Мүлік Сүртібаев (1917 жылы 5 қарашада Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы - 1997 жылы 24 мамырда Алматыда) - кеңестік, қазақстандық театр және кино актері. Қазақ КСРнің халық әртісі (1955). Қазақ КСРнің еңбек сіңірген әртісі (1944). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1970).
Мүлік Сүртібаев | |||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні | |||||||||
Туған жері | |||||||||
Қайтыс болған күні | |||||||||
Қайтыс болған жері | |||||||||
Азаматтығы | |||||||||
Мамандығы | |||||||||
Белсенді жылдары | |||||||||
Бағыты | |||||||||
Марапаттары |
|
Толығырақ
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
- 1936 жылы Қарағанды облыстық драма театры жанындағы студияны бітірген.
- 1936 жылы Қарағанды облыстық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Осы өнер ошығында жүріп, Төлеген (Брусиловскийдің "Қыз Жібегінде"), Қозы (Мүсіреповтің ""), Қобыланды (М.Әуезовтің ""), Ыбырай Алтынсарин (Ақынжановтың осы аттас драмасында), Абай (М.Әуезов пен Соболевтің осы аттас трагедиясында),Алдар көсе (Құсайыновтың осы аттас комедиясында), Труффальдино (Гольдонидың ""), Хлестаков (Гогольдің "Ревизорында"), Фердинанд (Шиллердің "Зүлымдық пен махаббатында") т.б. әр алуан рөлдерді орындады.
- 1957 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынады. Осы жылдан бастап актер өнерінің өрлеу, творчествосының табысқа толы жаңа кезеңі басталды. Осы қара щаңырақта жүріп, Ә.Тәжібаевтың "Майра" драмасындағы ақ көңіл Бақтиярды, М.Әуезовтің трагедиясындағы жалындаған жас батыр Кебек пен Көбей биді, Е.Мүсіреповтің "Ақын трагедиясындағы" маңғазсынған, қызғаншақ Жалмұқанды, Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында" мен "Құдағи келіпті" комедияларындағы мансапқор Сапар мен адамгершілігі мол, адал Сұңғатты, З.Қабдоловтың "Сөнбейтін от" драмасындағы өзімшіл, азғын Тайманды, орыстың классикалық драматургиясынан Н.В.Гогольдің "Үйлену" комедиясындағы өзінен-өзі үрейленіп жүрген топас, қуыс кеуде Подколесинді, А.Н.Островскийдің "Жазықсыз жапа шеккендеріндегі" ("Жазықсыз айыптыларындағы") комик актер Шмаганы, М.Горькийдің "Күннен туғандарындағы" ғалым-химик Павел Протасовты ойнап, өзінің көп қырлы сахна шебері екенін танытты. Психологиялық сезім шындығына құрылған рөлдерден Әуезовтің "Қаракөзіндегі" тағдыры аянышты Нарша, Б.Майлиннің "Майдан" драмасындағы момын шаруа Әліш, Қ.Мүхамеджановтың "Жат елде" пьесасындағы өмірі өкінішке толы Жұман, Моримото Каорудың "Шығыстағы бір бейбағындағы" Сесускэ мырза, Қ.Мұқашевтың "Дала дастанындағы" өр мінезді, өжет Жансүгір т. б. кейіпкерлерді М.Сүртібаев творчествосының белесті биігі ретінде ерекше атауға болады. 1970 жылы В.И.Лениннің сахналық тұлғасын (А.Каплердің "Ленин 1918 жылында") жасады.
- 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.
- 1955 жылдан киноға түскен Аңғарбай ("Өжет қызда"), Мұрат ("Біздің сүйікті дәрігерде", 1958), Мадияр ("Ботакөзде", 1958), Маймұрын ("Егер де біздің әрқайсымызда...", 1962), Қабақбаев ("Үлымда", 1962), Найыл ("Ән қанатында", 1967) т.б. Буффонада мен эксцентрикаға бейім актер өнері үздік сахналық әрекетімен, пластикалық қимыл-қозғалысымен, бай мимикасымен ерекшеленеді.
- 1997 жылы 24 мамырда Алматыда көз жұмды. Өмірінің соңына дейін Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры қара шаңырақта өнер көрсетті.
Гастрольдік сапары
Гастрольдік сапармен Қазанда, Уфада, Нүкісте өнер көрсетті.
Фильмографиясы
- 1955 - Қыз-жігіт - Аңғарбай
- 1957 - Ботакөзде - Мадияр Бадыханов
- 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - Мұрат
- 1961 - Егер біздің әрқайсымыз... - Маймұрын
- 1962 - Менің ұлым! - Қабақбаев
- 1966 - Ән қанатында - Найыл
- 1979 - Долана - эпизод
Марапаттары
- 1944 жылы Қазақ КСРнің еңбек сіңірген артисі құрметті атағы берілді.
- 1955 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен "Қазақ КСРнің халық артисі" құрметті атағы берілді.
- 1970 жылы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
- "Құрмет белгісі" Ордені
- "Еңбек Қызыл Ту" Ордені
- "Халықтар Достығы" Ордені
- СССРдің "Еңбек ардагері" медалі.
- 1996 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат "Парасат ордені" мен марапатталды.
Дереккөздер
- Бикенов Ж.Б. Жәкенов Ж.М. Исабек Т.К. Тоқа шежіресі — Қарағанды: Қарағанды полиграфиясы ААҚ, 2000. — 402 б. — 1000 таралым. — ISBN 5-7667-9037-6.
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mүlik Sүrtibaev 1917 zhyly 5 karashada Қaragandy oblysy Bukar zhyrau audany 1997 zhyly 24 mamyrda Almatyda kenestik kazakstandyk teatr zhәne kino akteri Қazak KSRnin halyk әrtisi 1955 Қazak KSRnin enbek sinirgen әrtisi 1944 Қazak KSRnin Memlekettik syjlygynyn iegeri 1970 Mүlik SүrtibaevZhalpy maglumatTugan kүni5 karasha 1917 1917 11 05 Tugan zheriBukar zhyrau audany Telman audanyҚajtys bolgan kүni24 mamyr 1997 1997 05 24 79 zhas Қajtys bolgan zheriAlmatyAzamattygy KSRO Қazak KSR ҚazakstanMamandygyakterBelsendi zhyldary1933 1997Bagytydrama melodramaMarapattaryҚazakstanKSROTolygyrakArgyn tajpasy Қuandyk ruynyn Toka boliminen shykkan 1936 zhyly Қaragandy oblystyk drama teatry zhanyndagy studiyany bitirgen 1936 zhyly Қaragandy oblystyk drama teatrynyn akterlik kuramyna kabyldanady Osy oner oshygynda zhүrip Tolegen Brusilovskijdin Қyz Zhibeginde Қozy Mүsirepovtin Қobylandy M Әuezovtin Ybyraj Altynsarin Akynzhanovtyn osy attas dramasynda Abaj M Әuezov pen Sobolevtin osy attas tragediyasynda Aldar kose Қusajynovtyn osy attas komediyasynda Truffaldino Goldonidyn Hlestakov Gogoldin Revizorynda Ferdinand Shillerdin Zүlymdyk pen mahabbatynda t b әr aluan rolderdi oryndady 1957 zhyly Muhtar Әuezov atyndagy Қazak memlekettik akademiyalyk drama teatrynyn akterlik kuramyna alynady Osy zhyldan bastap akter onerinin orleu tvorchestvosynyn tabyska toly zhana kezeni bastaldy Osy kara shanyrakta zhүrip Ә Tәzhibaevtyn Majra dramasyndagy ak konil Baktiyardy M Әuezovtin tragediyasyndagy zhalyndagan zhas batyr Kebek pen Kobej bidi E Mүsirepovtin Akyn tragediyasyndagy mangazsyngan kyzganshak Zhalmukandy Қ Muhamedzhanovtyn Boltirik borik astynda men Қudagi kelipti komediyalaryndagy mansapkor Sapar men adamgershiligi mol adal Sungatty Z Қabdolovtyn Sonbejtin ot dramasyndagy ozimshil azgyn Tajmandy orystyn klassikalyk dramaturgiyasynan N V Gogoldin Үjlenu komediyasyndagy ozinen ozi үrejlenip zhүrgen topas kuys keude Podkolesindi A N Ostrovskijdin Zhazyksyz zhapa shekkenderindegi Zhazyksyz ajyptylaryndagy komik akter Shmagany M Gorkijdin Kүnnen tugandaryndagy galym himik Pavel Protasovty ojnap ozinin kop kyrly sahna sheberi ekenin tanytty Psihologiyalyk sezim shyndygyna kurylgan rolderden Әuezovtin Қarakozindegi tagdyry ayanyshty Narsha B Majlinnin Majdan dramasyndagy momyn sharua Әlish Қ Mүhamedzhanovtyn Zhat elde pesasyndagy omiri okinishke toly Zhuman Morimoto Kaorudyn Shygystagy bir bejbagyndagy Sesuske myrza Қ Mukashevtyn Dala dastanyndagy or minezdi ozhet Zhansүgir t b kejipkerlerdi M Sүrtibaev tvorchestvosynyn belesti biigi retinde erekshe atauga bolady 1970 zhyly V I Leninnin sahnalyk tulgasyn A Kaplerdin Lenin 1918 zhylynda zhasady 1958 zhyly Mәskeude otken kazak odebieti men onerinin onkүndigine katysty 1955 zhyldan kinoga tүsken Angarbaj Өzhet kyzda Murat Bizdin sүjikti dәrigerde 1958 Madiyar Botakozde 1958 Majmuryn Eger de bizdin әrkajsymyzda 1962 Қabakbaev Үlymda 1962 Najyl Әn kanatynda 1967 t b Buffonada men ekscentrikaga bejim akter oneri үzdik sahnalyk әreketimen plastikalyk kimyl kozgalysymen baj mimikasymen erekshelenedi 1997 zhyly 24 mamyrda Almatyda koz zhumdy Өmirinin sonyna dejin Muhtar Әuezov atyndagy Қazak memlekettik akademiyalyk drama teatry kara shanyrakta oner korsetti Gastroldik saparyGastroldik saparmen Қazanda Ufada Nүkiste oner korsetti Filmografiyasy1955 Қyz zhigit Angarbaj 1957 Botakozde Madiyar Badyhanov 1957 Bizdin sүjikti dәriger Murat 1961 Eger bizdin әrkajsymyz Majmuryn 1962 Menin ulym Қabakbaev 1966 Әn kanatynda Najyl 1979 Dolana epizodMarapattary1944 zhyly Қazak KSRnin enbek sinirgen artisi kurmetti atagy berildi 1955 zhyly Қazak KSR Zhogargy Kenesinin zharlygymen Қazak KSRnin halyk artisi kurmetti atagy berildi 1970 zhyly Қazak KSRnin Memlekettik syjlygynyn iegeri atandy Қurmet belgisi Ordeni Enbek Қyzyl Tu Ordeni Halyktar Dostygy Ordeni SSSRdin Enbek ardageri medali 1996 zhyly Tәuelsiz Қazakstan Respublikasynyn tungysh prezidenti Nursultan Nazarbaevtyn zharlygymen zhogargy memlekettik marapat Parasat ordeni men marapattaldy DerekkozderBikenov Zh B Zhәkenov Zh M Isabek T K Toka shezhiresi Қaragandy Қaragandy poligrafiyasy AAҚ 2000 402 b 1000 taralym ISBN 5 7667 9037 6 Tarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet