Ілияс Омарұлы (1912-1970) – мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Саржетім руынан шыққан.
Орта Азия жоспарлау экономикалық және сауда-тауар ісі институтын бітірген (1933, Ташкент). 1933 – 1936 жылдары Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941 – 1945 жылы Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. “Қазақ халқының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын” ұйымдастыруда, 1944 жылы желтоқсанда Алматы қаласында өткен республикалық ақындар айтысын өткізуде, “Қазақ КСР-інің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының” жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны ұйымдастырды. 1945 – 1947 жылы Қазақ КСР-і ХКК төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947 – 1952 жылы Қазақстан КП ОК-нің идеология жөніндегі хатшысы. Ол 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігін ұйымдастырды. Омаров халық өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қосты, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерін өнеге ретінде ұсынды. 1949 жылы жарық көрген “Қазақ КСР тарихының” толықтырылған 2-басылымының жауапты редакторы болды. Е.Бекмаханның қазақ халқының шын мәніндегі тарихын ашық жазуына, Кенесары, Наурызбай батырлар жайында ақиқаттың айтылуына, Қ.Жұмәлінің Исатай мен Махамбет жөніндегі материалдарды бастыруына ұйытқы болды. Осы жағдайлар оның 1951 – 1952 жылы “ұлтшылдарды қолдаушы” деген науқаншыл айыппен Қазақстан КП ОК-нің құрамынан шығарылып, қудалануына алып келді. 1952 – 1955 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1955 – 1959 жылы Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. 1959 – 1961 жылы “Қазақфильм” киностудиясының директоры, Қазақ КСР-і Министрлігі Кеңесінің кеңесшісі қызметтерін атқарып, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ кино өнерінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. 1961 – 1967 жылы Қазақ КСР-і Министрлігі Кеңесі жанындағы Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, 1-орынбасары, 1967 – 1970 жылы Қазақ КСР-і Мәдениет министрі болды. Омарұлы осы кезеңде қазақтың эстрадалық өнерін, ұлттық циркті, театр жұмысын жетілдіруге, кәсіби өнердің басқа да салаларын тыңнан дамытуға барынша күш салды. Осы жылдары қазақтың хор капелласын, классикалық және халық билерінің хореграфиясын дамытуына үлесін қосты.
Жетістіктері
“Жас балет” ансамблін, Жетісай қаласында қазақ музыкалы драма театрын ашуға және жастардың эстрадалық “Гүлдер” ансамблін құруға ұйтқы болды. “Мәдени ескерткіштерді қорғау туралы” заң қабылданды. “Әдебиет туралы ойлар” (1962), “Оқушы көзімен” (1967), “Серпін” (1970), “Шабыт шалқары” (1973) еңбектері жарық көрген. Омаров Ленин орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қостанай облысы қазақ драма театры Омаров есімімен аталады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 том
- Текті де, терең тұлға (ағыл.).
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Iliyas Omaruly 1912 1970 memleket zhәne kogam kajratkeri әdebiet synshysy zhazushy publicist ӨmirbayanyArgyn tajpasynyn Sarzhetim ruynan shykkan Orta Aziya zhosparlau ekonomikalyk zhәne sauda tauar isi institutyn bitirgen 1933 Tashkent 1933 1936 zhyldary Respublikanyn sauda mekemelerinde zhauapty kyzmetter atkargan 1941 1945 zhyly Қazak KSR Sauda halyk komissarynyn orynbasary komissary boldy Қazak halkynyn majdandagy kazak zhauyngerlerine zhazgan hatyn ujymdastyruda 1944 zhyly zheltoksanda Almaty kalasynda otken respublikalyk akyndar ajtysyn otkizude Қazak KSR inin erte zamannan osy kүnge dejingi tarihynyn zharyk koruine ujytky boldy Қazak memlekettik kyzdar pedagogikalyk instituty men Қurmangazy atyndagy memlekettik konservatoriyany ujymdastyrdy 1945 1947 zhyly Қazak KSR i HKK toragasynyn orynbasary Shygys Қazakstan oblysy partiya komitetinin 1 hatshysy kyzmetin atkardy 1947 1952 zhyly Қazakstan KP OK nin ideologiya zhonindegi hatshysy Ol 1949 zhyly Mәskeude otken kazak әdebieti men mәdenietinin onkүndigin ujymdastyrdy Omarov halyk oneri men muzykasyn auyz әdebietin nasihattauga zor үles kosty Shokan Ybyraj Abaj enbekterin onege retinde usyndy 1949 zhyly zharyk korgen Қazak KSR tarihynyn tolyktyrylgan 2 basylymynyn zhauapty redaktory boldy E Bekmahannyn kazak halkynyn shyn mәnindegi tarihyn ashyk zhazuyna Kenesary Nauryzbaj batyrlar zhajynda akikattyn ajtyluyna Қ Zhumәlinin Isataj men Mahambet zhonindegi materialdardy bastyruyna ujytky boldy Osy zhagdajlar onyn 1951 1952 zhyly ultshyldardy koldaushy degen naukanshyl ajyppen Қazakstan KP OK nin kuramynan shygarylyp kudalanuyna alyp keldi 1952 1955 zhyly KOKP OK zhanyndagy Zhogary partiya mektebinin tyndaushysy boldy 1955 1959 zhyly Soltүstik Қazakstan oblysy partiya komitetinin hatshysy kyzmetin atkardy 1959 1961 zhyly Қazakfilm kinostudiyasynyn direktory Қazak KSR i Ministrligi Kenesinin kenesshisi kyzmetterin atkaryp zhana kalyptasyp kele zhatkan kazak kino onerinin damuyna ozindik koltanbasyn kaldyrdy 1961 1967 zhyly Қazak KSR i Ministrligi Kenesi zhanyndagy Memlekettik zhosparlau komiteti toragasynyn orynbasary 1 orynbasary 1967 1970 zhyly Қazak KSR i Mәdeniet ministri boldy Omaruly osy kezende kazaktyn estradalyk onerin ulttyk cirkti teatr zhumysyn zhetildiruge kәsibi onerdin baska da salalaryn tynnan damytuga barynsha kүsh saldy Osy zhyldary kazaktyn hor kapellasyn klassikalyk zhәne halyk bilerinin horegrafiyasyn damytuyna үlesin kosty Zhetistikteri Zhas balet ansamblin Zhetisaj kalasynda kazak muzykaly drama teatryn ashuga zhәne zhastardyn estradalyk Gүlder ansamblin kuruga ujtky boldy Mәdeni eskertkishterdi korgau turaly zan kabyldandy Әdebiet turaly ojlar 1962 Okushy kozimen 1967 Serpin 1970 Shabyt shalkary 1973 enbekteri zharyk korgen Omarov Lenin ordenimen 3 ret Enbek Қyzyl Tu Қurmet belgisi ordenderimen medaldarmen marapattalgan Қostanaj oblysy kazak drama teatry Omarov esimimen atalady DerekkozderҚazak enciklopediyasy 7 tom Tekti de teren tulga agyl Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz