рет 1947 ж. жазылды. Қазақ хореографтары қатарынан Д.Әбіровтың, З.Райбаевтың, т.б. есімдері белгілі.
Хореография тарихы
Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі — бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық окиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде, музыкалық театр — опера, әсіресе балет — ең шарттысы. Неліктен? Өйткені, тіпті операда кейіпкерлер жай сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса — бәрі де басқаша. Ол — сөзсіз өнер. Оның негізі — би. Хореография — ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі — халық билерінде. Адамның қарапайым пластикалық қимыл-козғалысынан өнердің қиын түрінің бірі — балет спектаклінің шығуына дейін қаншама жылдар, қаншама тарихи дәуірлер өтті! Қазіргі біз білетіндей балет спектаклі Еуропада XVII ғасырда қалыптаса бастады. Одан бері балет өнері қалыптасу мен дамудың ұзақ та қиын жолын басынан өткізді.
Әдебиетте сөздерден әңгіме мен поэмалар, романдар мен өлеңдер жазылатындай, балетте де қимыл-қозғалыстардан әр түрлі оқиғалар мен кейіпкерлердің жан сезімін әңгімелейтін балет-спектакльдер дүниеге келеді. Балет сөзсіз, тек артистің дене қимылымен, бет-әлпетімен әңгімелейді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін артистің ерекше табиғи қабілеті, дарындылығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында оқуы керек. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ — классикалық би. Латын тілінен аударғанда классикалық — үлгілі деген сөзді білдіреді ( лат. classicus — үлгілі ). Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің үлгілі, атақты, танымал шығармаларын жатқызамыз. Классикалық деп біз ең керемет, бірінші дәрежелі балет спектакльдерін де айтамыз. Ал оларды жасаушы балетмейстерлерді хореография классиктерінің қатарына енгіземіз.
Итальян тілінен аударғанда балет деген сөз (balleto) "билеймін" деген мағынаны білдіреді. Мұнда либретто жазушы сценарист, музыка шығарушы сазгер,билерді қоюшы балетмейстер және суретші еңбегі тоғысып, ортақ арнада қосылады. Музыка билерді сүйемелдеумен бірге, балет шығармасының драмалық ой-мазмұнын тереңірек ашуға кызмет етеді. Балетмейстер — балет, би, хореографиялық көріністердің авторы және қоюшысы. Балетмейстер спектакльдің идеясы мен сахналық көркем тұлғаларды неғұрлым бейнелі түрде ашып көрсететін билер жүйесін құрастырады және жеке хореографиялық сахналар мен би нөмірлерін қояды. Балет классикалық және характерлі (халықтық билерге жақын) би үлгілерінен тұрады. Сюжетті балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, д'аксъон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыкалық-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран-па). Соңғысын кордебалет орындайды. Қаһармандық, драмалық, комедиялық сюжеттер балет жанрын айқындайды. Сондай-ақ шағын балет, балет-пантомима, балет-феериялар болып бөлінеді.
Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Ортағасырлық Еуропада, христиан дінін қабылдаған елдерде храмдарда (ғибадатханаларда) діни драма мистерияларды көрсете бастайды. Сонымен қатар ән-биі аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Сондықтан оларды тамақаралық билер деп атады. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмыстық билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді — бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүйемелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жәрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда би-пантомималық сахналар жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі дамалар мен серілер өзіндік хороводтар жүргізетін. Атақты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен веерлер болды. Балдарда өте ақырын павана, аллеманда, сарайлық бранль биленетін. Кейінірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавот, жига, бурре сынды тез биленетін билер шықты.
Орта ғасырлардың аяғында Францияда және Батыс Еуропаның басқа елдерінде, көбінесе салтанатты тойлардан кейін бірінші балеттер қойыла бастады.
Еуропада (Италия, Франция, Англия, Испания, тағы басқа) кәсіби балет Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Алғаш Италияда тұрмыс-салтты көрсететін би түрлері іріктеліп, жүйеге түсіп, сахналық заңдылыққа бағындырыла бастады. Той-думанда орындалатын халық билері жаңа мәнерлі, әсем өрнекті, бір идеяны ұктыруға, бір ойды айтуға мегзеген балеттерге арқау болды. XVI ғасырда ат үстіндегі балет пайда болады. Францияда Людовик XIII және Людовик XIV корольдер тұсында, әсіресе ат үстіндегі кадриль-балеттер кең етек жаяды. XVI ғасырда би техникасының дамуы әлдеқайда ілгері басады. Сол кездегі атақты хореограф болып Италияда Фабрицио Карозо мен Чезаре Негри, ал Францияда Бальтазарини мен Туано Арбо саналды. 1581 жылы Венецияда Фабрицио Карозоның "Биші" атты кітабы жарық көрді. Онда ол Венецияның халық билерін, олардың орындалу техникасын, бидің негізгі қимылдарын суреттеген. Ал Францияда Туано Арбо диалог түрінде жазылған "Орхесография" атты кітабын шығарды. Сол уақыттағы балет спектакльдері үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған, көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. Балетке кәсіби дайындалған орындаушылардың келуі бидің әрі қарай дамуына әсерін тигізді. Бірақ бұл үрдіс ұзаққа созылды. Ақырында балет өнердің жеке түріне айнала бастап, би техникасы жақсарды, темп, ырғақ күшейіп, костюм жеңілдене түсті.
XVII ғасырда балет спектакльдерінің мазмұны түрлене түсіп, композициялары қиындайды. Би жаңа әрекеттермен, қимыл-қозғалыстармен байи түсті. XVII ғасырдағы балет спектакльдері, көбінесе аллегориялық болып келді. Олар сахналық машина техникасының күрделілігімен, костюмдерінің әртүрлілігі және байлығымен, көріністердің көптігімен ерекшеленеді. Әр көрініс үш, алты, тоғыз немесе он екі билерден тұрып, қорытындысында куранта, сарабанда, гавот, менуэт,ригодона билерінен тұратын "үлкен балет" көрсетілетін. "Үлкен балетте" арнайы костюмдер киген король бастаған атақты ақсүйектер ғана билей алды. Би техникасы арнайы дайындықты қажет етті. Бұл балеттерге король XIV Людовик жиі қатысатын. Ол Құдайлар мен бекзаттардың рөлін орындады және міндетті түрде бетперде киетін. Күрделі характерлі билерге актерлер шақырылған. 1661 жылы Францияда Корольдік би академиясы ашылды. Бұл академияда балетмейстер Шарль Бошан бастаған он үш академик игілікті би өнерін әрі қарай дамытуды көздеді. Балеттегі барлық рөлдерді ерлер орындады. Тек 1681 жылы Шарль Бошанның "Махаббат салтанаты" балетінде бірінші рет әйелдер шықты. Олардың арасында атақты балерина Лафонтен де болды.
XVII ғасырда хореографиядағы жаңа жанр — комедия-балеттің драматургі, актері және режиссері Жан Батистп Молъер (Поклен) (1622—1673) болды. Өзінің "Мазасыздар", “Дворяндықтагы тоғышар”, "Жалған сырқат", “Де Пурсонъяк мырза” спектакльдерінде музыка, би және көріністі ұштастырған Мольердің өзі актер әрі биші ретінде сахнада өнерін көрсеткен. Ол комедия-балет жанрында терең мазмұндылық пен ескі парадтық-пасторальдық сахналық түрлерді жаңартты.
Мольердің комедия-балеттеріндегі билерді балетмейстер Пьер Бошан (1636—1705) қойды. Пьер Бошан классикалық балеттің дамуына өте көп еңбек сіңірді. Ол аяқтың бес позициясын енгізді, сахналық би жүйесін жетілдірді. 21 жыл бойы ол қазіргі Париждегі опера және балет театрында, сол кездері француз Корольдік музыка академиясында балетмейстер болды.
XVII ғасыр екінші жартысында өмірге опера-балет келді. Бұл балеттерге музыканы сол кездегі атақты композитор Жан Батист Люлли (1632—1687) жазды. Скрипкашы, композитор әрі биші Люлли сол кездегі Франция операсының стилін айқындап, балеттің дамуына да әсерін тигізді. Оның атақты "Гавотын" көптеген балериналар әлі күнге дейін билейді.
XVIғасыр Англияда II Карлдың тұсында театрлар өз спектакльдеріне тұрмыстық билерді енгізген. Бұған атақты Шекспирдің шығармалары түрткі болды. Оның барлық шығармаларында билер, би мерекелері, маскарадтар суреттеледі. Мәселен, “Махаббаттың бекер әлегі” пьесасындағы кейіпкерлер хей биін билейді, "Ромео мен Джульеттада" үлкен тойдағы билер, ал "Он екінші түнде" гальярда мен жылжымалы курантаны билейді. Шекспир пьесаларында суреттелген шотландтық жига, межер, синкпейс, мореска, менуэт, пантомималық-билік көріністер, үйлену тойлары XVII ғасырдағы Англияның хореографиялық шығармалар анталогиясын құрайды.
XVIIғасырдағы Англияның ақсүйектер арасында павана, гальярда, куранта, вольта, броль, джига сынды билер етек жая бастады. Бұл билер театрланған мейрамдар мен маскарадтарда, сонымен қатар жылжымалы труппаларда орындалады.
XVI—XVII ғасырлардың бірінші жартысында театр ойынының ерекше жанры — бетперделер кең етек жайды. У.Шекспирдің замандасы ағылшын драматургі Бен Джонсон бетперделердің ең ірі авторларының бірі болды. Бетперделер Франция балеттерімен өзара байланысты. Олардың сюжеттері аллегориялық, мифологиялық тақырыпта болды. Ең жақсы бетперделер — ән, би, пантомима, декламациясы аралас спектакль-маскарадтар. Олар: "Әсем Лондонның маскасы", "Сұлулық маскасы", "Қара перілердің балеті" деп аталатын. Бетперде жанры — Англиядағы хореография театрын құрудағы алғашқы тәжірибелердің бірі еді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
- Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Horeografiya grek choreia bi grapho zhazamyn 1 shartty belgiler zhүjesi arkyly bi kimyldaryn zhazu Bi kimyldaryn zhazyp alu tarihy ezhelgi dәuirden ezhelgi mysyrlyktar rimdikter t b bastaldy 15 gasyrdyn ayagy men 18 gasyrdyn basynda Europada bi kimyldaryn zhazuga algashky talpynystar mysaly Franciyada baletmejster P Boshan zhasaldy Algash ret Horeografiya terminin francuz bi үjretushisi R O Feje Horeografiya nemese bi zhazu oneri atty kitaptyn avtory 1700 engizdi 19 gasyrdyn ayagy men 20 gasyrdyn basynda horeografiya termini bi onerine koldanylatyn boldy Resejde 19 gasyrdyn ayagynda bi zhazudyn eki tүrli zhүjesi A Ya Corn zhәne V I Stepanovtyn kalyptasty Mysaly bi zhazu zhүjesi Sankt Peterburg pen Mәskeu teatr uchilishesinde oku pәni retinde zhүrgizildi Mariya Sankt Peterburg teatry repertuarynan osy zhүje bojynsha 27 balet zhazylyp alyndy 2 bi zhәne bi spektaklderin balet koyu oneri Osy oner salasy bojynsha dүniezhүzi elderinde atakty horeograftar zhemisti enbek etti Olardyn katarynda Zh Doberval Zh Zh Perro Franciya G Andzholini Italiya Sh Didlo A A Gorskij M I Petipa M M Fokin Yu N Grigorovich R V Zaharov L M Lavrovskij Resej V M Chabukiani Gruziya t b syndy horeograftar bar Қazakstanda H termini 20 gasyrdyn 30 zhyldary koldanyla bastady Қazaktyn halyk bileri tungysh ret 1947 zh zhazyldy Қazak horeograftary katarynan D Әbirovtyn Z Rajbaevtyn t b esimderi belgili Horeografiya tarihyӘr oner adamzattyn kajgy kasiretin ojyn sezimin neshe tүrli bүgingi keshegi tarihi nemese fantastikalyk okigalardy adamdarga ozine tәn kuraldarymen amal tәsilderimen zhetkizuge tyrysady Zhәne әr oner shartty bolyp keledi Sonyn ishinde muzykalyk teatr opera әsirese balet en sharttysy Nelikten Өjtkeni tipti operada kejipkerler zhaj sozderdin ornyna әn ajtkandarymen erekshe Sol sebepti olardyn әnderinin arkauy soz bolady Horeografiyada bolsa bәri de baskasha Ol sozsiz oner Onyn negizi bi Horeografiya oj men mazmundy muzykalyk horeografiyalyk bejne arkyly ashatyn sahnalyk onerdin bir tүri Onyn kajnar kozi halyk bilerinde Adamnyn karapajym plastikalyk kimyl kozgalysynan onerdin kiyn tүrinin biri balet spektaklinin shyguyna dejin kanshama zhyldar kanshama tarihi dәuirler otti Қazirgi biz biletindej balet spektakli Europada XVII gasyrda kalyptasa bastady Odan beri balet oneri kalyptasu men damudyn uzak ta kiyn zholyn basynan otkizdi Әdebiette sozderden әngime men poemalar romandar men olender zhazylatyndaj balette de kimyl kozgalystardan әr tүrli okigalar men kejipkerlerdin zhan sezimin әngimelejtin balet spektaklder dүniege keledi Balet sozsiz tek artistin dene kimylymen bet әlpetimen әngimelejdi Әngimeni bi tilimen zhүrgizu үshin artistin erekshe tabigi kabileti daryndylygy boluy kazhet zhәne bul oner tүrin koptegen zhyldar bojy arnajy mektepter men zhogary oku oryndarynda okuy kerek Horeografiyalyk mektepterdegi en basty sabak klassikalyk bi Latyn tilinen audarganda klassikalyk үlgili degen sozdi bildiredi lat classicus үlgili Klassikalyk degenge biz ulttyk zhәne dүniezhүzilik mәdeniettin bagaly asyl murasyn әdebiet pen onerdin үlgili atakty tanymal shygarmalaryn zhatkyzamyz Klassikalyk dep biz en keremet birinshi dәrezheli balet spektaklderin de ajtamyz Al olardy zhasaushy baletmejsterlerdi horeografiya klassikterinin kataryna engizemiz Italyan tilinen audarganda balet degen soz balleto bilejmin degen magynany bildiredi Munda libretto zhazushy scenarist muzyka shygarushy sazger bilerdi koyushy baletmejster zhәne suretshi enbegi togysyp ortak arnada kosylady Muzyka bilerdi sүjemeldeumen birge balet shygarmasynyn dramalyk oj mazmunyn terenirek ashuga kyzmet etedi Baletmejster balet bi horeografiyalyk korinisterdin avtory zhәne koyushysy Baletmejster spektakldin ideyasy men sahnalyk korkem tulgalardy negurlym bejneli tүrde ashyp korsetetin biler zhүjesin kurastyrady zhәne zheke horeografiyalyk sahnalar men bi nomirlerin koyady Balet klassikalyk zhәne harakterli halyktyk bilerge zhakyn bi үlgilerinen turady Syuzhetti baletterde kimyl pantomima men әreketti korinister pa d akson kop kyzmet atkarady Balettin dәstүrli muzykalyk horeografiyalyk formalary kalyptaskan eki kisilik bi pa de de zhәne kopshilik bii pa de trua pa de katr gran pa Songysyn kordebalet oryndajdy Қaһarmandyk dramalyk komediyalyk syuzhetter balet zhanryn ajkyndajdy Sondaj ak shagyn balet balet pantomima balet feeriyalar bolyp bolinedi Horeografiyanyn negizgi elementteri halyktyn muzykalyk bi shygarmashylygymen tikelej bajlanysta tugan Ortagasyrlyk Europada hristian dinin kabyldagan elderde hramdarda gibadathanalarda dini drama misteriyalardy korsete bastajdy Sonymen katar әn bii aralas komediyalyk ojyn sauyktar kudiretti farstar ken etek zhajdy Dini mazmundy biler үlken tojlarda da oryndaldy Olar kobinese as tabaktary auyskanda konaktarga ermek үshin korsetiletin Sondyktan olardy tamakaralyk biler dep atady Akyryndap biler ozinin dini manyzynan alshaktaj bastady Adamdar mejram kүnderi biledi kop uzamaj turmystyk biler pajda boldy Franciyada turmystyk bilerdi branli dep atajdy Ony әn nemese volynkanyn sүjemeldeuimen oryndady Branlidi kezbe akterler halyk arasyna tarata bastady Қalalarda ashyk aspan ayasynda zhәrmenkeler mejramdar otip turatyn Onda bi pantomimalyk sahnalar zhii korsetiletin Baj aksүjekter halyktyk ojyn sauyk tүrlerin ozderine negizdedi Әdemi damalar men seriler ozindik horovodtar zhүrgizetin Atakty aksүjekter bas kiimmen bilejtin Әjelderdin kolynda әdemi oramaldar men veerler boldy Baldarda ote akyryn pavana allemanda sarajlyk branl bilenetin Kejinirek yrgakty syrgymaly minuet pen gavot zhiga burre syndy tez bilenetin biler shykty Orta gasyrlardyn ayagynda Franciyada zhәne Batys Europanyn baska elderinde kobinese saltanatty tojlardan kejin birinshi baletter kojyla bastady Europada Italiya Franciya Angliya Ispaniya tagy baska kәsibi balet Қajta orleu dәuirinde dүniege keldi Algash Italiyada turmys saltty korsetetin bi tүrleri iriktelip zhүjege tүsip sahnalyk zandylykka bagyndyryla bastady Toj dumanda oryndalatyn halyk bileri zhana mәnerli әsem ornekti bir ideyany uktyruga bir ojdy ajtuga megzegen baletterge arkau boldy XVI gasyrda at үstindegi balet pajda bolady Franciyada Lyudovik XIII zhәne Lyudovik XIV korolder tusynda әsirese at үstindegi kadril baletter ken etek zhayady XVI gasyrda bi tehnikasynyn damuy әldekajda ilgeri basady Sol kezdegi atakty horeograf bolyp Italiyada Fabricio Karozo men Chezare Negri al Franciyada Baltazarini men Tuano Arbo sanaldy 1581 zhyly Veneciyada Fabricio Karozonyn Bishi atty kitaby zharyk kordi Onda ol Veneciyanyn halyk bilerin olardyn oryndalu tehnikasyn bidin negizgi kimyldaryn surettegen Al Franciyada Tuano Arbo dialog tүrinde zhazylgan Orhesografiya atty kitabyn shygardy Sol uakyttagy balet spektaklderi үlken sarajlarda sәn saltanat ordasynda kojylyp anyzdar negizinde kuryldy Balet onerdin baska tүrlerimen tygyz bajlanysta damydy Ogan kobinese muzyka men әdebiettegi agymdar ykpal zhasap otyrgan Baletke kәsibi dajyndalgan oryndaushylardyn kelui bidin әri karaj damuyna әserin tigizdi Birak bul үrdis uzakka sozyldy Akyrynda balet onerdin zheke tүrine ajnala bastap bi tehnikasy zhaksardy temp yrgak kүshejip kostyum zhenildene tүsti XVII gasyrda balet spektaklderinin mazmuny tүrlene tүsip kompoziciyalary kiyndajdy Bi zhana әrekettermen kimyl kozgalystarmen baji tүsti XVII gasyrdagy balet spektaklderi kobinese allegoriyalyk bolyp keldi Olar sahnalyk mashina tehnikasynyn kүrdeliligimen kostyumderinin әrtүrliligi zhәne bajlygymen korinisterdin koptigimen erekshelenedi Әr korinis үsh alty togyz nemese on eki bilerden turyp korytyndysynda kuranta sarabanda gavot menuet rigodona bilerinen turatyn үlken balet korsetiletin Үlken balette arnajy kostyumder kigen korol bastagan atakty aksүjekter gana bilej aldy Bi tehnikasy arnajy dajyndykty kazhet etti Bul baletterge korol XIV Lyudovik zhii katysatyn Ol Қudajlar men bekzattardyn rolin oryndady zhәne mindetti tүrde betperde kietin Kүrdeli harakterli bilerge akterler shakyrylgan 1661 zhyly Franciyada Koroldik bi akademiyasy ashyldy Bul akademiyada baletmejster Sharl Boshan bastagan on үsh akademik igilikti bi onerin әri karaj damytudy kozdedi Balettegi barlyk rolderdi erler oryndady Tek 1681 zhyly Sharl Boshannyn Mahabbat saltanaty baletinde birinshi ret әjelder shykty Olardyn arasynda atakty balerina Lafonten de boldy XVII gasyrda horeografiyadagy zhana zhanr komediya balettin dramaturgi akteri zhәne rezhisseri Zhan Batistp Moler Poklen 1622 1673 boldy Өzinin Mazasyzdar Dvoryandyktagy togyshar Zhalgan syrkat De Pursonyak myrza spektaklderinde muzyka bi zhәne korinisti ushtastyrgan Molerdin ozi akter әri bishi retinde sahnada onerin korsetken Ol komediya balet zhanrynda teren mazmundylyk pen eski paradtyk pastoraldyk sahnalyk tүrlerdi zhanartty Molerdin komediya baletterindegi bilerdi baletmejster Per Boshan 1636 1705 kojdy Per Boshan klassikalyk balettin damuyna ote kop enbek sinirdi Ol ayaktyn bes poziciyasyn engizdi sahnalyk bi zhүjesin zhetildirdi 21 zhyl bojy ol kazirgi Parizhdegi opera zhәne balet teatrynda sol kezderi francuz Koroldik muzyka akademiyasynda baletmejster boldy XVII gasyr ekinshi zhartysynda omirge opera balet keldi Bul baletterge muzykany sol kezdegi atakty kompozitor Zhan Batist Lyulli 1632 1687 zhazdy Skripkashy kompozitor әri bishi Lyulli sol kezdegi Franciya operasynyn stilin ajkyndap balettin damuyna da әserin tigizdi Onyn atakty Gavotyn koptegen balerinalar әli kүnge dejin bilejdi XVIgasyr Angliyada II Karldyn tusynda teatrlar oz spektaklderine turmystyk bilerdi engizgen Bugan atakty Shekspirdin shygarmalary tүrtki boldy Onyn barlyk shygarmalarynda biler bi merekeleri maskaradtar suretteledi Mәselen Mahabbattyn beker әlegi pesasyndagy kejipkerler hej biin bilejdi Romeo men Dzhulettada үlken tojdagy biler al On ekinshi tүnde galyarda men zhylzhymaly kurantany bilejdi Shekspir pesalarynda surettelgen shotlandtyk zhiga mezher sinkpejs moreska menuet pantomimalyk bilik korinister үjlenu tojlary XVII gasyrdagy Angliyanyn horeografiyalyk shygarmalar antalogiyasyn kurajdy XVIIgasyrdagy Angliyanyn aksүjekter arasynda pavana galyarda kuranta volta brol dzhiga syndy biler etek zhaya bastady Bul biler teatrlangan mejramdar men maskaradtarda sonymen katar zhylzhymaly truppalarda oryndalady XVI XVII gasyrlardyn birinshi zhartysynda teatr ojynynyn erekshe zhanry betperdeler ken etek zhajdy U Shekspirdin zamandasy agylshyn dramaturgi Ben Dzhonson betperdelerdin en iri avtorlarynyn biri boldy Betperdeler Franciya baletterimen ozara bajlanysty Olardyn syuzhetteri allegoriyalyk mifologiyalyk takyrypta boldy En zhaksy betperdeler әn bi pantomima deklamaciyasy aralas spektakl maskaradtar Olar Әsem Londonnyn maskasy Sululyk maskasy Қara perilerdin baleti dep atalatyn Betperde zhanry Angliyadagy horeografiya teatryn kurudagy algashky tәzhiribelerdin biri edi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom Өner Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Қ Bolatbaev E Қosbarmakov A Erkebaj Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 33 998 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet