Зуха батыр, Зауха Сәбитұлы (1869 жыл не 1867 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Кендірлік ауылы -1929) - Алаш қайраткері, діни ғұлама, батыр. Керей тайпасы Абақ руының Ителі бөлімінен шыққан.
Зуқа батыр | |
орыс. Зуха Батыр | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Ресей империясы, Семей облысы, Зайсан уезі, Кендерлік ауылы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | Ресей империясы, Семей облысы, Зайсан уезі, Кендерлік ауылы |
Мемлекет |
Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғап, басшысыз, биліксіз, қорғансыз, қарусыз халқын жан-жағынан талап, тонап, басымшылық көрсетіп қанаған үстем өкіметтің өктемдігінен қызғыштай қорып, қажет кезінде қарсы тұрып, әлеуметтік теңсіздіктермен өмірінің соңына дейін бел шешпей, аттан түспей аяусыз күрескен қайраткер, қолбасшы тұлға, қайсар батыр.
Тарихи деректерге сүйенсек, XX ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды.
Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы “өкіметке қарсы шыққандардың көретіні осы” деп жергілікті қазақтарды үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызды.
Өмірбаяны
1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданының Кендірлік деген жерінде дүниеге келген. Зуқаның әкесі шығыс өңіріне аса танымал – Сәбит молла. Арғы атасы Нұрмұхаммед абыз. Сәбитті жеті жасында Үпі қаласындағы Уәлдан хазіретке жетектеп апарып аманат етеді. Ол он тоғыз жыл оқып, Бұқара, Қазан, Самарқанды аралайды. Сәбит жиырма бес жасқа толғанда оның ақыл-ойына дән ыразы, пәтуа-пайымына тәнті болған хазірет Уәлдан немере қызы Бәтиманы жары етіп, ақ батасын беріп, ақ жолын тілеп, аса таяғын қолына ұстатып: «Мынау сырлы таяқ, жеті пірдің қолынан өткен, шаршағанға дем болады, ауруға ем болады, жаныңнан тастама», – деп атамекеніне аттандырыпты. Сәбит Марқакөл, Маңыраққа мол біліммен оралды. Туған топырағы Қалба тауындай қормал, жүзген көлі Жайсаң көліндей жайсаң азамат болыпты. Ол атасы Нұрмұхаммед құсап Құдайдың құдыретімен қыранша қалықтап ұшып, аспан-көкті шарлап, Абылай ханның ақ туын жебеп аңызға айналмаса да халқына қалтқысыз қызмет қылады. Ел үмітін ақтар, ертеңгі жер иесі жас ұрпақтың жадына білім нұрын төгеді. Ел-жұртына әспеттеліп, әйдік мәртебе Дамолда атанды. Ласты, Тасты, Буыршын, Тарбағатайға төрт бірдей медресе ашып, бар ғұмырын бала оқытуға сарп етеді. Осы мешіт-медреселерде бес жүзден астам бала оқып, қара танып, діни білім алса керек. Жас Зуқа да қаршадайынан мол діни білімді әкеден, сондай-ақ, осы өлкеге дін тарату үшін жіберілген Мұхаммед Мумин ишаннан сабақ алады.
Жасынан зерек, қимыл-қарымы бөлек, қабылеті ерекше, діни білімі зор, шариғатқа жүйрік, хат біліп, қара таныған, есеп-шотқа жүйрік, алғыр бала Зуқа ел көзіне ерте түседі. Енді ғана жетіліп, ат жалын тартып мініп, ел ісіне араласа бастаған шағында Майқапшағайда әкесі қайтыс болып, тағдырдың тауқыметін тартады. Төрт баламен жесір қалған ана, бұғанасы қатпаған інілерінің ендігі өмір-тағдыры өзіне тікелей тәуелді екенін түсінеді. Қалбадағы болыс болмақ және әмеңгерлікке үміткер ағайыны оларды қасына көшіріп әкеледі. Зуқа байдың жылқысын баға жүріп, жетім мен жесірге, кедей мен кепшікке бай-төрелердің батқан тырнағын ерте сезінеді. Кеше өзі табынып өскен ел ағаларының атақ-даңқ, шен-шекпенге таласын көргенде олардың ит жыртыс тірлігінен түңіліп кетеді. Әлсіздерге әлімжеттік көрсеткендерге қарсы келіп, ылғи да жоқ-жітіктердің жанынан табылады. Әлдекімнен зорлық, қорлық көріп тауаны шағылғандар жас та болса қара бұқараның қамын жеп жүрген бозжігіт Зуқаға келіп, арыз-арманын айтып, шағымданатындар саны молаяды. Ал Зуқа болса, оларға шамасы келгенше қол ұшын беріп, көмектесуге тырысып бағады. Сонымен қатар Зуқаның тез арада ес жиып, ел ісіне араласуына іргесі тиіп тұрған, төбеге шықса төбесі көрінетін Жидебай жерінен, Шыңғыс тау баурайынан қалықтай ұшып, қағып алғаны ауыздан ауызға лезде тарап, құйма құлаққа құйыла кететін, зейіндінің жадында жатталып қалатын, ұйқыдағыны оятып, ояуды сергітіп, көзі ашықты серпілткен Абай өлеңдері еді деуге әбден болады. Кейінгі көз көргендердің айтуында, Зуқа әлдебір мәселеге шешім айтарда Құран аяттары, Пайғамбар хадистерімен қатар Абай өлеңдерін қатарластыра атап өтеді екен. Осының барлығы Зуқаның халықшыл болып қалыптасуына әсер етсе керек. Ондай көкірегі ояу, көреген «бұзық» ақ патша ұлықтары мен өзара шен үшін итше ырылдасқан ел басшыларына ұнамайды. Осындай заман зардабына төзбеген Зуқа өзіне қарасты және тілеулес ағайын-жұртты ертіп, Сайқыннан орыстың бодандығынан аулақ Сауырға барып қоныстанады. Бұнда да қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тұрмағаны белгілі. Сөйтсе де, ата-баба жолымен шәкірт тәрбиелеп, бала оқытып, айналасына ғылым-білім нәрін құя жүріп, әділдікке жетсем деп ойлайды.
Діни білімі мол, шешен тілді, шариғатқа жүйрік, атақты дамолла Сәбиттің мирасқары Зуқаны сол аймақтың ең үлкен лауазым иесі, Әбілпейіс хан баласы Көгедайдың немересі Жеңісхан гүң өзіне шақырып, медресе молласы етіп тағайындап, кейін дау-шарға да араластырып отырады. Зуқа молла алдына келген «айыптыға» үкім шарапатты шариғат сөзін сөйлеп, біреудің ақысын алып берсе, енді біреудің кеткен есесін қайтарып берді. Бай-шонжарлардың көтензорлық қылып алған алымдарын әшкере етеді. Оның бұл қылығы әлсізді жәбірлеушілерге жақпайды. Осындай қоғамдық теңсіздікке жаны қас Зуқаға мешіт бағып, медресе ұстап, тамағын асырап, бала оқытқан өмірі зая кетіп жатқандай көрінеді. Бес шәкірттің алдында сопы болып сопайып отырған жылдары ерлік жігерін жасытып, қайрат күшін қапаста қамап қалғандай болды. Жасықтығы меңдеп, жалғызсырап, заманы азаматтық арына лайықсыз өтіп жатқандай сезінді. Ол жалғыз күнде шешім қабылдап, моллалықты тастап, елі ішіне көшіп кетеді. Осы күннен бастап ұстаздық емес, жалпы ұлтқа қызмет ету жолына біржола түседі. Осы жолдан өле-өлгенше тайған жоқ.
Зуқа батыр әдебиет әлемінде
Зуқа батырдың ел қорғап, жерін сырт басқыншылардан азат еткен ерлігі үшін қазіргі қытай билігі де елдің шекарасын кеңейткен белді тұлға ретінде Зуқа батырға іш тарта қарайды. Оның жатқан қорығын жөндеп, басын қарайтуға, басына ескерткіш-белгілер қойып, ас беріп, атақ-даңқын әспеттеуге шек қоймай отыр. Соның басты бір куәсы Зуқа батыр жайлы қытайда соңғы жылдарда екі тарихи роман дүниеге келді. Оның бірі – Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр» романы болса, екіншісі, қырық бес жыл түрмеде отырған Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романы. Сондай-ақ, Зуқа батырдың кейінгі ұрпақтары туралы жазылған Бай-ахмет Жұмабайұлының «Сағыныш» романын да осы қатарға жатқызуға болады. Оның сыртында Зуқа батыр туралы жырланған жыр-толғаулар, айтылған арнау-жоқтау, аңыз-әңгімелер, жазылған хикаяттар да бірнеше кітапқа жүк боларлық. Зуқа батыр туралы Моңғолия, Түркия, АҚШ, сондай-ақ Еуропаның бір шама елдерінде тарихи зерттеулер мен әдеби шығармалар жарық көрген. Ал биылғы жылы Зуқа батырдың 150 жылдығы Еуропаның 11 елінде аталып өтілді. Елімізде осы жолдардың авторының «Зуқа батыр» (1999 ж) поэмасынан басқа көлемді, арнайы көркем шығармалар жарық көрмесе де зерттеу еңбектер, шет елдерде тұратын қазақтар арасынан шыққан қазақтың ұлт-азаттық жолында күрескен көрнекті тұлғалар жайлы бұған дейін айтылмай келген құнды деректердің көзі тәуелсіз ел болуымыздың арқасында енді-енді ашылып көзайым болып жатырмыз. Әрине, бұл елім деген ер жайлы айтылар сөздің алды ғана, көшелі кесек сөздің кезегі келешек еншісінде болса керек. Зуқа батыр туралы әдеби-көркем шығармалардың өзі арнайы зерттеуді талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде академик С.Қирабаев айтқандай: «Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі». «Қазақ халқы оқшау этнос болып тарих сахнасына шыққаннан бергі кезеңде белгілі тұлғалардың жоқтаусыз қалғаны жоқ деуге болады» (Ақселеу Сейдімбек) дегеніндей Зуқа батыр соңынан айтылған жоқтау-өлеңдер мол. Батырдың тағылымдық болмысын, қадір-қасиетін көркем сөзбен өшпестей өрнектеген осы бір өлең-сөздердің бір парасын парақтап, пайымдар болсақ батырдың өмір сүрген кезеңіндегі қоғамның сиқын, замана ахуалын, халықтың тіршілік-тынысын, арпаласты аласапыран жылдардың ұсқын-кейпін тануға көп мүмкіндік береді. Мәселен, ел басына күн туған заманда Зуқа батырдың ұлы Солтаншәріппен бірге ауа көшіп, Такламакан шөлін кесіп өтіп, Гималай асып, 1979 жыл Түркияда дүние салған, кезінде Зуқа батырдың шабарманы болған әрі ақын Рамазан Бұтақбайұлы жоқтауында:
Көрсеткен аят хадистен,
Терең сөйлеп жарысқан.
Пәту, дәлел беретін,
Ақылға жүйрік данышпан.
………………………………….
Кәпір десе қарысып,
Өле өлгенше алысқан.
Қайратын бабам білген соң, Қарсы болған қу дұшпан. Тізгін бермей жауына,
Ақырып өткен арыстан… – деп толғаса, 1912 жылы Ақ аралдан (Шығыс Қазақстан) көшіп өр Алтайға тұрақтанған ақын Арғынбек Апашбайұлы «Абақтың ардагерлері» атты көлемді толғауында: Сөйлесе қажы Зуқа сөзі қандай,
Толымды қарағанда
көзге маңдай.
Молдалық һәм жомарттық,
адамшылық,
Табылар бір өзінен
ойлағандай.
Пәлен деп айтатұғын
мінезі жоқ,
Бір басына мін тауып қоймағандай.
Мүбада қолына алып
жұрт ұстаса,
Қай жерге делегат боп сайлағандай.
Бір хикымет бар шығар ойлағанда,
Кісі ғой адам қарап тоймағандай… – деп Зуқа батырдың кісілік келбетін, адамгершілігін аша жырлайды. А.Апашбайұлы Зуқа батырдың қайғылы қазасын естігенде Арғынбек аға шайыр
өзім атым,
Дөртуыл сүйегіміз,
найман затым.
Абақтың қажы Зуқа
бұлбұл еді,
Алыстан тілеулес боп
жазған хатым.
Бес қонып үйіңізге
Талдысайда,
Көріп ем ауылыңыздың рахатын… – деп бастап, ұзақ жыр-жоқтау жазып хат жолдайды.
Дереккөздер
- http://old.baq.kz/kk/news/kitai-kazaktari/zuka-batir-anizi-men-akikati-1838 Мұрағатталған 6 қыркүйектің 2019 жылы.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Сыртқы сілтемелер
- зуқа сәбит ұлы Мұрағатталған 19 ақпанның 2015 жылы.
- Түркістан газеті Мұрағатталған 20 маусымның 2016 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zuha batyr Zauha Sәbituly 1869 zhyl ne 1867 zhyl Shygys Қazakstan oblysy Zajsan audany Kendirlik auyly 1929 Alash kajratkeri dini gulama batyr Kerej tajpasy Abak ruynyn Iteli boliminen shykkan Zuka batyrorys Zuha BatyrTugan kүni1868 1868 Tugan zheriResej imperiyasy Semej oblysy Zajsan uezi Kenderlik auylyҚajtys bolgan kүni1929 1929 Қajtys bolgan zheriResej imperiyasy Semej oblysy Zajsan uezi Kenderlik auylyMemleketShygys Tүrkistan Respublikasy Қytaj Respublikasy Zuka batyr Sәbituly HIH gasyrdyn sony men HH gasyrdyn basynda el zherimen boten zhurttyn bodandyk ezgisinde kalyp kojgan kazaktardy aumaly tokpeli zamannyn aluan tүrli apatynan korgap basshysyz biliksiz korgansyz karusyz halkyn zhan zhagynan talap tonap basymshylyk korsetip kanagan үstem okimettin oktemdiginen kyzgyshtaj koryp kazhet kezinde karsy turyp әleumettik tensizdiktermen omirinin sonyna dejin bel sheshpej attan tүspej ayausyz kүresken kajratker kolbasshy tulga kajsar batyr Tarihi derekterge sүjensek XX gasyrdyn 20 zhyldarynyn ayak shenine kelgende Altaj onirinin kogamdyk zhagdajy tipti de askyna tүsti 1928 zhyly zhazda Altajdyn dau iyny kosymsha korganys elshisi bolyp Vi Zhyngo dejtin bireu keldi Ol kele sala Altaj halkyna kandy shengelin saldy Halykty kan kaksatty Әskeri kүshpen ozbyrlyk zhүrgizip alman salykty shekten tys auyrlatyp eldi erekshe katty kүjzeltti Vi Zhyngonyn bul zulymdygyna shydamaj karsy kүreskenderdin biri Zuha Sәbituly boldy Әkesi Sәbit Қazan men Buharada bilim algan okymysty adam bolgan Zuka da әkesinin zholyn kuyp 1883 zhyldan bastap Sauyrdagy Zhenishan torenin auylynda eki zhyl auyl mektebinde mugalim bolady kejin Өr Altajga Қara Ertis bojyna konys audarady 1904 1905 zhyldary Mekkege kazhylykka baryp kajtady Altajdagy kytaj ulyktary men kejbir bilerden kysym korgen adamdar Zukadan pana izdep onyn manyna toptasady Muny Altajdy bilegen Mәmi bejsi zhergilikti әkimshimshilik үstemdigine karsy pajdalanudy kozdep Zukaga әskeri zhasak kuruga komektesedi 1921 zhyly Kenes okimetinin kyzyl әskerlerinen zhenilip Қytaj askan ak gvardiya generaly Bakich bastagan top Ertis bojyna zhetip ondagy halykka lan salgan kezde Zuka zhasagy Bakich әskerlerin Өrmegejti asuynan asyryp Mongoliyaga dejin ygystyryp tastajdy Kejin osy karuly zhasak Sarsүmbe men Өr Altaj arasynda zhergilikti әkimshiliktin karuly zhasaktaryna karsy turyp zhergilikti kazaktardy kytaj ulyktarynyn kyspagynan korgauga kүsh saldy 1928 zhyly kүzde zhergilikti әkimshilik okilderi 200 әskermen tүn ortasynda Zuka auylyn basyp kiredi Қytaj әskerlerinin kolynan kapyda Zuka batyr men onyn serikterinen 28 adam kaza tabady Қytaj ulygy okimetke karsy shykkandardyn koretini osy dep zhergilikti kazaktardy үrejlendiru maksatymen Sarsүmbe kalasyndagy kopirge Zuka batyrdyn basyn ilip koyady Batyrdyn erligin kurmettejtin halyk kejin ony Belkudykka zherlep basyna үlken korgan turgyzdy Өmirbayany1866 zhyly kazirgi Shygys Қazakstan oblysynyn Zajsan audanynyn Kendirlik degen zherinde dүniege kelgen Zukanyn әkesi shygys onirine asa tanymal Sәbit molla Argy atasy Nurmuhammed abyz Sәbitti zheti zhasynda Үpi kalasyndagy Uәldan haziretke zhetektep aparyp amanat etedi Ol on togyz zhyl okyp Bukara Қazan Samarkandy aralajdy Sәbit zhiyrma bes zhaska tolganda onyn akyl ojyna dәn yrazy pәtua pajymyna tәnti bolgan haziret Uәldan nemere kyzy Bәtimany zhary etip ak batasyn berip ak zholyn tilep asa tayagyn kolyna ustatyp Mynau syrly tayak zheti pirdin kolynan otken sharshaganga dem bolady auruga em bolady zhanynnan tastama dep atamekenine attandyrypty Sәbit Markakol Manyrakka mol bilimmen oraldy Tugan topyragy Қalba tauyndaj kormal zhүzgen koli Zhajsan kolindej zhajsan azamat bolypty Ol atasy Nurmuhammed kusap Қudajdyn kudyretimen kyransha kalyktap ushyp aspan kokti sharlap Abylaj hannyn ak tuyn zhebep anyzga ajnalmasa da halkyna kaltkysyz kyzmet kylady El үmitin aktar ertengi zher iesi zhas urpaktyn zhadyna bilim nuryn togedi El zhurtyna әspettelip әjdik mәrtebe Damolda atandy Lasty Tasty Buyrshyn Tarbagatajga tort birdej medrese ashyp bar gumyryn bala okytuga sarp etedi Osy meshit medreselerde bes zhүzden astam bala okyp kara tanyp dini bilim alsa kerek Zhas Zuka da karshadajynan mol dini bilimdi әkeden sondaj ak osy olkege din taratu үshin zhiberilgen Muhammed Mumin ishannan sabak alady Zhasynan zerek kimyl karymy bolek kabyleti erekshe dini bilimi zor sharigatka zhүjrik hat bilip kara tanygan esep shotka zhүjrik algyr bala Zuka el kozine erte tүsedi Endi gana zhetilip at zhalyn tartyp minip el isine aralasa bastagan shagynda Majkapshagajda әkesi kajtys bolyp tagdyrdyn taukymetin tartady Tort balamen zhesir kalgan ana buganasy katpagan inilerinin endigi omir tagdyry ozine tikelej tәueldi ekenin tүsinedi Қalbadagy bolys bolmak zhәne әmengerlikke үmitker agajyny olardy kasyna koshirip әkeledi Zuka bajdyn zhylkysyn baga zhүrip zhetim men zhesirge kedej men kepshikke baj torelerdin batkan tyrnagyn erte sezinedi Keshe ozi tabynyp osken el agalarynyn atak dank shen shekpenge talasyn korgende olardyn it zhyrtys tirliginen tүnilip ketedi Әlsizderge әlimzhettik korsetkenderge karsy kelip ylgi da zhok zhitikterdin zhanynan tabylady Әldekimnen zorlyk korlyk korip tauany shagylgandar zhas ta bolsa kara bukaranyn kamyn zhep zhүrgen bozzhigit Zukaga kelip aryz armanyn ajtyp shagymdanatyndar sany molayady Al Zuka bolsa olarga shamasy kelgenshe kol ushyn berip komektesuge tyrysyp bagady Sonymen katar Zukanyn tez arada es zhiyp el isine aralasuyna irgesi tiip turgan tobege shyksa tobesi korinetin Zhidebaj zherinen Shyngys tau baurajynan kalyktaj ushyp kagyp algany auyzdan auyzga lezde tarap kujma kulakka kujyla ketetin zejindinin zhadynda zhattalyp kalatyn ujkydagyny oyatyp oyaudy sergitip kozi ashykty serpiltken Abaj olenderi edi deuge әbden bolady Kejingi koz korgenderdin ajtuynda Zuka әldebir mәselege sheshim ajtarda Қuran ayattary Pajgambar hadisterimen katar Abaj olenderin katarlastyra atap otedi eken Osynyn barlygy Zukanyn halykshyl bolyp kalyptasuyna әser etse kerek Ondaj kokiregi oyau koregen buzyk ak patsha ulyktary men ozara shen үshin itshe yryldaskan el basshylaryna unamajdy Osyndaj zaman zardabyna tozbegen Zuka ozine karasty zhәne tileules agajyn zhurtty ertip Sajkynnan orystyn bodandygynan aulak Sauyrga baryp konystanady Bunda da koj үstine boztorgaj zhumyrtkalap turmagany belgili Sojtse de ata baba zholymen shәkirt tәrbielep bala okytyp ajnalasyna gylym bilim nәrin kuya zhүrip әdildikke zhetsem dep ojlajdy Dini bilimi mol sheshen tildi sharigatka zhүjrik atakty damolla Sәbittin miraskary Zukany sol ajmaktyn en үlken lauazym iesi Әbilpejis han balasy Kogedajdyn nemeresi Zhenishan gүn ozine shakyryp medrese mollasy etip tagajyndap kejin dau sharga da aralastyryp otyrady Zuka molla aldyna kelgen ajyptyga үkim sharapatty sharigat sozin sojlep bireudin akysyn alyp berse endi bireudin ketken esesin kajtaryp berdi Baj shonzharlardyn kotenzorlyk kylyp algan alymdaryn әshkere etedi Onyn bul kylygy әlsizdi zhәbirleushilerge zhakpajdy Osyndaj kogamdyk tensizdikke zhany kas Zukaga meshit bagyp medrese ustap tamagyn asyrap bala okytkan omiri zaya ketip zhatkandaj korinedi Bes shәkirttin aldynda sopy bolyp sopajyp otyrgan zhyldary erlik zhigerin zhasytyp kajrat kүshin kapasta kamap kalgandaj boldy Zhasyktygy mendep zhalgyzsyrap zamany azamattyk aryna lajyksyz otip zhatkandaj sezindi Ol zhalgyz kүnde sheshim kabyldap mollalykty tastap eli ishine koship ketedi Osy kүnnen bastap ustazdyk emes zhalpy ultka kyzmet etu zholyna birzhola tүsedi Osy zholdan ole olgenshe tajgan zhok Zuka batyr әdebiet әlemindeZuka batyrdyn el korgap zherin syrt baskynshylardan azat etken erligi үshin kazirgi kytaj biligi de eldin shekarasyn kenejtken beldi tulga retinde Zuka batyrga ish tarta karajdy Onyn zhatkan korygyn zhondep basyn karajtuga basyna eskertkish belgiler kojyp as berip atak dankyn әspetteuge shek kojmaj otyr Sonyn basty bir kuәsy Zuka batyr zhajly kytajda songy zhyldarda eki tarihi roman dүniege keldi Onyn biri Batyrhan Қusbeginnin Zuka batyr romany bolsa ekinshisi kyryk bes zhyl tүrmede otyrgan Қazhygumar Shabdanulynyn Pana romany Sondaj ak Zuka batyrdyn kejingi urpaktary turaly zhazylgan Baj ahmet Zhumabajulynyn Sagynysh romanyn da osy katarga zhatkyzuga bolady Onyn syrtynda Zuka batyr turaly zhyrlangan zhyr tolgaular ajtylgan arnau zhoktau anyz әngimeler zhazylgan hikayattar da birneshe kitapka zhүk bolarlyk Zuka batyr turaly Mongoliya Tүrkiya AҚSh sondaj ak Europanyn bir shama elderinde tarihi zertteuler men әdebi shygarmalar zharyk korgen Al biylgy zhyly Zuka batyrdyn 150 zhyldygy Europanyn 11 elinde atalyp otildi Elimizde osy zholdardyn avtorynyn Zuka batyr 1999 zh poemasynan baska kolemdi arnajy korkem shygarmalar zharyk kormese de zertteu enbekter shet elderde turatyn kazaktar arasynan shykkan kazaktyn ult azattyk zholynda kүresken kornekti tulgalar zhajly bugan dejin ajtylmaj kelgen kundy derekterdin kozi tәuelsiz el boluymyzdyn arkasynda endi endi ashylyp kozajym bolyp zhatyrmyz Әrine bul elim degen er zhajly ajtylar sozdin aldy gana kosheli kesek sozdin kezegi keleshek enshisinde bolsa kerek Zuka batyr turaly әdebi korkem shygarmalardyn ozi arnajy zertteudi talap etedi Osy turgydan kelgende akademik S Қirabaev ajtkandaj Қazak halkynyn ruhani murasy tek bүgingi Қazakstan zherindegi ult okilderi enbekterimen shektelmejdi Tagdyrdyn tәlkegimen shet elderge zhәne buryngy KSRO kolemindegi memleketterge ydyrap ketken kazaktardyn әdebieti men mәdenieti de bizdin ulttyk bajlygymyzdyn bolinbes boligi Қazak halky okshau etnos bolyp tarih sahnasyna shykkannan bergi kezende belgili tulgalardyn zhoktausyz kalgany zhok deuge bolady Akseleu Sejdimbek degenindej Zuka batyr sonynan ajtylgan zhoktau olender mol Batyrdyn tagylymdyk bolmysyn kadir kasietin korkem sozben oshpestej ornektegen osy bir olen sozderdin bir parasyn paraktap pajymdar bolsak batyrdyn omir sүrgen kezenindegi kogamnyn sikyn zamana ahualyn halyktyn tirshilik tynysyn arpalasty alasapyran zhyldardyn uskyn kejpin tanuga kop mүmkindik beredi Mәselen el basyna kүn tugan zamanda Zuka batyrdyn uly Soltanshәrippen birge aua koship Taklamakan sholin kesip otip Gimalaj asyp 1979 zhyl Tүrkiyada dүnie salgan kezinde Zuka batyrdyn shabarmany bolgan әri akyn Ramazan Butakbajuly zhoktauynda Korsetken ayat hadisten Teren sojlep zharyskan Pәtu dәlel beretin Akylga zhүjrik danyshpan Kәpir dese karysyp Өle olgenshe alyskan Қajratyn babam bilgen son Қarsy bolgan ku dushpan Tizgin bermej zhauyna Akyryp otken arystan dep tolgasa 1912 zhyly Ak araldan Shygys Қazakstan koship or Altajga turaktangan akyn Argynbek Apashbajuly Abaktyn ardagerleri atty kolemdi tolgauynda Sojlese kazhy Zuka sozi kandaj Tolymdy karaganda kozge mandaj Moldalyk һәm zhomarttyk adamshylyk Tabylar bir ozinen ojlagandaj Pәlen dep ajtatugyn minezi zhok Bir basyna min tauyp kojmagandaj Mүbada kolyna alyp zhurt ustasa Қaj zherge delegat bop sajlagandaj Bir hikymet bar shygar ojlaganda Kisi goj adam karap tojmagandaj dep Zuka batyrdyn kisilik kelbetin adamgershiligin asha zhyrlajdy A Apashbajuly Zuka batyrdyn kajgyly kazasyn estigende Argynbek aga shajyr ozim atym Dortuyl sүjegimiz najman zatym Abaktyn kazhy Zuka bulbul edi Alystan tileules bop zhazgan hatym Bes konyp үjinizge Taldysajda Korip em auylynyzdyn rahatyn dep bastap uzak zhyr zhoktau zhazyp hat zholdajdy Derekkozderhttp old baq kz kk news kitai kazaktari zuka batir anizi men akikati 1838 Muragattalgan 6 kyrkүjektin 2019 zhyly Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tomSyrtky siltemelerzuka sәbit uly Muragattalgan 19 akpannyn 2015 zhyly Tүrkistan gazeti Muragattalgan 20 mausymnyn 2016 zhyly