Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры – Ақтөбе қаласындағы мәдени орталықтардың бірі.
Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры | |
---|---|
Орналасуы | Қазақстан Ақтөбе, Т. Ахтанов көшесі, 52 |
Негізделгені | 1935 |
Директоры | Нұрхан Кенжебайұлы Кәдірбаев |
Көркемдік жетекшісі | Данияр Базарқұлов |
Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры Ортаққорда |
Тарихы
Ақтөбе облыстық театрында ұзақ жылдар бойы қазақ және орыс труппасы жемісті жұмыс істеп келді. Қазақ труппасының тарихы әйгілі халық комиссары Темірбек Жүргеновтің ұсынысымен 1935 жылы ашылған қазақ музыкалық драма театрдан бастау алады. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Гүлшат Омарованың жетекшілігімен "Еңлік – Кебек", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Амангелді", "Қыз Жібек", "Исатай − Махамбет" сияқты өзге де қазақ классиктердің шығармалары сахна төріне жол тартты.
1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты қазақ театры жабылды. Қаладағы орыс театры 1943 жылы Ақтөбеге көшіріліп, Александр Островский, Антон Чехов және Николай Гоголь шығармаларын сахналады. 1948 жылы соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтарға байланысты орыс театры өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Орыс театрының келесі қадамы 1965 жылы Қазақ ССР кеңес министрлігінің № 707 (1964 жылдың 13 қазанынан бастап) шыққан үкімімен алғашқы директоры Владимир Сергеевич Тихонов басшылығымен облыстық мәдениет үйінде басталды. 1966 жылдың қаңтарында алғаш театр маусымында Александр Штейннің "Нөсердің арасында" пьесасы сахналанды.
1992 жылы Ақтөбе облыстық драма театрында қазақ труппасы жұмыс жасай бастады. Труппа 1992 жылдың 18 шілдесінде Тахауи Ахтановтың "Күшік күйеу" спектаклімен өз шымылдығын ашты. Қазақ театрының алғашқы директоры Қорлан Бөлеков, режиссері Дихан Жәлекенов болды.
1997 жылы театрға осы өңірден шыққан белгілі қазақ жазушысы Тахауи Ахтановтың есімі берілді. 1998 жылы облыс әкімінің шешімі бойынша облыстағы актерлік қос труппа – қазақ және орыс труппасы біріктіріліп, Ақтөбе облыстық театрына айналды.
Әр кезеңдердегі қойылымдар
Соғыс жылдарында К.М. Симоновтың "Прага талшындары аясында", А.А. Кронның "Жіті барлау", Б.А.Лавреневтің "Теңіздегілер үшін" пьесаларын қойды. 1965 жылы А.П. Штейннің "Толас" спектаклі көрсетіліп, театр тиянақты жұмыс істей бастады. Театр репертуарынан берік орын алған, көркемдік шоқтығы биік қойылымдардан Д. Исабековтің "Ертеңді күту", А.А. Дударевтің "Қатардағылар", "Кеш", Н. Павлованың "Кішкентай вагон", Ә. Таразидің "Әлия", А.Н. Толстойдың "Федор Иоанович патша", М.О. Шатровтың "Брест келісімі" т.б. спектакльдер бар. Театр әр жылдары Орта Азия мен Ресей облыстары мен қалаларында, Алматыда (1988) гастрольде болды. 1996 жылы Жезқазған қаласында Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республика театрларының фестивалінде ақтөбеліктер ағылшын драматургі Леонард Герштің "Мына еркін көбелектер" қойылымы үшін лауреат атанып, үшінші жүлделі орынға ие болды. Театр труппасында Қазақстанның еңбек сіңірген артісі — Р.А. Маркова, В.И. Бриц, Мари елі мен Татарстанның еңбек сіңірген артісі — О.М. Блинов, В.Я. Априскин, артистер — Р.Телеуова, Н.П. Бокорева т.б. шығармалық қызмет атқарды.
Әр жылдары М. Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Қарақыпшақ Қобланды", "Түнгі сарын", С. Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарлар", І. Жансүгіровтың "Кек", Б. Майлиннің "Шұға", Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқты", Ж. Шаниннің "Арқалық батыр", Ә. Тәжібаевтің "Жомарттың кілемі", аударма пьесалардан Н.В. Гогольдің "Үйленуі", Д.А. Фурмановтың "Бүліншілігі", В.В. Вишневскийдің "Оптимистік трагедиясы" және У.А. Гаджибековтің "Аршин мал-алан" музыкалық комедиясы қойылды. Кезінде театр жаз айларында Атырау, Қостанай, Орал мен Ақтөбе облыстарының қазақ аудандарын аралап, спектакльдерін көрсетіп отырған. С. Балғабаевтың "Ең әдемі келіншек", Е. Әлімжановтың "Тақ талас" комедиялары, Ә. Таразидің "Әлия", Ж. Тілепбергеновтің "Перизат-Рамазан", М. Әуезовтің "Айман-Шолпан", Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романы бойынша спектакльдер қойылды. Театр труппасы негізінен жас актерлерден жасақталған.
2017 жылдың 1 қарашасынан бастап театр ұжымын Нұрхан Кенжебайұлы Кәдірбаев басшылыққа алды.
Театр жетістіктері
- 1987 жылы Петропавлда өткен республикалық театр фестивалінде Ақтөбе облыстық драма театры "Цар Федор Иоаннович" қойылымымен 1-орын иеленіп, өзінің актерлік шеберлігін көпшілік қауымға дәлелдеді.
- Орыс труппасы 1996 жылы Павлодар қаласында өткен республикалық фестивалде Леонард Герштің "Тәуелсіз көбелектер" спектаклімен 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
- 2000 жылы қазақ труппасы "Айман-Шолпан" спектаклін көрермен назарына ұсынып, республикалық театр фестивалінде лауреат атанды.
- 2004 жылы театр әртісі Елтай Кемал XVII "Шабыт" халықаралық жастар фестивалінде Мұқағали Мақатаевтың "Арпалыс" спектаклін үздік қойып, басты рөлдегі бейнесі үшін лауреат атанды.
- 2005 жылы Қызылорда қаласында өткен фестивальде режиссер Виттих "Жүрек секілді қатыгез" спектаклін қойғаны үшін лауреат атанды.
- 2007 жылы қазақ труппасы Жетпісбаевтың "Бала мерген" шығармасымен "Ең үздік балалар ертегісі" номинациясымен үздік шықты.
- 2012 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық IV Орталық Азия театр фестивалінде Лорканың "Бернард Альбаның үйі" спектакліндегі қызметкер Понсийдің рөлі үшін "Құрмет" орденінің, актриса Раиса Телеуова "Ең үздік әйел рөлі" номинациясының иегері атанды.
- 2013 жылы Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған XXI Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалінде қазақ труппасы халық жазушысы Тахауи Ахтановтың "Ант" қойылымын сахналап, Ақтөбе облысы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.
- 2013 жылдың ақпан айында басшылық пен шығармашылық топтың қалауымен театр базасында шығармашылық зертхана жинақталып, оған театр актрисасы Ольга Павлова басшылық етті. Осы жылы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті және Ақтөбе облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХІ республикалық фестивалін өткізді.
- 2017 жылы ұйымдастырылған Қазақстан драма театрлары арасында II республикалық "Балауса" эксперименталды қойылымдар фестивалінде режиссері Мусагит Хабибуллиннің қоюымен шығарылған Барзу Абдуразаковтың "Әйел сыры" қойылымы "Эксперименталды ізденістері үшін" номинациясын жеңіп алды. Осы жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен дүниежүзілік балалар және қуыршақ театр фестиваліне қазақ труппасы Артықбаеваның "Кім патша?" қойылымымен қатысып, арнайы дипломмен марапатталды. Фестиваль аясында өткен конференцияда Қазақстаннан келген театр ұжымын ерекше атап өтті. Шымкент қаласында өткен "Ашық алаң" республикалық тәуелсіз театр фестиваліне облыстық драма театры жанындағы "Лесница" шығармашылық зертханасы "Жаңа үздік қойылым үлгісі" номинациясымен марапатталды.
- 2018 жылы Алматы қаласында Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен "Сахнагер-2018" байқауында жас актер Бағдат Телеуғалиев ұлттық театр сыйлығының "Үміт" номинациясының иегері атанды.
Галерея
Дереккөздер
- Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
T Ahtanov atyndagy Aktobe oblystyk drama teatry Aktobe kalasyndagy mәdeni ortalyktardyn biri T Ahtanov atyndagy Aktobe oblystyk drama teatryOrnalasuy Қazakstan Aktobe T Ahtanov koshesi 52Negizdelgeni 1935Direktory Nurhan Kenzhebajuly KәdirbaevKorkemdik zhetekshisi Daniyar BazarkulovT Ahtanov atyndagy Aktobe oblystyk drama teatry OrtakkordaTarihyAktobe oblystyk teatrynda uzak zhyldar bojy kazak zhәne orys truppasy zhemisti zhumys istep keldi Қazak truppasynyn tarihy әjgili halyk komissary Temirbek Zhүrgenovtin usynysymen 1935 zhyly ashylgan kazak muzykalyk drama teatrdan bastau alady 1936 zhyldan 1941 zhylga dejin teatrdyn birinshi rezhisseri Gүlshat Omarovanyn zhetekshiligimen Enlik Kebek Қozy Korpesh Bayan Sulu Amangeldi Қyz Zhibek Isataj Mahambet siyakty ozge de kazak klassikterdin shygarmalary sahna torine zhol tartty 1941 zhyly Ұly Otan sogysynyn bastaluyna bajlanysty kazak teatry zhabyldy Қaladagy orys teatry 1943 zhyly Aktobege koshirilip Aleksandr Ostrovskij Anton Chehov zhәne Nikolaj Gogol shygarmalaryn sahnalady 1948 zhyly sogystan kejingi ekonomikalyk kiyndyktarga bajlanysty orys teatry oz kyzmetin toktatuga mәzhbүr boldy Orys teatrynyn kelesi kadamy 1965 zhyly Қazak SSR kenes ministrliginin 707 1964 zhyldyn 13 kazanynan bastap shykkan үkimimen algashky direktory Vladimir Sergeevich Tihonov basshylygymen oblystyk mәdeniet үjinde bastaldy 1966 zhyldyn kantarynda algash teatr mausymynda Aleksandr Shtejnnin Noserdin arasynda pesasy sahnalandy 1992 zhyly Aktobe oblystyk drama teatrynda kazak truppasy zhumys zhasaj bastady Truppa 1992 zhyldyn 18 shildesinde Tahaui Ahtanovtyn Kүshik kүjeu spektaklimen oz shymyldygyn ashty Қazak teatrynyn algashky direktory Қorlan Bolekov rezhisseri Dihan Zhәlekenov boldy 1997 zhyly teatrga osy onirden shykkan belgili kazak zhazushysy Tahaui Ahtanovtyn esimi berildi 1998 zhyly oblys әkiminin sheshimi bojynsha oblystagy akterlik kos truppa kazak zhәne orys truppasy biriktirilip Aktobe oblystyk teatryna ajnaldy Әr kezenderdegi kojylymdarSogys zhyldarynda K M Simonovtyn Praga talshyndary ayasynda A A Kronnyn Zhiti barlau B A Lavrenevtin Tenizdegiler үshin pesalaryn kojdy 1965 zhyly A P Shtejnnin Tolas spektakli korsetilip teatr tiyanakty zhumys istej bastady Teatr repertuarynan berik oryn algan korkemdik shoktygy biik kojylymdardan D Isabekovtin Ertendi kүtu A A Dudarevtin Қatardagylar Kesh N Pavlovanyn Kishkentaj vagon Ә Tarazidin Әliya A N Tolstojdyn Fedor Ioanovich patsha M O Shatrovtyn Brest kelisimi t b spektaklder bar Teatr әr zhyldary Orta Aziya men Resej oblystary men kalalarynda Almatyda 1988 gastrolde boldy 1996 zhyly Zhezkazgan kalasynda Zhambyldyn 150 zhyldyk merejtojyna arnalgan Respublika teatrlarynyn festivalinde aktobelikter agylshyn dramaturgi Leonard Gershtin Myna erkin kobelekter kojylymy үshin laureat atanyp үshinshi zhүldeli orynga ie boldy Teatr truppasynda Қazakstannyn enbek sinirgen artisi R A Markova V I Bric Mari eli men Tatarstannyn enbek sinirgen artisi O M Blinov V Ya Apriskin artister R Teleuova N P Bokoreva t b shygarmalyk kyzmet atkardy Әr zhyldary M Әuezovtin Enlik Kebek Қarakypshak Қoblandy Tүngi saryn S Sejfullinnin Қyzyl sunkarlar I Zhansүgirovtyn Kek B Majlinnin Shuga Ғ Mүsirepovtin Akan seri Aktokty Zh Shaninnin Arkalyk batyr Ә Tәzhibaevtin Zhomarttyn kilemi audarma pesalardan N V Gogoldin Үjlenui D A Furmanovtyn Bүlinshiligi V V Vishnevskijdin Optimistik tragediyasy zhәne U A Gadzhibekovtin Arshin mal alan muzykalyk komediyasy kojyldy Kezinde teatr zhaz ajlarynda Atyrau Қostanaj Oral men Aktobe oblystarynyn kazak audandaryn aralap spektaklderin korsetip otyrgan S Balgabaevtyn En әdemi kelinshek E Әlimzhanovtyn Tak talas komediyalary Ә Tarazidin Әliya Zh Tilepbergenovtin Perizat Ramazan M Әuezovtin Ajman Sholpan Ғ Mүsirepovtin Ұlpan romany bojynsha spektaklder kojyldy Teatr truppasy negizinen zhas akterlerden zhasaktalgan 2017 zhyldyn 1 karashasynan bastap teatr uzhymyn Nurhan Kenzhebajuly Kәdirbaev basshylykka aldy Teatr zhetistikteri1987 zhyly Petropavlda otken respublikalyk teatr festivalinde Aktobe oblystyk drama teatry Car Fedor Ioannovich kojylymymen 1 oryn ielenip ozinin akterlik sheberligin kopshilik kauymga dәleldedi Orys truppasy 1996 zhyly Pavlodar kalasynda otken respublikalyk festivalde Leonard Gershtin Tәuelsiz kobelekter spektaklimen 2 dәrezheli diplommen marapattaldy 2000 zhyly kazak truppasy Ajman Sholpan spektaklin korermen nazaryna usynyp respublikalyk teatr festivalinde laureat atandy 2004 zhyly teatr әrtisi Eltaj Kemal XVII Shabyt halykaralyk zhastar festivalinde Mukagali Makataevtyn Arpalys spektaklin үzdik kojyp basty roldegi bejnesi үshin laureat atandy 2005 zhyly Қyzylorda kalasynda otken festivalde rezhisser Vittih Zhүrek sekildi katygez spektaklin kojgany үshin laureat atandy 2007 zhyly kazak truppasy Zhetpisbaevtyn Bala mergen shygarmasymen En үzdik balalar ertegisi nominaciyasymen үzdik shykty 2012 zhyly Almaty kalasynda otken halykaralyk IV Ortalyk Aziya teatr festivalinde Lorkanyn Bernard Albanyn үji spektaklindegi kyzmetker Ponsijdin roli үshin Қurmet ordeninin aktrisa Raisa Teleuova En үzdik әjel roli nominaciyasynyn iegeri atandy 2013 zhyly Aktobe kalasynda Tahaui Ahtanovtyn 90 zhyldygyna bajlanysty ujymdastyrylgan XXI Қazakstan drama teatrlarynyn respublikalyk festivalinde kazak truppasy halyk zhazushysy Tahaui Ahtanovtyn Ant kojylymyn sahnalap Aktobe oblysy әkiminin arnajy syjlygymen marapattaldy 2013 zhyldyn akpan ajynda basshylyk pen shygarmashylyk toptyn kalauymen teatr bazasynda shygarmashylyk zerthana zhinaktalyp ogan teatr aktrisasy Olga Pavlova basshylyk etti Osy zhyly ҚR mәdeniet zhәne akparat ministrliginin mәdeniet komiteti zhәne Aktobe oblysynyn әkimdiginin ujymdastyruymen Aktobe kalasynda Tahaui Ahtanovtyn 90 zhyldygyna arnalgan Қazakstan drama teatrlarynyn HHI respublikalyk festivalin otkizdi 2017 zhyly ujymdastyrylgan Қazakstan drama teatrlary arasynda II respublikalyk Balausa eksperimentaldy kojylymdar festivalinde rezhisseri Musagit Habibullinnin koyuymen shygarylgan Barzu Abdurazakovtyn Әjel syry kojylymy Eksperimentaldy izdenisteri үshin nominaciyasyn zhenip aldy Osy zhyly Birikken Arab Әmirlikterinin Dubaj kalasynda otken dүniezhүzilik balalar zhәne kuyrshak teatr festivaline kazak truppasy Artykbaevanyn Kim patsha kojylymymen katysyp arnajy diplommen marapattaldy Festival ayasynda otken konferenciyada Қazakstannan kelgen teatr uzhymyn erekshe atap otti Shymkent kalasynda otken Ashyk alan respublikalyk tәuelsiz teatr festivaline oblystyk drama teatry zhanyndagy Lesnica shygarmashylyk zerthanasy Zhana үzdik kojylym үlgisi nominaciyasymen marapattaldy 2018 zhyly Almaty kalasynda Қazakstan teatrlar associaciyasynyn ujymdastyruymen otken Sahnager 2018 bajkauynda zhas akter Bagdat Teleugaliev ulttyk teatr syjlygynyn Үmit nominaciyasynyn iegeri atandy GalereyaDerekkozderҚazakstannyn mәdeni oshaktary Kulturnye centry Kazahstana Fotoalbom Almaty ASA Baspa үji ZhShS 2012 288 b kazak orys tilderinde ISBN 978 601 80325 0 9 Қazak ulttyk enciklopediyasy Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8