Сүрі жер – ауыспалы егіншілікте дақыл егілмей өңделіп, таза, қопсытылған күйінде сақталатын егістік танабы; Ылғал мен қоректік заттарды қолайлы жинау үшін бірнеше рет өңделетін танап. Сүрі жер көбінесе күздік және жаздық дақылдарды себуге арналады. Сүрі жер 3 топқа бөлінеді:
- таза және ықтырмалы;
- екпе;
- жасыл сүрі жер.
Бұлардың ішінде ең маңыздысы – таза қара сүрі жер, мұнда топырақты негізгі өңдеу күзде басталып, келесі жаз бойы сыдыра жыртылып, бірнеше рет тырмаланады, арамшөптен тазартылады. Ылғал сақталып, топырақты борпылдақ күйінде ұстайды. Таза қара сүрі жер Қазақстанның құрғақшылықты аудандарында көбірек қолданылады. Ал солтүстік аудандарда егінді орып алғаннан кейін оның орны аңыз ретінде қалдырылады да, негізгі өңдеуді көктемде жүргізеді. Сүрі жердің бұл түрін ерте таза сүрі жер деп атайды. Егістікте қар ұстау мақсатымен, қуаңшылықтан, ыстық желден қорғау үшін әр жерден жолақтап биік сабақты өсімдіктер (күнбағыс, жүгері, қыша, т.б.) егілетін таза танапты ықтырмалы сүрі жер деп атайды. Кейбір ылғалы мол аудандарда екпе сүрі жерді пайдаланады. Топырақтың құнарлылығын арттырудың бір жолы жасыл сүрі жерді пайдалану. Ауыспалы егіншіліктің бұл танабында бөрібұршақ, түйежоңышқа, т.б. өсіріледі. Ол үшін бұл дақылдарды өсіріп, оны жинамай, көк күйінде топыраққа араластырып жыртып жібереді, сөйтіп онда азот қосындылары көбейеді. Сүрі жер топырақ құнарлылығын арттырумен қатар астық дақылдарының өнімділігін жоғарылатады. Қазақстанның солтүстігінде көбірек қолданылады.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sүri zher auyspaly eginshilikte dakyl egilmej ondelip taza kopsytylgan kүjinde saktalatyn egistik tanaby Ylgal men korektik zattardy kolajly zhinau үshin birneshe ret ondeletin tanap Sүri zher kobinese kүzdik zhәne zhazdyk dakyldardy sebuge arnalady Sүri zher 3 topka bolinedi taza zhәne yktyrmaly ekpe zhasyl sүri zher Sүri zher Bulardyn ishinde en manyzdysy taza kara sүri zher munda topyrakty negizgi ondeu kүzde bastalyp kelesi zhaz bojy sydyra zhyrtylyp birneshe ret tyrmalanady aramshopten tazartylady Ylgal saktalyp topyrakty borpyldak kүjinde ustajdy Taza kara sүri zher Қazakstannyn kurgakshylykty audandarynda kobirek koldanylady Al soltүstik audandarda egindi oryp algannan kejin onyn orny anyz retinde kaldyrylady da negizgi ondeudi koktemde zhүrgizedi Sүri zherdin bul tүrin erte taza sүri zher dep atajdy Egistikte kar ustau maksatymen kuanshylyktan ystyk zhelden korgau үshin әr zherden zholaktap biik sabakty osimdikter kүnbagys zhүgeri kysha t b egiletin taza tanapty yktyrmaly sүri zher dep atajdy Kejbir ylgaly mol audandarda ekpe sүri zherdi pajdalanady Topyraktyn kunarlylygyn arttyrudyn bir zholy zhasyl sүri zherdi pajdalanu Auyspaly eginshiliktin bul tanabynda boriburshak tүjezhonyshka t b osiriledi Ol үshin bul dakyldardy osirip ony zhinamaj kok kүjinde topyrakka aralastyryp zhyrtyp zhiberedi sojtip onda azot kosyndylary kobejedi Sүri zher topyrak kunarlylygyn arttyrumen katar astyk dakyldarynyn onimdiligin zhogarylatady Қazakstannyn soltүstiginde kobirek koldanylady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet