Қазақ халқының 1000 Әні – музыкалық-этнографиялық жинақ.
Оған енген халық мұраларын А.В.Затаевич 1920–1924 жылы аралығында жинап, нотаға түсірген.
1925 жылы 1-басылымы Орынбор, 1963 жылы 2-толықтырылған басылымы Мәскеу қалаларында (Музгиз) жарық көрген. Соңғысына Қазақстан ғылым академиясы ғалымдары араласып, көптеген әндердің мәтіндерін қалпына келтірген. 1-басылымына А.Д.Кастальский мен Затаевич алғы сөз жазса, соңғысына Б.Г.Ерзаковичтің кіріспесі қосылған. Кітап соңына қосымшалар, көрсеткіштер, ән мәтіндері, олардың аудармалары, түсініктер берілген. Жинақта қазақтың халық әндерімен қатар Естай, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, , т.б. көптеген белгілі ақын-композиторлардың елге танымал әндері алғаш нотаға түсірілген.
Жинақ тек қана ән үлгілерімен шектелмейді. Оған С.Сейфуллиннің орындауындағы «Тоқа», «Терісқақпай» күйлері, сондай-ақ «Ілме күй», «Боғда», «Қос алқа», «Мерген күй», «Ақсақ құлан», «Тепең көк», қобызға арналған «Ащы көл», «Қазақтың әскери маршы», «Итерме», «Сары бақсы», т.б. күйлер де енген. Қазақ ән-күйлерінің сарқылмас қазынасы саналатын «Қазақ халқының 1000 әні» – дүниежүзілік маңызы бар кітап. Онымен кезінде француз жазушысы әрі музыка зерттеушісі Р.Роллан, М.Горький, т.б. танысып, аса жоғары бағалаған. Н.Мясковский, С.Прокофьев, С.Василенко, М.Штейнберг, В.Власов, т.б. композиторлар ондағы әндерді өз шығармаларында пайдаланған. Барлығы 23 күй, 977 ән енген.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
- “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak halkynyn 1000 Әni muzykalyk etnografiyalyk zhinak Ogan engen halyk muralaryn A V Zataevich 1920 1924 zhyly aralygynda zhinap notaga tүsirgen 1925 zhyly 1 basylymy Orynbor 1963 zhyly 2 tolyktyrylgan basylymy Mәskeu kalalarynda Muzgiz zharyk korgen Songysyna Қazakstan gylym akademiyasy galymdary aralasyp koptegen әnderdin mәtinderin kalpyna keltirgen 1 basylymyna A D Kastalskij men Zataevich algy soz zhazsa songysyna B G Erzakovichtin kirispesi kosylgan Kitap sonyna kosymshalar korsetkishter әn mәtinderi olardyn audarmalary tүsinikter berilgen Zhinakta kazaktyn halyk әnderimen katar Estaj Akan seri Zhayau Musa Baluan Sholak t b koptegen belgili akyn kompozitorlardyn elge tanymal әnderi algash notaga tүsirilgen Zhinak tek kana әn үlgilerimen shektelmejdi Ogan S Sejfullinnin oryndauyndagy Toka Teriskakpaj kүjleri sondaj ak Ilme kүj Bogda Қos alka Mergen kүj Aksak kulan Tepen kok kobyzga arnalgan Ashy kol Қazaktyn әskeri marshy Iterme Sary baksy t b kүjler de engen Қazak әn kүjlerinin sarkylmas kazynasy sanalatyn Қazak halkynyn 1000 әni dүniezhүzilik manyzy bar kitap Onymen kezinde francuz zhazushysy әri muzyka zertteushisi R Rollan M Gorkij t b tanysyp asa zhogary bagalagan N Myaskovskij S Prokofev S Vasilenko M Shtejnberg V Vlasov t b kompozitorlar ondagy әnderdi oz shygarmalarynda pajdalangan Barlygy 23 kүj 977 әn engen DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 zhyl ISBN 9965 607 02 8 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz