Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Қазақстандағы журналистер дайындайтын бірден-бір жетекші оқу орны болып табылады. Ол – 1934 жылы ең алғашқылардың бірі болып құрылған, сонымен қатар ТМД елдері бойынша ең ірі факультеттердің бірі. Алғашында Қазақ Комунисттік журналистика институты болып құрылған.
Журналистика факультеті | |
---|---|
Қазақ ұлттық университеті | |
Құрылған жылы | 1934 жылы, наурыз |
Деканы | филол.ғ.к., Темірғали Көпбай |
Орналасқан жері | ҚазҰУ қалашығы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 71 |
Ресми сайты | www.kaznu.kz |
Тарихы
Журналистика факультетінің ресми ашылуы – 1934 жылы мамыр айы. Әуелі екі жылдық оқыту мерзімімен құрылып, кейіннен үш жылдыққа өзгертілді және бір жылдық дайындық курсы болды. Институт ашылған уақытта М. Жолдыбаев екі ай көлемінде басқарды. 1934 жылы мамыр айында Қазрайком шешімі бойынша ол қызметтен босатылып, осы жылдың жетінші маусымынан бастап ректор қызметіне Үмітбай Балқышев келді. 1936 жылдың сәуір айынан 1937 жылдың қыркүйегіне дейін Гусев басшылық етті. Кейіннен Балқышев қайта басшылық қызметіне кірісті. Осы уақыт ішінде институт 150-ге жуық баспасөз мамандарын дайындап шығарды. Ал, 1941 жылдың басында институтта 91 студенттен құрылған екі курс білім алды. 1938-39 оқу жылдарында студенттер қабылданбаған соң, 3-4 курста білім алушылар болмады. 1937 жылы - 30 адам, 1938 - 30 адам, 1939 - 40 адам институтты аяқтап, ең алғашқы "журналист" дипломын алып шықты. 90 жылдық тарихы бар факультет осы күнге дейін БАҚ-тың түрлі салаларына 16 мыңнан аса жоғары сапалы мамандарды даярлап келеді. Олар бүгінде еліміздің зиялы қауымдарының қатарында жүр. Факультетті бітірген түлектер республикалық, облыстық, аудандық мерзімді баспасөздерде, радиода, теледидарда, отандық және шетелдік баспаларда, Үкімет салаларында қызмет етуде. Солардың қатарында Қуаныш Сұлтанұлы, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Сауытбек Абдрахманұлы, Дархан Мыңбай, Бейбіт Исабаев сияқты мемлекет қайраткерлері бар.
Ерлан Бекхожин, Жұмабек Кенжалин, Нұртөре Жүсіп, Жүсіпбек Қорғасбек, Нұрғали Ораз т.б. сынды бүгінде журналистика мен әдебиет саласында танымал есімге айналған қаламгерлерді айтуға болады. Журналистика факультеті қандай қиын кезеңдерді бастан өткерсе де, білікті профессор-оқытушылар құрамын сақтап келеді. Факультетте жоғары сапалы оқытушылар, белгілі ғалымдар мен БАҚ-тың тәжірибелі журналистері дәріс береді. Олардың ішінде 9 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары бар. Қазақ журналистикасының ғылыми негізін қалаған Халижан Бекхожин, Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеев, Марат Барманқұлов, М. Дмитровский, Юрий Крикунов т.с.с. ғалымдар еңбегі негізгі, әрі басты құндылық.
Ғылыми бағыттар
Журналистика факультетінің кафедралары бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары: Баспасөз және интернет журналистика кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- Публицистика жанрларының жаңа жүйесін, журналистика пішіндерінің түрленуін зерттеу;
- Қазақ халқының рухани көшбасшыларын, өзіндік журналистік мектебі
бар публицистер шығармашылығын зерттеу;
- Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары редакторлары мен белгілі
журналистер шеберлігін зерттеу;
- қазіргі таңдағы конвергентті журналистиканың әлемдік тәжірибесі мен
даму сатыларын; бүгінгі инновациялық әдіске конвергентті журналистика арқылы бару жолдарын; конвергентті масс-медиадағы журналист еңбегінің шығармашылық ерекшеліктерін зерттеу;
- медиа-мәдениет мәселелерін қарастыру;
- мерзімді баспасөз бен интернет журналистиканың өзекті мәселелерін зерттеу.
Бұқаралық коммуникация тарихы мен теориясы кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- тарих пен әлем журналистикасының негізін қалыптастыру және ғылыми жүйеге түсіру;
- Қазақстан журналистер академиясымен кәсіби біліктілікті дамыту;
- Масс-медиа саласы бойынша бірнеше энциклопедиялық еңбектерді, анықтама-сөздіктерді жарыққа шығару;
- журналистика тарихының өзекті мәселелерін қамтитын іргелі зерттеулер жүргізу, ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын шығару. Жаңа кітаптар мен кәсіби басылымдардың тұсаукесерлерін ұйымдастыру.
Телерадиожурналистика кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- Қазақстан теледидарының теориясын, отандық телепублицистиканы түбегейлі зерттеу;
- телевизиялық деректі түсірілімдерді зерттеу;
- қазақ телеарналарындағы ақпараттық бағдарламалардың
қалыптасу кезеңдерін, жаңалықтар телевизиясының даму үрдістерін, телеарналардың тарату саясатын зерттеу;
- телевизиялық және радиостудиялардың жұмысын жандандыру, хабар даярлау;
- телестудияда студенттердің түрлі хабарларын жасау, радиостудияда «Әл-Фараби радиосы» хабарларын дайындау.
Халықаралық журналистика кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- шетелдік елшіліктермен, халықаралық ұйымдармен, білім беру және ғылыми орталықтармен әріптестікті дамыту;
- халықаралық қарым-қатынас пен жаһандық дамудың саяси мәселелерін зерттеу;
- халықаралық және аумақтық қауіпсіздіктің саяси мәселелерін зерттеу;
- журналистика социологиясы негізінде журналистік зерттеу мен әлеуметтік сұранысты зерттеу;
- халықаралық қорлардың жобаларына, бағдарламаларына гранттар іздестіріп, қатысу;
- халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысу.
Қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- Қазақстандағы қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдары менеджменті және жарнама индустриясы салаларын зерттеу;
- қазақстандық ақпараттық және экономикалық кеңістікке қажетті PR мамандарын даярлауда еңбек нарығындағы сұранысты қанағаттандыру;
- көптеген кәсіпорындар мен фирмаларға экономикалық және журналистік білімі бар кәсіби пиар мамандарды дайындай отырып, журналистика, қоғаммен байланыс теориясы мен тәжірибесі және экономика негіздері, соның ішінде әлемдік және халықаралық экономикалық байланыс негіздері бойынша зерттеу жүргізу;
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникацияның шетелдік және қазақстандық тәжірибелерін зерттеу;
- саяси технологиялар мен саяси менеджментті зерттеу;
- Қазақстан Республикасының имидждік дамуын талдау;
- газет және журнал редакцияларындағы өндірістік тәжірибе мен PR-агенттіктері, жарнама компанияларымен тығыз байланыста бола отырып, көптеген студенттерді ғылыми зерттеу жұмыстарына машықтау;
- баспасөз-конференцияларын, баспасөз-турларын, баспасөз-мәлімдемелері мен баспасөз миатериалдарын дайындауға, сайлау науқандары мен сайлау үдерістеріне мониторинг жүргізуге қатысу.
Баспа ісі және дизайн кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- баспа ісінің теориясы мен тәжірибесі мәселелерін зерттеу;
- республикалық кітап шығару ісінің экономикалық негіздерін зерттеу;
- публицистика мен баспа ісі теориясының өзара іс-әрекетінің мәселелерін зерттеу;
- баспа ісі жән полиграфия ассосациясының, «Книголюб» қоғамдық бірлестігінің жұмыс тәжірибесін зерттеу;
- полиграфия, жарнама және фото технологиялар жұмысын зерттеу;
- мәскеу полиграфия институтымен байланыс орната отырып, тәжірибелі баспагер редакторлар жұмысын зерттеу;
- баспа ісі аталымдарының сөздігін шығару.
Журналистика және бұқарамен қатынас орнату салалары бойынша ЮНЕСКО кафедрасы жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:
- бұқаралық коммуникация және журналистика саласын зерттеу;
- Қазақстанның жоғары білім беру мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданылуын зерттеу;
- қазіргі заманғы журналистиканың теориясы мен тәжірибесіне
қатысты зерттеу нәтижелерін, мамандар дайындаудағы жаңа технологиялар мен инновацияларды оқу үрдісіне енгізуге ықпал ету;
- халықаралық қорлар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің журналистика, публицистика, ғылым, мәдениетке қатысты гранттары мен тендерлеріне қатысу;
- Қазақстанда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету;
- халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту бағытында отандық және шетелдік белгілі журналистермен, коммуникация саласының мамандарымен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу;
- журналистің құқықтары жөнінде алыс шетелдің, Ресейдің, Орталық
Азияның, атап айтқанда Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның БАҚ саласын зерттеуші ғалымдар еңбектерін жинақтау;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, ОРБИКОМ сияқты халықаралық ұйымдар арасындағы имиджін нығайту бойынша ғылыми шараларды жүргізу;
- Білім және ғылым министрлігінің ғылым Комитетінің жыл сайынғы байқауларына Қазақстандағы БАҚ қызметі туралы жобаларды ұсыну.
Журналистика факультетінде ЮНЕСКО -ның ғылыми -зерттеу кафедрасы, телерадиостудия, баспа лабораториясы жұмыс істеді.
Кафедралары
Журналистика факультетінде қазіргі таңда 3 кафедра: Баспа ісі және дизайн; ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс; Мерзімді баспасөз, электронды БАҚ және интернет-журналистика кафедралары жұмыс жасайды.
Басшылар
- М.Жолдыбаев (1934 ж. екі ай басқарған;
- Үмітбай Балқашев (1934-36 жж.-1937-1941 жж.)
- Хайыржан Бехқожин (1945-1947 жж.);
- Тауман Амандосов (1966-1971 жж.);
- Темірбек Қожакеев (1973-1986 жж.);
- Марат Барманқұлов (1989-90 жж.);
- Сағымбай Қозыбаев (1990-1993 жж.);
- Юрий Крикунов (1993-1994 жж.);
- Намазалы Омашұлы (1994-2001 жж.);
- Бауыржан Жақып (2001-2008 жж.);
- Ғалия Жүнісқызы (2008-2011 жж.);
- Есберген Алауханов (2011-2012 жж.);
- Өмірхан Әбдиманұлы (2012-2014 жж.);
- Сағатбек Медеубекұлы (2014-2021 жж.);
- Сансызбай Шарапиұлы (2021-2022 жж.);
- Нұржан Қуантайұлы(2022-2023 жж.);
- Темірғали Көпбаев (2023 ж. мамыр айынан).
Сыртқы сілтемелер
- Қазақ ұлттық университетінің ресми сайты
- Қазақ ұлттық университетінің оқытушылық–профессорлық құрамы туралы сайт
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әl Farabi atyndagy ҚazҰU dyn zhurnalistika fakulteti Қazakstandagy zhurnalister dajyndajtyn birden bir zhetekshi oku orny bolyp tabylady Ol 1934 zhyly en algashkylardyn biri bolyp kurylgan sonymen katar TMD elderi bojynsha en iri fakultetterdin biri Algashynda Қazak Komunisttik zhurnalistika instituty bolyp kurylgan Zhurnalistika fakultetiҚazak ulttyk universitetiҚurylgan zhyly 1934 zhyly nauryzDekany filol g k Temirgali KopbajOrnalaskan zheri ҚazҰU kalashygy Almaty k Әl Farabi dang 71Resmi sajty www kaznu kzTarihyZhurnalistika fakultetinin resmi ashyluy 1934 zhyly mamyr ajy Әueli eki zhyldyk okytu merzimimen kurylyp kejinnen үsh zhyldykka ozgertildi zhәne bir zhyldyk dajyndyk kursy boldy Institut ashylgan uakytta M Zholdybaev eki aj koleminde baskardy 1934 zhyly mamyr ajynda Қazrajkom sheshimi bojynsha ol kyzmetten bosatylyp osy zhyldyn zhetinshi mausymynan bastap rektor kyzmetine Үmitbaj Balkyshev keldi 1936 zhyldyn sәuir ajynan 1937 zhyldyn kyrkүjegine dejin Gusev basshylyk etti Kejinnen Balkyshev kajta basshylyk kyzmetine kiristi Osy uakyt ishinde institut 150 ge zhuyk baspasoz mamandaryn dajyndap shygardy Al 1941 zhyldyn basynda institutta 91 studentten kurylgan eki kurs bilim aldy 1938 39 oku zhyldarynda studentter kabyldanbagan son 3 4 kursta bilim alushylar bolmady 1937 zhyly 30 adam 1938 30 adam 1939 40 adam institutty ayaktap en algashky zhurnalist diplomyn alyp shykty 90 zhyldyk tarihy bar fakultet osy kүnge dejin BAҚ tyn tүrli salalaryna 16 mynnan asa zhogary sapaly mamandardy dayarlap keledi Olar bүginde elimizdin ziyaly kauymdarynyn katarynda zhүr Fakultetti bitirgen tүlekter respublikalyk oblystyk audandyk merzimdi baspasozderde radioda teledidarda otandyk zhәne sheteldik baspalarda Үkimet salalarynda kyzmet etude Solardyn katarynda Қuanysh Sultanuly Altynbek Sәrsenbajuly Muhtar Қul Muhammed Sauytbek Abdrahmanuly Darhan Mynbaj Bejbit Isabaev siyakty memleket kajratkerleri bar Erlan Bekhozhin Zhumabek Kenzhalin Nurtore Zhүsip Zhүsipbek Қorgasbek Nurgali Oraz t b syndy bүginde zhurnalistika men әdebiet salasynda tanymal esimge ajnalgan kalamgerlerdi ajtuga bolady Zhurnalistika fakulteti kandaj kiyn kezenderdi bastan otkerse de bilikti professor okytushylar kuramyn saktap keledi Fakultette zhogary sapaly okytushylar belgili galymdar men BAҚ tyn tәzhiribeli zhurnalisteri dәris beredi Olardyn ishinde 9 gylym doktory 30 gylym kandidattary bar Қazak zhurnalistikasynyn gylymi negizin kalagan Halizhan Bekhozhin Tauman Amandosov Temirbek Қozhakeev Marat Barmankulov M Dmitrovskij Yurij Krikunov t s s galymdar enbegi negizgi әri basty kundylyk Ғylymi bagyttarZhurnalistika fakultetinin kafedralary bojynsha zhүrgiziletin gylymi zhumystardyn negizgi bagyttary Baspasoz zhәne internet zhurnalistika kafedrasy bojynsha zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary Publicistika zhanrlarynyn zhana zhүjesin zhurnalistika pishinderinin tүrlenuin zertteu Қazak halkynyn ruhani koshbasshylaryn ozindik zhurnalistik mektebi bar publicister shygarmashylygyn zertteu Қazakstan bukaralyk akparat kuraldary redaktorlary men belgili zhurnalister sheberligin zertteu kazirgi tandagy konvergentti zhurnalistikanyn әlemdik tәzhiribesi men damu satylaryn bүgingi innovaciyalyk әdiske konvergentti zhurnalistika arkyly baru zholdaryn konvergentti mass mediadagy zhurnalist enbeginin shygarmashylyk erekshelikterin zertteu media mәdeniet mәselelerin karastyru merzimdi baspasoz ben internet zhurnalistikanyn ozekti mәselelerin zertteu Bukaralyk kommunikaciya tarihy men teoriyasy kafedrasy bojynsha zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary tarih pen әlem zhurnalistikasynyn negizin kalyptastyru zhәne gylymi zhүjege tүsiru Қazakstan zhurnalister akademiyasymen kәsibi biliktilikti damytu Mass media salasy bojynsha birneshe enciklopediyalyk enbekterdi anyktama sozdikterdi zharykka shygaru zhurnalistika tarihynyn ozekti mәselelerin kamtityn irgeli zertteuler zhүrgizu gylymi enbekter men oku kuraldaryn shygaru Zhana kitaptar men kәsibi basylymdardyn tusaukeserlerin ujymdastyru Teleradiozhurnalistika kafedrasy bojynsha zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary Қazakstan teledidarynyn teoriyasyn otandyk telepublicistikany tүbegejli zertteu televiziyalyk derekti tүsirilimderdi zertteu kazak telearnalaryndagy akparattyk bagdarlamalardyn kalyptasu kezenderin zhanalyktar televiziyasynyn damu үrdisterin telearnalardyn taratu sayasatyn zertteu televiziyalyk zhәne radiostudiyalardyn zhumysyn zhandandyru habar dayarlau telestudiyada studentterdin tүrli habarlaryn zhasau radiostudiyada Әl Farabi radiosy habarlaryn dajyndau Halykaralyk zhurnalistika kafedrasy bojynsha zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary sheteldik elshiliktermen halykaralyk ujymdarmen bilim beru zhәne gylymi ortalyktarmen әriptestikti damytu halykaralyk karym katynas pen zhaһandyk damudyn sayasi mәselelerin zertteu halykaralyk zhәne aumaktyk kauipsizdiktin sayasi mәselelerin zertteu zhurnalistika sociologiyasy negizinde zhurnalistik zertteu men әleumettik suranysty zertteu halykaralyk korlardyn zhobalaryna bagdarlamalaryna granttar izdestirip katysu halykaralyk konferenciyalarga simpoziumdarga seminarlarga katysu Қogammen bajlanys zhәne zharnama kafedrasy bojynsha zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary Қazakstandagy kogammen bajlanys bukaralyk akparat kuraldary menedzhmenti zhәne zharnama industriyasy salalaryn zertteu kazakstandyk akparattyk zhәne ekonomikalyk kenistikke kazhetti PR mamandaryn dayarlauda enbek narygyndagy suranysty kanagattandyru koptegen kәsiporyndar men firmalarga ekonomikalyk zhәne zhurnalistik bilimi bar kәsibi piar mamandardy dajyndaj otyryp zhurnalistika kogammen bajlanys teoriyasy men tәzhiribesi zhәne ekonomika negizderi sonyn ishinde әlemdik zhәne halykaralyk ekonomikalyk bajlanys negizderi bojynsha zertteu zhүrgizu bukaralyk akparat kuraldaryndagy sayasi kommunikaciyanyn sheteldik zhәne kazakstandyk tәzhiribelerin zertteu sayasi tehnologiyalar men sayasi menedzhmentti zertteu Қazakstan Respublikasynyn imidzhdik damuyn taldau gazet zhәne zhurnal redakciyalaryndagy ondiristik tәzhiribe men PR agenttikteri zharnama kompaniyalarymen tygyz bajlanysta bola otyryp koptegen studentterdi gylymi zertteu zhumystaryna mashyktau baspasoz konferenciyalaryn baspasoz turlaryn baspasoz mәlimdemeleri men baspasoz miaterialdaryn dajyndauga sajlau naukandary men sajlau үderisterine monitoring zhүrgizuge katysu Baspa isi zhәne dizajn kafedrasy bojynsha zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary baspa isinin teoriyasy men tәzhiribesi mәselelerin zertteu respublikalyk kitap shygaru isinin ekonomikalyk negizderin zertteu publicistika men baspa isi teoriyasynyn ozara is әreketinin mәselelerin zertteu baspa isi zhәn poligrafiya assosaciyasynyn Knigolyub kogamdyk birlestiginin zhumys tәzhiribesin zertteu poligrafiya zharnama zhәne foto tehnologiyalar zhumysyn zertteu mәskeu poligrafiya institutymen bajlanys ornata otyryp tәzhiribeli baspager redaktorlar zhumysyn zertteu baspa isi atalymdarynyn sozdigin shygaru Zhurnalistika zhәne bukaramen katynas ornatu salalary bojynsha YuNESKO kafedrasy zhosparly tүrde zhүrgiziletin gylymi zertteu zhumystary bukaralyk kommunikaciya zhәne zhurnalistika salasyn zertteu Қazakstannyn zhogary bilim beru mekemelerinde akparattyk kommunikaciyalyk tehnologiyalardy koldanyluyn zertteu kazirgi zamangy zhurnalistikanyn teoriyasy men tәzhiribesine katysty zertteu nәtizhelerin mamandar dajyndaudagy zhana tehnologiyalar men innovaciyalardy oku үrdisine engizuge ykpal etu halykaralyk korlar men ujymdardyn Қazakstan Respublikasy Bilim zhәne gylym ministrliginin zhurnalistika publicistika gylym mәdenietke katysty granttary men tenderlerine katysu Қazakstanda genderlik tendikti kamtamasyz etu halykaralyk gylymi yntymaktastykty nygajtu bagytynda otandyk zhәne sheteldik belgili zhurnalistermen kommunikaciya salasynyn mamandarymen kezdesuler dongelek үstelder otkizu zhurnalistin kukyktary zhoninde alys sheteldin Resejdin Ortalyk Aziyanyn atap ajtkanda Өzbekstan Tәzhikstan Қyrgyzstannyn BAҚ salasyn zertteushi galymdar enbekterin zhinaktau Әl Farabi atyndagy ҚazҰU dyn YuNESKO ORBIKOM siyakty halykaralyk ujymdar arasyndagy imidzhin nygajtu bojynsha gylymi sharalardy zhүrgizu Bilim zhәne gylym ministrliginin gylym Komitetinin zhyl sajyngy bajkaularyna Қazakstandagy BAҚ kyzmeti turaly zhobalardy usynu Zhurnalistika fakultetinde YuNESKO nyn gylymi zertteu kafedrasy teleradiostudiya baspa laboratoriyasy zhumys istedi ҚazҰU Zhurnalistika fakultetindegi YuNESKO nyn gylymi zertteu kafedrasyKafedralaryZhurnalistika fakultetinde kazirgi tanda 3 kafedra Baspa isi zhәne dizajn YuNESKO halykaralyk zhurnalistika zhәne kogammen bajlanys Merzimdi baspasoz elektrondy BAҚ zhәne internet zhurnalistika kafedralary zhumys zhasajdy BasshylarM Zholdybaev 1934 zh eki aj baskargan Үmitbaj Balkashev 1934 36 zhzh 1937 1941 zhzh Hajyrzhan Behkozhin 1945 1947 zhzh Tauman Amandosov 1966 1971 zhzh Temirbek Қozhakeev 1973 1986 zhzh Marat Barmankulov 1989 90 zhzh Sagymbaj Қozybaev 1990 1993 zhzh Yurij Krikunov 1993 1994 zhzh Namazaly Omashuly 1994 2001 zhzh Bauyrzhan Zhakyp 2001 2008 zhzh Ғaliya Zhүniskyzy 2008 2011 zhzh Esbergen Alauhanov 2011 2012 zhzh Өmirhan Әbdimanuly 2012 2014 zhzh Sagatbek Medeubekuly 2014 2021 zhzh Sansyzbaj Sharapiuly 2021 2022 zhzh Nurzhan Қuantajuly 2022 2023 zhzh Temirgali Kopbaev 2023 zh mamyr ajynan Syrtky siltemelerҚazak ulttyk universitetinin resmi sajty Қazak ulttyk universitetinin okytushylyk professorlyk kuramy turaly sajt