Затаевичтің корреспонденттері – этнограф әрі музыка зерттеушісі А.В. Затаевичке қазақ музыкасының ел арасына кең тараған әсем де әуезді үлгілерін айтып, орындап беруші халық өнерпаздарының әнші-күйші, домбырашы, қобызшы және сыбызғышылар тобының ғылымдағы атауы.
“Қазақ халқының 1000 әні” мен “Қазақтың 500 ән-күйі” музыкалық-этнографиялық жинақтарындағы “Затаевичтің корреспонденттерінің” саны 500-ден асады. Олар – Қазақстанның барлық аймағының, атап айтқанда, Орынбор, Қостанай, Ақмола, Орал, Ақтөбе, Семей, Торғай, Түркістан аймақтарының тұрғындары.
Затаевичтің жинақтары
Затаевичтің 20 ғ-дың 20-жылдарындағы экспедициялық сапарлары кезінде оған халық ән-күйлерін орындап берушілер құрамы жас жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да сан алуан болған. Мысалы, сол кездегі Қарқаралы уезінен Назымбек Майшекин (8 жаста), Семейден Молдай Төлебаев (14 жаста), Орынбордағы қазақ үлгілі мектебінің оқушысы Шәріп Медетов (13 жаста), Орынбордағы қазақ балалары коммунасында тәрбиеленген панасыз қыз Күлсім Меңдешова (12 жаста) мен Отар Мырзалин (12 жаста) сияқты қаршадай балалар мен қыздар Затаевичке ән-күйлер жаздырған. Затаевич осы жұмысы барысында қазақ халқының белгілі тұлғаларымен де, өнер иелерімен де, қарапайым ел адамдарымен де жүздесіп, олардың аузынан көптеген ән-күйлерді жазып алған. Олардың қатарында Қ.Сәтбаев, С.Сәдуақасов, Б.Қаратаев, Г.Мурзин, Қ.Айнабеков, М.Сералин, Б.Күлеев, С.Есова, М.Саматов, А.Оразбаева, О.Жандосов, М.Қойайдаров, т.б. есімдерін атауға болады. Осының өзі Затаевичтің жинақтарына енген халық ән-күйлерінің кездейсоқ кісілерден емес, ұлт жанашырларынан, қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғаларынан жазылып алынғанын байқатады. Халық музыкасының жанашыры ретінде Затаевич қазақ даласын жаяу жүріп аралап, әр аймаққа тән ән-күйлерді сол жерлердің тұрғылықты иелерінің де аузынан жазып алған. Бұл ретте оған қол ұшын берген талант иелерінің бір шоғыры мыналар: И.Абдыханов, Б.Алманов, А.Бегішев, К.Бүркітов, Ф.Ғалиев, Е. Жұмағалиев, М.Жылқайдаров, С.Қалжанов, З.Кәрібаев, М.Қаратаев, Ә.Құрманов, А.Құлымбетов, Н.Манаев, Р.Мақатов, А.Молдыбаев, А.Наурызбаев, С.Найманбаев, Х.Нукин, Ә.Сәрсенбаев, И.Сабиров, Ә.Өтекин, К.Уразалиев, Н.Шанғалиева, т.б. Затаевич назарын “Қобыланды”, “Көрұғлы” секілді музыкалық шығарма үлгілері аударса да, оған қазақ халқының муз.-эпикалық дәстүрі, әсіресе, Сыр бойы мен Атырау өлкесіне тән жыраулық өнер үлгілері ұшыраса қоймаған. мысалы, Сыр бойында 20 ғ-дың 20-жылдары атағы шыққан Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Даңмұрын, т.б. жыр-термелерін Затаевичке жеткізген бірде-бір корреспондент болмаған. Затаевичтің өзі де, көбінесе, әншілік және күйшілік мұрамен ғана шектелген секілді. “Затаевичтің корреспонденттерінің” жеткізген мәліметтерінен халық ән-күйлерінің тууы, авторы, орындалу ерекшеліктері туралы да мағлұматтар табуға болады. “Затаевичтің корреспонденттерінің” негізгі бір тобы – бүкіл өмірін әнші-күйшілік, орындаушылық өнерге арнаған қазақ халқының кәсіби әнші-күйші орындаушылары (Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Ш.Қаратаев, Қ.Лекеров, Н.Бөкейханов пен М.Бөкейханов, Қ.Байжанов, , Қ.Медетов, , Ғ.Мұхитов, т.б.) болған еді.
Затаевич этнограф ретінде
Затаевичтің этнограф ретіндегі ерекшелігі – жоғарыда аталған әнші-күйшілерге жай ғана орындаушы деп немқұрайлы қарамайды. Әрбір әншінің, күйшінің орындаушылық өнердегі ерекшелігіне, суреткерлігіне тәнті болады, әрбір орындаушыны кәсіби зерттеушінің көзқарасымен әділ бағалай отырып, оның өнердегі ерекшелігін дәлме-дәл суреттейді, қазақтың әнші-күйшілік дәстүрінен мол хабар береді. мысалы, ол М.Бөкейханов туралы “Қазақтың 500 ән-күйінде” “... асқан өнерпаз домбырашы, даңқы Бөкей даласына тараған, 1922 ж. қайтыс болған Мақар Жапаровтың ең дарынды шәкірттерінің бірінен саналады” (129-б.) – десе, Н.Бөкейханов туралы “...Егер Махамбеттің табиғи шабытына байланысты оның домбырашылық өнерінде асқақ пафос, тіпті күйгелектік байқалса, Науша, көбінесе, тыңдаушысын қазақ өмірінің қоңыржай поэзиясын ерекше жұмсақ, жайбарақат ғашықтықпен бейнелеуі арқылы таңдандырады” деп жазды (бұл да сонда, 253-б.). Затаевичтің Әміре Қашаубаев пен Майраның орындаушылық өнеріне байланысты ой тұжырымы мен пайымдаулары, музыкалық мінездемелері өнердің осы екі ірі өкілдері туралы күні бүгінге дейін аса қажетті материал болып табылады. Майраның өнерпаздығын Затаевич басқа әнші-орындаушылардың қайсысынан да үздік бағалайды, арнаулы музыкалық мектептен өтпесе де, Майра өзінің табиғи талантымен әншілік өнерді кәсіби дәрежеде толық меңгерген дарын иесі екеніне ерекше назар аударады.
Затаевич Жанкелдин туралы “қазақ интеллигенті – Торғай өлкесінің ескілікті әндерін көп білетін және оны өзгеше стильде мәнерлі орындайтын жап-жақсы әнші және домбырашы” деп жазса (“Қазақ халқының 1000 әні”, М., 1963, 508-б), Жансүгіровты Жетісу әндерін, Сейфуллин мен Мұқановтың Ақмола әндерін, Майлинның Қостанай әндерін, Жүргеновтың Сырдария әндерін, Сәтбаевтың Баянауыл әндерін терең түсінетін, қазақтың музыкалық халық шығармашылығын аса жоғары бағалайтын өнердің жанашырлары ретінде көрсетеді. Затаевичтің архивінде жарыққа шығарып үлгермеген қазақтың ән-күйлеріне арналған қолжазбаның 3 томы сақталған. Осы 3 томға кіруге тиісті ән-күйлердің біразын Қ.Байсейітов, Қ.Бабақов, Р.Елебаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Қ.Жандарбеков және Д.Мықтыбаевтан жазып алған. “Қазақ халқының 1000 әні” жинағына жазған кіріспесінде Затаевич өзінің корреспонденттеріне зор алғыс айтқан болса, оның екінші жағында халық мұрасына деген қамқорлығы жатқаны анық. “Сіздермен бірге аштық, суық, індет жылдары жинаған еңбегімді, қадірлі менің дос-жігіттерім, өздеріңе қайтарам,” – деген сөздері соның куәсі.
Затаевичтің корреспонденттері
“Затаевичтің корреспонденттерінің” бірі – қазақ халқының аса көрнекті ақыны И.Байзақов. Этнограф оның өнерпаздығы туралы да дөп басып, оған өзінің әділ бағасын берді. “Затаевичтің корреспонденттерінің” көпшілігі 1920 – 30 ж. әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ жастары, курсанттар мен студенттер болса, енді бір тобы белгілі қоғам қайраткерлері (Ә.Жанкелдин, Т.Жүргенов, Ғ.Мұратбаев); қазақтың болашақ ғалымдары (Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, М.Фаризов); ақын-жазушылары (С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров, С.Мұқанов); өнер қайраткерлері (Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, Ұ.Тұрдықұлова) және сол кездегі газет-журналда қызмет еткен журналистер. Бұлар “Затаевичтің корреспонденттері” болып қана қойған жоқ, сонымен бірге халық музыкасын жинауда оған ақыл-кеңес берген ең жақын ақылшылары да еді. Олар өздері туып-өскен өлкенің ән-күйлерінің ерекшеліктері туралы Затаевичке көп мағлұмат берді.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zataevichtin korrespondentteri etnograf әri muzyka zertteushisi A V Zataevichke kazak muzykasynyn el arasyna ken taragan әsem de әuezdi үlgilerin ajtyp oryndap berushi halyk onerpazdarynyn әnshi kүjshi dombyrashy kobyzshy zhәne sybyzgyshylar tobynyn gylymdagy atauy Қazak halkynyn 1000 әni men Қazaktyn 500 әn kүji muzykalyk etnografiyalyk zhinaktaryndagy Zataevichtin korrespondentterinin sany 500 den asady Olar Қazakstannyn barlyk ajmagynyn atap ajtkanda Orynbor Қostanaj Akmola Oral Aktobe Semej Torgaj Tүrkistan ajmaktarynyn turgyndary Zataevichtin zhinaktaryZataevichtin 20 g dyn 20 zhyldaryndagy ekspediciyalyk saparlary kezinde ogan halyk әn kүjlerin oryndap berushiler kuramy zhas zhagynan da atkaratyn kyzmeti zhagynan da san aluan bolgan Mysaly sol kezdegi Қarkaraly uezinen Nazymbek Majshekin 8 zhasta Semejden Moldaj Tolebaev 14 zhasta Orynbordagy kazak үlgili mektebinin okushysy Shәrip Medetov 13 zhasta Orynbordagy kazak balalary kommunasynda tәrbielengen panasyz kyz Kүlsim Mendeshova 12 zhasta men Otar Myrzalin 12 zhasta siyakty karshadaj balalar men kyzdar Zataevichke әn kүjler zhazdyrgan Zataevich osy zhumysy barysynda kazak halkynyn belgili tulgalarymen de oner ielerimen de karapajym el adamdarymen de zhүzdesip olardyn auzynan koptegen әn kүjlerdi zhazyp algan Olardyn katarynda Қ Sәtbaev S Sәduakasov B Қarataev G Murzin Қ Ajnabekov M Seralin B Kүleev S Esova M Samatov A Orazbaeva O Zhandosov M Қojajdarov t b esimderin atauga bolady Osynyn ozi Zataevichtin zhinaktaryna engen halyk әn kүjlerinin kezdejsok kisilerden emes ult zhanashyrlarynan kazak mәdenietinin kornekti tulgalarynan zhazylyp alynganyn bajkatady Halyk muzykasynyn zhanashyry retinde Zataevich kazak dalasyn zhayau zhүrip aralap әr ajmakka tәn әn kүjlerdi sol zherlerdin turgylykty ielerinin de auzynan zhazyp algan Bul rette ogan kol ushyn bergen talant ielerinin bir shogyry mynalar I Abdyhanov B Almanov A Begishev K Bүrkitov F Ғaliev E Zhumagaliev M Zhylkajdarov S Қalzhanov Z Kәribaev M Қarataev Ә Қurmanov A Қulymbetov N Manaev R Makatov A Moldybaev A Nauryzbaev S Najmanbaev H Nukin Ә Sәrsenbaev I Sabirov Ә Өtekin K Urazaliev N Shangalieva t b Zataevich nazaryn Қobylandy Korugly sekildi muzykalyk shygarma үlgileri audarsa da ogan kazak halkynyn muz epikalyk dәstүri әsirese Syr bojy men Atyrau olkesine tәn zhyraulyk oner үlgileri ushyrasa kojmagan mysaly Syr bojynda 20 g dyn 20 zhyldary atagy shykkan Kete Zhүsip Қanly Zhүsip Danmuryn t b zhyr termelerin Zataevichke zhetkizgen birde bir korrespondent bolmagan Zataevichtin ozi de kobinese әnshilik zhәne kүjshilik muramen gana shektelgen sekildi Zataevichtin korrespondentterinin zhetkizgen mәlimetterinen halyk әn kүjlerinin tuuy avtory oryndalu erekshelikteri turaly da maglumattar tabuga bolady Zataevichtin korrespondentterinin negizgi bir toby bүkil omirin әnshi kүjshilik oryndaushylyk onerge arnagan kazak halkynyn kәsibi әnshi kүjshi oryndaushylary Әmire Қashaubaev Ғ Ajtbaev Sh Қarataev Қ Lekerov N Bokejhanov pen M Bokejhanov Қ Bajzhanov Қ Medetov Ғ Muhitov t b bolgan edi Zataevich etnograf retindeZataevichtin etnograf retindegi ereksheligi zhogaryda atalgan әnshi kүjshilerge zhaj gana oryndaushy dep nemkurajly karamajdy Әrbir әnshinin kүjshinin oryndaushylyk onerdegi ereksheligine suretkerligine tәnti bolady әrbir oryndaushyny kәsibi zertteushinin kozkarasymen әdil bagalaj otyryp onyn onerdegi ereksheligin dәlme dәl surettejdi kazaktyn әnshi kүjshilik dәstүrinen mol habar beredi mysaly ol M Bokejhanov turaly Қazaktyn 500 әn kүjinde askan onerpaz dombyrashy danky Bokej dalasyna taragan 1922 zh kajtys bolgan Makar Zhaparovtyn en daryndy shәkirtterinin birinen sanalady 129 b dese N Bokejhanov turaly Eger Mahambettin tabigi shabytyna bajlanysty onyn dombyrashylyk onerinde askak pafos tipti kүjgelektik bajkalsa Nausha kobinese tyndaushysyn kazak omirinin konyrzhaj poeziyasyn erekshe zhumsak zhajbarakat gashyktykpen bejneleui arkyly tandandyrady dep zhazdy bul da sonda 253 b Zataevichtin Әmire Қashaubaev pen Majranyn oryndaushylyk onerine bajlanysty oj tuzhyrymy men pajymdaulary muzykalyk minezdemeleri onerdin osy eki iri okilderi turaly kүni bүginge dejin asa kazhetti material bolyp tabylady Majranyn onerpazdygyn Zataevich baska әnshi oryndaushylardyn kajsysynan da үzdik bagalajdy arnauly muzykalyk mektepten otpese de Majra ozinin tabigi talantymen әnshilik onerdi kәsibi dәrezhede tolyk mengergen daryn iesi ekenine erekshe nazar audarady Zataevich Zhankeldin turaly kazak intelligenti Torgaj olkesinin eskilikti әnderin kop biletin zhәne ony ozgeshe stilde mәnerli oryndajtyn zhap zhaksy әnshi zhәne dombyrashy dep zhazsa Қazak halkynyn 1000 әni M 1963 508 b Zhansүgirovty Zhetisu әnderin Sejfullin men Mukanovtyn Akmola әnderin Majlinnyn Қostanaj әnderin Zhүrgenovtyn Syrdariya әnderin Sәtbaevtyn Bayanauyl әnderin teren tүsinetin kazaktyn muzykalyk halyk shygarmashylygyn asa zhogary bagalajtyn onerdin zhanashyrlary retinde korsetedi Zataevichtin arhivinde zharykka shygaryp үlgermegen kazaktyn әn kүjlerine arnalgan kolzhazbanyn 3 tomy saktalgan Osy 3 tomga kiruge tiisti әn kүjlerdin birazyn Қ Bajsejitov Қ Babakov R Elebaev M Erzhanov Zh Elebekov Қ Zhandarbekov zhәne D Myktybaevtan zhazyp algan Қazak halkynyn 1000 әni zhinagyna zhazgan kirispesinde Zataevich ozinin korrespondentterine zor algys ajtkan bolsa onyn ekinshi zhagynda halyk murasyna degen kamkorlygy zhatkany anyk Sizdermen birge ashtyk suyk indet zhyldary zhinagan enbegimdi kadirli menin dos zhigitterim ozderine kajtaram degen sozderi sonyn kuәsi Zataevichtin korrespondentteri Zataevichtin korrespondentterinin biri kazak halkynyn asa kornekti akyny I Bajzakov Etnograf onyn onerpazdygy turaly da dop basyp ogan ozinin әdil bagasyn berdi Zataevichtin korrespondentterinin kopshiligi 1920 30 zh әr tүrli oku oryndarynda bilim algan kazak zhastary kursanttar men studentter bolsa endi bir toby belgili kogam kajratkerleri Ә Zhankeldin T Zhүrgenov Ғ Muratbaev kazaktyn bolashak galymdary Қ Sәtbaev Ә Margulan M Farizov akyn zhazushylary S Sejfullin B Majlin Қ Zhansүgirov S Mukanov oner kajratkerleri E Өmirzakov Zh Shanin Ұ Turdykulova zhәne sol kezdegi gazet zhurnalda kyzmet etken zhurnalister Bular Zataevichtin korrespondentteri bolyp kana kojgan zhok sonymen birge halyk muzykasyn zhinauda ogan akyl kenes bergen en zhakyn akylshylary da edi Olar ozderi tuyp osken olkenin әn kүjlerinin erekshelikteri turaly Zataevichke kop maglumat berdi DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz