Күрте — жеңсіз жеңіл киім. Онда жең де, жаға да болмайды. Күрте екі өңірі мен артқы бойдан тұрады. Ұзындығы шалбарлық ышқырынан аспайды. Күртені мақта не жүн тартып та, теріні матамен тыстап та тігеді. Астарына кез келген мата жарайды. Әйелдер киетін күртеге атлас, шағи сияқты жібек тектес маталар, ал ерлер киетін күртеге барқыт, мәуіті секілді әрі мықты, әрі қалың бір түсті мата пайдаланылады. Тері күрте тігу үшін суыр, борсық, қарсақ, түлкі сияқты аңдардың терісі мен қозының, лақтың елтірісі, кейде тіпті қойдың терісі, қылшығынан тазартылған ешкі түбіті пайдаланылады. Ісмер ең алдымен күртенің тысын өлшеп алады да, одан соң сол матаға шақтан теріні пішеді. Ол үшін теріні алдымен құрап күрте шығатындай етіп алады. Оның тігісін тақыр жағына келтіріп, жөрмеп құрайды. Пішілген теріге жұқа матадан бидай көктеп, терінің өзін жеке тігеді. Одан кейін сыртын матамен тыстайды да, шүберекті тысына айналдыра жапсырады. Күртені мақта не жүн тартып тіккенде ең алдымен тыш мен астарын пішіп алып, астарлық қиындының үстіне мақтаны не жүнді біркелкі етіп тартады. Ең соңында күртенің екі өңірі мен артқы бойын құрайды.
Күртені айналдыра басқа матамен, кейде сол тыстық матаның қиығымен әдіптейді. Күрте — әрі кеудеге суық өткізбейтін жылы, әрі ықшамды киім.Күртені жейде не көйлектің сыртынан, бетпенттің ішінен киеді.
Дереккөздер
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүrte zhensiz zhenil kiim Onda zhen de zhaga da bolmajdy Kүrte eki oniri men artky bojdan turady Ұzyndygy shalbarlyk yshkyrynan aspajdy Kүrteni makta ne zhүn tartyp ta terini matamen tystap ta tigedi Astaryna kez kelgen mata zharajdy Әjelder kietin kүrtege atlas shagi siyakty zhibek tektes matalar al erler kietin kүrtege barkyt mәuiti sekildi әri mykty әri kalyn bir tүsti mata pajdalanylady Teri kүrte tigu үshin suyr borsyk karsak tүlki siyakty andardyn terisi men kozynyn laktyn eltirisi kejde tipti kojdyn terisi kylshygynan tazartylgan eshki tүbiti pajdalanylady Ismer en aldymen kүrtenin tysyn olshep alady da odan son sol mataga shaktan terini pishedi Ol үshin terini aldymen kurap kүrte shygatyndaj etip alady Onyn tigisin takyr zhagyna keltirip zhormep kurajdy Pishilgen terige zhuka matadan bidaj koktep terinin ozin zheke tigedi Odan kejin syrtyn matamen tystajdy da shүberekti tysyna ajnaldyra zhapsyrady Kүrteni makta ne zhүn tartyp tikkende en aldymen tysh men astaryn piship alyp astarlyk kiyndynyn үstine maktany ne zhүndi birkelki etip tartady En sonynda kүrtenin eki oniri men artky bojyn kurajdy Kүrteni ajnaldyra baska matamen kejde sol tystyk matanyn kiygymen әdiptejdi Kүrte әri keudege suyk otkizbejtin zhyly әri ykshamdy kiim Kүrteni zhejde ne kojlektin syrtynan betpenttin ishinen kiedi DerekkozderShanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet