![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTgxTHpWbUwwUnBjMkZ0WW1sblgyZHlZWGt1YzNabkx6SXljSGd0UkdsellXMWlhV2RmWjNKaGVTNXpkbWN1Y0c1bi5wbmc=.png)
Тайпақ (1993 жылғы 7 қазанға дейін — Калмыково) — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Тайпақ ауылдық округі орталығы.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdmEyc3ZkR2gxYldJdk55ODNNQzhsUkRBbFFUSWxSREFsUWpBbFJEQWxRamtsUkRBbFFrWWxSREFsUWpBbFJESWxPVUl1WHlWRU1DVTVSaVZFTUNWQ01DVkVNQ1ZDUkNWRU1DVkNSU1ZFTVNVNE1DVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNReVZFTUNWQ01DNXFjR2N2TVRJd01IQjRMU1ZFTUNWQk1pVkVNQ1ZDTUNWRU1DVkNPU1ZFTUNWQ1JpVkVNQ1ZDTUNWRU1pVTVRaTVmSlVRd0pUbEdKVVF3SlVJd0pVUXdKVUpFSlVRd0pVSkZKVVF4SlRnd0pVUXdKVUl3SlVRd0pVSkRKVVF3SlVJd0xtcHdadz09LmpwZw==.jpg)
Ауыл | |
Тайпақ | |
![]() | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 49°02′03″ с. е. 51°49′44″ ш. б. / 49.03417° с. е. 51.82889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°02′03″ с. е. 51°49′44″ ш. б. / 49.03417° с. е. 51.82889° ш. б. (G) (O) (Я) |
Бұрынғы атаулары | Калмыково |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 4692 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 07 |
Тайпақ шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстікке қарай 142 км жерде, Жайықтың оң аңғарының жусаны аралас баялыш, көкпек, бетеге, қау өскен сұр, сортанды сұр, шалғыңды қоңыр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 5070 адам (2524 ер адам және 2546 әйел адам) болса, 2009 жылы 4692 адамды (2345 ер адам және 2347 әйел адам) құрады.
Тарихы
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdmEyc3ZkR2gxYldJdk1TOHhNaThsUkRBbFFUSWxSREFsUWpBbFJEQWxRamtsUkRBbFFrWWxSREFsUWpBbFJESWxPVUpmSlVRd0pVSXdKVVF4SlRnekpVUXhKVGhDSlVRd0pVSkNKVVF4SlRoQ0xtcHdaeTh5TURCd2VDMGxSREFsUVRJbFJEQWxRakFsUkRBbFFqa2xSREFsUWtZbFJEQWxRakFsUkRJbE9VSmZKVVF3SlVJd0pVUXhKVGd6SlVReEpUaENKVVF3SlVKQ0pVUXhKVGhDTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
1996 жылға дейін Калмыково деп аталып келген. Тайпақ жөніндегі алғашқы мәліметтер 16 ғасырға жатады. Орал қаласынан кейінгі облыс аумағындағы ең көне елді мекен - осы Тайпақтың орнындағы бұрынғы Калмыков кенті. Елді мекенде қалмақ хандығының ордасы болған. Аңыз бойынша, бұл жерге бір қезде қалмақ князі қоныстанған. Оны жергілікті қазақтар «Князь қала» деп те атайды. Екі ғасыр бойы қамал ретінде және Азиядан Ресейге баратын сауда керуен жолындағы елді мекен болды. 1875 жылы уездік қалаға айналған. Мұнда 1884 жылы «Тургенев кітапханасы» 479 деп аталатын кітапхана, мектеп, медпункт ашылады. Тайпақта жыл сайын үлкен жәрмеңкелер өтіп тұрады. Жаратылыстанушы ғалымдар мен саяхатшылар (П.И. Рычков, 1734; П.С.Паллас, 1769; Н.А. Северцов, 1862) жол жазбаларында Тайпақ туралы және Жайықтың осы өңірі туралы құнды деректер жазып кеткен. Саратов-Орал темір жолы салынғаннан кейін Тайпақтың сауда маңызы жойыла бастады. Өйткені шығыстан келетін керуен жолы Ойыл арқылы өтіп, Оралға тура тартатын болды. 1928-1997 жылдар аралығыңда Тайпақ ауданның орталығы және «Краснояр» қаракөл қой өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізіңде 1997 жылдан Тайпақта оған қарасты Шабдаржап, Томпақ ауылдарында 237 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Ауылдарда 4 орта, 2 орталау мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, мәдениет үйі, 4 кітапхана, дәрігерлік-амбулаторлық және 3 фельдшер-акушерлік пункт орналасқан. Тайпақ арқылы Орал-Атырау автомобиль жолы өтеді. Жайық арқылы кеме қатынайды.
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
- Қ. Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
- Тайпақ мектеп-гимназиясы — Ақжайық ауданы әкімінің 1997 жылғы 27 маусымдағы №152 шешімімен ашылған. Бастапқы уақытта Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектептің қосымша ғимаратында орналасқан. «Ақжайық ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралы БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылдық округінің әкімінің 2013 жылғы 24 шілдедегі №19 шешімімен Тайпақ ауылы, Гагарин көшесі №23 мекенжайдағы ғимарат пайдалануға берілді.
- Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі — 1968 жылы Краснояр бастауыш мектебі болып Калмыков орта мектебінің бастауыш сыныптары негізінде ашылды. 1971-72 оқу жылында Краснояр 8 жылдық мектебі болып өзгертілді. 1976- 77 жылдары оқу жылында Краснояр орта мектебі болып қайтадан ашылды. 1976-93 жылдары оқу жылдарында мектеп жанында интернат жұмыс жасады. Бұл интернатта № 3 ферма шопандарының балалары және Харькин, Краснояр ауылдарының 9-10 сынып оқушылары тәрбиеленді. 1993 жылы Краснояр совхозының таратылуына байланысты интернат жабылды. 1987-88 оқу жылында мектеп 3 қабатты жаңа ғимаратқа көшті.
Ауыл көшелері
- А. Пушкин көшесі
- Абай көшесі
- Азаттық (Октябрьдің 50 жылдығы) көшесі
- Ә. Кашкенов көшесі
- Ә. Молдағұлова көшесі
- Б. Бисенов (Ленин) көшесі
- Бейбітшілік көшесі
- Д. Жауымбаев көшесі
- Д. Нұрпейісова көшесі
- Достық (Гагарин) көшесі
- Ж. Молдағалиев көшесі
- Жайық көшесі
- Жамбыл көшесі
- Жеңіс (Жеңістің 40 жылдығы) көшесі
- И. Тайманов көшесі
- Кеңжайлау (Хаустов) көшесі
- Көкпар (Шемякин) көшесі
- Қ. Ғилманов көшесі
- Құрманғазы көшесі
- Құрылысшы көшесі
- М. Әуезов көшесі
- М. Мәметова көшесі
- Махамбет көшесі
- Орталық алаң көшесі
- Сарыжайлау (Фурманов) көшесі
- Т. Әубәкіров көшесі
- Т. Жұмақаев көшесі
- Т. Жұмалиев көшесі
- Т. Масин көшесі
- Х. Чурин көшесі
- Хан тәңірі (Чапаев) көшесі
Дереккөздер
- Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
- Мектеп туралы Мұрағатталған 1 сәуірдің 2023 жылы.
- Краснояр ЖОББМ тарихы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Baska magynalar үshin Tajpak degen betti karanyz Tajpak 1993 zhylgy 7 kazanga dejin Kalmykovo Batys Қazakstan oblysy Akzhajyk audanyndagy auyl Tajpak auyldyk okrugi ortalygy Tajpak auylyna kosh keldiniz AuylTajpakӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanStatusyAuyldyk okrug ortalygyOblysyBatys ҚazakstanAudanyAkzhajykAuyldyk okrugiTajpakTarihy men geografiyasyKoordinattary49 02 03 s e 51 49 44 sh b 49 03417 s e 51 82889 sh b 49 03417 51 82889 G O Ya Koordinattar 49 02 03 s e 51 49 44 sh b 49 03417 s e 51 82889 sh b 49 03417 51 82889 G O Ya Buryngy ataularyKalmykovoUakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny4692 adam 2009 Sandyk identifikatorlaryAvtomobil kody07Tajpak TajpakTajpak shekarasyGeografiyalyk ornyAudan ortalygy Chapaev auylynan ontүstikke karaj 142 km zherde Zhajyktyn on angarynyn zhusany aralas bayalysh kokpek betege kau osken sur sortandy sur shalgyndy konyr topyrakty sholdi beldemde ornalaskan Halky1999 zhyly turgyndar sany 5070 adam 2524 er adam zhәne 2546 әjel adam bolsa 2009 zhyly 4692 adamdy 2345 er adam zhәne 2347 әjel adam kurady Tarihy1996 zhylga dejin Kalmykovo dep atalyp kelgen Tajpak zhonindegi algashky mәlimetter 16 gasyrga zhatady Oral kalasynan kejingi oblys aumagyndagy en kone eldi meken osy Tajpaktyn ornyndagy buryngy Kalmykov kenti Eldi mekende kalmak handygynyn ordasy bolgan Anyz bojynsha bul zherge bir kezde kalmak knyazi konystangan Ony zhergilikti kazaktar Knyaz kala dep te atajdy Eki gasyr bojy kamal retinde zhәne Aziyadan Resejge baratyn sauda keruen zholyndagy eldi meken boldy 1875 zhyly uezdik kalaga ajnalgan Munda 1884 zhyly Turgenev kitaphanasy 479 dep atalatyn kitaphana mektep medpunkt ashylady Tajpakta zhyl sajyn үlken zhәrmenkeler otip turady Zharatylystanushy galymdar men sayahatshylar P I Rychkov 1734 P S Pallas 1769 N A Severcov 1862 zhol zhazbalarynda Tajpak turaly zhәne Zhajyktyn osy oniri turaly kundy derekter zhazyp ketken Saratov Oral temir zholy salyngannan kejin Tajpaktyn sauda manyzy zhojyla bastady Өjtkeni shygystan keletin keruen zholy Ojyl arkyly otip Oralga tura tartatyn boldy 1928 1997 zhyldar aralygynda Tajpak audannyn ortalygy zhәne Krasnoyar karakol koj osiru kensharynyn ortalygy boldy Onyn negizinde 1997 zhyldan Tajpakta ogan karasty Shabdarzhap Tompak auyldarynda 237 sharua kozhalygy zhumys istejdi InfrakurylymyAuyldarda 4 orta 2 ortalau mektep kәsiptik tehnikalyk mektep mәdeniet үji 4 kitaphana dәrigerlik ambulatorlyk zhәne 3 feldsher akusherlik punkt ornalaskan Tajpak arkyly Oral Atyrau avtomobil zholy otedi Zhajyk arkyly keme katynajdy Mәdeni әleumettik mekemeleriҚ Bajsykov atyndagy zhalpy orta bilim beretin mektebi Tajpak mektep gimnaziyasy Akzhajyk audany әkiminin 1997 zhylgy 27 mausymdagy 152 sheshimimen ashylgan Bastapky uakytta Қ Bajsykov atyndagy orta zhalpy bilim beretin mekteptin kosymsha gimaratynda ornalaskan Akzhajyk audanynyn bilim bolimi memlekettik mekemesine turakty zher pajdalanu kukygyn beru turaly BҚO Akzhajyk audany Tajpak auyldyk okruginin әkiminin 2013 zhylgy 24 shildedegi 19 sheshimimen Tajpak auyly Gagarin koshesi 23 mekenzhajdagy gimarat pajdalanuga berildi Ybyraj Altynsarin atyndagy zhalpy orta bilim beretin mektebi 1968 zhyly Krasnoyar bastauysh mektebi bolyp Kalmykov orta mektebinin bastauysh synyptary negizinde ashyldy 1971 72 oku zhylynda Krasnoyar 8 zhyldyk mektebi bolyp ozgertildi 1976 77 zhyldary oku zhylynda Krasnoyar orta mektebi bolyp kajtadan ashyldy 1976 93 zhyldary oku zhyldarynda mektep zhanynda internat zhumys zhasady Bul internatta 3 ferma shopandarynyn balalary zhәne Harkin Krasnoyar auyldarynyn 9 10 synyp okushylary tәrbielendi 1993 zhyly Krasnoyar sovhozynyn taratyluyna bajlanysty internat zhabyldy 1987 88 oku zhylynda mektep 3 kabatty zhana gimaratka koshti Auyl kosheleriA Pushkin koshesi Abaj koshesi Azattyk Oktyabrdin 50 zhyldygy koshesi Ә Kashkenov koshesi Ә Moldagulova koshesi B Bisenov Lenin koshesi Bejbitshilik koshesi D Zhauymbaev koshesi D Nurpejisova koshesi Dostyk Gagarin koshesi Zh Moldagaliev koshesi Zhajyk koshesi Zhambyl koshesi Zhenis Zhenistin 40 zhyldygy koshesi I Tajmanov koshesi Kenzhajlau Haustov koshesi Kokpar Shemyakin koshesi Қ Ғilmanov koshesi Қurmangazy koshesi Қurylysshy koshesi M Әuezov koshesi M Mәmetova koshesi Mahambet koshesi Ortalyk alan koshesi Saryzhajlau Furmanov koshesi T Әubәkirov koshesi T Zhumakaev koshesi T Zhumaliev koshesi T Masin koshesi H Churin koshesi Han tәniri Chapaev koshesiDerekkozderOb upopyadochenii tpanskribipovaniya na pusskom yazyke kazahskih toponimov naimenovanii i pepeimenovanii otdelnyh administpativno teppitopialnyh edinic Respubliki Kazahstan 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly Batys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 ISBN 9965 607 02 8 Mektep turaly Muragattalgan 1 sәuirdin 2023 zhyly Krasnoyar ZhOBBM tarihy