Ыдырыс Ноғайбаев (15 мамыр 1931 жылы, қазіргі Алматы облысы, Талғар қаласы — 1 қыркүйек 1989) — қазақ актері, педагог, Қазақ КСР халық әртісі (1966).
Ыдырыс Ноғайбайұлы Ноғайбаев | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | қазіргі Талғар, Алматы облысы, РКФСР, КСРО |
Қайтыс болған күні | 1 қыркүйек 1989 (58 жас) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
Өмірбаяны
Профессор И.М.Раевскийдің шәкірті.
1954 жылы Мәскеудің А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы қазақ студиясын бітірді. Сол жылдан қазақ драма театрының құрамында қызмет етеді.
1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
Гастрольдік сапармен Қазанда, Уфада, Нүкісте, Ширазда (Иран) өнер көрсетті.
1970 жылдан Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ консерваториясы) актерлер факультеті мен республикалық эстрада студиясында педагогтық қызметпен шұғылданады.
Ойнаған рөлдері
Сахналық дебютін М.Горький драмасы бойынша қойылған спектакльдерде Тетерев пен Егор Булычов ("Тоғышарлар" мен "Егор Булычов және басқаларында") рөлін ойнаудан бастады. М.Горький қаһармандарының тағдырымен байланысты өзінің актерлік творчествосының өн бойынан өтетін өзекті бір тақырыпты ашты. Ол — қоғамдық ауыр тұрмыстан ғұмырлық ой-мұраты мен бақытын таппай, өмірдің тұйық тұңғиығынан биік тұғырға ұмтылған өрелі жандар тағдыры, жалғыздықтан қайғылы өмірге тап болған жандардың шиыршық атқан ой арпалысы. Осы тақырыпта сахналық бояуын тапқан кейіпкерлер қатарында М.Әуезовтің "Еңлік—Кебегіндегі" Есенді, Ғ.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясындағы" Мылқауды (Балуанды), Э.Раннеттің "Адасқан ұлындағы" Март Туйскіні, Қ.Мұхамеджановтың "Жат елдесіндегі" Құрбанды, Қ.Бекхожиннің "Ұлан асуындағы" Абылайды, Ә.Нүрпейісов пен Ә.Мәмбетовтің "Қан мен теріндегі" Кәленді т.б. атауға болады. Бүдан басқа актер ойынында сахналық шешімі күрделі характерлер болып шыққан — Абай, Қобыланды (Әуезов пен Соболевтың осы аттас трагедиясы мен "Қара Қыпшақ Қобыландысында"), Қарабай (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуында"), Отелло, Петруччио (Шекспирдің осы аттас трагедиясы мен "Асауға түсауында"), Теодоро (Лопе де Веганың "Қызғаныштан махаббатында"), Агабо (Иоселианидің "Арбаң аман болсынында") өзара мүлдем ұқсамайтын өскен ортасы мен туған топырағы бір-бірінен тым шалғай жатқан қилы-қилы тағдырлар. Осындай адам бойындағы қым-қиғаш сезім иірімдері мен күрделі ой-толғаныстарын көрермендерге терең ашып өткізу — оның актерлік өнеріне тән қасиет.
1955 жылдан фильмдерде ойнап, ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Ыдырыс ("Мазасыз көктемде", 1955), Амантай ("Ботакөзде", 1958), Оспан ("Өмір жолында", 1959), Данияр ("Асуда", 1963), Нармағанбет ("Алғашқы мүғалімде", 1964), Сағит ("Шыңдағы шынарда", 1965), Бәйтенов ("Қилы кезеңде", 1966), Сырлыбай ("Қыз Жібекте", 1970) т. б.
Фильмографиясы
- 1955 - Бұл Шұғылада болған еді - Телғара Темірбеков
- 1956 - Мазасыз көктемде - Ыдырыс
- 1956 - - Қуаныш Қорқытов
- 1957 - Ботакөзде - Амантай
- 1958 - - Ыдырыс
- 1959 - Өмір жолында - Оспан
- 1959 - Бір түні - жүргізуші
- 1961 - - Данияр
- 1965 - - бай Нармағамбет
- 1965 - Шыңдағы шынарда - Сағит Шеңгелбаев
- 1966 - - Болат Асанов
- 1966 - Қилы кезеңде - Тоқтар Бәйтенов
- 1969-1970 - Қыз Жібек - Қаршыға
- 1970-1971 - - Тоқтар
- 1971 - - эпизод
- 1978 - Қан мен тер - Қален
- 1979 - - Кемелов
- 1979 - Қала қалқаны - мемлекеттік комиссияның председателі
- 1980 - - Бөгенбай
- 1983 - - эпизод
- 1985 - - эпизод
- 1986 - - эпизод
- 1989 - - Абаев
Марапаттары
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).
"Құрмет Белгісі" орденімен жөне медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ydyrys Nogajbaev 15 mamyr 1931 zhyly kazirgi Almaty oblysy Talgar kalasy 1 kyrkүjek 1989 kazak akteri pedagog Қazak KSR halyk әrtisi 1966 Ydyrys Nogajbajuly NogajbaevZhalpy maglumatTugan kүni15 mamyr 1931 1931 05 15 Tugan zherikazirgi Talgar Almaty oblysy RKFSR KSROҚajtys bolgan kүni1 kyrkүjek 1989 1989 09 01 58 zhas Қajtys bolgan zheriAlmaty Қazak KSRAzamattygy KSROMamandygyakterBelsendi zhyldary1949 1988ӨmirbayanyProfessor I M Raevskijdin shәkirti 1954 zhyly Mәskeudin A V Lunacharskij atyndagy Memlekettik teatr oneri instituty zhanyndagy kazak studiyasyn bitirdi Sol zhyldan kazak drama teatrynyn kuramynda kyzmet etedi 1958 zhyly Mәskeude otken kazak әdebieti men onerinin onkүndigine katysty Gastroldik saparmen Қazanda Ufada Nүkiste Shirazda Iran oner korsetti 1970 zhyldan Almaty memlekettik oner institutynyn kazirgi Қazak konservatoriyasy akterler fakulteti men respublikalyk estrada studiyasynda pedagogtyk kyzmetpen shugyldanady Ojnagan rolderiSahnalyk debyutin M Gorkij dramasy bojynsha kojylgan spektaklderde Teterev pen Egor Bulychov Togysharlar men Egor Bulychov zhәne baskalarynda rolin ojnaudan bastady M Gorkij kaһarmandarynyn tagdyrymen bajlanysty ozinin akterlik tvorchestvosynyn on bojynan otetin ozekti bir takyrypty ashty Ol kogamdyk auyr turmystan gumyrlyk oj muraty men bakytyn tappaj omirdin tujyk tungiygynan biik tugyrga umtylgan oreli zhandar tagdyry zhalgyzdyktan kajgyly omirge tap bolgan zhandardyn shiyrshyk atkan oj arpalysy Osy takyrypta sahnalyk boyauyn tapkan kejipkerler katarynda M Әuezovtin Enlik Kebegindegi Esendi Ғ Mүsirepovtin Akyn tragediyasyndagy Mylkaudy Baluandy E Rannettin Adaskan ulyndagy Mart Tujskini Қ Muhamedzhanovtyn Zhat eldesindegi Қurbandy Қ Bekhozhinnin Ұlan asuyndagy Abylajdy Ә Nүrpejisov pen Ә Mәmbetovtin Қan men terindegi Kәlendi t b atauga bolady Bүdan baska akter ojynynda sahnalyk sheshimi kүrdeli harakterler bolyp shykkan Abaj Қobylandy Әuezov pen Sobolevtyn osy attas tragediyasy men Қara Қypshak Қobylandysynda Қarabaj Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan suluynda Otello Petruchchio Shekspirdin osy attas tragediyasy men Asauga tүsauynda Teodoro Lope de Veganyn Қyzganyshtan mahabbatynda Agabo Ioselianidin Arban aman bolsynynda ozara mүldem uksamajtyn osken ortasy men tugan topyragy bir birinen tym shalgaj zhatkan kily kily tagdyrlar Osyndaj adam bojyndagy kym kigash sezim iirimderi men kүrdeli oj tolganystaryn korermenderge teren ashyp otkizu onyn akterlik onerine tәn kasiet 1955 zhyldan filmderde ojnap ulttyk kino onerinin damuyna eleuli үles kosty Ydyrys Mazasyz koktemde 1955 Amantaj Botakozde 1958 Ospan Өmir zholynda 1959 Daniyar Asuda 1963 Narmaganbet Algashky mүgalimde 1964 Sagit Shyndagy shynarda 1965 Bәjtenov Қily kezende 1966 Syrlybaj Қyz Zhibekte 1970 t b Filmografiyasy1955 Bul Shugylada bolgan edi Telgara Temirbekov 1956 Mazasyz koktemde Ydyrys 1956 Қuanysh Қorkytov 1957 Botakozde Amantaj 1958 Ydyrys 1959 Өmir zholynda Ospan 1959 Bir tүni zhүrgizushi 1961 Daniyar 1965 baj Narmagambet 1965 Shyndagy shynarda Sagit Shengelbaev 1966 Bolat Asanov 1966 Қily kezende Toktar Bәjtenov 1969 1970 Қyz Zhibek Қarshyga 1970 1971 Toktar 1971 epizod 1978 Қan men ter Қalen 1979 Kemelov 1979 Қala kalkany memlekettik komissiyanyn predsedateli 1980 Bogenbaj 1983 epizod 1985 epizod 1986 epizod 1989 AbaevMarapattaryKSRO Memlekettik syjlygynyn laureaty 1974 Қurmet Belgisi ordenimen zhone medaldarmen marapattalgan DerekkozderTarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet