Лактация (лат. lactare – сүт болу, емізу), сүттену — сүт безінде сүттің түзілу, жиналу және оның мезгіл-мезгіл бөліну процесі. Сүттену кезеңі деп желінде сүт түзіліп және осы процесс тоқтағанға дейінгі аралықты атайды. Лактация кезеңі лактогенез (уыздану) процесінен басталып, лактопоэз (сүт түзу) процесіне ұласады.
Лактогенез — буаздықтың соңғы күндері мен мал төлдегеннен кейінгі алғашқы күндерде сүт бездерінде басталуы. Осы процестің әрі қарай дамуын әрі жалғасуын лактопоэз дейді. Жабайы аңдарда Лактация кезеңі төлді емізу мерзімімен шектеледі. өсақ кемірушілерде ол 10 — 20 күнді құраса, кашалоттарда 25 айға созылады.
Сиырда Лактация кезеңінің ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240 — 300, түйеде 300, қойда 120 — 150, биеде 180 — 210, мегежінде 60 күн. Адамда сүттену процесін жүктілік кезіндегі даму сатыларынан өткен қамтамасыз етеді. Жаңа босанған ананың сүт безінен алғашқы күні бірнеше тамшы уыз бөлінеді. Одан әрі сүт бірте-бірте көбейеді. Лактация организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу, тағы басқа) дұрыс қызметінің нәтижесінде жүреді. Дұрыс тамақтанған, күтімі жақсы ананың сүт безінен тәулігіне 2 — 3 л сүт бөлінеді. Малда (сиырда) буаздықтың алғашқы жартысында өзектер жүйесі мен түтікше бездердің дамып, жетілуі аяқталады.
Буаздықтың 5 — 7 айында желіннің безді құрылымы қалыптасып, 6 — 8 айлар арасында пайда болады. Мал төлдеуден 2 — 3 ай бұрын желін паренхимасының клеткалары май түйіршіктері бар секрет түзе бастайды. Бірақ бұл уыз да, сүт те емес. Желін тек мал төлдер алдында ғана уызданады. Сүт түзілу процесі бірнеше сатыдан өтеді: 1) сүт құрамына енетін заттарды қаннан сүзу; 2) сүттің өзіне тән құрамаларын түзу; 3) түзілген заттардың біраз мөлшерін кері сору. Орта есеппен желін безінің әр грамы тәулігіне 1 мл сүт түзеді. Сиыр желіні әр минутта 0,6 г белок, 0,82 г қант және 0,7 г май түзе алады. Сүтте қанда кездеспейтін казеин, , , лактоза, т.б. заттар пайда болады, ал сүт майы қышқылдық құрамы жағынан плазма мен ұқсамайды. Қанмен салыстырғанда сүтте қант 90 — 95, май — 26, кальций — 14, калий — 9 есе көп, белоктар — 2, натрий — 7 есе аз.
Сүттің түзілу қарқынына малдың тұқымы, күтіп-бағылу жағдайы, ас қорыту және зат алмасу деңгейі, сүттену кезеңінің сатысы, тәулік мерзімі (күндіз сүт көбірек түзіледі), сауу жиілігі, т.б. әсер етеді. Толассыз түзілген сүт альвеолдар, майда, орташа және үлкен сүт өзектері мен қуыстардан алдымен альвеолдар қуысы мен сүт жолдарына, содан кейін орташа және ірі сүт өзектері мен желін қуысына толады. Желін альвеолдары қуысының 60 — 70%-ы сүтке толған соң, сүт желін қуысына өтеді. Сүт жинау мал сауылғаннан соң 5 — 6 сағ-тан кейін басталады. Егер мал уақтылы сауылмаса желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі баяулайды. Желіннің сыйымд. жүйесіндегі қысым капилляр қысымы деңгейіне (35 — 50 мм сын. бағ.) көтерілген соң, сүт түзу баяулайды. Бұл мал сауылғаннан 10 — 12 сағ өткен соң (желін сүтпен 85 — 90%-ға толғанда) байқалады. Желіндегі қысым 50 мм сын. бағ-нан асқанда сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолдарға келетін капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан мөлшерінің азаюы, безден өнімдерді шығару процесінің қиындауы әсерін тигізеді. Бұл кезде белоктар мен суда еритін қосындылар клеткалар мембранасындағы жасушалар арқылы шығарылады да, май глобулалары клетка ішінде қалып қояды. Сондықтан, мал сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Малдың сүттілігі желіннің сыйымдылығына байланысты. Биелер желінінің сыйымд. 1 — 1,5 л (кейде 2,5 л), сиырларда 18 — 25 л, ал өте сүтті сиырларда 40 — 50 л-ге дейін жетеді.
Сут беру процесі
Сүт беру — күрделі рефлекторлық процесс. Бұл 2 кезеңде өтеді: 1) таза жүйкелік кезеңінде желін рецепторларының қозуынан пайда болған тітіркеніс қысқа рефлекторлық доға арқылы сүттің ірі сүт өзектері мен желін қуысына бөлінуін қамтамасыз етеді; 2) кезеңінде желіннен келген тітіркеніске жауап ретінде миоэпителий клеткалары жиырылып, альвеолдар қуысы мен майда сүт жолдарындағы сүт бөлінеді. Сауын малында гипофиз рефлекторлы түрде желінді жуғанда, уқалаған кезде, төл емгенде, мал сауылғанда қозады. Сүт беру процесі шартсыз рефлекторлық жолмен де, шартты рефлекторлық жолмен де жүреді. Дағдылы сауу жағдайларымен қабаттасатын әр түрлі тітіркендіргіштерге (дыбыс, жанасу, бейне, иіс) малда шартты рефлекстер қалыптасады. Осымен байланысты сүт жолының қысқыш еттерінің босаңсуы, окситоциннің бөлінуі, желіндегі қысымның жоғарылауы шартты рефлекс түрінде малды саууға дайындай бастағанда-ақ байқалады. Әр түрлі кездейсоқ әсерлер, малдың дағдылы сауу жағдайының бұзылуы оны исіндіреді — рефлексті тежейді. Буаз мал суалады. Бұл кезде альвеолдар кішірейіп, кейбір майда сүт өзектері семеді де, желінді май баса бастайды. Т. Несіпбаев ЛАКТОГЕНЕЗ, қ. Лактация. ЛАКТОПОЭЗ, қ. Лактация.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Laktaciya lat lactare sүt bolu emizu sүttenu sүt bezinde sүttin tүzilu zhinalu zhәne onyn mezgil mezgil bolinu procesi Sүttenu kezeni dep zhelinde sүt tүzilip zhәne osy process toktaganga dejingi aralykty atajdy Laktaciya kezeni laktogenez uyzdanu procesinen bastalyp laktopoez sүt tүzu procesine ulasady Laktogenez buazdyktyn songy kүnderi men mal toldegennen kejingi algashky kүnderde sүt bezderinde bastaluy Osy procestin әri karaj damuyn әri zhalgasuyn laktopoez dejdi Zhabajy andarda Laktaciya kezeni toldi emizu merzimimen shekteledi osak kemirushilerde ol 10 20 kүndi kurasa kashalottarda 25 ajga sozylady Siyrda Laktaciya kezeninin uzaktygy zhylyna 305 eshkide 240 300 tүjede 300 kojda 120 150 biede 180 210 megezhinde 60 kүn Adamda sүttenu procesin zhүktilik kezindegi damu satylarynan otken kamtamasyz etedi Zhana bosangan ananyn sүt bezinen algashky kүni birneshe tamshy uyz bolinedi Odan әri sүt birte birte kobejedi Laktaciya organizmnin koptegen funkcionaldyk zhүjelerinin as korytu kan ajnalym tynys alu tagy baska durys kyzmetinin nәtizhesinde zhүredi Durys tamaktangan kүtimi zhaksy ananyn sүt bezinen tәuligine 2 3 l sүt bolinedi Malda siyrda buazdyktyn algashky zhartysynda ozekter zhүjesi men tүtikshe bezderdin damyp zhetilui ayaktalady Buazdyktyn 5 7 ajynda zhelinnin bezdi kurylymy kalyptasyp 6 8 ajlar arasynda pajda bolady Mal toldeuden 2 3 aj buryn zhelin parenhimasynyn kletkalary maj tүjirshikteri bar sekret tүze bastajdy Birak bul uyz da sүt te emes Zhelin tek mal tolder aldynda gana uyzdanady Sүt tүzilu procesi birneshe satydan otedi 1 sүt kuramyna enetin zattardy kannan sүzu 2 sүttin ozine tәn kuramalaryn tүzu 3 tүzilgen zattardyn biraz molsherin keri soru Orta eseppen zhelin bezinin әr gramy tәuligine 1 ml sүt tүzedi Siyr zhelini әr minutta 0 6 g belok 0 82 g kant zhәne 0 7 g maj tүze alady Sүtte kanda kezdespejtin kazein laktoza t b zattar pajda bolady al sүt majy kyshkyldyk kuramy zhagynan plazma men uksamajdy Қanmen salystyrganda sүtte kant 90 95 maj 26 kalcij 14 kalij 9 ese kop beloktar 2 natrij 7 ese az Sүttin tүzilu karkynyna maldyn tukymy kүtip bagylu zhagdajy as korytu zhәne zat almasu dengeji sүttenu kezeninin satysy tәulik merzimi kүndiz sүt kobirek tүziledi sauu zhiiligi t b әser etedi Tolassyz tүzilgen sүt alveoldar majda ortasha zhәne үlken sүt ozekteri men kuystardan aldymen alveoldar kuysy men sүt zholdaryna sodan kejin ortasha zhәne iri sүt ozekteri men zhelin kuysyna tolady Zhelin alveoldary kuysynyn 60 70 y sүtke tolgan son sүt zhelin kuysyna otedi Sүt zhinau mal sauylgannan son 5 6 sag tan kejin bastalady Eger mal uaktyly sauylmasa zhelindegi kysym zhogarylap sүt tүzu procesi bayaulajdy Zhelinnin syjymd zhүjesindegi kysym kapillyar kysymy dengejine 35 50 mm syn bag koterilgen son sүt tүzu bayaulajdy Bul mal sauylgannan 10 12 sag otken son zhelin sүtpen 85 90 ga tolganda bajkalady Zhelindegi kysym 50 mm syn bag nan askanda sүt tүzu procesi toktajdy Ogan alveoldarga keletin kapillyarlardyn kysyluy zhelin arkyly otetin kan molsherinin azayuy bezden onimderdi shygaru procesinin kiyndauy әserin tigizedi Bul kezde beloktar men suda eritin kosyndylar kletkalar membranasyndagy zhasushalar arkyly shygarylady da maj globulalary kletka ishinde kalyp koyady Sondyktan mal sirek sauylsa sүttin majlylygy tomendejdi Maldyn sүttiligi zhelinnin syjymdylygyna bajlanysty Bieler zhelininin syjymd 1 1 5 l kejde 2 5 l siyrlarda 18 25 l al ote sүtti siyrlarda 40 50 l ge dejin zhetedi Sut beru procesiSүt beru kүrdeli reflektorlyk process Bul 2 kezende otedi 1 taza zhүjkelik kezeninde zhelin receptorlarynyn kozuynan pajda bolgan titirkenis kyska reflektorlyk doga arkyly sүttin iri sүt ozekteri men zhelin kuysyna bolinuin kamtamasyz etedi 2 kezeninde zhelinnen kelgen titirkeniske zhauap retinde mioepitelij kletkalary zhiyrylyp alveoldar kuysy men majda sүt zholdaryndagy sүt bolinedi Sauyn malynda gipofiz reflektorly tүrde zhelindi zhuganda ukalagan kezde tol emgende mal sauylganda kozady Sүt beru procesi shartsyz reflektorlyk zholmen de shartty reflektorlyk zholmen de zhүredi Dagdyly sauu zhagdajlarymen kabattasatyn әr tүrli titirkendirgishterge dybys zhanasu bejne iis malda shartty reflekster kalyptasady Osymen bajlanysty sүt zholynyn kyskysh etterinin bosansuy oksitocinnin bolinui zhelindegi kysymnyn zhogarylauy shartty refleks tүrinde maldy sauuga dajyndaj bastaganda ak bajkalady Әr tүrli kezdejsok әserler maldyn dagdyly sauu zhagdajynyn buzyluy ony isindiredi refleksti tezhejdi Buaz mal sualady Bul kezde alveoldar kishirejip kejbir majda sүt ozekteri semedi de zhelindi maj basa bastajdy T Nesipbaev LAKTOGENEZ k Laktaciya LAKTOPOEZ k Laktaciya Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz