Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану. Басқаша айтқанда лаңкестік. Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.
Термин мәні
Бұл ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. Ал қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Тарихы
Б.з. 1 ғасырында римдіктермен ынтымақтасқан еврейлердің танымал өкілдерін жойған сикарилер сектасының қызметі Лаңкестік сипатқа ие болды. Орта ғасырда христиан шіркеуінің өкілдері халыққа дұшпан билеушіні өлтіру идеясын қолдаса, Үндістан мен Қытайдың құпия ұйымдары, парсы, «ауған жеріндегі» әсіре діншіл өздеріне жақпаған адамдардың көзін жою тәсілдерін кеңінен қолданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Лаңкестік қоғамдық-саяси өмірге ықпал етуші тұрақты факторлардың біріне айналды. Ресейде халықшылдар, Ирландия, Македония, Сербияда ұлтшылдар, Франция, Италия, АҚШ-та анархистер, т.б. солшыл радикалды қозғалыстар пайда болып, өз үкіметтерінің қызметіне ықпал етуге ұмтылды. Бұл қозғалыстардың идеялық негізінде әртүрлі идеологиялық тұғырнама жатқанымен, олар Лаңкестікті “қоғам игілігі үшін өзін-өзі құрбан ету” деп түсінді. 20 ғасырда Лаңкестік әдістерін пайдалану ауқымы кеңейіп, Лаңкестік мемлекеттік деңгейге жетті. КСРО-дағы “қызыл террор” мен фашистік Германиядағы “ұлтшылдық террор” өз азаматтарына қарсы жасалған Лаңкестіктің айқын көрінісі болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Палестинадағы еврей ұйымдары Израиль мемлекетін құру мақсатында Лаңкестік ұйымдарын құрып, көптеген Лаңкестік актілер ұйымдастырды. Израиль мемлекеті жарияланғаннан кейін оған жауап ретінде палестиналық Лаңкестік ұйымдар пайда болды. Араб елдері мен Израильдің қарама-қарсылығы қатаң да аяусыз Лаңкестік соғыстың басталуына әкелді. Сондай-ақ Солтүстік Ирландиядағы, Испаниядағы сепаратистер де мемлекет қауіпсіздігіне зардап келтіретін қауіпті Лаңкестік актілер ұйымдастырды.
Бұл кезеңдегі Лаңкестік әрекеттер ұлттық, діни, этник. шиеленістермен және азаматтық қозғалыстармен байланыстырылды. 20 ғасырдың 2-жартысында Лаңкестіктің сипаты күрт өзгерді. Көптеген елдерде Лаңкестік ашық қоғамға бейімделе алмаған және заң шығарушы органда саяси өкілдік ала алмаған әлеуметтік топтардың саяси қарсылық білдіру құралына айналды. Олардың мақсаты қайсыбір елде (немесе халықаралық деңгейде) қорқыныш-үрей, жалпы тұрақсыздық тудыру болды. Лаңкестіктің іс-әрекет тактикасы да едәуір кеңейді: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру кең тарады. Шет елдердің елшіліктеріне, халықараралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу секілді Лаңкестіктің жаңа түрлері пайда болды. Әлемнің тұтас аймақтарына бағыт-бағдары әр түрлі Лаңкестік ұйымдар мен топтардың әрекеті жаппай таралып, Лаңкестіктің қауіпті әлуеті артты. 20 ғасырдың 70 — 80 ж. дүниежүзінде 5500-ден астам Лаңкестік акт жасалды. Бұл кезеңде лаңкестер ұйымдасқан арнаулы топтарға біріге бастады. Әр түрлі елдердің, соның ішінде, Таяу Шығыс, Жапония, Латын Америкасы, Еуропа елдерінің Лаңкестік ұйымдары арасында жақындасу процесі басталды. 80 — 90 ж. халықаралық есірткі Лаңкестікті бой көрсетті. Есірткі бизнесі, заңсыз қару-жарақ сату мен ұйымдасқан қылмыстың өзге де түрлері Лаңкестік әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдаланды. 90-жылдардың 2-жартысында әлемнің көптеген аймақтары кең ауқымды әскери іс-қимылдарды тудыруы мүмкін Лаңкестік әрекеттердің ошағына айналды. Саяси Лаңкестік бастапқы түрін өзгертіп, біртіндеп қылмыстық, ұлтшылдық, діни-экстремистік Лаңкестікке ұласып, халықаралық сипат алды. Қазіргі кезде дүниежүзінде 500-ден астам Лаңкестік ұйым мен экстремистік топ әрекет етеді. Олардың ішіндегі ең ірі Лаңкестік ұйымдар: “Тупак Амару атындағы революциялық қозғалыс”, “Ку-Клус-Клан”, “Арийлік ұлт” оңшыл экстремистік ұйымы, “”, “Ирландияның республикалық армиясы”, “Хамас” (Исламдық қарсыласу қозғалысы), “Хезболлах”, т.б.
