1950 жылғы Футболдан әлем чемпионатының шешуші матчы. 1950 жылы 16 шілдеде Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында Бразилия және Уругвай құрамаларының арасында өткен кездесуде алаң иелері 1:2 есебімен жеңіліп қалды да, бұл матч бразилиялықтар үшін "Мараканa қасіреті" боп тарихта қалды.
Футболдан 1950 жылғы әлем біріншілігі (финал) | |||||||
Maracanaço | |||||||
![]() | |||||||
Турнир | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
Дата | |||||||
Стадион | |||||||
Көрермендер | 199854 | ||||||
Матч
Матчқа дейін
Алғашқы топтық турнирден соң "Финалдық пулькаға" (екінші топтық кезең) Бразилия, Уругвай, Швеция, Испания құрамалары жолдама алды. Бұл кезеңде командалардың ұпай саны ғана есептеліп, кімнің ұпайы көп болса, сол чемпион атанады. Яғни, 1950 жылғы Әлем чемпионатында деген болған жоқ.
Алғашқы екі турдан соң қарсыластарын ірі есептермен ұтқан Бразилия құрамасы топ бастап тұрды. Ал, олардан бір ұпай кем жинаған Уругвай футболшылары екінші орында еді. Сондықтан да, соңғы, шешуші үшінші турдағы Бразилия — Уругвай кездесуінде алаң иелеріне тең ойын да жеткілікті еді. Бүкіл Бразилия халқы мен Ұлттық Құраманың футболшылары, бапкері өздерінің жеңісіне қапысыз сенді. Тіпті, матчқа дейін бір-бірін құттықтап та қойыпты дейді сенімді дереккөздер. Ал матчқа дейін-ақ Бразилия футбол федерациясы арнайы Бразилия футболшыларының аты жазылған 22 дана алтын медальді дайындап қойғаны рас. Ол кезде алтын алқалар ФИФА тарапынан берілмейтін еді.
Шолу
Матч алаң иелерінің дүлей шабуылымен басталды. Бірақ тас-түйін дайын тұрған уругвайлықтар алғашқы таймда өз қақпаларына доп жібермеді. Екінші тайм бастала сала Фриаса Бразилия құрамасын алға шығарды — 1:0. Мұнан соң да алаң иелері есепті ұлғайтуға тырысқанымен, әрекеттері нәтиже бермеді.
Уругвай құрамасы тізе бүге қоймады. 66-минутта Хоан Скьяффино есепті теңестірді. Бірақ бұл есептің өзі бразилиялықтар үшін молынан жеткілікті еді. Есеп теңескеннен алаңды жайт өзгерді. Енді уругвайлықтар басымдық таныта бастады. Бұл басымдық 79-минутта өз нәтижесін берді. Алсидес Хиггия Уругвайды алға шығарған сәтте 177 772 адам жиналған "Маракана" стадионында өлі тыныштық орнады.
Ойын бітуге әлі де 10 минуттай бар еді. Уругвай футболшылары жанталаса қоғанысқа көшті де, алтын кубок қолдарынан сусып бара жатқан алаң иелері алға лап қойды. Статистиктердің айтуынша, соңғы он минутта Бразилия футболшылары 8 соққы бағыттапты. Бірақ матч нәтижесі 2:1 есебімен Уругвайдың пайдасына шешілді. Араға 20 жыл салып, Уругвай құрамасы екінші рет Әлем Чемпионы атанды.
Осы матч жайлы журналист Сәкен Сыбанбай өзінің кітабында былай деп жазған екен.
“ | ...Соңғы турдың қос кездесуінің бірі үшінші орын үшін таласқа ұласса, екіншісі нағыз финалдық матчқа айналды. Одан жалғыз айырмашылығы: қарсыласынан бір ұпай артық жинаған алаң иелеріне әлем чемпионы атану үшін тең ойын да жеткілікті еді. Бүкіл Бразилия ұлттық құрамадан жеңіс күтті. Жеңіс болғанда да анау-мынау емес, өте ірі ұтыс! Күтіп қана қойған жоқ, солай болатынына сенді де. Сенгені сонша, команданы таң атпай оятып алып, шіркеуге апарып, құттықтау сөз тыңдатып қойыпты. Олар түскі астарын да дұрыстап іше алмаған: елдің танымал саясаткерлері «болашақ чемпиондарды» алдағы «жеңістерімен» шын жүректен құттықтауға асыққан екен. Ал «Мундо» газеті сол күнгі санының 1-бетіне Бразилияның 11 футболшысының суреттерін тұтас басып, «Бұлар – әлем чемпиондары!» деген тақырыппен шығыпты! Мұның бәрі Уругвай құрамасы ойыншыларының намысына тиеді. Расында да, ойын әлі басталған жоқ, ал бразилиялықтар бұларды адам құрлы көретін емес! Алаңға шықпай жатып алдағы жеңісті тойлап кеткен! Уругвайлықтардың капитаны Обдулио Вареланың тіпті ызасы келеді. Ол әлгі газеттердің біразын сатып алып, өз командасы орналасқан қонақ үйдегі… әжетхананың писсуарларына жапсырып тастайды. Түскі астан соң, әдеттегідей осында бас сұққан футболшылардың бәрі де… кіші дәретін газеттегі әлгі «чемпиондарға» бағыттайды… Финалдық ойын, жұрт күткендей, бразилиялықтардың шабуылымен басталған. Уругвай командасының әуелде қорғанудан қолы босамай, анда-санда ғана алға жылжып отырған. Бірінші таймның орта шенінде, куәлер жазып қалдырған суреттеулерге сүйенсек, екі жаққа да психологиялық тұрғыдан қатты әсер еткен бір оқиға болыпты. Ойын сәл саябырсыған сәтте әлгі Варела төрешінің көзін ала бере, әй-шәй жоқ, бразилиялық қорғаушы Бигодеге тиісіп, оны кеудесімен қағып жіберіп, жалпасынан түсірген. Шамасы, ол «болашақ чемпиондардың» өршеленген өр мінезін солай басып тастайын десе керек. Ағылшын төрешісі оны байқамаған. Ал Бигоде «бұзақыға» қарымта қайтаруға тырыспаған да. Өйткені, ойын алдында бразилиялық бапкер Флавио Коста өз жігіттеріне: «Дөрекілікке дөрекілікпен жауап беруші болмаңдар!» – деп қатаң ескерткен екен. Мұның өзі, бас-көз жоқ, баса-көктеп ойнайтын ұрдажық Бигоденің аяқ-қолын матап тастағанмен бірдей еді. Мамандардың пікірінше, Костаның осы қате тапсырмасы финалдың тағдырын шешіп берген сияқты: еріксіз тәртіпті ойнауға тиіс болған Бигоде осы сәттен бастап Уругвайдың оң қапталдағы шабуылшысы Хиггияның ашса алақанында, жұмса жұдырығында болды. Дегенмен есепті алаң иелері ашты. Екінші тайм бастала бере Фриаса Адемирден әдемі пас алып, қарсыластың айып алаңына енді де, сол аяқпен солқ еткізді – 1:0! Торсида өре түрегеліп, өршеленгенде «Маракана» дірілдеп, шытынап сынып кетердей еді… Гол таза соғылса да, Варела өзінің капитандығын пайдаланып бас төрешіге де, қапталдағы қазыға да қайта-қайта наразылық білдірумен болды. «Шынымды айтсам, голдың ешқандай ереже бұзылмастан, заңды соғылғаны рас еді, – деп еске алды кейін уругвайлық. – Мен тек қарсыластар осыдан кейін одан сайын жігерленіп кете ме деп қорықтым. Сөйттім де, олардың сол аптығын біраз баса тұрмақ мақсатпен қасақана төрешілермен тәжікелестім…» Бразилия өзінің әсем ойынын әрі қарай жалғастыра берді. Бірақ о баста ойда болған «6-7 голдың» ыңғайы келер емес. 61-минутта уругвайлық қорғаушы Матиас Гонсалес өз айып алаңында Адемирді шалып жықты. Ағылшын төрешісі Ридер мұны көрмей қалды ма, әлде көрсе де, шұғыл шешім қабылдауға жүрегі дауаламады ма, әйтеуір 11 метрлік айып добын белгілеген жоқ. Бұдан соң уругвайлықтар тіпті жанын салып ойнады, барған сайын батылдана түсті. Флавио Коста жігіттерінің екінші допты енгізу қиындай түскен соң жүйкелері сыр бере бастағандай… ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРГЕНДЕР САНЫ 30-ҒА ЖЕТІПТІ! Бүкіл Бразилия халқы екінші голды күтіп отырғанда, 66-минутта доп ойламаған жерден Барбоза қорғаған қақпаға қойып кетті! Бәз-баяғы Бигоденің қателігінен. Ол өзін алдап өтіп, айып алаңына еркін енген Хиггияға еш кедергі жасай алмаған. Хиггия допты ортадан ұмтылған Скьяффиноға дәл берген. Орталық қорғаушы Жувенал да уругвайлық шабуылшының жолын бөгей алмаған. Ал Барбоза байғұстың мұнда айыбы жоқ: қарсы алдынан, небәрі жеті-ақ метр жерден қатты тебілген допқа ол қалай тосқауыл бола алады?.. Доп қақпа торын бүлк еткізген замат Уругвайдың бүкіл ойыншысы құшақтап сүю үшін Скьяффиноның соңынан ұмтылды. Алаң ортасында тек… команда капитаны Варела ғана қалды. Ол көгілдір футболкасын шешіп алып, басынан асыра айналдырып, «тез орындарыңа оралыңдар!» деп жігіттеріне айғайлаумен болды. Бұл гол онсыз да сеніміне селкеу түскен алаң иелерінің аяғын шідерлеп тастағандай әсер етті. Енді олардың «ұтылып қалмаймыз ба осы?» деп мазасыздана бастағаны анық сезілді. Бразилия футболшыларының әр екінші пасы қарсыласқа жем болып жатты. Ойын ырғағы бұзылды… Міне, ойынның шарықтау шегі! 79-минут. Радиодан кәнігі комментатор Жоржи Кури қылғына қырылдайды: «Біздің Данило доптан айрылып қалды. Оны Хулио Перес іліп әкетті… Ол алға, Хиггияға тастады! Хиггия оң қапталмен зулап келеді! Бразилияның қақпасына жақындап қалды! Тепті! Гол! Хиггия екінші допты соқты. 2:1! Алда – өкінішке қарай, Уругвай». Фотодеректер мен кинокадрлар мынаны көрсетеді: Хиггия бұл жолы да Бигодені сан соқтырып кеткен. Қақпашы Барбоза тағы да ортадағы Скьяффиноға пас беріледі деп ойласа керек, сәл алға ұмсына бастапты. Қақпаның бергі бұрышы ашық қалғанын көрген Хиггия қиғаштап тұрып өзі тепкен ғой. Соққы әлсіздеу болғанымен, ортаға ойыса бастаған Барбоза жандәрмен қайта ұмтылса да, допқа жете алмаған… Осы қасіретті өз көзімен көрген журналист Жоао Максимо: «Хиггияның голы онсыз да мүлгіген стадионда өлі тыныштық орнатты, – деп еске алады. – Бірақ мұның әсерінің күшті болғаны сондай, осы гол, қарапайым ғана гол әрбір бразилиялықтың өмірін екіге қақ бөлді: голға дейінгі өмір және одан кейінгі өмір». Елдің әр өңірінен жанкүйерлердің өзін-өзі өлтіргені туралы ақпараттар келіп түсе бастап, ақыры құрбан болғандардың саны 300-ге жетіп жығылған! Сірә, бұл – бір ғана голдың бүтін халыққа ұлттық трагедия боп тиген, бүкіл ел өмірінің ағысын күрт өзгерткен тарихтағы алғашқы да, бәлкім, соңғы оқиға болар. …Әрине, ойынның аяқталуына әлі он шақты минут бар болатын. Осы мерзім ішінде бразилиялықтар қарсылас қақпасын сегіз рет нысанаға алды: оның үшеуін Масполи кері қайтарса, бесеуі қисық кетті. Соңғы минутта Фриаса бұрыштан доп беретін болды. Бразилия футболшылары түгелдей Уругвайдың айып алаңына жиналды. Осы сәтте, футбол тарихшысы Висенте Мариньо жазғандай, «бүкіл Бразилия елі сол айып алаңында еді». Бірақ Фриасаның әуелетіп берген добын Жаир баспен қиыс ұрған сәтте-ақ төреші ысқырып қалды. Ойын бітті. 1950 жылдың 16 шілдесі, сөйтіп, Бразилия халқының санасында мәңгі із қалдырды. Әлі күнге дейін комментаторлар Уругвайдың екінші голы соғылған қақпаны «Хиггия қақпасы» деп атайды. Енді Уругваймен болатын әрбір ойын бітіспес «кек қайтару құралына» айналды. Бас бапкер Флавио Коста болса, шешуші ойын біткен соң Португалиядан «саяси баспана» сұрап, біраз уақытқа елден кете тұруға мәжбүр болды. Әйтпесе қаны қарайған торсиданың не істейтінін бір Құдайдың өзі білер еді… Ал бұл күн – қазір Уругвайда ұлттық мейрам саналады. Бас бапкер Хуан Лопес пен Обдулио Варела бастаған футболшылар үш миллиондай халқы бар ұлтарақтай елге екінші рет әлем чемпионы атағын алып берді. | ” |
Протокол
16 шілде 1950 |
| Маракана (Рио-де-Жанейро) Көрермендер саны: 199 854 Төреші: ![]() | ||||||
|
|
| ![]() |
|
Матчтан соң
Осы кездесуден соң Бразилия құрамасының көптеген мүшелері құрамамен мәңгі қоштасты.
Бразилия құрамасы ұлттық құрама жейдесінің түсін алмастырғанды жөн деп тапты. Ақ жейде сәтсіздік шақырады деп ырымдап, сарыға ауыстырылды. Ал қонақта ойнайтын ақ-көк жейделері сол күйі қалдырылды.
Арада 64 жыл өткен соң
2014 жылғы Әлем Чемпионаты Бразилияда өтті. Бұл жолы Бразилия футболшылары баяғы Мараканадағы қасіретті жанкүйер санасынан біржола өшіріп тастау үшін әрекет жасады. Бірақ "Мараканасоны" бірнеше есе орап алатын қасіретке душар болды. Жартылай финалда Бразилия футболшылары турнирдің болашақ чемпионы — Германиядан 1:7 есебімен ойсырай жеңілді.
Қызықты деректер
Осы матчтағы шешуші голды соққан Алсидес Хиггия арада 65 жыл өткен соң, дәл сол датада, 2015 жылы 16 шілдеде 89 жасында өмірден өткен екен.
Тағы қараңыз
Бразилия — Германия — 1:7, 2014
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
1950 zhylgy Futboldan әlem chempionatynyn sheshushi matchy 1950 zhyly 16 shildede Rio de Zhanejrodagy Marakana stadionynda Braziliya zhәne Urugvaj kuramalarynyn arasynda otken kezdesude alan ieleri 1 2 esebimen zhenilip kaldy da bul match braziliyalyktar үshin Marakana kasireti bop tarihta kaldy Futboldan 1950 zhylgy әlem birinshiligi final MaracanacoTurnirFutboldan 1950 zhylgy әlem birinshiligiBraziliya Urugvaj1 2Data16 shilde 1950StadionMarakana Rio de ZhanejroKorermender19985419381954MatchMatchka dejin Algashky toptyk turnirden son Finaldyk pulkaga ekinshi toptyk kezen Braziliya Urugvaj Shveciya Ispaniya kuramalary zholdama aldy Bul kezende komandalardyn upaj sany gana eseptelip kimnin upajy kop bolsa sol chempion atanady Yagni 1950 zhylgy Әlem chempionatynda degen bolgan zhok Algashky eki turdan son karsylastaryn iri eseptermen utkan Braziliya kuramasy top bastap turdy Al olardan bir upaj kem zhinagan Urugvaj futbolshylary ekinshi orynda edi Sondyktan da songy sheshushi үshinshi turdagy Braziliya Urugvaj kezdesuinde alan ielerine ten ojyn da zhetkilikti edi Bүkil Braziliya halky men Ұlttyk Қuramanyn futbolshylary bapkeri ozderinin zhenisine kapysyz sendi Tipti matchka dejin bir birin kuttyktap ta kojypty dejdi senimdi derekkozder Al matchka dejin ak Braziliya futbol federaciyasy arnajy Braziliya futbolshylarynyn aty zhazylgan 22 dana altyn medaldi dajyndap kojgany ras Ol kezde altyn alkalar FIFA tarapynan berilmejtin edi Sholu Match alan ielerinin dүlej shabuylymen bastaldy Birak tas tүjin dajyn turgan urugvajlyktar algashky tajmda oz kakpalaryna dop zhibermedi Ekinshi tajm bastala sala Friasa Braziliya kuramasyn alga shygardy 1 0 Munan son da alan ieleri esepti ulgajtuga tyryskanymen әreketteri nәtizhe bermedi Urugvaj kuramasy tize bүge kojmady 66 minutta Hoan Skyaffino esepti tenestirdi Birak bul eseptin ozi braziliyalyktar үshin molynan zhetkilikti edi Esep teneskennen alandy zhajt ozgerdi Endi urugvajlyktar basymdyk tanyta bastady Bul basymdyk 79 minutta oz nәtizhesin berdi Alsides Higgiya Urugvajdy alga shygargan sәtte 177 772 adam zhinalgan Marakana stadionynda oli tynyshtyk ornady Ojyn bituge әli de 10 minuttaj bar edi Urugvaj futbolshylary zhantalasa koganyska koshti de altyn kubok koldarynan susyp bara zhatkan alan ieleri alga lap kojdy Statistikterdin ajtuynsha songy on minutta Braziliya futbolshylary 8 sokky bagyttapty Birak match nәtizhesi 2 1 esebimen Urugvajdyn pajdasyna sheshildi Araga 20 zhyl salyp Urugvaj kuramasy ekinshi ret Әlem Chempiony atandy Osy match zhajly zhurnalist Sәken Sybanbaj ozinin kitabynda bylaj dep zhazgan eken Songy turdyn kos kezdesuinin biri үshinshi oryn үshin talaska ulassa ekinshisi nagyz finaldyk matchka ajnaldy Odan zhalgyz ajyrmashylygy karsylasynan bir upaj artyk zhinagan alan ielerine әlem chempiony atanu үshin ten ojyn da zhetkilikti edi Bүkil Braziliya ulttyk kuramadan zhenis kүtti Zhenis bolganda da anau mynau emes ote iri utys Kүtip kana kojgan zhok solaj bolatynyna sendi de Sengeni sonsha komandany tan atpaj oyatyp alyp shirkeuge aparyp kuttyktau soz tyndatyp kojypty Olar tүski astaryn da durystap ishe almagan eldin tanymal sayasatkerleri bolashak chempiondardy aldagy zhenisterimen shyn zhүrekten kuttyktauga asykkan eken Al Mundo gazeti sol kүngi sanynyn 1 betine Braziliyanyn 11 futbolshysynyn suretterin tutas basyp Bular әlem chempiondary degen takyryppen shygypty Munyn bәri Urugvaj kuramasy ojynshylarynyn namysyna tiedi Rasynda da ojyn әli bastalgan zhok al braziliyalyktar bulardy adam kurly koretin emes Alanga shykpaj zhatyp aldagy zhenisti tojlap ketken Urugvajlyktardyn kapitany Obdulio Varelanyn tipti yzasy keledi Ol әlgi gazetterdin birazyn satyp alyp oz komandasy ornalaskan konak үjdegi әzhethananyn pissuarlaryna zhapsyryp tastajdy Tүski astan son әdettegidej osynda bas sukkan futbolshylardyn bәri de kishi dәretin gazettegi әlgi chempiondarga bagyttajdy Finaldyk ojyn zhurt kүtkendej braziliyalyktardyn shabuylymen bastalgan Urugvaj komandasynyn әuelde korganudan koly bosamaj anda sanda gana alga zhylzhyp otyrgan Birinshi tajmnyn orta sheninde kuәler zhazyp kaldyrgan suretteulerge sүjensek eki zhakka da psihologiyalyk turgydan katty әser etken bir okiga bolypty Ojyn sәl sayabyrsygan sәtte әlgi Varela toreshinin kozin ala bere әj shәj zhok braziliyalyk korgaushy Bigodege tiisip ony keudesimen kagyp zhiberip zhalpasynan tүsirgen Shamasy ol bolashak chempiondardyn orshelengen or minezin solaj basyp tastajyn dese kerek Agylshyn toreshisi ony bajkamagan Al Bigode buzakyga karymta kajtaruga tyryspagan da Өjtkeni ojyn aldynda braziliyalyk bapker Flavio Kosta oz zhigitterine Dorekilikke dorekilikpen zhauap berushi bolmandar dep katan eskertken eken Munyn ozi bas koz zhok basa koktep ojnajtyn urdazhyk Bigodenin ayak kolyn matap tastaganmen birdej edi Mamandardyn pikirinshe Kostanyn osy kate tapsyrmasy finaldyn tagdyryn sheship bergen siyakty eriksiz tәrtipti ojnauga tiis bolgan Bigode osy sәtten bastap Urugvajdyn on kaptaldagy shabuylshysy Higgiyanyn ashsa alakanynda zhumsa zhudyrygynda boldy Degenmen esepti alan ieleri ashty Ekinshi tajm bastala bere Friasa Ademirden әdemi pas alyp karsylastyn ajyp alanyna endi de sol ayakpen solk etkizdi 1 0 Torsida ore tүregelip orshelengende Marakana dirildep shytynap synyp keterdej edi Gol taza sogylsa da Varela ozinin kapitandygyn pajdalanyp bas toreshige de kaptaldagy kazyga da kajta kajta narazylyk bildirumen boldy Shynymdy ajtsam goldyn eshkandaj erezhe buzylmastan zandy sogylgany ras edi dep eske aldy kejin urugvajlyk Men tek karsylastar osydan kejin odan sajyn zhigerlenip kete me dep koryktym Sojttim de olardyn sol aptygyn biraz basa turmak maksatpen kasakana toreshilermen tәzhikelestim Braziliya ozinin әsem ojynyn әri karaj zhalgastyra berdi Birak o basta ojda bolgan 6 7 goldyn yngajy keler emes 61 minutta urugvajlyk korgaushy Matias Gonsales oz ajyp alanynda Ademirdi shalyp zhykty Agylshyn toreshisi Rider muny kormej kaldy ma әlde korse de shugyl sheshim kabyldauga zhүregi daualamady ma әjteuir 11 metrlik ajyp dobyn belgilegen zhok Budan son urugvajlyktar tipti zhanyn salyp ojnady bargan sajyn batyldana tүsti Flavio Kosta zhigitterinin ekinshi dopty engizu kiyndaj tүsken son zhүjkeleri syr bere bastagandaj ӨZIN ӨZI ӨLTIRGENDER SANY 30 ҒA ZhETIPTI Bүkil Braziliya halky ekinshi goldy kүtip otyrganda 66 minutta dop ojlamagan zherden Barboza korgagan kakpaga kojyp ketti Bәz bayagy Bigodenin kateliginen Ol ozin aldap otip ajyp alanyna erkin engen Higgiyaga esh kedergi zhasaj almagan Higgiya dopty ortadan umtylgan Skyaffinoga dәl bergen Ortalyk korgaushy Zhuvenal da urugvajlyk shabuylshynyn zholyn bogej almagan Al Barboza bajgustyn munda ajyby zhok karsy aldynan nebәri zheti ak metr zherden katty tebilgen dopka ol kalaj toskauyl bola alady Dop kakpa toryn bүlk etkizgen zamat Urugvajdyn bүkil ojynshysy kushaktap sүyu үshin Skyaffinonyn sonynan umtyldy Alan ortasynda tek komanda kapitany Varela gana kaldy Ol kogildir futbolkasyn sheship alyp basynan asyra ajnaldyryp tez oryndaryna oralyndar dep zhigitterine ajgajlaumen boldy Bul gol onsyz da senimine selkeu tүsken alan ielerinin ayagyn shiderlep tastagandaj әser etti Endi olardyn utylyp kalmajmyz ba osy dep mazasyzdana bastagany anyk sezildi Braziliya futbolshylarynyn әr ekinshi pasy karsylaska zhem bolyp zhatty Ojyn yrgagy buzyldy Mine ojynnyn sharyktau shegi 79 minut Radiodan kәnigi kommentator Zhorzhi Kuri kylgyna kyryldajdy Bizdin Danilo doptan ajrylyp kaldy Ony Hulio Peres ilip әketti Ol alga Higgiyaga tastady Higgiya on kaptalmen zulap keledi Braziliyanyn kakpasyna zhakyndap kaldy Tepti Gol Higgiya ekinshi dopty sokty 2 1 Alda okinishke karaj Urugvaj Fotoderekter men kinokadrlar mynany korsetedi Higgiya bul zholy da Bigodeni san soktyryp ketken Қakpashy Barboza tagy da ortadagy Skyaffinoga pas beriledi dep ojlasa kerek sәl alga umsyna bastapty Қakpanyn bergi buryshy ashyk kalganyn korgen Higgiya kigashtap turyp ozi tepken goj Sokky әlsizdeu bolganymen ortaga ojysa bastagan Barboza zhandәrmen kajta umtylsa da dopka zhete almagan Osy kasiretti oz kozimen korgen zhurnalist Zhoao Maksimo Higgiyanyn goly onsyz da mүlgigen stadionda oli tynyshtyk ornatty dep eske alady Birak munyn әserinin kүshti bolgany sondaj osy gol karapajym gana gol әrbir braziliyalyktyn omirin ekige kak boldi golga dejingi omir zhәne odan kejingi omir Eldin әr onirinen zhankүjerlerdin ozin ozi oltirgeni turaly akparattar kelip tүse bastap akyry kurban bolgandardyn sany 300 ge zhetip zhygylgan Sirә bul bir gana goldyn bүtin halykka ulttyk tragediya bop tigen bүkil el omirinin agysyn kүrt ozgertken tarihtagy algashky da bәlkim songy okiga bolar Әrine ojynnyn ayaktaluyna әli on shakty minut bar bolatyn Osy merzim ishinde braziliyalyktar karsylas kakpasyn segiz ret nysanaga aldy onyn үsheuin Maspoli keri kajtarsa beseui kisyk ketti Songy minutta Friasa buryshtan dop beretin boldy Braziliya futbolshylary tүgeldej Urugvajdyn ajyp alanyna zhinaldy Osy sәtte futbol tarihshysy Visente Marino zhazgandaj bүkil Braziliya eli sol ajyp alanynda edi Birak Friasanyn әueletip bergen dobyn Zhair baspen kiys urgan sәtte ak toreshi yskyryp kaldy Ojyn bitti 1950 zhyldyn 16 shildesi sojtip Braziliya halkynyn sanasynda mәngi iz kaldyrdy Әli kүnge dejin kommentatorlar Urugvajdyn ekinshi goly sogylgan kakpany Higgiya kakpasy dep atajdy Endi Urugvajmen bolatyn әrbir ojyn bitispes kek kajtaru kuralyna ajnaldy Bas bapker Flavio Kosta bolsa sheshushi ojyn bitken son Portugaliyadan sayasi baspana surap biraz uakytka elden kete turuga mәzhbүr boldy Әjtpese kany karajgan torsidanyn ne istejtinin bir Қudajdyn ozi biler edi Al bul kүn kazir Urugvajda ulttyk mejram sanalady Bas bapker Huan Lopes pen Obdulio Varela bastagan futbolshylar үsh milliondaj halky bar ultaraktaj elge ekinshi ret әlem chempiony atagyn alyp berdi Protokol 16 shilde 1950 Urugvaj 2 1 BraziliyaSkyaffino 67 Higgiya 80 Goldar Friasa 48 Marakana Rio de Zhanejro Korermender sany 199 854 Toreshi Rider Urugvaj BraziliyaGK 1 MaspoliRB 2 Mattias GonsalesLB 3 TeheraRH 4 GambettaCH 5 Varela k LH 6 Viktor AndradeOR 7 HiggiyaIR 8 Hulio PeresCF 9 Omar MigesIL 10 SkyaffinoOL 11 MoranBapker GK 1 BarbozaRB 2 Augushtu k LB 3 ZhuvenalRH 4 BauerCH 5 DaniloLH 6 BigodeOR 7 FriasaIR 8 ZizinoCF 9 AdemirIL 10 ZhairOL 11 ShikuBapker Matchtan son Osy kezdesuden son Braziliya kuramasynyn koptegen mүsheleri kuramamen mәngi koshtasty Braziliya kuramasy ulttyk kurama zhejdesinin tүsin almastyrgandy zhon dep tapty Ak zhejde sәtsizdik shakyrady dep yrymdap saryga auystyryldy Al konakta ojnajtyn ak kok zhejdeleri sol kүji kaldyryldy Arada 64 zhyl otken son2014 zhylgy Әlem Chempionaty Braziliyada otti Bul zholy Braziliya futbolshylary bayagy Marakanadagy kasiretti zhankүjer sanasynan birzhola oshirip tastau үshin әreket zhasady Birak Marakanasony birneshe ese orap alatyn kasiretke dushar boldy Zhartylaj finalda Braziliya futbolshylary turnirdin bolashak chempiony Germaniyadan 1 7 esebimen ojsyraj zhenildi Қyzykty derekterOsy matchtagy sheshushi goldy sokkan Alsides Higgiya arada 65 zhyl otken son dәl sol datada 2015 zhyly 16 shildede 89 zhasynda omirden otken eken Tagy karanyzBraziliya Germaniya 1 7 2014