Милеттік Фалес (грек: Θαλῆς ὁ Μιλήσιος, ағылш. Thales, б.з.д. 624 ж. - б.з.д. 546 ж.), Ежелгі грекияның әйгілі философы, ғалымы, әулиесі, Сократқа дейінгі натурфилософияның бастаушысы,Кіші Азиядаы (Қазіргі Түркиядағы) Ионияның қаласында бастаушысы болған. Грек жеті әулиесінің бірі деп құрметтелген. Ол батыс мәдениеті тарихындағы тұңғыш философ, “ғылым мен философияның атасы” деп есептеледі. Фалестің әлемге мәшүр Анаксимандр, Анаксимен делінетін екі шәкірті болған. Олардың атағы да Грек даналығы тарихында айырықша аталады.
Фалес (Thales) | |
Θαλῆς | |
Милетік Фалес | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | бзд. 624 ж. |
Туған жері | Милет қаласы, Иония (Қазіргі Түркия) |
Қайтыс болған күні | бзд.546 ж. |
Ұлты | Грек |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | Грек тілді |
Мектеп/дәстүр | Милет мектебі |
Бағыты | |
Негізгі пікірі | Алғашы зат (архе) - су. Барлық затта жан бар. |
Ықпалды жалғастырушылар | Анаксимандр, Анаксимен, кейінгі грек және басқа философтар |
Ғұмырбаяны
Фалес Милет қаласының барынша көркейіп-гүлденген заманында жасады. Ол ежелгі мысырды аралап, олардан математика үйренген.
Геродоттың жазуынша, Фалес б.з.д. 585 ж. күн тұтылатынын күні бұрын дәл болжаған. Ол гректерге бір жылдың болатынын түсіндірген ғалым. Жылдың 365 күн болатынын ежелгі Вавилондықтар 5000 жыл бұрын ойлап тапқан екен, олар жылды 360 күнге бөліп, қалған 5 күнді тойлаған. Жеті күндік апта да сол Бабилондықтардікі. Және шеңбердің 360 градусы да солардікі.
Фалес күн мен айдың мөлшері туралы да айтқан. Ол жұлдыздарға сүйеніп, теңіздегі кеменің жағалаудан қаншалық қашықтықта екенін дәл есептеген.
Фалес және Пирамиданың тік биіктігін көлеңкесі арқылы есептеу жолын ашқан.
Ол табиғаттың бойында бұлқынған жанды тірі күш бар деп сенген, "магниттің темірді тартуын сол жанның құдіреті" - деп түсіндірген. Мұны әдетте "Гилозоизм" - табиғатта жан бар - деп атайды.
"Фалес" теоремасы күні бүгінге дейін атақты.
Фалес философиясы
Фалес дүниені тәжірибе арқылы күзетіп, ақыл мен логикалық тұжырым арқылы түсіндірудің дәстүрін жасады. Ол барша нәрсе тұрады, олар ауа, от, су, топырақ. Бұл төртеуі бірігіп заттарды құрайды деп есептеді. Осы төртеуінің ішінде ол дүниенің архэсі (түп негізі) су деп есептеді. Барша судан пайда болған. Барша сусыз өмір сүре алмайды. Су − тіршіліктің анасы. Барша ақыры суға қайтады. Бұл, ең алғашқы миф пен дінге ұқсамайтын ғылыми түсіндіру болатын. Дүние осы дүниелік мәлім нәрседен өзгеріп келген, дүниені дүние арқылы түсіндіруге болады, Фалестің ғылыми дәстүрі осыған саяды.
Фалес рационализм рухын дәріптеді, материаның жалпылық қағидасын табуды қуаттады, ақыл арқылы дүниені танудың жолын жасады, сондықтан оны батыс философия тарихындағы "тұңғыш ғалым-философ" деп атады. Ол көп құдайлықты жақтады, "дүние көп түрлі рухтардың бірлігі" - деп те айтты. Оның идеясы шәкірті Анаксимандрдың ілімдері арқылы, пифагоршылдар арқылы басқа барлық еуропалық философтарға әсер етті. Фалес туралы нақты жазба деректің көбін Аристотельдің кітабынан оқимыз.
Фалес нақылдары
Скиф философы Анахарсис жеті дана сұхбатында Фалеспен даналық жарыстырған. "Жеті ғұламаның" Амасис патшаға берген мынадай "ақыл-кеңестері" бізге жеткен.
Бірінші сөз алған - Солон: "Менің пікірімше, егер өзі мен үкімет билігін халық билігіне айналдыра алса ғана, ол патшаның даңқы артады", - дейді. Екінші - Биант: "Ол сонда ғана заңға бағынудың үлгісін жасайды", - дейді. Одан кейін Фалес: "Патшаның бақыты сол, - егер оның жасы жетіп, өз өлімімен дүниеден өтсе", - дейді. Төртінші - Анахарсис: "Ол барлығынан ақылды", - дейді. Бесінші - Клеобул: "Ол қасындағылар сезіне ермейтін патша", - дейді. Алтыншы - : "Олай болғанда бағыныштылар өзінен қорықпайды, өзі үшін қорқады", - дейді. Жетінші - Хилон: "Патша ойы өлім туралы емес, мәңгілік туралы болуы керек", - дейді. Ең соңынан - сөз алып: "Бір нәрсе ескерткім келеді: Осы айтқандардың бәрін ақылымен қорытқан адам биліктен қол үзуі қажет", - дейді. Плутархтың айтуына қараганда, Фалеске берілген сұрақтардан мынандай жауаптар алыныпты. “Бәрінен де жасы үлкен кім?” дегенге: “Құдай, өйткені ол тумаған. “Бәрінен де не үлкен?” дегенге: “Кеңістік, өйткені ол бүкіл Дүниені қамтиды”. "Не нәрсе ең әсем?" дегенге: "Дүние, өйткені әсемдіктің бәрі соның құрамында". “Ең дана не?” дегенге: "Уақыт, ол бәрін тудырды, тағы да тудырады". “Барлыққа ортақ не?” дегенге: “Үміт. Қолында еш нәрсе жоқтарда да өмірге деген үміт болмай қалмайды”. "Ең оңай не?" дегенде: "Басқаларға ақыл айту, өйткені оны өзі орындамасаң да болады", "Не нәрсе күшті" десе: "Сөзсіздік, ол бәрін жеңеді" дейді, т.с.с.
Сонымен Фалеспен бірге грек ой-өрісі бірте-бірте аңыз-қиялдан айырылып, ғылым жолына қарай бетбұрыстың есігін ашты.
Фалес туралы қосымша әңгімелер
Бірде, жазда Фалес саудагер ретінде Египетке барыпты. Оның қабілетін сынап көргісі келген Египет ғұламалары одан пирамида биіктігін өлшеп беруін сұрапты. Фалес: "егер ертең Мысыр Перғауыны өзі келер болса, өлшеп берейін" депті. Перғауын мұны естіп, ертесі пирамиданың қасына келіпті. Жұрт жиналған соң, Фалес алдымен пирамиданың ең ұзын көлеңкесін өлшепті. Сосын, сонда тұрған бір адамның бойының биіктігі мен оның да көлеңкесінің ұзындығын өлшепті. Сосын ол адам бойының биіктігі мен көлеңкесінің ұзындығының салыстырмасын және белгілі болған пирамида көлеңкесінің ұзындық шамасын пайдаланып пирамида биіктігін оп-оңай есептеп беріпті. Бұған таң ғалған Мысыр ғалымдары оған (ғұлама) атағын беріпті. Кейін пифагордың пифагор теориясын тапқырлауына да Фалестің осы әдісі көмектескені анық.
Бірде, Фалес қас қарайған кезде жұлдыздарға қарап ойланып келе жатып аяғының астындағы көлшікке шалынып құлап қалыпты. Мұны көрген су алуға кетіп бара жатқан бір әйел мазақтай күліп "Фалес-ау, аспанға қараудан бұрын алдымен аяғыңыздың астына қарап алсаңыз етті!" депті, кекетіп. Сонда фалес: "Аспанды дұрыс көрмесең аяғыңның астын да дұрыс көріп жарытпайсың, менің құлап қалуым аяғымның астын дұрыс көре алмаудан емес, аспанды дұрыс көре алмаудан" деген екен. Сөз мағынасы, "тек ғарыштық ақиқаттарды дұрыс түсінсең ғана тұрмыс-тіршілікте адаспай дұрыс жүре аласың" болса керек. Ол және сол жерде жұртқа қарап "ертең жаңбыр жауады екен" депті. Расында ертесі жаңбыр жауыпты. Сонымен жұрт арасында "Фалес жер-әлемдегінің бәрін біледі, бірақ аяғының астын білмейді" деген қалжың сөз тарапты. Кейін ағылшын ақыны Оскар Уайльд Фалестен шабыт алып:
Бәріміз де көлшіктің ішіндеміз, тек біреулер тігіледі аспанға |
деп өлең қалдырыпты.
Бірде Фалесті біреулер "философияның тұрмысты жақсартуға еш пайдасы жоқ екен, мысалы мына сен өте кедейсің" деп мазақтапты. Фалес келесі жылы мол өнім болатынын табиғатты зерттеу арқылы біліп, ауылдағы зәйтүн майын өңдейтін аспаптарды түгел сатып алыпты. Келесі жылы расында мол өнім болыпты, Фалес олардың зәйтүнін түгел өңдеп беріп мол ақша тауыпты. Сонымен ол жұртқа: "Философия тұрмысты жақсартуға пайдасы тиеді, тек философ тұрмысты жақсартуға тым әуестеніп кетпейді" деген екен.
Фалес және "Мен біріншісі хайуан болмай адам болғаныма, екіншісі әйел болмай еркек болғаныма, үшіншісі басқа халық болмай Грек болғаныма қуанамын" - деген екен.
Фалес жасы келсе де үйленбей жүрген соң шешесі оған үйленсеңші десе, ол "әлі уақыты келген жоқ" дейді екен. Кейін үйленбей егде тартып кеткенде үйленсеңші десе "уақыты өтіп кетті ғой" дейді екен.
Фалестен "дұрыс, дана өмір қандай өмір?" деп сұрағанда, ол "басқаларды жалықтырмайтын, ренжітпейтін өмір" деп жауап беріпті.
Фалестен "тапқырлықтың, жаңалық ашудың қандай пайдасы бар?" деп сұрағанда, ол "Сен оны басқаларға айтқан кезіңде сенің тапқырлығың емес, менің тапқырлығым ретінде айтасың, тапқырлықтың мен үшін ең үлкен сыйы осы" депті.
Фалестен "өмірде сізді айырықша таңырқатқан тегі не іс?" деп сұрағанда, " ұзақ жасауы" деген екен.
Фалес Египетке барып египеттіктерден геометрия үйренгені белгілі. Бірақ египпеттіктердің геометриясы тек жер бөлу үшін ғана зерттелген екен. Олар жерді жоспарлау, өлшеу, бөлу, сызық сызу амалдарын жеттік білген. Өйткені жыл сайын Ніл өзені тасып, олардың жер белгілерін өшіріп кететіндіктен, олар жаңадан жер өлшеу жасай бастайды, немесе пирамида салу үшін жер өлшей бастайды. Египеттіктер өз тәжірибелерінде шеңберді бөлудің түрлі амалдарын қанық білген, үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, олардың қарсы жағындағы бұрыштар да тең болатынын білген, бірақ соларды теория ретінде қорытпаған, ғылыми түрде дәлелдеп, оны кең қолдануға, жаңа теория ашуға тырыспаған. Фалес египеттіктердің бұл кемшілігін түсініп, ол үйренгенін теорияға айналдырып, мысалы Фалес теориясы секілділерді тапқырлады. Демек, Фалес тек тәжірибеге ғана мән беруден тәірибені қортатын зердеге мән беруге бұрылыс жасаған ойшыл есептеледі.
Тағы да қараңыз
Дереккөздер
- Diogenes Laërtius Lives of Eminent Philosophers.
- Аристотель, Metaphysics Alpha, 983b18.
- DGRBM, Thales, 1870 https://archive.org/stream/dictionaryofgree03smituoft#page/1016, 1016pp
- Michael Fowler, Early Greek Science: Thales to Plato, University of Virginia [Retrieved 2016-06-16]
- Frank N. Magill, The Ancient World: Dictionary of World Biography, Volume 1, Routledge, 2003 isbn 1135457395
- Herodotus, 1.74.2, and A. D. Godley's footnote 1; Pliny, 2.9 (12) and Bostock's footnote 2.
- Boyer, 1991, "Ionia and the Pythagoreans" p. 43
- Aristotle Book I 983b // Aristotle, Metaphysics — .
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Milettik Fales grek 8alῆs ὁ Milhsios agylsh Thales b z d 624 zh b z d 546 zh Ezhelgi grekiyanyn әjgili filosofy galymy әuliesi Sokratka dejingi naturfilosofiyanyn bastaushysy Kishi Aziyaday Қazirgi Tүrkiyadagy Ioniyanyn kalasynda bastaushysy bolgan Grek zheti әuliesinin biri dep kurmettelgen Ol batys mәdenieti tarihyndagy tungysh filosof gylym men filosofiyanyn atasy dep esepteledi Falestin әlemge mәshүr Anaksimandr Anaksimen delinetin eki shәkirti bolgan Olardyn atagy da Grek danalygy tarihynda ajyryksha atalady Fales Thales 8alῆsMiletik FalesZhalpy maglumatTugan kүnibzd 624 zh Tugan zheriMilet kalasy Ioniya Қazirgi Tүrkiya Қajtys bolgan kүnibzd 546 zh ҰltyGrekShygarmashylygyShygarmalardyn tiliGrek tildiMektep dәstүrMilet mektebiBagytyNaturfilosofiya GilozoizmNegizgi pikiriAlgashy zat arhe su Barlyk zatta zhan bar Ykpaldy zhalgastyrushylarAnaksimandr Anaksimen kejingi grek zhәne baska filosoftarKүnnin tolyk tutyluyҒumyrbayanyFales 1908zhasalgan AҚSh Vashington kalasy Fales Milet kalasynyn barynsha korkejip gүldengen zamanynda zhasady Ol ezhelgi mysyrdy aralap olardan matematika үjrengen Gerodottyn zhazuynsha Fales b z d 585 zh kүn tutylatynyn kүni buryn dәl bolzhagan Ol grekterge bir zhyldyn bolatynyn tүsindirgen galym Zhyldyn 365 kүn bolatynyn ezhelgi Vavilondyktar 5000 zhyl buryn ojlap tapkan eken olar zhyldy 360 kүnge bolip kalgan 5 kүndi tojlagan Zheti kүndik apta da sol Babilondyktardiki Zhәne shenberdin 360 gradusy da solardiki Fales kүn men ajdyn molsheri turaly da ajtkan Ol zhuldyzdarga sүjenip tenizdegi kemenin zhagalaudan kanshalyk kashyktykta ekenin dәl eseptegen Fales zhәne Piramidanyn tik biiktigin kolenkesi arkyly esepteu zholyn ashkan Ol tabigattyn bojynda bulkyngan zhandy tiri kүsh bar dep sengen magnittin temirdi tartuyn sol zhannyn kudireti dep tүsindirgen Muny әdette Gilozoizm tabigatta zhan bar dep atajdy Fales teoremasy kүni bүginge dejin atakty Fales filosofiyasyFales byusti suret 1825 zh Ellin kitaphanasynda Fales dүnieni tәzhiribe arkyly kүzetip akyl men logikalyk tuzhyrym arkyly tүsindirudin dәstүrin zhasady Ol barsha nәrse turady olar aua ot su topyrak Bul torteui birigip zattardy kurajdy dep eseptedi Osy torteuinin ishinde ol dүnienin arhesi tүp negizi su dep eseptedi Barsha sudan pajda bolgan Barsha susyz omir sүre almajdy Su tirshiliktin anasy Barsha akyry suga kajtady Bul en algashky mif pen dinge uksamajtyn gylymi tүsindiru bolatyn Dүnie osy dүnielik mәlim nәrseden ozgerip kelgen dүnieni dүnie arkyly tүsindiruge bolady Falestin gylymi dәstүri osygan sayady Fales teoremasy DEBC AEAC ADAB displaystyle textstyle frac DE BC frac AE AC frac AD AB Fales racionalizm ruhyn dәriptedi materianyn zhalpylyk kagidasyn tabudy kuattady akyl arkyly dүnieni tanudyn zholyn zhasady sondyktan ony batys filosofiya tarihyndagy tungysh galym filosof dep atady Ol kop kudajlykty zhaktady dүnie kop tүrli ruhtardyn birligi dep te ajtty Onyn ideyasy shәkirti Anaksimandrdyn ilimderi arkyly pifagorshyldar arkyly baska barlyk europalyk filosoftarga әser etti Fales turaly nakty zhazba derektin kobin Aristoteldin kitabynan okimyz Fales nakyldaryMilettegi kasiet tugyrlary Skif filosofy Anaharsis zheti dana suhbatynda Falespen danalyk zharystyrgan Zheti gulamanyn Amasis patshaga bergen mynadaj akyl kenesteri bizge zhetken Birinshi soz algan Solon Menin pikirimshe eger ozi men үkimet biligin halyk biligine ajnaldyra alsa gana ol patshanyn danky artady dejdi Ekinshi Biant Ol sonda gana zanga bagynudyn үlgisin zhasajdy dejdi Odan kejin Fales Patshanyn bakyty sol eger onyn zhasy zhetip oz olimimen dүnieden otse dejdi Tortinshi Anaharsis Ol barlygynan akyldy dejdi Besinshi Kleobul Ol kasyndagylar sezine ermejtin patsha dejdi Altynshy Olaj bolganda bagynyshtylar ozinen korykpajdy ozi үshin korkady dejdi Zhetinshi Hilon Patsha ojy olim turaly emes mәngilik turaly boluy kerek dejdi En sonynan soz alyp Bir nәrse eskertkim keledi Osy ajtkandardyn bәrin akylymen korytkan adam bilikten kol үzui kazhet dejdi Plutarhtyn ajtuyna karaganda Faleske berilgen suraktardan mynandaj zhauaptar alynypty Bәrinen de zhasy үlken kim degenge Қudaj ojtkeni ol tumagan Bәrinen de ne үlken degenge Kenistik ojtkeni ol bүkil Dүnieni kamtidy Ne nәrse en әsem degenge Dүnie ojtkeni әsemdiktin bәri sonyn kuramynda En dana ne degenge Uakyt ol bәrin tudyrdy tagy da tudyrady Barlykka ortak ne degenge Үmit Қolynda esh nәrse zhoktarda da omirge degen үmit bolmaj kalmajdy En onaj ne degende Baskalarga akyl ajtu ojtkeni ony ozi oryndamasan da bolady Ne nәrse kүshti dese Sozsizdik ol bәrin zhenedi dejdi t s s Sonymen Falespen birge grek oj orisi birte birte anyz kiyaldan ajyrylyp gylym zholyna karaj betburystyn esigin ashty Fales turaly kosymsha әngimelerPiramida biiktigin onyn kolenkesi arkyly olsheu amaly A V D C Birde zhazda Fales saudager retinde Egipetke barypty Onyn kabiletin synap korgisi kelgen Egipet gulamalary odan piramida biiktigin olshep beruin surapty Fales eger erten Mysyr Pergauyny ozi keler bolsa olshep berejin depti Pergauyn muny estip ertesi piramidanyn kasyna kelipti Zhurt zhinalgan son Fales aldymen piramidanyn en uzyn kolenkesin olshepti Sosyn sonda turgan bir adamnyn bojynyn biiktigi men onyn da kolenkesinin uzyndygyn olshepti Sosyn ol adam bojynyn biiktigi men kolenkesinin uzyndygynyn salystyrmasyn zhәne belgili bolgan piramida kolenkesinin uzyndyk shamasyn pajdalanyp piramida biiktigin op onaj eseptep beripti Bugan tan galgan Mysyr galymdary ogan gulama atagyn beripti Kejin pifagordyn pifagor teoriyasyn tapkyrlauyna da Falestin osy әdisi komekteskeni anyk Fales Tomas Stenlidin Filosofiya tarihy 1655 Birde Fales kas karajgan kezde zhuldyzdarga karap ojlanyp kele zhatyp ayagynyn astyndagy kolshikke shalynyp kulap kalypty Muny korgen su aluga ketip bara zhatkan bir әjel mazaktaj kүlip Fales au aspanga karaudan buryn aldymen ayagynyzdyn astyna karap alsanyz etti depti keketip Sonda fales Aspandy durys kormesen ayagynnyn astyn da durys korip zharytpajsyn menin kulap kaluym ayagymnyn astyn durys kore almaudan emes aspandy durys kore almaudan degen eken Soz magynasy tek garyshtyk akikattardy durys tүsinsen gana turmys tirshilikte adaspaj durys zhүre alasyn bolsa kerek Ol zhәne sol zherde zhurtka karap erten zhanbyr zhauady eken depti Rasynda ertesi zhanbyr zhauypty Sonymen zhurt arasynda Fales zher әlemdeginin bәrin biledi birak ayagynyn astyn bilmejdi degen kalzhyn soz tarapty Kejin agylshyn akyny Oskar Uajld Falesten shabyt alyp Bәrimiz de kolshiktin ishindemiz tek bireuler tigiledi aspanga dep olen kaldyrypty Milettik Fales freskasynyn boligi Afina ulttyk zhәne Kapodistriya universiteti Birde Falesti bireuler filosofiyanyn turmysty zhaksartuga esh pajdasy zhok eken mysaly myna sen ote kedejsin dep mazaktapty Fales kelesi zhyly mol onim bolatynyn tabigatty zertteu arkyly bilip auyldagy zәjtүn majyn ondejtin aspaptardy tүgel satyp alypty Kelesi zhyly rasynda mol onim bolypty Fales olardyn zәjtүnin tүgel ondep berip mol aksha tauypty Sonymen ol zhurtka Filosofiya turmysty zhaksartuga pajdasy tiedi tek filosof turmysty zhaksartuga tym әuestenip ketpejdi degen eken Fales zhәne Men birinshisi hajuan bolmaj adam bolganyma ekinshisi әjel bolmaj erkek bolganyma үshinshisi baska halyk bolmaj Grek bolganyma kuanamyn degen eken Fales zhasy kelse de үjlenbej zhүrgen son sheshesi ogan үjlensenshi dese ol әli uakyty kelgen zhok dejdi eken Kejin үjlenbej egde tartyp ketkende үjlensenshi dese uakyty otip ketti goj dejdi eken Falesten durys dana omir kandaj omir dep suraganda ol baskalardy zhalyktyrmajtyn renzhitpejtin omir dep zhauap beripti Falesten tapkyrlyktyn zhanalyk ashudyn kandaj pajdasy bar dep suraganda ol Sen ony baskalarga ajtkan kezinde senin tapkyrlygyn emes menin tapkyrlygym retinde ajtasyn tapkyrlyktyn men үshin en үlken syjy osy depti Falesten omirde sizdi ajyryksha tanyrkatkan tegi ne is dep suraganda uzak zhasauy degen eken Ortangy mandajshalykta Milettik Fales tungysh filosof Sol zhak әkeluge attangan grek miftik batyry argonavtar kosemi On zhakta Kolej bzd VIg Samostyk grek saudageri tenizshi Vena tabigi tarih murazhajy Fales Egipetke baryp egipettikterden geometriya үjrengeni belgili Birak egippettikterdin geometriyasy tek zher bolu үshin gana zerttelgen eken Olar zherdi zhosparlau olsheu bolu syzyk syzu amaldaryn zhettik bilgen Өjtkeni zhyl sajyn Nil ozeni tasyp olardyn zher belgilerin oshirip ketetindikten olar zhanadan zher olsheu zhasaj bastajdy nemese piramida salu үshin zher olshej bastajdy Egipettikter oz tәzhiribelerinde shenberdi boludin tүrli amaldaryn kanyk bilgen үshburyshtyn eki kabyrgasy ten bolsa olardyn karsy zhagyndagy buryshtar da ten bolatynyn bilgen birak solardy teoriya retinde korytpagan gylymi tүrde dәleldep ony ken koldanuga zhana teoriya ashuga tyryspagan Fales egipettikterdin bul kemshiligin tүsinip ol үjrengenin teoriyaga ajnaldyryp mysaly Fales teoriyasy sekildilerdi tapkyrlady Demek Fales tek tәzhiribege gana mәn beruden tәiribeni kortatyn zerdege mәn beruge burylys zhasagan ojshyl esepteledi Tagy da karanyzDerekkozderDiogenes Laertius Lives of Eminent Philosophers Aristotel Metaphysics Alpha 983b18 DGRBM Thales 1870 https archive org stream dictionaryofgree03smituoft page 1016 1016pp Michael Fowler Early Greek Science Thales to Plato University of Virginia Retrieved 2016 06 16 Frank N Magill The Ancient World Dictionary of World Biography Volume 1 Routledge 2003 isbn 1135457395 Herodotus 1 74 2 and A D Godley s footnote 1 Pliny 2 9 12 and Bostock s footnote 2 Boyer 1991 Ionia and the Pythagoreans p 43 Aristotle Book I 983b Aristotle Metaphysics