Журналистика (нем. Journalismus, фр. journalisme, ағылш. journalism) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Журналистика және ақпарат
Әдеби-шығармашылық қызмет түрі ретінде журналистика саяси, салалық, тақырыптық т.б. басылымдар, радио және телебағдарламалар арқылы қоғамдағы көкейкесті мәселелерді қозғап, алуан түрлі аудиторияны әлеуметтік, саяси және арнаулы мағлұматтармен қамтамасыз етеді. Қоғам дамуының заңдылықтары, әлеуметтік, экономика және рухани мәселелер жөнінде мағлұмат беріп, жұртшылықтың қоғамдық пікірін қалыптастырады. Журналистикаға берілетін анықтамалар мен тұжырымдар барлық уақытта біркелкі болған емес. Кейбір тұжырымдар журналистика қоғамдық ой-пікір мен дүниетанымды қалыптастыратын, сол уақыттағы нақтылы оқиғаларды барлық жағынан қамти отырып, ондағы ағымдар мен процестерге, сондай-ақ құбылыстарға түсінік бере алатын әлеуметтік-бағыттаушылық мәнге ие болуы қажет дегенге тоқталса, кейбір тұжырымдар журналистика тек қана боямасыз ақпарат жеткізуші құрал, сондықтан тыңдаушы не оқырманның ой-пікірді өзі қорытуына, дүниетанымдық таңдау жасауына мүмкіндік қалдыруы тиіс деп санайды. Тіпті қазіргі заманғы ақпарат құралдарының қайсыбірі өз өнімдерінің ішкі мазмұны мен идеясына, ал кейбіреуі жалаң хабарды неғұрлым шұғыл да шапшаң таратуға баса назар аударып жүр. Осыған байланысты журналистиканы қалыптасқан жалпыадамзаттық ортақ құндылықтармен қатар әрбір елдің өзіндік ішкі бағыттары арқылы дамитын пластикалы ақпарат тарату түрі ретінде қарастыруға болады. Адамдарға ықпал ету мақсатында ақпарат жинақтау және оны тарату іс-әрекеттерінің белгілері ежелгі дәуірлерде-ақ байқалған.
Мәліметтерді жариялау
Жекелеген хабарламалар немесе мәліметтер жариялау әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды: шешендер мен жаршылар ақпараттарды ауызша жеткізсе (қ. Жаршы), Мысырда (Ежелгі Египетте) жаңалықтар жазылған папирустар, Ежелгі Римнің қоғамдық орталықтарында хабарлама ілінетін арнаулы тақталар арқылы жазбаша жүргізілді. Әр түрлі елдерде қазіргі газеттердің алғашқы бастауы ретіндегі жаңалықтар жазылған қолжазбалар пайдаланылды. Неміс өнертапқышы И.Гутенбергтің (1394/99 – 1468) баспа машинасын ойлап табуы (1445) қазіргі заманғы түсініктегі журналистиканың пайда болуына ықпал етті. Алғашқы газеттер Германияда 1609 жылы, Ұлыбританияда 1622 жылы, Францияда 1631 жылы шыға бастады.
Журналистика термині
Журналистика термині алғаш рет Францияда пайда болған. Ал Ресейде бұл термин әуелгі кезде журналдар жиынтығы деген мағынаны білдірсе, 19 ғасырдың ортасынан бастап барлық мерзімді басылымдарға қатысты қолданыла бастады. Қазақ тіліне журналистика термині орыс тілі арқылы еніп, 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап белсенді қолданысқа ие болды (қ. Қазақ журналистикасы.). 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында фотография мен кинематографияның пайда болуына байланысты фото және киножурналистика дүниеге келді (қ. Фотография, Деректі кино). 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап радиотехника жетістіктеріне байланысты радиожурналистика (қ. Радиохабар), 40-жылдарынан бастап тележурналистика қарқынды дами бастады (қ. Тележурналистика). 20 ғасырдың 90-жылдары ақпарат тарату көлемі мен шапшаңдығы жөнінен журналистиканың басқа салаларынан әлдеқайда басым түсетін бүкіләлемдік байланыс торабы – Интернет жүйесі пайда болды (қ. Интернет).
Журналистиканың түрлері
Журналистиканың әр түрі (газет, журнал, радио немесе телебағдарлама) нысанды қай жағынан ашып көрсетуді өзі таңдап, әрқайсысы оған өз тұрғысынан келеді. Әйтсе де олардың ішінде публицистикалық, көркем және ғылыми, т.б. шығармалар журналистика табиғатын тереңірек танытады. Мысалы, қоғамдық-саяси журналистика кең аудиторияны қамтумен бірге заманауи мәселелерді көтере отырып, әр түрлі бұқаралық аудитория қабаттарына ағымдағы ақпараттарды жеткізуде негізінен публицистика жанрына басым мән береді. Сонымен қатар аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын ғылыми, көркем, т.б. шығармалар да публицистикалық формада таратылады. Журналистика өзі өмір сүріп отырған кезеңнің барлық өзекті мәселелеріне кеңінен араласуы қажет болғандықтан, барлық ақпарат құралдары жанрлық және стильдік тұрғыдан әр түрлі тақырыптардан тұратын шығармалар жиынтығынан құралады (қ. Баспасөз жанрлары). Басылымдар мен бағдарламалар, тіпті жекелеген материалдар мен көрсетілімдер кейде мүмкін болатын аудиторияның барлығына бірдей бағытталса, кейде белгілі бір әлеуметтік және саяси топтарға (мамандығы, кәсібі, мүддесі, жас ерекшелігі, жынысы, т.б. бойынша) арналады. Журналистика салаларындағы осындай ерекшеліктерді ажырата білу барлық адамдар мен әлеуметтік топтарға белгілі бір газеттер, , радио және телебағдарламаларға тікелей байланысу арқылы өздеріне қажетті әлеуметтік және кәсіби ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Журналистика жанрлары
Зерттеуші Лев Кройчик журналистика жанрларын былай бөледі:
- Оперативті-ақпаратты - жазбалардың барлық түрі.
- Оперативті-зерттеушілік - отчет, репортаж, интервью.
- Зерттеушілік-ақпаратты - рецензия, корреспонденция, комментарий.
- Зерттеушілік - мақала, хат.
- Зеттеушілік-бейнелеу - фельетон, эссе.
Ал Семен Гуревич былай бөлген:
- Ақпараттық жаңалықтар жанры
- Диалогты жанр
- Ситуациялық-аналитикалық жанр
- Эпистолярлық жанр
- Көркем публицистикалық жанр
- Сатиралық жанр
Ал көптеген журналистер мен зерттеушілер жанрларды былай бөледі:
- Ақпараттық - хроника, ақпарат, интервью т.б;
- Аналитикалық - корреспонденция, комментарий, мақала, хат т.б;
- Көркем публицистикалық - эссе, очерк, фельетон т.б;
- Шоу-жанр - ток-шоу, реалити-шоу, ойындар т.б.
АҚШ-та
2008 жылғы қаржылық дағдарыстан кейін саланың жағдайы жақсы емес – тек 2008 жылы ғана, тек АҚШ-та 16 мың журналист жұмыстан шығарылды. Tribune компаниясы (LA Times газетінің иесі) банкроттық туралы арыз берді. Американың ең көне газеттерінің бірі Rocky Mountain News өзінің 150 жылдық тарихына нүкте қойып, жұмысын тоқтатты. Christian Science Monitor онлайн таратуға көшті (яғни күнделікті газет тұрақты интернет-ресурсқа айналды). 2009 жылдың бірінші тоқсанында АҚШ-та 120 газет жабылды; 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында американдық басылымдардың таралымы 7%-ға қысқарды. Жаппай жұмыстан босату жалғасуда.
Мұнда ынтымақтастықтың жаңа түрлері де дамып келеді: New York Times Amazon компаниясының Kindle DX серіктестігімен жаңа жазылушылар пулын қалыптастыруға және «цифрлық мазмұн» дәуірінде қалмауға тырысуда.
Дегенмен, сыншылар үкіметтің журналистік сөзді басу мүмкіндігі өте шектеулі болғанымен, газеттерге (және жалпы БАҚ) иелік етудің аздаған жеке бизнес иелерінің қолында шоғырлануы репортаждар мен БАҚ-та басқа да біржақтылыққа әкелетінін атап көрсетеді. өзін-өзі цензура, бұл пайдалы. корпоративтік және мемлекеттік мүдделер.
Соңғы жылдары Associated Press, Forbes, The New York Times және басқалары сияқты жетекші компаниялар жаңалықтар мазмұнын автоматтандыруды бастады. Автоматты жаңалықтарды құруға арналған бағдарламалар әзірленуде. Журналистиканың жаңа түрі пайда болды.Автоматтандырылған журналистика немесе роботтық журналистика.
Журналистік қызмет құрылтайы
Журналистік қызмет құрылтайшы – журналист – аудитория жүйесі шеңберінде жүргізіледі. Кеңестік тоталитарлық қоғамда Журналистикаға қатысты біржақты көзқарас қалыптасып, барша бұқаралық ақпарат құралдары бірпартиялық билік пен оның идеологиясын насихаттауға жұмылдырылды. Сайып келгенде, мұның өзі ежелден қалыптасқан Журналитиканың “өзі өмір сүріп отырған кезеңді жан-жақты қарастыру” мүмкіндігін шектеді. Қалыпты даму заңдылығы болып табылатын бәсекелестікті кеңестік журналистика өз ішінде жоқ деп санағанымен, осы идеяны қорғау мақсатында шетелдік ақпарат құралдарымен амалсыз сырттай бәсекеге түсуге мәжбүр болды.
Қазақстандағы журналистика
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге қазақстандық журналистика әлемдік журналистикамен ашық байланысқа шыға бастады. Кеңестік идеология теріс баға беріп келген шетелдік журналистиканың демократиялық сипаттары қазақстандық журналистикада шын мәнінде орнықты. Адам құқығын қорғау, сөз, баспасөз бостандығы мен пікір алуандығына негізделген журналистика елдің саяси, , экономика және рухани салаларындағы өзекті мәселелерге белсенді араласа бастады. Қазақстан журналистері мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпарат құралдарының қай саласында қызмет атқарса да, негізінен, оқырмандар алдындағы азаматтық жауапкершілігін терең сезініп, саяси, әлеуметтік мәселелер туралы принциптік көзқарас ұстануда. Олардың құрылтайшылар ықпалында қалып қоймай, журналист этикасына адал болуына, өзара кәсіби тәжірибе алмасуына Қазақстан Журналистер одағының съездері мен өзге де басқосуларының, халықаралық медиафорумдардың ықпалы мол. Журналистердің Қазақстанда шын мәнінде тәуелсіз, алайда өзге де азаматтардың құқықтарын бұзбай қызмет атқаруына Қазақстан Республикасының “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Заңы кепілдік береді (қ. Қазақ журналистикасы).
Бүкіл әлемдік журналистика
Қазіргі заманғы бүкіл әлемдік саяси, экономика және рухани-мәдени жаһандану жағдайында журналистика әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі аса ықпалдысы болып табылады (қ. Жаһандану). Осыған байланысты әлемдік журналистика бұрын-соңды болмаған дүмпуді басынан өткізуде. Журналистиканың белгілі бір елде, аймақта, тіпті әлемдік ауқымда қоғамдық пікір қалыптастырып, ресми емес төртінші билік тармағы тұғырына көтеріле алатындығы оның болашақтағы даму мүмкіндігінің бұдан да мол екендігін көрсетеді. Демократиялық елдердегі журналистика салыстырмалы түрде өз міндетін атқара алатын болса, тоталитарлық, авторитарлық елдердегі журналистика өзге билік тармақтарының қысымы салдарынан жұртшылыққа шынайы объективті ақпарат жеткізбеу, шындықтың өңін айналдыру, бұрмалау құралына айналуда. Алайда демократиялық мемлекеттерде қалыптасқан тәуелсіз журналистика ұғымының өзі толық мәнді тәуелсіздікті білдірмейтін шартты ұғым. Кез келген елде қандай да бір қаражатсыз және билік тармақтарының қолдауынсыз журналистика ісі дамымайды. Сондықтан журналистиканың өз қызметін шын мәнінде дұрыс атқаруы әрбір елдің бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне кепілдік беретін заңдарының қабылдануына және олардың толық орындалуына байланысты. Сонымен қатар дүниежүзүлік журналистер қауымдастықтарының өзара ынтымағы да көп рөл атқарады.
Қазақстан журналистикасының дамуы
Халықаралық журналистік ұйымдармен арадағы қарым-қатынаста қазақстандық журналистер атынан Қазақстан Журналистер одағы өкілдік етеді (қ. Қазақстан Журналистер одағы). 19 ғасырдың екінші жартысынан басталған Қазақстан журналистикасы қазір қарқынды дамуда. журналистиканы теориялық және практикалық тұрғыдан зерттеп, ғылыми пән ретінде оқыту Қазақстанда тұрақты жолға қойылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жыл сайын кәсіби журналистер даярланып келеді (қ. Қазақ журналистикасы).
Ішкі сілтемелер
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhurnalistika nem Journalismus fr journalisme agylsh journalism 1 baspasoz radio teledidar kino internet siyakty akparat kuraldary arkyly eldegi zhәne әlemdegi zhanalyktar men okigalar sayasi әleumettik ekonomikalyk mәdeni ruhani zhәne tabigi kubylystar zhoninde zhurtshylykka maglumat berip kogamdyk pikir kalyptastyratyn әdebi shygarmashylyk kyzmet tүri 2 belgili bir halyktyn nakty bir kezende shykkan gazet zhurnaldarynyn zhүjesi olarda zhariyalangan materialdar zhiyntygy 3 baspasoz tarihyn teoriyasy men praktikasyn zerttejtin gylym salasy Zhurnalistika zhәne akparatӘdebi shygarmashylyk kyzmet tүri retinde zhurnalistika sayasi salalyk takyryptyk t b basylymdar radio zhәne telebagdarlamalar arkyly kogamdagy kokejkesti mәselelerdi kozgap aluan tүrli auditoriyany әleumettik sayasi zhәne arnauly maglumattarmen kamtamasyz etedi Қogam damuynyn zandylyktary әleumettik ekonomika zhәne ruhani mәseleler zhoninde maglumat berip zhurtshylyktyn kogamdyk pikirin kalyptastyrady Zhurnalistikaga beriletin anyktamalar men tuzhyrymdar barlyk uakytta birkelki bolgan emes Kejbir tuzhyrymdar zhurnalistika kogamdyk oj pikir men dүnietanymdy kalyptastyratyn sol uakyttagy naktyly okigalardy barlyk zhagynan kamti otyryp ondagy agymdar men procesterge sondaj ak kubylystarga tүsinik bere alatyn әleumettik bagyttaushylyk mәnge ie boluy kazhet degenge toktalsa kejbir tuzhyrymdar zhurnalistika tek kana boyamasyz akparat zhetkizushi kural sondyktan tyndaushy ne okyrmannyn oj pikirdi ozi korytuyna dүnietanymdyk tandau zhasauyna mүmkindik kaldyruy tiis dep sanajdy Tipti kazirgi zamangy akparat kuraldarynyn kajsybiri oz onimderinin ishki mazmuny men ideyasyna al kejbireui zhalan habardy negurlym shugyl da shapshan taratuga basa nazar audaryp zhүr Osygan bajlanysty zhurnalistikany kalyptaskan zhalpyadamzattyk ortak kundylyktarmen katar әrbir eldin ozindik ishki bagyttary arkyly damityn plastikaly akparat taratu tүri retinde karastyruga bolady Adamdarga ykpal etu maksatynda akparat zhinaktau zhәne ony taratu is әreketterinin belgileri ezhelgi dәuirlerde ak bajkalgan Rory Peck Sony Betacam SP cameraMәlimetterdi zhariyalauZhekelegen habarlamalar nemese mәlimetter zhariyalau әr tүrli әdis tәsilder arkyly zhүzege asyryldy sheshender men zharshylar akparattardy auyzsha zhetkizse k Zharshy Mysyrda Ezhelgi Egipette zhanalyktar zhazylgan papirustar Ezhelgi Rimnin kogamdyk ortalyktarynda habarlama ilinetin arnauly taktalar arkyly zhazbasha zhүrgizildi Әr tүrli elderde kazirgi gazetterdin algashky bastauy retindegi zhanalyktar zhazylgan kolzhazbalar pajdalanyldy Nemis onertapkyshy I Gutenbergtin 1394 99 1468 baspa mashinasyn ojlap tabuy 1445 kazirgi zamangy tүsiniktegi zhurnalistikanyn pajda boluyna ykpal etti Algashky gazetter Germaniyada 1609 zhyly Ұlybritaniyada 1622 zhyly Franciyada 1631 zhyly shyga bastady Zhurnalistika terminiZhurnalistika termini algash ret Franciyada pajda bolgan Al Resejde bul termin әuelgi kezde zhurnaldar zhiyntygy degen magynany bildirse 19 gasyrdyn ortasynan bastap barlyk merzimdi basylymdarga katysty koldanyla bastady Қazak tiline zhurnalistika termini orys tili arkyly enip 19 gasyrdyn 2 zhartysynan bastap belsendi koldanyska ie boldy k Қazak zhurnalistikasy 19 gasyrdyn sony men 20 gasyrdyn basynda fotografiya men kinematografiyanyn pajda boluyna bajlanysty foto zhәne kinozhurnalistika dүniege keldi k Fotografiya Derekti kino 20 gasyrdyn 20 zhyldarynan bastap radiotehnika zhetistikterine bajlanysty radiozhurnalistika k Radiohabar 40 zhyldarynan bastap telezhurnalistika karkyndy dami bastady k Telezhurnalistika 20 gasyrdyn 90 zhyldary akparat taratu kolemi men shapshandygy zhoninen zhurnalistikanyn baska salalarynan әldekajda basym tүsetin bүkilәlemdik bajlanys toraby Internet zhүjesi pajda boldy k Internet Zhurnalistikanyn tүrleriZhurnalistikanyn әr tүri gazet zhurnal radio nemese telebagdarlama nysandy kaj zhagynan ashyp korsetudi ozi tandap әrkajsysy ogan oz turgysynan keledi Әjtse de olardyn ishinde publicistikalyk korkem zhәne gylymi t b shygarmalar zhurnalistika tabigatyn terenirek tanytady Mysaly kogamdyk sayasi zhurnalistika ken auditoriyany kamtumen birge zamanaui mәselelerdi kotere otyryp әr tүrli bukaralyk auditoriya kabattaryna agymdagy akparattardy zhetkizude negizinen publicistika zhanryna basym mәn beredi Sonymen katar asa manyzdy kogamdyk mәselelerdi kozgajtyn gylymi korkem t b shygarmalar da publicistikalyk formada taratylady Zhurnalistika ozi omir sүrip otyrgan kezennin barlyk ozekti mәselelerine keninen aralasuy kazhet bolgandyktan barlyk akparat kuraldary zhanrlyk zhәne stildik turgydan әr tүrli takyryptardan turatyn shygarmalar zhiyntygynan kuralady k Baspasoz zhanrlary Basylymdar men bagdarlamalar tipti zhekelegen materialdar men korsetilimder kejde mүmkin bolatyn auditoriyanyn barlygyna birdej bagyttalsa kejde belgili bir әleumettik zhәne sayasi toptarga mamandygy kәsibi mүddesi zhas ereksheligi zhynysy t b bojynsha arnalady Zhurnalistika salalaryndagy osyndaj erekshelikterdi azhyrata bilu barlyk adamdar men әleumettik toptarga belgili bir gazetter radio zhәne telebagdarlamalarga tikelej bajlanysu arkyly ozderine kazhetti әleumettik zhәne kәsibi akparattar aluga mүmkindik beredi ZhurnalisterZhurnalistika zhanrlaryZertteushi Lev Krojchik zhurnalistika zhanrlaryn bylaj boledi Operativti akparatty zhazbalardyn barlyk tүri Operativti zertteushilik otchet reportazh intervyu Zertteushilik akparatty recenziya korrespondenciya kommentarij Zertteushilik makala hat Zetteushilik bejneleu feleton esse Al Semen Gurevich bylaj bolgen Akparattyk zhanalyktar zhanry Dialogty zhanr Situaciyalyk analitikalyk zhanr Epistolyarlyk zhanr Korkem publicistikalyk zhanr Satiralyk zhanr Al koptegen zhurnalister men zertteushiler zhanrlardy bylaj boledi Akparattyk hronika akparat intervyu t b Analitikalyk korrespondenciya kommentarij makala hat t b Korkem publicistikalyk esse ocherk feleton t b Shou zhanr tok shou realiti shou ojyndar t b AҚSh ta2008 zhylgy karzhylyk dagdarystan kejin salanyn zhagdajy zhaksy emes tek 2008 zhyly gana tek AҚSh ta 16 myn zhurnalist zhumystan shygaryldy Tribune kompaniyasy LA Times gazetinin iesi bankrottyk turaly aryz berdi Amerikanyn en kone gazetterinin biri Rocky Mountain News ozinin 150 zhyldyk tarihyna nүkte kojyp zhumysyn toktatty Christian Science Monitor onlajn taratuga koshti yagni kүndelikti gazet turakty internet resurska ajnaldy 2009 zhyldyn birinshi toksanynda AҚSh ta 120 gazet zhabyldy 2009 zhyldyn birinshi zhartyzhyldygynda amerikandyk basylymdardyn taralymy 7 ga kyskardy Zhappaj zhumystan bosatu zhalgasuda Munda yntymaktastyktyn zhana tүrleri de damyp keledi New York Times Amazon kompaniyasynyn Kindle DX seriktestigimen zhana zhazylushylar pulyn kalyptastyruga zhәne cifrlyk mazmun dәuirinde kalmauga tyrysuda Degenmen synshylar үkimettin zhurnalistik sozdi basu mүmkindigi ote shekteuli bolganymen gazetterge zhәne zhalpy BAҚ ielik etudin azdagan zheke biznes ielerinin kolynda shogyrlanuy reportazhdar men BAҚ ta baska da birzhaktylykka әkeletinin atap korsetedi ozin ozi cenzura bul pajdaly korporativtik zhәne memlekettik mүddeler Songy zhyldary Associated Press Forbes The New York Times zhәne baskalary siyakty zhetekshi kompaniyalar zhanalyktar mazmunyn avtomattandyrudy bastady Avtomatty zhanalyktardy kuruga arnalgan bagdarlamalar әzirlenude Zhurnalistikanyn zhana tүri pajda boldy Avtomattandyrylgan zhurnalistika nemese robottyk zhurnalistika Zhurnalistik kyzmet kuryltajyZhurnalistik kyzmet kuryltajshy zhurnalist auditoriya zhүjesi shenberinde zhүrgiziledi Kenestik totalitarlyk kogamda Zhurnalistikaga katysty birzhakty kozkaras kalyptasyp barsha bukaralyk akparat kuraldary birpartiyalyk bilik pen onyn ideologiyasyn nasihattauga zhumyldyryldy Sajyp kelgende munyn ozi ezhelden kalyptaskan Zhurnalitikanyn ozi omir sүrip otyrgan kezendi zhan zhakty karastyru mүmkindigin shektedi Қalypty damu zandylygy bolyp tabylatyn bәsekelestikti kenestik zhurnalistika oz ishinde zhok dep sanaganymen osy ideyany korgau maksatynda sheteldik akparat kuraldarymen amalsyz syrttaj bәsekege tүsuge mәzhbүr boldy Қazakstandagy zhurnalistikaҚazakstannyn tәuelsizdik aluymen birge kazakstandyk zhurnalistika әlemdik zhurnalistikamen ashyk bajlanyska shyga bastady Kenestik ideologiya teris baga berip kelgen sheteldik zhurnalistikanyn demokratiyalyk sipattary kazakstandyk zhurnalistikada shyn mәninde ornykty Adam kukygyn korgau soz baspasoz bostandygy men pikir aluandygyna negizdelgen zhurnalistika eldin sayasi ekonomika zhәne ruhani salalaryndagy ozekti mәselelerge belsendi aralasa bastady Қazakstan zhurnalisteri memlekettik nemese memlekettik emes akparat kuraldarynyn kaj salasynda kyzmet atkarsa da negizinen okyrmandar aldyndagy azamattyk zhauapkershiligin teren sezinip sayasi әleumettik mәseleler turaly principtik kozkaras ustanuda Olardyn kuryltajshylar ykpalynda kalyp kojmaj zhurnalist etikasyna adal boluyna ozara kәsibi tәzhiribe almasuyna Қazakstan Zhurnalister odagynyn sezderi men ozge de baskosularynyn halykaralyk mediaforumdardyn ykpaly mol Zhurnalisterdin Қazakstanda shyn mәninde tәuelsiz alajda ozge de azamattardyn kukyktaryn buzbaj kyzmet atkaruyna Қazakstan Respublikasynyn Bukaralyk akparat kuraldary turaly Zany kepildik beredi k Қazak zhurnalistikasy Bүkil әlemdik zhurnalistikaҚazirgi zamangy bүkil әlemdik sayasi ekonomika zhәne ruhani mәdeni zhaһandanu zhagdajynda zhurnalistika әlemdik integraciyalyk үrdisterdin ishindegi asa ykpaldysy bolyp tabylady k Zhaһandanu Osygan bajlanysty әlemdik zhurnalistika buryn sondy bolmagan dүmpudi basynan otkizude Zhurnalistikanyn belgili bir elde ajmakta tipti әlemdik aukymda kogamdyk pikir kalyptastyryp resmi emes tortinshi bilik tarmagy tugyryna koterile alatyndygy onyn bolashaktagy damu mүmkindiginin budan da mol ekendigin korsetedi Demokratiyalyk elderdegi zhurnalistika salystyrmaly tүrde oz mindetin atkara alatyn bolsa totalitarlyk avtoritarlyk elderdegi zhurnalistika ozge bilik tarmaktarynyn kysymy saldarynan zhurtshylykka shynajy obektivti akparat zhetkizbeu shyndyktyn onin ajnaldyru burmalau kuralyna ajnaluda Alajda demokratiyalyk memleketterde kalyptaskan tәuelsiz zhurnalistika ugymynyn ozi tolyk mәndi tәuelsizdikti bildirmejtin shartty ugym Kez kelgen elde kandaj da bir karazhatsyz zhәne bilik tarmaktarynyn koldauynsyz zhurnalistika isi damymajdy Sondyktan zhurnalistikanyn oz kyzmetin shyn mәninde durys atkaruy әrbir eldin bukaralyk akparat kuraldarynyn erkindigine kepildik beretin zandarynyn kabyldanuyna zhәne olardyn tolyk oryndaluyna bajlanysty Sonymen katar dүniezhүzүlik zhurnalister kauymdastyktarynyn ozara yntymagy da kop rol atkarady Қazakstan zhurnalistikasynyn damuyHalykaralyk zhurnalistik ujymdarmen aradagy karym katynasta kazakstandyk zhurnalister atynan Қazakstan Zhurnalister odagy okildik etedi k Қazakstan Zhurnalister odagy 19 gasyrdyn ekinshi zhartysynan bastalgan Қazakstan zhurnalistikasy kazir karkyndy damuda zhurnalistikany teoriyalyk zhәne praktikalyk turgydan zerttep gylymi pәn retinde okytu Қazakstanda turakty zholga kojylgan Қazakstannyn zhogary oku oryndarynda zhyl sajyn kәsibi zhurnalister dayarlanyp keledi k Қazak zhurnalistikasy Ishki siltemelerZhurnal Zhurnalist Қazakstan zhurnalister odagyDerekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet