Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры – Қарағанды қаласындағы Халықтар достығы орденді қазақ мемлекеттік драма театры.
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры | |
---|---|
Орналасуы | Қазақстан Қарағанды |
Негізделгені | 1932 |
Директоры | С. Бекболатов |
Тарихи кезеңдері
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Сарыарқаның шетсіз-шексіз даласына республиканың әр қиырынан түрлі ұлт өкілдері келді. Көмірлі Қарағандымен бірге рухани сұраныс та өсті. Әуелі әуесқой көркем үйірмелер пайда болса, 1932 жылы "Жұмысшы жастар театры" құрылды. Арада екі жыл өткенде оның құрамына бір топ талантты жастар қосылып, театр "Қарағанды қалалық жұмысшы–қазақ жастарының театры" деген атауға ие болды. 1932 жылы А. Шаниннің «Зәуре» атты пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасымен ашылды. Басты рөлді Ж. Шашкина орындады. Театрдың негізін қалаушылар қатарына ҚР халық әртісі Ж. Шашкина, ҚР еңбек сіңірген әртісі З. Көшкінбаев, С. Жүнісов, У. Әбеуова, К. Байбеков, Т. Ильясов, Н. Жабаев, Б. Шалов және тағы да басқа әртістер.
1936 жылы шығармашылық ұжымның калыптасуында аса маңызды оқиға болды. Театр облыстық театр статусын алып, кәсіптік ұжымға айналды. Ұжым ұлттық драматургияны (Б. Майлиннің "Майданын", С. Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарларын", І.Жансүгіровтын "Кегін") игерумен қатар орыс және шетел классиктерінің пьесалары бойынша (Д. Фурмановтың "Чапаевын", Н.В. Гогольдің "Ревизорын", К. Гольдонидің "Екі мырзаға бір қызметші") спектакльдер қойды. Қазақ фольклорлық шығармаларының тақырыбына жазылған Ғ.М. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", М.О. Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман-Шолпан" спектакльдерінің сахналық шешімі мен қойылымы елеулі оқиға болды. 1938-1940 жылдары театр сахнасында алғашқы опералық спектакльдер "Қыз Жібек", "Ер Тарғын", "Жалбыр" (Е. Брусиловский) қойылды. Әртістер С. Жүнісовтың, Р. Қойшыбаеваның, М. Сүртібаевтың және Ж. Шашкинаның қазақ әдебиетімен өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне қатысуы ұжым мүшелерінің шығармашылық есебі болды (1936). 1964 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің есімімен аталды.
Ұлы Отан соғысы жылдары театр жұмысын тоқтатқан жоқ. Қарағандыға көшірілген Леся Украинка атындағы Украин театрының ұжымы қазақ актерлеріне кәсіптік шеберлігін жетілдіруге игі ықпалын тигізді. Режиссер Ю.А. Сумароковпен П.Б. Серебряник бірнеше спектакльдердің ("Жомарттың кілемі", "Намыс гвардиясы", "Түндегі кездесу") қойылымдарын сахнаға шығарды, олар ұлттық театрдың қалыптасқан мектебіне жаңа леп әкелді. 1946-1951 жылдары ұжым өз қойылымдарын идеялық-көркем пьесаларымен едәуір байытты. Режиссер Л. Лурье мен М.И. Рукавишниковтың басшылығымен К. Симоновтың "Орыс мәселесі", "Орыс адамдары", А. Сафроновтың "Мәскеудің мінезі", В. Лавреневтің "Америка даусы", Н. Баймұхамедовтың "Балбұлақ", А. Коррейчуктің "Макар Дубравасы", М.О. Әуезовтің "Абайы", Ф. Шиллердің "Зұлымдық пен махаббаты", Лопеде Веганың "Жуас бұлағы" және басқа спектакльдер қойылды. 1951-1954 жылдары ұжым орыс драма театрымен бірігіп, эксперименттік кезеңді бастан кешірді. Ұжым А. Бектің "Волоколам тас жолы", М. Әуезовтың "Дос-бедел-дос", Д. Исабековтың "Әпке", Ш. Айтматовтың "Ақ кеме", С. Жүнісовтың "Өліара", А. Минуллиннің "Жалғыздық", О. Иоселианидің "Арба аударылмай тұрғанда", Эврипидтің "Медея", У. Шекспирдің "Макбет" пьесаларымен репертуарын байытып, өз шығармашылығындағы жаңа кезенді бастады. Театр Алматыға (1962, 1975, 1986), республиканың облыс орталықтарына гастрольге шығып, өзін кемелденген шығармашылық ұжым ретінде танытты.
Қойылымдар
Театр К. Жұмабековтың «Замана неткен тар едің» (1995), Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағаш» (1996), М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні» (1997), Ш. Айтматовтың « Әділет азабы» (1998), Г. Гориннің «Атың шықпаса» (1999), М. Ғаппаров, Ғ. Ғаппарованың «Қиямет қайым Киото» (2000), Ш. Мұртазаның «Домалақ ана» (2001), Е. Разумовскаяның «Медея» (2004) спектаклімен конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Театр сахнасының алдыңғы тобы қатарында ҚазКСР халық артистері Ж. Шашкина, Р. Қойшыбаева, М. Сүртібаев, А. Мұсабекова, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген әртістері 3. Көшкінбаев, М. Әбдікәрімов, М. Бектенов, Ә. Шәймерденов, С. Жүнісовтер болды. Оған кейіннен арнайы оқу орнын бітіріп ҚазКСР халық артитері Ә. Абылаева, Қ. Сатаев, ҚазКСР еңбек сіңірген әртістері 3. Жақыпов, А. Ыбыраев, Қ. Әлімбаева, Ө. Асылбеков, Р. Баймағамбетов, Н. Жансүгірова, Қ. Кемаловтар келіп қосылды. Режиссерлер М. Қосыбаев, М. Қамбаров, Т. Тұңғышбаев, Ж. Омаров, Е. Тәпенов, М. Бекхожиндер жемісті еңбек етті.
Театрда ҚР еңбек сіңірген әртістері Е. Жүнісбеков, К. Жұмабеков, Г. Рашкалиева, А. Ахметқалиева, М. Қисықов, С. Жұмағали, М. Садықанов, Ш. Нукина, Б. Кемалова, Қ. Жырымбаева, Б. Ахметов, Б. Бәкіжанов т.б. қызмет етеді. Театрдың бас режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ә.Т. Оразбеков, бас суретшісі Қ. Мақсұтов.
Жетістіктер
- 50 жылдығының құрметіне 1982 жылы театр Халықтар достығы орденімен марапатталды. Театр сахнасында М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов сынды тағы да басқа қазақ драматургтерінің пъесалары қойылды.
- 1996 жылы Ж. Жабаевтың 150 жылдығына арналған республикалық фестивальде А. Оразбековтің пъесасы бойынша қойылған спектакль үшін жүлделі ІІ орын берілді.
- 1997 жылы М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған фестивальде М. Әуезовтің спектаклін қойып екінші орынға ие болса, 1999 жылы өткен VII республикалық театр фестивалінде Г. Гориннің спектаклі үшін Гран-приді алды.
- 2000 жылы VIII республикалық театр фестиваліне қатысып бірінші орынға ие болды. Осы жылы Мысырда (Каир) өткен халықаралық экспериментальды фестивальде Египет мәдениет министрлігінің арнайы жүлдесіне ие болды.
- 2001 жылы Қызылжар қаласында өткен республикалық фестивальде Ш. Мұртазаның "Домалақ ана" спектаклімен ІІІ орын алды.
- 2006 жылы Астанада өткен республикалық фестивальде Ш. Айтматовтың "Ана – Жер Ана" спектаклімен "Тарихи тақырыпты ашудағы жаңашылдық үшін" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
- 2009 жылы ХVII Республикалық театрлар фестивалінде М. Әуезовтің "Абай" трагедиясы үшін Гран-при жеңіп алды.
- 2011 жылы Украинада "Театр. Чехов. Ялта" халықаралық фестиваліне қатысып, "За яркое воплощение легенды и мифа" номинациясында үздік атанды.
- 2013 жылы Сербияда "Славия-2013" халықаралық фестивалінде фестиваль шымылдығын М. Әуезовтың "Қарагөз" трагедиясымен ашуға мүмкіндік алып, "Кіші Дон Кихот" марапатына ие болды.
- 2014 жылы Таразда өткен I халықаралық фестивальге У. Шекспирдің "Король Лир" қойылымымен қатысып, театр артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кеңес Жұмабеков Король Лир рөлін шебер орындағаны үшін марапатталды.
Галерея
-
- "Америка даусы" спектаклінен көрініс
-
-
-
-
-
-
-
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sәken Sejfullin atyndagy Қaragandy oblystyk kazak drama teatry Қaragandy kalasyndagy Halyktar dostygy ordendi kazak memlekettik drama teatry S Sejfullin atyndagy Қaragandy oblystyk kazak drama teatryOrnalasuy Қazakstan ҚaragandyNegizdelgeni 1932Direktory S BekbolatovTarihi kezenderiӨtken gasyrdyn otyzynshy zhyldary Saryarkanyn shetsiz sheksiz dalasyna respublikanyn әr kiyrynan tүrli ult okilderi keldi Komirli Қaragandymen birge ruhani suranys ta osti Әueli әueskoj korkem үjirmeler pajda bolsa 1932 zhyly Zhumysshy zhastar teatry kuryldy Arada eki zhyl otkende onyn kuramyna bir top talantty zhastar kosylyp teatr Қaragandy kalalyk zhumysshy kazak zhastarynyn teatry degen atauga ie boldy 1932 zhyly A Shaninnin Zәure atty pesasy bojynsha kojylgan spektakldin premerasymen ashyldy Basty roldi Zh Shashkina oryndady Teatrdyn negizin kalaushylar kataryna ҚR halyk әrtisi Zh Shashkina ҚR enbek sinirgen әrtisi Z Koshkinbaev S Zhүnisov U Әbeuova K Bajbekov T Ilyasov N Zhabaev B Shalov zhәne tagy da baska әrtister 1936 zhyly shygarmashylyk uzhymnyn kalyptasuynda asa manyzdy okiga boldy Teatr oblystyk teatr statusyn alyp kәsiptik uzhymga ajnaldy Ұzhym ulttyk dramaturgiyany B Majlinnin Majdanyn S Sejfullinnin Қyzyl sunkarlaryn I Zhansүgirovtyn Kegin igerumen katar orys zhәne shetel klassikterinin pesalary bojynsha D Furmanovtyn Chapaevyn N V Gogoldin Revizoryn K Goldonidin Eki myrzaga bir kyzmetshi spektaklder kojdy Қazak folklorlyk shygarmalarynyn takyrybyna zhazylgan Ғ M Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan sulu M O Әuezovtin Enlik Kebek Ajman Sholpan spektaklderinin sahnalyk sheshimi men kojylymy eleuli okiga boldy 1938 1940 zhyldary teatr sahnasynda algashky operalyk spektaklder Қyz Zhibek Er Targyn Zhalbyr E Brusilovskij kojyldy Әrtister S Zhүnisovtyn R Қojshybaevanyn M Sүrtibaevtyn zhәne Zh Shashkinanyn kazak әdebietimen onerinin Mәskeudegi onkүndigine katysuy uzhym mүshelerinin shygarmashylyk esebi boldy 1936 1964 zhyly kazak әdebietinin kornekti tulgasy Sәken Sejfullinnin esimimen ataldy Ұly Otan sogysy zhyldary teatr zhumysyn toktatkan zhok Қaragandyga koshirilgen Lesya Ukrainka atyndagy Ukrain teatrynyn uzhymy kazak akterlerine kәsiptik sheberligin zhetildiruge igi ykpalyn tigizdi Rezhisser Yu A Sumarokovpen P B Serebryanik birneshe spektaklderdin Zhomarttyn kilemi Namys gvardiyasy Tүndegi kezdesu kojylymdaryn sahnaga shygardy olar ulttyk teatrdyn kalyptaskan mektebine zhana lep әkeldi 1946 1951 zhyldary uzhym oz kojylymdaryn ideyalyk korkem pesalarymen edәuir bajytty Rezhisser L Lure men M I Rukavishnikovtyn basshylygymen K Simonovtyn Orys mәselesi Orys adamdary A Safronovtyn Mәskeudin minezi V Lavrenevtin Amerika dausy N Bajmuhamedovtyn Balbulak A Korrejchuktin Makar Dubravasy M O Әuezovtin Abajy F Shillerdin Zulymdyk pen mahabbaty Lopede Veganyn Zhuas bulagy zhәne baska spektaklder kojyldy 1951 1954 zhyldary uzhym orys drama teatrymen birigip eksperimenttik kezendi bastan keshirdi Ұzhym A Bektin Volokolam tas zholy M Әuezovtyn Dos bedel dos D Isabekovtyn Әpke Sh Ajtmatovtyn Ak keme S Zhүnisovtyn Өliara A Minullinnin Zhalgyzdyk O Ioselianidin Arba audarylmaj turganda Evripidtin Medeya U Shekspirdin Makbet pesalarymen repertuaryn bajytyp oz shygarmashylygyndagy zhana kezendi bastady Teatr Almatyga 1962 1975 1986 respublikanyn oblys ortalyktaryna gastrolge shygyp ozin kemeldengen shygarmashylyk uzhym retinde tanytty ҚojylymdarTeatr K Zhumabekovtyn Zamana netken tar edin 1995 Ә Orazbekovtyn Bir tүp alma agash 1996 M Әuezovtin Қorgansyzdyn kүni 1997 Sh Ajtmatovtyn Әdilet azaby 1998 G Gorinnin Atyn shykpasa 1999 M Ғapparov Ғ Ғapparovanyn Қiyamet kajym Kioto 2000 Sh Murtazanyn Domalak ana 2001 E Razumovskayanyn Medeya 2004 spektaklimen konkurstarga katysyp zhүldeli oryndarga ie boldy Teatr sahnasynyn aldyngy toby katarynda ҚazKSR halyk artisteri Zh Shashkina R Қojshybaeva M Sүrtibaev A Musabekova ҚazKSR inin enbek sinirgen әrtisteri 3 Koshkinbaev M Әbdikәrimov M Bektenov Ә Shәjmerdenov S Zhүnisovter boldy Ogan kejinnen arnajy oku ornyn bitirip ҚazKSR halyk artiteri Ә Abylaeva Қ Sataev ҚazKSR enbek sinirgen әrtisteri 3 Zhakypov A Ybyraev Қ Әlimbaeva Ө Asylbekov R Bajmagambetov N Zhansүgirova Қ Kemalovtar kelip kosyldy Rezhisserler M Қosybaev M Қambarov T Tungyshbaev Zh Omarov E Tәpenov M Bekhozhinder zhemisti enbek etti Teatrda ҚR enbek sinirgen әrtisteri E Zhүnisbekov K Zhumabekov G Rashkalieva A Ahmetkalieva M Қisykov S Zhumagali M Sadykanov Sh Nukina B Kemalova Қ Zhyrymbaeva B Ahmetov B Bәkizhanov t b kyzmet etedi Teatrdyn bas rezhisseri ҚR enbek sinirgen kajratkeri Ә T Orazbekov bas suretshisi Қ Maksutov Zhetistikter50 zhyldygynyn kurmetine 1982 zhyly teatr Halyktar dostygy ordenimen marapattaldy Teatr sahnasynda M Әuezov Ғ Mүsirepov S Mukanov syndy tagy da baska kazak dramaturgterinin pesalary kojyldy 1996 zhyly Zh Zhabaevtyn 150 zhyldygyna arnalgan respublikalyk festivalde A Orazbekovtin pesasy bojynsha kojylgan spektakl үshin zhүldeli II oryn berildi 1997 zhyly M Әuezovtin 100 zhyldygyna arnalgan festivalde M Әuezovtin spektaklin kojyp ekinshi orynga ie bolsa 1999 zhyly otken VII respublikalyk teatr festivalinde G Gorinnin spektakli үshin Gran pridi aldy 2000 zhyly VIII respublikalyk teatr festivaline katysyp birinshi orynga ie boldy Osy zhyly Mysyrda Kair otken halykaralyk eksperimentaldy festivalde Egipet mәdeniet ministrliginin arnajy zhүldesine ie boldy 2001 zhyly Қyzylzhar kalasynda otken respublikalyk festivalde Sh Murtazanyn Domalak ana spektaklimen III oryn aldy 2006 zhyly Astanada otken respublikalyk festivalde Sh Ajtmatovtyn Ana Zher Ana spektaklimen Tarihi takyrypty ashudagy zhanashyldyk үshin nominaciyasy bojynsha zhenimpaz atandy 2009 zhyly HVII Respublikalyk teatrlar festivalinde M Әuezovtin Abaj tragediyasy үshin Gran pri zhenip aldy 2011 zhyly Ukrainada Teatr Chehov Yalta halykaralyk festivaline katysyp Za yarkoe voploshenie legendy i mifa nominaciyasynda үzdik atandy 2013 zhyly Serbiyada Slaviya 2013 halykaralyk festivalinde festival shymyldygyn M Әuezovtyn Қaragoz tragediyasymen ashuga mүmkindik alyp Kishi Don Kihot marapatyna ie boldy 2014 zhyly Tarazda otken I halykaralyk festivalge U Shekspirdin Korol Lir kojylymymen katysyp teatr artisi Memlekettik syjlyktyn laureaty Қazakstannyn enbek sinirgen әrtisi Kenes Zhumabekov Korol Lir rolin sheber oryndagany үshin marapattaldy Galereya Amerika dausy spektaklinen korinisDerekkozderҚaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Қazakstannyn mәdeni oshaktary Kulturnye centry Kazahstana Fotoalbom Almaty ASA Baspa үji ZhShS 2012 288 b kazak orys tilderinde ISBN 978 601 80325 0 9