Ауқымы мен түрлері
Қазіргі Лаңкестік ауқымы мен аумағы жағынан халықаралық (халықаралық деңгейдегі Лаңкестік актілер), ішкі саяси (үкіметке, ел ішіндегі қандай да бір саяси топтарға қарсы бағытталған немесе ішкі жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтатын Лаңкестік әрекеттер); пайдакүнемдік мақсаттарды көздейтін қылмыстық Лаңкестік түрінде көрініс береді. Сондай-ақ Лаңкестіктің мынадай алуан түрлері кездеседі: өзге егеменді мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысына, тұрақтылығына нұқсан келтіруге бағытталған мемлекеттік лаңкестік; мемлекеттік құрылысқа қатысты шешімді болдырмауға (немесе қабылдауға) бағытталған күресті білдіретін саяси лаңкестік; аса күрделі әлеуметтік-саяси тартыстар негізінде қалыптасатын әлеуметтік лаңкестік; этникалық белгілер бойынша жүзеге асырылатын ұлттық лаңкестік; бірыңғай мемлекет шекарасында үстем ұлт өкілдері елдің қайсыбір бөлігіне егемендік беру талабымен жүзеге асыратын аумақтық-сепаратистік лаңкестік; саяси қарама-қарсылықта діни сана негізгі орын алған жағдайда туындайтын діни лаңкестік. Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады.
Әсер етуші факторлар
Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963); Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971); Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т.б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49-сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000). Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген.
Терроризмге қарсы күрес
1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "" және Германиядағы сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды.
Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану.
Дереккөздер
- А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Terrorism |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Terrorizm lat terror korkynysh үrej sayasi maksatty syltauratyp kүsh koldanu Baskasha ajtkanda lankestik Lankestik terrorshyldyk sayasi әleumettik sebepterge bajlanysty zheke adamga kopshilikke nemese memleketke kysym zhasau үrej tugyzu maksatynda kasakana zhasalatyn kylmystyk is әreket Termin mәniBul ugym XVIII sonynda uly francuz tonkerisi kezinde yakobindyktar zhүrgizgen repressiyalyk sayasatty atauda koldanyldy Al kazirgi әdebietterde diktatorlyk nemese totalitarlyk zhүjelerdin oz azamattaryna katysty kүsh koldanu zhәne үrej tugyzu sayasatyn sipattauda koldanylady Terrorizm retinde әlsizdin tarapynan bolatyn radikaldy sayasi oppoziciya ekstremistik pigyldagy ulttyk nemese dini azshylyk dini fanatikter zhәne t b әreket tүsiniledi Terrorizm ujymdaskan top dittegen maksatyna zhetu үshin dүrsin dүrsin kүsh koldanu arkyly korinis tabatyn әdis Қazirgi zhagdajlarda terrorister amanat aludy kogamdyk mәndegi gimarattardy basyp alu zharyp zhiberu ushaktardy alyp kashu zhәne ozge de әreketterge barady Terroristik әreketter kashan da zhariyaly tүrde zhүredi zhәne kogamga bilikke әser etuge bagyttalady 2001 zhylgy AҚSh tagy iri terrorlyk aktTarihyB z 1 gasyrynda rimdiktermen yntymaktaskan evrejlerdin tanymal okilderin zhojgan sikariler sektasynyn kyzmeti Lankestik sipatka ie boldy Orta gasyrda hristian shirkeuinin okilderi halykka dushpan bileushini oltiru ideyasyn koldasa Үndistan men Қytajdyn kupiya ujymdary parsy augan zherindegi әsire dinshil ozderine zhakpagan adamdardyn kozin zhoyu tәsilderin keninen koldandy 19 gasyrdyn 2 zhartysynan bastap Lankestik kogamdyk sayasi omirge ykpal etushi turakty faktorlardyn birine ajnaldy Resejde halykshyldar Irlandiya Makedoniya Serbiyada ultshyldar Franciya Italiya AҚSh ta anarhister t b solshyl radikaldy kozgalystar pajda bolyp oz үkimetterinin kyzmetine ykpal etuge umtyldy Bul kozgalystardyn ideyalyk negizinde әrtүrli ideologiyalyk tugyrnama zhatkanymen olar Lankestikti kogam igiligi үshin ozin ozi kurban etu dep tүsindi 20 gasyrda Lankestik әdisterin pajdalanu aukymy kenejip Lankestik memlekettik dengejge zhetti KSRO dagy kyzyl terror men fashistik Germaniyadagy ultshyldyk terror oz azamattaryna karsy zhasalgan Lankestiktin ajkyn korinisi boldy 2 dүniezhүzilik sogystan kejin Palestinadagy evrej ujymdary Izrail memleketin kuru maksatynda Lankestik ujymdaryn kuryp koptegen Lankestik aktiler ujymdastyrdy Izrail memleketi zhariyalangannan kejin ogan zhauap retinde palestinalyk Lankestik ujymdar pajda boldy Arab elderi men Izraildin karama karsylygy katan da ayausyz Lankestik sogystyn bastaluyna әkeldi Sondaj ak Soltүstik Irlandiyadagy Ispaniyadagy separatister de memleket kauipsizdigine zardap keltiretin kauipti Lankestik aktiler ujymdastyrdy Bul kezendegi Lankestik әreketter ulttyk dini etnik shielenistermen zhәne azamattyk kozgalystarmen bajlanystyryldy 20 gasyrdyn 2 zhartysynda Lankestiktin sipaty kүrt ozgerdi Koptegen elderde Lankestik ashyk kogamga bejimdele almagan zhәne zan shygarushy organda sayasi okildik ala almagan әleumettik toptardyn sayasi karsylyk bildiru kuralyna ajnaldy Olardyn maksaty kajsybir elde nemese halykaralyk dengejde korkynysh үrej zhalpy turaksyzdyk tudyru boldy Lankestiktin is әreket taktikasy da edәuir kenejdi kepilge adam alu kogamdyk oryndarda zharylystar ujymdastyru kisi oltiru ken tarady Shet elderdin elshilikterine halykararalyk ujymdardyn bas pәterlerine shabuyldar zhasau ushak zharu karu zharak kojmalaryn basyp alu sekildi Lankestiktin zhana tүrleri pajda boldy Әlemnin tutas ajmaktaryna bagyt bagdary әr tүrli Lankestik ujymdar men toptardyn әreketi zhappaj taralyp Lankestiktin kauipti әlueti artty 20 gasyrdyn 70 80 zh dүniezhүzinde 5500 den astam Lankestik akt zhasaldy Bul kezende lankester ujymdaskan arnauly toptarga birige bastady Әr tүrli elderdin sonyn ishinde Tayau Shygys Zhaponiya Latyn Amerikasy Europa elderinin Lankestik ujymdary arasynda zhakyndasu procesi bastaldy 80 90 zh halykaralyk esirtki Lankestikti boj korsetti Esirtki biznesi zansyz karu zharak satu men ujymdaskan kylmystyn ozge de tүrleri Lankestik әdis tәsilderin keninen pajdalandy 90 zhyldardyn 2 zhartysynda әlemnin koptegen ajmaktary ken aukymdy әskeri is kimyldardy tudyruy mүmkin Lankestik әreketterdin oshagyna ajnaldy Sayasi Lankestik bastapky tүrin ozgertip birtindep kylmystyk ultshyldyk dini ekstremistik Lankestikke ulasyp halykaralyk sipat aldy Қazirgi kezde dүniezhүzinde 500 den astam Lankestik ujym men ekstremistik top әreket etedi Olardyn ishindegi en iri Lankestik ujymdar Tupak Amaru atyndagy revolyuciyalyk kozgalys Ku Klus Klan Arijlik ult onshyl ekstremistik ujymy Irlandiyanyn respublikalyk armiyasy Hamas Islamdyk karsylasu kozgalysy Hezbollah t b Aukymy men tүrleriҚazirgi Lankestik aukymy men aumagy zhagynan halykaralyk halykaralyk dengejdegi Lankestik aktiler ishki sayasi үkimetke el ishindegi kandaj da bir sayasi toptarga karsy bagyttalgan nemese ishki zhagdajdy turaksyzdandyrudy maksat tutatyn Lankestik әreketter pajdakүnemdik maksattardy kozdejtin kylmystyk Lankestik tүrinde korinis beredi Sondaj ak Lankestiktin mynadaj aluan tүrleri kezdesedi ozge egemendi memleketterdin kogamdyk sayasi kurylysyna turaktylygyna nuksan keltiruge bagyttalgan memlekettik lankestik memlekettik kurylyska katysty sheshimdi boldyrmauga nemese kabyldauga bagyttalgan kүresti bildiretin sayasi lankestik asa kүrdeli әleumettik sayasi tartystar negizinde kalyptasatyn әleumettik lankestik etnikalyk belgiler bojynsha zhүzege asyrylatyn ulttyk lankestik biryngaj memleket shekarasynda үstem ult okilderi eldin kajsybir boligine egemendik beru talabymen zhүzege asyratyn aumaktyk separatistik lankestik sayasi karama karsylykta dini sana negizgi oryn algan zhagdajda tuyndajtyn dini lankestik Қazirgi uakytta Lankestik damu taralu karkyny men saldary zhagynan adamzattyn en kauipti kogamdyk sayasi zhәne moraldik mәselelerdin birine ajnalyp otyr Lankesterdin yadrolyk bakteriologiyalyk himiyalyk uytty karulardy koldanu mүmkindigi galamdyk kauipsizdikke үlken kater tugyzuda Lankestik memlekettin ideologiyalyk kukyktyk zhүjesi kogamnyn kүrdeli әleumettik sayasi procesterin retteuge kabiletsiz boluyna bajlanysty pajda bolady Әser etushi faktorlarLankestiktin osuine mynadaj faktorlar әser etedi sayasi әleumettik zhәne ekonomikalyk dagdarys halyktyn omir sүru dengejinin kүrt tomendeui men zhumyssyzdyktyn osui ulttyk zhәne dini kajshylyktardyn shielenisui t b Lankestikke karsy aldyn alu sharalarynyn kataryna kogamnyn әleumettik ekonomikalyk zhәne sayasi turaktylygyn azamattardyn ekonomikalyk sayasi ulttyk dini t b kukyktary men bostandyktaryn kamtamasyz etu adam kukygy zhonindegi memlekettik organdar men kogamdyk organdardyn zhumysyn zhetildiru kogamda zhogary sayasi zhәne kukyktyk mәdeniet kalyptastyru karu zharak rynogine sonyn ishinde zhappaj kyryp zhoyu kuraldaryna memlekettik zhәne halykaralyk bakylau zhasau t b Dүniezhүzilik kauymdastyk Lankestikke karsy birkatar halykaralyk kukyktyk kuzhattar kabyldady Әue kemelerine zhasalgan kylmystyk zhәne baska da әreketter turaly konvenciya 1963 Azamattyk aviaciya kauipsizdigine karsy bagyttalgan zansyz aktilermen kүres turaly konvenciya 1971 Lankestikti karzhylandyruga karsy kүres turaly konvenciya 1999 t b 1994 zh BҰҰ nyn Bas Assambleyasy 49 sessiyasynda kabyldangan Halykaralyk lankestikti zhoyu sharalary turaly deklaraciyada Lankestikpen kүrestegi halykaralyk yntymaktastyk sharalary belgilendi TMD memleketteri arasynda kopzhakty kelisimder zhasalyp Lankestikke karsy ortalyk kuryldy 2000 Orta Aziya memleketteri 2000 zh Tashkentte otken sammitte Lankestikpen sayasi zhәne dini ekstremizmmen transulttyk ujymdaskan kylmyspen turaktylyk pen kauipsizdiktin baska da katerimen kүreste birlesken is әreket turaly kelisimge kol kojdy Sondaj ak Shanhaj yntymaktastyk ujymy shenberinde halykar Lankestikpen zhәne ekstremizmmen kүres sharalary belgilengen Terrorizmge karsy kүres1977 zhyly Europalyk Keneske mүshe memleketter terrorizmmen kүres zhoninde Europalyk konvenciya kabyldady Terrorizm en aldymen kornekti sayasi zhәne kogam kajratkerlerin oltiru tarih agynyna eleuli ykpal etedi birak sayasi kajratkerlerge karsy teraktiler ozdiginen zhalpy adamzatka asa kauip tondire kojmajdy XX g ekinshi zhartysynda zhagdaj tүbegejli ozgerdi terrorizmnin әrtүrli tүrlerinin kүrt zhiktelui oryn aldy Ol omir sүrip otyrgan bүkil sayasat tәrtipterine instituttarga zandy bilik kurylymdaryna karsy zhappaj sogyska ajnaldy Terrorizmnin irracionaldyk kyry sayasatka esh katysy zhok karapajym halykty zhappaj kyrudan korinis tapty Nәtizhesinde zorlyk zombylyk apaty zhәne vakhanaliya zher sharynyn әrbir adamyn teraktini ujymdastyrushylardyn akylga konymsyz ideyalarynyn bugauynda kaldyrdy XX g sonynda terrorizm kazirgi zamannyn otkir galamdyk mәselelerine ajnaldy 1960 1970 zhyldary solshyl ekstremistik pigyldagy Italiyadagy zhәne Germaniyadagy siyakty toptardyn әreketterimen bajlanysty terrorizm tolkyny Batys Europany sharpyp otti 1990 shy zhyldardyn basynda Resej kandy terroristik zombylyktyn ortasynda kaldy Kejinnen ogan islam ekstremizmi sheshen separatizmi kosyldy Antiterrordyn әdisteri tehnologiyasy zhәne tiimdi strategiyasy otandyk zhәne sheteldik arnajy kyzmetter kүshine sүjenedi Cayasi maksattaryn iske asyru үshin olimdi adamdardy үrlauga diversiyany zhәne baska da basyp zhanshu aktilerin kural retinde koldanu DerekkozderA 31 Ajbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Terrorism